Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

70

.pdf
Скачиваний:
5
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
5.45 Mб
Скачать

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

Белгілі ғалым Қ. Сартқожаұлы 3-ші түркі қағанатын орнатушы Ел-етміш Білге Тұр-айын қағанның 3-ші ескерткішіндегі «түрік-қыбчақ еліг он йыл олурмыс – түркі-қыпшақ бес жүз жыл (таққа) отырды» деген тұжырымына сүйене отырып, «...Орхон ескерткіштері қыпшақ тайпасының тілінде жазылғандығына куə боламыз. ...ҮІІ-ХІҮ ғғ. аралығындағы «Түркі тілі» деп аталған жазба əдеби тілдің іргетасын қалаушы, ол тілді алып жүруші қыпшақ тайпасы болмақ» деген пікірі көңілге қонымды [3, 71-75]. 2004 жылғы Парасат жорналына «Ешкім таласа алмайды» тақырыбына арқау болып, тілші сыр-сұхбатына М. Жолдасбеков пен Қ. Сартқожаұлы өте байыпты да құнды ой-пікірлер қалдырған. Шындығын айтар болсақ, осы айтылған заңды қағидалық негізге дейін ешбір түркітанушы ғалым ашық түрде мəлімдей алмағанеді. Авторлартүркімұраларынақатыстызерттеулерін, жазбамұралардағытүркілердің қағанаттығын, салт-дəстүр мен əдет-ғұрыптарын, жерлеу рəсімдерін, киелі орынға күзетші тұрғызуын, наным-сенім ырымдарын, тəңірге сыйынуын, қонақ кəделерін, осылардың бəрі қазақ халқында жоғалмай толық сақталғандығын жəне көне түркі жазба мұраларының тіліне қатысты зерттеушілердің жіберген кемшін тұстарын қарапайым тілмен түсінікті етіп баяндап берген. Əсіресе М. Жолдасбековтың тілшіге берген мына жауабы өте маңызды жəне мұны атабабаларымыздың əдеби мұрасына, қазақ халқының жазу тарихына қатысты айтылған теңдесі жоқ əділ бағасы деп ұққанымыз жөн. Ғалым былай дейді: «Қырғыздар бұл мұраға таласа алмайды. Өйткені мəтінде Көгмендегі жұрт (Саян жотасы) – қырғыздар делінеді. Түрікқыпшақтар билік еткен тұста Көк түріктер оларды жаулап алып отырды. Анкара мен Стамбул түріктері мен азербайжандар таласа алмайды. Олар Хазар (каспий) теңізінің оңтүстік жəне солтүстік жағындағы отыз-оғыздар. Кейін Селжүк хандығы атанды. Одан соң батысқа қарай бет бұрды. Татар ағайындар таласа алмайды, олар – байырғы бұлғарлар. ...алтайлықтар, олар моңғол үстіртінен батысқа қарай ұлы көш өткенде жолда қалған біздің қандастарымыз. Олардың ішінде төленгіт, қыпшақ, найман, көбек, қарақас деген шағын рулар бар. Оның барлығыбүгінгіқалыңқазақішіндежүр. Алөзбектержасандыұлтқой. Оларбізденоңтүстікке қарай шығындап шығып кеткен қарлұқ, қоңырат, найман, аздаған қыпшақтар мен тəжіктердің қан араласуынан пайдаболған халық. Ұлттың атының өзі айтып тұр емес пе? Шыңғыс ханның ШағатайұрпағыныңкейінгіұлдарыныңатыменӨзбекаталыпотыр. ҰйғырлардыңКөктүрікке таласатын орны да, құқы да жоқ. Өйткені түрік тарихында бəрі де айқын тұр. Сонда кім қалды таласатын? Ешкім де таласа алмайды. Өмірбақи жалпақ шешейлік жасап, анау өкпелейді, мынау бір нəрсе ойлап қалады деп жалтақтаумен келдік. Енді үркіп-қорықпастан шындықты айтып, несібемізге өзіміз қожалық етіп, ұрпағымыздың рухын көтеріп, ұлтжанды азамат етіп тəрбиелеуіміз керек» [4, 20]. Яғни, ерте замандағы Ұлы дала Қазақстан жерін мекендеген көне сақ, ғұн тайпалары (б.з.б. Ү-ІҮғ. Есіктен табылған «Алтын адам» мен Моңғолиядан табылған алтыннайзаментұмардағыжазулар) пайдаланғанкөнежазусолтайпаларғатəнмəдениеттің тарихи мұрагері – қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, арғын, қыпшақ, керей, найман, қоңырат, үңгіт (уақ) т.б. тайпалардың ең көне жазуы болып саналады.

