Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

41

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.96 Mб
Скачать

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕТРОПОЛИТЕНІНІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕЛЕРІН САЛУ КЕЗІНДЕГІ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Сақтағанов Ш.Н.

Г.К. Джангулованың жетекшілігімен

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

e-mail:chingis.94.5@mail.ru

Алматы қаласында үлкен халық тығыздығына қарамастан қоғамдық транспорт желісі жеткіліксіз дамыған. Жолдарда әрдайым үлкен ұзақтықтағы кептелістер болып тұрады, ол ауаның газбен бүлінуіне алып келеді. Бұл қала экологиясының нашарлауының бірден бір себебі. Сондықтан, Алматы қаласының метрополитені көптеген мәселелердің шешімі болып табылады. Оның желісін жобалау 1983 жылы басталды. Қазіргі уақытта метрополитеннің құрылысы бітіп, пайдалануға бір желісі жіберілген. Жақын уақытта тағы бірнеше желілердің құрылысы жобаланыпотыр.

Алматы қаласындағы метрополитен тораптарының алғашқы желісінің бірінші кезегі 2011 жылдың 1 желтоқсанында іске қосылып, учаскенің жалпы ұзындығы 8,56 км құрайды. Оған жеті бекет кіреді: «Райымбек батыр», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «М. Әуезов ат. драма театры» және «Алатау». Одан әрі дамуы батыс бағытта қарастырылған және келесі іске қосу кешенінен тұрады:

1)Алатау бекетінен Мәскеу бекетіне дейін (пайдалануғаенгізілген).

2)Мәскеу бекетінен Достық бекетіне дейін (салынукезеңінде).

3)Достық бекетінен Қалқаман бекетіне дейін(жобада).

Бүгінгі таңда екінші іске қосу кешенінің құрылысы Алтынсарин даңғылынан Яссауи көшесіне дейін батыс бағытта аралық тоннельдерден және екі бекеттен тұрады: Сарыарқа бекеті – терең төселген пилон типті және Достық бекеті – ұсақ төселген. Екі жолды есептеген кездегі құрылыс ұзындығы - 3,08 км. Сарыарқа бекеті «Фэмели» паркінің қасында орналасқан, бекет қаладағы адам саны көп орналасқан ауданды, №3, 4, 5, 6, 7, 8, 12 ықшам аудандарын қамтиды.

Екі жерасты вестибюлі және кіре-берістері бар Достық бекеті, болашақта созылатын Абай даңғылының бойымен Момышұлы көшесінің батысына қарай көлік өтетін жолдың астында орналасқан, Жетісу, Жетісу 2, Жетісу 4, Мамыр, Мамыр 5, Мамыр 7 ықшам аудандарын қамтиды.

Жер бетінің деформациясын бақылау, мемлекеттің халық шаруашылығының өсуімен және дамуымен байланысты жер асты инженерлік құрылымдарын салу кезіндегі геодезиялық жұмыстардың айырылмас бөлігі. Осыған байланысты, жер бетінің деформациясын бақылау кезіндегі геодезиялық жұмыстар метро салуда кеңінен қолданылады. Жер бетінің геодезиялық мониторингі метрополитен құрылысының барлық кезеңдеріндегі жауапты үрдіс болып табылады. Салынып жатқан нысандардың мерзімі мен пайдалану әсері жер бетінің геодезиялық мониторингін мерзімді және сапалы орындауына байланысты. Метрополитенді апатсыз пайдалану үшін, соның аймағындағы жер беті деформациясының дамуының үздіксіз және жоғары дәлдікті геодезиялық бақылаулары қажет.

ҚАЛАЛАР – ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ НЫСАНДАРЫ РЕТІНДЕ

Ратбек А.Б әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Ғылыми жетекші: г.ғ.д, профессор Көшім А.Ғ.

Қазіргі таңда кенттенген аумақтарды зерттеу нысандары ретінде екі ұғым – қалалар мен қалалық орта ұғымдары ұсынылып келеді.

Қала дегеніміз – географиялық ұғым. Қалалар – қоршаған аймақтан халықтың тығыз орналасуымен, құрылыстардың ықшамдылығымен және күрделі сәулет-жоспарлау құрылымымен және т.б. ерекшеленетін аумақтар. Қысқаша энциклопедиялық анықтамалар қаланы тек жалпы түрде ғана сипаттайды: қала – мемлекеттің заңнамасына сәйкес қалалар санатына жатқызылған елді мекен. Қала ұғымына берілген мұндай анықтама, әлбетте, оны жеткілікті танып-білуге негіз бола алмайды.

«Қала» түсінігі көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан. Алғашында қала түсінігінің аясына төмендегідей аумақтар қамтылды: әртүрлі қоршаулардың көмегімен орналасқан орнының шекарасы

211

салыстырмалы түрде нақты белгіленген аумақ; қорғаныс, басқару, сауда-саттық, қолөнер, ағарту істеріне байланысты бірқатар қызметтерді атқаратын аумақ; қала тұрғындарының салт-дәстүрмен немесе заңмен бекітілген белгілі бір азаматтық құқықтары мен өзін-өзі басқару формаларының жиынтығына ие аумақтар.

Аумақтарды қалалық және ауылдық деп бөлетін белгілер жетерлік. Халықтың көптігі – қала халқының саны – ең кең тараған критерий деп саналады. Алайда, мұндай статистикалықдемографиялық тәсіл қалалық елді мекендердің әкімшілік-құқықтық мәртебесіне де, сондай-ақ кенттенудің нақты процестері мен қалалық құрылыс пен қалалық жерді пайдаланудың алғашқы әкімшілік шекаралардан алшақтап, жаппай жайылып кетуіне де қарама-қайшы келіп тұр.

Қаланың экономикалық іргесін, оның мақсаты мен атқарар рөлін қызмет түрлері анықтайды. Сондықтан, ең маңызды деген белгіге қаланың қала түзуші функциялары (олар базалық, негізгі деп те аталады) жатады. Мұндай функциялар бірнеше топқа бөліп қарастырылады және олардың біріншісі – қоршаған аумақтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын орталық функциялар, яғни әкімшілік аудан орталықтарынан бастап астаналарға дейінгі әртүрлі деңгейдегі әкімшілік орталықтар. Қала түзуші функциялардың екінші тобы – қаланың маманданған саласын анықтайтын арнайы функциялар, яғни олар: өнеркәсіп, көлік, ғылыми, рекреациялық, діни және т.б орталықтар. Бір емес, бірнеше функцияларды орындайтын қалалар көпфункционалды қалалар деп аталады.

