Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

41

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.96 Mб
Скачать

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ЖЕР КАДАСТРЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ.

Көшен П.Б.

аға оқытушы Акашова А.С

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

E-mail: perizat_koshen@mail.ru

Жер кадастрлық жұмыстарды ұйымдастырудың мақсаты – Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының жалпы жер қорына сипаттам беру, кадастрленетін жер учаскесі, аудан, облыс жерлерінің табиғи, құқықтық, шаруашылық жағдайы туралы алғашқы мәліметтерді алу. Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданында жер кадастрлық жұмыстарды орындауды зерттеу, талдау.

Көрсетілген мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді шешу қажет:

-кадастрлық қызметті ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік мәселелерінқарастыру;

-кадастрлық жұмыстың түрлері мен мазмұнын анықтау;

-кадастрлық жұмыстың негіздерін зерделеу;

-Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданында кадастрлық жұмыстарды жүзеге асыратын объектілерге талдау жүргізу;

Шымкент қаласы – Қазақстандағы ірі қалалардың бірі, Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. Шымкент қаласы және оның төңірегінің территориясы Тянь-Шань тауларының тау алды етегінде жазығында Сайрам және Бадам өзендерінің арасындағы суайырықта теңіз деңгейінен 506 м биіктікте орналасқан. Қала территориясының аумағы 347 км² құрайды, жалпы облыстың жер көлемінен 0,3 % құрайды. Қазіргі таңдағы тұрғындары шамамен 940 072 адам санын құрайды.

Шымкент – еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан үш ірі мегаполистің бірі, яғни Алматы мен Астанадан кейін. Ол солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымына 4 – облыстық, 4 – аудандық бағыныстағы қалалар, 11 ауылдық аудандар кіреді. Шымкент – инфрақұрылымы жақсы дамыған, Қазақстанның жетекші өнеркәсіп және экономикалық орталықтарының бірі. Қалада түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібін дамытып отырған 69 өнеркәсіптік кәсіпорын бар.

Шымкент қаласында қазіргі таңда 3 аудан бар. Осы Абай, Әл-Фараби және Еңбекші аудандарының әкімшілік-аумақтық шекараларын мақұлдау және бекітуге ұсыну туралы Шымкент қаласының әкімдігің 19.02.2014 жылғы №277 санды қаулысы қабылданды.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ АЛҚАПТАРЫН АГРОЛАНДШАФТТЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚАРАСТЫРУ

Қырғызбай Қ.Т., б.ғ.д. профессор, Мамутов Ж.У жетекшілігімен.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университі

e-mail: kuka_12_03_1997@mail.ru

Ландшафттарға бейімделген егіншілік жүйесін қалыптастырғанда экономикалық және экологиялық сападағы тауар өндірісін қоғамдық, табиғи және өндірістік ресурстар негізінде агроландшафттардың тұрақтылығы мен топырақ құнарлылығын ескере отырып, белгілі агроэкологиялық топтағы жерді пайдаланылады. Ландшафт табиғи аумақтық кешен ретінде, бірбірімен байланысты болып, күрделі компоненттердің (литогендік негіз, ауа массалары, табиғи су, топырақ, өсімдік жамылғысы мен жануарлардың таралуы) жиынтығынан құралатын жүйе екендігі белгілі. Бұл компоненттердің агроэкологиялық бағалану өлшем бірлгі ретінде агроландшафттың қарапайым ареалы айқындалады және ландшафттық талдаудың негізін құрайды.

Ландшафттың антропогендік өзгерулері олардың жаңаша қалыптасуын туындатады. Бұлардың компоненті ретінде ауылшаруашылық алқаптарының жоғары өнімділіктері мен экономикалық тиімділіктері табиғи факторларға және топырақтың минералдық заттармен қанық болуына

61

негізделеді. Сондықтан ауылшаруашылық алқаптарының тиімділіктерін арттыру үшін ландшафт компонеттерінің құрамына, табиғи факторлардың әсеріне және минералды заттармен қамтамассыздығына назар аудару қажет.

Жоғарғы және сапалы өнімге қол жеткізу мақсатындағы агроландшафттардың қарапайым ареалдарында ұқсас ауылшаруашылық дақылдарын өсіру жердің агроэкологиялық типіне жіктеп қарастыруды қажет етеді. Осы ретте ескерген жағдай агроландшафттардың қарапайым ареалдарын тікелей қолдану реті ғана қарастырылмай, сонымен қоса, шектеуші факторларды есепке ала отырып, олардың болашақ дамуларының мүмкіндіктерін ғылыми көзқарас тұрғысынан болжау.

Егістіктегі алқаптардың бірыңғай тиімді, әрі экологиялық тұрғыдан дұрыс пайдаланғанда, топырақты өңдеу кезінде беткі ағын сипатының су режиміне әсері қарастырылады. Мұнда топырақ далалық ландшафттардың литологиялық негізін, ал дақылдар агробиоценозын құрайды. Соңғысының қалыпты дамуына ауа температурасы мен ылғалы және жел бағыты әсер етеді. Далалық агроландшафттың әрбір түрі өзіне тән құрылымды құрайтын табиғи межесі болады. Бір алқаптың түрін екіншісімен алмастырғанда ландшафттың құрылымдық деңгейі, сәйкесінше, өзгеріске ұшырайды. Мысалы, шабындық алқаптар топырағындағы жылу режимі мен шектен тыс суланудан сақтайды және арамшөптердің пайда болуына тосқауыл болады.

