Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Т ү й і н д е м е (Резюме)

Ү л г і:

Жеке басы туралы мәліметтер:

Аты-жөні, тегі: Асқарова Айжан Мырзабекқызы

Туған жылы:1950 ж., шілденің 19-ы

Отбасы жайлы: Тұрмыста

Азаматтығы:Қазақстан Республикасы

Мекен-жайы:Тастақ-3 ықшамауданы,

20 үй, 65 пәтер, тел.: 348-50-17

Білімі:

1966 ж. Орта Алматы облысы, Жамбыл ауданының

«Алатау» шұға фирмасындағы

орта мектепті бітірді.

1967-1972 ж. Жоғары «Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығы бойынша қазіргі

әл-Фараби (ол кездегі С.М.Киров)

атындағы Қазақ ұлттық

университетінің филология

факультетін бітірді.

Жұмыс істеген орындары:

1966-1967 ж. «Алатау» шұға фирмасы;

1967-1972 ж. С.М. Киров атындағы КазМУ-дің

студенті ;

1972-1976 ж. «Жетісу» облыстық газетінің

редакциясы;

1976 ж.ҚазССР (ол кездегі) Ғылым

Академиясына қабылданды.

1977-1983 ж. Монғол Халық

Республикасындағы Тау-кен

өндірісі комбинатына отбасымен

жұмысқа жіберілді.

1983-2001 ж. Монғол Халық

Республикасынан оралғаннан

кейін, ҚазССР ҒА-ның әдебиет

институтындағы өз қызметін

атқаруға қайта кірісті.

2001 жылдан Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ

ұлттық техникалық университетінің

Қазақ тілі кафедрасында қазақ

тілі пәнінен сабақ береді, п.ғ.д.,

профессор.

Қосымша мәліметтер:

1990 ж. Докторлық диссертация қорғады,

педагогика ғылымдарының докторы

ғылыми дәрежесі берілді.

2000 ж. Профессор ғылыми атағын алды.

Бірнеше семинарлардан алған

сертификаттары; университет

тарапынан берілген «Айрықша

еңбегі үшін» медалі; құрмет

грамоталары мен марапаттаулары бар.

Тілді білуі:

Қазақ тілі мен орыс тілдерін еркін, ал

ағылшын тілін орташа дәрежеде біледі.

Жеке басының қасиеттері:

Жауапкершілік, ұйымдастырушылық,

басқарушылық қабілеттері жоғары.

Еңбекқор, көпшілікпен ортақ тіл

табыса алады, ұжымда беделді,

сынды дұрыс қабылдайды.

Құштарлығы: Кітап оқу, саяхатқа шығу,

ән айту, ғылыммен шұғылдану.

Отбасы:

  1. Жәнібеков Ж.С. 1946 ж. (күйеуі)

  2. Жәнібеков Қ.Ж. 1971 ж. (ұлы)

  3. Жәнібекова М.Ж. 1974 ж. (қызы)

  4. Мұратова А.Қ. 1976 ж. (келіні)

  5. Жәнібеков Т.Қ. 2000 ж. (немересі)

* * * * *

Т Ү Й І Н Д Е М Е

Ү л г і:

Жеке басы туралы мәліметтер:

Аты-жөні, тегі: Қасымов Жарасқан Жұмағұлұлы

Туған жылы, айы, күні: 10.02.1984 ж. Қызылорда облысы,

Арал қаласы.

Отбасы жайлы: Үйленбеген

Азаматтығы:Қазақстан Республикасы

Білімі:Аяқталмаған жоғары білім

Мамандығы:Болашақ инженер-металлург

Жұмыс істеген орындары: Жұмыс істеген жоқ

Қосымша мәліметтер:Қазақ, орыс тілдерін жетік біледі.

Ағылшын тілінде сөздікпен

жұмыс істейді; Спортпен

шұғылданады.

Мекен-жайы:Тастақ-1 ықшамауданы, 8 үй, 42

пәтер, тел.: 340-03-24

* * * * *

Т Ү Й І Н Д Е М Е

Ү л г і:

Жеке басы туралы мәліметтер:

Аты-жөні, тегі: Сұлтанова Назира Айтбайқызы

Туған жылы, айы, күні: 07.04.1974 ж. Талдықорған қаласы

Отбасы жайлы: Тұрмыста, күйеуі, 2 баласы бар.

Азаматтығы:Қазақстан Республикасы

Білімі:Жоғары. Талдықорған қаласындағы

І. Жансүгіров атындағы

университетті 1996 ж бітірген

Мамандығы:Заңгер, тарихшы

Жұмыс істеген орындары: Аталған университеттің тарих

факультетінің оқытушысы

Қосымша мәліметтер:Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін

жетік біледі. Компьютерді

меңгерген. Ғылыми-зерттеу

жұмыстарымен шұғылданады.

Мекен-жайы:Орбита-2 ықшамауданы, 56 үй, 75

пәтер, тел.: 328-46-51

169-тапсырма. Грамматикадан берілген тест тапсырмаларын орындаңыздар.