Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

41

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.96 Mб
Скачать

беретін спутниктік технологияны қолдануға көшті және де алынған мәліметтерді өңдеуде қолданылатын автоматтандырылған бағдарламаларға көшті.

Ғылыми жұмыс мақсаты.

Қазіргі кезде елдердің және әртүрлі технологияның қарқынды дамуы табиғатқа өз кері әсерін беруде. Антропогендік әсер әсіресе ірі қалалар мен өндіріс орталықтарында өнеркәсіп және транспорт дамыған жерлерде өте қарқынды. Егерде қаланы антропогендік экологиялық қуыс ретінде қарастырсақ онда қалалық тұрғындар популяциясында табиғи қуыс мекендеушілеріне қарағанда жүктеме көп есе жоғары. Мұнда адамға әсер етуші фактор көп. Бірақ олардың әсер ету уақыты аз, экологиялық стресс өте ауыр.

Сол мәселелерді қарастыру мақсатында қазіргі геоэкологиялық жағдайларды зерттеп, талдап және нәтижелерін ГАЖ бағдарламаларының негізінде Алматы қаласы атмосферасының экологиялық ластану карталарын құрастыру әдістерінкөрсету.

Мәселенің өңделу деңгейі. Ұсынылған ғылыми жұмыстың негізін автордың Орлов кен орнында істәжірбие өту барысында жүзеге асқан.

Жүргізілген зерттеулер әдістері. Қазіргі заманғы геодезиялық аспаптарды жоғарғы технологиялардың өнімі деп айтуға болады. Оның құрамына соңғы жетілдірілген электроника, дәл механика, оптика, т.б. ғылымдар кіреді. Ал қазіргі қолданылып отырған электронды тахеометриялық жүйелер – жетекші жасаушыларға SPECTRA (Швеция – Германия), LEICA (Швейцария), NIKON, SOKKIA TОPCON (Жапония), PENTAX, TRIMBLE/ SPECTRA/ PRECISION (АҚШ), УОМЗ (Ресей)

жатады. Осы аталған жетекші фирмалар жүзден астам электронды тахеометрлердің моделін модификацияларын және 2008 ж. LEICA (Швейцария) электронды тахеометр мен жер серігі қабылдағышының қосылған роботталған түрін жасап шығарды. Осындай аспаптармен жасалған жұмысты заманауи бағдарламамен өңделді. SURPAK Software International (AUSTRALIA, SSI http://surpac.com.au) дүние жүзі бойынша 2800-ден астам лицензия сатқан, тез дамушы компаниялардың бірі болып табылады. Компания 1982 жылы құрылған, экология, барлау және тау жұмыстарын жобалауда программалық қамтамасыз етеді. Surpac тау жұмыстарында 3Dпрограммасын сапалы құрудағы комбинациялардың бірі.

Ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелері (ғылыми, тәжірибелік): Орлов кен орнында жер бетінің және де жер асты тахеметрлік түсірістері жасалды. Жасалған жұмыстарды анрайы AutoCad және Surpak бағдарламасы көмегімен өңделіп қажетті карталары жасалды.

191

КАРТОГРАФИЯ:ТЕОРИЯЖӘНЕТӘЖІРИБЕСЕКЦИЯСЫ CЕКЦИЯКАРТОГРАФИЯ: ТЕОРИЯИПРАКТИКА

SECTION CARTOGRAPHY: THEORY AND PRACTICE

ОСНОВНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ ГЕОЭКОЛОГИЧЕСКОГО КАРТОГРАФИРОВАНИЯ КОМПЛЕКСНОГО СОДЕРЖАНИЯ

Абильгазиева М

КазНУ им.аль-Фараби

Научный руководитель: д.г.н. Көшім А.Ғ.

Картирование как метод пространственного анализа является одним из наиболее важных методов и инструментов, которые сопровождают каждое географическое исследование, которое в настоящее время становится все более экологичным. Среди них - возникла в конце XX века междисциплинарная область, называемая «геоэкологией». Его основной объект - система «природа - общество» («природа - общество»), которую можно изучать как с точки зрения естественнонаучных (геоэкологических), так и гуманитарных (социальных и экологических) дисциплин. Исследовательской базой для этой области является ландшафтная структура территории, представляемой комплексом природных и природно-антропогенных ландшафтов (геосистем), которые получают оценку как среду обитания и объект человеческой деятельности. Развитие геоэкологии приводит не только к появлению карт нового содержания и целей, но и к изменению концептуальных картографических подходов к созданию карт и способов отображения их объектов и явлений, приобретающих экологическую значимость.

Создание геоэкологических карт следует рассматривать как логическое заключение независимых исследований - эко-географический анализ любой территории, целью которого является определение условий и свойств, которые характеризуют окружающую среду человека. Критерии и индикаторы, отраженные в тематических картах, строго антропоцентричны и соответствуют экологическим требованиям, которые человек делает для окружающей среды своим природным и природным и искусственным элементам. Принципы геоэкологического картирования:

Принцип системного анализа-синтеза требует рассмотрения и картирования структуры, состава, функционирования, динамики и эволюции всех подсистем - естественных, экономических, популяционных;

эволюционно-генетический принцип вытекает из требований систематического подхода, отражает необходимость нахождения времени и генетических характеристик исследуемых объектов, процессов и явлений в системе «природа - население - экономика», их анализ икартирование;

факториальный принцип направлен на поиск, обнаружение и исследование причинноследственных связей в этой системе и ее отдельных единицах (то есть идентификация системно важных связей);

структурный и морфологический принцип направлен на изучение морфологических характеристик объекта, его составного (элементарного) состава и суперпозиции между отдельными блоками, подсистемами;

процессно-динамический принцип отражает необходимость изучения функционирования процессов обмена энергии и массы в системе и подсистемы триады «природа - население - экономика».