Жайылым алқаптардағы малды жаю кезіндегі топырақтың механикалық құрамының тығыздалуы, маңызды жем-шөп түрлерінің арамшөптермен алмасуына әкеледі. Жайылым мен шабындық алқаптарының табиғи қалпына келу мүмкіншілігі, табиғи ландшафттарға жақын болғандықтан, көп жылдық екпелер алып жатқан алқаптарға қарағанда жоғары болып келеді. Бұлар орман қорының жерлеріне ұқсас, алайда өзін-өзі реттеу жүйесі әлсіз, әрі жоғарғы интенсивті агротехникалық шаралардың қолданылуын қажет етеді.

Еңбекшіқазақ ауданы ауылшаруашылығы алқаптарының жалпы ауданы-373 791 га, оның ішінде егістік -84 435 га, суармалы жерлер -77 297 га, көп жылдық екпелер -9 176 га, тыңайған жер -1 274 га, шабындық -15 087 га және жайылым -256 678 га. Ауданның ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану үшін оның агроландшафттық ерекшеліктерін ескеру қажет.

ПРИНЦИПЫ ПРИМЕНЕНИЯ ЛАНДШАФТНОГО ПОДХОДА К ОРГАНИЗАЦИИ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ ЗЕМЕЛЬ

Махаева А.Н., магистрант 1 курса специальности «6М090700-Кадастр» под руководством профессора Мамутов Ж.К.

Казахский национальный университет им. аль-Фараби, г.Алматы

e-mail: aliya_mahaeva@mail.ru

В настоящее время ландшафтный подход имеет большое значение в земледелии и вообще в сельскохозяйственном производстве, а также для целей природопользования. Этот принцип позволяет избежать крупных ошибок при проектировании, в частности, исключить случаи объединения в одном поле разнородных участков или неоправданного разделения границами угодий или полей однородных природных комплексов. Вопросам сельскохозяйственного землепользования и землеустройства посвящены многочисленные работы. Тем не менее одна из сторон этой проблемы - оптимальное использование земельных ресурсов на основе анализа и учета неоднородности и изменчивости ландшафтных условий земельного фонда - в типологическом и региональном аспектах все еще остается недостаточно изученной, мало освещенной в специальной и сельскохозяйственной литературе. Таким образом, проведение землеустроительных и кадастровых работ с учетом ландшафтного подхода является актуальной задачей на сегодняшний день.

Объектом исследования является Талгарский район, расположенный в южной части Алматинской области, в юго-восточной части отрогов Илийского Алатау и межгорной Илийской долине на высоте около 1000 метров над уровнем моря и занимает территорию 3,7 тыс. м2. Климат района резко континентальный с жарким летом и холодной зимой. Почвы в основном темно-каштановые, которые в южной части сменяются черноземами. На территории района представлены практически все ландшафты от ледников до полупустынных районов.

Согласно Форме № 22 ежегодного статистического отчета земель по состоянию на 1 ноября 2016 года территория Талгарского района составляет 365327 га, в том числе земли сельскохозяйственного назначения - 183206 га, земли населенных пунктов - 29860 га, земли промышленности, транспорта, связи, обороны и иного несельскохозяйственного назначения - 4775 га, земли особо охраняемых

62

природных территорий - 119272 га, земли лесного фонда - 17885 га, земли водного фонда - 1064 га, земли запаса - 9365 га.

Применение ландшафтного подхода в организации использования земель Талгарского района Алматинской области позволит:

-научно обосновать необходимость или возможность перевода земельных участков из одной категории землепользования в другую;

-классифицировать земли по их экологической пригодности под различные виды землепользования;

-определить перечень необходимых хозяйственных мероприятий по обеспечению и поддержанию экологической устойчивости природных территориальных комплексов;

-установить закономерности соответствия между особенностями ландшафта территории и ее фактическим использованием, определенным кадастровыми и землеустроительнымиработами.

Практическое осуществление ландшафтного подхода к организации землепользования выполняется путем составления тематических крупномасштабных (100 или 200-тысячных) карт, которые составляют каркасный компонент ландшафтной карты объекта исследования. Затем, используя ГИС-технологии, на нее накладываются карты - схемы землеустройства и кадастра. В результате проявляются закономерности соответствия между этими комплекснымиобъектами.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУДЫ ТАЛДАУ

Мұқаділ Т.Е. Бектурганова А.Е. жетекшілігімен

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

e-mail: mukadil.tolganay@mail.ru

Кез келген мемлекеттің ең басты әрі негізгі байлығы – оның жер ресурстары. Сондықтан біз оны қорғауға, өнімділігін көбейтуге, әр гектардан үлкен қайтарымдылыққа жетуге міндеттіміз. Бірақ соңғы кездегі жер реформасының барысын талдау жаңа жер қатынастарының қалыптасуы мен жаңа жер құрылымдары қиындықпен жүріп жатқанын көрсетті. Оның басты себебі жер ресурстарын пайдалануды жоспарлау мен болжау жұмыстарыныңжеткіліксіздігі.

Бұл мәселелер 2016 жылдың 1 қарашасындағы жағдайға сәйкес еліміздің 22 358,3 мың га, яғни 8,2%-ын алып жатқан Алматы облысына да тікелей байланысты. Себебі Алматы облысының жер ресурстарын пайдалануды жоспарлау мен болжау жер ресурстарын объективті бағалауға, олардың сандық және сапалық өзгерістеріндегі заңдылықтарды және өзгерістерді талдауға мүмкіндік береді.

