Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

35

.pdf
Скачиваний:
6
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.52 Mб
Скачать

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АБАЙТАНУ

ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР

ХХХVІІІ том

Алматы «Қазақ университеті»

2019

ӘОЖ 821.512.122.0 КБЖ 83.3(5Қаз)

A 13

Бaспaғa əл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық университеті филология жəне əлем тілдері фaкультетінің Ғылыми кеңесі жəне Редaкциялық-бaспa кеңесі шешімімен ұсынылғaн

(№2 хaттaмa 27 қыркүйек 2019 жыл)

Əл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық университеті жaнындaғы Aбaй ғылыми-зерттеу институтындa дaйындaлғaн

ҒЫЛЫМИ-РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС

Ж. Дәдебаев (төраға), Ө. Әбдиманұлы, З. Бисенғали, Т. Есембеков, Б. Жақып, А. Жақсылықов, З. Сейітжанов,

Ә. Тарақ, А. Темірболат, Р. Тұрысбек, П. Бисенбаев (хатшылар тобының жетекшісі)

 

 

Пікір жазған

 

ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы Р.С. Сыздық

 

Жалпы редакциясын басқарған

 

филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. Дәдебаев

 

 

Баспаға дайындағандар:

 

 

Н.Н. Аитова, Б. Даутова

A 13

Абайтану. Таңдамалы еңбектер. ХХХVІІІ том. Мұратова Г.Ә.

 

Абайдың тілдік тұлғасы. Монография. – Алматы: Қазақ универ-

 

ситеті, 2019. – 346 б.

 

 

ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ)

 

ISBN 978-601-04-4400-3 (38-том)

 

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының отыз сегізінші томында

 

Г.Ә. Мұратованың «Абайдың тілдік тұлғасы» еңбегі берілді. Онда Абай дискурсының ұлттық

 

таным мен ұлттық рухты танытатын концептуалды жүйесі және прагматикалық деңгейі

 

антропоөзекті, когнитивтік лингвистика аясында талдауға түскен. Абай тілдік тұлғасын

 

ғылыми-лингвистикалық тұрғыда сараптау арқылы оның тілдік әлемінің когнитивтік

 

парадигмасы түзіліп, прагматикалық мәні ашылады. Ол үшін ұлт – тіл – мәдениет, уақыт –

 

кеңістік – адам сабақтастығы басшылыққа алынған. Тілдік тұлғаның когнитивтік деңгейі

 

тарихи-қоғамдық, әлеуметтік мазмұнға қатысты қарастырылады.

 

Еңбек ғылыми қызметкерлер мен ізденушілерге, тілшілер мен әдебиетшілерге,

 

оқытушылар мен оқушыларға, Абай тілінің байлығына терең бойлағысы келетін

 

көпшілік қауымға арналған.

 

 

Еңбек Абай институтының бағдарламасы аясында дайындалып, жарық көріп отыр.

 

Автордың редакциясымен шығарылды.

 

 

ӘОЖ 821.512.122.0

 

 

КБЖ 83.3(5Қаз)

ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ)

© Мұратова Г.Ә., 2019

ISBN 978-601-04-4400-3 (38-том)

© Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы

 

 

Абай ғылыми-зерттеу институты, 2019

 

 

2

КІРІСПЕ

Ұлттың рухани көсемі А. Байтұрсынұлы: «Абайды қазақ баласы тегіс танып білуі керек. ...Абай сөздері дүнияда қалғаны

– қазаққа зор бақ» [1, 301, 304], – дегенде абайтануды белгілі бір уақытпен, бір ұрпақ ауысуымен шектемегені белгілі.

Бүгінгі ғылыми нысанда Абай тақырыбы әр қырынан зерттелу үстінде, шешімін табуды қажет ететін мәселелер әлі де жалғасуда. Мұхтар Әуезов: «Абай кешкен өмірді, Абай қалдырған мұраны тану керек, зерттеу керек дегенді бәріміз де түсіндік.