Көне түркі руника жазба ескерткіштерінің кең тараған жерлері – Қытайда Шыңжаң, Монғолияда Орхон, Тоғул, Селенгі, Тола, Сібірде Енесей, Лена өзендері бойы, Оңтүстік Қазақстан далалары мен тау шатқалдары, Талас, Сырдария, Ертіс өңірі, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан жəне Алтай аймағы, Тува, Хакас, Тибет, Қарашай-Балқар, Дунай, Донецк бойы т.б. Бұл жазба нұсқалардың басым көпшілігі тасқа қашалған, біразы металл, күйдірген саз балшықтан жасалған заттарға, кейбіреулері ағаш немесе сүйектен істелген бұйымдарға жазылған. Соғанқарап, кейбірзерттеушілеркөпкедейінкөнетүркіруникажазуықаттызаттарға қашап, ойыпжазуғабейімделген, қағазғажазуғакелмеген, лайықталмағандегенпікірдіұстанып келді. Алайда, бұл пікірдің де жансақ екендігі анықталған еді. 1906-жылы А.Стейн экспедициясы Шығыс Түркістандағы бір үңгірден көлемі бірнеше беттік кітап тапқан. Бұл шағынкітапша«Ырықбитиг» депаталады. Көнетүркіруникажазуыменжазылған. Демек, көне түркі руника жазуы қағазға да түсіруге тым қолайлы жазу болған. Ата-бабаларымыз өзінің төл жазуымен кітап та жазған, озық үлгідегі өзіндік мəдениеті бар мемлекет те құрған.

Жалпы түркі-қазақ руника жазуы – көптеген ғасырлар бойғы процестерді басынан өткерген тарихи туынды дүние жəне ол өте ерте дəуірде қалыптасқан. Жазудың алғашқы

141

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

сұлбалары табиғат болмыстарымен (күн, ай, өзен, ағаш, балық, жан-жануарлар т.б.) байланысты болып, олар ру-тайпа таңбаларына танылып, уақыт өте келе суретті жазудан біртіндеп əріптік жазуға ұласып жеткен. Алғашқы тас бедеріне қашалып салынған суретті жазудан былайғы ежелгі Сақ дəуірінен жеткен күміс тостағандағы жазудан бастап бүгінгі жазуымызға дейінгі 2500 жылдық жазу тарихымыз бен жазба мəдениетімізді, рухани қазынамыз бен ұлттық құндылықтарымызды келешек ұрпақ қастерлеп, мақтан етіп, мəңгі жадында сақтайтынына сеніп үміт артамыз.

Бүгінде еліміздің əлемдегі даму сатысындағы беделді орны үшін, кеңес дəуірінде қалыптастырған басы артық əріптерден ада болу жəне емле-ережелерімізді қалпына келтіру үшін, мемлекеттік тіліміздің халықаралық сипат алуы үшін, түбі бір түркі елдерімен туыстық қарым-қатыныстынығайту үшін, инновациялық техникалық құралдардың тілінмеңгеру үшін, егеменді еліміздің болашағы үшін, дамуы үшін латын жазуы маңызды болып отыр. Мəңгілік қазақ еліне келешек ұрпағымыздың ана тіліне, тіліміздің заңдылықтарына, жазу мəдениетімізге еш қиянаты жоқ, əлемдік ғаламтор қолданысында ешбір кедергісіз қызмет ете алатын жəне заманауи техниканың тіліне бейімделген тəуелсіз қазақ əліпбиі керек. Еліміз тəуелсіздік алғаннан бері тіл ғылымында да еркіндік туып, тіліміздің тарихы мен болмысы жайлы тың негіздер мен жаңа бағыттағы бетбұрыстар өріс алғандығы шындық. 2018 жылдың 19-ақпанында Елбасымыз 2-ші рет латын негізді əліпбиімізді № 637 жарлықпен бекітті. Бұл əліпбиді ғалымдарымыз əрі қарай жетілдіру үстінде. Осыған қатысты мақала соңында еліміздің кемел жазуына септігі тиіп қалар деген ниетпен латын негізді жаңа қазақ əліпбиінің жобасын да ұсынып отырмыз.

Қорыта айтқанда, барша ел жаһандануға бет бұрған кезде латын графикасына көшу: біріншіден еліміздің алға қарай дамуындағы басты қадамы, екіншіден жер шарының жартысына жуығы латын графикасында жазатынын ескерсек, ғаламтор арқылы ақпараттану көзі кеңейіп, тіліміз халықаралық сипат алатыны сөзсіз. Сонымен қатар тəуелсіздігіміздің арқасында Қазақ əліпбиіміз жаңғырып, жаңарып, əлемдегі ең дамыған елдермен қандай бағыттағы қарым-қатынаста болмасын тереземіз тең, тұғырымыз мықты, еңсеміз биік боларына сенімдіміз.

Əдебиеттер:

1.МолгаждаровҚ., МусинЖ. Қазақжазуыныңтарихы. Оқуқұралы. Алматы, 2018. -220 б. 2.АманжоловC. Қазақтілідиалектологиясыментарихыныңмəселелері. Алматы, 1959. -452 б. 3.ҚаржаубайС. Орхонмұралары. Астана, 2003. -392 б.

