Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

50

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.7 Mб
Скачать

«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» ЖƏНЕ «НҰРЛЫ ЖОЛ»

немесе Еуразиялық одақты қарайтын болсақ, ең алдымен, Бірыңғай экономикалық кеңістік, Кедендік одақ, сосын Одаққа бірігіп, басқарушы органдар, үкіметаралық жəне парламентаралық комиссиялар құрылды. Ал «Белдеу мен жол» даму деңгейі əртүрлі мемлекеттердің арасында экономикалық дəліздер құру, трансқұрлықтық көліктік маршруттарды орнықтыру арқылы сауда айналымын, жергілікті жердегі инфрақұрылымды дамытуға ықпалдасуды көздейді.

Қысқаша айтқанда, концептуалдық тұрғыда бұл – Қытайдың алысжақын мемлекеттермен қатар даму философиясы. Сондықтан Қытай үкіметаралық жоғары органды құрмай-ақ аймақтық ынтымақтастықты нығайтуды көздеп отыр. Ондай функцияны біз назарға алып отырған «Бір белдеу, бір жол» Форумы жəне оның жанындағы Консультативтік комитет атқарады екекн. Бірқатар эксперттердің айтуынша, Форум инициативадағы институционалдық вакуумды толтыруға септеседі. Дегенмен, ортақ үйлестіруші органның болмауы жұмыстың жүйесіне, проблемалардың консенсус арқылы шешілуіне кедергі келтіреді.

Фридрих Эберт қорының ұйымдастырған «Жаңа Жібек жолы жəне аймақтық кооперацияның болашағы» атты зерттеуге сəйкес[10],бүгінде Ресей «Белдеу мен жолды» жаһандық геосаяси жоба ретінде қарастырады жəне Батыс елдерімен текетірес барысында тек қана экономикалық емес, сыртқы саяси бонустарды алуды көздейді. Орталық Азия мемлекеттері бұл инициативаға салыстырмалы түрде прагматикалық ұстанымда. Яғни, осы аймақтағы эксперттік дискурсқа сəйкес, əлемдік геосаясаттың сойылына қарағанда, Қытайдың қатысуымен нақты экономикалық жобаларға назар аударылады. Соңғы жылдары Қытайдың «жұмсақ күші» мен қарыз қақпаны туралы да жиі қозғалып келеді. Қазақстан «Нұрлы жол» бағдарламасын байланыстырып, көліктік-логистикалық дамуға көңіл бөледі. «Темір жол дипломатиясының» өз жетістіктері бар. 2018 жылы қос елдің темір жол порттарынан өткен контейнерлік жүктің салмағы 13,9 млн тоннаға жетіп, бір жылда 38%-ға артқан. Ал, Қазақстан-Қытай сауда көлемі 20 млрд. АҚШ долларына жуықтаған. Мəселен, жақында Ветнам-Қытай-Қазақстан-Еуропа бағытында темір жол транзиттік дəлізі іске қосылды. 2018 жылы ҚазақстанВьетнам саудасы да 467,2 млн[11]АҚШ долларына жеткен. Енді Қазақстан Оңтүстік Шығыс Азия мен Еуропа арасындағы тиімді байланыс көпірі болады. Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» инициативасын осындай практикалық тұрғыда пайдаланып отыруы қажет.

Қазақстан мен Қытай арасындағы ресми дипломатиялық байланыстың орнығуы – екіжақты талпыныстың жемісті нəтижесі. Бұл жерде Қазақстандық тараптың бастамашылдығы, жас мемлекет ретіндегі мүддесі басым. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарынан шекараны белгілеу жəне трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану көптеген кедергілермен орындалса да, қазақстандық дипломатия өз алдындағы міндеттерді орындады. Анығын айтқанда, мемлекет басшыларының жеке достық қатынастары, бейресми сұхбаттары үлкен шешімдерге негіз қалады. Осы орайда, Қазақстан басшыларының шебер дипломатиялық, мəмілегерлік,

161

«THE BELT AND ROAD INITIATIVE»

келіссөз жүргізу қабілеттері үлкен рөл ойнады. Əр кезеңдегі төрағаларының өзіндік басқару ерекшелігі бар болғанымен, Н.Назарбаев Қытай билігінің барлық буынымен тиісті дəрежеде əріптестік байланыс орнатты. Əрине, Елбасының жанындағы сол уақыттағы Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев бастаған дипломаттардың да еңбегін ескермеуге болмайды. Аталған команда сыртқы саяси принциптері мыңжылдыққа тереңдеп кететін Қытай елімен лайықты деңгейде қатынас орнатты деуге толық негіз бар.