Алматы облысының жер ресурстарын пайдалануды жоспарлау мен болжаудың негізіне статистикалық әдістерге сүйенетін корреляциялық-регрессивті талдау жасау жатады. Яғни облыстың жер ресурстарындағы өзгеріп отыратын бірліктердің арасында жиілікті және байланыстың бағытын, сондай-ақ бұл өзгеріп отыратын бірліктердің арасындағы статистикалық байланыстың аналитикалық көрініс табуын анықтау керек (1-кесте).

1-кесте. Алматы облысының жер санаттарының өзгеру динамикасы, мың га

 

 

 

 

 

 

Жер санаттары

2005

2015 ж.

2016 ж.

өзгеруі (+, -)

 

 

ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 ж. -

2016 ж. –

 

 

 

 

 

2005 ж.

2015 ж.

Ауыл шаруашылығы

6800

8632,2

8697,3

+1897,3

+65,1

мақсатындағы жерлер

 

 

 

 

 

Елді мекендер жері

794,1

803,5

803,5

+9,4

-

Өнеркәсіп,

көлік

290,8

307,2

310,1

+19,3

+2,9

жерлері

 

 

 

 

 

 

Ерекше

қорғалатын

989,5

1078,8

1190,6

+210,1

+111,8

табиғи аумақтар жері

 

 

 

 

 

Орман қоры жері

4009,1

4082,0

4037,2

+28,1

-44,8

Су қоры жері

189,0

193,4

193,4

+4,4

-

Босалқы жерлер

9354,8

7261,2

7126,2

-2228,6

-135,0

Кестеден көріп тұрғандай соңғы 10 жылда облыстың әсіресе ауыл шаруашылығы және босалқы жерлерінде көп өзгеріс болған. Оның басты себебі босалқы жерлерден басқа мақсаттағы жерлерге

63

жердің бөлініп берілуі. Алматы облысының жер ресурстарын жоспарлау мен болжауда статискалық әдістерге негізделген бағыт-экстраполяциялау аса маңызды болып табылады. Себебі жер ресурстарының өткен уақыттардағы өзгеруі мен пайдаланылу мақсаттарына қарай олардың алдағы белгілі бір уақыт аралығындағы пайдалану жоспары мен болашақтық болжамын жасауға болады. Ол үшін Алматы облысының жер ресурстарының тарихи жағдайына толығымен статистикалық және аналитикалық талдау жасалынуы керек.

ЖЕР ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАҚЫРЫБЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ

Мыңбай М.С. Бектурганова А.Е. жетекшілігімен

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

e-mail: myras.2996@gmail.com

Жерді қорғау - оның табиғи қасиеті мен шаруашылық мақсатын қорғау. ҚР Жер кодексінің 17тарауы жерді қорғауға арналған, ал 139-бапта жерді қорғаудың мақсаттары мен міндеттері анықталған. Бұл бапқа сәйкес, жерді қорғау қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға, жерді ұтымды пайдалануға, жерді ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негізсіз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды. Жерді ұтымды пайдалану ауыл және орман шаруашылығында топырақтың құнарлығын арттырумен байланысты агротехникалық шараларды жүргізу арқылы жер пайдалануды білдіреді. Жерді пайдалану мен оны қорғауға қатысты жүргізілетін бақылауды келесі түрлерге бөлуге болады:

мемлекеттік бақылау;

ведомстволық бақылау;

өндірістік бақылау;

қоғамдықбақылау.

Жерді пайдалану мен қорғауға қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 19-ақпандағы № 235 қаулысымен Жерді пайдалану мен қорғауға қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы ереже бекітілді. Бұл ережеде аталғандай, жерді пайдалану мен қорғауға қатысты мемлекеттік бакылауды жергілікті атқарушы органдар, жер ресурстарын басқару, табиғатты қорғау жөніндегі атқарушы органдар және өз құзыреті шегінде өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.

Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын өзге де уәкілетті органдардың қатарынан келесі органдар аталған:

Қазақстан Республикасының Денсаулық қорғау министрлігі;

Қазакстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі;

Қазакстан Республикасының Су ресурстары жөніндегікомитеті.

Бұл органдар өз функцияларын жергілікті атқарушы органдармен және өзара бірлесе отырып жүзеге асырады. Ереженің күші жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, жергілікті атқарушы органдар құрған жергілікті инспекцияларға да таралады. Жер инспекцияларына әдістемелік басшылықты Қазақстан Републикасының Жер ресустарын басқару жөніндегі агенттігі жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде жерді пайдалану мен қорғауға қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың нұсқаулары учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың барлығы үшін міндетті болып табылады.

64

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАЙЫЛЫМ ЖЕРЛЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ МАЛ

ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ.

Орынқожа Қ.Қ.

Ғылыми жетекші: Кожахметов Б.Т.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

e-mail: real_dracula000@mail.ru

Қазақстанның көп байлығы жердің бетінде. Қазақстан бойынша 182 миллион гектар жайылым жер бар. Бұл – зор байлық. Ол жайылымда экологиялық таза, биологиялық тұрғыдан өте құнды, яғни малға жұғымды шөп өседі, ол шөптен мал азығы дайындалады. Соны ұқсата, дайындай, пайдалана білсек, мал шаруашылығымызды қарқынды дамытып, соның өнімімен-ақ дәрежеміз басқа елден кем болмас еді. Бұл да Елбасы Жолдауында айтылды. Біз техника жағынан, компьютер жағынан басқа елдермен қазір толыққанды теңесе қоюымыз қиын, ал осы ата-баба кәсібімен алға ілгерілейаламыз.

