Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

35

.pdf
Скачиваний:
6
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.52 Mб
Скачать

әдебиеті байлығының бір парасын тірнектеп жинап, ұрпағына табыстаудағы өлшеусіз еңбегі деп бағаланатыны ақиқат. Осы жинаққа баласы Әбдірахманның қазасына байланысты Абай жазған үш жоқтау өлең енген [98, 115-120]. Жалпы алғанда, Әбдірахманға арнаған өлеңдер циклін мазмұн-мақсатына қарай бір тұтас етіп жүйелеп беруге болады. Сонда, шартты түрде алғанда, бір бүтін, біртұтас жоқтаудың үзіктері ретінде қабылданады. Жекелеген сол өлеңдер фольклорлық сипат-белгілерін толық сақтаған деп анық айта аламыз. «Әбдірахман өлгенде» деген темпоралдық баянға негізделген өлеңдерді алғашқы басталу жолымен атасақ: «Арғы атасы қажы еді», «Кешегі өткен ер Әбіш», «Тұла бойың ұят-ар едің», «Жиырма жеті жасында», «Талаптың мініп тұлпарын», «Орынсызда айтпаған» деп келеді. (Жоқтаудың адам өлген соң айтылатын заңдылығына сәйкесетіндей, үнемі өткен шақ формасында алынған). Сонымен қатар «Әбдірахманның әйелі Мағышқа айтқан жұбатуы» (жоқтай отырып, жұбату деуге болады), «Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абай шығарып берген жоқтау» және «Баласы өлген анаға Абай шығарып берген» жоқтаулар лингвистикалық талдау жасауды қажет ететіндей.

Әрине, ауыз әдебиетінің осы түрі арқылы Абай тілдік тұлғасы тағы бір қырынан ашыла түспек. Тілдік тұлға ұлттық дәстүрдің тілдік санадағы суретін ұжымдық сананың қабылдауына сәйкестендіре реалды қалыпта ұсына алған. Қ. Жұбанов тілімен айтқанда, «Абайға сүтпен кіріп, сүйекпен сіңген әдебиет үлгісінің бірі – халық әдебиеті». Бұл – ақын поэзиясының ұлттық сөз өнерінен тамыр тартып, өзінің ұлттық негізінен көз жазбағанын көрсетсе керек. Бұл тұста Оспанға шығарған үш жоқтаудың (солай деуге толық негіз бар) «Кешегі Оспан», «Кешегі Оспан ағасы», «Жайнаған туың жығылмай» деп келетін шығармалардың ұлттық таным мен қазақ дәстүрлі мәдениетін танытар көрсеткіш ретіндегі орны да ерекше.

Абайдың тілдік тұлғасын айқындайтын этнографиялық таным-деректер көрінісі қалай берілгеніне талдау жасап көрелік.

І. Шартты түрде алғанда, жоқтау үш бөліктен тұрады: а) қазаға ұшыраған адамның тегін, ә) оның өмірдерегін (ол туралы мәліметтер), б) тағдырға мойынсұнуды (жұбату) білдіретін негізгі құрылымдарға жіктеледі. Оларды жеке-жеке мысалдар арқылы дәлелдеуге болады. Мысалы,

71

а) Абай Әбдірахманның тегін: «Арғы атасы қажы еді... /

Жарықтықтың өнері / Айтуға тілді тербетті», – десе, Баласы өлген анаға шығарып берген жоқтауында оның «ата тегі – Орта жүздің ұлығы; Ана тегі ондағы – Өзен судың тұнығы. Екі асылдан қосылған Сом алтынның сынығы», – деп ауыз әдебиетіндегі жоқтау жанрының заңдылығын, сөз қолданыстарын, сөз өрнегін лайықты бере білген.

