Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

70

.pdf
Скачиваний:
5
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
5.45 Mб
Скачать

«Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы шеңберінде ХХІІ «Аханов оқулары» аясында

əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 85 жылдығы мен белгілі түркітанушы ғалым А.С. Аманжоловтың

85 жылдық мерейтойына арналған

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

атты

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ WORKSHOP

24-27 сəуір 2019 ж.

Алматы –Тараз, 2019

XXII «Ахановские чтения»

МЕЖДУНАРОДНЫЙ WORKSHOP

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ,

посвященный 85-летию со дня основания КазНУ им. аль-Фараби и 85-летию со дня рождения известного ученого-тюрколога А.С. Аманжолова в рамках программы «Семь граней Великой степи»

24-27 апреля 2019 г.

Алматы – Тараз, 2019

XXII «Akhanov readings»

INTERNATIONAL WORKSHOP

THE TURKIC WORLD: THINKERS OF THE GREAT STEPPE in the framework of the project «Seven Sides of the Great Steppe», dedicated to the 85th anniversary of the founding

of Al-Farabi Kazakh National University and

the 85th anniversary of the birth of famous turkologist A.S. Amanzholov

24-27 April, 2019

Almaty – Taraz, 2019

Алматы «Қазақ университеті»

2019

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ:

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Мəдиева Гүлмира Баянжанқызы, Бектемірова Сəуле Бекмұхамедқызы, Мəмбетова Мəншүк Құдайбергенқызы

Стамбул университеті Фараби Еуразия ғылыми зерттеулер орталығы, Стамбул, Түркия

Абдуллах Кызылджық, Сапашев Ораз Сапашұлы

Айтматов Академиясы, Лондон, Ұлыбритания

Абдувалиева Рахима Мусаевна

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Тараз, Қазақстан

Саурыков Ерболат Байұзақұлы, Молгаждаров Қасиет Кəкенұлы

ОРГАНИЗАЦИОННЫЙ КОМИТЕТ:

Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан

Мадиева Гульмира Баянжановна, Бектемирова Сауле Бекмухамедовна, Мамбетова Маншук Кудайбергеновна

Евразийский исследовательский центр аль-Фараби Стамбульского университета, Стамбул, Турция

Абдуллах Кызылджык, Сапашев Ораз Сапашевич

Академия Айтматова, Лондон, Великобритания

Абдувалиева Рахима Мусаевна

Таразский инновационно-гуманитарный университет, Тараз, Казахстан

Саурыков Ерболат Байузакович, Молгаждаров Касиет Какенович

ORGANIZING COMMITTEE:

Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan

Madiyeva Gulmira, Bektemirova Saule, Mambetova Manshuk

Istanbul University: Farabi Eurasia Research Center, Istanbul, Turkey

Abdullah Kyzylzhyk, Sapashev Oraz

Aitmatov Academy, London, Great Britain

Abduvalieva Rakhima

Taraz Innovative Humanitarian University, Taraz, Kazakhstan

Saurykov Erbolat, Molgazhdarov Kasiet

XXII «Ахановские чтения». Международный Workshop. Тюркский мир: мыслители Великой степи, посвященный 85-летию со дня основания КазНУ им. аль-Фараби и 85-летию со дня рождения известного ученого-тюрколога А.С. Аманжолова в рамках программы «Семь граней Великой степи». 24-27 апреля 2019 г. Алматы – Тараз, 2019. – Алматы: Қазақ университеті, 2019. – 230 с.

ISBN 978-601-04-3966-5

© КазНУ имени аль-Фараби, 2019

2

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

ƏЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА – 85 ЖЫЛ

Бүгінеліміздіңжетекшіуниверситетіəл-ФарабиатындағыҚазақұлттықуниверситетінің құрылғанына85 жылтолыпотыр. 1934 жылдың15 қаңтарыҚазақстандағытұңғышкөпсалалы университеттің ресми ашылу күні болып саналады. Университет құрылғаннан бері Қазақстанның əлеуметтік-саяси өміріне жəне экономикасына зор үлес қосып келеді. Бүгінде əл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық ғылым жəне білім беру кеңістігінде өзінің лайықты орнын алып, жоғары білім саласындағы əлемдік көшбасшы университеттің біріне айналды.