...Тегінде Абай шығармасының аздығынан кенде боп жүргеніміз жоқ» [2, 251] – дей келе, Абай тақырыбын әрі қарай байыптай түсуге шақырады. ... «Ал Абай жәйін зерттеушілерге өзгеше бағалы, өзі соны және үлкен ғылымдық, тарихтық қасиеті зор бір алуан істер бар. Енді бір кезек көңіл бөлгенде соған бөлсек екен.

Ол – Абайдың дәуірін танытар мағлұматтар. Бұған үлкен де, ұсақ та нәрселер кіреді. Бірақ бәрі-бәрі де Абай өлеңдерінің ішіндегі көп-көп өзгеше жолдардың сырын, нәрін, мәні-жөнін танытады» [2, 252-253].

Ұлы Әуезов нұсқаған бағдарды біз Абай шығармалары тілінің қоғамдық-әлеуметтік астарын зерттеу қажеттілігі-

мен байланыстырамыз. Әрбір тілдік тұлға – қоғамдық ортаның да тұлғасы. Оның әлеуметтік мәртебесі Тіл – құрал, Тіл – қаруды қандай мақсатта, қалай қолданатынына байланысты анықталады. Сол себепті де «Тіл – қоғамдық құбылыс, қоғамдағы ойды таныту құралы, әлеуметтік таңба», – деген қағиданы басшылыққа аламыз. («Өзгеше жолдардың сырын» (М. Әуезов) ақтару үшін біз осы зерттеуімізде «әлеуметтік-қоғамдық саяси» сипат иеленген Сөздер мәнін танытуды мақсат тұтқанымызды алдын ала ескертеміз).

...М. Әуезов нұсқаған «Абай дәуірін танытар мағлұматтар», «заман машығын көрсететін көп жаңалықтар», «ұсақ белгілерден алынған талай бағалы дүниелер» басты зерттеу нысанамызға айналды.

«Алысты болжаған терең ойдың, үлкен сарынның ақыны Абай алды-артын шолып, қазақ халқының жалғыз әдебиеті емес, бүкіл рухани мәдениетінің келешегіне жөн сілтегені» [3, 112] оның тілдік тұлғасы арқылы анық байқалады. Сонымен

3

қатар, қазақ көркем сөзін зерделеуде үнемі тың, соны бағытқа бағдар сілтейтін белгілі абайтанушы ғалым Р.Сыздықованың мына пікір-ұстанымы зерттеуіміздің негізгі мақсатына сай ескерілген ұстаным болды. Ғалым «Абайдың сөз өрнегі» еңбегінде: «Абайдың әрбір қолданысын, сөзін, сөз тіркесін, сөйлемін, өлең құрылымын, ұйқасын, ырғағын т.т. жеке-жеке талдасақ, көп нәрсені көрер едік, поэтикалық тілге қатысты бірқатар теориялық мәселелерге барар едік. Әрине, бұл бірер зерттеудің, бірер зерттеушінің жүгі емес. Және мұндай талдаулардың қыры да (ғылыми аспектісі) әр алуан болмаққа керек. Сондықтан ұлы Абай қалдырған тіл жұмсау, тіл өрнегін салу үлгісін (тәжірибесін) талдап-таныту – әрі қарай жүргізіле беретін, ғылымның арнайы бір тармағына айналатын жұмыс деп ойлаймыз» [4, 500], – деген еді.

Ғалымның осы зерттеушілік пайымы мен болашаққа бағдары Абай танымының (танудың ғана емес) тереңдігіне нұсқаған интеллектуалды өлшем болса керек. Сондай-ақ, бұл – абайтану ғылымы толассыз жүргізіле беретін зерттеме, тұңғиғына тарта беретін шеберлік иірімі болып отырғандығымен және байланысты. Абай сынды ақыл-ой Әлемінің және Сөз құдыретін танытушы Тұлғаның деңгейін зерттеп тауысу, толық тану мүмкін еместігіне Абай мұраларының тереңдігі дәлел бола алады. Жеткен жеріңнен жаңа бір таным биігі басталатын білімнің асқар шыңы болуы – Абай Сөзінің құдіреті мен өміршеңдігінің бір белгісі. Сонымен қатар, ұлы ойшыл Абай мұрасын планетарлық ақыл-ой құндылығы деңгейінде парасаттай алумен де байланысты.