ә) Олардың тірліктегі іс-әрекеті көпке үлгі болғандай, имандылық пен кісіліктен ғана тұрады. Біз жоғарыда айтып кеткендей, марқұмдардың тіршіліктегі көз алдында іс-әрекеті көптің көз алдында болғандықтан, барынша шынайы, өмірімен үйлесетін шындық дерекке құрылу керек. Абай «үміт еткен, көзінің нұры баласына» әкелік, аталық сүйсініспен қарағаны, оның бойынан кемел тұлға, толық адам қасиетін тапқаны белгілі.

б) Абайдағы жоқтау – жырдың соңы да дәстүрлі, халықтық үлгімен сәйкес келеді яғни, тағдырдың салғанына көніп, өмірдің баянсыздығын мойындаумен аяқталады. Мысалы, «Тірлік арты өлмек-ті. Оны да алды бұл өлім. Сабырлық қылсақ керек-ті немесе Тағдырға тәбділ бола ма, Сабырлық қылсақ керек-ті».

Абай өзіне жұбату айтып, «көзге қамшы тигендей» ауыр қайғыға «Өмірін берген құдайым / Ажалын да беріпті» деп сабырлық жасамақ болады. «Ақыл, жүрек, қайратты бірдей ұстаған», «Кешегі өткен ер Әбіш» «тағлим айтпас ер ме еді?». Оның «тұла бойы ұят-ар еді», Ол «мұңды-шерлі, жоқ-жітіктің біреуін ала көрмепті», «Аямаған ғаріптен қолдан келген көмекті», Ол «жалғандыққа ермеген, көкірегін кермеген»... Оспан «Адалдық үшін алысқан», Өзі «ала қолсыз мырза», «Жасқанып жаудан тығылмаған», ... «Жайдақтап қашып сабылмаған», «Алысқанды денеген», «Адалдық үшін алысып», «...Жайнаған туы жығылмаған» т.б.

2.4 Абай шығармаларындағы диалектизмдердің лингвомәдени мәні

«Диалект деген термин тілде жалпы халықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің

72

жиынтығын білдіреді», – [51, 4] десек те, Абай шығармаларындағы диалектілер ұлт тілінің құрамды бөлігі, әдеби тілдің бір көрінісіндей болып, қолданыста ешбір айырмашылығы сезілмейді, оның себебі шығарма көркемдігі мен тілдік тұлғаның прагмастилистикалық сипатының шынайылығынан болса керек. Қазақтың қазіргі жазба әдеби тілінің іргетасы қаланған тұсын сөз еткенде диалектілік ерекшелік мәселесі объективті, субъективті факторларға байланысты аса өзекті болды. Диалектологиялық сөздікке енген бірқатар лексикалық ерекшеліктерді Абай шығармалары мәтінінен кездестіре аламыз.

Абай тілінде қазіргі әдеби нормамен салыстырғанда бірқатар жергілікті ерекшеліктер орын алғанын филолог ғалымдар С. Аманжолов, Қ. Жұмалиев, Р. Сыздықова өз зерттеулерінде нақтылай көрсетеді. Ғалымдардың Абай тіліндегі диалектілік құбылыстарды танудағы ұстанымы бірдей болмағанымен, тілді тұтынушы, дамытушы тұлғаның тіліндегі әдеби нормаға жатпайтын ауытқушылықтар сараланады. Әйтсе де, ол құбылыстар шығарма тілінің көркемдігі мен әдеби сапа-белгісін төмендете алмасы анық. Тілдік тұлғаның таным аясында кездесетін диалектизмдердің бірнеше прагматикалық уәжі бар: 1) өз ортасының күй-қалпын танытатын (рухани, заттық лексика) этнографиялық диалектизмдер; 2) концептуалды бейне сомдауға үлес қосатын сөздер деп, ажыратуға болады.