Жайылым — оты мол табиғи немесе жасанды өрістік жер алқабы, мал еркін жайылып , бағылатын жер алқабы. Табиғи жайылым және екпе жайылым деп екіге ажыратылады. Табиғи жайылым орналасуына, өсетін өсімдік түрлеріне және пайдалану әдісіне байланысты маусымдық (көктемдік, жаздық, күздік, қыстық) және жыл бойы пайдаланатын жайылым болып бөлінеді.

Бүгінгі күнгі басты проблема – жайылымның тиімді пайдаланылмай отырғандығы. Неге? Өйткені малдың негізгі басы – жеке шаруашылықтарда. Ал олар өзінің күшімен, өзінің техникасымен алыс жайылымдарды пайдалана алмайды. Мал жаппай жайылған соң, қазір ауылдың маңы тықырланып, жер тозып кетті. Өйткені малды дұрыс жаймаудан, малды аз жерге ұзақ уақыт бойы жаюдан ең алдымен құнарлы қабаты зақым шегеді. Деградацияға ұшыраған жер орнына келмейді. Оны қайтадан қалпына келтіру үшін көптеген жыл, қыруар қаржы керек. Қазақстанның бүкіл жерін жыртып тастағанымыз тағы бар.

Жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану мәселесін мамандар бақылауы керек. Ол үшін жайылымның өнімділігін анықтау керек. Малды жаюдың да жоспары бар. Мәселен, белгілі бір жерге қанша мал ұстап, қанша уақыт жаюға, одан қанша мал азығын дайындауға болатынын ескермей болмайды. Мысалы мына жерге төрт отар қойды төрт ай ұстауға болады деген секілді. Бидайды үнемі бір жерге еге берсе, топырақ құнарсызданып, астық өспей қояды ғой. Сондықтан бір жерге бидай ексе, келесі жылы сұлы, топырақты азотпен байытатын жоңышқа, беде сияқты бұршақ тұқымдастар егеді. Қанша малды қанша уақытқа дейін бір жерде бағу керектігін ата-бабаларымыз бұрыннан білген, көшіп жүріп, жайлау ауыстырып, айналдыра жаю әдісін қолданған. Осыдан жерге орналастыру жобасының бір түрі – ауыспалы жайылым жүйесі шығады. Ауыспалы жайылым жүйесі ғылыми тұрғыдан негізделген, жайылым жерлерін ұйымдастыру жобасы. Бұнде климатқа, мал санына, мал түріне, жер көлеміне байланысты, жерді ауыспалы жайылымдарға бөлу жүргізіледі. Осындай жобалар кеңес үкіметі кезеңінде мемлекет тарапынан орындалып отырған, қазіргі таңда жер жеке меншікке өткеннен соң, жер пайдаланушылар мен иеленушілердің қаражаты аздығынан, сонымен қатар талап етілмегеннен осы жобалар орындамай қалыпотыр.

Дегенмен де, 2015 жылдың 27 наурызында шыққан, ҚР ұлттық экономика министрлігінің ауыл шаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану ережесінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдалануын тексеру үшін керекті құжаттардың арасында ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы да кірген. Бірақ та бұл жоба жүзеге асып отырған жоқ. Сонда ауыл шаруашылық жерлерінің пайдаланылу дәрежесі тексерілмей жатқаны ма деген сұрақтуындайды.

Елбасымыз Ұлы Дала елі атап отырған елдегі ұшан-теңіз жайылымды кім игереді? Әлде бұл байлығымызды баяғы тың игерген замандағыдай сырттан біреу келіп игеріп бере ме? Мен бұл жерде ер-азаматтарға ренжимін. Қазақта «Әйел ерге қарайды, ер жерге қарайды» деген мақал бар. Бүгінгі азаматтарымыз неге жерге қарайды, сол далада мұз жастанып, қар жамылып еңбек етпей ме?

65

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЛҚАПТАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗОНДТАУ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАУ

Рахметолла А.Қ. 3 курс Кадастр мамандығы жетекші: аға оқытушы Қожахметов Б.Т.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

e-mail:aray.rakhmetolla@mail.ru

Жерді ғарыштан бақылау үшін қашықтағы әдістер қолданылады. Осының арқасында зерттеуші зерттеп отырған нысан жайлы мәліметті тез әрі сенімді түрде алуға мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда обьектілерді қашықтықтан зондтау, әсіресе космостық ғылымда зерттеулерді сапалы мәліметтермен қамтамасыз етуде жаңа дәуірді қалыптастырды. Бүгінгі күні қашықтықтан зондтау мәліметтерін жердің жасанды спутниктерінен алады. Жердің жасанды серігінің ұшу биіктігінің арқасында үлкен ауқымды кеңістікті қамтуы, олардың ұшу жылдамдығы мен бірнеше спектрлік зоналарды қамту мүмкіндігі үлкен көлемдегі құнды мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Шектеулі маршруттар мен учаскелерде өткізілетін ғарыштық әдістер мен жердегі зерттеулерді бірге қамтитын жер бетін зерттеуді ұйымдастыру жұмыстары жұмыстың өндіріс барысын қысқартуға және кететін шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Қашықтықтан зондтаудың негізгі мәліметтері-бұл растрлық сурет түріндегі цифрлық форматтағы аэроғарыштық суреттер, сол себепті қашықтықтан зондтау мәліметтерін өңдеу цифрлық мәліметтерді өңдеумен тығызбайланысты.