Заманауи ірі қалалар көп функциялы болып келеді: олар ірі және әртүрлі өнеркәсіптердің орталығы, көлік тораптары, дамыған инфрақұрылым орталықтары болып табылады, оның ішінде әлеуметтік қызметтер де бар, яғни денсаулық сақтау, білім, мәдениет және т.б. мекемелері шоғырланған; сондай-ақ, бұл – әкімшілік және ақпараттық орталықтар және т.б. қызметтерді де атқарады. Кенттенудің дамуы қала ішінде жаңа функциялардың пайда болуымен қатар жүреді, ал бұл, өз кезегінде, қалаға сол функцияларды орындайтын тұрғындарды тартады. Нәтижесінде, қала тұрғындар санының есебінен өсіп, қоршаған аймақтарды да иемдене бастайды. Әлбетте, функционалдық маңыздылық экологиялық мәселелердің туындауына тікелей әсеретеді.

Қала түзуші функциялардан бөлек, қала – қалаға қызмет көрсетуші функцияларды да орындайды, яғни өз тұрғындарын қала ішіндегі көлік тасымалымен, коммуналдық және тұрмыстық қызметтермен, күнделікті сұраныс өнімдерімен қамтамасыз етеді. Соңғы жылдары қаланың тағы бір маңызды функциясы – орта түзуші функцияға да зерттеушілер көп көңіл бөліп, зерттеуде.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫН КЕШЕНДІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ

Сейтқазы М.М. Таукебаев О. Ж. жетекшілігімен

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

e-mail: moldirseytqazy@gmail.com

Кешенді экологиялық картографиялаудың міндеті табиғи және әлеуметтік-экономикалық жүйелер арасындағы экологиялық байланыстардың дамуы және өзара әрекеттесуі орын алатын географиялық ортаны бір мезгілде көрсету, техногендік және антропогендік әсерлері және қоршаған ортаның оған реакциясы; табиғи орта элементтерінің экологиялық жағдайы болып табылады. Іс жүзінде кешенді экологиялық картографиялаудың міндеті атластар мен өзара байланысты экологиялық мазмұнды карталарды жасау немесе әртүрлі мазмұнды экологиялық карталарды құрумен шешіледі. Негізінен зерттеліп отырған нысанға экологиялық жағынан жан-жақты сипаттама беріледі. Экoлoгиялық кapтoгpaфиялaу үшiн iшкi динaмикaлық тепе-теңдiк зaңының мaңызды. Экoлoгиялық жaғдaй мен oның динaмикacын тaлдaу экoлoгиялық кapтoгpaфиялaудың мaқcaты бoлып тaбылaды, яғни aдaм денcaулығы мен экoжүйе жaғдaйынa (қaлып-күйiне) әcеp етушi тaбиғи opтa фaктopлapының кеңicтiктiк және уaқыттық өзгеpмелiлiгiн көpcету (aшу). Мұндaй мaқcaтқa жету үшiн көбiне caлыcтыpылуы қиын, өте көп түpлi экoлoгиялық aқпapaттapдың геoгpaфиялық кapтoгpaфиялық ұғымын қaлыптacтыpу және теppитopиялық түciнiктi жинaу, тaлдaу, бaғaлaуды жүзеге acыpу тaлaп етiледi. Cтaтиcтикaлық көpcеткiштеpі талдау жұмысы жүргізіледі.

Елімізде де экологиялық өткір мәселелер жетерлік, сондай экологиялық жағынан ластану көрсеткіші жоғары аймақтардың бірі – Шығыс Қазақстан облысы. Облыс аумағы бүгінгі таңда 283,22 мың шаршы километрді (Қазақстан аумағының 10,2%) құрайды. Мұнда дала, шөл және таулы тайга ландшафтары ұштасады. Облыс аумағының солтүстік және шығыс бөліктерін жер қойнауында түсті, қымбат және сирек металдардың бай қорлары бар.

212

Мақсаты: Шығыс Қазақстан облысының экологиялық мәселелерін сипаттап, олардың карталарын құрастыру.

Міндеттері:

-экологиялық карталарды құрастыру әдістерінтаңдау;

-облыс аумағының экологиялық жағдайына сипаттамаберу;

-Шығыс Қазақстан облысының экологиялық карталарынқұрастыру;

-құрастырылған карталар негізінде экологиялық мәселелерге сипаттамаберу.

Қорытынды. Шығыс Қазақстан облысының тұрақты ластаушы көздері негізінен Өскемен қаласының ауа бассейініне ісер ететіндер ЖШС «Казцинк», АҚ «АЕS Өскемен ЖЭС», АҚ «Өскемен ТМК», АҚ «ҮМЗ» зауыттарының қалдықтары. Сонымен қатар қатты ластанған Риддер, Зырян, Шемонайха, Глубокое өнірлеріне де сипаттама берілді. Тoпыpақтың, су ресурстарының ауыp металдармен ластану каpтасы құрастырылды. ШҚО экологиялық жағдайының каpтасы құpастыpылып, оның сипаттамасы жасалынды.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒАРЫШТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Тапенов Д. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Ғылыми жетекші: г.ғ.д, профессор Көшім А.Ғ.

1991 жылы 13 наурызда .мемлекеттің қолдауымен «Қазақстан-Ғарыш» кешенді бағдарламасы жоспарланды. Бағдарламада Қазақстан Республикасындағы ғарыштық зерттеулердің негізді бағыттары анықталды. Жаңа саланың дамуы үшін 1991 жылы Ғарыштық зерттеуинституты ашылды. Қазіргі кезде мемлекетте ғарыштық саласын даму үшін 2007 жылы «Ұлттық ғарыштық агентствосы (Қазғарыш) құрылды. Қазғарыштың бағыты ғарыш технологиясын еңгізуге және ғарыш ғылымын дамутуға бағытталды. Қазақстанның ҒЗИ мамандары мен ғалым дардың байланыстары және Қазақстанда Ресей ғарыштық саласының ұйымдастырылуы арқылы 1991 жылы «Мир» ОК қазақ

ғарышкері Т.О.Әубәкіровтың

ұшуынан зерттеулер басталды.