Очевидная необходимость интеграции разнообразной экологической информации делает ее особенно актуальной сложной экологической картиной. Комплекс отображает наиболее полное и точное представление об экологическом состоянии территории, позволяет широко учитывать изменения в характере и их воздействии на человека, позволяет отображать множество взаимосвязанных объектов и выполнение каждого из них на основе по широкому спектру параметров системы - естественному, социально-экономическому, демографическому.

192

ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КӨМЕГІМЕН КЕШЕНДІ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЖАСАУ

(Бұқтырма су қоймасы маңындағы аймақ мысалында)

Алпысбай М.А.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Ғылыми жетекші: г.ғ.д, профессор Көшім А.Ғ.

Дәстүрлі түрде кез-келген аймақтың жер бедерін зерттеу үшін морфометриялық анализ негіз қызметін атқарады. Ол объективті және кешенді бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жер бедерінің морфометриялық қасиеттерінің анализі аймақты картографиялау мен кешенді зерттеуде, ландшафттық жоспарлауда және болжауда ең маңызды критерийлердің бірі. Мұндай зерттеулер шеңберінде арнайы мамандандырылған бағдарламалық кешендерді пайдалану еңбекті көп қажетсінетін морфометриялық жұмыстарды орындаудан арылтады, түрлі мазмұнды, кеңістіктік масштабты және күрделілікті морфометриялық карталардың кешенін құрастыруға мүмкіндік береді. Оған қоса Жер бедерінің морфологиясы туралы үлкен көлемді ақпаратқа ие SRTM (Shuttle radar topographic mission) ғарыштық түсіріс тегін қол жетімді мәліметтері зерттеудің нақты базасы қызметін атқарады. Мұндай зерттеу Бұқтырма су қоймасы маңындағы аймақта жүргізіліп, жұмыста ұсынылып отыр.

Жұмыстың мақсаты: SRTM мәліметтері негізінде ГАЖ көмегімен Бұқтырма су қоймасы аймағына кешенді морфометриялық анализ жасау.

Зерттеу нысаны ретінде таңдалған Бұқтырма су қоймасы Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай тауларында орналасқан. Ол Ертіс өзенінде Бұқтырма СЭС бөгенін салу кезінде құрылған. Өлшемдері бойынша Бұқтырма – әлемнің ең ірі жасанды су қоймаларының бірі. Су қойманың ауданы 5490 шаршы шақырым. Жағалық сызық ұзындығы – 425 км. Нарым мен Бұқтырма өзендерінің жайылмасында су қойма ені 10 км-ге жетеді, ең терең жері шамамен 60 м. Бұқтырма орналасқан аймақ орманға және түрлі өсімдік түрлеріне бай өлке. Сонымен қатар ерекше пішінді жартастарды кездестіруге болады. Бұқтырма су қоймасы жағалауындағы жағажайлар негізіненқұмды.

Бұл жұмыстың негізі – SRTM (Shuttle radar topographic mission) радарлы интерферометриялық топографиялық жер серіктік түсіріс мәліметтері. Жұмыс 2016 жылдың ақпанында көп қолданысты «Шаттл» ғарыштық кемесімен орындалды, ол жер шары аумағының үлкен бөлігін қамтып жатыр (85%). Қолжетімді SRTM мәліметтері рельефтің сандық үлгісінің растрлық файлы түрінде ұсынылады, бұл жерде пиксельдің мәні берілген нүктедегі теңіз деңгейі биіктігімен есептеледі. Мәліметтердің математикалық негізі референц-эллипсоид (датум) WGS84) пен GCS_WGS_1984 проекциясы. Мәліметтердің үш нұсқасы бар, оның ішінде SRTM алдыңғы нұсқалармен салыстырғанда жаңартылған және біршама жақсартылған (жағалық сызықтарды және су нысандарды ерекшелеу, қате мәндерді фильтрлеу); қазіргі таңда жер бетінің үлкен бөлігіне кеңістіктік рұқсаты 1 бұрыштық секунд (30 м), 5х5 градусты квадрат түріндегі, және 30 бұрыштық секунд рұқсатты генерализацияланған SRTM мәліметтері қол жетімді. SRTM мәліметтерін пайдаланудың маңызды бөлігі – бастапқы мәліметтер дәлдігінің анализі. Бұл бағытта жасалған зерттеулер, аталған мәліметтердің жеткілікті дәлдігін көрсетеді. SRTM мен 1:50000 масштабты топографиялық картасы негізінде құрастырылған жер бедерінің сандық үлгісін салыстыру олардың аздаған айырмашылықтарын көрсетті. Белгіленген айырмашылықтар, әрине, принципті түрде ерекшеленбейді және SRTM ірі масштабты морфометриялық анализ үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

Морфометриялық жұмыстар мен қорытынды карталарды құрастыру үшін ArcGIS 10.4 бағдарламалық кешені пайдаланылды. Морфометриялық көрсеткіштер ретінде вертикалды тілімдену, жер бетінің еңістігі, бет экспозициясы және горизонталды тілімдену саналады. Жұмысты орындау мақсатында Spatial Analyst модулінің құралдары пайдаланылды, мысалы еңістік, экспозиция құралдары.

