Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

35

.pdf
Скачиваний:
6
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.52 Mб
Скачать

дамшы саудагер, алдамшы шайтан, алдамшы болу. «Сірә, за-

манынан, замандастарынан үміті, арманы алданған ақын сөз арқылы айналасына (болмысқа) деген көзқарасын білдірген бо-

лу керек» [4, 196].

ә) «Есім немесе есімше тұлғалардан туынды етістік жасайтын -сы/-сі жұрнағы сөйлеуші өзін кімге, неге теңеп, балап айту немесе бір нәрсені істеген не істемеген етіп көрсету мәнін білдіретіндігі белгілі». Ал түркі тілдерін зерттеуші Э.В. Севортян бұл жұрнақтың көлгірсу, ұқсауға тырысу сияқты тағы бір мағынасы бар екендігін нақты мысалдармен дәлелдейді де құдайсы, батырсы т.б. сөздерін береді [61, 302].

Абай дискурсында: «Ұққыш жансып шабынар», «Араз кісі болғансып», «Малға бөккен кісімсіп» т.б. кездеседі. Бұлар өтірік, жасанды әрекеттерді білдіреді.

Зат есім, сын есім түбірлерден (кісім-сіп, тәңір+сі-п, қай-

рат+ты-сып, қамқор-сы-п, ерке-сі-п), сөз тіркестерінен (қал-

жыңбас+сы-п, жертәңірі-сі-п); есімше тұлғалы тіркестерден (араз кісі болғансып, жанын құрбан жолына қылған жансып) жасалған бұл бірліктердің барлығы – «өтірік», «алдау» концептісінің қатарын көбейтіп тұрғандар. Жұрнақтардың бұндай функционалдық қызметі жайлы абайтанушы ғалым Р. Сыздықова барынша толық зерттеулер жүргізген [4, 58]. Біз бұны концептуалды талдауда «өтірік» концептісінің мәнін ашудың бір тәсілі деп қараймыз. Абай «малдан басқа мұңы жоқтарды», «тобықты молыққан пысықтарды» көріп, солардың бойындағы ең жағымсыз қылықтардың бірі – көлгірсуді, «іші залым, сырты абыздыққа салынуды» сынайды. Дәлірек айтсақ, білмесе де, бір нәрсені өтірік білгенситін, «мұрнын қисайта тартып» тұрып әсемситін; «елін мығымдап ұстай алмаса да», өтірік қайраттысып, қамқорситындарды; «бойы бұлғаң, сөзі жылмаң бола тұрып» бір міні жоқ бендеситіндерді әшкерелеп, түзетпек болады. Бұл қылықтарды сөзбен танытуда ең дәл және әсерлі тұлға болып табылатындар -сы жұрнағымен келген етістіктер деген талдаулар ұсынады.

«...Абай бұрынғы қолданыста бар бәлсіну, сәнсіну, керексіну деген сөздердің орнына бәлсу, сәнсу, керексу деген жаңа тұлғаларды ұсынады. Егер керексіну десе, мұнда «бір нәрсені жай ғана керек ету» мағынасы ғана танылады. Ал: «Ел керексіп, сөз-

121

ге емексіп, Не болады мақтаның?» – дегенде Абай елді шын мә-

нінде керек етуді емес, көлгірсіп, керек еткен болғансып мақтан қуғанды айтпақ болған... Абай өлеңдерінде кездесетін еркесу,

серкесу (Еңбегі жоқ еркесіп, Бір шолақпен серкесіп), қайратты-

су (Қайраттысып, қамқорсып, Сайманымды бүтіндеп), жер тә-

ңірісу (Жер тәңірісіп кермағыз), жарамсақсу, салғыртсу, әсем-

су, сәнсу деген тұлғалар негізінен Абай қаламының туындылары» [4, 58-59], яғни өзіндік индивидуалды қолданыстар.

«Өтірік» концептісінің мәні бір сөздің семантикасына екпін түсіре айту арқылы толығады.

Абай шығармалары дискурсында сену етістігі доминанта рөлінде келіп, жалған әрекеттің оппозициясына айналған.