4.Парасат. Астана, 2004. – №4

ЛАТЫН НЕГІЗДІ ҚАЗАҚ ƏЛІПБИІНІҢ ЖОБАСЫ

LATIN NEGIZDI QAZAQ ĀLIPBIYINIƝ JOBASI

Баспатүрі

Айтылуы

Баспатүр

Айтылуы

Баспатүрі

Айтылуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Aa

А

12

Kk

Кі

23

Şş

Шы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

Āā

Ə

13

Qq

Қы

24

Tt

Ты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

Bb

Бы

14

Ll

Лы

25

Uu

У

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

Vv

Вы

15

Mm

Мы

26

Ūū

Ұ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

142

 

 

 

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

5

Gg

Гі

16

Nn

Ны

27

Ȳȳ

Ү

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

Ḡḡ

Ғы

17

Ɲƞ

Ың

28

Ff

Фы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

Dd

Ды

18

Oo

О

29

Hh

Хы

8

Ee

Е

19

Ōō

Ө

30

Cc

Цы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

Jj

Жы

20

Pp

Пы

31

Çç

Чы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10

Zz

Зы

21

Rr

Ры

32

Ы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11

Yy

И,Й

22

Ss

Сы

33

Ii

І

 

 

 

 

 

 

 

 

 

143

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

УДК 81`1

Мырзабек Б.М.

1- курс магистранты Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті e-mail: myrzabekova2016@list.ru

Ғылыми жетекші: Мəмбетова М.Қ.

филол.ғ.к., доцент м.а. Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті e-mail: mmanshuk@gmail.com

ҚАЗАҚ/АҒЫЛШЫН ЛИНГВОМƏДЕНИЕТІНДЕГІ

МЕНЕДЖМЕНТ КОНЦЕПТІСІ

Қазіргі таңда танымдық санадағы ұғымның көрінісі əрбір ұлтта өзіне тəн ерекшелікпен бейнеленетінібелгілі. Қоғамныңөркендеуінежəнедамуынатілменмəдениетқатарəсеретеді. Белгілі бір ұлттың болмысын, тарихын, салт-дəстүрін, əдет-ғұрпын, мəдениетін танып білуде, қалыптастыруда тілдің алатын орны ерекше. Өркениетті қоғамның негізгі қағидаларының біріне айналып, адамзаттың баға жетпес құндылығы деп танылған көзқарас тілге тəн деп анық айта аламыз. Тіл жеке ұлтқа тəн сананы қалыптастырумен қатар, оған толық əсерін тигізеді.

Зерттеу тілдік санадағы менеджмент концептісін лингвомəдени тұрғыдан саралап, оның айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтауға негізделіп отыр.

Тіл қоғамда болып жатқан өзгерістердің айнасы іспетті. Зерттеу нысаны ретінде алынып отырған менеджмент концептісі тілдік жүйенің құрылымдық бірліктерінен тұратын лингвистиканың осы таңдағы негізгі бағыттарының бір бөлшегі ретінде қарастырылуда.

Халықтың шынайы этникалық болмысының айнасы – кез келген халықтың өзінің тілі. Жаһанданудəуіріндетілдітеориялық-танымдықүрдістезерттеудіңқажеттілігітуыпотырғаны осы күнде өзекті мəселе екендігі анық. Сол себепті де, зерттеуіміздің негізгі діңгегі лингвомəдениеттану бағытындағы менеджмент концептісінің танымдағы көрінісі, бейнесі. Менеджмент ұғымын алудағы басты мақсат қазақ тілдік санадағы кірме сөздің құрылымдық, мағыналық классификациясымен қатар осы ұғымды ағылшын тілдік санадағы көрінісі қандай екенін салыстыра отырып, қазіргі таңда трендтік қолданыстағы сөздің мағынасы соңғы он жылда тарылды ма, əлде кеңейді ме деген сұрақтардың жауабын тілдік талдау жасау барысында байқап, түсіне аламыз. Қос тілдегі көріністі байқау үшін, алдымен менеджмент сөзіне берілген анықтамалармен танысып алайық.

Қазақ тілдік санасында көрініс тапқан түсініктемені білуде төмендегі анықтама түсінік береді: Менеджмент (ағыл. management – басқару) зат. Өндірісті басқарудың принциптері, əдістері, құралдары жəне формаларының жиынтығы. Менеджмент өндірісті, əлеуметтік процестердібасқарудыңжалпыұстанымдарынбасшылыққаалады(Педагогика). Менеджмент жоспарлау, үйлестіру, ынталандыру сияқты қызметті де атқарады(«Жас қазақ»). Менеджмент ұғымының мəні мен мазмұны «басқару» түсінігіне ұқсас (ҚҰЭ). Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады

(ҚҰЭ)[1].

Ағылшын тілдік санасында менеджмент сөзі орнықты түрде қалыптасып, қолданыс жиілігі жоғары деңгейде. Ал, қазақ тіл білімінде бұл сөз лексикондағы кірме сөздердің қатарын толықтырады. Осы күнгі жиі қолданыста жүрген актив сөздердің тізбекті қатарын толықтыруда. Менеджмент сөзі біздің танымымызға белгілі, ұлттық салт-дəстүрмен, əдетғұрыппен ұстасатын «басқару», «ұйымдастыру» сөздерімен түсіндірілген.

