Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
27.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.19 Mб
Скачать

Яғни,Отандықбұқаралықақпаратқұралдарыеліміздіңәлеуметтікжәнесаясижаңғыртужәнеоны әрі қарай дамыту жөніндегі жаңа тұжырымдамалық тәсілдер енгізілді, «Болашағы біртұтас ұлт» ақпараттық науқаны, «Болашаққа 100 қадам» медиажоспары іске асырылады.

«100 нақты қадам»: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» ұлттық жоспарының барлық бағыттарының іске асырылу барысын медиа қолдау үшін «100kadam.kz» сайты жұмыс істейді.

«Мәңгілік Ел» арнаулы кешенді жоспары аясында тарих және тарихи тұлғалар, Қазақстан мәдениеті және елдің бүгінгі өмірі туралы кинокартиналар, телесериалдар мен хабарлар түсіру болжанады.

«Қазақстан – 2050» Тұжырымдаманың 2015–2020 жылдар іске асыру кезеңдері қабылданып жүзеге асырылып келеді:

ҚХА туралы заңнаманы жетілдіру;

елдегі қоғамдық келісім кеңестерінің жүйелерін одан әрі дамыту;

ҚХА медиация жүйесін және ҚХА қайырымдылық жүйесін қалыптастыру;

қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру;

заңнаманы жаңғырту және ҮЕҰ-ны мемлекеттік қолдаудың жаңа нысандарын(гранттар мен сыйлықтар) енгізу.

«Қазақстан – 2050» Тұжырымдаманың 2021 – 2025 жылдарға арналған 6 жоспары: 1) білім беру жүйесін үш тілге көшіруді аяқтау;

2)ҮЕҰ-ның жергілікті басқаруға қатысуын кеңейту;

3)елде қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыруды жетілдіру;

4)«Мәңгілік Ел» құндылықтарын қоғам мәдениетінің негізі ретінде бекіту;

5)жаңа қазақстандық патриотизмді нығайту үшін жағдайлар жасау;

6)өскелең ұрпақтың бірегейлігі және оларды әлеуметтендіру саласының тетіктері мен

инфрақұрылымын дамыту және нығайту [2].

Бұл Тұжырымдама жоспарында халқымыздың әлеуметтік-саяси күтілетін нәтижелердің негізінің мынандай:

Тұжырымдаманы тиімді іске асыру Болашағы біртұтас ұлт тұжырымын жүйелі дамытуға ықпал ететін болады,

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев моделінің табысты ілгерілеуін және оның мызғымастығын қамтамасыз ететін екі бағыты негізделген:.

Бірінші бағыты - Қоғам санасында Болашағы біртұтас ұлттың жаңа түсініктері мен базалық тұжырымдары мынадай жағдайда қалыптасатын болады:

1.жалпыға ортақ мәдениет пен прогресс жолындағы ұлт;

2.зияткер ұлт;

3.еңбек және кәсіпқойлар ұлты;

4.инновациялық ұлт;

5.саламатты өмір салтын ұстанатын ұлт.

Екінші бағыты - Азаматтық қағидат негізіндегі қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуда және дамытуда практикалық нәтижелерге қол жеткізілетін болады

Мемлекеттік органдар мен ҚХА жұмысын жетілдіру саласында қалыптасуы тиіс:

1) қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту саласында барлық деңгейдегі мемлекеттікоргандарменазаматтық қоғаминституттарыныңжұмысынүйлестіруші ретінде ҚХА-ның жаңа функциялық бағыттарын дамыту, қайырымдылықты үйлестіру, медиацияны және қоғамдық бақылауды дамыту;

2) барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының «Бірегейлік және бірлік» бағытындағы іс-шараларды іске асыру бойынша ведомствоаралық үйлестіру және өзара іс-қимыл тетіктерін жасау;

3) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қазақстандық бірегейлік пен бірлікті,қоғамдықкелісімді нығайтужәнедамытусаласындағы қызметінмониторингтеудің,есепберу және бақылаудың жаңа тетіктерін енгізу;

4) азаматтық қағидаттары мен болашағы біртұтас ұлттың негізі ретінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтары негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қоғамның жұмыс жүйесін жаңғырту;

111

5) қоғамдық келісім мен халық бірлігін нығайту жөніндегі институттардың жаңа инфрақұрылымын қалыптастыру [3].