2017 жылдың басы Қытай Төрағасының қайта сайлануы, «Белдеу мен жолдың» XIX партия Съезінде партия Жарғысына, Си Цзиньпин ойларының Конституцияға енгізілуіне байланысты сенімді басталды. Дегенмен, алғашқы «Белдеу мен жол» форумынан кейін аймақта жəне əлемдік масштабта бірқатар өзгерістер орын алды. Қытай мен АҚШ арасында сауда конфликтісі нақты іс-қимылмен жалғасып, саяси сипатқа көшті. Қытай мен Индия арасында шекаралық қақтығыс орын алды. Венесуэладағы ішкі тұрақсыздық Қытайдың «қабырғасына батты». Оңтүстік жəне Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі «Белдеу мен жолға» қатысты ұстанымы, мемлекеттік қарыздар туралы ақпарат Қытайдың сыртқы имиджін қалыптастыруда кемшіліктердің бар екендігін көрсетеді. Қытай «Белдеу мен жолды» іске асырудың бүгінгі межесінде бірқатар проблемалардың қалыптасқанын көріп отыр. Қордаланған мəселелер төтесінен қойылып, жоғарыда айтылған түсініксіз тұстардың басы ашылса, «Белдеу мен жол» бойындағы елдер үшін əлдеқайда тиімді болмақ.

ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Н.Назарбаев. Ғасырлар тоғысында – Алматы, Атамұра. - 2003, 256 б. 2.Тоқаев Қ. Беласу. Дипломатиялық очерктер. – Алматы: Дəуір. – 2003, 348 б. 3.Тұлға туралы толғамдар. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011, - 440 б.

4.Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» атты халықаралық ынтымақтастық форумына қатысты - http://www.akorda.kz/kz/events/international_ community/foreign_visits/nursultan-nazarbaev- bir-beldeu-bir-zhol-atty-halykaralyk-yntymaktastyk-forumyna- katysty#/upload/anounces/80c009d3255977 ddf82b3d31b80971f4.jpg (25.03.2019)

5.Губайдуллина М.Ш. Две стратегии – один путь: казахстанско–китайские отношения на новом Шелковом пути // «Один пояс – один путь»: Сотрудничество и устойчивое развитие сопредельных государств. – Алматы: Изд-во Қазақ Университеті, 2016 2016 №1, 34 - 44 стр.

6.Великая афера Китая «Один пояс — один путь» — Фукуяма / https://365info.kz/2018/05/velikaya- afera-kitaya-odin-poyas-odin-put-fukuyama - 31.05.2018

7.Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» атты халықаралық ынтымақтастық форумына қатысты / http://www.akorda.kz/kz/special/events/international_community/foreign_visits/nursultan- nazarbaev-bir-beldeu-bir-zhol-atty-halykaralyk-yntymaktastyk-forumyna-katysty - 15.05.2017

8.ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу – бір жол» форумындағы сөзі / http://www.xinhuanet.com/2017-05/14/c_1120969677.htm - 14.05.2017

9.Guo Huadong. Steps to the Digital Silk Road / https://www.nature.com/articles/d41586-018-01303-y 10.Новый Шелковый путь и будущее региональной кооперации / https://library.fes.de/pdffiles/bueros/moskau/14459.pdf

11.Запущен трансконтинентальный ж/д маршрут «Вьетнам-Китай-Казахстан-Европа» / https://strategy2050.kz/ru/news/apushchen_transkontinentalnii_zhd_marshrut_etnamitaiazahstanvropa___

_52720 - 07.03.2019

162

«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» ЖƏНЕ «НҰРЛЫ ЖОЛ»

КОНФУЦИЙ ИНСТИТУТТАРЫ ЖƏНЕ МƏДЕНИ ЫҚПАЛДАСТЫҚ

Керімбаев Е.Ə., Набижанқызы З. Əл-Фараби атындағыҚаз ҰУ

Алматы, Қазақстан.

e-mail:kerimbay.erzhan@gmail.com e-mail: zauke423@gmail.com

Аңдатпа

Конфуций институттары ХХІ ғасырда Қытайдың дүниежүзінде құрған институттары.Бұл ұлы гуманист ойшыл Конфуцийдің есімімен аталатын институттардыңнегізгіміндеті – дүниежүзіне қытай тілі мен дəстүрлі мəдениетін тарату еді. Алайда қазір оның атқарған қызметі мен жасаған ықпалы əлемді ойландырып отыр, тіпті түрлі күмəндар тудыруда.