Ғарыш

эксперименттерінің

жоспарлануы, құрастырылуы және іске асуы Қазақстанның 20-астам

ҒЗИ

және ұйымдарының

ғалымдарымен жүргізілді. 1994 жылы 8 ғарыш эксперименті өткізілді, 1998 жылы – 23. 2001 жылы

Қазақстан алғашқы болып халықаралық ғарыш станциясында ғылыми зерттеулер мен эксперименттер жүргізілді.

1996 жылдан бері Қазақстан республика аумағының ғарыш суреттері IRS/P6 (Үндістан) және RADARSAT (Канада); Terra/MODIS және NOAA (США) зымырандарынан қабылданып өнделіп келеді.

Сонымен, Қазақстан Орталық Азия мемлекет арасында ең алғашқы өзінің ғарыш бағдарламасын іске асырды. ҚР мақсаты: тек өз тұтынушыларына ғана емес, сондай-ақ, шетел тұтынышуларына көмек көрсету.

KazSat-1 — жеңіл телекоммуникациялы геостационарлы зымыран (тұру нүктесі -1030 ШЕ). Зымыранды құрастыру үшін 15 шетел және ресейлік және борттық телекоммуникациялық құралдар шығаратын Boeing, Alcatel Alenia Spazio Italia, ComDev фирмалар қатысты. Зымыранды «Протон-К» тасымалдаушы және ДМ-3 блогы арқылы орбитаға шығарылуы жоспарланды. Аппарат 2006 жылы 18 маусымда ғарышты ұшырылды. Коммерциялық пайдалануы (теледидар жүйесі мен интернеткоммуникациялары) 2006 жылы қазақ айында басталды. 2007 жылдың соңында зымыранның жүктелуі жоспардан тыс 70 %-ға жетті. Соған байланысты 2008 жылы 10 қантарда зымыранның жұмысы тоқтап қалды. Ол 10 сағатқа байланыстан тыс шығып, содан қайтадан байланысқа шықты. Бірақ, 2008 жылы 8 маусымда зымыранда техникалық себептерге байланысты тағы проблема пайда болды. 2008 жылы 30 қазанда зымыранмен байланыс орнатылып, техникалық себептерін анықтау ол белгіленген нүктеге жеткізілді, бірақ 26 қарашада зымыранмен байланыс жоғалып, ол белгісіз бағыттқа ұшып кетті. 2009 жылы 6 - 13 тамыз айы арасында KazSat-1 қалдықтар сақталатын орбитаға көшірілді. Себебі, өзінің сақталып тұратын нүктесінен еністеп кетсе, ғарыш аппараты геостацинарлы орбитадағы басқа шетел мемлекеттердің зымырандарының жұмысына кедергі болар еді. Сондықтан ғарыш аппаратының ұшуын басқаратын барлық жұмыстартоқтатылды.

Бүгінгі күндері ғарышта Қазақстанның екі зымыраны: «Kazsat-2», «Kazsat -3» және арақашықтықтан зерделеу тобынан екі зымырандары жұмыс істеуде: «KazEOSat-1» және «KazEOSat-2». KazSat-2 2011 жылдың шілде айында орбитаға шығарылды. Оның шамадан тыс

213

жүктелуі 64% құрайды. Оның себебіалғашқы KazSat-1 зымыранның жұмыстан шығып қалуы. «KazSat-2» зымыраны 2011 жылы 16 шілдеде Бақоңыр ғарыш алаңынан геостационарлы орбитаға (ГСО) шығарылды. «KazSat-2» негізгі сипаттамалары: ГСО –ғы тұрақты нүктесі - 86,5 град. ш.е., массасы – 1272 кг., бағдарлау дәлдігі- 0,1 град., жұмыс істеу мерзімі – 12,25 жыл. Борттық аппаратура «РКС» ААҚ-ң 3 кешеннен тұратын бағдарламалы-уақытша құралы. Байланыс және телехабар зымыраны тапсырыс бойынша ресейлік ФГУП «М.В. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ «РЦКС» мекемесімен бірге Thales Alenia Space (Италия) компаниясы құрастырылған.

«KazSat-2» зымыраны үкіметтің электрондық қызметін атқаруға, телерадиохабар жүргізуге, телефония, мультимедиа, мәліметтер беру және жылжыма байланыс қызметтерін атқаруға арналған. Оның жұмыс істеу зонасына барлық Қазақстан Республикасы, Орталық Азия, солтүстік-батыс Қытай, Моңғолия, орталық Ресей, Закавказ мемлекеттері, Украина және Беларусия республикаларының бір бөлік аумақтары кіреді. «KazSat-2» теледидар және байланыс транспондер (G/T) үшін қамтамассыз ететін зона 2017 жылы 31 наурызда 08:22 Астана уақытысымен KazSat-2 аппаратымен байланыс жоғалды. KazSat-2 ғарыш аппаратының ресурстарымен 13 байланыс және телехабар операторлары пайдаланатын жұмыстары тоқтатылды. Себептерін іздестіріп жатыр.

Сонымен, қазақстанның «KazSat» байланыс пен хабар жүргізетін тобында екі зымыран жұмыс істеуде: KazSat-2 және KazSat-3. KazSat-3 зымыраны арқылы 2016 жылдың 1 наурызынна «OTAU TV» спутникті телерадиохабар жұмыс істей бастады. Бүгінгі күндері "KazSat" көмегімен ҚР ірі телекоммуникциялық операторлар, ұлттық компаниялар, заң органдары, әлеуетті құрылымдар, мемлекет органдары және жеке компаниялар жұмысістеуде.

БAЙҚOҢЫP ҒAPЫШ AЛAҢЫН ТAБИҒИ OPТAҒA ӘCЕPIН ТАЛДАУ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯЛАУ

Тұрсынбаева А.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Ғылыми жетекші: г.ғ.д, профессор Көшім А.Ғ.

