Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

35

.pdf
Скачиваний:
6
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.52 Mб
Скачать

баса мән береді; 2) Абайдай сөз зергері фольклордан сусындап қана қойған жоқ, оны бойына сіңіріп, ағартушылық-демократ- тық тұрғыдан бағалайды; 3) Қарасөздерінде фольклорды тари- хи-әлеуметтік ауқымда қарастырады;

Зерттеуші С. Қасқабасов: Абай поэзиясы мен халық ауыз әдебиетінің көркемдік кестесі арасында көптеген үндестік, сарындастық барына назар аудартады. Ақын поэзиясының ұлттық көркемдік дәстүрмен тығыз байланыстылығын көрсетеді: Зерттеушілік бағдар сілтеп қана қоймай, осы тұрғыдағы талдаудың нақты үлгісін көрсетіп береді.

Атап айтқанда, һакім Абай фольклорды тарихи фактілердің бірі ретінде қарап, қазақ этногенезін негіздеумен байланыстырады: Ол үшін «Біраз сөз – қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» мақаласын дәлелге алады. Одан әрі фольклор танушы ғалым Абайдай сөз ұстасы өз Қарасөзінде де фольклор жанрының бірқатар түрін пайдаланғанына нақты мысалдар келтіреді: ертегі (17-Сөзде); антикалық мисал (27-Сөзде), аңыз (41-Сөзде) және 30 астам түрлі мақал-мәтел қолданғанын көрсетеді. Сон- дай-ақ, Абай тілдік тұлғасындағы мақал-мәтелдердің қолданылу уәжін анықтайды [46, 30].

Абай тілдік тұлғасындағы мақал-мәтелдердің прагматикалық қызметі мен өзіндік сипаты ерекше көңіл аударарлық. Мақал-мәтелдер – тілдің кумулятивтік қызметі арқылы танылатын, бүкілхалықтың рухани әлемі сіңірілген тілдік құбылыс.

Мақал-мәтел мазмұны этнос тарихымен тығыз байланысты. Тіпті сонау көне дәуір ескерткіштері тілі мен М. Қашқари «Ұлғатының» өзегінде ел мен жер жайлы, халық пен қоғам тарихынан сыр тарқатар мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Абай тілдік тұлғасындағы мақал-мәтелдердің тілдік-танымдық мәнін, прагматикалық қызметін анықтау арқылы қазақ тіл өнерінде көркем сөздің алатын орнын сараптай аламыз. Тілдік қордағы әрбір мақал-мәтел мағынасының қалыптасу және даму заңдылығы болатындығына Абай дискурсы арқылы тағы бір көз жеткізе аламыз. Ақын шығармалары тіліндегі мақал-мәтелдердің табиғаты мен этнолингвистикалық сипатын анықтай отырып, тілдік тұлғаның өзіндік ерекшелігін де айқындауға мүмкіндік аламыз.

Қоғам тарихындағы өзгерістердің тілдік факторға тигізетін ықпалы, оның тілдік тұлғасы мазмұнынан айқын сезіледі. Біз-

61

діңше, Абай өз қолданысында ішкі формасы ұлттық белгі, ұлттық болмыспен уәжделген мақал-мәтелдерден гөрі жалпы адамзатқа ортақ әлеуметтік-философиялық мәселелерді қозғайтын паремияларға жиі сүйенген, сондықтан ақын шығармаларындағы мақал-мәтелдер ұлттық мәдени мазмұн иеленуіне қарай емес, олардың қалыптасуына қоғамдық факторлардың қатыстығына қарай талданды және соған сәйкес прагматикалық қызметі анықталады. Абай дискурсындағы дүниенің паремиологиялық бейнесінің концептілік аясы «Адам» концептісінің өрісімен анықталады. Адам мен қоғам, адам мен өмір-тіршілік, адам мен болмыс арақатынасын көрсететін мақал-мәтелдер мазмұнын әрі қарай тақырыптық топтарға бөлшектемей, жалпы «адам» концептісі аясына топтастырғанды жөн көрдік, өйткені адам болмысын ашатын сипат-белгілердің қайсы болсын мақалмәтелдердің негізгі өзегі болып табылады.