Мақалада Қытайдың Конфуций институттарының дүниежүзінде құрылу үдерісі, əсіресе, Орта Азия мемлекеттерінде ашылуы мен дамуы барысы жəне оның қызметінің кеңеюі мен ықпалының тереңдеуі қарастырылған. Конфуций институттарының Қытайдың мемлекеттік жобасы ретінде мемлекеттік қаржылық жəне техникалық қолдаумен ұтымды жұмыстар жасап отырғаны, оның қызмет бағытының Қытайдың халықаралық аренада қолданып отырған «жұмсақ күш» саясатын жүзеге асыруға жəне дипломатиялық міндеттер атқаруға бет алып бара жатқаны сараланады.

Сонымен қатар, аталмыш институттардың жұмыс жүргізу əдістеріжəнеол институттарды қабылдаған елдер мен оқу орындарының көздеген мақсаттарына, Конфуций институттарының əлемге тез таралуы мен ықпалының жылдам тереңдеуіне жəне оның сын-қатерлерге ұшырауының басты себептеріне талдаулар жасалған.

Түйін сөздер: Конфуций институттары, қытай тілі, мəдени ықпал, жұмсақ күш, сын-қатер.

СТАНОВЛЕНИЕ И ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ИНСТИТУТОВ КОНФУЦИЯ

Аннотация

Институты Конфуция - это международный проектов в гуманитарной сфере, созданный Китаем в XXI веке. Основной задачей этих институтов было распространение китайского языка и традиционной культуры Китая по всему миру. Однако деятельность и влияние этих заведении подвергается разным сомнениям мирового сообщества и заставляют задуматься над его работой

В этой статье рассматриваются создание и развитие, расширение и влияния деятельностиинститутов Конфуция по всему миру. Особенный акцент делается на страны Центральной Азии.

Дается анализ поворотам деятельности Институтов Конфуция, который при финансовой и технической поддержкегосударства занимается продвижением китайского языка и культуры как одной из форм «мягкой силы»Китая на мировой арене.

А так же в статье рассматривается методы работы институтов Конфуция, которые содействовали бысторму распростронению и усилению влиянияэтого заведения. Анализированы основные причины проблем и критики институтов Конфуция, возникающих при напористой гуманитарной экспансии Китая по всему миру.

Ключевые слова: мягкая сила, внешняя языковая политика, институты Конфуция, культурная экспансия.

THE FORMATION AND ACTIVITIES OF CONFUCIUS INSTITUTES

Abstract

Confucius Institutes is an international humanitarian project created by China in the 21st century. The main task of these institutions was to spread the Chinese language and traditional

163

«THE BELT AND ROAD INITIATIVE»

culture of China throughout the world. However, the activities and influence of these establishments are subject to various doubts of the world community and make them think about its work.

This article discusses the creation and development, expansion and influence of Confucius institutions around the world. Special emphasis is placed on the countries of Central Asia.

An analysis is made of the turn of activities of Confucius Institutes, which, with the financial and technical support of the state, is engaged in promoting Chinese language and culture as one of the forms of “soft power” of China on the world stage.

As well, the article discusses the working methods of Confucius institutions, which contributed to the rapid spread and enhancement of the influence of this institution. The main causes of the problems and critics of Confucius institutions arising from the assertive humanitarian expansion of China throughout the world are analyzed.

Key words: soft power, foreign language policy, Confucius institutions, cultural expansion.

«Конфуций институттары»мен «Конфуций сыныптары»деген Қытайдың шетелдік оқу орындарының базасында құрылған мемлекеттік қытай тілі мен мəдениетін оқытатын орталықтар. Ең алғаш ол 2004 жылы Оңтүстік Кореяныңастанасы Сеул қаласында құрылған еді, 2017 жылдың соңына дейін əлемнің 146 мемлекетінде 525 Конфуций институты мен 1113 Конфуций сыныптары ашылды. Қытайдыңбүкіл əлем мойындаған ұлы гуманист ойшылы Конфуцийдің есімімен аталған институттың басты міндеті