Мемлекетімізде мәдениет, білім беру, жастар, отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат салаларындағы атқарылатын жұмыстар:

-болашағы біртұтас ұлттың негізі ретінде жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі тұжырымдары мен тәсілдерін ілгерілету;

-ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты шарты ретінде үштілділікті дамытудың инфрақұрылымы мен шарттарын жаңғырту;

-жаңа қазақстандық патриотизм, қазақстандық бірегейлік пен бірлік қағидаттары негізінде білім беру және жастар саясаты саласындағы жұмысты жаңғырту;

-отбасылық-демографиялықжәнегендерліксаясаттыжәнеоныңотбасыинститутын,анаменбала құндылықтарын нығайту жөніндегі құндылық негізін жаңғырту;

-экономика мен әлеуметтік еңбекпен қамту сегменттері ретінде мәдениетті, туризмді және

спортты дамытудың жаңа стратегиялық тәсілдері; - бұқаралық дене шынықтыру мен спортты, саламатты өмір салтын танымал ету, ұлттық және

олимпиадалық спорт түрлерін дамыту және халықаралық аренада еліміздің спорттағы жетістіктерін көбейту.

Қорыта айтқанда, «Қазақстан – 2050» Тұжырымдаманы мемлекеттік саяси және әлеуметтік іске асырудың халқымыз үшін басты нәтижесі болады.

Сол себепті, қоғамдық келісімді, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті одан әрі нығайту, Мемлекетіміз әлемнің дамыған 30 елінің қатарына табысты қосылуы үшін болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру арқылы елімізде әлкуметтік және саяси мәселелерін рухани жаңғыртулары тиіс [4].

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. – Астана, 2006.

2.Назарбаев Н.Ә. Болашақ іргесін бірге қалайық.-Астана, 2011.

3.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.- Астана, 2012

4.Тинасилов М.Д., Үркумбаева А.Р., Узакова С.А. /Процессыформирования социально-экономического и политического развития образования в Казахстане. Научный и информационный журнал «Наука и инновационные технологии» №4/2017(4)– Бишкек 2017.

АЙНҰР ҚҰРМАНАЛИЕВА ҰЛЖАН ТУНГАТОВА

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДАҒЫ ДІНТАНУЛЫҚ БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІЛЕНУІ

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында «Білімнің салтанат құруы білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды. Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себептері бар. Технологиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді».[1]

Елбасымыздың мақаласына байланысты әр сала өкілі өзінің мамандығына байланысты нақты ісшараларды қолға алатын болса, нәтижесі аз уақыт аралығында болары анық.

Осы орайда қазіргі таңдағы дінтанулық білім саласындағы мамандар дайындығына дінтанулық білімөзектілігінемәнберуасамаңызды.Дінтанулықғылымдіндіғылымипозицияменфилософияның

112

әр түрлі бағыты тұрғысынан зерттеп, діни бірлестіктермен байланыссыз, бейтарап зерттеуге бағытталған. Дінді зерттеу, діни мәдениетті қалыптастыру саласында барлық қоғам мүшелеріне арналған зайырлы білім бұл осы деңгейдегі дінтанулық білім болып табылады.

Дінтанулық білімді діни білімнен ажыратып тұратын басты әдіснамалық негіз бұл: ғылымилық, яғни объективтілік және дүниетанымдық бейтараптылық. Діндер және діни бірлестіктер туралы түсіндірме бергенде дінтанулық білім ғылымилық принципін ұстанып, білім алушының бойында белгілі бір дінге деген бағамдық қатынасты қалыптастырмайды, зайырлылық принципінің сақталуын көздейді.

Дінтанулық білім беруде зайырлылық принципін сақтау басты міндет болса, діндарлық феномені дінтанулық ғылымдағы зерттеу нысанына түсетін күрделі мәселелердің бірі болып табылады.

Дінтанулық білім берудегі басты мақсат мемлекеттің зайырлығын негізге ала отырып, қазақстандықтардың ұлттық дәстүрге негізделген, салт-дәстүрмен кереғар келмейтін діни санасын қалыптастыруға тұғыр болу. Зайырлылық еліміздің тәуелсіздік алғаннан жариялаған басты принциптеріміздің бірі. Мемлекеттің Ата заңының 1-бабына сай, «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы,құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» болып табылады.