Университеттің тарихы еліміздің маңызды кезеңдерімен тығыз байланысты. Оның құрылуыұлттық кадрлардыдаярлау мəселесіншешуге бағытталған болатын. Осыміндеттерді жүзеге асыруда университеттің алғашқы ректоры Федот Оликов елеулі рөл атқарды. Өткен ғасырдың 30-шы жылдарының соңында Қазақ мемлекеттік университеті құрамында бес факультетжəне қазақ жастарына арналған дайындық бөлімі жұмыс істеді. Соғыс жылдарында Ресей, Украина жəне Белоруссияның ірі ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалары ҚазМУ-ге ауыстырылды. Соның нəтижесінде Қазақ университетінде химия, астрономия, физика, тарих жəне тілтану салалары бойынша жаңа ғылыми мектептер ашылып, іргелі ғылыми орта қалыптаса бастады. Соғыстан кейінгі жылдарда ҚазМУ республиканың өндірістік-экономикалық жəне əлеуметтік-гуманитарлық салаларына жоғары білікті кадрлар даярлаудың жетекші орталығына айналды. Сол жылдарда университетті басқарған Иван Лукьянец, Төлеген Тəжібаев, Асқар Закарин жəне Темірбай Дарқанбаев сынды қайраткертұлғалар университеттің білім беру бағыты мен ғылыми-зерттеу саласын жетілдіруде айрықша қызмет атқарды. Осы тұста кафедраларды белгілі тұлғалар Ермұхан Бекмаханов, Əбікен Бектұров, Константин Персидский сияқты беделді ғалымдар басқарды. Университет аудиторияларында есімдері əлемге танымал Мұхтар Əуезов пен Қаныш Сəтбаев сынды əйгілі ғалым-академиктер лекция оқығанын бүгінде мақтанышпен еске аламыз. 1960-1980 жылдары университетті басқарған ректорлар Асқар Закарин, Өмірбек Жолдасбеков, Еділ Ерғожиннің ұйымдастырушылық қабілеттері нəтижесінде ҚазМУ одақтың жетекші ғылыми орталықтарының біріне айналды. Сол кезеңде университет шетелдерге білімді кадрлар даярлау жұмыстарын жолға қоя бастады. Атап айтарлық жайт, танымал ғалым жəне білікті

3

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

ұйымдастырушы Ө.Жолдасбековтің басшылығымен «ҚазҰУ қалашығы» бірегей оқу ғимараттары мен тұрғындық кешендер құрылысының алғашқы кезеңі басталды. 1991 жылы университет адамзаттың екінші ұстазы атанған, түркі əлемінің ұлы ойшылы Əбу Насыр əлФараби есімін иеленді. 2001 жылы еліміздің алғашқы ұлттық университеті мəртебесін алды. Осы кезеңде барлық мамандық халықаралық талаптарға сай «бакалавриат-магистратура» бойынша екі сатылы білім беру жүйесіне көшіріліп, университеттің құрамында ғылымизерттеу институттары мен технологиялық паркін құру жөнінде маңызды іс-шаралар атқарылды. Бұл жетістіктерге қол жеткізуде ректорлар Мейірхан Əбділдин жəне Көпжасар Нəрібаевтың қажырлы еңбектерін ерекше атап өткен жөн. 2003 жылы ҚазҰУ Орталық Азия жоғары оқу орындары арасынан алғашқы болып Болонья қаласындағы Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қою арқылы еуропалық білім беру кеңістігіне кірді. Ал 2006 жылы жоғары білім берудегі сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты атанды. Бірқатар оқу бағдарламаларына халықаралық сертификаттау жүргізілді. Осы кезде ҚазҰУ қалашығын кеңейту мен көркейтудің екінші құрылыс кезеңі басталды. Сол кезде университетті басқарған Төлеген Қожамқұлов пен Бақытжан Жұмағұлов осы шаралардың барлығын жүзеге асыруға үлкен үлес қосты.