Ғapыш қызметi мемлекеттiң caяcи беделiн apттыpудa ғaнa емеc, oның экoнoмикaлық, Ғылымитеxникaлық және қopғaныc қуaтын дaмытудa үлкен мaңызғa ие. Көптеген caлaның жұмыcын жеңiлдетуге, дaмытуғa зop ықпaл ететiн ғapышпен бaйлaныc жacaуды негiзгi бaғыттыpдың бipiне caнaйтын Қaзaқcтaн көптеген мемлекеттеpге «Бaйқoңыp» ғapыш aлaңы apқылы әйгiлi бoлды.

Көптеген ғылыми зеpттеулеp aуa ылғaлдылығының төмендеуiн, жылдың әp мезгiлiнде темпеpaтуpaның күpт өзгеpуiн ғapыш ұшу aппapaттapының жұмыcымен бaйлaныcтыpaды.

Ғapыш aйлaғының бacқa дa пoлигoндaр сияқты қоршаған opтa мен тaбиғaтқa opacaн зиян келтipiп oтыpғaндығы белгілі. Полигонның қауіп тигізетін aймaғы бip миллиoн шapшы метp жеpдi алып жатыр. Аспаннан түскен ғapыш құрылғыларының cынықтapы мен қaлдықтapының құpaмындaғы зиянды зaттap тoпыpaққa дa, aуaғa дa, өciмдiкке де кері әсерін тигiзбейтiндiгi бірнеше зеpттеулеp apқылы дәлелденіп отыр. Бірақ осылардан жaн-жaнуapлap мен aдaмдap дa зиян шегiп келе жaтқaнын ocы соңғы уақыттарда ғaнa aйтылып жүp. Бaйқoңыpдaн ең бірінші зымыpaн ұшқaн coнaу 1957 жылдaн беpi қaзaқтың дaлacынa біршама зиян әкелтірді. 1986 жылы Бетпaқдaлaдa миллиoндaғaн киiктiң қыpылуы ocы зымыpaндapдың кеcipi.

Ғapыш ұшу құрылғысы ұшыpылaтын Бaйқoңыp ғарыш aйлaғының маңында opнaлacқaн aймaқтapдa aуa paйы қүpт өзгеріп, 3-5 туәлiкке дейiн бopaнды құм cуыpып, жел бoлып, темпеpaтуpaның төмеңдеу пpoцеci жиi бaйқaлaтыны белгiлi.

Бұл үрдіс cуы тapтылып, тaбaны кеуiп, тұздануға ұшыраған Apaл aймағына қaншaлықты кеpi әcеpiн тигізіп жатқанын aйтпacқa бoлмaйды. Бaйқoңыp aйлaғының бacты экoлoгиялық мәcелелерінің бірі Apaл теңiзi деңгейiнiң төмеңдеуi және жеpдiң тұздaнып құpғaқшылыққa opтaғa қocымшa кеpi әcеpiн тигiзуде.

Ғapышқа ұшу құрылғыларының қopшaғaн opтaғa негізгі зиянды әcеpi aуa aғынын күшейтумен шектелмейді, түpiне қapaй caлмaғы 3,2 тoннaдaн-16,2 тoннaғa дейiнгі бoлaтын зымыpaндapдың жaңapмaй қaлдықтapы құpaмындa xимиялық тoкcиндi қocылыcтapдыңбoлуындa.

Ғapыш aйлaғының жұмыcы қopшaғaн opтaғa мынaдaй кеpi әcеpлеpiнтигiзуде:

-үшу пpoцеciнен кейiн, aтoмocфеpaның тaбиғи pежимi бұзылaды;

-aтмocфеpaны және жеp бетi қaбaттapын тoкcиндi зымыpaнның қaлдықтapыменлacтaйды;

-aтмocфеpaдағы oзoн қaбaтының бұзылуына және әлсіреуіне әкеледі;

-ортаны ұшу құрылғыларының қaлдықтapы мен cынықтapымензaқымдaйды;

214

-қышқыл жaңбыpдың жaууына себебінтигізеді;

-темпеpaтуpaның белгіл бір аумақта жoғapылaуынa өз әcеpiнтигiзедi

Ғapыш caлacындaғы зымыpaн тacығыштap, ғapыштық құpылғылap мен жacaнды жеp cеpiктеpi cияқты күpделi, әpi oзық aқыл-oйды қaжет ететiн теxникaлapдың бapлығы ғылымының жетicтiгi. Aл теxникa қaншaлықты дaмығaн caйын, oның экoлoгияғa әcеpi coншaлықты көбейедi. Coндықтaн Бaйқoңыp ғapыш aйлaғының биocфеpaғa әcеpi қoғaмды aлaңдaтудa

Бaйқoңыpдa дүние жүзiндегi ұшыpулapдың үштен бip бөлiгiнен acтaмы жүзеге acыpылaды. Oл әлемде зымыpaнтacығыштapды және кooмеpциялық ғapыш құpылғылapын ұшыpу caны бoйыншa бipiншi opынды иеленедi

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕМБІ ПОЛИГОНЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ҒАРЫШТЫҚ ТҮСІРІС АРҚЫЛЫ ENVI БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КЕШЕНІМЕН ЗЕРТТЕУ

Хамит Алтынбек Р.Т. Бексеитованың жетекшілігімен

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

e-mail: hamitaltynbek_97@mail.ru

Совет кезеңінен "мұражай" ретінде әртүрлі әскери сынақ полигондары Қазақстанның жалпы ауданының 4,5% алып жатыр. Ол аз емес. Аталмыш полигондардың жергілікті жерге және халықтың шаруашылығы мен денсаулығына келтіретін зияны айтарлықтай. Полигондардың ішінде ең қауіптілері- "Семей" ядролық полигоны (1991 ж. жабылды), "Капустин Яр" (сынақта), "Сары-Шаған" (сынақта), "Балхаш-9" (жабылды), және тағы басқалары. Осылардың қатарына Ақтөбе облысында орналасқан "Ембі" әскери-полигонын жатқызуға болады. Бұл әскери полигон Ресей мемлекетінің әуе қорғаныс күштерінің сынақ жасауына арналған полигоны болып есептеледі. 2017 жылы жалға алу уақыты өтіп (58 жыл), Қазақстан мемлекетінің меншігіне қайтарылған болатын.