Қазіргі қашықтықтан зондтау мәліметтері үлкен территориялардағы өсімдік жамылғысы туралы жедел әрі сенімді мәлімет беретін ешқандай басқа әдіспен ауыстыруға келмейтін әдіс. Ол ауыл шаруашылығы алқаптарын, табиғи және техногенді обьектілерді зерттеуде, жерлерді тиімді пайдалануда және ұтымды жоспарлауда, әртүрлі ауыл шаруашылық шараларды ұйымдастыруда кең қолданылады. Қашықтықтан зондтау әдісінің артықшылығы оны көптеген зерттеулерде , жаңа әдістерді шығару және мониторингті жүргізуде қолдануға негіз

Ең алғашқы жыртылатын жерлердің мониторингі Қазақстан Республикасының Үкіметінің бұйрығымен 1997 жылы Қазақстанның солтүстік бөлігінде жүргізілген болатын. Бастапқыда NOAA/AVHRR (1 км) спутнигінің көпзоналы суреттері қолданылды. Кейіннен Terra/MODIS (250м) спутнигі қолдануы арқасында егістік алқаптары туралы күнделікті ғарыштық мәліметтер алуға мүмкіндік туды бұл өз кезегіндеқашықтықтан зондтау мәліметтерін ҚР-ның ауыл шаруашылығы министрлігін тұрақты ақпаратпен қамтамасыз ететін жүйеге айналды. Бүгінгі таңда Terra/MODIS (250м) спутнигіне анализ жүргізу үшін индиялық спутниктік жүйе IRS-P6/LISS/Awifs және канадалық радиолокациялық ғарыштық түсіріс RADARSAT-1 қосылды. Жаңадан қосылған спутниктік жүйелер ауыл шаруашылығы өндірісінде шешілетін мәселелердің аумағынкеңейтті.

Қазіргі таңда Ақмола облысының ауыл шаруашылығы мәселелеріне: ауыл шаруашылық алқаптарын есептеу, көктемгі егістік кезеңін, егістік жағдайын бақылау, дақылдардың арамшөп басуын бағалау, жалпы астық жинау болжамы, егінді жинауды бақылау, бір ай бұрынға жалпы астық болжамы жатады. Жұмыстардың уақытылығы және жоғарғы дәлдігі ГАЖ технологияларын қолдану арқылы жүзеге асады. Бүгінгі таңда Ақмола облысының жер мониторингі Terra/MODIS (250 м), IRS/LISS (23 м), IRS/Awifs (56 м), RАDARSAT-1 (100 м) арқылы жүзеге асырылады.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Сатвалдиев Бағдат Талғатұлы г.ғ.к., доцент Токбергенова А. А. жетекшілігімен

Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰлттықУниверситеті

Е-mail: bagdatkz@list.ru

Меpкі aудaны Жaмбыл облыcының оңтүcтік-шығыc бөлігінде, Қыpғызcтaн Pеcпубликacының шекapacындa, Aлaтaу бөктеpінде оpнaлacқaн. Қыpғыз Aлaтaуының cолтүcтік беткейі Меpкі aудaнының aумaғындa жaтыp, aл бaтыc беткейінің біткен жеpі 10 км-дей ендікті aлып жaтыp. Cолтүcтік меpедиaн C.Меpкі ені 45 км дейін өcеді. Қыpғыз Aлaтaуының cолтүcтігіне қapaй жотaлap тaу aлды жaзықтықтapынa aйнaлaды.

66

Жaзықтықтapмен шектеcетін теpең емеc caйлapғa жоғapыдaн қapaғaндa жеp бедеpі толқынды cипaттa болaды.

Меpкі aудaны cолтүcтік-шығыcындa облыcтың Шу, cолтүcтігінде Мойынқұм, оңтүcтікбaтыcындa Т.Pыcқұлов aудaндapымен шектеcеді.

Aумaқтық оpнaлacуы бойыншa үш телімнен тұpaды: тaулы, тaу aлды-жaзықтық және Мойынқұм құмдapы.

Меркі ауданының ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мәселелерін анықтау үшін түгендеу жұмыстарын жүргізу қажет. Жеpді түгендеу - жеpге оpнaлacтыpу және жеp монитоpингі, жеpді кешенді түгендеу жұмыcтapын жүpгізу шapaлapының құpaмдac бөлігі болып тaбылaды. Жеpді түгендеу – жеpдің caны мен caпacы туpaлы толық aқпapaт aлуынa бaғыттaлғaн, жеpдің жaғдaйын зеpттеу жұмыcтapын құpaйды. Түгендеу көмегімен жеpге оpнaлacтыpу объектіcінің шекapaлapын, пaйдaлaнылaтынын, тиімcіз пaйдaлaнaтынын немеcе мaқcaтынa caй емеc пaйдaлaнaтынын, жеp учacткелеpін пaйдaлaну pұқcaтынa cәйкеc қолдaнылуы aнықтaлaды.