Осылайша, ГАЖ көмегімен кешенді морфометриялық анализ жасау үшін SRTM радарлі интерферометрлік топографиялық түсіріс мәліметтерін пайдалану рельефтің қасиеттерін тиімді және жылдам бағалауға, соның ішінде ландшафттық жоспарлау мен болжау мақсатында пайдалануға мүмкіндік береді. Кешенді морфометриялық анализ түрлі сипатты эрозиялық тілімдену облыстары мен сәйкес аудандарды көрсетуге рұқсат берді.

193

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРІН АРА ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗЕРДЕЛЕУ МӘЛІМЕТТЕРІМЕН АНЫҚТАУ

Ағыбаева Л.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Ғылыми жетекші: г.ғ.д, профессор Көшім А.Ғ.

Агрономия – грек тілінен аударғанда дала, егістік жер деген ұғымды білдіреді. Агрономия – диқаншылық заңдары туралы ғылым, ауыл шаруашылығы өндірісінің ғылыми негізі, ауыл шаруашылығы салаларындағы барлық білімдердің жиынтығы. Агрономия көптеген ғылымдарды қамтиды, олар – агрохимия, агрофизика, мелиорация, фитопатология және т. б. Агрономия бірнеше салалардан тұрады, соның бірі - ауыл шаруашылығы.

Ауыл шаруашылығы – өсімдік өсірумен және мал өсірумен айналысатын халық шаруашылығының саласы. Агроөнеркәсіптік кешенді құрайтын ауыл шаруашылығының негізгі мақсаты елді азық-түлікпен қамтамасыз ету және кейбір өнеркәсіп салалары үшін шикізат алу болып табылады. Ал осы ауыл шаруашылық жерлерін картографиялау географиялық ғылымдардың негізгі мәселесі болып табылады. Бүгінгі таңда жер бетіндегі нысандарды анықтауда қашықтықан зерделеу мәліметтерін қолданады, яғни ғарыштық суреттерді. Ғарыштық суреттерді Жердің жасанды серіктерімен түсіріп, оларды алдын ала өңдеп, байланған ғарыштық суреттерді ENVI немесе ERDAS IMAGINE компьютерлік бағдарламаларында классификациялайды, яғни дешифрлейді.

Дешифрлеу – бұл фотосуретте нысандардың қасиеттерін және өзара байланыстарын олардың бейнесі бойынша анықтап тану процессі. Дешифрлеу процессі кезінде дешифрлеу белгілері қолданылады. Дешифрлеу белгілері – фотосуреттерде тура немесе жанама түрде бейнелерді табатын нысандардың қасиеті және нысандарды анықтап тануды қамтамасыз етеді. Дешифрлеу белгілері тура және жанама болып екіге бөлінеді. Фотосуреттерде бейнеленген нысандардың қасиеттерін тура дешифрлеу белгілері деп атау келісілген. Оларға 3 топ белгілері жатады:

геометриялық (формасы, көлеңкесі, өлшемі)

жарықтық (түс, жарықтық деңгейлері, фотоөң, спектральдықбейне)

құрылымдық (құрылымы, суреттің бейнесі, текстура)

Тура дешифрлеу белгілері фотосуреттерде бейнеленген нысандарды анықтап тануға мүмкіндік береді, бірақ олар бойынша нысандардың қасиеттерін әрдайым анықтау мүмкін емес. Бұл үшін жанама дешифрлеу белгілері қолданылады. Жанама белгілері ретінде басқа нысандардың тура дешифрлеу белгілері, яғни индикаторлар қолданылады. Олардың ішінен келесіні атап өтуге болады:

фотосуреттерде бейнеленбеген нысандардың индикаторы; нысандар қасиеттерінің индикаторы

қозғалыстың немесе өзгерістердің индикаторы

Индикациялық дешифрлеу бір ландшафттың компоненттерін басқа, яғни фотосуретте жеңіл анықталатын физиномиялық түрімен анықтау қарастырылған. Нысандардың формаларын өлшеуді, жаппай таралған нысандардың сандық статистикалық көрсеткіштерін анықтауды, бейне суретінің ерекшеліктерін қолдану арқылы морфометриялық дешифрлеу жүргізіледі. Ландшафттық суреттердің сандық қасиеттері негізінде морфометриялық ландшафттық дешифрлеудің компьютерлік алгоритмдері ландшафттық суреттердің сандық қасиеттерін өңдеу үшін зерттеледі.

ENVI бағдарламасында Landsat 8 фотосуретін классификациялау кезінде 5-4-3 каналдар комбинациясын қолданда дешифрлеушіге көптеген ақпараттар береді, ауыл шаруашылық жерлерін талдауға мүмкіндік береді.

СЕЙСМИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫС МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ КАРТОГРАФИЯЛАУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

(АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫ МЫСАЛЫНДА)

Асқар Бизат Р.Т. Бексеитованың жетекшілігімен

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

e-mail: bizat.askarkyzy@mail.ru

Жер сілкінуінің жойқын күші және оның әсерінен болатын алапат апаттар адамзат өміріне айтарлықтай қауіп тудырған. Оған дәлел Верный, Жаркент, Лепсі өңірлерінде болған күшті

194

сілкіністер. Табиғаттың бұл дүлей алапатын болдырмауға адамзат бүгінгі таңда қауқарсыз. Бірақ, осы мәселелерді шешу мақсатында сейсмикалық құбылыстарды бақылауда ұстау үшін карталар жыл сайын жасалып, бақыланып отырылуы тиіс.

Жер сілкінісі еліміздің оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда жиі байқалады. Әсіресе, Алматы облысында төмен баллдық жер сілкінулері жиі болып тұрады. Жұмыстың басты мақсаты - Алматы облысындағы тектоникалық жарылымдарды жіктеп, динамикалық көрсеткіштерін жылдар бойынша бөліп көрсетіп, ArcGIS бағдарламасы негізінде сейсмикалық карталар құрастыру.