Соныменқатарменеджментұғымынабергенбелгілітұлғалардыңанықтамаларынаназар аударсақ. Крейтнердің менеджментке берген анықтамасы: «Менеджмент - ортадағы шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану арқылы ұйым мақсаттарына тиімді қол жеткізудің проблемаларын шешу үдерісі». Ал, Ф.В. Тейлордың пікірінше, «Менеджмент - бұл не істеу

144

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

керектігін білу, сонымен қатар ең жақсы жəне арзан жолмен жүзеге асырылуын көру» болса, Гарольд Кунцтің айтуынша, «Менеджмент - адамдар арқылы жəне ресми ұйымдастырылған топтар арқылы заттарды жасаудың өнері. Жеке орындауға болатын жəне ортақ мақсаттарға жету үшін бірлесіп жұмыс істей алатын ортаны құру өнері»[2].

Осы анықтамаларға сүйене отырып, менеджмент концептісінің қандай қызмет, кəсіп, мамандық, салада қолданыста екенін аңғаруға болады. Мəселен, экономика, педагогика, медицина жəне т.б. Енді менеджмент ұғымы тіркескен сөздер қатары №1 кестеде көрсетілген.

№1 кесте Қазақ тіліндегі қолданысы

1.

Педагогикалық менеджмент

 

28.

Менеджменттің тактикасы

2.

Жоба менеджменті

 

29.

Менеджмент принциптері

3.

Стратегиялық менеджмент

 

30.

Менеджмент функциялары

4.

Спорт менеджменті

 

31.

Менеджменттегі жоспарлау

5.

өндірістік менеджмент

 

32.

Қаржылық менеджмент

6.

нарықтық (өткізу) менеджмент,

немесе,

33. Менеджменттегі басқару өнері

маркетинг

 

34.

Менеджмент механизмдері

7.

Экологиялық менеджмент

 

35.

Мəдени саладағы менеджмент

8.

білім берудегі менеджмент

 

36.

Шоу-бизнес менеджменті

9.

Денсаулық сақтауда менеджмент негізі

 

37.

Киноматографиядағы менеджмент

10.

Функциональды (арнайы) менеджмент

 

38.

Таңдаулы өнердегі менеджмент

11.

Инновациялық менеджмент

 

39.

Менеджменттің даму түрлері

12.

Кітапханалық менеджмент

 

40.

Менеджменттің даму көріністері

13.

Мəдениеттегі менеджмент

 

41.

Мəдени менеджменттегі мəселелер

14.

Денсаулық сақтаудағы менеджмент

 

42.

Жобалық менеджмент

15.

Тайм менеджмент

 

43.

Гастрольді қызмет көрсету менеджменті

16.

Кəсіпкерліктегі менеджмент

 

44.

Қазақстандағы шоу бағдарламалар менеджменті

17.

Менеджменттің интегрленген жүйелері

 

45.

Банк менеджменті

18.

Жобалық менеджмент

 

46.

Инвестициялық менеджмент

19.

Арт-менеджмент

 

47.

Инновациялық менеджмент

20.

Еуропалық менеджмент

 

48.

Кадрлық менеджмент

21.

Банктік менеджмент

 

49.

Маркетинг менеджменті

22.

Жапондық менеджмент

 

50.

Ұйымдық менеджмент

23.

Менеджменттің əдіснамасы

 

51.

Қаржы менеджменті

24.

Менеджмент ғылымы

 

52.

Менеджмент жүйесіндегі маркетинг

25.

Менеджмент мектебі

 

53.

Ғылыми менеджмент

26.

Менеджменттегі дау-жанжал

 

54.

Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі

27.

Менеджмент торы

 

ретінде

 

 

 

55.

Менеджменттің стратегиясы

Ағылшын тіліндегі қолданысы

1.

asset management

29.

open book management

2.

assets under management

30.

operations management

3.

brand management

31.

order management

4.

cash management

32.

participative management

5.

category management

33.

performance management

6.

change management

34.

portfolio management

7.

complaints management

35.

product life cycle management

8.

crisis management

36.

product management

9.

customer management

37.

project management

10.

customer relationship management

38.

property management

11.

database management

39.

quality management

12.

debt management

40.

real estate management

13.

digital rights management

41.

retail management

14.

disaster management

42.

risk management

15.

event management

43.

senior management

16.

facilities management

44.

stock control management

17.

fleet management

45.

strategic human resource management

18.

human resource management

46.

supply chain management

19.

information management

47.

supply chain event management

145

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

20.

interim management

48.

time management

21.

international management

49.

top management

22.

investment management

50.

total quality management

23.

issues management

51.

treasury management

24.

junior management

52.

turnaround management

25.

key account management

53.

wealth management

26.

knowledge management

54.

middle management

27.

line management

55.

money management

28.

marketing resource management

 

 

Қос тілдегі менеджмент сөзінің қандай сөздермен тіркесіп бір ұғымды білдіретіндігін жоғарыда көрсетілген кестеде ұсынып, көрсеттік.