Бүгінде діни негіздегі мәселелер зайырлылық принциптерін өзгертуге тырысушылықтан туындап отырғаны да белгілі, сондықтан аталмыш мәселелердің алдын алу діни және дінтанулық білімді дұрыс түсіне білуден бастау алады. Қазақстандағы діни және дінтанулық білім туралы айтқанда ең бастапқы негізделетін құжат бұл Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. Заңда діни білім беру туралы төмендегідей делінген:

рухани (діни) білім беру ұйымдары - дін қызметшілерін даярлаудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары (1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар) және рухани (діни) білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау орта білімі бар адамдар арасынан құрылтайшы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады (26-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымдарына қабылдауға қойылатын жалпы талаптар). Бұл жалпы діни білімнің заңдағы көрінісі. Ал дінтанулық білім деген жеке түсініктеме жоқ, себебі дінтанулық білім зайырлы білім болып табылғандықтан, оған ерекше анықтама беріліп тұрған жоқ, сол себепті Заңға сүйенсек,

білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы; (3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері) және

білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады. (3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері)

Елімізде дінтану мамандығына жыл сайын гранттар санының арттырылуы да еліміздегі діни жағдайдың тұрақты болуына ең алдымен ат салысатын мамандар жетіспеушілігінің орнын толтыру мақсатынан туындағаны да белгілі.

Дінаралық мәдениетті қалыптастыруда қазіргі таңда жоғары білікті кәсіби мамандардың рөлі артып отыр. Бұл арада дінтанушыларға атқарылатын жауапкершілік жүгі ауыр. Дінтанушы кез келген мәселеге баға беруде орта жолды ұстау керек, ал орта жолды ұстаудың қиындығы мол. Дін өкілдері әрқайсысы өз тарапынан, сол өзі уағыздайтын діні тарапынан ойын ашық, бүкпесіз айта алады, зайырлы дінтану ғылымының өкілдері субъективтіліктен жоғары болып, дін туралы мәселелерді бағалауда, сараптауда объективтілікті басты принцип ретінде ұстануы тиіс.

Дінтану – діндер туралы ілім болғандықтан, діннің шығуы, мәні және дамуы, діни ілімдер, ғибадаттар және олардың ерекшелігі туралы кешенді білім. Сондықтан дінтануды оқытуда негізгі ұстаным діндер туралы толыққанды ғылыми негізделген тұжырымдар мен әлемдік дінтану саласындағы жетістіктермен нәтижелер баяндалуы тиіс, яғни пәнді қарастыруда нақты-тарихилық және объективтілік басты өлшем. Оқытушының діни нанымы мен дүниетанымдық ұстанымы негізге алынбауы тиіс.

Осыған байланысты дінтанушы мамандарды дайындауда төмендегідей мәселелерге көңіл аудару қажет: әлемдік және дәстүрлі діндер туралы мәдениеттанулық, тарихи, философиялық білімдердің болашақ тұлғаның рухани адамгершілік тұрғыда қалыптасуындағы рөлін ұғыну; білім беру мазмұнындағы дінтану пәнінің мақсаты мен міндеттерін және дінтанудың негізі теориялық әдістерін білу; дінтану пәні мен діни құндылықтарды оқытуды білім беру және тәрбие берумен ұштастыра білу; дінтану пәнін оқытуды инновациялық технологиялар негізінде іске асыру; ұстаздардың дінтану пәнін ғылыми-теориялық, мәдени-философиялық негізде қарастырудағы педагогикалық шеберлігін көтеру жүйесін айқындау маңызды болып табылады. Сондықтан дінтануды оқытуда негізгі ұстаным діндер

113

туралы толыққанды

ғылыми негізделген тұжырымдар мен әлемдік

дінтану саласындағы

жетістіктермен нәтижелер баяндалуы тиіс.

 

Дінтану пәнін білім беру жүйесінде оқыту әлемдік және ұлттық мәдениеттің озық жетістіктерін

үйрену мен жас ұрпақтың дүниетанымдық бағыт-бағдарын айқындауда,

тұлғаның рухани бітім-

болмысын қалыптастыруда өзіндік үлес қосары анық.