а) «Ақыл сенбей сенбеңіз, / Бір іске кез келсеңіз». ә) «Сенімі жоқ серменде сырды бұзды».

б) «Жылпылдақтан айрылып, сенісе алмай, / Адамдықты жоғалтар ақыр бұл іс».

в) «Сеніскен досым да жоқ, асығым да, / Ақыры өлең қылдым, жасыдым да».

г) «Жаман тату қазады өзіңе ор, / Оған сенсең, бір күні боларсың қор».

д) «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, / Әуре етеді ішіне қулық сақтап».

Түйіндей келгенде, Абай дискурсындағы мәтіннің прагматикалық әлеуетін айқындаудағы басты бағдар адамға (субъектіге) бағытталған, субъект әрекетін, тілін танытатын прагматикалық көрсеткіштер жан-жақты талдауға түскен, соның бірі «өтірік» концептісінің рөлін көрсетуде көрінеді; көркем мәтіннің прагматикалық әлеуетін саралау барысында семантикалық-прагматика- лық құрылым жүйесі негізге алынды, өйткені бұл логикалық қисынмен сабақтастықпринципініңбірлігін танытады.

Біз «өтірік» концептісін макро және микроконтексте қарастыра отырып, біріншіден, жекелеген кейіпкердің бейнесін сипаттау үшін; екіншіден, белгілі бір кезеңнің және нақты бір қоғамдық ортаның әлеуметтік реңк көрсеткіші ретінде алдық.

Абайдың поэтикалық тіліндегі өтірік ұғымын танытатын сөздік қатары негізінде концептуалды тезаурусы түзіліп, тілдік тұлға құрылымының лингво-когнитивті деңгейінің көрінісі ретінде қарастырылды.

122

3.5 «Мақтан» концептісінің прагматикалық уәжі

Қаламгер тезаурусын сөз еткенде белгілі бір стильдік мақсатқа бағынған, прагматикалық уәжі айқын, көркемдік қызметі белсенді бірліктер басты назарға алынатыны белгілі. Абай шығармашылығында кейіпкердің рухани-мәдени әлемінің суретін көрсету үшін алынған, мағыналық колориті қалың стилеманың бірі – мақтану етістігі, яғни концепт дәрежесіне жеткен лингвокогнитивтік бірлік.

Р. Сыздықова: «...Бұрын жеке көп қолданыла бермейтін мақтан сөзін Абай бірде фразалық тіркес жасауға қатыстырып (мақтан қуу, мақтан күйлеу), бірде қарапайым сөз ретінде, бірде ғылыми атау ретінде (21-сөзінде) пайдаланып, 60-қа жуық рет келтіреді. Мұндай фактіні Абайдан өзге тұстастарынан немесе алды-артындағылардан кездестірмейміз», – деп [4, 265] шығармашылық зерттеуінің бір түйінін айтады.

Абай шығармалары мәтінінің мағыналық құрылымына кірген «өтірік» концептісі өзімен бірге «мақтан» концептісін репрезентациялайды (мәнін ашып, жете «таныстырады»). Өтірік пен мақтан – бұл дискурста шектес ұғым, сондықтан да көркем мәтін мазмұнын ашатын, терең талдануға тиісті нысанның бірі – осы «мақтан» семантикасының когнитивті мәні болмақ.

1) «Мақтан» жалған сөйлеу.

Абайдың тілдік тұлғасында мақтан (мақтау) семасына көп көңіл бөлінген. Дискурстағы мән-мағынасына қарай лингвокогнитивтік талдау барысында бұл сөздің – өтірік концептісінің мағыналық өрісін құрайтындығы анықталады. Оның Абай дис-

курсындағы семантикалық мәні (коды) мынадай: мақтау – пайда табу құралы, сол үшін «қошеметшіл көп адам шығарған жел сөз» (бос сөз). Өйткені «сөз сатқан жұрт» мақтанды да сатып, «жоқты-барды шатады». Ал сөзін сатқан, жұрттың алдап, өтірік айтып тұрғаны саудаласып тұрғанынан-ақ белгілі. Сонда «саудадан» түсер пайда қандай, яғни өтірік мақтанды айтушы не ұтады? 1) Өзгені өтірік мақтап өзі жақсы атанбақ па? Сөйтіп арзан бедел жиып, жақсы ат алмақ па? Әлде?... Сөз құдіретін терең сезінетін Абай мақтау (мақта) сөзінің семантикасын емес, мақтан сөзінің әсер-күшін пайдаланады. Мақтау – халық ұғымында біреудің істеген ісіне, еңбегіне берілген жоғары баға.