Абай шығармаларындағы паремиялардың тілдік-танымдық мәнін нақтылау арқылы халықтың көркем ойлауын, таным көкжиегін және қоғамдық құбылыстар мазмұнын пайымдауға мүмкіндік аламыз. Ал олар танымдық-прагматикалық тұрғыдағы өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Ол ерекшеліктер мазмұны мақал-мәтелдің семантикалық құрылымына, мән-мәтіндік мағынасына, оның қалыптасуындағы экстралингвистикалық факторларға және қолдану сипаты мен прагматикалық қызметіне байланысты анықталмақ. Абай дискурсының ерекшелігіне байланысты онда қолданған әр мақалдың логикалық табиғатына айрықша көңіл бөліну керек деп есептейміз.

Абай тілдік тұлғасының алғашқы нөлдік деңгейін анықтау барысында мақал-мәтелдердің рөліне баса назар аудардық, өйткені тілдің паремиологиялық қоры – ұлттың таным деңгейінің көрсеткіші, ал соған сәйкес, ұлттың таным деңгейінің тереңдігін сезінген тілдік тұлға өресі де көрсетілуі тиіс деп есептейміз. Мақал-мәтелдер астарында тасаланған когнитивтік, концептуалды мазмұнды игеруде тілдік тұлғаның аялық білім қоры қандай деңгейде? Әдетте, сөйлеу жағдаятына қарай тілдік бірліктер түрлі прагматикалық қызметке түседі. Автор тіліндегі мақалмәтелдердің прагматикалық қызметі арқылы оның қолданудың мақсаты мен міндеті туындайтыны белгілі.

Сонда мақал-мәтелдердің прагматикалық қызметі былайша жіктеледі:

62

Абай мақал-мәтелдерді халық сөзінің мәйегі, ұлттық рухының көрсеткіші деп бағалап, өз шығармаларының өзегіне алды: 1) мақал-мәтелдерді тұжырымды ой қорытындысы ретінде өз ойын бекіту үшін қолданды; 2) мәтелдердің негізгі сипаты дүние-құбылысқа баға берумен ерекшеленгендіктен прагматикалық қызметі бағалауыштық қасиетімен сабақтаса келіп, өмір құбылысына тікелей де жанама түрде де өз бағасын беріп жатады (Абай осы бағалауыштық қызметке өз мақсатына сай жиі жүгінген және адам мен қоғам мінезіне берген бағасын ма- қал-мәтел мазмұны арқылы нақтылайды); 3) мақал-мәтелдерді тәрбие құралының көзі ретінде пайдаланады; 4) мақал-мәтел- дердің мазмұн-мәнін дұрыс пайымдауға үндеп, таным объектісі ретінде бағалайды.

Әдетте, паремия құбылысы (мақал-мәтелдер) өмірдегі нақты ситуацияларға байланысты туындап, дүниенің тілдік суретін таңбалауға қызмет етеді. Оның нәтижесі, яғни дүниенің тілдік бейнесі өзіне қатысты нысанмен тығыз объектілік байланыста келіп, шындық болмысты дәл бейнелейді.

Абайдың тілдік тұлғасында кейбір паремиялар мәні осылайша нақтылана түссе, кейбір мақалдар мағынасына үзілді-кесілді қарсылық танытады. Жиырма тоғызыншы Сөз: «Қалауын тап-

са, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермесі жоқ» деген ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп қорлықпен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой», – дейді.