 

Дінтану пәні жас жеткіншектердің әлемдік және дәстүрлі ұлттық діндердің адамзат өркениетінде алатын орны мен атқараррөлін, діндердің қоғамдық өмірге тигізер ықпал әсерін, дінидүниетанымның құрылымы мен ерекшелігін, қоғамдық сананың мәңгілік формасы ретіндегі діннің атқарар қызметін игеруге және түсінуге мүмкіндік береді. Дінтану пәнін оқытуда діннің пайда болуы және дамуы, қызмет ету заңдылықтарын, адамзат тарихында діннің алуан түрлі феномендерінің көрінуін, діни мәдениеттің басқа салалары мен өзара байланысы мен өзара ықпал әсерін, діндердің рухани әлеуметімен құндылықтарын, ортақ ұстанымдарын және айырмашылықтарын үйрету, діни төзімділік пен келісім қағидаттарын және ұрпақтың санасына рационалды түрде сіңіру жауапкершілікпен атқарылуы тиіс.

Қазіргі кезде Қазақстан республикасында дінтану мамандығына жаңаша серпін берілуге байланысты біршама іс-әрекеттер жасалынуда. Бұл мамандық ғылым жолында өте жас мамандық болғандықтан әлі де атқарылар іс-шаралар баршылық. Осы орайда бірқатар отандық басылымдарда жарыққа шыққаны да белгілі.

Елімізде дінтану саласында жиналған тәжірибені кең түрде қолдану білім беру сапасын жетілдірумен қатар, дінтану пәнінің ұстаздары үшін оқу-әдістемелік көмек болар еді.

Бұл салада осы бағытта бірқатар еңбектер жарыққа шыққанын атап өтсек:

1. Дінтану негіздері. / Байтенова Н.Ж. (авторлық ұжымның жетекшісі), Құрманалиева А.Д., Абжалов С.У., Бейсенов Б.Қ., Затов К.А., Нуржанов Б.Г., Рысбекова Ш.С., Мейрбаев Б.Б., Шубаева Ұ.Қ., Дуйсенбаева А.Қ.: ЖОО-на арналған оқулық. – Алматы: Қазақ Университеті, 2013. – 361.

2.Қазіргі Қазақстандағы жаңа діни ұйымдар. Байтенова Н.Ж. (құрастырушы) Құрманалиева А.Д., Абжалов С.У., Бейсенов Б.Қ., Затов К.А., Мейрбаев Б.Б. – Алматы, 2010 – 320 б.

3.Дінтану сөздігі. Ежелгі діни наным-сенімдер. Ұлттық діндер. Қазақ халқының дәстүрлі діни

ұстанымдары. І Том – Алматы «Қазақ университеті»/ Н.Ж. Байтенова, А.Д. Құрманалиева, Ш.С. Рысбекова, Б.К. Бейсенов, Қ.М. Борбасова, Қ.А. Затов, А.А. Демеуова, С.Ө. Абжалов, Б.Б. Мейірбаев, Қ.Т. Туғанбаев.

4. Дiнтану негiздерi: Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң, гимназиялардың, колледждердiң10-сыныпоқушыларына арн.оқулық / ЕсiмҒ.,АртемьевА.И.,ҚанаевС.ж.б..- Алматы:

Бiлiм, 2003.- 155 б.

5. Дiнтану негiздерi: жалпы бiлiм беретiн мектептiң 9-сыныбына арн. оқулық / профессор, академик, авторлық ұжым жет. Ғарифолла Есiм ; Әбуов А.П., Бегалинова К.К., Смағұлова Е.М., Жолдыбайұлы Қ., исламтанушы.- Алматы: Бiлiм, 2010.- 312 б.

6.Дiнтану сөздiгi: Ежелгi дiнiи наным-сенiмдер. Ұлттық дiндер. Қазақ халқының дәстүрлi дiни ұстанымдары. ІІ-том / әл-Фараби атын. ҚазҰУ; құраст.: Н.Ж. Байтенова, А.Д. Құрманалиева, Ш.С. Рысбекова т.б..- Алматы: Қазақ университетi, 2016.- 396 б.