123

(Мәселен, қазіргі оқу мен еңбектегі үздік табыстар үшін берілетін марапат қағазы, құрмет түрі сияқты). Ал Абай мақтан – лексемасының семантикасын тереңдетіп, ерекше экспрессия дарытып, сөз мағынасын одан әрі кеңейткен. Ол сөз өзінің денотаттық мағынасына үстемелеп, коннотациялық реңк, бояу қосып алған, сөйтіп узуаль сөздің коннотативті, контекстік қосымша мәні вербалданған. Коннотацияны – негізгі мағынаның үстіне қосылатын сөздің үстеме мәні, семантикалық, стильдік реңк деп қабылдайтын болсақ, Абайдың тілдік тұлғасы көркем мәтінде бұл құбылысты ұтымды пайдаланған. Өйткені өлең мазмұны мен ақын идеясы әрбір сөзге ерекше салмақ жүктейді.

Тілдік тұлға өз дүниетанымы мен уақыт, замана тынысын сөздер тылсымы арқылы танытуды көздей отырып, түрлі тәсілге сүйенеді.

Жаңашыл Абай бірде өзгеше сөз формаларын таңдаса, енді бірде семантикасын тыңайтып барып қолданды. Соның бір көрінісі – «мақтан» семасы арқылы уәжделген.

Тілдік тұлға өз кейіпкерлерін суреттеу үшін «мақтан» семасының қызметін кеңінен пайдаланады. Мақтан іздеп, мақтан қуған сол қоғамның сөз сапырған қуларын, «шаруаға қыры жоқ,

өтірік, өсек, мақтанға ағып тұрған», мақтанға салынып, мақ-

тана сөйлеген, «жұртпен бірге өзін қоса алдасып, салпылдап сағым қуған», мақтанның құлдарын адамгершілік ұстаным тұрғысынан сынайды. Абай өз заманының әлеуметтік көңілкүйін, сондай-ақ ұлттық болмыстың кейбір келеңсіздіктерінің тілдік суретін көрсету үшін шеберлікпен салған сурет сырын осылай ұғуға болады.

2) Мақтан қуу – пайдасыз іспен айналысу, босқа уақыт өткізу мәнін танытып, сол әрекет пен сөздің баламасы, перифраз ретінде алынған: Жасында қызылшыл, қызықшыл, қымызшыл болып, «босқа шашылып» жүрген жастарға: «мақтан қума, ке-

рек қу, ойсыздарға қосылма», – деп тыйым салады.

Абай шығармаларын жүйелеп қарағанда біздің бір байқағанымыз – өлеңдеріндегі ой сабақтастығы үзілмей, бірінен екіншісіне жалғасып, ой арқауы берік сақталатындығы. Оны жеткізу үшін алынған сөзді – ойдың киімі десек, ой астарының әдібі сөгілмей, тігісі сетінемей жетеді. Мысалы: 1894 жылдары жазылған «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінде: «Өзіңде бармен көзге

124

ұрып, / Артылам деме өзгеден» деген ой желісін тағы қайталай отырып, кейін 1901 жылдар шамасында жазылған «Осы қымыз қазаққа» – деп басталатын шығармасында және бір ой үзігін келтіреді: «Мақтанға бола жиям деп, Жылқы үшін жұртқа бас ұрма» – дегеніндегі ой арқауы – мақтанға бола мал жиып,

қымызың мен семізіңе мақтанып, көзге түсу – бос әуре екен-

дігін еске салады.