– дүниежүзіне қытай тілі мен дəстүрлі гуманизм мəдениетін тарату еді. Алайда қазір оның атқарған қызметі мен жасаған ықпалы əлемді ойландырып отыр, тіпті түрлі күмəндар тудыруда. Сондықтан Конфуций институттарының дүниежүзінде құрылу үдерісі, əсіресе, Орта Азия мемлекеттерінде ашылуы мен даму барысы жəне оның қызметінің кеңеюі мен ықпалының тереңдеуін зерттеу өте маңызды болып отыр. Өйткені, Қытайдың мемлекеттік жобасы ретінде мемлекеттік қаржылық жəне техникалық қолдаумен құрылып жатқан институттар мен ашылып жатқан сыныптардың қытай тілін оқыту арқылы жасаған мəдени ықпалы жергілікті халыққа қытайлық саяси құндылықтарды сіңіруде. Бұл елдердің болашақ даму бағытына ықпал жасайтын мəселе. Сондықтан біз, Қытайдың халықарада қолданып отырған «жұмсақ күш саясатын» жүзеге асыруға жəне дипломатиялық міндеттер атқарудағы аталмыш институттың рөлін, оның құрылу барысы, қызмет ету əдістері жəне ол институттарды қабылдаған елдер мен ЖОО-ның көздеген мақсаттарынашып көрсетуді мақсат етеміз. Осы тақырыпқа қатысты ҚКП Съездер құжаттары, Конфуций институттарының халықаралық келісімшарттар құжаттарын негізге ала отырып, осы мекемеге қатысты əлемде қазірге дейін жарияланғанматериалдарға сүйене отырып зерттеу жүргіздік. Яғни, мақаламызда«Конфуций институттары»мен «Конфуций сыныптарының» құрылуы, оның қызметі, дамуы жəне сын-қатерге ұшырауы сияқты мəселелерге талдау жасап, өз көзқарастарымызды ұсынбақпыз.

Шетелдерде Конфуций институттары мен Конфуций сыныптарының құрылуы – Қытайдың өрлеуі жəне əлемге қадам басуына байланысты өмірге

164

«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» ЖƏНЕ «НҰРЛЫ ЖОЛ»

келген құбылыс. Қытайдың 2001 жылы Дүниежүзі сауда ұйымна кіруі, оның халықаралық сауда-экономика жүйесіндегі жəне саяси-дипломатиялық қатынастардағы позициясын нығайта түсті. Сонымен Қытай əлемге өздерінің концепциясын немесе жаңа тəртіпбін қабылдату үшін, эконмикалық қаржылық ықпал етумен қатар, «жұмсақ күш» немесе қытай тілі мен мəдениетімен де ықпал жасау саясатын қолданды.

1987 жылы ҚХР үкіметі қытай тілі мен мəдениетін əлемге таратуды ұйымдастыратын мемлекеттік Кеңсе (қытай тілінде қысқартып «Ханьбань– Hanban» деп атайды) құрды.Бұл ҚХР Білім министрлігіне қарайтын құзырлы мекеме Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргізетін болды. «Ханьбань»-ның құрамында 19 басқарма (Жалпы мəселелермен айналысатын басқарма;Адам ресурстары басқармасы;Бухучет жəне аудит басқармасы;Қаржы басқармасы;Даму жəне жоспарлау басқармасы;Саясат жəне зерттеу басқармасы;Азия мен Африкадағы Конфуций институттары басқармасы; Америка мен Мұхит аймағындағы Конфуций институттары басқармасы;Европадағы Конфуций институттары басқармасы;Оқытушылар құрамы басқармасы;Еріктелермен жұмыс басқармасы;Оқыту материалдары басқармасы;Тестілеу басқармасы;Шəкіртақы тағайындау бағдарламалары басқармасы; Мəдени байланыс басқармасы;Қытайтану жəне қытайды зерттеу басқармасы;Қоғаммен жұмыс істеу басқармасы;Халықаралық алмасу басқармасы;Логистика басқармасы)[1]жұмыс жүргізеді.«Ханьбань»өзінің жүйелі де өнімді жұмыс жүргізетінережелері мен механизмін жасады. Осылайша «Ханьбан»штаб пəтері Пекин қаласында орналасқан,жоғары статусы мен корпоративтік құрылымы кемелді, табыс таппайтын мемлекеттік мекеме ретінде дүниеге келді.

Кеңес төраға, вице-төраға, кеңестің атқарушы мүшелері жəне қатысты жекелеген мүшелерден құрылған. Кеңестің төрағасы, орынбасарлары мен атқарушы мүшелердің кандидатурасын ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Əкімшілік оқу-ағарту агенттігі ұсынады жəне ҚХР Мемлекеттік кеңесі бекітеді. Кеңестің 15 мүшесінің 10-ны əлемдегі Конфуций институттарының директорлар кеңесінің басшыларынан тағайындалады. Кеңес мүшелерінің құрамына 12 мемлекеттік министірлік пен комитетінің өкілдері кіреді. Нақтылап айтқанда ҚХР Мемлекеттік кеңесінің хатшылығынан, Қытайдың Білім беру министірлігінен, Қаржы министірлігінен, Мемлекеттік кеңесі жанындағы мұхажирлар (Хуачияулар) кеңсесінен, СІМ, Даму жəне реформа Комитетінен, Сауда министірлігінен, Мəдениет министірлігінен, Халықаралық радиосынан, Пресса ісі мемлекеттік əкімшілігінен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің ақпарат бөлімінен жəне Мемлекеттік тіл комитетінен өкілдер қатысады[2]. Мұның өзі бұл құрылымның Қытайда аса маңыздымемлекеттік мекеме екендігін көрсетеді.