Абай мұрасын тілтану тұрғысынан зерттеудің классигі – академик Рәбиға Сыздықтың Абайтану ғылымына қосқан үлесі орасан зор. Абайдың тілдік әлемін терең де, толымды, ғылыми биік өреде зерделеген ғалым еңбектері – қазақ ғылымының, абайтанудың үлкен олжасы екені мәлім. Осы іргелі зерттеуді әрі қарай өз деңгейінде жалғастыру – аса үлкен жауапкершілікті талап етері сөзсіз. Тілдік талдаудағы (оның ішінде Абай тілін танудағы) аксиоманы басқа қырынан тағы бір дәлелдеу мақсаты

– бүгінгі тіл мамандарының алдында тұрған іргелі міндет. «Қазақтың бас ақыны – Абайдың» (А. Байтұрсынұлы) ақын

ретіндегі суреткерлік шеберлігі мен ой-таным әлемін өзге

4

қырынан тағы бір саралау үшін қазіргі тіл білімі парадигмасының ұстындарына сүйенеміз. Ол үшін ұлт – тіл – мәдениет, уақыт – кеңістік – адам сабақтастығы басшылыққа алынады.

Хакім Абай – қоғамдық, тарихи прецедент, аты да, ақылойы да ұлттық брендке айналған рухани Тұлға, сондықтан Тілдік тұлғаның когнитивтік деңгейі тарихи-қоғамдық, әлеуметтік мазмұнға қатысты қарастырылады. Абайдың тілдік әлемі мен ол өмір сүрген қоғам жеке-дара бөлшектеніп емес, адам → қоғам → адам – қоғамдық тұлға бірлігінде сараланған.

Біз Абай шығармаларын әдеби зерттеулер бағытында қарастырмаймыз. Басты мақсатымыз – тілдік тұлғаның (ақынның) рухани-танымдық және көркем-эстетикалық әлемін тілдік, лингвистикалық тұрғыда зерттеу.

Қазақ тілінің лингвоконцептілік байлығы Абайдың тілдік тұлғасы арқылы жан-жақты ашылатындығы дәлелденеді. Қазіргі тілтанымның өзегі – адам, зерттеу тақырыбының аясы – когнитологиялық, этнолингвопсихологиялық ізденістер болып табылады, ал Абай тілдік тұлғасы оған барлық өлшемдерімен толық сай келеді. Соған сәйкес, Абай дискурсының ұлттық таным мен ұлттық рухты танытатын концептуалды жүйесі және прагматикалық деңгейі прагмастилистикалық, когнитивтік лингвистика аясында талдауға түскен. Дүниенің тілдік бейнесін ұлттық сипатына қатысты қарастырсақ, ол Абай көзімен көрініп, Абай түсінігімен астасып жатқан концептілік құрылымдардың ұлттық мәдени мәні арқылы айқындалған.

Бүгінгі таңдағы лингвистика ғылымының даму үрдісін айқындайтын маңызды принциптерінің бірі – тілдің мәнін антропоөзектік бағытта танып білу. Бұл ұстаным адам табиғатының мәнін кешенді, жан-жақты зерделеуге міндеттейді. «Тілдегі

адам немесе адамдағы – тіл» туралы сөз ету дегеніміз – мәдениет, халық, социум, тіпті бүкіл әлем туралы пайымдау екені ақиқат.

Тілдік тұлға мәселесі тілдік, экстралингвистикалық (тарихи, мәдени, әлеуметтік, психологиялық) факторлармен сабақтаса, кешенді түрде талданады. Абай туындыларының Шығыс және Батыс даналықтарымен сабақтастығы: Абай – Қабуснама, Абай

Сократ, Абай – Монтень үндестігі – жалпы адамзаттық дүниетаныммен өзектесе қарастырылды. Абай шығармалары

5

мәтіні – ұлт мәдениетінен құнды ақпарат жеткізетін мәтіндік деңгейден мәдениет феномені деңгейіне көтерілген семиотикалық тілдік таңба, – екендігі дәйектеледі.