Алғашқы өлеңінде: «Пайданы көрсең бас ұрып, / Мақтанды іздеп, қайғы алма»; кейінгі өлеңінде: «Мақтан қума, керек қу, / Ойсыздарға қосылма», – деп ой сабақтастығын одан әрі жалғай түседі. Ал «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңінде одан тіпті тереңдей: «Мал жияды мақтанып білдірмекке, Көзге шұқып, малмен күйдірмекке» – дегенінде мақтан іздеу мен мақтан қуу әрекетінің асқынып, «малмен күйдіруге» дейін барғанына көз жеткізеді. Сөйтіп, өтірік мақтанып, өтірік бай болғансыған, малдан басқамұңы жоқ, малға достардыңобразын береді.

«Ескендір» поэмасында да өзін-өзі мақтаудың келеңсіздігі айтылады:

«Ақылсыз өзін мақтап былжырайды, Бойыңа өлшеп сөйлесең, нең құрайды? Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?»

3) Абай дүниетанымында «мақтан» концептісі теология (дін) мәселесіне байланысты ерекше қаралады: Мұсылмандық пен дінді адамдық өлшемімен таразылаған ойшыл Абай үшін мақтан – шайтанісі. Мақтан– имани гүлдісолдыратын– шайтан ісі.

«Алланың, пайғамбардың жолындамыз, Ынтамызды бұзбастық – иманымыз.

Пайда, мақтан, әуесқой – шайтан ісі,

Кәні біздің нәпсіні тиғанымыз?».

Абай дискурсында мақтанға – пейротивті, жағымсыз баға берілуінің және оның өтірікпен бір қатарда ақиқатқа қарсы мәнде бағалануының бір себебі – мақтанның (мақтау емес) – өтірік дәріптеп, жалған айтудан туғандығында, яғни әзәзіл шайтан ісімен пара-пар екендігінде болса керек.

125

Мақтан – Абай дүниетанымында «үш сүюге» қарсы әрекет. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңінде: бірінші сүю – Алла тағаланы сүю; екінші сүю – «адамзаттың бәрін сүй бауырым» деп; үшінші сүю – хақ жолын – әділеттілікті сүю.

Абай ойшыл осы «үш сүюді имани гүл дей келе», Осыларды бұзатын және үш іс бар: Пайда, мақтан, әуесқой – онан шошы

деп имандылыққа (яғни арлы болуға) шақырып, ізгі ойын жариялайды. Абай дискурсында 60-тан аса рет ой арқауына айналған мақтан сөзінің жиі қолданылу себебінің осындай когнитивтік уәжі бар.

«Өтірік» концептісінің бір өрісі «мақтанды» макромәнмәтін шеңберінде талдап көрелік.

Абайдың «Не іздейсің, көңілім, не іздейсің» деген шығармасы

аяқталған жеке бір поэтикалық ойды (мақтау туралы) білдіретін күрделі синтаксистік тұтастық. Осы көркем мәтінге жалпылама лингвистикалық талдау жасағанда Абайдың тілдік тұлғасындағы концептілергетәнортақ сипаттыбағамдай аламыз.

«Мақтан» концептісінің семантикалық кеңістігін талдау.

Тірек сөздер (белсенді лексика): мәтіндегі ой қазығына айналған немесе жиі қайталанған сөздер: кімді мақтаса, жұрт мақтаса, бір мақтаса, мақтаудан не пайда, мақтауын тапса, мақтамай ма, мақта, мақтанның құлы, желсөз, қошеметшіл шығарған, тәңірі атқан, сөз сатқан, сатып алу, сатса, сатып алма.

Мәтіндегі базалық концепт ретінде «мақтан» концептісі алынды. Ол 8 шумақтан тұратын өлеңде 7 рет қайталанады.

«Мақтан» концептісінің мағыналық құрылымы. Концепті-

лік өрістің діңгегі, ядросы болып табылатын «мақтау» концептісі – іс-әрекеттің әрі объектісі, әрі субъектісі, әрі предикаты, әрі меншіктілік қатынасын білдіреді. Өлеңнің көркемдік кеңістігі мен көркем уақыт кеңістігінде келіп, субъектінің мінезін, объектінің сапасын танытады. Мысалы: «Мақтау – жел сөз, жанға қас» – дегенде оның сапалық қасиеті ашылса,

«Көп тәңірі атқан мақтай ма, Ол тәңірі атқан болмаса,...