Карта бастамас бұрын, жергілікті жердің құбылысын зерттеу қажет. Ол үшін нақты фактілерді жинақтап, кеңістіктегі орындарын анықтап, бір жүйеге келтіру керек. Жер сілкінуі кезіндегі жер бетінің тербелісі арнаулы сейсмикалық аспап арқылы тіркеледі. Алматы облысының сейсмикалық картасын жасарда 1:1 000 000 масштабтағы топографиялық карталар жүктеп, тұп нұсқаларды лабораториялық жағдайда өңделеді. Содан кейін сейсмикалық станциялардан және арнайы сейсмикалық сайттардан алынған мәліметтер жинақталады. Аймақтағы жер сілкіністерінің динамикасын көрсету үшін, соңғы 10 жыл аралығында болған дүмпулердің мәліметтерін арнайы сайттардан жинақталуы қажет, 16 ауданының және облыстық бағынуға ие 3 қаланы бөліп көрсетіп, барлығын баллдық жүйемен статистикасын алып, бағдарламаға енгізіледі. Әр ауданның динамикалық көрсеткішін диаграмма арқылы көрсетуге болады.

Қазіргі таңда Сейсмология институтының мәліметінше облыстың аудандастыру картасы ескірген. Жер асты суларының қозғалысы мен қала құрлыстарының қарқындылығына байланысты сейстикалық жарылымдар күннен-күнге артуда. Алматы облысы орналасқан өңір – сейсмологиялық апатты аймақ болып табылады. Жер сілкінісі зардабын азайтудың ең басты алғышартарының бірі – алдын ала болжанған мәліметтерге сүйене отырып халықты аман сақтап қалу, және де қорғаныс шараларына ерте қамдану.

СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АТЫРАУЫНДАҒЫ ЛАНДШАФТТАРДЫҢ ТРАНCФОРМАЦИЯСЫН

БАҒАЛАУ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯЛАУ

(Қызылорда облысы мысалында)

Бақуат Б.С

Ғылыми жетекші: г.ғ.д, профессор Көшім А.Ғ. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Қызылорда облысының табиғи ландшафт құрылысы ғасырлар бойы қалыптасқан. Ландшафттың қазіргі күйінің қалыптасуында палеоген, неоген және антропогендік кезең шешуші орын алады. Табиғи ландшафттың құрылысын анықтайтын негізгі факторлар: жергілікті жердің геологиялық құрылысы, тектоникалық даму тарихы, жер бедерінің генетикалық ерекшелігі, климаттық, топырақөсімдік жағдайы мен қазіргі жер бедерін түзуші процестер. Жер бедерінің әртүрлілігі негізгі ландшафтқұрушы фактордың бірі ретінде зерттеу аймағының табиғат кешенінің алуантүрлілігін көрсетеді. Морфоқұрылымдық қиындығы және микроклиматтық жағдайының алуантүрлілігі топырақ-өсімдік жамылғысының кешенді дамуына мүмкіндік береді.

Аймақта табиғи ландшафттар антропогендік қысымның күшеюінен (ауыл шаруашылық, техногендік, рекреациялық т.б.) күшті өзгеріске ұшырады және жаңа келбетке ие болды.

Ландшафтқа халық шаруашылығының әсерін көрсету үшін бірнеше көрсеткіштерді мысал ретінде келтіруге болады. Негізінен Қызылорда облысының жер ресурстарының табиғи ландшафттарын ауыл шаруашылығы-ның егін және мал шаруашылығы (жайылым) салалары пайдалануда. Онан кейінгі әсер, теңіздің тартылған табанындағы жаңа ландшафттың табиғи қалыптасуы. Бұл жерде ландшафтың қалыптасуында желдің әрекеті мен өсімдік жамылғысындағы сораң мен сарсазанның маңызы зор.

Атыраулық табиғи-аймақтық кешендердің жалпы ауданы 1520 км2 құрайды, оның: 711 км2 эолды жазықтардың ТАК-і 584 км2 аллювиалды жазықтар ТАК-і 118 км2 төрткүл-төбелі жазықтар ТАК-і

48 км2 теңіздік жазықтар ТАК-і 32 км2 айдынды ландшафтар және 17 км2 тың жерлер.

Жалпы құрылымда 284 км2 немесе 113600 га суармалы агроландшафтар бар. Суармалы кешендер (ежелгі және қазіргі) негізінен аллювиалды жазықтарда және абсолюттік биіктігі теңіз деңгейінен 5853 м жерлерде таралған. Антропогендік әрекеттің салдарынан, соның ішінде ауыл шаруашылығы өндірісінен бүкіл суармалы жердің төрттен үш бөлігі екінші рет тұзданып, тастанды жерлерге

195

айналды. Соның әсерінен бұл жерлер сорларға айналды. Шөлдену процесінің қарқындануынан 230 мың га жайылым мен 7,1 мың га шабындық жер түпкілікті жақсартуды қажет етеді, топырақтың тұздануынан өсімдік жамылғысы жойылуда.

Облыс аумағындағы ландшафттардың зоналық типтерінің антропогендік өзгеру дәрежесін үш топқа бөлуге болады: а) әлсіз өзгергендер; б) біршама өзгерген табиғи кешендер және в) қатты өзгерген кешендер.