7.Дiнтану сөздiгi: Ежелгi дiнiи наным-сенiмдер. Ұлттық дiндер. Қазақ халқының дәстүрлi дiни

ұстанымдары. ІІІ-том / әл-Фараби атын. ҚазҰУ; құраст.: Н.Ж. Байтенова, А.Д. Құрманалиева, Ш.С. Рысбекова т.б..- Алматы: Қазақ университетi, 2016.- 396 б.

8. Есiм Ғарифолла Дiнтану негiздерi: Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 10-сынып оқушыларына, лицейлерге, гимназияларға, колледждерге арналған оқулық.- Алматы: Бiлiм, 2007.- 158 б

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қойылған талаптарды жүзеге асыратын негізгі тетіктерінің бірі ретінде «Жаңа гуманитаралық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынғаны белгілі. Осы жоба аясында дінтану мамандығы бойынша британдық философ, публицист, дінтанушы Карен Армстронгтың әлемнің 30-дан астам тіліне аударылып, миллиондаған таралыммен шыққан,

дінтанудағы аса көрнекті еңбектіңбірі «AHistoryof God: The 4000-year quest of judaism, christianity and islam.» деп аталатын кітабының қазақ тіліне «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» деп аударылғаны белгілі. Осы орайда әлемдік құндылық болып табылатын бұл оқулықпен өз ана тілімізде танысуға үлкен мүмкіндік беріліп отыр. Бұл өз алдына болашақ дінтанушы мамандардың әлемдік сахнада өздерін таныта алуына және де әлемдік ғылыми кеңістікті танып білуіне септігін тигізер.

Дінтану мамандарын даярлаудағы жаңа оқу бағдарламаларының маңыздылығын да атап кету керек. Бүгінгі қазақстандық білім беру жүйесінде бірқатар өзгерістер орын алуда. Оның қажеттілігі

114

замансұранысынантуындапотыр.Ұзақжылдарбойыдәстүрліқалыптасқанбілімберупарадигмалары білім жинақтауға арналып келді. Ендігі жағдайда тек қана білім жинақтаудың бір жақты болатыны байқалып отыр. Әлеуметтік, ақпараттық, технологиялық салалардағы өзгерістер тек білім жинақтау мақсатындаалынғанбілімніңдағдарысынкөрсетіптұр.Оныңбірқатарсебептерібар,атапайтсақ,білім феноменінің өзінің өзгеруі және оның қоғамдық практикамен байланысының, қарым-қатынасының өзгеруі. Қазіргі кезде ақпарат көзінің жылдам таралуына байланысты, ақпараттың ескіруі де жылдам орыналыпотырады.Үнеміжаңарыпотыратынақпараттарлегіноқулықтарғаенгізудіңмүмкінеместігі және оның тиімсіздігі білімге деген басқаша көзқарасты қалыптастыру міндетін алға қояды.

Білімжинақтаупарадигмасыдағдарысыныңтағыбірсебебібілімалушыныңмиынкөпақпаратпен толтырудың қажет еместігімен байланысты, себебі ақпараттың жиналуының басқа көздері де жеткілікті. Бұл жерде ең бастысы сол ақпараттарды қолдануға үйрету болып табылады. Мәселенің күрделілігі де сонда. Бұл жерде кез келген маманның алынған білімін ары қарайғы тәжірибесінде қолдана алуы маңызды. Тұлғаның өз бетінше іс-әрекет жасай алуы, оның субъективтілігін дамытуы, өзінің жеке потенциалын әр түрлі әлеуметтік, кәсіби мәселелерді шешуде қолдана алу қабілеттіктерін бере алу керек. Еңбек нарығында қандай маман қажет болады. Әрине, өз бетінше шешім қабылдай алатын, қойылған талапқа, тапсырмаға шығармашылық тұрғысынан келіп, соңында нәтиже көрсете алатын маман қажет. Ондай маман жұмыс берушіден нұсқаулықтар, болмаса, тапсырманы қалай орындау керектігі бойынша сұрақтар қоймай, өз біліктіліктерін көрсетеді.