Бір мақтаса боқтамас,

Ер табылса, құмарлан», – деген мәнмәтіндер адам мінезінен хабардар етеді.

126

Денотат кеңістігі. Мән-жайды білдіретін макроқұрылымға

әлдекімді мақтау, мақтауға лайық болу, жоқты-барды шатып

мақтау – сияқты субьектілердің іс-қимылын жатқызамыз.

Мәтін макропропозициясы: атақ алу, мақтауға лайық болу, (мақтауын тапса), құр қошамет, шын мақтайтын ер табылу, сөз сатқан жұрт, мақтан сату, екі сөзді тәңірі атқан сатады, мақтанды сатып алмау керек, мақтанның құлы болу, шын ақылға зорлық жүргізбеу (бұлар – Абай тілдік тұлғасындағы «мақтан» концептісін ашатын тезаурустық қатарлар).

Мәтін оқиғасына (мән-жайына) байланысты лексика-семан- тикалық көрсеткіштердің ерекшелігі. Олар қарама-қарсы семантикалық екі деңгейді салыстырғанда жан-жақты ашылады.

Мақтанның жағымды тұсы: абұйыр, атақ әперу, мақтауға лайық болу, көп мақталу, шын мақтайтын ер табылу, мақтанға құл болмау. Мақтанның жағымсыз жағы: мақтанға лайық болмау, пайдасыз мақтан, жоқты-барды шату, қошаметшіл шығарған мақтау, желсөз, жанға қас сөз, мақтанды сату, боқтамас ер табылмау.

Көркем кеңістік көрінісі. Кеңістік – психологиялық күй аясында алынған, субьектінің ішкі әлемімен шектеледі: не іздейсің, көңілім, көп мақтаған жанда абырой бар; көптің өзі; ердің

жақсысында; ақылға зорлық жоқ, өмір – дүние дегенің, жақсы-

жаман көргенің – деген курсивпен берілген сөздер шартты түрде «мақтанның мекені» кеңістігі рөлін атқарып тұр.

Көркем уақыт кезеңі, негізінен логикалық мәнде берілген: тыныштық бермейді (үнемі), сырласалық (қазір де, ертең де: бұлар ауыспалы осы шақ, келер шақ мәнінде), көп мақтауын тапса (қашан?), мақтай ма (алдағы уақытта), сатып алып не керек?, ер жақсысын таңдамас (болымсыз келер шақ), өлім барда, ойлай берсең (қай кезде?) – тәрізді синтагмалар қызметі пайдаланылған. Көркем уақыт кезеңін анықтау үшін шартты түрде осындай сұрақтар қоямыз.

Эмотивті кеңістік. Автор қуанатын жағдай: Абұйыр, атақ

сол жанда, / Кімді көп жұрт мақтаса бірақ өкініші тағы бар: Ол мақтаудан не пайда, / Көп мақтауын таппаса? Автор мақтауға лайық болмай, мақтаған көптің үдесінен шыға алмай қалған жан үшін өкініш білдіреді.

Мәтінде бағалауыштық мәні басым, адгерентті сипаттағы

жоқ-барды шату, оңбау, құмарлану, боқтау, жел сөз, антұрған,

127

тәңірі атқан сияқты экспрессиясы қанық сөз, сөз тіркестері – мәтін көркемдігін үстемелеуші поэтикалық құралдар.

Мәтін байланысы. Семантикалық байланыстар. Мәтінде толық немесе жартылай лексика-грамматикалық қайталаулар кездеседі: мақтау сөзі мен оның формалық өзгерістері 7 рет қайталанады. Ол, не есімдіктері және түбірлес сөздер мен сөз фор-

малары: көп, көптің, сатқан, сатса, сатып алып, сатып алма, тәңірі атқан, екісөзді тәңірі атқан синтагмалар – функциялық рөлі маңызды тілдік бірліктер болып табылады.