Қазіргі кезеңде ҚазҰУ-дың басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенті алға қойған əлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге өз үлесін қосу жəне əлемнің ең үздік 200 университетінің санатына ену. Елбасы атап көрсеткендей, бүгінде уақыт талабына сай, университеттер адам капиталын қалыптастырудың субъектісі ретінде жаңғырту үдерістерінің жəне елдің инновациялық дамуының көш басында болуы тиіс. Осыған орай, əл-Фараби атындағыҚазҰУеліміздіңбілімберуфлагманы ретінде, жаңа буын университетінің – «4.0 Университет» моделін жасап, халықаралық қауымдастыққа ұсынып отыр. Бұл модель «Al Farabi Unirversity Smart City» тұжырымдамасы бойынша жүзеге асырылуда. Бұл жоба ұлы ой-

шыл əл-Фараби идеялары негізінде жоғары технологиялық жəне рухани-адамгершілік платформаларының симбиозын құрайды. Кластерлік тұрғыдан кешенді құрылымдық модернизациялау жəне нəтижелерге негізделген басқару жүйелерін енгізу негізінде университеттің төрт маңызды миссиясын тиімді түрде жүзеге асыруға ықпал етті. Бұл – сапалы білім беруді, терең ғылыми-зерттеулер жүргізуді, жаңа инновацияларды өндіріске енгізуді жəне жоғары білімді-білікті мамандарды елін, адамзатты сүйген тұлғалар ретінде руханиадамгершілік тəрбие арқылы қалыптастыруды көздейді. ҚазҰУ БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасының тұрақты даму жөніндегі ғаламдық хабын қатарынан үш мерзім басқаруда. БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб пəтерінде өткен Өркениеттер Альянсы форумында ҚазҰУ таныстырған «4.0 Университет» моделі əлемдік деңгейде кеңінен таратуға ұсынылды. Бұл жоба, сонымен қатар Израиль, Аустрия, Египет, Ресей, Беларусь сынды елдер арқылы халықаралық қоғамдастықта қолдау тапты. Қазіргі кезеңде шетелдік жəне қазақстандық жоғары оқу орындары ҚазҰУ-дың барлық бизнес-үдерістерін автоматтандыруға, кампустың инфрақұрылымын басқаруға арналған талдамалы жүйеде «Big Data» бұлтты технологияларды енгізуге негізделген цифрлы университет моделін қабылдауда. Университет жобасы «Майкрософт» компаниясының тарапынан жоғары бағаланып, компания ҚазҰУ тəжірибесі туралы фильм түсіріп, өз сайттарына жариялады. Қазақстандық білім беру жүйесі үшін маңызды оқиға – Қазақстанның Ұлттық ашық білім беру платформасының іске қосылуы. Университеттің онлайн курстары қазақстандық жəне шетелдік оқу орындарының студенттері

4

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

тарапынан үлкен сұранысқа ие болуда. Университет «4.0 индустриясына» мамандар даярлау мақсатындағыбілімберу үдерісіне«Е-коммерция», «Big data», «Жасандыинтеллект», «Заттар ғаламторы» сияқты жаңа оқу бағдарламалары қосылды. Бүкіл посткеңестік елдер аумағында тұңғыш рет Астана халықаралық қаржы орталығы жəне Бенхалиф (Катар) университетімен бірлескен ҚазҰУ-дың Исламдық қаржы жөніндегі бағдарламасы жүзеге асырылуда. Əлемдік ірі жоғары технологиялық корпорациялар – «Hewlett-Packard», «Cisco», «Koniсa Minolta», «Samsung», «Alcatel», «Microsoft», «Huawei» университеттің білім беру ісіне белсенді түрде атсалысып, өздерінің ғылыми-білім беру орталықтарын ашты. ҚазҰУ – білім берудің барлық деңгейлерінде ағылшын тілінде оқытуды алғашқы болып бастап, бүгінгі таңда университет мамандықтарының 70% -дан астамы ағылшын тілінде оқытылады. Осыған сəйкес ҚазҰУ-да еліміз бойынша ең көп шетелдік студенттер білім алуда. ҚазҰУ – əлемнің озық үлгідегі үздік университеттерімен 70-тен астам қосдипломдық бағдарламаларды жүзеге асырды.