Жеpді түгендеу жұмыcтapының елімізде мaңыздылығының apтуы мен оның мемлекет деңгейі мен облыc дәpежелеpінде жүpгізілуі aуыл шapуaшылығы жеpлеpдің көлемін, caпacын aнықтaуғa негіз болaды.. Жеpді түгендеу кезінде aуыл шapуaшылығындaғы бүлінген жеpлеp көлемі ғaнa aнықтaлып қоймaй, оның бүліну cебебі aнықтaлaды және оның aлдын aлу шapaлapы дa қapacтыpылaды. Aуыл шapуaшылығы мaқcaтындaғы жеpді түгендеу жұмыcтapының мaңыздылығын көpcету кеpек және оғaн бөлінетін қapaжaт мөлшеpін өcіpіп, apнaйы мaмaндapмен жұмыc іcтеу еліміздегі бүлінген жеpлеpдің көлемінің қыcқаpуынa cебеп болaды. Түгендеу жұмыстары арқылы мәселелерді айқындадық.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫ ЖЕР АУМАҒЫНЫҢ КЕҢЕЮІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Тасжанова Анар Кожахметов Б. Т жетекшілігімен

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

E-mail: miss_anarka98@mail.ru

Жаң жаққа тамырлап бара жатқан Шымкент қаласының аумағының жері бас жоспар бойынша 40 мыңнан 117 мың гектарға ұлғайып. Қала үш есеге өсті. Қалада Абай, Әл-Фараби және Еңбекші атты 3 аудан болған, қала аумағының күнен күнге өсуіне байланысты 2014 жылы Қаратау атты жаңа ауданың шекарасы белгіленді. Бұл қала аумағына Сайрам 55461,13 га, Төлеби 13671,21 га және Ордабасы 7068,0 га аудандарынан 40 елді мекеннің қосылу себебінен қабылданған шешім. Осыған байланысты «ЖерҒӨО» РМК ОҚ филиалы тарапынан Шымкент қаласы экономикалық зоналарына сәйкес аймақтық бөлінулері бойынша жер учаскесін сатып алу және жер салығының базалық ставкаларын анықтау бойынша аймақтық схема жасалынды. Қала аумағы 10 аймаққабөлінді.

Бүгінгі күнде Шымкент қаласының жер жинағы – 116,28 мың га құрайды, оның ішінде: Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер –65,377 мың га; Елді мекендердің жерлері36,703 мың га; Өнеркәсіп, байланыс, көлік, қорғаныс және де өзге де ауылшаруашылығына арналмаған жерлер – 6,06 мың га; Басқа жерлер- 8,14 мың га. Қала бойынша ауыл шаруашылығына арналған жерлер (қосылған елді мекендермен) жалпы 63196 га жердің құрайды. Оның ішінде 3 938 га ауыл шаруашылығына арналған жерлер 8 соттыққа бөлініп, оның 30 пайыздан астамын тұрғын үйлер салынған.

Елді мекен жерлеріндегі өзекті мәселелерге:

Өз бетінше пайданылғандар жерлер

Бір-бірімен беттескен жерлер

Жалған шешімдер бойынша жер иелену

Қызыл сызықта орналасқандар жерлер

Нысаналы мақсатына сай пайдаланбаған жерлер жатады. Мәселені шешу жолы төмендегідей:

қосылған елді мекендерден 11 834 жер кезегін қаланың жер кезегіне қосу;

егжей-тегжей жоспарын әр аудан бойынша дайындау;

жаңадан бөлінетін алаңшаларға инфрақұрылым жүргізу үшінарнайы

бағдарлама түзіп тиісті қаржы қарастыру;

жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін кезекпенбөлу;

көп қабатты әлеуметтік және мемлекеттік тұрғын үйлердің құрылысын жүргізудіжоспарлау.

67

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АЛЬ – ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ЖЕР КАДАСТРЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Түкен А.А аға оқытушы Акашева А.С. жетекшілігімен

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

E-mail: aisulu_096@mail.ru

Жер кадастрлық жұмыстарды ұйымдастырудың мақсаты – Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының жерлеріне жалпы сипаттама беру, ондағы жерлердің бағалық аймақтарына тоқталу, қаладағы аудандардың, даңғылдар мен көшелердің, автожолдардың, мемлекеттік маңызы бар мекемелер мен өндіріс орталықтарының қай аймақта орналасқанына талдау жасау. Сонымен қатар, Шымкент қаласы Аль-Фараби ауданында жерлерін бағалау мақсатындағы аймақтарға бөлу тәжірибесінің экономикалық маңыздылығын айта кету, қала территориясындағы елдімекендерді құндылық аймаққа бөлу және де ондағы елдімекен жерлерін кадастрлық бағалау мәселелері.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» саяси құжатында: «Қазақстанның алғашқы заманауи урбанистік орталықтары ірі қалалар – Астана мен Алматы, одан соң – Шымкент болады. Олар халықтың және инвестициялардың шоғырлану орталықтарына айналады, сапалы білім беру, медицина, әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсетеді», - деген болатын. Сондықтан да, Шымкент қаласы алғашқы заманауи урбанистік қалалардың бірі болғандықтан, оның бағалық аймақтау мақсатындағы жерлеріне дұрыс талдау жасалынуы тиіс.

Негізгі жерді аймақтау белгілері бойынша нысаналы картограммалар құрылады:

-өмір сүру қамтамасыздығы бойынша жердіңқұндылығы;

-жерді нысаналы пайдалануы бойынша территориялық аймақтардың сипаттамасы;

-қаланың орталығына жету ыңғайлылығы (қала террториясында орналасуы бойынша сипаттамасы);

-базалық салық салу мөлшерін анықтауға жасалатын жерэкспликациясы.