Жоғарыдағы концептуалды бірліктер мазмұнын жете түсіну үшін, оның астарына үңілу керек сияқты. «Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермесі жоқ» – дегенде халық қандай негізге сүйенген? Әрине, осы тәрізді құрылымдар мазмұны мәнмәтінге басыбайлы бағынышты емес. Дүниенің паремиологиялық бейнесі арқылы өз ой-түйінін тұжырымдаған халық оның мазмұнына мол ақпарат сыйғыза алған. Сөз астарында жасырынған, тұспалданған ой – «Әр нәрсенің қыбын тауып, істің ыңғайын келтір». Қалауын тапса қар жана ма? Оны қалай табу керек? Болмасты болдыру қолдан келер ме еді? – деп ұрпағының намысын жанып, қайратын шыңдау үшін осы тәріздес «абсурд» мәндегі қолданыстарды

63

орынды деп тапқан болар. Логикалық нормадан осылайша мақсатты түрде ауытқуды ғылыми танымда «прагматикалық ауытқу» деп белгілейді. Ал бұндай жанама сипаттағы мақалдарға түсінік берудің Абайдағы уәж-себебі өзгеше.

Абай сөйлем мазмұнынан екі ұштылықтан сақтандырып, оның мағынасын үстірт қабылдаудан қауіптенеді. «Ойға олақ, шаруаға салақ» кейбір жастың шабан қимылдайтын мінезін жақсы білетін ақын (өзі Қарасөзінде айтқандай) «сұрауын табамын, қалауын табамын» деп қорлықпен өмір өткізбей, уақытты ұтымды пайдалануға міндеттейді. Сөйтіп сөз мағынасын тура қабылдағандай (түсінгендей) әсер қалдырады. «Тыңдаушымды ұғымсыз ғып берген» деп өзі айтқандай, сөзді «құлағымен ғана қабылдаудан, сөздің сырттай, үстірт қабылдануынан сақтандырады.

Абайдың тілдік тұлғасы «Бесінші», «Жиырма тоғызыншы» Сөздің мәтін құрылымында кездесетін жоғарыдағы мақалдар арқылы адам мінезі мен сүйкімсіз қылығын әжуалайды, қоғамдағы құбылысқа сын көзбен қарайды, оларға «Улы сия, ащы тілін» жұмсайды. Жеті бірдей мақалды сынға алған «Жиырма тоғызыншы Сөзінде»: «Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар», – деп бағалайды.

Логикалық ой екпіні түсетін сөздердің тағылымдық-тәлім- дік құндылығы басым болады. Ұрпағын ұлағатқа тәрбиелейтін халық «Жаман бол!» деп айтпайтыны ақиқат. Олай болса, Абай сынға алған «Атың шықпаса, жер өрте», «Қарның ашса қаралы үйге шап», «Ата-анадан мал тәтті» дегендерді қалай қабылдаймыз. Халық бұнымен не айтпақ болды? Немесе «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Малдының беті – жарық, малсыздың беті шарық», «Берген перде бұзады», «Жарлы болсаң, арлы болма», «Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», «Ісі білмес, кісі білер», «Ісіңнен түзулігінен жетпессің, кісінің амалшы, айлалығынан жетерсің», – деген ой қорытудың мәнісі қалай, бұл пікірге қалай келген?

Қазақ әдеби тілінің қалыптасуына ықпал еткен, қазақ сөзі арқылы Тілдік тұлғаның классикалық үлгісін көрсеткен Абайдай сөз ұстасы әр сөзге сыншылдықпен қарайды. Оған қоса, демократтық, гуманистік көзқарастағы қайраткер, әр мақалды

64

әлеуметтік және адамгершілік маңызына қарай талдап, тәрбие құралы ретінде пайдаланады: сөйлеу тілінде адресат факторы міндетті түрде ескеріліп отыруы тиісті. Кісілік қасиетке лайықтысын қолдап, ал ізгілікке, тәрбиеге қайшы келетінінен безуге шақырады.

Көркем сөздің қуатын сезінген талғампаз ақын әр сөздің астарына үңіліп, көркемдік табиғатына көңіл бөліп қана қоймайды, әр мақалды әлеуметтік тұрғыда бағалап, оның халықтық дүниетаныммен үйлес келуіне баса мән береді. Сөйтіп, Абай сөйлемдегі екіұштылықтан сақтандыруды немесе сөздің сыртқы формасына ғана көңіл бөліп, ішкі мазмұнына мән бермеуден сақтандыруды басты мақсат етіп қояды.