Әлсіз өзгергендерге шөлдік ландшафттарды (Қызылқұм) жатқызуға болады, біршама өзгерген ландшафтарға Сырдарияның атыраулық жазығын (егістік-күріштік, бау-бақшалықтар), қатты өзгерген ландшафтқа қала және елді мекендер төңірегін жатқызуғаболады.

Қызылорда облысының жер қорын шаруашылықта пайдалану құрылымына талдау жасағанда жергілікті ландшафттардың әр түрлілігін көрсетті. Сырдария бойындағы тоғайлық – бұл шөлге тән ерекше ландшафттың тұнып тұрған қайталанбас өңірі. Мұнда Қазақстандағы бірден-бір реликті ағаш - қызыл тораңғыл тоғайы өседі. Сусыз қаңыраған даладағы шұратты жер – Телікөл көлдер жүйесінің өзі ерекше экожүйе.

АНТРОПОГЕНДІК-БҰЗЫЛҒАН ЖЕРЛЕРДІ КАРТОГРАФИЯЛАУ (шөлдену процесі ретінде)

Бәйімбетова А.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Ғылыми жетекші: г.ғ.д, профессор Көшім А.Ғ.

Қазіргі кезде ең басты мәселелердің бірі жердің деградатциясы немесе шөлдену. ООН-ның шөлденумен күресу конвенциясында «шөлдену»жердің деградациясы деп көрсетеді-құрғақ, жартылай құрғақ және субгумидті аудандардағы әр түрлі факторлардың әсерінен, климат және адам әсерін қоса алғандағы жағдай.

Шөлденудің антропогендік факторы: ормандардың кесілуі, өртенуі; жайылымдардың өнімділігінің мал жаю арқылы төмендеуі, топырақтың эррозияға ұшырауы, суды нерационалды пайдалану, грунт суларының деңгейінің төмендеуі, топырақтың тұздалуы

Шөлдену: әлеуметтік-экономикалық және табиғи процесс болып есептелінеді.

Жердің деградацияға ұшырауы-бұл жердің табиғи мүмкіндіктерінің кемуі, қайта қалпына келуінің төмендеуі, табиғи биологиялық түрлердің кемуіне әкеледі. Шөлдену-бұл жердегі таралған биологиялық алуан түрліліктің қысқаруы мен жоғалуы және су ресурсының тапшылығы, өсімдік жамылғысының жойылуы, фауналардың басқа жағдайға бейімделуі

Қазіргі кезде технологияның дамуы қарқынды жүріп жатыр. Арақашықтан зерделеу ең тиімді әдіс болып есептелінеді. Картографиялауды әуеғарыштық түсірілім арқылы, табиғи ресурстарды анықтау, табиғаттағы болып жатқан өзгерістерді, табиғый және антропогенді процесстерді анықтауға және бағалауға болады.

Осындай әдіспен Қызылқұмның оңтүстік-шығысындағы өсімдік жағдайы анықталды. Сол аумақтағы шөлдену процессін туғызып отырған антропогендік әсерлер анықталды.

Зерттеу нәтижесінде өсімдіктердің трансформациясы бұзылғаны байқалды. Оның себептері:

1.Малды еріктен тыс жаю. Осы фактор әсерінен өсімдіктер трансфарматциясында өзгерістер байқалды, флоралық құрамның өзгерісі және фитоцендік түрдің ролі (құрамы, өнімділігі, беріктілігі, тығыздылығы, семиялы және вегатациялы жолы ), биоалуан түрліліктің қысқаруы, бір түрдегі өсімдіктің жоғалуы.

2.Суды пайдалану арқылы өсімдік қабатының бұзылуы. Құдықтар.

3.Елді-мекендерге байланысты. Күшті өзгерістер байқалады, топырақ және өсімдік қабаты, негізінен мынадай шаруашылық әрекетінен бұзылған: құрылыс, жол салыу, мал жаю және малды айдап өту, жерді дұрыс пайдаланбау. Сол аумақтағы өсімдіктер жойылған, құрылыстарға жақын жерде редуальды түрлер тобы байқалады.

Шөлдік зонада халықтың тығыздығы өте төмен, мысалға: қызылқұмда, Арал маңықарақұмда, Қызылорда облысының сол түстік бөлігінде 1ш.ш. жерге 1 адамнан аз келеді. Шөлдік зонадағы қалалар, көбіне өзен бойында, пайдалы қазбаларға және ірі транспорт магистралына жақын жерде орналасқан. Осы жерлерде ландшафтқа, антропогендік әсер деңгейі өте байқалады. Арал, Сексеуіл, Қызылорда, Қазалы , Жосалы, Жалағаш, Шиелі қалалары Сырдария өзені, магистралды және темір жол бойында орналасқан болып табылады. Ірі қалалар барлық компонентке өз әсерін тигізеді, көбіне гидроклиматогенді және биогенді яғни атмосфералық ауаның ластануы, беткі сулардың және

196

топырақ түзуші қабаттың бүлінуі табиғи өсімдіктердің кемуі мен жоғалуы болып табылады. Көбіне литогенді негізгі ландшафта байқалады; құрылыс жүргізу нәтижесінде рельефтің бұзылуына әкеледі, яғни бәр жердің топырағын екінші жерге тастауға тура келеді. Елді мекендерге жақын жерде су және жел эрозиясы, грунтты қабаттың жоғалуы байқалады.

4. Құрылыс және жол тораптарын салғанда. Жол тораптарын салу толық өсімдік қабатының жойылуына әкелген. 100-120 м ендікте және геохимиялық ластанубайқалады.