Логика-семантикалық байланыс: ма сұраулық шылауы мен сұраулық интонация арқылы жүзеге асқан.

Грамматикалық байланысы бойынша жіктегенде бірден байқалатын морфологиялық белгі – шартты рай формасы (тап-

паса, оңбаса, мақтаса) және есімшенің түрленуі (сөз сатқан,

шығарған), келер шақтың болымсыз формасы (боқтамас, аңдамас). Көркем мәтінге лингвопоэтикалық талдау мәселесін коммуникативтік аспектіде қарастыру қазіргі тіл білімінде белсенді сипат иеленгеніне назар аударамыз.

«Мақтан» концептісі мәнінің басқа көркем поэтикалық мәтіндегі көрінісі.

1) Жөнсіз мақтанның, «өтірік сөздің, жанға қас» болатындығы Махмуд Қашқари еңбегіне арқау болған.

Түркі халықтарының сөз асылы «Диуани лұғат ит-түрк- те»: «Бекті бек көп азғырады / мадақтап көп озбырды/, Елді осылар аздырды, одан қалай құтылар?» деген [58, 90] жолдар-

дың да философиялық мәні зор әрі құнды. Бұл мәнмәтінде де бос мақтанның елді аздырарына баса мән беріледі. Бұнда мадақталып тұрған – көп озбыр болса, Абай дискурсында – «сұмсұрқия, ішіне қулық сақтаған көп пысықтар». Екі мәнмәтіндегі тезаурус қатарлар мәндес және семантикасы ортақ сөздерден түзілген. Сірәда, қай заманда да «жақсылық ұзақ тұрмайтыны, жамандық әр кез тозбайтындығы» – ақиқат. Оған ортақ ойдың осы көрінісі дәлел болса керек.

«Диуани лұғаттағы» елді аздырған мақтаннан қалай құтылу керек? – деген ой Абайда да қайталанып, оны да шарасыз күйге душар еткізеді: «Сыпыра батыр, сұм құрбәт, / Мақтанмен алды мазамды» – дегізеді. Бірінші мәтінде жағымпаз келіп, көп озбырды өтірік мақтаса, екіншісінде – «көп озбыр, сұм құрбәт»

128

басқаны өтірік мақтайды, бірін-бірі алдайды. Екі дискурста да мақтан концептісі – «жел сөз жанға қас, қошеметшіл шығарған» сипатында алынған.

Түркі әлемі ғұламасының жазбасындағы мына ой сілемі тағы да ұлы Абайдан әрі қарай жүлгеленіп, тереңге тамыр тартады. Махмуд Қашқари:

Бүтіндей заман өзгерді, / Құтыртып жаман ездерді, / Адам өтірік сөзге ерді, / Парасатты бек кеткен соң десе, ойшыл Абай: Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір кемел? – деген қорытындыға келеді. Екі мәнмәтіндегі парасат пен кемел ой иелері – елге жөн сілтер тұлғалар болып келеді. Халық ішінен шыққан «единицалар – өңкей нөльге» әділетті жол нұсқаған ақылмандар – елді өтірік пен мақтаннан сақтандырады.

2) Дулат пен Абай шығармаларында кейбір көркемдік байланыстар мен дүниетанымдық ортақ көзқарастар бары белгілі.

Дулат шығармашылығында мақтан жалпы қоғамдық әлеумет-

тік категория дәрежесіне көтерілмесе де, жеке адам бойындағы даңғойлық пен мақтан сүйгіштік сияқты жағымсыз реңкте,

аксиологиялық бағалауыштық мәнде қолданылған. Мысалы, «Қой ұрлыққа мақтанған; Ел жиренген ісінен, / Қазан бұзар үй тентек / Көрдік шыққан батырды», – деген мәнмәтінде күш-

қайратты қажет етер барымта болса бір сәрі, өзгенің ұсақ-түйек дүниесін иемденіп кеткенге мақтанып, оны «батырлық» деп «ерлікке балауды – азған елдің адамының бір қасиеті»– деп бағалайды.