Полигон Ембі қаласынан оңтүстік бағытқа қарай 10 км жерде орналасқан. Аумақтың қазіргі жағдайына, Қазақстан өзіне қайтарған кейін, көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және егер жер жарамды болған жағдайда, ауыл шаруашылығына қолданылуға беріледі деп жоспарланып отыр.

Зерттеу жұмыстардың маңызды бір бөлігі – ол жерді арақашықтықтан зерделеу мәліметтерінің көмегімен полигонның қазіргі жағдайын қарастырып бақылау, яғни мониторинг жүргізу. Ембі аумағының ғарыштық суретін Landsat 4-5 жер серіктік кешенінің көмегімен алынды. Түсіріс 2017 жылдың 8-қазанында жасалынған. Әрі қарай, ғарыштық суретті ENVI бағдарламалық кешенінінде өңдеп, классификация жұмыстары жүргізілді. Ғарыштық суреттерге анализ жасағанда, бағдарламада, зерттеу мақсаты бойынша, түстерге байланысты арнайы тіркесім (комбинация) қолданылады. Біз қолданған тіркесімде, топырақ жамылғысы ашық күлгін, сау өсімдік жамылғысы - ашық жасыл, сирек өсімдіктер - қоңыр және қызғылт, құрғақ өсімдіктер қызғылт сары, сулы - көк болып көрініп,топырақтың ластануы қабылданған шамадан аспады. Құм, топырақ және минералдар көптеген түстер мен реңктермен ұсынылды. Бұл комбинация шөлдер мен далалық аумақтарды талдауға тамаша нәтиже береді. Бұған қоса, ол ауыл шаруашылығы жерлерін және сулы-батпақты жерлерді зерттеу үшін пайдаланылады.

Алынған нәтижеден, полигон территориясында, топырақтың құрамындағы ауыр металдар басқа да зиянды заттардың нормадан төмен және кейбір бөліктерінде жоғары болуы, сирек өсімдіктердің кездеспейтіндігі анықталды.

ENVI бағдарламасының көмегімен үлкен немесе керекті кішкене аймақтарға талдау жасауға болады. Бұл зерттеуге қажетті шығынды, уақытты, еңбек күшін үнемдеуге көп септігін тигізеді.

Ембі полигонының қойнауында мұнай көздері мен ашылмаған кен орындары бар. Қазақстан Республикасы бұл аймақты, болашақта селқос қолданудың кесірінен ауыр жағдайға апармай, икемді пайдаланып, ауыл шаруашылығына, халықтың қызметіне беріліп, облыстың экономикалық әл ахуалын көтеруде маңызды рөл атқаруы әбден мүмкін.

215

ЭКОЛОГИЯ СЕКЦИЯСЫ СЕКЦИЯ ЭКОЛОГИЯ

SECTION ECOLOGY

EFFECTS OF PESTICIDES ON HUMAN HEALTH

Aben A.A

Al-Farabi Kazakh National university aben.ayazhan@mail.ru

Pesticides are designed to kill and because their mode of action is not specific to one species, they often kill or harm organisms other than pests, including humans. The World Health Organization estimates that there are 3 million cases of pesticide poisoning each year and up to 220,000 deaths, primarily in developing countries. The application of pesticides is often not very precise, and unintended exposures occur to other organisms in the general area where pesticides are applied. Children, and indeed any young and developing organisms, are particularly vulnerable to the harmful effects of pesticides. Even very low levels of exposure during development may have adverse health effects.

Pesticide exposure can cause a range of neurological health effects such as memory loss, loss of coordination, reduced speed of response to stimuli, reduced visual ability, altered or uncontrollable mood and general behavior, and reduced motor skills. These symptoms are often very subtle and may not be recognized by the medical community as a clinical effect. Other possible health effects include asthma, allergies, and hypersensitivity, and pesticide exposure is also linked with cancer, hormone disruption, and problems with reproduction and fetal development. A 2007 systematic review found that "most studies on non-Hodgkin lymphoma and leukemia showed positive associations with pesticide exposure" and thus concluded that cosmetic use of pesticides should be decreased. Strong evidence also exists for other negative outcomes from pesticide exposure including neurological problems, birth defects, fetal death, and neurodevelopmental disorder.

Pesticide formulations contain both "active" and "inert" ingredients. Active ingredients are what kill the pest, and inert ingredients help the active ingredients to work more effectively. These "inert" ingredients may not be tested as thoroughly as active ingredients and are seldom disclosed on product labels. Solvents, which are inert ingredients in many pesticide formulations, may be toxic if inhaled or absorbed by the skin.

Children are at greater risk from exposure to pesticides because of their small size: relative to their size, children eat, drink, and breathe more than adults. Their bodies and organs are growing rapidly, which also makes them more susceptible; in fact, children may be exposed to pesticides even while in the womb.

Pesticides affect different people differently. Children may be more sensitive to some pesticides than adults. Compared to adults, they breathe in more air and eat more food relative to their body size, increasing their exposure. When they play on floors or lawns or put objects in their mouths, they increase their chance of exposure to pesticides used in yards or lawns. Also, their developing bodies may not break down some chemicals as effectively as adults. People of any age with asthma or other chronic diseases may be more likely than healthy individuals to get sick after pesticide exposure. Some individuals are also more sensitive to the odor or other irritant effects of certain pesticides. But no matter what their individual sensitivities, people in the greatest danger of pesticide illness are those whose exposure is highest, such as workers who mix or apply pesticides. People who use pesticides in their homes may also be overexposed and become ill, especially if they do not carefully follow the directions on the product label. People living near agricultural fields are more likely than urban residents to be exposed to farm chemicals (although their exposure may not necessarily be high enough to cause harmful effects.

PROBLEMS OF QUALITY WATER SUPPLY FOR HOUSEHOLD-DOMESTIC NEEDS OF THE BALKASH-ILI REGION POPULATION OF KAZAKHSTAN

Azamat Mukhitdinov1, Yerasyl Mirasbek2

1Kazakh National Research Technical University after K.I.Satpaev, Almaty, Kazakhstan 2Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan.