Қазақ/ағылшын тілдік санасындағы менеджмент концептісі əрбір жеке тұлға, ұлт танымында өзіндік ерекшелікпен қалыптасқан. Танымды зерделеу, зерттеу осы күнгі өзекті мəселелердің бірі болып отырғаны айқын байқалады. Бүгінгі ғаламдану дəуірінің ең негізгі басымдықтарының бірі ретінде ақпараттар тасқыны, сəт сайын алмасып жататын алуан түрлі мағлұматтардың молдығы аталады. Бұл үдерістен ешбір адам тыс қала алмайды. Өйткені виртуалды əлем, түрлі ақпараттық құралдар ғаламшардың қай түкпірінде болсын үстемдік алып отыр. Осы алмағайып аласапыран заманның, өзгермелі дүниенің пайдасы мен зияны итжығыс түсіп жатқан ақпараттар кеңістігінде «адасып» қалмау үшін жас ұрпақтың «сана сүзгісін» дұрысжетілдіріпотыру, оныңтұлғалыққабілетіншыңдап, танымдағымəліметтердің дұрыс қалыптасуы да аса маңызды.

Қорытынды бөлімде, біз қарастырған қазақ/ағылшын танымындарындағы менеджмент концептісі қандай түсінікте қалыптасқан, қолданысы қандай деген іспетті сұрақтардың жауабын эксперимент жүргізу барысында жүйелі тұжырымның бастамасын бастап, жұмыс жүргізудеміз.

Тілдік қарым-қатынастағы менеджмент концептісі қазіргі таңда жалпы тіл білімінде зерттеліп жүрген тақырыптардың кенжесі. Менеджмент концептісін қарастыруда қолданбалы лингвистиканың барлық дерлік саласымен тығыз коммуникацияны орнату үстінде. Себебі бір қырын қарастырсаңыздар келесі жаңа тармақ өзінің жаңа бір ұсынысын алға тартады. Сол себепті де бұл тақырып өзінің өзектілігін күн өткен сайын арттыруда.

Əдебиеттер:

1.Ысқақов А., Уəли Н. Қазақ əдеби тілінің сөздігі. Тілтаным. М-О. 2009.

2.https://www.managementstudyhq.com/what-is-management.html

УДК 81`1

Нəбиева Г.С. 1-курс докторанты Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы қ., Қазақстан

e-mail: gulnaznabyeva1@gmail.com

Ғылыми жетекші: Ж.К. Ибраева филол.ғ.д., профессор м.а. e-mail: zhanar.kulmat@gmail.com

ТІЛДІК БƏСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ІСКЕРЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Түйіндеме: Мақалада қарым-қатынастың ерекше түрі іскерлік қарым-қатынас мəселесі қарастырылады. Телефон арқылы əңгімелесулер мысалында іскерлік қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы беріліп, тілдік бəсекелестік жағдайындағы іскерлік қарым-қатынасқа лингвистикалық тұрғыдан талдау жасалады. Еліміздегі риелторлық іскерлік қарым-қатынастағы телефон арқылы

146

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

əңгімелесу кезіндегі коммуниканттар сөйлеуінде орын алған код ауыстыру, тілді таңдау, интерференция сияқты құбылыстар айқындалады.

Кілтсөздер: қарым-қатынас, іскерлікқарым-қатынас, кодауыстыру, тілдітаңдау, интерференция.

Резюме: Объектом настоящей статьи является деловая коммуникация. В статье представлено описание деловой коммуникации на примере телефонных бесед и был сделан лингвистический анализ деловой коммуникации в условиях языковой конкуренции. Особое внимание уделяется явлениям как кодовое переключение, выбор языков, интерференция в речи коммуникантов при проведении телефонных бесед реэлторов как специфического вида деловой коммуникации.

Ключевые слова: коммуникация, деловая коммуникация, кодовое переключение, выбор языка, интерференция.

Abstract: The object of the present article is business communication. In the article the description of business communication on the material of telephone conversations is provided and the linguistic analysis of business communication in the context of language competition is made. Special attention is paid to the phenomena as code switching, choice of languages, interference in the speech of communicants in the process of telephone conversations of realtors as specific type of business communication.

Keywords: communication, business communication, code switching, language choice, interference.

Соңғы жылдары лингвистика ғылымы көптеген жаңа бағыттарды қамтып, ғылымитеориялық жəне практикалық жағынан кең өріс алып, дамып келеді. Мұндай бағыттар қазіргі өмір талабы мен уақыт сұранысына сəйкес пайда болып отырғаны белгілі. Қазірде заман талабына сай тілдік қатынастар теориясы, əсіресе, көптілділік, код ауыстыру, тіл таңдау, интерференция секілдіқұбылыстарғаайрықшакөңілаударылуда. Сондықтан, іскерлікқарымқатынас барысында орын алатын жоғарыда аталған тілдік құбылыстарды зерттеу аса өзекті мəселердің бірі болып табылады.

Іскерлік қарым-қатынас дегеніміз – ресми қарым-қатынас саласында болатын коммуниканттардың жалпы құқығы мен мақсаттарына байланысты нақты мəселені шешуге қабілетті жəне қажетті нəтижеге бағытталған коммуникация. Іскерлік қарым-қатынас деп қызметтік салада адамдар арасындағы байланысты дамытуға бағытталған күрделі де жоспарлы үдерісті атаймыз [1].