Ғылым, білім беру жəне инновациялық өндіріс интеграциясы нəтижесінде, ҚазҰУ танымал əлемдік зерттеу университеттері қатарында. Университет жоғары технологиялар аумағын құрып, алдыңғы қатарлы технологиялық шешімдерді даярлау мен инновациялық өнімдерді өндіріске енгізу платформасына айналды. Осы бағыттағы ізденістер Оңтүстік Корея, Ресей жəне Қазақстанның ғылыми-жобалық ұйымдарын тарту арқылы жүзеге асырылып, «R&IID» инновациялық-өндірістік консорциумы құрылды. Бұған «Қазмырыш», «Қазақмыс», «Казхром» жəне «Үлбі металлургия зауыты» сияқты ірі өнеркəсіптік кəсіпорындары қатысуда. Университетте құрылған ғылыми-технологиялық парк, инновациялық процестер орталығы мен «Жасыл технологиялар» орталығы заманауи инженерлік жəне ғылымды қажет ететін технологиялардың кластерін қалыптастырып отыр. «ЭКСПО-2017» идеяларын жүзеге асыру мақсатында «Жасыл технологиялар» орталығы «жасыл энергетика» бойынша инновациялық жобаларды іске асырып, жаңа формация мамандарын даярлауда. Осының негізінде университет «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» атты халықаралық жобасын іске асыруда. Бұл жоба Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Жасыл көпір» бастамасын қолдау мақсатында ҚазҰУ тарапынан Бразилияда өткен RIO+20 халықаралық форумында ұсынылды жəне жан-жақты қолдау тапты. Қытай Ғылым академиясымен бірлесе отырып Жерді қашықтықтан зондтау орталығы ашылды. ҚазҰУ посткеңестік елдер аумағындағы санаулы университет ішінен тарихта тұңғыш рет «Əл-Фараби–1» жəне «Əл-Фараби–2» алғашқы қазақстандық наноспутниктерін ғарышқа шығарды. Осының нəтижесінде университетте ғарыштық технология саласында қуатты кластер дамуда. ҚазҰУ «Жаңа Жібек жолы» университеттері Альянсының IT-технологиялар паркін ашу арқылы əлемдегі 130-дан астам университеттерді біріктірген ІТ-технологияларды дамытудың жаңа перспективасын жолға қойды. Оның негізін Елбасының тікелей қолдауымен Қытай Халық Республикасы үкіметтік гранты бойынша алынған ҚазҰУ-дың суперкомпьютері құрайтын болады. Əлемдік медициналық білім берудің көшбасшысы Оңтүстік Кореяның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен əріптестік орната отырып, ҚазҰУ инновациялық медициналық-биологиялық кластердіңғылыми-зерттеулер жүргізу, білім беру жəне клиникалық-диагностикалық базасын дайындады. Бұл істердің заңды жалғасы ретінде елімізде көпбейінді университеттер тарихында алғаш рет медицина факультетін ашты. Мемлекет басшысының қолдауымен ҚазҰУ-дың сенімді басқаруына Алматы қаласының №1 емханасы берілді. Мұнда медициналық білім беру, ғылым мен тəжірибені толыққанды интеграциялау аясында жаңа технологияларды қолдану арқылы халықаралық талаптарға сай келетін жоғары сапалы медициналық қызметтер көрсетіледі.

Жоғарыдааталғанжаңашылжобалардыңбарлығыуниверситеттебірегейинновациялықтехнологиялық платформасының негізін қалады. Атап өтетін бір жайт, соңғы үш жылда ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстардың саны екі есеге өсті. Ғылымды қаржыландырудың жалпы сомасы 5 миллиард теңгеге жетті, оның 20%-ы шаруашылық келісімшарт бойынша жұмыс істейді. ҚазҰУ «Scopus» жəне «Web of Science» жетекші халықаралық дерекқорларына кіретін ғылыми журналдардағы жарияланымдар саны бойынша Қазақстан жоғары оқу орындары арасында көш бастап отыр. Бүгінгі таңда қазақстандық