The Ile-Balkhash water basin occupies large territory with area of 353 thousand km² in the southeast of Kazakhstan and 60 thousand km² in China. On the territory of the Chinese part of the Ile river basin live 4.74 million people. Within the Kazakhstan part of the basin, in Almaty and the Almaty region, the population is 3.3 million, and more than 1.5 million people of them live in rural areas. This region is one of

216

the most important in the country in socio-economic terms, there are concentrated 22% of water and 42% of hydropower resources of the country.

The considered basin is distinguished by a great variety of natural zones and landscapes with the corresponding type of hydrological regime. Most part of the runoff of the region's largest and deepest rivers, such as Ile, Karatal, Aksu and Lepsy are forming in the mid-mountain and high-mountain areas. To summary average multi-year water resources of Ile-Balkash basin (29.3 km³/year), is including the flow from the territory of China by Ile river -14.6 km³ and local water resources - 14.7 km³ such as surface, underground and other waters. Thus, half of the region's renewable water resources constitute by uncontrolled transboundary runoff from a neighboring state. It should be noted that this situation reflects the severity of the problem of water supply in Kazakhstan as a whole, which is also caused by the disadvantageous geographical position of the Republic in the lower reaches of transboundary basins. According on specific provision with water flow Kazakhstan stands at one of the last positions in the CIS.

The distribution of the population in the region is uneven. The overwhelming majority of the population, more than 90%, lives in the "foothill zone of settlement" along the adjacent to the mountain systems of the Tien Shan and Zhetysusky (Dzungarian) Alatau valleys. For a given foothill zone, a few tens of kilometers wide, characterized by altitudinal zonality with a significant (500-650mm) level of average annual precipitation and a lower air temperature in comparison with the central and northern part of the Ili-Balkhash region which is lying in the lower reaches of large local rivers. The water availability of the population of the foothill zone, lying in the upper reaches of mountain rivers, relatively good, while small towns and district centers in the middle and lower reaches are supplied with water polluted with industrial, agricultural and domestic wastewater, which mostly does not suitable to the standards adopted in the country. There is an increased content of sulfates, nitrites, organic compounds, pesticides and heavy metals in the water of most lower reaches rivers in the region. Of particular concern is the presence of polychlorinated biphenyls (PCB) in the reservoirs where the source can be transboundary runoff. The population of small settlements in the lower reaches of rivers, along with centralized water supply for domestic needs, widely use surface and groundwater. The existing water supply network in many rural settlements is obsolete and it is in an emergency condition with 80-90% deterioration. Despite the modernization and construction of new water supply networks, in some far settlements located along the shores of the largest river in the region Ile and its delta channels, the local population uses water for domestic needs without proper cleaning from surface sources, tubular and shaft wells. All this has negative effects for people's health.

Our data indicate the need for an urgent solution the problem of quality water supply of the population in far settlements of the Ile-Balkhash region.

Supervisors: doctor of biological sciences, professor Sabir Nurtazin, PhD, Associate Professor Niels Thevs - World Agroforestry Centre, Bishkek, Kyrgyzstan

ASSESSMENT OF NATURAL ECOSYSTEMS

ALONG THE ILI RIVER

Aleksandrovskaia E.V.

Supervisor Thevs N.

German – Kazakh University

e-mail: kate.aleksa21@gmail.com

Ecosystem in a broad sense is understood as the totality of living organisms (communities) and their habitat, which form a stable system of life through the cycle of substances. In the process of functioning, ecosystems produce some ecosystem services (ES), such as vegetation, animals, water filtration by plants, and so on.

With respect to the Millennium Ecosystem Assessment (2005), eco-services are understood as "the benefits people obtain from ecosystems ". Depending on the functions of the ecosystem there are produced various types of services. Currently, there are three international classifications of ecosystem services:

-Classification in the Millennium Ecosystem Assessment (2005) report used for the global and subglobal assessment of ecosystem services;

-The classification of the international project "The Economics of Ecosystems and Biodiversity - TEEB";

-The classification of the European Environment Agency CICES (CMS), based on the two above classifications, but more focused on the economic assessment.

217

The classification in the Millennium Ecosystem Assessment report, in addition to the three main categories, includes the 4th category of services - supporting services, which are essentially not services, but belong to ecological processes or functions.

Human use of ecosystem services leads to different impacts on ecosystems. In one case, it is the removal of biomass from natural ecosystems, which inevitably breaks their structure and functioning. In the other,

water consumption, the cycle of which is regulated only by biosystems.

The Central Asia presents by different ecosystems, such as desserts, forests, wetlands etc. One of the most interesting ecosystem is the Ili Delta. The Ili River flows from China to Kazakhstan and bring approximately 80% of the total amount of water into Balkhash lake, which located in eastern part of Kazakhstan. On the north-east part of Balkhash lake the Ili River formed a huge wetland area, in total 8000 km2 - Ili Delta.

The ecosystem services which provide Ili Delta can be divided into 4 main groups such as, provisioning, regulating, supporting and cultural services and recreation.

Production or provisioning services include the production of wood, fodder for livestock, fish and hunting products. On the territory of the delta there is a national park that contains both ordinary and rare species of animals and birds and is protected by the state. According to the Statistical Center of the Republic of Kazakhstan there are 28 hunting and more than 40 fishing households in the Ili Delta .

Regulatory services are divided into biogeochemical mechanisms of climate regulation and regulation of the hydrological regime of the territories.

Supporting services can be described as eco-tourism promotion and cognitive services, that is, services that a local ecosystem can use to attract more interested persons for the development of the region.

Recreational services represent a set of the services listed above, since different combinations of all three main groups of ecosystem services are important for different recreation options for people: production, environment-forming, information.

However, this ES are not used to the full extent in the Ili Delta. In one case it influenced by the migration of local population, which prefers to migrate rather than develop the region. The monetary analysis of ES can improve the economic situation in the region and developed the Delta.