Ал «Ханьбан», Конфуций институттарының жұмыс жоспарын, оқыту ережелерін, даму стретегиясын жасайды жəне оның атқарылуын қадағалайды, институттар мен сыныптардың жұмыс жүргізуіне материалдық, техникалық,қаржылық жəне оқытушы ресурстарын қамтамасыз етеді.

165

«THE BELT AND ROAD INITIATIVE»

«Ханьбан»қытай тілі мен мəдениетін үйренушілердің деңгейін анықтап, сертификат жəне оқу гранттарын берудің жүйесін жасады. Ол HSK (Hanyu shuiping kaoshi - Қытай тілі деңгейін анықтау) емтихан қабылдау тəртібін орнатты. Жəне оған қажетті оқулықтар мен оқу құралдарын, оқыту методикасын үйрететін материалдар дайындайды жəне оны үздіксіз толықтырып отырады. Осы жүйе бойынша дүниежүзінде2010 жылы HSK емтиханын тапсырғандардың саны 750 мыңға жетсе, соңғы кезде оның саны 1 млн адамнан асқан [3]. Ал Конфуций институттары тек қытай тілін қана оқытып қоймайды, сонымен қатар Қытайдың дəстүрлі мəдениеті мен философиясын, құндылық көзқарастарын сіңіруге көп көңіл бөледі.

Қытайдың шетелде қытай тілі мен мəдениетін оқытатын орталықтарын немесе сынып-аудиторияларды Конфуций есімімен атауының өзіндік мəні бар. Б.з.д. 551-479 жылдары өмір сүрген Конфуций (Кун Цзы) – қытайдың ұлы ойшылы жəне ағартушысы, қытайдың дəстүрлі рухани ілімінің негізін қалаған, бүкіл əлем мойындап жəне құрмет тұтқан гуманист ұлы тұлға. Сондықтан əлем елдерінің Конфуций есімі мен оның ілімін жылы қабылдайтын көңіл-күйін ескеріп, қытай тілі мен мəдениетін оқытатын институттар мен сыныптарға оның есімін бергені түсінікті. Өйткені əлемде мұндай тəжірибе бар. Мысалы,əлем елдерінде испандықтар Сервантес институтын құрса, немістер Гете институтын ашып отыр.

2002 жылдан бастап ҚХР-дың Білім министрлігіне қарайтын «Ханьбань» Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен əлемнің əр елінде Конфуций институттарын құру жұмысын қолға алды. 2004 жылы ҚКП ОК ХVI съезінің 4-ші пленумында ҚХР Білім министрлігі мен «Ханьбань» дайындаған «Жоба» қабылданып, шет елдерде қытай тілі мен мəдениетін насихаттау міндеті анықталды. Сонымен «Ханьбань» Конфуций институттарын құруды 2004 жылдан бастады. Бұл «Жобаны» алдымен КСРО-ның құрамынан шыққан, жаңа тəуелсіздік алған Орталық Азия мемелекеттері мен Шығыс Европа мемлекеттерінен бастауды жөн санады. Айтқандай 2004 жылдың жазында Ташкентте алғашқы эксперименттік «Конфуций институты» құрылды. Сол жылдың аяғында алғашқы «Конфуций институты» Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында ресми түрде құрылды[4]. Содан кейін əлемнің əр елінде Конфуций институттарын құру қарқынды жүргізілді.Қытайдың əлеуметтік-экономикасының жылдам дамуы мен халықаралық орны мен рөлінің артуы əлем елдерін өзіне қатты қызықтырды. Қытайды түсіну үшін оның тілі мен мəдениетін үйренуге жастардың белсенділігі арта түсті. Оның үстінеҚытай үкіметіКонфуций институты мен сыныптары орналасатын оқу орындарының кеңсе, аудиторияларын жөндеп-жаңғыртуға жұмсалатын қаражатты, оқуға қажетті техникалық жабдықтар мен оқулықтарды, оған жіберген оқытушысы мен директорларының жалақысын толығымен өздері шығарып отыруы, Конфуций институтын оқығандарға берілетін гранттар санының көбейіп отыруы, институттар мен сыныптар орналасқан ЖОО-ның ешқандай шығын шығармай-ақ оқушылардан табыс табатын факторлар, аталмыш институттар мен сыныптардың дамуына зор мүмкіндік жасады.