Қарым-қатынастың негізгі түрі ретінде іскерлік қарым-қатынас төмендегідей формаларда жүзеге асады:

Іскерлік əңгімелесу;

Іскерлік келіссөздер;

Сұхбаттасу (іскерлік);

Пікірталас;

Іскерлік мəжіліс;

Тұсаукесер, таныстыру рəсімі;

Саудаласу;

Іскерлік хат алмасу;

Баспасөз-конференциясы [2].

Жоғарыда көрсетілген іскерлік қарым-қатынас түрлерінің əрқайсысының қатысушылары жəне қарым-қатынас тақырыбы əртүрлі болуы мүмкін. Алайда, барлығы іскерлік этикаға негізделіп құрылуы тиіс.

Іскерлік қарым-қатынас түрлерінің бірі – жылжымайтын мүлікті алып-сату, жалға беру операцияларын жүзеге асыруға бағытталған қарым-қатынас. Осы орайда, іскерлік қарымқатынас түрі ретінде риелторлық қызметтің отандық ғылымда көп зерттелмегенін айта кеткен жөн секілді. Салыстырмалы түрде əлеуметтану, менеджмент жəне басқарудың теориясы мен практикасы салаларында зерттеулер жүргізілген. Дегенмен, бұл саладағы іскерлік қарымқатынаста тіл, тіл таңдау, сөйлеу тактикаларын меңгеру, вербалды жəне бейвербалды

147

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

қатынастардың ерекшеліктері сияқты тілдік факторлар маңызды рөл атқаратындықан, тілдік тұрғыдан зерттелуді əлі де талап етеді.

Риелторлық қызмет саласында телефон арқылы іскерлік əңгімелесу ерекше орынға ие. Себебі, телефон арқылы іскерлік əңгіме жүргізу уақыт үнемдеуге септігін тигізеді. Телефон арқылы əңгімелесу бүгінгі таңда іскерлік қарым-қатынас орнатудың кең тараған түрі. Телетайптар мен факстер соның бір бөлшегі ғана. Сондықтан, телефон арқылы іскерлік əңгімелесудің біліктерін меңгеру аса қажет.

М.С. Узеринаның пайымдауынша іскер адамдардың телефон арқылы қарым-қатынас орнатабілуқабілетіжекетұлғаныңжəнетұтастаймекеменіңабыройынаəсеретеді. Ғалымның есептеуінше, əрбір телефон арқылы əңгімелесу шамамен 3-5 минутқа созылады. Сəйкесінше, кез келген мекеменің жетекшісі бір күнгі уақытының 2-2,5 сағатын, кейде 3-4,5 сағатын телефон арқылы іскерлік əңгімелесуге жұмсайды [3]. Телефон арқылы жүргізілетін іскерлік əңгімелер қалыпты жұмыс тəртібін бұзады, əрбір 10-30 минут сайын шалынатын қоңыраулар жұмыс бабындағы нақты мəселеге көңіл бөлуге кедергі келтіреді.

Мақалада еліміздегі риелторлық іскерлік қатынастағы телефон арқылы əңгімелесу кезіндегі коммуниканттардың сөйлеу ерекшеліктері айқындалды. Орта есеппен іскер адамдар телефон арқылы келіссөздерге жұмыс уақытының 25%-ын жұмсайды. Ал, риелторлық агенттіктерде бұл көрсеткіш бірнеше есе ұлғаяды, себебі, телефон бұл қызметте басты еңбек құралы болып есептеледі. Себебі, риелторлық компаниялардың қызметі тікелей телефонға тəуелді. Көп жағдайда риелторлық агенттіктер мен олардың қызметіне мұқтаж азаматтар арасындағы таныстық дəл осы телефон арқылы əңгімелесуден басталады. Əрі қарайғы серіктестіктің жалғасын табуы да риелтор мен потенциалды сатушы, не сатып алушы арасында болған əңгімелесуге байланысты. Сондықтан, бəсекесі зор жылжымайтын мүлік нарығындағы телефон арқылы əңгімелесуге тілдік талдау жасауды жөн деп санадық.

Талдау барысында іскерлік əңгімелесудің 60%-ы күннің бірінші жартысында орын алатыны анықталды. Осыған байланысты екі жақтағы коммуникант та қысқа əңгіме жүргізе білуі жəне серіктесінің айтқанына жылдам əрекет етіп, ыңғайлана алуы тиіс. Қысқаша əңгімелесудің болжалды жоспары мынадай болуы мүмкін (3 минутқа созылған əңгімелесу).

Бақылау барысында серіктесін мəселе бойынша ақпараттандыруға 30-50 секунд; таныстыру рəсімі 25-30 секунд; мəселені талқылау 105-120 секунд; нақтылау мақсатындағы қосымша сұрақтарға 20-25 секунд кететіні анықталды.

Қазақстандық іскерлік қарым-қатынаста тілдерді меңгеру маңызды рөл атқарады. Өйткені, Қазақстандағы тілдік жағдай билингвалды жəне тілді қолданудың кез келген саласында қазақ жəне орыс тілдері қызмет етеді.Ал, қостілді қарым-қатынас ерекшеліктерінің бірі код ауыстыру мен код араластыру.