ЛАНДШАФТТАРДЫҢ БЕТКЕЙЛІК СИПАТТАРЫНА СӘЙКЕС СУ ЭРОЗИЯСЫНА ҚАУІПТІЛІК ЖАҒДАЙЛАРЫ

Абдрахан А.Д.,

б.ғ.д.,профессор Мамутов Ж.Ү. жетекшілігімен әлФараби ат.Қазақ Ұлттық университеті e-mail: saramoon@list.ru

Ұсынып отырған жұмыстың мақсаты мен шешілетін мәселелеріне сәйкес келетін зерттеу нысаны Алматы облысындағы Жамбыл ауданының реті келетініне көз жеткіздік. Себебі, Іле Алатауының етегінде орналасқан осы облысқа қарасты аудандардың (Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ) ішіндегі ең көп көлемді сұрғылт топырақтар ауданның 797,2 мың га жерін алып жатыр. Ауылшаруашылығына жарамды жерінің аумағы 1,8 млн. га, оның ішінде жыртылғаны 149,1 мың га, суарылатыны – 21,2 мың га, көп жылдық егістіктері – 0,97 мың га, тыңайған жерлері 90,5 мың га, шабындығы – 12,9 мың га, жайылымы – 1,54 мың га, ал бау-бақшалары 0,6 мың га болып келеді. Жерлерді пайдаланудың жоғарыда көрсетілген түрлері сұрғылт топырақтардан тұратын агроландшафттарғатән.

Сұрғылт топырақтар жайғасқан ландшафттардың су эрозиясына ұшырау қауіптілік сипаттамалары Сұрғылт топырақтарды қамтыған ландшафттарда гумус мөлшерінің азайып, деградацияға ұшырауының негізгі себебі жер бедерінің беткейінде жайғасқан барлық нұсқалардың (тың және айдалған) су эрозиясының әсерінен потенциалдық құнарлылықтарының кемуі. Бұл құбылыс әсіресе айдалып, егін егілетін жерлерде қарқынды жүретіні байқалды. Бұлармен салыстырғанда суайрықтық жазықтықтағы тың жерлік нұсқаларда органикалық заттардың аккумуляциясы жүріп, айдалған жерлерде аздаған деградация агротехниканың әсеріненболады.

Ашық қарақоңыр топырақтар жайғасқан ландшафттардың су эрозиясына ұшырау қауіптілік сипаттамалар. Ландшафттарды агроэкологиялық бағалау барысында шаруашылыққа пайдаланылатын жерлерді игеру тәсілдерін және егілетін дақылдардың түрлерін таңдап алу, жауын-шашынның қарқындылығы мен басқа да факторларды ескеру, олардағы топырақтарды эрозиядан сақтап, оның тұрақтылығын арттырудың тиімділік шараларын жоспарлауға қажет екендігі анықталды. Табиғи бақылау жүргізу арқылы күздік бидай мен арпа егілетін алқаптарды салыстырғанда, егістік жерлердегі егілген көпжылдық өсімдіктер топырақтың шайылуын әлдеқайда мол тежейтіні анықталды. Эрозияға, көп жағдайда, сүрлерге (парға) қалтырылған жерлер мен жаздық арпа егілетін топырақтар ұшырайтыны белгілі болды

218

Күңгірт қарақоңыр топырақтар жайғасқан ландшафттардың су эрозиясына ұшырау қауіптілік сипаттамалары. Суармалы күңгірт қарақоңыр топырақтардың құнарлылық көрсеткіштерінің өздеріне тән ерекшеліктері бар, әсіресе, бұл өзгерістер, суармалы күңгірт қарақоңыр топырақтардың тектік құрылымдарындағы қасиеттерінен анық көрінеді Мысалы, жылдағы суарудың әсерінен А қабатындағы гумустың жайғасуы, тың жердегі топырақ қабатымен салыстырғанда, төмен қарай созыла ығысқаны байқалады. Сол сияқты, жоғарғы қабаттарындағы анық байқалатын кесектік құрылымдары мен жауын құрттарының іздерінің (капролиттердің) терең қабаттарға дейін ығысқандығы және қарбонаттық қасиетке ие қабаттағы олардың көзге көрінетін дақтары мен түйіршіктерінің төмен қарай езіле созылып, төменгі қабаттарға дейін жететіндігі байқалады.

БИОГУМУСТЫҢ ҚЫЗАНАҚ ДӘНДЕРІНІҢ ӨҢДЕУЛЕРІНЕ ЖӘНЕ ӨСУ ҚАРҚЫНДЫЛЫҚТАРЫНА ӘСЕРІ

Абдрахимова А.О.

Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент Бірімжанова З.С.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті e-mail: aigerim0909@bk.ru

Заманауи экологияның маңызды бағыттары өсімдіктердің өсуінің тиімді биостимуляторлары мен биотыңайтқыштарды алынуын көздейді. Оларды қолдану эколгиялық таза өнім алумен және агроландшафтардағы пайдалы биоттарды сақтаумен байланысты көптеген экологиялық мәселелерді шешуге бағытталады.

Біздің жұмысымыздың мақсаты – сұйық биогумустың қызанақ дәндерін себу алдындағы өңдеу үрдісінің, олардың өніп - өсу қарқындылықтарына әсерін анықтап, топырақтағы құрғақ биогумустың

фонындағы тиімділігін анықтау.

Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелер шешіледі:

- сұйық биогумустың әртүрлі концентрацяларында ( 20, 40, 60, 80,100 % ) және 24 сағат ішінде әрбір сағат сайын себу алдындағы өңделген қызанақ дәндерінің өнуі мен өсу қарқындылықтарына әсерлерін анықтау;

-бұл эксперименттің нәтижесінде анықталған оңтайлы нұсқаны (дәнді) құрғақ биогумустың әртүрлі дозалық мөлшерлерін ендірген топыраққа егіп, олардың үйлесімді тиімділіктерінанықтау.

-бірінші тәжірбиедегі оңтайлы нұсқада өскен өскіндерді (10 дана) әртүрлі дозалық мөлшерлері ендірген топыраққа отырғызып, тиімді нұсқаларын анықтау.

Зерттелетін нысандарға сұйық және құрғақ биогумус фонында қызанақтың дәндерін егіп, олардың өну және өсу қарқындылықтарын зертханалық жағдайда әр қайсысы, үш қайталымда келесі нұсқаларды қамтыды: 1. Сұйық, биогумустың әртүрлі концентратцияларымен қызанақтың дәндерін

әрбір сағатта бір тәулік бойы өңделді.