ЗАЙСАН КӨЛІНІҢ ЖАҒАЛАУЛЫҚ БӨЛІГІНІҢ ӨСІМДІК ЖАМЫЛҒЫСЫН ҒАРЫШТЫҚ СУРЕТТЕР БОЙЫНША МОНИТОРИНГІЛЕУ

Бегимжанова Е.Е.

Б.Ж. Бекмурзаевтың жетекшілігімен

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

e-mail: 20089527@mail.ru

Зайсан көлі Қазақстан Республикасы аумағындағы ірі географиялық нысандардың қатарына жатқызылады. Ол экологиялық, рекреациялық тұрғыдан маңызды орындардың бірін иемденеді. Сондықтан, Зайсан көлін, әрі оның жағалау бөлігіндегі табиғат компоненттерін зерттеудің маңыздылығы жоғары. Соған байланысты, зерттеу жұмысында көлдің жағалау бөлігінің өсімдік жамылғысын бақылауға ерекше көңіл бөлінеді.

Көлдің жағалау бөлігіндегі әртүрлі өсімдік жамылғысы гидробионттардың белгілі бір құрамын қалыптастырып қана қоймай, олардың даму деңгейі балықтардың уылдырық шашу жағдайын анықтайды. Әртүрлі су нысандарының жағалаулық бөлігінің өсімдік жамылғысын мониторингілеу маңызды процесс болып табылады. Себебі, ол арқылы тұтастай экожүйенің жай-күйін бағалауға болады. Жағалау-су өсімдіктері олардың морфологиялық, биологиялық және экологиялық сипаттамаларына байланысты өсімдіктер әлемінде жеке орын алады. Жағалау өсімдіктерінің нутоғайлары су объектілерінің түрлі органикалық және минералды ластағыштардан, қоректік заттардан, мұнай өнімдерінен, пестицидтерден және ауыр металдардан тазартуға арналған күшті тазартқыш агент. Дәл осы себептен, өсімдік белдеуі бар су экожүйелері антропогендік ластануға ең төзімді болып табылады. Соған байланысты, Зайсан көлінің жағалау өсімдіктеріне мониторинг жүргізу арқылы көлдің жай-күйі анықталынады.

Өсімдік жамылғысының өзгерісін бағалау жұмыстары кешенді түрде талдауды қажет етеді. Зерттеу жұмысы екі жағдайда жүргізіледі: камералдық және далалық зерттеулер. Камералдық зерттеулер барысында зерттеу аймағының географиялық, метеорологиялық жағдайын сипаттайтын материалдар, өсімдік және топырақ жамылғысына қатысты мәліметтер келтірілген дерек-көздері жинақталады. Көлдің өсімдік жамылғысының вегетациялық кезеңіне байланысты белгілі бір жылдарға сәйкес келетін ғарыштық суреттер жүктеліп, NDVI-индексі арқылы классификацияланады. Алайда, камералдық жұмыстардың мәліметтері сенімді екендігін толықтай айту мүмкін емес, сондықтан далалық жұмыстарды жүргізу қажет. Далалық жұмыстар арқылы, камералдық зерттеулерде анықталған өсімдік түрлері расталады. Өсімдік және топырақ жамылғысы бір-бірінің индекаторы болып табылатындықтан, зерттеу аймағындағы сау емес өсімдік жамылғысы таралған аудандардағы топырақ жамылғысының химиялық құрамына қосымша зерттеулер жасалынып, қандай ластағыш заттар көздері әсер етіп жатқандығы анықталады. Өсімдік жамылғысының жай-күйіне метеорологиялық жағдайлар да өз әсерін тигізеді. Сондықтан, жауын-шашын деңгейі, күн радиациясының мөлшері көрсетілген жылдарда қандай мөлшерде болғандығы және қалай өзгергендігі туралы мәліметтер жинақталып, зерттеу жұмысын толықтырады. Осы деректердің негізінде өсімдік жамылғысының өзгерісі анықталады.

197

ҚАШЫҚТАН ЗОНДТАУ ДЕРЕКТЕРІН ТАБИҒИ-РЕСУРСТЫҚ МОНИТОРИНГТЕ ПАЙДАЛАНУ

Болатбек Ш.

Г. С. Мадимарованың жетекшілігімен

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

e-mail: sherhan_1998.kz@mail.ru

Бүгінгі күні техниканың дамуы қарқынды жүруде. Сондықтан жасанды Жер Серіктерін қолдану көмегімен алынған ақпараттарды табиғи-ресурстық мониторингте пайдалану қалыпты жағдай.

Табиғи-ресурстық мониторинг – табиғи ресурстардың (атмосфералық ауа, су, топырақ, кен байлықтар, ау райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі,т.б.) жағдайларын антропогендік факторлардың әсерінен өзгеруін бақылау, бағалау және болжау жүйелері ретінде қарастырылады. Республикамыздағы мониторингтік жұмыстар «Қазақстан Республикасы ғарыштық мониторингінiң ұлттық жүйесi» ғылыми-техникалық бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

Қашықтықтан зондтау деректерiн қабылдау, мұрағаттау және тақырыптық өңдеу бойынша үлкен тәжiрибе жинақталған. ҚР ҒЗИ-де «Қазақстанның аграрлық ресурстары», «Семей ядролық полигоны», «Алматы», «Арал», «Каспий» геоақпараттық жүйелерi (ГАЖ) әзiрленген. Осылайша, Қазақстанда ғарыштық мониторингтің ұлттық жүйесiн дамытуға, әртүрлi мүмкiндiктегі қашықтықтан зондтау деректерiн пайдалана отырып, аумақтар мен өңiрлердiң ғылымды қажетсiнетiн технологияларды басқаруды тәжiрибеге енгiзу үшiн ғылыми және материалдық-техникалық негiз құрылды. ГАЖ-ды қолдану аясы бүгінгі күні өте кең, олар: жер комитеті, табиғи ресурстарды бақылау, экология, жергілікті басқару, көлік, экономика, қоғамдық міндеттер және т.б. осындай технологияларға қызығушылық күннен-күнге артып келеді. ГАЖ-дың әдеттегі қолдану салалары-жер кадастры, табиғи ресурстар кадастры, экология, жылжымайтын мүлік саласы және шешім қабылдау саласында қолданылады.