Шымкент қаласы аумағы бойынша қала әкімдігінің 19.02.2014ж. №276 санды қаулысымен есептік кварталдардың шекаралары жасалынды. Шымкент қаласы аумағын кадастрлық бөлу жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлер беру мақсатында жүзеге асырылады. Қала аумағын кадастрлық бөлудiң бiрлiгi есептiк кварталдар болып табылады. Әрбір орналасқан жер учаскесін анықтау (сәйкестендiру) мақсатында кадастрлық нөмiрлер берiледi. Абай ауданына 12 ауыл, Еңбекші ауданына 21 ауыл, Әл-Фараби ауданына 7 ауыл өтті.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ЖАЙЫЛЫМДАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Уразалиев Ғ.М., Ақмолдаева Б.Қ. жетекшілігімен

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Нaрықтық жaғдайдa мaл шаруашылығы саласын дамыту үшін, бірінші кезекте жeм-шөп қoрын тұpақты жoлға қoйып жәнe oны нығaйтуды нeгізгe aлa oтыpып мaл шaруaшылығын интeнсивті әдіспeн жүpгізуге қoлaйлы жaғдaй жaсaу қaжет.

Бұл бaғыттa жaйылымдық aлқaптарды ұтымды пaйдaлaну жoлдaрын нaқтылaп мaлды неғұрлым өзіндік құны төмeн, әрі жoғарғы сaпaдaғы жeмшөп пeн қaмтaмaсыз ету керек. Сoндaй-aқ eң бaстысы мaлдың пaйдaлы зaттaрғa бай, жeңіл сіңіpілетін тaбиғи жaйылымдaрға қoл жeткізудің aмaлдарын ғылыми тұрғыдaн жәнe зaң шeңбeрінде реттелетін жaғдaйдa қaлыптaстыру бoлып тaбылaды.

Кeрісіншe, шaруaшылықтaрды жeкешeлeндіру кeзіндe aуылдан шaлғaй жaтқaн жaйылымдaр ЖШC - дің мeншігінe өтіп, oлaр қaзіpгі кeздe нe өздеpі мал өсіpу шaруaшылығымeн айнaлыспaй, ал мaлмен aйналысатын шаруашылықтaр мен қосалқы шаруашылықтaрғa пaйдaлaнуға шeктeу қoйып кeлeді.

Oңтүстік Қaзақстан облысы Жер қатынастары басқармасының 2016-2017 жылғы ауыл шаруашылығы алқаптарын түгендеу жұмыстарының нәтижесінде облыс көлемінде 244,6 мың га. (5970 жер пайдаланушы) қолданылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері анықталды. Оның ішінде жайылымдар - 161,7 мың га, шабындықтар - 1,5 мың га. Қазіргі таңда, ол жерлердің 72,5 мың га мемлекеттің меншігіне қайтарылды. 83,9 мың га жердің құжаттары заңнамалық тұрғыдан шаралар

68

қолданылуы үшін облыстық жер инспекциясы басқармасына жөнелтілді. 79,5 мың га жерді алдыңғы жер пайдаланушылары игере бастады, 4,9 мың га жер Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 82 бабына сәйкес иесіз мүлік ретінде тіркелді.

Ұтымcыз пaйдaлaну жәнe қaлыптacқан мaл жaю epeжелерін, әcіpесe aуыл мaңынa жaқын жeрлepдe сaқтaлмaуының сeбeбінeн, жaйылым тaпшылығының aуыpтпaшылығын жaйылым пaйдaлaнушылаp кeшудe, ocының caлдарынaн тиіcіншe мaлды жaю мәcелеcі жaйылым aумақтapының көлеміне күш-сaлмaқты көбіpек түсіріп отыp. Осығaн бaйлaнысты кейбіp aймақтaрда жaйылым жeтіспeушілігінің сeбебінeн мaл жaю мәсeлecі күрдeлeніп бapa жaтқaнын көpіпжүpміз.

Бұның бәpі, жaйылымдық pecуpcтарды пaйдaлaну жәнe бөлу, oлapды бaсқaруға қaтыcты зaңнaмaлық нopмалapдың жeтілдірілмeгeндігінeн, сoндaй-aқ қoлдaныстaғы құқықтық баpьepлepдің сaлдapынaн бoлып oтыp.

Coндықтaн, жaйылымдық pecурстаpды ұтымды жәнe тұрaқты бaсқaру туpaлы мәселелер бүгіндe aca өзeкті бoлып oтыр. Бұл турaлы Eлбасы өзінің «Cтратегия «Қaзaқстaн-2050» aтты хaлыққa Жoлдaуындa, oтaндық мaл шaруaшылығын бұрыннaн қaлыптaсқан тapихи дәстүpлерді жәнe жaңa ғылыми-тeхникaлық бaсқapуды eскeре oтыpа қaйтa туындaту кeрeк eкeнін aтaп өткeн бoлaтын.

Pеспубликaдa aуыл шaруaшылығы aясындағы жeр қaтынастap, нeгізінeн Қaзaқстaн Pecпубликaсының Жeр кoдексімен жәнe «Шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметі туралы» Қaзaқстaн Pecпубликасының Зaңымeн рeттeледі. Дeгенмeн, aтaлған нopмaтивтік құқықтық aктілеp жaйылым pecурстарын бaсқapу жәнe ұтымды пaйдалану сaласындa туындaйтын aуқымды мәceлелерін жeткілікті дeңгейдe шеше aлмaйды.

Жaйылымдық aлқaпты құқықтық peттeудің шeктeулігінe бaйлaнысты, ауыл тұpғындapын жaйылыммeн қaмтамaсыз eту бүгіндe өзeкті мәселе бoлып oтыp.

Оcығaн бaйлaнысты, жaйылым пaйдaланушылap мeн жaйылым мeншіктeрінің apaсындағы құқықтық қaтынастapды pеттеуді қapастыру мaқсaтында eлбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы 20 aқпанда Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» заңын қабылдады.