Сөз зергері Абай – қазақ тілінің стильдік, жанрлық мүмкіндігін пайдаланып, қазақ әдебиетінде жаңа эссе жанрын қалыптастырады. Зерттеп, зерделеу барысында Абай Қарасөздерінің жанрын – эссе деп анықтадық. Эссе жанрының белгілері Қарасөзге толық сәйкес келеді. Соған сәйкес, Абай қазақ әдебиетін-

дегі эссе жанрының негізін қалаушы деп бағалаймыз.

Эссе жанрының күрделі табиғатын, ғылыми теориялық мәселелерін анықтауға байланысты зерттеулер әлі де тереңдетуді қажет етеді. Яғни Қарасөздер жанрын «эссе» деп айқындау үшін: 1) сол эссенің өзіне тән белгілері қандай; 2) ол Қара-сөз- дерде қаншалықты байқалады? деген сұрақтарға жауап берілді.

Эссе – «жанрдан тыс», «жанрдан жоғары» жанр. Оны мазмұнына қарай алғанда энциклопедиялық шығарма деуге әбден лайық. Эссенің табиғатынан өз алдына жеке-жеке, дербес функционалды жанрға айналған барлық стильдің реңкі табылады. Ерекше әдеби жанр ретіндегі эссе мәселесі күрделі әрі шешімін таба қойған жоқ. Терминдік бірізділік болмауы бұл жанрдың тым күрделілігіне байланысты болуы керек десек те, нақты бір ұстаным, функционалды айырмашылығы ажыратыла көрсетілуі тиіс. Олай болмаған жағдайда жолжазба мақалалардан бастап, әдеби манифестке дейінгі аралықтағы шығармалар эссе деп атала беретіні жиі кездеседі, бұл тіпті, күнде мектеп оқушысының деңгейінде жазылған жазбаша ой қорытуды эссе деп бағалаудың өзі эссенің классикалық мәртебесіне сай еместігі белгілі. Біз өз талдауымызда эссені әлем әдебиетіндегі сөз өнерінің биігі деңгейінде қарастырамыз.

Абай қазақ шешендік өнерін дамытып, афористік үлгіні бекіте түсті: Дәуір келбетін, қоғам шындығын дәл беру үшін өз шығармалары арқылы афористік қысқа түйін түйеді, «кестелі сөзден, келісімді ойдан» (М. Әуезов) құралған Сөз-қаруын жұмсайды.

Ежелгі рим тарихшысы Тацит (Публий Корнелий): «Адам ағзасы мен мемлекет ағзасы ұқсас, оларды емдеу жолы да ұқсас: айырмашылық: бірінші жағдайда (адамды) дәрімен емдесе, екінші жағдайда (мемлекетті) мораль арқылы сауықтыру көзделеді»,

6

– деген. Осы ақиқат Абай дискурсындағы Қарасөздері мен өзіндік жеке танымындағы нақыл сөздер, афоризмдер табиғаты арқылы дәйектеліп, тілдік тұлғаның көркемдік әлемімен және ақын өмір сүрген тарихи кезеңдегі тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметімен бір контексте алынған.

Әрбір тілдік тұлға – өз ұлттық мәдениетімен қаруланған ақпарат көзі. Сондықтан оның болмысы ұлттық мәдениет ерекшеліктерін қаншалықты «сіңіргенінен» (түйсіне қабылдағанынан) көрінеді. Абай тілдік тұлғасы ұлттық санада қабылдай алу;

ұлттық дәрежеде ойлау; ұлттық жүйеде ой қорыту қабілетін меңгеріп, соның нәтижесінде жинақталған мәдени ұғымтүсінігін дүниенің ұлттық тілдік бейнесінде ұсына алды.

Жаһандануға байланысты жаңғырып жатқан қоғамдық сананы ұлттық мәдениетпен қаруландыруда Абай сынды ойшылдың ой-пікірін, ой-толғамын сана сүзгісінен қайта-қайта өткізіп отыру – ұлт пен ұрпақтың кемелденіп толысуы, тәрбие тінінің берік болуы үшін өте-мөте қажет.