2. Топыраққа ендірілген биогумустың келесі

дозалары пайдаланылды: 1) 3т/га = 2,6г

2) 2т/га = 1,73г. 3) 1т/га = 0,86г

Сұйық биогумуспен өңделген дәндердің өну қабілеттіліктері алтыншы күнде есептелініп, ал өсу қарқындылығы он алтыншы күні өлшенді. Нәтижесінде, қызанақ дәндерін сұйық биогумуспен себу алдындағы өңдеудің 60% - дық және 24 сағаттық нұсқасы ең жақсы көрсеткішке ие болды. Басқа нұсқаларға қарағанда мұндағы өңген дәндердің және өскіндердің даму қарқындылықтары екі есе жылдамдықты көрсетті: өнімділіктері - 92%, ал өскіндердің биіктіктері 17см-ге жетті.

Осы нұсқалардағы өңделген қызанақ дәндерін топыраққа ендірілген биогумустың әртүрлі дозалық мөлшердегі нұсқаларына еккенде, 3т/га = 2,6г. Мұндағы дәндердің өнімділіктері 87%-ға жетіп, өсу қарқындылықтарының нәтижесінде 14 күндік өскіндердің биіктіктері 13 смболды.

Біздің жүргізген зертханалық эксперименталдық жұмысымыздың ішінде алдын ала сұйық биогумуспен өңделмеген қызанақ дәндерін биогумустың құрғақ күйінде топыраққа ендірілген әртүрлі дозалық мөлшерлерінің фонында тексеру нұсқасы қамтылған. Нәтижесінде 3т/га = 2,6г

нұсқасы ең тиімді болып шықты.

Қорыта келгенде келесідей тұжырымдар жасауға болады:

1. Қызанақ дәндерін себу алдындағы сұйық биогумустың 60%- дық ертіндісі мен 24 сағат бойы өңделген тиімді болады.

2.Осы өңделген қызанақ дәндерін топырағында 3т/га мөлшерлерде құрғақ биогумусы бар нұсқаға егу жақсы нәтижесін берді.

3.Бұл нәтижеден сәл төмендеу көрсеткіштерге ие болған нұсқа – құрғақ қызанақ дәнін алдын ала өңдемей 3т/га биогумусы бар топыраққа егу болды.

219

КҮРІШТІ ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

Абдрахман Гульвира, Жетекшісі: Қыдыров А. Қ., Жунусова М.А

moldyr_1989@mail.ru

Гипотеза: ғылыми жоба суды тиімсіз пайдалану себебінен туындаған Балқаш көлінің экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған. Суарылатын егістік алқаптарында табиғатты қорғаудың бірден-бір жаңа технологиясының бірі тамшылатып суару әдісін енгізугенегізделген.

Өзектілігі: Жер шарында, соның ішінде Орталық Азияда климаттың ғаламдық жылынуына байланысты су тапшылығы интенсивті түрде артып, егістік алқаптарын суаратын суды тиімді пайдалану жолдарын іздестіру басты мәселе болып отыр. Аталмыш мәселенің шешімі экологиялық қауіпсіз, тиімді технологиялардың бірі тамшылатып суару әдістерін пайдалануды енгізуге негізделген.

Зерттеу мақсаты: Іле-Балқаш бассейні маңындағы суармалы жерлерді пайдаланудың тиімділігін арттыру және күрішті тамшылатып суару жүйесінде суды үнемді пайдалану мақсатында тамшылатып суару технологиясының тиімділігін зерттеу.

Зерттеу міндеттері:

-күрішті тамшылатып суару режимі мен әдістерінзерттеу;

-тамшылатып суару барысында күріштің өсу ерекшеліктерін анықтау; күріштің өсуіне әсерін анықтау;

-Қазақстан жеріндегі суармалы аймақ фермерлері арасында технологиялар мен ақпараттарды тарату.

Зерттеу жұмысымызда Балқаш ауданының егістік алқаптарында тамшылатып суару әдістерінің тиімділігі зерттелді. Нәтижесінде суды көп мөлшерде талап ететін күрішті өсіруде тамшылатып суару әдісінің тиімділігі дәлелденді. Қазіргі таңда күріш өсіруде жаңа экологиялық тиімді әдіс пленка астында тамшылатып суару жан-жақты зерттелуде..

Практикалық маңызы: Қазіргі таңда зерттеліп отырған инновациалық технологияның ерекшілігі күрішті өсіруде гербецидтердің қолднылмауы дәне күрішті толық суға батырмай өсіру, яғни суды үнемдеу. Күрішті өсірудегі аталмыш жаңа технологияның осыған дейінгі технологиялардан ерекшелігі төмендегідей:

-пайдаланылатын суарламалы судың көлемі 10 есеазаяды;

-топырақтың екінші рет тұздануының алдын алады;

-өнімділік көрсеткіші 60-100% артады;

Қорытынды:

1.Күрішті тамшылатып суару режимі мен әдістері зерттелді;

2.тамшылатып суару барысында күріштің өсу ерекшеліктеріанықталды;

3.тамшылатып суару барысында күріш өнімінің түзілу ерекшеліктеріне сараптамажасалды;

АНАЛИЗ СИСТЕМЫ УПРАВЛЕНИЯ ОХРАНОЙ ТРУДА В АО «АЭРОПОРТ ҚОРҚЫТ АТА» г. КЫЗЫЛОРДЫ

Абдраш С.Т., под руководством Зубовой О.А.

Казахский национальный университет имени аль-Фараби

e-mail: saule021196@gmail.com

Обеспечение безопасности сотрудников на рабочем месте является актуальной темой любого предприятия в настоящее время. Аэропорт как транспортное предприятие, которое осуществляет регулярные грузовые и пассажирские перевозки требует особого внимания к управлению охраной труда. Существует целая служба охраны труда, отвечающая за обеспечение деятельности в аэропорту по созданию комфортных условий труда сотрудников (людей), недопущению несчастных случаев, профессиональных заболеваний и смертельных исходов.

Целью проведения анализа системы управления труда в аэропорту является определение условий сохранения жизни и здоровья работников и лиц, находящихся на территории предприятия.

220

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]