166

«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» ЖƏНЕ «НҰРЛЫ ЖОЛ»

«Ханьбаньның» мəліметіне жүгінсек, əлемдегі қытай тілін оқитын адамдардың саны 2004 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықта 30 миллионнан 100 миллионға өскен. «Ханьбанның» ресми сайтында 2017 жылдың 31 желтоқсаныдеп көрсетілген мəліметте, əлемнің 146 мемлекетінде 525 Конфуций институты мен 1113 Конфуций сыныптың ашылғаны айтылған [5].

Олардың əлемдегі орналасуын, төмендегі кестеден көруге болады: Əлемдегі Конфуций институттары

 

Азия

Африка

Европа

Америка

Мұхитаймағы

Барлығы

Қаншаелде

33

39

41

21

4

138

Конфуций

118

54

173

161

19

525

инст. саны

 

 

 

 

 

 

 

 

Əлемдегі Конфуций сыныптары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Азия

Африка

Европа

Америка

Мұхитаймағы

Барлығы

Қаншаелде

21

15

30

9

4

79

Конфуций

101

30

307

574

101

1113

сынып саны

 

 

 

 

 

 

ОныңішіндеКомораралдары, Мьянма, Вануату, Гренада, Лесото, Кук аралдары, Андорра, Европа одағысияқтымемлекеттерде тек қана Конфуций сыныптарыашылған.

Алайда, 2018 жылдың 29 қыркүйегінде өткен «Ашық есік күнінде» Конфуций институтының «Ханьбань» жариялаған мəлімет бойынша, бұл сандардың тағы да өскенін көреміз.Қазіргі таңда əлемнің 149 елінде 530 Конфуций институттары мен 1113 Конфуций сыныптары белсенді түрде қытай тілі мен мəдениетін оқытумен шұғылданады, оларға 46,2 мың қытайлық жəне шетелдік оқытушылар сабақ береді. Ал, қытай тілін оқып жүргендердің жалпы саны 9 млн-нан асады[6] екен.

Конфуций институттары дүниежүзіндегі елдердің қытай тілін оқуын қамтамасыз ету үшін, 170 мемлекетте 30 млн оқулық таратқан.

2004-2014 жылдар аралығында қытай тілін оқитындардың саны АҚШта 15 есеге, Германияда 10 есеге өскен. Бүгінгі күні əлемнің 48 елі қытай тілін оқытуды өздерінің ұлттық оқу-ағарту саласына енгізген. Оның ішінде АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты оқуағарту жүйесі дамыған мемлекеттер бар [7].

Ал, Қазақстанда қазіргі кезде 5 бірдей Конфуций институттары өз қызметін жүргізуде. Олар Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, Алматы қаласында Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар жəне əлем тілдері университеті, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, Қарағанды Мемлекеттік техникалық университеті жанынан ашылған Конфуций институттары.

167

«THE BELT AND ROAD INITIATIVE»

Конфуций институттары қайсы мемлекетте болмасын, олардыңіске асыратын мақсаты мен атқаратын міндеттері ұқсас. Олардың басты мақсаты - Қытайды əлем елдеріне жақсы жағынан таныстыруға, Қытаймен өзара қарымқатынастарды дамытуға, қытай мəдениеті мен құндылықтарын қабылдатуға қызмет ету. Сондықтан Конфуций институттары қытай тілі мен мəдениетін оқытумен қатар,Қытай жөнінде түрлі ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізеді, қытай тілі мен мəдениеті бойынша түрлі жарыстар, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырады, қытай тілінің деңгейін анықтайтын квалификациялық HSK емтиханын өткізеді,ытай тілі бойынша түрлі оқулықтар мен оқу құралдарын шығаруды ұйымдастырады жəне қаржыландырады,Қытайда өтетін студенттер мен қытай тілі оқытушыларына арналған түрлі стажировкалар ұйымдастырады жəне Қытайға барып оқуға ақыл-кеңестер береді [1].