Диалектизм болу үшін екі шарт болу керек: 1) әдеби тілде қолданылмайтын, тек белгілі бір говорға, диалектіге тән сөз болу керек; 2) диалектизмнің өзінің таралу шегі болу керек. Мұндай шарт, өлшем-талапты негізге алмасақ, онда диалектизмдерді варваризмдерден, кітаби лексикадан, тосын (окказионал) сөздерден ажырата алмай қалу қаупі туады [51, 12]. Соған сәйкес, диалектологиялық әдебиеттерде жергілікті сөздердің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктері анықталған.

Абай шығармаларында диалектизмдердің жалпы саны аз болғанымен, осы түрлердің қайсысы болса да орын алған, әсіресе, жиі кездесетіні – лексикалық түрі. Ақын шығармаларындағы диалект сөздер тіл-мәдениет сабақтастығымен бірлікте алынып, мәдениет өкілінің дүниетанымын да айқындайды. Абайдың тіл-

дік тұлғасындағы нақты бір ақпаратты сақтап жеткізуші

73

таңбалар қатарында жергілікті тіл ерекшелігін белгілейтін бірліктердің маңызы айтарлықтай. Соған орай, ұлттық мәде-

ниеттің тілдегі көрінісі диалектизмдер мазмұнындағы ақпараттар арқылы жеткізілуі заңды болып табылады. Өйткені жергілікті тіл қолданыстар – өзіндік белгілері айқындалған, этномәдени сипат иеленген лингвомәдени таңбалар деп бағаланады. Талдау барысында олардың этнолингвистикалық табиғаты да ескеріліп, этномәдени мәні анықталады. Сонымен қатар, Абай тілдік тұлғасындағы аймақтық тіл сипатына этнолингвистикалық мінездеме беру арқылы сол тілдік құрылымдарды қолданудың прагматикалық уәжі анықталуы тиіс. Дүниенің бейнесі жергілікті тіл ерекшелігі арқылы объектіленіп, тілдің түрлі деңгейінде көрініс табуы ықтимал, алайда Абай шығармалары тілінде жергілікті сипат ерекшеліктері белсенді сипат иеленген деуге болмайды. Диалектизмдер көркем әдебиет стилінде екі жағдайда: авторлық ремаркада және диалогта қолданылады. Әдетте, кәсіби прозада жазушылар мақсатты түрде: кейіпкер тілінде немесе халық тұрмыс-тіршілігін шынайылықпен суреттеу үшін, оның рухани әлемі мен материалдық мәдениетін таныту мақсатында қолданады. Ал поэзияда көбінесе, көркемдік, стильдік уәж басшылыққа алынады. Жалпы, көркем шығармадағы диалектизмдер белгілі бір мәдениет өкілінің рухани әлемін, таным дүниесін көрсететін менталды бірлік ретінде алынса, Абай тілдік тұлғасында оның басқа да қыры қарастырылады. Автор қолданысындағы диалект сөздер, біріншіден, тілдік ұжымның, тілдік сананың көрінісі, яғни қалыпты сөйлеу тілі көрсеткіші сипатында өзектелсе, екіншіден, белгілі бір стильдік талапқа сай қызмет етеді. Өйткені тілдік тұлға иесі – әрі сол тілді тұтынушы, әрі сол мәдениеттің өкілі. Мысалы,

автордың кердең, жолғасу, қасынысып жүру, күлмеңдеу, күлу,

жалаңқая, желқабыз, балаң сөздерін стильдік мәнде образ тудыру үшін пайдаланғаны Р. Сыздықова зерттеулерінде алғаш рет сөз болады. Немесе ақ шомшы күләпара, бұл (пұл) тәрізді сөздер – ақын өмір сүрген өлкеге тән киім-кешек, құрал-жабдық аттарын білдіретін жергілікті сөздер. Сондықтан өздеріне таныс атаулар сол тілде қалыптасқан күйінде аталуы – объективті заңдылық. Р. Сыздықова нұсқағанындай, тіл тұтынушы өзіне таныс сөздерді диалектизм деген ғылыми топтамасын білмей-ақ шығармашылық мақсатта қолданған.