Келесі бір мәнмәтінде бұл мазмұн басқа қырынан толыға түседі. Тымсал өлеңінде, мысал сипатында жазылған шығармада, тауыс құстың «ой-өлшеміне сай» алынған мақтан сыртқы сұлулық пен кейбір ерекше іс-әрекетке берілер баға болу керек.

Тауыс былайша мақтанады: «Құбылып тұрған жүнім бар, /

Мүлтіксіз біткен сыным бар... / Сыр-сымбаты дәл келген, / Құс жоқ қой мендей көрнекті, / деп мақтанып тауыс құс / Қанатын көкке сермепті». Ал өзінің бекзаттығын: «Таңдап тоят тататын, / Талғап жерді жататын, Кір шалған жемді жемейтін /

Құстардың мен бекзаты»,– деп бағалайды. Өзіне бір тең келсе, лашын ғана тең келеді деп есептейді, өйткені «Ол да құс бекзаты – лашын / Алыстан тоят тілеген, / Мұзға салып ұясын, / Қаңтарға қарсы түлеген, / Жем жемейтін түн асқан. Ерлікке

129

сай сымбаты / Лашын ғой құстың бекзаты» екен. Бірақ тауыс құс: «Өзім әлі көзіммен / Көргем жоқ лашынды, / Көруге бірақ құмармын, / Сондай бекзат асылды»,– деп сырын білмей сыр-

тынан мақтаған лашынның кейіннен қанды шеңгеліне ілігеді. Бұл шығармада да бос мақтанға сын айтылады: «Пайдасы

көпке тимесе, / Салтанат пен сәні арам» деген сентенция жаса-

лады. Дулат ақын өз ой қорытындысына осындай философиялық мән дарытады.

Абайдың тілдік тұлғасында лирикалық кейіпкер: «Мен мақтанның құлы емес, / Шын ақылға зорлық жоқ»,– деп пенде-

ліктен жоғары тұруды мақсат етеді. Ал Дулат түйініндегі: «Мақ-

танға құл көп адам, Тәңірісініп атқан ғой / Жай сөз емес кеудесін, / Кернеген оның мақтан ғой», – деген жолдар, керісінше,

мақтанға бой алдырған, күйкі тірлік иесінің мінездемесін танытады.

Дулаттың бір шығармасы түгелдей «мақтан» концептісіне құрылған.

Абай шығармасы дискурсындағы: «Пайданы көрсең, бас ұрып, / Мақтанды іздеп, қайғы алма» деген өмірлік кредоны ұстанбаған мақтангөйдің танымындағы ғаламның тілдік бейнесі Дулат дискурсында басқаша берілген: Мысалы, «Шаштараз» дастанында патшаның басындағы қос мүйізді көргеніне, патша сеніп тапсырған ол сырға мақтанған шаштараз сол мақтанның құрбаны болады... Көрген уақиғаны айтпауға бір күннің өзі мұң болып, ақырында шаштараз «өзіне-өзі күбірлеп, / мақтан тойын тойлайды», содан жел естіп, «желден естіп – ел айтады» сыры ашылып, шаштараздың басы алынады, сөйтіп ол «мақтанды іздеп қайғы алады» (Абай). Сірә, бұл философиялық мән Абай өлеңдерінің астарына етене тән болған.

Дулат шығармашылығында мақта(н) сөзі жиырмаға жуық қолданылып, автор әлемінің тілдік суреті былайша таңбаланады: мақтан – дария, сіміресің тоймайсың; мақтан жел, ал өсек-өтірік – оның ұшқыны; мақтан – от, шарпуы күшті; мақ-

тан – тойымсыз; сонымен қатар, мақтанның араны ашылу; мақтанның тойын тойлау және мақтанға семіру сияқты окка-

зионал фразеологизмдер Дулат ақынның тілдік санасының көрсеткіштері қызметін атқарып, автордың өзіндік дүниетанымын, өз әлемінің тілдік суретін танытады. Сол концептінің

130

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]