Қытай өкіметі Конфуций институттарының қызметіне мемлекеттік стратегиялық саясат ретінде маңыз берген. Мысалы,2013 жылы АҚШ-тың Денвер университетінде Конфуций институты ашылғанда ҚКП ОК бас хатшысы, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин университет ректорына құттықтау хатын жолдады; 2014 жылы ақпанда Пəкістанның Файсалабад ауылшаруашылық университетінде құрылғанКонфуций институтының ашылу салтанатына ҚХР төрағасыөзі барып қатысты. Сол жылдың мамыр айында Берлин қаласында Си Цзиньпин неміс қытайтанушылары мен Германиядағы Конфуций институттарының оқытушылары жəне институт тыңдаушыларымен кездесу өткізіп, Қытай мен Германия арасындағы мəденитілдік қарым-қатынасты одан ары дамыту туралы əңгімелесті. Кездесуде Қытай басшысы «Тіл қарым-қатынастың ең маңызды кілті жəне белгілі бір елдің мəдениетінің тартымдылығы негізінен тіл арқылы жеткізіледі» деп, «Біз Конфуций институттарының рөлін бұдан да арттырып, тілдік байланыс пен ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, сонымен қатар Қытай мен Батыс мемлекеттері арасында салыстырмалы зерттеулер жүргізсек» [8] деген болатын.

Конфуций институттарының білім беру жұмысы Қытайдың сыртқы саясатын атқарумен тығыз байланыстырылған. Қытай мен Конфуций институттары орналасқан елдер арасындағы білім беру жəне мəдени алмасу саласындағы ынтымақтастық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуға, тіпті, екі ел кəсіпорындары арасында байланыстарға дəнекер болу миссиясын да қоса атқарып келеді. Олар мəдени дипломатияны өрістету арқылы қытайлық мəденипозицияны нығайтуға қызмет етіп келеді. СондықтанҚытай үкіметі Конфуций институттары мен сыныптарын барынша көп ашуға тырысып келеді.

2013 жылы ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің əкімшілік бөлімі Конфуций институттарының шетелдердегі ықпалын одан əрі нығайту мақсатында«20122020 жылға арналған Конфуций институттарын дамыту жоспарын» жасады

[9].

Конфуций институттарының атқарған жұмыстары негізін Джозеф Найдың пайымдаған«Жұмсақ күш» теориясына сай келеді. Яғни, қара күшке

168

«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» ЖƏНЕ «НҰРЛЫ ЖОЛ»

жүгінбей-ақ, басқалардың сен қалаған əрекетке баруына қол жеткізу. Тартымдылық арқылы көздеген нəтижеге жете білу. Ал мұндай нəтижеге мəдени дипломатия арқылы əлемдік қауымдастыққа тілі мен мəдениетін тарату арқылы қол жеткізеді [10]. Қытай тура осы жолмен айтарлықтай нəтижеге қол жеткізіп отыр. 2015 жылы Американың «Сыртқы саясат» журналы «Тынық мұхиты аймағындағы күштер индексінің тізімін» жариялады. Ол жерде қытай-американ қарым-қатынастарының болашағына ең көп ықпал еткен 50 тұлғаның аты аталды. Сол тізімде Конфуций институттары Штаб пəтерінің Бас директоры Сюй Линь да бар. Журналда Сюй Линь мəселесі мен кедергісі өте көп Қытайдың жұмсақ күшін дамытуды басқарып отырған адам деп сипатталған [11].

2014 жылы Конфуций институттарының құрылуының 10 жылдық мерейтойына арналған ІХ халықаралық конференциясының ашылу салтанатында қатысқан ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Яндонг «Конфуций институты күні» аясында өткен 10 жылдық мерекеде сөйлеген сөзінде: «Күн шығыста Жаңа Зеландиядан бастап, күн бататын Гавай аралдары аралығында бүкіл жер жүзінде салтанатты түрде бұл мереке тойланып жатыр. Конфуций институттары 10 жылдың ішінде қытай тілі мен мəдениетін таратуда ғана үлкен жетістіктерге жетіп қойған жоқ, сонымен қатар əлемдік кеңістікте Қытайдың ықпалын нығайта түсті»[12] деп атап көрсетті. Айтса айтқандай, бұл процесстіңəлемдік аренадағы ықпалы күшейе түсті. Бірақ бұл жағдай əлемдегі əр елдің күдік-күмəнін тудыра бастады. Өйткені мемлекеттік ресурстар арқылы қытайқұндылықтарын тықпалау бірден ұлттық құндылықтарға қарама-қарсы келді. Əсіресе батыстық құндылықтарға кереғар келді.

АлайдаҚытай өкіметі «жұмсақ күш» саясатын өнімді түрде іске асыру үшін, Конфуций институттарынəр елдің ең ірі жəне беделді жоғарғы оқу орындарында құрып, өз бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіп отыр. Сондай-ақ жастарды Қытайға баурау мақсатындашетелдіктердің Қытайдың жоғарғы оқу орындарында тегін оқуына бөлінетін гранттар санын көбейтіп келеді. Тек қытай тілі деңгейін анықтайтын HSK емтиханынан өткен жəне халықаралық «Қытай тілі көпірі» сайысының жеңімпазы болғандар, Қытайға барып бір жылдан үш жылға дейін тегін оқып келеді. Ал Қытай тілін оқытып жүргеноқушыларға арнап Қор құрды. Аталмыш Қор Қытай тілі оқытушыларына материалдық тұрғыда қолдау көрсетіп отырады.