Абайдың ойы, даналығы – әркез өміршең, әркез қажет. Зерттеуіміздің ендігі мақсаты – Абайтануды заманауи тұрғыда жаңаша қырынан, жаңа ракурста дамытуға бағытталады және заманауи білім берумен ұштастыру көзделеді.

7

1-тарау

АБАЙ ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ЖАҢА БАҒЫТТАРМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ

1.1 Қазіргі лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесі

Қазіргі тіл білімінің теориялық зерттеу парадигмасының антропоцентристік басты ұстанымы – тілдің диалектілік бірліктегі маңызды екі қызметі: когнитивтік және коммуникативтік қызметтерін нақтылап, мән-мазмұнын айқындай отырып, тіл білімін заман талабына сай жаңа сапалы деңгейге көтеру [5, 131].

Антропоцентристік бағдар бойынша, функционалды қолданыстағы орны мен әлеуметтік ортасы, тарих пен мәдениет сабақтастығы жалпы ұлттық дүниетаным қағидаларының барлығы

– тіл иесі Адаммен тікелей байланыста қаралады. Адам өзін қоршаған шындық болмысты жете тану үшін өзінің ұлттық таным көкжиегіне нақты бір кеңістік пен уақыт өресінен көз салғанда ғана дүние суреті толыққанды ұғынылатыны мәлім.

Тіл – адамның күрделі таным әрекетінің нәтижесі, соған сәйкес, халық пен оның өкілі болып табылатын шығармашылық тұлға әрекетінің көрсеткіші, мәдени код қалыптасуының факторы, өйткені антропоцентристік бағытқа сәйкес тұлға әрекетінің әлеуметтік, ұлттық жағы үнемі назарда болады.

Жаңа парадигма тілді зерттеудің жаңа ұғым-түсініктері мен әдіснамасын талап ететіні белгілі. Антропоцентристік парадигманың қалыптасуы лингвистикалық мәселелердің ауанын Адамға, оның мәдени-таным кеңістігіндегі алатын орнына қарай бұр-

ды. Бұл парадигма адамды басты орынға қоя отырып, тілді оның құрамдас маңызды бір бөлшегі деп санады.

Білімнің ғылыми парадигмасының ауысу процесінде көрініс берген тілдік фактілер жаңаша көзқарас тұрғысынан саралану керектігі белгілі.

Сондықтан да, көркем мәтінді жаңа ғылыми парадигма бағытында қарастыру мен талдау қазақ тілі стилистикасының көкейкесті мәселесіне айналып келеді. Соның бірі – тіл фактісін

8

зерттеудегі маңызды антропоцентристік бағытпен, тілдегі адам мәселесімен, оның тіл арқылы таңбалануымен тікелей байланысты, яғни ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы тіл білімінің бір жетістігі – «мәтін түзуші адамды антропоцентристік бағыт өзегіне айналдырумен байланысты» [6, 6] қарастырылу керек деп есептейміз.

Соңғы онжылдықтар ішінде антропологиялық лингвистика аясында «Тілдік тұлға» ілімі қалыптаса бастады. Сөйтіп, «Лингвистикалық персонология» деп те аталатын жаңа ғылыми пән антропология бағытындағы негізгі, орталық орынды иеленді.

Тілдік тұлға категориясы алғаш рет неміс ғалымы И.Л. Вайсбергер [7] зерттеуінен бастау алып, И.А.Бодуэн де Куртэне [8], Л.П. Якубинский [9], А.А. Потебня [10], М.М. Бахтин [11], В.В. Виноградов [12] зерттеулері арқылы ғылыми өрісін айқындай түсті. В.В.Виноградов Тілдік тұлғаны автор бейнесі мен кейіпкер бейнесі арқылы тануға болатын екі бағытты нұсқағаны белгілі. Бірақ ХХ ғасырда В.В.Виноградов еңбегінде негізделген «автор бейнесі» мәселесі В.фон Гумбольдт көтерген «адамның тілдік қылығы» мәселесін жан-жақты шеше алмады, дегенмен көркем әдебиет тілін зерттеуді барынша тереңдетуге үлкен ықпал еткеніі белгілі. Осы күндері бұл мәселе – тіл біліміндегі басқа екінші бір мәселені – тілде берілген және тіл арқылы берілген тілдік тұлға мәселесін зерттеумен байланысты ерекше көкейкесті болып отыр және көркем әдебиеттегі «автор бейнесі» мен кейіпкерді сомдауға байланысты жаңа қырынан ашыла түсуде.