5

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

авторлардың халықаралық жоғары рейтингтік ғылыми журналдардағы əр бесінші басылымы ҚазҰУ ғалымдарының үлесіне тиесілі. Университеттің үш ғылыми журналы халықаралық ғылыми-өлшемдік деректер қорына енгізілген. Студенттер бойындағы кəсіпкерлік бастамаларды ояту мақсатында университет студенттерге өзіндік бизнес-идеяларын жүзеге асырып, start up компанияларды, студенттік бизнес-инкубаторларды жан-жақты дамытып отыр. Қазіргі уақытта университетте 14 студенттік бизнес-инкубатор бар, онда 80-нен астам студенттік инновациялық жобалар іске асырылуда. Жыл сайын студенттік ғылымды қолдау үшін ғылыми-зерттеулерге берілетін қаржының 10 пайызы бөлінеді. ҚазҰУ-да алғашқы қазақстандық постдокторантура бағдарламасының ашылуы – ғаламдық ғылым мен білім беру кеңістігінде бəсекеге қабілетті ғылыми мектептерді қалыптастырудағы маңызды қадам.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жəне Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласының басты тұжырымдарын ұстаным тұтқан ұлттық университеттің маңызды міндеті – тек бəсекеге қабілетті кадрларды даярлау ғана емес, сонымен бірге еліміздің ертеңгі тұлғаларына айналар жас ұрпақтың рухани болмысын қалыптастыру. Əл-Фараби атап өткендей: «Тəрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» деген ойдың негізінде студенттердің бойында білім мен тəрбие қатар ұштастырылуда. Сондықтан инновациялық-технологиялық платформамен қатар, «4.0 Университет» моделінің шеңберінде рухани-адамгершілік тəрбие беру ісі белсенді түрде дамуда. Университеттің жаңа корпоративтік идеологиясы мен серпінді əлеуметтік жобалары жаңа сапалы тəрбиенің тиімділігін қалыптастыруға бағытталған. ҚазҰУ-да «Саналы ұрпақ» жобасының кеңсесін, «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдау бөлімін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылымизерттеу институтын біріктірген зерттеулер мен білім беру орталығы құрылды. Осы орталық жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыруда Қазақстандағы жетекші орынға айналды. ҚазҰУ-да дарынды студенттерді жан-жақты түрде қолдауға ерекше мəн беріліп келеді. Мысалы, соңғы үш жылда, университетке 350 миллионнан астам қаржыны құрайтын сырттан 1300 демеушілік шəкіртақы тартылды. Жыл сайын мыңнан астам əлеуметтік жағдайы төмен топтағы үздік оқыған студенттерге оқу ақысын төлеуде жеңілдіктер беріледі. Алғашқы болып ашылған, əлемде теңдесі жоқ, бірегей «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында студенттер кампустан шықпай-ақ, 500-ден астам білім беру, əлеуметтік, мəденижəне демалыс қызметтерін пайдалана алады, соның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек жəне денсаулық диагностикасы да бар. Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғимараттарының инфрақұрылым көлемі соңғы 5 жылда 40% - ға өсті, оның көп бөлігі мемлекеттікжекешелік əріптестік қағидаттарына сəйкес тұрғызылған. Бұл, атап айтқанда, жас ғалымдар үйі, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, жүзу бассейні, жаңа кітапхана ғимараты, т.б. Биыл университетте мемлекеттік-жекешелік əріптестік əдісімен Қазақстандағы ең ірі, қазіргі заманға сай, ыңғайлы да жайлы 1287 орындық жатақхана құрылысы басталады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында БҰҰ Өркениеттер альянсымен бірлесіп «Қайырымды қоғам азаматтарын қалыптастыру. Қазіргі заманғы университеттердің миссиясы» атты халықаралық жобасы қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Əлемнің жетекші университеттерінде, Голландия, Түркия, Италия, Иордания, Қытай, Египет жəне басқа да шетелдікуниверситеттердеашылғанҚазҰУ-дыңəл-Фарабиғылыми, білімберуорталықтарының саны осыуақытта 10-ға жетті. Бұл орталықтарда қазақ тілі мен мəдениеті, тарихы кеңінен оқытылудажəнеолардыңнегізіндеуниверситеттіңфилиалдарынашужұмыстарыжүргізілуде. Бір негізде инновациялық-технологиялық жəне рухани-адамгершілік сипаттағы екі платформаның қатар енгізілуі өзінің синергиялық нəтижесін беруде. Оған дəлел ретінде университеттіңQS халықаралықрейтингісіндеқарқындытүрдеалғажылжуынайтуғаболады. Соңғы жылдары университет халықаралық QS рейтингісінде 350 позицияға көтеріліп, бүгінде 220-орынға ие болып отыр. ҚазҰУ посткеңестік елдер аумағында М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінен кейінгі екінші орында тұр. Бұл жетістікке халықаралық қоғамдастық «Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ феномені» деген жоғары баға берді. «UI Green Metric Ranking of World Universities» жаһандықрейтингісіндеҚазҰУ172-орыналып, үздік200