Автор бір қарағанда, мақалдың дұрыс қолданбағанын көрсеткендей болса да, ойын әрі қарай тарата отырып, оның басқа бір мәнісі болуы ықтимал деп қарайтын сияқты. Мысалы, «Жарлы болсаң, арлы болма» мақалы туралы «Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын» – деп оның дұрыс айтылмағанына сын тағады. Алайда осы «арлы болма!» деген сөздің (ойдың) өзге жағдайға байланысты айтылуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. «Егер онысы (арлы болма дегені – Г.М.) жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, – ол ар кететұғын іс емес» дейді... Сөйтіп, бұл сөзді Абайдың өзі «ақтап» алады, яғни «Жанын қарманып, біреуден тіленбей мал іздеуге» (Абай) ұялудың, арланудың керегі жоқ» деген ой астарын оңай аңғаруға болады. Абай «Қазақтың мақалына қарап отырып, қазақтың тарихын қарастырады, өз кезіндегі қазақтың дүниеге көзқарасын білуге мақалды кілт қылғысы келгені – бәрі халық әдебиеті мұрасын қалай пайдалану жолын түсінгенін көрсетеді. Ол ескі мұраны талғамай ала беретін адам емес...», – деген Қ. Жұбанов [36, 232].

Түзету енгізген, яғни дұрыс түсінуге мегзеген келесі бір мақал – «Өнер алды – бірлік, ырыс – алды тірлік». «Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді... Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес», – дей келіп, ойдың дұрыс бағытын көрсетеді. Яғни «қазақтың ойлағанындай, бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ емес», – деп қорытады. Егер бірлік мәні теріс ұғынылса, қазақта ақыл қосатын ынтымақ болмаса, олар дүние үшін ғана бірігіп, сонысын

65

бірлік деп тапса – антұрғандықтың басы осы. «Мұның қай жерінен бірлік шықты», – деп оның мәнін дұрыс пайымдауға шақырады.

Алтыншы Сөз былай басталады: «Ырыс алды – тірлік», – дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар». Тілдік тұлға осы мәнмәтіндегі дүниені қабылдау мен таным процесінен алынуға тиісті ақпаратты басқаша жеткізіп (пайымдап) отыр. Негізгі концептуалды мағына контекске бағынышты емес, тіл тұтынушы оны басқа дискурсқа сілтеме жасау арқылы нақтылай түседі. Дәлелдей түссек, дүниенің паремиологиялық бейнесі арқылы кез келген тіршілік иесі, қандай да бір тірлік туралы ой қозғап отырған жоқ. Мәнмәтінде берілгендей, ...»Ол айтқан тірілік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады» болып айқындалады. Нәтижесінде, Ырыс алды – тірлік концептуалды құрылымының мазмұны оны құраушы компоненттермен тікелей байланысып тұр дей алмаймыз, яғни «тірлік итте де бар», ендеше адамның «көкірегі мен көңілі тірі болса, ырыс алды сол болмақ». Автор өз ойын әрі қарай сабақтай түседі: «Сыртың – пысық, ішің – нас, / Артын ойлап ұялмас, болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық» (Алтыншы Сөз).

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, мақал-мәтелдерді тек семантикалық деңгейімен ғана өлшеу – олардың прагматикалық мәнін тану үшін жеткіліксіз әрі логикалық тұрғыда толымсыз болар еді. Бұл «тілдің табиғатын сол тілдің өзінің ішкі заңдылықтары арқылы танып білу – жетімсіз» [16, 37] деген идеяның дұрыстығын тағы бір дәлелдейтіндей.