Әлемде көлемі жағынан тоғызыншы орын алатын алып аумағымызды тиімді пайдалануға жеткізетін даңғыл жолдың бірі осы ЖҚЗ ғарыштық жүйесі. Егер жіліктей айтатын болсақ, ЖҚЗ ғарыштық жүйесінсіз мемлекеттік стратегиялық басымдықтар болып табылатын ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, энергетика, жердің қойнауы мен бетіндегі байлықтарын пайдалану мәселелерін толыққанды, заман ағымына сай шешу қиын. Ал қазіргі жағдайға келетін болсақ, мемлекетімізде әлі күнге дейін әлемдік дәрежеге сай электронды түрдегі ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы (ҰКДИ) жасалмаған. ЖҚЗ ғарыштық жүйесі, ең алдымен, осы ұлттық ауқымдағы проблемаларды шешуге себепкер болатынына Қазғарыш және ҚҒС жетешіліктері сенімді.

ЖҚЗ ғарыштық жүйесі экономикалық жағынан аса тиімді болатыны қазірдің өзінде анық болып отыр. Бүгінгі ғылымның соңғы жетістіктері ЖҚЗ жүйесін жер қойнауындағы байлықтарды анықтауға пайдалануға болатынын дәлелдеп отыр. ЖҚЗ ғарыштық жүйесін пайдалану ауыл шаруашылығына қыруар пайда әкелетіні күмәнсіз екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. ЖҚЗ ғарыштық жүйесі елімізде қордаланып қалған көптеген экологиялық проблемаларды шешуге себебін тигізетініне зерделі жұрт берік сенімде. ЖҚЗ ғарыштық жүйесі жер, орман, су ресурстарын қадағалауда, кадастр, картография, мониторинг және т.б. салалардағы еңбек өнімділігін аса тиімді ете алады.

«LANDSAT» ҒАРЫШТЫҚ СУРЕТТЕРІН КАРТОГРАФИЯЛАУДА ҚОЛДАНУ

Бөкен Е.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Ғылыми жетекші: г.ғ.д, профессор Көшім А.Ғ.

LANDSAT зымырандары АҚШ-н шыққан арақашықтықтан зерделеудегі классикалық спутниктер болып саналады.

Бірінші LANDSAT-1 (алғашқы атауы ERTS-1 — Earth Resources Technology Satellite) АҚШ-ң

аэронавты және ғарыш кеңістігін зерттеу бойынша Ұлттық басқармасымен 23 шілдеде 1972 жылы ұшырылды. 1983 жылы

198

LANDSAT бағдарламасы мұхит және атмосфера зерттеу бойынша Ұлттық (НОАА) басқармасына берілді, ал 1985 жылдан бері суреттер LANDSAT қорынан коммерциялық тұрғыдан тұтынушыларға беріле басталды.

LANDSAT-ң барлық зымырандары субполярлы күнді-синхронды орбиталарға шығарылды (еністеуі 98,20). Жалпы осы күнге дейін барлығы 8 зымыраннан ұшырылды. Жоғары сапасына, нақты калибрлеуге, үлкен мәліметтер архивіне байланысты зымырандар дүние жүзіне белгілі болды.

Алғашқы зымыранның орбитасы 900 км, түсірістің қайталану кезеңі 18 күн болған. Содан кейінгі спутниктер биіктігі 700 км орбитаға шығарылған, ал түсірістің қайталану кезеңі 16 күн болды. Жарықтылықтың оңтайлылық (оптималды) жағдайына жету үшін, барлық зымырандар экваторлы жазығын өтетін уақыты бірдей болатындай ұшырылу болды. Әр уақытта LANDSAT зымырандарына түрлі түсіріс жүйелері қондырылды: MSS (Multi-Spectral Scanner), TM (Thematic Mapper), ETM (Enhanced Thematic Mapper) және ЕТМ+ (Enhanced Thematic Mapper Plus). Бұл түсіріс жүйелері 185 х 185 км көлемді аймақты түсіріспен қамтып, орташа рұқсаттылығымен бірнеше спектрлі диапазонда суреттер алуға мүмкіндік берді. Аспаптың негізгі айырмашылығы - бұл рұқсаттамасы жоғары (15 м) панхроматикалық канал бар.

ЕТМ+ сканердің негізгі ерекшелігі болып рұқсаттамасы жоғары (15 м) с панхроматикалық канал (8 канал) саналады. Каналдың спектрлі диапазоны: 0,52 – 0,90 мкм. Растрлі мәліметтер түрлі-түсті ақпаратты бірнеше канал ретінде болуы мүмкін. Әрбір канал – бұл ішкі жиынтық (подмножество)мәліметтердің файлы. Олар шағылысқан сәуленің немесе жылу бөлінунің (тепловое излучение) (қызыл, жасыл, көк, инфрақызыл, жылу және т.б.) электромагниттік спектрдің бір бөлігі болып келеді.