«Тілдік тұлға – сөз әрекетіндегі қабілет дәрежесіне қарай бағаланатын тілді жеткізуші, тіл иесі; тілдік тұлға, ең алдымен, индивидтің психофизикалық қасиеттерінің жиынтығынан тұрады; ол – сөз мәтінін тудыруға және қабылдауға ықпал ететін сөздің тілдік тұлғасы; ол – тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланушы адамның вербальды әрекеті ерекшелігінің жиынтығын білдіретін коммуникативтік тұлға» [13] деп бағаланады.

«Форма мен мазмұн бірлігінен поэтикалық образ сомдалып, шығармашылық құпия сыр ашылады» деген А. Потебняның пікірі тілдік тұлға ілімін негіздесе, Сөз (речь) құзіретін иеленуші «тілдік тұлға» ілімі орыс антропологиялық филологиясы озық дәстүрінің шығармашылық даму нәтижесі деп те айтуға болады.

9

Оның қайнар көзі: А.А. Потебняның: «Тіл – адамның танымдық және шығармашылық қызметінің ерекше формасы» – деген тұжырымдамасынан, А.Ф.Лосьевтің филология мен философия синтезін ғылыми танымның негізі ретінде басшылыққа алған лингвоцентристік философиясынан және М.М. Бахтиннің тілдік-философиялық идеясынан бастау алған [11, 14].

80-90 жылдары орыс тіл білімінде қалыптаса бастаған Тілдік тұлға теориясы антропоцентристік тіл білімі аясындағы басты бағыттың бірі болып саналады. «Бұл бағыттың қалыптасуына түрткі болған жағдайдың бірі, – деп көрсетеді А.А. Ворожбитова – тілдегі тұлғалық бастаудың (личностная начало) маңызды басымдылығын түсінумен және оған жете мән берумен тікелей байланысты» [14, 14].

Кейінгі зерттеулерге шолу жасағанда бұл теорияның сан алуан қыры мен түрлі аспектілері орыс ғалымдары Г.И. Богиннің, Ю.Н. Карауловтың, И.Я. Чернухинаның т.б. еңбектерінде [15, 16, 17], сондай-ақ «Язык и личность» атты ұжымдық монографияда ғылыми зерттеу нысанына айналғаны байқалады. Лингвистика ғылымының қазіргі даму барысын айқындайтын негізгі қағидаттарының бастысы – антропоцентристік бағыт: «Тіл – бірегей адамға, тек адамға ғана тән қабілет, әлемді бейнелеу құралы» дегенге ой екпінін түсіре отырып, зерттеу тәсілі жаңа арнаға бұрылуда, сондықтан, адам болмысын тану үшін, «тілдің өзі сөйлеу керек», тілге баса мән берілуі керек (М. Хайдеггер).

Қоғамдық құбылыс – тіл мәселесінің тіл-тілге ортақ, тіпті онымен үйлесетін тұстары да болатыны белгілі. Тілдегі және мәтін шеңберіндегі Тұлға мәселесін және тілдік тұлғаның тілді меңгеру заңдылығын айқындау бүгінгі таңда отандық және шетелдік ғалымдар зерттеуіндегі басымдық иеленген міндеттер қатарына жатады.

Ғылымды гуманизациялау (ғылымды ізгілендіру) тілшілер қауымының алдына тілдік қатысымдағы адам факторының табиғаты мен рөлін анықтау міндетін де қойды. Тілдің антропоцентристік бағыттағы танымдық қырлары зерттеу нысанына барынша белсенді айналып келеді әрі жаңа, сапалы зерттеу еңбектерімен толығу үстінде. Антропологиялық лингвистика ілімі бойынша, болмыстың мәнін анықтаудың, шынайы дүние

10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]