Тілдік қатынас теориясында код ауыстыру негізгі мəселелердің бірі болып табылады. Бұл құбылысты зерттеумен XX ғасырдың 50-жылдары У. Вайнрайх пен Э. Хауген айналыса бастаған. У. Вайнрайх өмір бойына кез келген индивид белгілі бір дəрежеде бірнеше тілдік жүйені меңгереді деп пайымдай келе, «код ауыстыру» терминін қолданысқа енгізеді. Код ауыстыру – А жəне Б тілдерінің бір коммуникативтік акт барысында кезектесіп қолданылуы [4]. Берілген дефинияға сүйене отырып, зерттеушілер бұл құбылысты өздерінше анықтайды. Бүгінге дейін бұл құбылыстың жалпыға ортақ анықтамасы жоқ. Себебі, бұл мəселе лингвистикамен қатар, психолингвистика, əлеуметтік лингвистика, шет тілдерін оқыту əдістемесі сияқты басқа да ғылымдардың зерттеу нысаны болып отыр.

Код ауыстыру мынадай түрлерге жіктеледі:

Қосылу (присоединение) – басқа тілдегі сөздің фраза соңына қосылуы.

Сыртқы код ауыстыру – екі не одан да көп тілде толық фразалар арасындағы код ауыстыру.

Ішкі код ауыстыру – шет тілдік сөзді сөйленіс ортасына қосу.

Код ауыстыру белгілі бір тілде мүлде баламасы жоқ сөздерді қолдану кезін де кездеседі.

148

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

Мысалы, берілген диалог арқылы риелторлық ісскерлік қатынастағы код ауыстыру құбылысы талданады (риелтор – əйел адам, 50 жас шамасында, ұлты – қазақ; жалға алушы- əйел адам, 23 жаста, ұлты – қазақ):

N: Сəлеметсіз бе?

Р: Аха, тыңдап тұрмын

N: Біз /объявлениемен /хабарласып тұрмыз, /однокомнатный квартира /туралы білейін деп едік

Р: Иə, иə, /Джамбуладағы ма?

N: Аха, /Джамбула-Байтұрсыновадағы, /қаншасыншы /этаж?

Р: Екінші /этаж, /жақсы /квартира, /состояниесі хороший, евроремонт, санузел совмещенный, телефон, интернет, холодильник, стиральный машина-автомат, телевизор, /барлық/мебелімен...

N: Тате, бағасы қанша?

Р: 65 мың, неше адамсыңдар? N: Екі қызбыз, студентпіз ғой Р: Ааа, /КазАТК ма?

N: Жоқ, /КазГУ

Р: А, КазГУ /ма? КазГУ /жақта да /квартиралар /бар негізі, бірақ олар /жилой комплексте, /сендерге қымбат боп кететін шығар... /В принципе, Джамбула /жактан да девяткамен /прямой /бара аласындар...

N: Тате, қашан көрсе болады? Р: Сендер қанша ай тұрасындар N: Длительный срокқа

Р: Хорошо, /онда мен қазір бір 15-20 мин. кейін осы /номерге хабарласам. N: Рахмет, сау болыңыз

Р: Аха, қазір /звондап, жауабын айтамын.

Берілген мысалдан Қазақстандағы көп ұшырасатын код ауыстырудың айқын көріністерін тамашалауға болады. Еліміздегі тілдік жағдаятқа орай қазақстандықтар сөйлеуінде код ауыстыру қазақ тілінен орыс тіліне немесе керісінше орыс тілінен қазақ тіліне ауысу жəне еліміздегі басқа этностар тілдерінен орыс, қазақ тілдеріне ауысуынан көрінеді.

Зерттеу барысында код ауыстыру келесі сөз таптарын қолдану барысында жиі орын алатыны анықталды (1-кесте):

Сөз табы

Қазақ тілі

Орыс тілі

Барлығы

Зат есім

6

20

26

Сын есім

3

7

10

Сан есім

1

1

2

Есімдік

8

-

8

Етістік

-

1

17

Үстеу

-

-

 

Еліктеу сөз

-

-

 

Шылау

-

-

 

Одағай

-

-

 

 

 

Жалпы код ауыстыру саны – 29

 

Жоғарыдағы тілдесімде жалпы саны 29 рет код ауыстыру саналды. Сөз таптары арасынан зат есімде 20, сын есімде 7, сан есімде 1, етістікте 1 рет код ауыстыру орын алды.

Берілген кестеден байқағанымыздай, сөйленіс барысындағы код ауыстырудың көбі зат есімдердің деңгейінде (76,2%) орын алған. Мəселен, обьявление, квартира, санузел, этаж,

состояние, интернет, евроремонт, холодильник, телевизор, стиральная машина жəне т.б.