Жайылымдарды ұтымды қолдану мәселесін заңнамалық тұрғыдан шешу, бірқатар экономикалық, экологиялық және әлеуметтік салалардың оң өзгерісіне алып келеді:

-біpіншідeн, хaлықты сaпaлы әpі apзaн мaл өнімдеpімeн қaмтaмaсыз eтуге мүмкіндікбepeді;

-eкіншідeн, ет экспopтының әлеуетін apттыpады;

-үшіншіден, жeкe қoсaлқы шapуашылықтapды жәнe шaлғaйдaғы мaл шapуашылығын дaмытуғa, мaл бaсын apттыруғa, жeмшөп қopын дaйындaуғa, сoндaй-ақ экoлoгиялық тұpғыдaн тaзa мaл шapуашылығы өнімінің өзіндік құнын төмeндeтугe жaғдaйжacaйды.

Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" заңының 6-шы бабына сәйкес Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органының құзыреті болып

1) жaйылымдapды бacқару жәнe олapды пaйдалану жөніндeгі жoспapдыбeкіту;

2)тиісті әкімшілік-aумaқтық біpліктің жeргілікті өзін-өзі бacқapу өкілдepінің қaтысуымeн, жaйылымдapды бacқару жәнe олapды пaйдaлaну жөніндeгі жocпарды іскe acыpу қopытындылаpы туpaлы aудaнның (oблыстық мaңызы бaр қaлaның) жepгілікті aтқapушы opгaнының eсeбінтыңдaу;

3)Қaзaқстaн Peспубликасының зaңнaмacына сәйкec aзaматтapдың құқықтapы мен зaңды мүддeлeрін қaмтeмaсыз eту бoйыншa өзгe де өкілeттіктерді жүзeге асыpужaтaды.

Осыған сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы 11 аудан мен 4 қаланың әкімдігі жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспарын әзірленіп, қазіргі таңда, сол жоспарлар аясында олардың тарапынан мал басын түгендеп, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту» туралы бұйрығында көрсетілген нормалар бойынша жайылым алқаптарынреттестіруде.

69

ГИДРОЛОГИЯ СЕКЦИЯСЫ СЕКЦИЯ ГИДРОЛОГИЯ

SECTION HYDROLOGY

ОЦЕНКА ХОЗЯЙСТВЕННОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ НА ГИДРОЛОГИЧЕСКИЕ ХАРАКТЕРИСТИКИ СТОКА РЕК СЕВЕРНОЙ ПОЛОВИНЫ КАЗАХСТАНА

Абдуллаева Ж.А.

под руководством к.г.н., и.о. проф. Абдрахимова Р.Г

Казахский национальный университет имени аль-Фараби

e-mail: zhanerkeabdullayeva1@gmail.com

Расчет характеристик стока требует большой и трудоёмкой работы по выявлению периодов с однородными гидрологическими рядами. Создание водохранилищ на реках меняет их естественный режим, поэтому оценка степени влияния их на сток рек и количественных показателей характеристик водного режима всегда являются важными задачами гидрологических водохозяйственных расчётов.

Целью настоящей работы является количественная оценка изменения характеристик речного стока после создания крупных водохранилищ на р.Ертыс, р.Есиль, р.Тобыл, р.Нура.

Водохранилище искусственный водоем, образованный в долине реки с помощью водоподпорных сооружении, используется для накопления и хранения воды для нужд народного хозяйства. Водохранилища делятся на два типа: озерные и речные. В работе рассмотрены искусственные водоемы как: Усть-Каменогорская ГЭС на реке Ертыс, Сергеевское и Вячеславское на реке Есиль, Самаркандское, Ынтымакское и Шерубайнуринское на реке Нура, Каратомарское и Верхнетобольское на реке Тобыл.

По собранной информации в северной половине Казахстана насчитывается 112 водохранилищ и прудов, 9 из них являются наиболее крупными, и имеют комплексное назначение.

Для оценки хозяйственной деятельности на гидрологические характеристики стока рек северной половины Казахстана использовались «Ежегодные данные о режиме и ресурсах поверхностных вод суши» РГП «Казгидромет» за период с 1933-2014 гг.

Пропуски в рядах максимальных, среднегодовых и минимальных расходов воды по рекам Ертыс- г.Усть-Каменогорск, р.Есиль-г.Петропавловск, р.Есиль-г.Астана, р.Тобыл – г.Костанай,р.Нура- с.Р.Кошкарбаева восстановлены по связям с аналогами.

Естественный гидрологический режим данных рек нарушен в основном с начала 60-х годов. Каскад водохранилищ на этих реках существенно повлиял на однородность рядов стока.

Анализируя хода интегральной кривой максимальных расходов модно увидеть,что ход кривой после создания водохранилища отклоняется от осредняющей линии в сторону понижения величин максимальных расходов воды. Максиммальные расходы воды в настоящее время регулируются водохранилищем и имеют меньшие значения по сравнению с их естественными величинами.

Анализ рядов и кривых различных характеристик расходов воды показал, что максимальные расходы воды сократились в среднем в 2,5 раза, среднегодовые расходы остаются более стабильными по сравнению с максимальными, а минимальные расходы воды увеличиваются в среднем в 1,7 раза. Это связанно с введением в эксплуатацию водохранилищ.

Водохранилища влияют на сток рек колоссально, полностью меняя его режим. Неоднородность рядов после создания водохранилищ статистически выявляется с помощью критериев Стьюдента, Фишера, Вилкоксона.

70

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]