Қытай тілі мен мəдениетін оқытумен қатар, оның кең көлемде таралуына жəне терең тамыр тартуын қамтамасыз ету үшін, Қытай үкіметі Шет елдерде Қытай мəдени орталықтарын құруда.ҚХР-дың Мəдениет министірлігі 2020 жылға дейін əлемде 50 мəдени орталықтар ашуды жоспарлап отыр.

Осындай жұмыстардың барлығы Конфуций институттарының тікелей араласуымен іске асып жатқанын ескерсек, оның Қытайдың «жұмсақ күш» саясатын жүзеге асырудағы орны мен рөлінің қытайлар үшін қаншалықты маңызды екенін көруге болады.

169

«THE BELT AND ROAD INITIATIVE»

Қытай үкіметі Конфуций институттарын мамандандыру арқылы дамытып келеді. Нақтылап айтқанда, Британдық бизнесмендер мен сарапшыларды арнайы оқыту үшін құрылған Лондон Конфуций институты, əлемдегі ең алғашқы қытай медицинасын негізгі оқу бағдарламасы ретінде оқытуға мамандандырылған Конфуций институты[13].

2014 жылы Белорус Ұлттық ғылыми-техникалық университеті жанынан құрылған Конфуций институтындаарнайы ғылым мен техника бойынша білім береді [14]. Тəжікстан тау-металлургия институты жанынан ашылған Конфуций институты,тау-кен өндірісі мен мұнай саласындағы мамандарды дайындаумен айналысады [15].

Конфуций институтының көбеюі мен қызметінің барынша кеңеюіқоғамда күмəн тудырды. Кейбіреулер олардың үгіт-насихатын сипатына талдау жасаған, Канаданың Ақпараттық агенттігінің журналисті Джим Браунский 2007 жылдың 28 мамырында жазған материалында Конфуций институттарыҚытай үкіметінің тапсырмасымен жұмыс жасайтын «ми шаятын механизм» деп бағалағаны бар.

«Globeand Mail» газетінде шыққан мақалада, авторлар Канаданың университеттері мен колледждерін Конфуций институттарымен бірлесіп жұмыс жасаудан аулағырақ болуға шақырды. Сондай-ақ олар Конфуций институттары либералды оқу-ағарту жүйесімен жанаспайды, Қытай саясатының элементтерін насихаттаумен айналысады дейді. Канадалық зерттеушілер Конфуций институттары шетелдік оқу орындарында бағытты түрде Қытай компартиясының көзқарастарын насихаттаумен айналысып отыр [16] - деп айыптайды.

Сол жылы Канаданың қауіпсіздік жəне барлау қызметі өзінің тексеріс зерттеулерін жариялады. Онда Конфуций институттары Қытайдың мемлекеттік саясатын жүргізу үшін «жұмсақ күш» қолданып отырған мекеме деп айыптады. Канаданың Брей-Брит еврей ұйымының өкілі Дэйвит Мэйтас, бұл институттар желісінің кейбір мекемелері қытай үкіметінің барлау резентурасының қызметін атқарып отыр деп мəлімдеді. Бұл туралы журналист Фабрицио де Пирребург өзінің «Осы жəне өзге де тыңшылар» деген кітабында «Конфуций институттарында қытайдың барлау қызметі жұмыс жасайды» [17] деп жазды.

Конфуций институты басшыларының біреуі Шигесато Тошиюки Конфуций институттарын «гуманитарлық тыңшылық жасайтын барлау агенттігі» деп ресми түрде ашық айтқаннан кейін, Жапонияның Осака Саньо университеті ашылғанына бір жыл ғана болған Конфуций институтын жауып тастады.

2013 жылы АҚШ та J-1 визасын заңсыз қолданған деген айыппен Конфуций институттарын жабуға кірісті. Іс жүзінде аталмыш институттарды жабудың негізгі себебі, жоғарыда айтылған мəселелер екені даусыз.

Əлеуметтанушы Стивен Мошер Американ парламентінің сыртқы істер комитетіне «Конфуций институттары: қытайлық троян аттары» деп аталатын баяндамасында, Конфуций институттары қытай мəдениеті мен тілін оқытудан гөрі ҚХР саяси мүдделері мен мемлекеттік саясатын алға

170

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]