күнделікті қолданыстағы зат есімдер мен тұрмыстық зат атауларының барлығының дерлік қазақша баламалары (обьявление – хабарландыру; квартира – пəтер; этаж – қабат; состояние – жағдайы, қалпы; интернет– ғаламтор; евроремонт – еврожөндеу; холодильник

149

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

– тоңазытқыш; телевизор – теледидар; стрильная машина – кір жуғыш машина) бар. Оған қоса, риелторларсөйлеуіндеком.услуга(коммуналдыққызмет), кварт.плата, (пəтерақы), пол (еден), теплый пол (жылы еден), умывальник (қолжуғыш), пластиковые окна (пластикалық терезе), подвесной потолок (аспалы төбе), стена (қабырға, жар, дуал), обой (түсқағаз), кухня(асүй), душ(себезгі) сияқтыжалпыатауларменмикроволновка(микротолқындыпеш), цветной телевизор (түрлі түсті теледидар), полка (сөре), стол (үстел) сияқты қазақша баламалары бар, бірақ əлде де сөйлеушілер арасында орысша нұсқасы қолданылатын сөздер жəне сөз тіркестері көп кездеседі. Бұдан келіп шығатын нəтиже аталған сөздердің қазақша баламасы əлі де болса қоғамда кең қолданыс тауып үлгермеген. Өзге тілдің сөздерін араластырып сөйлеу саналы жəне бейсаналы түрде орын алатындықтан, сөйлеушіөзінің менталдылексиконынанқалыптасқан, күнделіктеестіп-біліпжүргенсөздердіавтоматтытүрде қолданады. Код ауыстыру жекелеген сөздер деңгейінде көп ұшырасады. Себебі, жеке сөздер деңгейінде орын алған код ауыстыру кезінде сөйлемнің морфологиялық жəне синтаксистік құрылымына айтарлықтай нұқсан келтірілмейді.

Жиілігі жағынан код ауыстыру жиі кездесетін келесі сөз табы – сын есім. Бұл жиілік сын есімдердің бейімделу механимзімінің қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Өйткені, қазақ тіліндегі сын есімдер сөйленіс құру кезінде қосымша грамматикалық рəсімделуді талап етпейді.

Жоғарыдағы сөйленістегі стиральный машина, хороший состояние, совмещенный санузел, однокомнатный квартира, жилой комплекс, длительный срок сияқты сөздерден басқа крытый парковка, горячий/холодный вода, подвесной потолок, теплый пол, центральный канализация, изолированный комнаталар, частично меблированный, совмещенный санузел, пожарный сигнализация, круглосуточный видеонаблюдение, круглосуточныйохрана,черновойотделка, чистовойотделка, пластиковыйокна, охраняемый стоянка, однокомнатный квартира, кабельный телевидение, бытовой техника, встроенный кухня, хороший квартира, газовый плита, удобный квартира, уличный освящение, ванный комната, спальный комната, детский комната, привотизированный общежитие, центральный отопление, отремонтированный квартира т.с.с. сөз тіркестері жиі кездеседі.

Берілген сөз тіркестерінде грамматикалық қателерді аңғармау мүмкін емес. Зат сипатын айқындау мақсатында орыс тіліндегі зат атауына орыс тіліндегі сын есім тіркесіп берілген, бірақ қазақ тілінде род категориясының болмауы тіркестердің қате құрылуына себеп болып тұр.

Бəрімізге мəлім, род категориясы орыс тіліне тəн негізгі категориялардың бірі. Орыс тілінде сын есімдер сөйлемде көбіне көп анықтауыш қызметін атқарады. Сондай-ақ, анықталатын зат есімнің қай септікте, род категорясында, жекеше не көпше түрде тұрғанына қарай сын есімдер үнемі ыңғайланады. Барлық түркі тілдеріндегідей қазақ тілінде род категориясы тек қана ер немесе əйел жынысты білдіретін зат есімдермен ғана мағыналық тұрғыдан байланысты. Сондықтан, анықтауыш пен анықталатын сөз арасында орыс тіліндегідей «согласование» де жоқ. Мысалы: жақсы адам – хороший человек; жақсыiс – хорошее дело; жақсыжұмыс – хорошая работа.

Қазақ тілінде род категориясының болмауын ғалымдар былай түсіндіреді: «В казахском языке одному притяжательному местоимению соответствуют три в русском: мен«мой, моя, мое». Притяжательные местоимения имеют форму вежливости во II лице ед. и мн. ч.: Сіздің «Ваш, Ваша, Ваше» (ед.ч.); Сіздердің «Ваш, Ваша, Ваше» (мн. ч.)».

Сын есім қосымшасы зат есімнің род категориясын ескермей тұр. Дұрысы, сөз тіркесінің басыңқы сыңары «женского рода» болғандықтан, оған тіркесетін сын есім де сол род категориясынан болуы тиіс еді. Зерттеу барысында риеолторлар жəне тұтынушылар тілінде 96 аталғандай мысал кездесті.

Код ауыстырудың етістіктер деңгейінде салыстырмалы түрде сирек кездесуі сөйленістің синтаксистік құрылымымен байланысты. Етістік көп жағдайда баяндауыш қызметін атқарып, сəйкесіншесөйлемніңпредикативтінегізінқұрайды. Ал, сөйленісқұрубарысындабилингвтер

150

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]