экологиялық университеттері қатарында өз позициясын нығайта түсті. Сонымен қатар əлем

6

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

мемлекеттері бойынша жүргізіліп жатқан беделді еуропалық «ARES» рейтингісінің мəліметтері бойынша ҚазҰУ АА позициясына ие болып, жетекші еуропалық жоғары оқу орындарының қатарына көтерілді.

Мерейтойлық жыл ҚазҰУ үшін халықаралық ауқымдағы маңызды оқиғаларға толы болмақ. 2019 жылы əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары деңгейдегі əлемдік үш маңызды ірі іс-шараны өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтар болсақ, «Адами мұра жəне жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» атты QS World Wide-2019 дүниежүзілік көрме-конференциясы, Жібек жолы университеттері желісінің БасАссамблеясы жəне Əлеуметтік жауапкершілікуниверситеттері əлемдік желісі үшін халықаралық Workshop. Мерекелікжылда ҚазҰУ-да білім мен ғылымның барлық саласы бойынша мыңға жуық академиялық топтардың көшбасшылары, алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының басшылары мен əлемнің ең танымал ғалымдары бас қосады. Бұл ҚазҰУ-дың ғана емес, сонымен қатар Қазақстанжоғарыбілімберужүйесініңəлемдікбиіккөрсеткішідепбілеміз. Еліміздіңжетекші университетінде аталмыш іс-шараларды өткізу – мемлекеттің жоғары білім берудегі халықаралық беделін, экспорттық потенциалын арттыра түсетіні сөзсіз. Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушы-профессорларын, студенттері мен барша түлектерін Қазақстанның бірінші университетінің бүгінгі 85 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Сонымен қатар Елбасы алға қойған əлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру бойынша міндеттерді орындауда өз үлесімізді қоса отырып, ынтымақты бірлігіміздің арқасында жаңа белестерді бағындыратынымызға сенім білдіремін.

Ғалымқайыр МҰТАНОВ,

əл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Егемен Қазақстан, No8 (29487), 15 қаңтар 2019

https://pdf.egemen.kz/pdfs/2019/01/15012019.pdf

7

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

АТАҚТЫ ТҮРКІТАНУШЫ-ТІЛШІ ЖƏНЕ ЭТНОГРАФ ҒАЛЫМ А.С. АМАНЖОЛОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ

Алтай Сəрсенұлы Аманжолов 1934 жылы 2 маусымда Алматы қаласында туған.

1952 ж. М.В. Ломоносов атындағы Алматының № 33 орыс орта мектебін медальмен бітірген.

1952-1957 жж. М.В. Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінің (МГУ жанындағы Шығыс тілдер институты) студенті.

1957-1960 жж. Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл жəне əдебиет институтының кіші ғылыми қызметкері.

1960-1963 жж. МГУ жанындағы Шығыс тілдері институтының аспиранты.

1963 ж. Филология ғылымының кандидаты дəрежесі берілді.

1964-1966 жж. Қазақ ССР Ғылым акдемиясының Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері.

1966-1968 жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы.

1968-1970 жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасының аға ғылыми қызметкері.

1969 ж. Қазақ тілі кафедрасының доценті атағы берілді.

1970-1978 жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасының доценті.

1974 ж. Қазақ ССР жоғары жəне орта оқу білім министрлігі, Республикалық оқу-ағарту орындары, жоғары мектеп пен ғылыми мекемелер қызметкерлерінің кəсіподақ тарапынан Құрмет грамотасымен марапатталды.