74

Ұжымдық санада белгіленген өзге де бірліктер мәні талдау барысында нақтылана түспек. Мысалы, әдеби тілдегі кердеңдеу, кердең-кердең басу семантикасынан өрбіген кердең семасының экспрессивті әсері бағалауыштық мәнде белсенді сипат иеленген. Бұл лексема «Абай тілінің жиілік сөздігінде көрсетілгендей, сын есім қатарында 5 рет, еліктеуіш сөз ретінде 2 рет келген. Сөйтіп, тілдік тұлғаның өзінен бұрынғы әдебиетте жоқ жаңа, тың эпитеттерінің қатарын толықтыруға септескен: 1) «Күлкішіл, кердең наданның»; 2) «Менмен, кердең, қайғысыз ер көңілмен»; 3) «Кеселді түйін шешілсе, кердең мойын кесілсе, келмей кетпес кезіне»... т.б.

Осы мән-мәтіндердегі кердең сөзі жергілікті ерекшелік қатарында диалектологиялық сөздікте [51, 343б.] «паң, менмен, дандайсыған» деген мағынада қолданылса, тілдік тұлғаның поэтикалық әлеміне сәйкес паңдықтан гөрі «дандайсыған, менмен» өркөкірек мағыналары басым тұрғандығын Р.Сыздықова дұрыс бағдарлайды [4, 52]. Бұл сөздің, мәнмәтін қоршауындағы белсенділігін арттырушы актуализатор сөздердің өзі, (керенеу, кердең, кесілу) коннотациялық бояуының қоюлығымен негізгі концептуалды мәнді актуалды, өзекті етуге ықпал етіп тұр.

Осы орайда кердең мойын кесілсе тіркесіне назар аударғанды жөн көреміз. Белгілі ғалым Р. Сыздықова «Сөздер сөйлейді» еңбегінде «кердең – гардан деген парсы сөзі, мағынасы – мойын»,- деп көрсетеді. Сонда екі тілдегі семантикасы ортақ, мәндес сөздер қатар келіп, плеоназмдық тіркес түзіп тұр. Сірә, парсыша «мойын» сөзінің (гардан) қазақ тіліндегі «мен-мен», «дандайсу» («кердең») семантикасымен іздестігі болуы ықтимал. Паң әрі кердең мінез көрсеткен адамның мойнын өзгеше бір паңдықпен созып, тәкаппарлана қозғайтын қимылын көзге елестетсек, бір этимологиялық негізге бағдар сілтейтіндей. Осындай стильдік жүк арқалаған диалектизмдердің семантикалық әлеуетін өзге бірліктердің қуаты арқылы пайымдай аламыз.

«Жолығу, кездесу» мағынасындағы жолғасу етістігінің Абайдың тілдік тұлғасындағы қызметі экспрессивтілікті күшейтумен уәжделген.Сондай-ақ, ол айқын, ашық іс-қимылды емес, біршама құпиялау әрекетті жеткізу үшін қолданылып, ой дәлдігіне қызмет еткен. Ол ойымызға уәж болатын – ішкі формасы астыртын (бару), ұрланып (қашу) тәрізді жасырын әрекетті

75

білдіретін бірліктердің предикативтік қатысты пысықтауы, яғни қимыл-әрекеттің орындалу амалын таныту. Мысалға жүгінсек: 1) «Астыртын барып жолғасқан, / Ақша беріп жалғасқан, Ақысын әрең сол алды»; 2) «Біз соған зар боламыз деп білмедік, / Ұрланып қаштық, жолғастық, шуластық».

Тілші-ғалым Р. Сыздықова: «Күлмеңдеу, күлмең қағу етістігін мамандар шығыс говорларына жатқызады. Өткендегі өзге өлке ақындарынан әзірше кездестірмеген бұл сөзді Абайдан табамыз» [4, 53], –деп көрсетсе де, диалектологиялық сөздікке енбей қалған, кездестіре алмадық.