Каналдар комбинациясы «табиғи» және «жасанды» түстерде суреттерді алу үшін пайдаланады. 321 каналдар комбинациясы – «табиғи түстер» Комбинацияда көрінетін диапазон каналдары пайдаланады. Суреттерде жер бетінің нысандары адам көзі қабылдайтындайға ұқсас болып көрінеді. Таза өсімдік жасыл болып келеді, жиналған ауылшаруашылық жерлері ашық түсті болады, ластанған өсімдік жерлері – қоңыр және сары, жолдар – сұры, жаға сызығы – ақшыл сұры. Орман ағаштары кесілгенмен өсімдіктері сиректелген жерлер нашар дешифрленеді. Бұл каналдар комбинациясы су нысандар жағдайын талдауға және тереңдігін бағалауға, сондай-ақ антропогендің нысандарды

зерттеуге қолданады .

742 каналдар комбинациясы - «табиғи түстер». Канал табиғи жағдайға жақын түстер береді, сонымен қатар, атмосфера жағдайы мен түтінді талдауға болады.

Суреттерде таза өсімдіктер ашық жазыл түспен беріледі, шөптесіндер - жасылмен, ашық– қызылашық топырақты жерлерді, қоңыр және сары қызыл түстер өсімдіктері сиректелген жерлерді сипаттайды. Құрғақ жерлердегі өсімдіктер – сарғыш қызыл, су – көгілдір түспен көірнеді. Құм, топырақ мен минералдар бірнеше түстермен көрсетілуі мүмкін. Құрлыстар суретте күлгін түспен көрінеді. Қала ішіндегі ашық-жасыл нүктелер саябақ, бақтар немесе стадион алаңы болуы мүмкін. Майлы - жасыл түстер орманды массивтерге тән, ал қою жасыл түстер қылқан жапырақты ағаштардың индикаторы болып саналады.

«Жасанды түстер» каналдардың комбинациясы. Бұл жағдайда көрінетін және инфрақызыл диапазондар каналдары пайдаланады. Мысал ретінде көп қолданатын 432 канал комбинациясында өсімдіктер қызыл түстеп берілген, қала құрлысы – жасыл-көгілдір, ал топырақ – қоңыр түспен. Мұз, қар және бұлттар ақ немесе ашық көгілдір болып келеді. Қылқанды жапырақ орман қою қызыл немесе жапырақты орманмен салыстырғанда, тіпті қоңыр түсті болып көірінеді. Бұл комбинация негізінен өсімдіктер жамылғысын зерттеуге, дренажды және топырақ мозаикасын бақылауға және агромәдениеттерді зерттеуге пайдаланады. Жалпы, қоюланған қызыл түстер таза немесе қау жапырақты өсімдіктердің индикаторы, ал ашық түстер – шөптесін немесе бұталы өсімдіктердің индикаторы болып келеді.

LANDSAT барлық зымырандары Жерге 600 мыңнан астам суреттер жіберген.

199

«THIS PLACE IS ALMATY» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ІРІ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫ БІРТҰТАС КАРТАҒА БІРІКТІРУ (ГАЖ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП)

Ғабдықадыр Айкөркем М.К. Кудайбергеновтың жетекшілігімен

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Korkem.ismagulova@mail.ru

Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы Алматы көне қалалардың бірі. Алматы қаласының әкімшілігінде қаланың өркендеуі мен толықтырылулары туралы карта құрастыру мәселесі көтерілген (Уикипедия: Әкімшілік - Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесіне кіретін жергілікті атқару органының атауы). Ендігі мақсат картаның актуалдылық жағдайын арттыру. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Алматы қаласы Орталық Азияның туристік астанасы бола алады» деп атап, 2020 жылға дейін Алматы қаласының туризмді дамытудың кешенді бағдарламасын құруды тапсырды.

Алматы - шетелдік туристердің Қазақстанға ең көп келетін қаласы. Қала тұрғындарының саны 2 000 477 адам (2017 жылғы ақпарат), Қазақстан Республикасына жылына мыңдаған турист келеді (351 600 - 2016 жыл, соның ішінде 80% Алматы қаласына тіркелген).

Алматы облысы ірі туристік орталыққа жатқызуға болады. Мұнда әр түрлі турситтік зоналар, қонақ үйлер, мейрамханалар, көрнекілік орындар, музейлер, парктер, аквапарктер, ойын-сауық орталықтары бар.

Бұл жобаның басты мақсаты осы аталғандардың барлығын біртұтас картаға «This place is almaty » біріктіру болып табылады.

Аталған мақсатқа жету үшін ақпараттық база жинақтау және туристік ірі орталықтарды біртұтас сандық карта арқылы бағдарламаны құрастыру.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАУ ТУРИЗМІН КАРТОГРАФИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ

Ербулекова А.А - 4 курс, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ; Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Тәукебаев Ө.Ж.

Туризм саласының танымды, мәдени өзіндік ерекшеліктерімен қызықтыратын басты нысаны ретінде тау туризмі болып саналады.

Белсенді түрдегі тау туризмнің бағыттық сипаты, басқа туризм іс әрекеттің көптеген түрлерінен айырмашылықтары болады. Осыған орай, тау туризмнің картографиялық моделін оңтайлы бағытта құру ең маңызды тәжірбиелік міндеттердің бірі болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстанның тау туризмін сипаттап, оның картографиялық модельін жасау. Міндеттері:

-Қазақстандағы туризм саласына, оның ішінде тау туризміне сипаттамажасау;

-Таулы аймақтардағы туризмді дамыту мәселелерінқарастыру;

-Туристік маршруттарды сипаттау және зерттеу;

-Тау туризміндегі негізгі нысандарды карта бетіне түсіру және сипаттамаларынжазу.

200

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]