1976 ж. Филология ғылымының докторы ғылыми дəрежесі берілді.

1976 ж. Кəсіподақтардың Қазақ республикалық Советі президиумының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

1978 ж. Қазақ тілі кафедрасының профессоры ғылыми атағы берілді.

1978-1979 жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасының профессоры, меңгерушісі.

1979-1995 жж. Əл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі.

1984 ж. СССР жоғары білім министрлігі жəне оқу-ағарту орындары, жоғары мектеп пен ғылыми мекемелер қызметкерлері кəсіподағының орталық комитеті тарапынан «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

1988 ж. – «Еңбек Ардагері» медальнің иегері, 1990 ж. «Қазақтың тарих жəне мəдениет ескерткіштерін қорғау қоғамның құрметі

мүшесі» деген атақ берілді.

1995 жылданқазіргедейінəл-ФарабиатындағыҚазақұлттықуниверситетініңжалпытіл білімі кафедрасының профессоры;

1995 жылдан Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі,

8

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

1999 ж. ҚазақстанРеспубликасыПрезидентініңЖарлығы бойынша«Құрмет» орденімен марапатталды.

2000 ж. Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының халықаралық сыйлығы жəне Алтын медалімен марапатталды.

2001 ж. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласындағы ең жақсы ғылыми-зерттеу жұмысы үшін дипломмен марапатталды (ҚазҰУ).

2007 ж. – Қазақстан Республикасы Өнер академиясының академигі деген атақ берілді. 2009 ж. – БілімжəнеғылымсаласынақосқанайрықшаүлесіүшінЛ.Н. Гумилеватындағы

Еуразия ұлттық университетінің арнайы медальімен марапатталды. 2009 ж. – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Аманжолов Алтай Сəрсенұлы. Биобиблиографиялық көрсеткіш. – Алматы: «Қазақ университеті», 2009. – 9 б.

ҒАЛЫМ ТУРАЛЫ ТОЛҒАУЛАР СЛОВО ОБ УЧЕНОМ

Сіздің ғылыми ғана емес ұстаздық қызметіңіз көптеген білімді шəкірттер дайындауға да зор үлесін қосты. Сіздің жетекшілігіңізбен қорғаған кандидаттар мен докторлар осының айғағы. Сонымен қатар, Қазақстанда ғана емес шет елдерге де барып лекция оқып, АҚШ, Венгрия, ҚХР, Түркия сияқты алпауыт мемлекеттерден келген талаптанушыларға жетекшілік етуіңіз де сіздің ұлы ғалым екендігіңізді танытады.

Филология ғылымдарының докторы, профессор К.Ш. Хұсайын

Сіз − алаштың ардақты азаматысыз, түркі əлемінің талантты тұлғасысыз. Көрнекті түркітанушыретіндедеСіздікөптегенелғалымдарыбіледі, құрметтейді. Тілбіліміндегіүлкен зерттеулеріңіз өз алдына, түркі тілі туралы еңбектеріңіз де бір шоғыр. Оның əрқайсысында қайталанбас қолтаңбаңыз, ізденіс жемісіңіз, терең біліміңіз бар. «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы», «Түркі филологиясына кіріспе», «Көне түркі тілі», т.б. еңбектеріңіз − «Көне түркі жазуының тарихы туралы деректер мен зерттеулер» атты докторлық диссертацияға басталған жемісті жол.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Д. Дəдебаев

Выдающаяся личность – крупный ученый и замечательный педагог, известный общественный деятель и видный деятель культуры, доктор филологических наук, профессор А.С. Аманжолов вызывает восхищение своей простотой и доступностью.

Алтай Сарсенович настолько естественен в образе ученого, что неизбежный для такого призвания титанический, подвижнический труд, являясь единственно возможной формой его существования, воспринимается в нем просто, легко и радостно, опровергая мнение о том, что жизнь ученого – это подвиг. Алтай Сарсенович не совершает подвига в науке, потому что наука – его жизнь.

Доктор филологических наук, профессор Л.К. Жаналина

9

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

АЛТАЙ АМАНЖОЛОВТЫҢ ТҮРКОЛОГИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ

10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]