1)...Күлмеңдеп келер көздері, / Қалжыңбас келер өздері. Кекектеп, секек етем деп, / Шошқа туар сөздері;

Күлмең қағып қасқайып, / Салынып ап мақтанға.

2)...Таң қаламын, қампайып / Жоқты-барды шатқанға. Күлмең қағу (күлмеңдеу) етістігі – жылмаңдау, қылмаңдау

тәрізді жағымсыз мәндегі етістіктер парадигмасын толықтырып тұрған тәрізді, яғни солармен мәндес қатардағы таралу аймағы шектеулі сөз. Біздіңше, тілдің қазіргі күй-қалпына қатысты алғанда Абайдың шығармашылық контексінен орын алған жағымсыз реңкі басым осы экспрессивті сөз – әдеби тілдік элемент ретінде қолданылып, тілдік ұжымға түгел түсінікті, нормаға сай бірлік қатарында қабылданады.

Көркемдікке қызметке еткен келесі бір диалект – желқабыздың сөздіктегі мәні – «желдену, іші кебу». «Сырты абыз бар,

желқабыз бар, / Алты ауыз бар – өзге жоқ». Осы образды сөз жайында абайтанушы Р. Сыздықова пікірін толық қуаттаймыз: «...Желдену, іші кебу» мағынасын Абай ауыстырып, «іші шерге толған» деген ұғымда айтып тұрған тәрізді... Оспандай інісі өліп, іші қайғыға толып, бірақ сырттай оны білдірмей, абызға ұқсаған өзін және осы күйін білдірген алты шумақты өлеңі (алты ауыз бар) барынайтыпотыр» [4, 56]. Біз деосыуәжге ден қоямыз.

Қазақ халқының 19 ғасырдың екіншісі жартысындағы көшпелі тұрмысының, рухани мәдениетінің көркем бейнесі Абай туындыларына арқау болған. Адамдардың мәдени рухани өмірі де, қоғам дамуының объективті заңдылығы – бәрі де тіл тарихында өз із таңбасын қалдырады. Соның бірқатарын ақын туындыларындағы этнографиялық лексика арқылы бағамдай аламыз.

76

Абай өмір сүрген дәуірдің салт-санасы, сол ортаның әлеуметтік-экономикалық бітім-болмысы туралы заттық мәдениет атауларынан және рухани мәдениет пен ұлттық танымға қатысты атаулардан көп сыр түюге болады. Этнографиялық лексиканың когнитивтік мәнділігі жоғары. Олар негізінен ел тарихынан, халықтың тұрмыс-салтынан ақпарат жеткізуші семантикалық таңба деп қабылданғанымен, өзге де прагмастилистикалық уәж-мотиві бары анық. Біз оларды кейінгі тарауларда арнайы түрде концептуалды талдауға алдық. Мысалы:

Вестиалды лексика (киім-кешек атаулары): жарғақ шалбар,

тон, киіз байпақ, мықшима етік, оқалы тон, шидем, шекпен, кәмшат бөрік, күләпара, күлдәрі, жыға, пұшпақ тымақ;

Баспана, үй мүлкі атаулары: жабағы, ықтырма, қос, малма,

шөншік, и, шуда жіп, сырмақ, үйген жүн т.б.

Ер-тұрман, ат әбзелдері: кісен, шідер, ноқта, қамшы, қалмақы үзеңгі, тоқым, биік қасты ер т.б. Дәстүрлі қазақ мәде-

ниетін танытар бірліктер – мәдени құндылықтарды бейнелеумен шектелмей, саяси-әлеуметтік мазмұнмен толыққан.

