Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

XVIII ғасырда жазылған іс қағаздары

Т.Р.Қордабаевтың «Тарихи синтаксис мәселелері» атты еңбегінде XVIII ғасырда жазылған іс қағаздары тіліндегі септік жалғауларының, шылаулардың қызметі, сөйлем мүшелері және олардың бір-бірімен байланысы талданып, құжаттардағы жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдердің синтаксисі қарастырылады. Ресми іс қағаздары тіліне байланысты ғылыми пікірлер мен тұжырымдар І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Исаев, Р.Сыздықова, т.б. да ғалымдардың қазақ әдеби тілінің тарихына қатысты жазылған еңбектерінде айтылған. Олар қазақ әдеби тілінің тарихына XVIII ғасырдан бастап талдау жасағанымен, оған дейін де қазақ әдеби тілін танытатын үлгілердің болғанын жоққа шығармайды.

Ол жөнінде: «XVIII ғасырдан бұрын да қазақ көркем әдеби тілін танытатын үлгілер болғанын ескере отырып, әдеби тіліміздің тарихын қолымыздағы талдау объектісі боларлық материалдары бар XVIII ғасырдан бастадық», – деп жазады. Бұл еңбекте XVIII, XIX, XX ғасырлардағы қазақ ресми іс қағаздары тілін танытатын материалдарға талдау жасалады.

Р.Сыздықованың қазақ ресми іс қағаздары тілінің даму, қалыптасу кезеңдерін анықтап, талдап, оның ерекшелігін көрсету мақсатында жүргізген еңбектерінің зерттеу жұмыстары үшін маңызы зор. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың I жартысындағы ресми қағаздардың тілі туралы: «Аталған кезеңдегі қазақ даласында тіл тәжірибесінің және бір түрі болды. Ол – қазақтың хан, сұлтан, старшындарының әкімшілік орындарына және бір-біріне жазысқан әр түрлі сипаттағы (мазмұндағы) қағаздары мен хаттарының тілі болды», – деп көрсетеді.

80-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Т.Р.Қордабаевтың қай еңбегінде не қарастырылды? 2. Ресми іс қағаздары тіліне байланысты ғылыми пікірлер кімнің еңбектерінде айтылды? 3. Олар нені жоққа шығармайды? 4. Ол жөнінде не деп жазды? 5. Ол еңбекте неге талдау жасады? 6. Р.Сыздықованың еңбектерінің не үшін маңызы зор? 7 XX ғасырдың I жартысындағы ресми іс қағаздарының тілі туралы не аталып көрсетілді?

5-сабақ. 10-сабақ

81-тапсырма. Танысқы (визитка) қандай болу керек, ол не үшін керек? Мәлімет алыңыздар. Танысқыны пайдаланыңыздар.

Т а н ы с қ ы (Визитка)

Танысқы (визитка) – дегеніміз бір-бірімен танысқан адамдардың бір-біріне беретін қысқаша мәліметі бар іс қағазы.

Танысқы іскерлік қатынас жасау үшін өте керек құжат. Ол 14-ші шрифтпен толтырылады, сөздері анық, бояуы қанық болуға тиіс. Аты-жөні жазылады, фамилиясы бас әріптермен теріледі. Мысалы БЕКБОЛАТОВ Аслан Қайырбекұлы.

Қызметі туралы тек ресми атқаратын қызметі жазылады. Уақытша атқаратын қызметтері жазылмайды.

Ғылыми дәреже, атақтары қажеттілігіне қарай көрсетіледі. Құпия ұстайтын мәліметтері жазылмайды.

Жұмыс, ұялы телефондары, жұмысының мекен-жайы жазылады. Ал үйдің телефонын көп жағдайда әркімнің өзінің шешіміне қарай көрсетпейді. Танысқы көп жағдайда 50x90 мм-лік көлеміндегі қатты қағазға жазылады. Қызметіне қарай олардың түр-түсі әр түрлі болып келеді. Мысалы:

  1. Үкімет құрылымында, сайлау органдарында істейтін қызметкерлер көбінесе ақ немесе мемлекеттік ту түсімен сәйкестендіріп жасайды. Ақ түс – қолының және ниетінің ақтығының символы болса, мемлекеттік ту түсі – мемлекет құрылымында істейтіндігін білдіреді және Отанына адал қызмет ететіндігін көрсетеді.

  2. Қаржы бөлімдерінің, банктердің қызметкерлері сенімділікті, орнықтылықты көрсететін ауырлау түспен жасалады. Олар: алтын түсті, металл түсті, қызыл түсті, сұр, күміс, жасыл түстері.

  3. Түрлі дәрежедегі басқару орындарында істейтіндер классикалық үлгідегі түстерді (фоны – көгілдір, ақшыл сия түсті, ақшыл қоңыр, шрифтары – қара көк, сия түсті, қара қоңыр, т.б.) қалайды. Әр мамандық иесі өз қалауына қарай таңдап жасатады.