Абай Қарасөздерінде «татулық», «бірлік», «ынтымақ» сияқты ұлт болып ұйысу үшін қажетті басты-басты концептуалды ұғымдар бірқатар паремиологиялық бейнелерге арқау болған. Семантикалық құрылымы, яғни лингводидактикалық мазмұны ұлттық идеяны таңбалайтын тілдік модельдер «Отыз тоғызыншы Сөзде» мол кездеседі. Олар – «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді», «Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер» сияқты концептуалды құрылымдар болып табылады. Абай нұсқағандай, «арлылық, намыстылық, табандылықпен келетін», «бұрынғы ата-бабаларымыздан қалған бұл мінезден айрылдық». «Ендігілердің достығы – бейіл емес,

66

алдау, дұшпандығы – кейіс емес, не күндестік, не тыныш отыра алмағандық». Терең афористік үлгідегі бұл Сөздер – сол Абай өмір сүріп отырған заманға сай жасалған тұжырым. Ұлт мүддесін ойлаған ақынның мақал арқылы бекіткен танымы, яғни дүниенің тілдік бейнесі.

Этнолингвистикалық зерттеулер «тілдің ішкі формасын» (В. Гумбольдт) зерттеумен шұғылданып келді, ол ізденіс кейіннен тіл мен мәдениет арақатынасын сараптаумен тереңдей түскені белгілі. Бұлар өзара тығыз байланысты бағыттар бола тұрып, зерттеу мақсатынасәйкес біреуібасымдықиеленетініжиібайқалады.

Абай дискурсындағы мақалдар семантикасынан сондай экстралингвистикалық уәжді айқын аңғарамыз. Мысалы, «Қазақ мақалдарының ішіндегі не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтыны» – «Бесінші Сөздегі», «Қарның ашса, қаралы үйге шап» – деген мақал. Осы мақал семантикасының қалыптасу уәжіне басқа бір қырынан келу керек сияқты. Бұндағы тілдік таңбаның контекстік мағынасы құрам компоненттерінің ішкі мағынасынан шығып тұрмаған сияқты. Мәнмәтіндік ауыспалы мағына «қарын ашқан – қайғы емес, қара жұтқан – қайғы, яғни Қайғының үлкені – қаралы үйде, соны көр» – деген астарлы мән бар. Өйткені «Қайғысыз қара суға семіреді» деп сабырлық танытқан халықтың ашыққанды қаралы үй арқылы тойындыруы ақылға сыйымсыз емес пе? Екіншіден, қарның ашқан мезетте, қаралы үй қайдан «дайын» тұрады? Дайын болмаса, іздеп тауып алу керек пе? Қалай болғанда да, не адамгершілікке, не мұсылманшылыққа жатпайтын әрекет. Өзі қара жамылып отырған үйге шауып, қарын тойғызу – айуандық. Олай болса, этностың ұлттық санасына мүлдем жат, тіпті наным-сеніміне сәйкес келмейтін бұл мақалдың тілдік табиғатын басқаша топшылаймыз. Кез келген қиындық (оның ең төмені – «қарын ашу») – қаралы үйдегіден ауыр емес. Физиологиялық қиындық, рухани күйзеліспен салыстырғанда түк емес. Оған көз жеткізу үшін «Қаралы үйдегі жағдайды көр» (бұндағы шап етістігінің семантикасы – «шауып, басып алу» емес, шабу – «тез жету». Сонымен қатар, қаралы үйді (нені?) шап деп тұрған жоқ, үйге (неге? қайда?) шап, яғни бағытқа нұсқап тұрғаны және бар. Логикалық ой екпіні «қарын ашуға» емес, «қаралы үйге» түсіп тұр. Мәтіндегі ауыспалы мағына мақал-мәтелдің тілдік табиғатын дұрыс

67

түсінуге ықпал етеді деп есептейміз. Халық тілінде «Қарны ашқан қаралы үйге барсын» деген нұсқасы бар. Бұл туралы акад. Ә. Қайдар «қазақ даласының дәстүрі бойынша қара тігілген үйге кез келген адам кіріп, дұға оқып, дәм тата алады. Қара тігіліп, алыстан көрініп тұрған үйге әрбір жолаушы ат басын бұруы мүмкін» деген мағынадағы түсініктеме береді [47, 392].