Елдің әлеуметтік-экономикалық өмірі мен басқару жүйесіне қатысты: ояз, старшын, болыс, жатақ, сұлтан, атшабар, барымта, шар салу, мәліш сауда, бақалшік, елубасы, ылау т.б. –

этнотанымдық функция атқарып, қоғамдық-әлеуметтік халахуалдан ақпарат жеткізу үшін пайдаланады; әдет-ғұрып, тұр- мыс-салтқа байланысты этнографизмдерді шылдахана, үкі тағу,

ұрын бару, қайын бару, қыз таныстыру, қынаменде, жар-жар,

беташар сияқты тілдік таңбаларды ұлттық мәдени код дәрежесінде бағалайды.

Абайдың өзіне тән шығармашылық мәнмәтінін танытар белгілердің бірі – модальдық реңкі жоғары сөздерді түрлі прагматикалық мақсатта қолдану. Автор ауызекі сөйлеу тілі, қарапайым лексиканың өзіне көркемдік дарытады. Көрнекті ғалым Қ. Жұбанов: «Абайдың өлеңдері бейнелі, суретті келіп, шын мағынасымен көркемдік шартын орындап отырады. Суретті ойдағыдай күшейтіп жіберетін болса, Абай ондай-мұндай ерсі, әдепке шеттігіне де қарамайды» [36, 267], – деген пікірі осы ойымызға арқау болғанын еске сала отырып, ақын шығармаларына жүгінеміз. Мысалы, «Күлембайға» өлеңіндегі Сөз көбейді,

ұлғайды / Мақтанның к... көрінді; етек кеткен жайылып / Ат

77

к... жалпылдап, немесе «Адам – бір боқ, боқ көтерген боқтың қабы» өлеңдеріндегі «стильдік реңкі төмен» сөздердің өлең идеясын қуаттандырғыш қасиеті аса жоғары. «Байлар жүр жиған малын қорғалатып» өлеңінде эмоциялық әсері күшті бірқатар «жағымсыз» етістіктер образ сомдауға қызмет етіп тұр: қа-

барып, ырылдатып, бұтып-шатып, ісіп-кеуіп. Ал «Қатыны мен Масақбай» өлеңінде «бүкшиіп, сексиіп, түксиіп, бықсытып, бүксітіп, барқылдап, тарқылдап, салпылдап деген «реңсіз» қи-

мыл-амалдар өздері «ұсқынсыз» болса да, көркемдік амалдар қатарында поэтикалық міндетін мінсіз атқарып тұрғаны талассыз.

Әдетте, семантикасы мен бейнелілігі бейтарап келетін кейбір сөз таптары мәнмәтінде өзгеше бой көрсетеді: сымпыс шо-

лақ, жайы мәлім шошқаның, шошқа туар сөздері, орынсыз ыр- жаң-болымсыз қылжаң, елертіп көзді, жоқ барды шату, елерме жынды сөзденіп, қыртың жыртың сияқты адам мінезін-

дегі олқылықтарды білдіретін тезаурус қатарлардың бағалауыштық қуаты мықты.

78

3-тарау

АБАЙ ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫНЫҢ ЛИНГВОКОГНИТИВТІК ДЕҢГЕЙІ

3.1 «Толық адам» концептісі (Әбдірахман бейнесі)