  4. Шығармашылық адамдары бірден көзге ұрып тұратындай болғанын қалайды. Жазушының танысқысынан төгілген сияның суретін, музыканттікінен нота белгілерін көруге болады.

5. Ғылыми интеллигенция, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік құрылым қызметкерлері қарапайым түрде жасатқанды ұнатады. Тағы басқа да қызметтерге қарай әр түрлі болады.

Танысқыларды кейбір жағдайда бір-екі ауыз сөз жазып тапсыруға болады. Мысалы: «Жауап күтемін», «сенбі күні сағат 1400-де келемін», « жұма сағат 1500-де күтемін», т.б. түрінде жазып беруге болады.

Дүниежүзі практикасында іскерлік қатынас кезінде де, жеке басқа қатысты жағдайда да қолданылатын, визит карточкалары арқылы жүзеге асыруға болатын бірнеше жағдайды ескеруге болады:

  1. Латын әріптерімен берілген «p.f», белгісі құттықтау мағынасын береді.

«p.f» 2000 – жаңа жыл қарсаңында, «p.f» 8 – 8 наурыз, «p.f» – (кез келген қуанышты күн, мейрам күндері) белгілерін қойып, танысқыңызды өзіңіз немесе біреу арқылы тапсыруға болады.

  1. «Р.С» (латын) – көңіл айту мағынасын білдіреді.

  2. «Р.r» (латын) – алғыс айту, рахмет айту, ризашылық білдіру мағынасын білдіреді.

  3. «Р.р» - ескі әріптестеріңізге жаңа адамды таныстырған кезде ұсыныс, кепілдеме (рекомендация) орнына қолданасыз.

  4. «Р.р.с» (латын) – (Р.р.s) постскриптум белгісімен шатастырып алмайтындай жағдайда Р.р.с белгісін жазып танысқыңызды жіберуге болады.

Бұл айтылған белгілердің кез келгенін ресми, ресми емес, іскерлік, іскерлік емес қатынастың барлық түрінде қолдануға болады. Танысқыда жазылған мәлімет шын болуы керек.

82-тапсырма. Танысқыға берілген мәтіннің мағынасын түсініп, меңгеріп, мазмұндаңыздар.

83-тапсырма. Өзіңіздің бірнеше қызметіңізді көрсетіп, танысқы жазыңыздар.

84-тапсырма. Танысқының үлгілерімен танысыңыздар.

Ү л г і:

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ

ЖТТДИ

Қазақ тілі кафедрасының

меңгерушісі, профессор

Тұрсынова Гүлбаршын Тұрсынқызы

___________________________________

Қазақстан Республикасы тел.:(727) 395-40-56

480091, Алматы қаласы факс (3727)392-50-31

Ұялы телефон: 8 701 756 28 16

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ

ЖТТДИ

Қазақ тілі кафедрасы

Профессор

Шүленбаева Ұлбике Рахымбердіқызы

____________________________________

Қазақстан Республикасы тел.:(727) 365-22-92

480091, Алматы қаласы факс (3727) 364-47-15 Ұялы телефон: 8 701 342 67 19

ASTUR корпорациясы

Микрохирургия орталығы

Итемирова Ақмарал Сейітқызы

Бас дәрігер

___________________________________

Қазақстан Республикасы тел.:(727) 395-40-56

480091, Алматы қаласы факс (3727) 392-50-31

Ұялы телефон: 8 701 756 28 16

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ

ЖТТДИ

Қазақ тілі кафедрасы

Ф.ғ.к., доцент

АйтжановаСәуле Сейіткәрімқызы

Қазақстан Республикасы тел.:(727) 365-22-92

480091, Алматы қаласы факс (3727) 364-47-15

Ұялы телефон: 8 701 342 67 19

Корпорация Kaz Book Promotion

Ахметбаева Ұлан Жапашқызы

Президент

___________________________________

Қазақстан Республикасы тел.:(727) 395-40-56

480091, Алматы қаласы факс (3727) 392-50-31

Ұялы телефон: 8 701 756 28 16

Қазақстан Республикасы

Жазушылар Одағының төрағасы

Садақбаев Тәңірберген Тұрсынбайұлы

_________________________________

Қазақстан Республикасы тел.:(727) 365-22-92

480091, Алматы қаласы факс (3727) 364-47-15

Ұялы телефон: 8 701 342 67 19

6-апта. 11-сабақ

85-тапсырма. Іс қағаздарындағы тілдік норманы қалай түсінесіздер? Мәтінмен танысып, тақырып төңірегінде пікірталас ұйымдастырыңыздар.

86-тапсырма. Мәтінді екі мағыналық бөліктерге бөліп, бірінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап құрастырыңыздар. Екінші мағыналық бөлігін орыс тіліне аударыңыздар.

87-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.