«Қазақ мақал-мәтелдерінің халықтың өмірі мен бүгінгі болмысын танып білуде дүниетанымдық, логикалық, лингвистикалық жағынан мәні зор, себебі дүниеде, қоғамда, табиғатта қалыптасқан құбылыстардың бәріне мақал-мәтелдердің қатысы бары» – [47, 142] шындық. Ол дәлелдеуді қажет ете бермейді.

Абай дискурсының уәж-мотиві – тыңдаушысын сөзді (сөйлемді) кереғар қабылдаудан сақтандыру. Әдетте, мақалмәтелдер халықтың ұғым-түсінігімен етене байланысты болып, сол ұлт тілі көрсеткішінің баламасы ретінде көрініс табады. Ал қазақтың ұғымында қаралы үйге қастық жасау әсте болмаған, олай болса, жоғарыдағы айтылым ақиқат ұғым емес. Әрбір ұлт өкілі өзінің ұлттық өзегінде әбден бекіген стереотиптерге бас иіп, соған бағынады. Кез келген ұлттық санада өзінің этностық негізіне сай қалыптасқан таным-түсінігінің жүйесі болатындықтан, мақал-мәтелдер өзегінде ол тиісінше орын алады.

Шешендік шеберлік жайлы еңбегінде Г.Қосымова Абайдың өзінен бұрынғы шешендерден бір ерекшелігі халық мақал-мә- телдерін негізге алып, қайта құрып жаңа мазмұнмен тереңдеткенін көрсетеді [48, 19]. Шындығында да, Абай тілінде оның үлгілері өте көп.

Тілдік тұлға паремиологияларға стильдік өңдеулер енгізген. Абай мақал-мәтелдерді өлең ішінде сынын бұзбай тұтас күйінде қолданады:

«Арамдықтан жамандық көрмей қалмас; Мың күн сөнбес,

бір күн сынар шөлмек» немесе өлең өлшеміне лайықтап, сөз үнемдеу құбылысына бағынған мынадай өзгертулер де кезде-

седі: Бір тойған – шала байлық деген қазақ, / Ет көрінсе, қайтеді күйсей бермей.

Өлеңге кедейдің бір тойғаны – шала байығаны деген мақал негіз болғаны мәлім.

Абай өзінің дүниетанымын, қоршаған ортаны тану нәтижесін көпке белгілі мынандай өзіндік идиолектілер түрінде берген:

68

Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға; Арттағыға сөзің мен ісің қалса, өлсең де өлмегенмен боласың тең; Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей; Досыңа достық – қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол; Адасқанның алды жөн,, арты-соқпақ

т.б.

2.3.2 Жоқтаудың лингвомәдени мәні

Жоқтау лингвокультуремасына қысқаша сипаттама беру арқылы оның Абай дискурсындағы көрінісіне назар аударуды жөн көрдік. Абай халық поэзиясының бүкіл поэтикасын, көркемдігі мен байлығын шеберлікпен пайдалана отырып, «халық даналығынан, халықтың ауызша әдебиет қорынан көп нәр алады, сол арқылы өз өлеңін көп көркейтеді» (М. Әуезов). Әрине, Абай тілдік тұлғасы арқылы оның нақты көрінісін таба аламыз. Соның бірі – жоқтау өлеңдері.

Қазақстан жерінде жүздеп, мыңдап кездесетін сын тас, балбал тастарды ел үшін өмірін қиған батырлар мен аяулы арыстарды жоқтап, мәңгілікке орнатылған ескерткіш болса, қазақтағы жоқтау айту салты – сөзден соғылған ескерткіш [49, 9]. Қағазға, тасқа, халық жадына қатталған (түскен) жоқтау үлгілерінің көптеген түрлері бар. Онда белгілі бір тарихи тұлғаның кім екені, қай жердікі, қандай ісімен (ерекшелігімен) ел санасынан орын алғандығы қысқаша баяндалады.