Абай «адамтанудың көркемсөздегі өрнегін салып, үлгісін қалыптастырды» деген дәлелдеуді қажет етпес тұжырымды пікірді Абайдың тілдік тұлғасын талдау арқылы бекітуге болады. Мысалы, «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, / Сонда толық боласың, елден бөлек» немесе, «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», – деген өзекті ойлары арқылы биік адамгершілік иесін және оның кемел келісіммен келген кісілік келбетін сомдайды. Осы қасиетті иеленген адам ғана Адам деген даңққа лайық болатындығына нұсқайды. Немесе «Қайрат пен ақыл жол табар, / Қашқанға да қуғанға, Әділет, шафғат кімде бар, / Сол жарасар туғанға», – деген жолдардағы курсивпен берілген сөздер астарында да үлкен мән жатыр. Бұлар – толық адам жөніндегі ұғымдарды құрайтын басты сипаттар, яғни толық, кемел адамға тән қасиеттер. Тілдік тұлға дискурсындағы жағымды бағалауыштық мән иеленген осы тілдік бірліктер – негізгі идея қазығына, философиялық ой-толғамдар арқауына айналады. М. Әуезовтің сөзімен айтқанда, Абай Он жетінші Сөзінде өз тұсындағы және өзінен бұрынғы «үлкен моралист, педагогойшылдардың, ұстаздардыңкөп айтқан пікірінежанасатын ой-толғау жүргізеді. Ол – толық сапалы адам болудың шарты, гармоническая личность жайындағы ойлар. Адам жан-жақты, асыл қасиетті болу үшін оның бойындағы қайрат, ақыл, жүрек үшеуі бірдей болып, тең табыссын деген талап қояды». Барлық жақсылық пен жамандық туралы ұғымдар өз коннотациялық мәнін де осы сөздергебайланыстыайқындайды.

Толық адамның тұла бойын толтырар ізгі қасиеттер «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде айқын көрсетілген. Абай жас өркеннің бағдар түзер айқындамасы ретінде талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахымды атайды.

Бұл жөнінде М. Әуезовтің «көп қорытып айтқан мағыналы және програмдық бір өлеңіне» жасаған сілтемесіне біз де

79

сүйенеміз. Сөйтіп, адам (толық адам) концептісін ашу үшін оған қойылған басты талаптар (қайрат, ақыл, рақым, шафғат) мәніне концептуалдық талдау жасау мақсатымен бұл ұғымдарды саралау үшін, негізінен, Әбдірахманға арналған өлеңдерді қарастыруға болады.

Белгілі абайтанушы ғалым М. Мырзахметов: ұлы ақын толық адам ұғымының қазақ ортасындағы нақтылы образын өзі үлкен үміт артқан баласы Әбдірахман бейнесі арқылы бергенін дәйектейді [52, 117-118 б.].

Абай нағыз адам (кемел адам) идеясын қалыптастырып қана қойған жоқ, соған жетелейтін шынайы жолды көрсетіп берді. Бұл мәселеге қатысты өзге зерттеулерге де сүйенген жөн: «Идеал мен шындықтың арақатынасын терең түсінеді. Өмірде идея мен шындық сәйкесе бермейтінін анықтады, бірақ сәйкесетін кезеңдерін де аңдай білді. Абайдың көзқарасына сайғанда, өмірдегі адам идеалы («толық адам». Абай) өзінің ұлы Әбдірахман мен інісі Оспан сияқты жекелеген тұлғалар арқылы көрінеді. Олардың бойындағы (Абай санамалап, атап көрсеткен) асыл қасиеттер өмірде болуға тиісті кемел адамды айқындайтын белгілер», – дейді ғалым Ж.Әбділдин [53, 358].

Абай: «Жамандық көрсең нәфрәтлі, / Суытып көңіл тыйсаңыз, Жақсылық көрсең ғибрәтлі, / Оны ойға жисаңыз», – дей отырып, көңіл тыяр жамандық пен ойға жияр жақсылықты парасаттай білу үшін, жас өркенді:

«Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рахым, ойлап қой – Бес асыл іс көнсеңіз»

деп адамдық әліппесінің рухани биігіне шақырады.

Бұл ізгі қасиеттердің бәрін баласы Әбдірахман бойынан тауып, «жасқа-жас, ойға-кәрі», «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» иесін, Толық адам бейнесін ұсынады. Абай Әбдірахманға арнап оннан аса өлең жазады.

Жалпы, Әбдірахманның атасы азан шақырып қойған есімінің өзі үлкен мән иеленген. Рахым араб тілінде «мейірім, марқабат, аяу, жаны ашу, жәрдем, қайырым» мағынасын білдіреді. Бұл есім – Әбдірахманның мазмұнға толы қысқа ғұмырының айқындауышы іспетті деуге болады.

80

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]