Жоқтау – «қазаға ұшыраған адамның артында қалған жақындарының қайғылы сарынмен айтатын зары, мұң сөзі» [50, 239]. Осы сөз түбірінен өрбіген жоқтаушы номинативті атауы – адамның артынан дауыс айтып жылаушы адамды білдіреді. Жоқтау салды, жоқтау айтты деген этнографиялық лексиканың (таңбалардың) қазақтың дәстүрлі мәдениетінде өзіндік орны ерекше. Осы ұлттық салттың басты белгісі (сөздің семантикасынан белгілі болып тұрғанындай) дүние салған адамды жоқтап, «іздеп», өмірдегі ойсыраған орнын көздің жасы, көңілдің шерімен толтырған рухани күйзелісті білдірумен айқындалады. Қайтыс болған адамның өмір дерегі дәл әрі нақты шындыққа сай айтылады. Жоқтау өлген адамның асы берілгенше, бір жыл бойы айтылады.

69

Белгілі ғалым Е. Жанпейісов этнографиялық бұл атаудың бұрынғы кездегі мағынасы қазіргіге қарағанда кең болғанын анықтайды. А.Н. Самойлович, С.Е. Малов келтірген дерек бойынша, оның бір мағынасы – «смерть», «хоронить», «погребение» екенін мысалға алады. Ал көне түркі жазуларының қайқайсысында да, «Құдатғу біліг» пен М. Қашқари сөздігінде де жоқта-йоғла сөзі ас ұғымында, зат есім – «поминки, поминальный обряд, устроить поминки» мағынасында берілгендігіне дерек келтіреді, сонымен қатар, көне ескерткіштер тілінде йоғла

– joyla – оплакивать болып келеді. Ғалым Е. Жанпейісовтің зерттеп-зерделегені бойынша, «ас беруді, дауыс айтуды, тие берсін, тілек батаны – бәрін бір-ақ сөзбен жоқтау деп қана айтқан», яғни этнографиялық жоқтау атауы осы санап өткен мағыналарды түгел қамтыған [50, 33-34].

Жоқтау шығу, пайда болу көзіне қарай: 1) өлген азаматтың балалары (көбінесе, қыздары) шығарған; 2) немесе азаматтың анасы не жұбайы шығарған; 3) белгілі бір ақын шығарған жоқтаулар болып бірнеше түрге жіктеледі [98, 9б.]. Жоқтау арнау жас талғамайды: қыршын кеткен жасқа да, елінің ардақты қамқорқорғаны қартына да, батыр-бағланына да «жүректің басынан у төгілгендей» (Абай) жыр-жоқтау шығару дәстүрі халық махаббатының тереңінен сырт тартқандай қабылданары рас. «Туғанда дүние есігін ашады Өлең / Өлеңмен жер қойнына кірер денең» дегендеАбайжоқтаудыңмәнін басакөрсеткені белгілі.

Жоқтау – өлеңді өнер тұтқан халықтың тұрмыс-салтының бір көрінісі, әдет-ғұрпы, тұрмыстық фольклор үлгісі. Сондай-ақ, оны даму, жетілу үстіндегі жанр деуге болады. Бүгіндегі күй жоқтау, ән жоқтау, жыр жоқтау түрі соның куәсі. Жоқтау қазақ сөз өнерінің бір үлгісі деп есептейміз.

1926 жылы Москвада араб жазуымен «23 жоқтау» жинағы жарық көреді. Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті қайраткері, филолог ғалым А.Байтұрсынұлының бастамасымен шыққан бұл еңбекке қазақтың жиырма бір, қырғыздың екі жоқтауы («Шоқшолай», «Жантай») еніп, барлығы 23 жоқтау түзіледі. Жинаққа енген Қаз дауысты Қазбекті қызы Қамқаның Жоқтауы, Абылай ханды Бұқар жыраудың Жоқтауы т.б. құндылықтар халық көркем сөзінің (ойының) жоқшысы А. Байтұрсынұлының ауыз

70

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]