Дінтанушы мамандарды даярлаудағы жаңа бағдарламалар болашақта әр сала бойынша мамандарменқамтамасызетілумүмкіндігінбереді.Дәлірекайтсақ,дінтанумамандығыбойыншабілім алған студенттер, еңбек нарығына ислам бойынша эксперт-дінтанушы, христиандық бойынша дінтанушы-эксперт, жаңа діни ағымдар бойынша дінтанушы-эксперт және теориялық мәселелер бойынша дінтанушы бағыттарында мамандана алады.

Жоғарыда келтіріп отырған деректер көптеген деректердің бір азғантай тамшысы ғана іспеттес. Алайда алдымызда көптеген жұмыстар тұр. Біздің мақсатымыз бәсекеге қабілетті, өз ісінің білгірі ретіндегі дінтанушы мамандарды даярлау. Осы орайда осы келтірілген деректермен танысу болмаса ол деректердің қандай да бір бөлігін оқу үрдісінде қолдану үлкен жауапты іс болар еді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.https://egemen.kz/article/nursultan-nazarbaev-bolashaqqa-baghdar-rukhani-zhanhghyru

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: Жеті жарғы, 2007

3.Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, 2007 жылғы 27 шілде

4.Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Заңы. http://adilet.zan.kz

ҚҰДАЙБЕРДІ БАҒАШАРОВ РАЗИЯ ШАЙКЕНОВА

ХИДЖАБ ТАҒУ МӘСЕЛЕСІ

Хиджаб (араб.: بﺎﺠﺣ «жасыру», «жабу») - мұсылман әйелінің көшеге шыққанда бетін, денесін жасыруүшінкиетінкиімі.ЕңалғашМұхаммедпайғамбардың(с.а.с.) әйелдеріғанахиджабпенжүретін болған, кейін барлық мұсылман әйелдері осы салтты ұстанған. Хиджаб мұсылман аймақтарында кең тарады, алайда ауылдық жер мен көшпенді тайпалардың әйелдері көбінесе оны кимеді. Хиджабтың қара немесе басқа түсті ойық яки тор көз сақтауы бар желбегей іспеттісі (бетті немесе бүкіл денені жауып тұратын), бетті жауып тұратын қара селдір тор шымылдық секілді және т.б. түрлері болады.

Орамал тағып, ұзын киім кию үрдісі – тосырқап, таңдана кейде түсінбей, тіпті жатырқай да жақтырмайда қарайтын тосынқұбылыс емес. Ең алдымен,киімкиюдіңбұл үлгісі – ислам діні әкелген жаңалық емес. Бұл үрдіс еврей мен христиан дінінде де, корей, жапон секілді көне мәдениеттерде де бар. Мысалы, еврей хахамы Менахем M.Брейер («Йешива» университетінде киелі кітап әдебиетінің профессоры) еврейлік дін құқығы бойынша әйелдерінің орамал тағуға тиісті екенін айта келе, кейбір танымал раввиндерінің мынандай сөздерін келтірген: «Еврей қыздарына орамалсыз сыртқа шығу жараспайды», «Әйелдерінің орамалсыз жүруіне рұқсат еткен еркектерді қарғыс атсын!», «Еркектерге ұнау үшін басын ашып жүрген әйелдер жоқшылық әкеледі». Әйелдің орамалсыз жалаңбас жүруі жалаңаш жүруімен тең саналғандықтан, иудаизм діні орамалсыз жүрген әйелдің жанында дұға сияқты ғибадаттарды жасауға тыйым салады. Еврей діні бойынша, орамал тағу әйелдің абыройы мен беделін, әлеуметтік жағдайын білдіреді. Сондықтан төменгі таптағы әйелдер жоғарғы таптағы әйелдердің

115

қатарында көріну үшін орамал тағуға тырысатын. Орамал тағу тектіліктің нышаны саналғандықтан, байырғы Израилде зинақор әйелдердің орамал тағуына рұқсат берілмейтін. Сондықтан, зинақор әйелдер өздерін абыройлылардың санатында көрсету үшін арнайы орамал түрін тағатын. Европадағы еврей әйелдері сол жердің тұрақты мәдениетімен араласа бастаған ХІХ ғасырға дейін орамал тағып келген. ХІХ ғасырда еуропа қоғамы басты ашып жүруге мәжбүр еткендіктен кейбір еврей әйелдері орамалдың орнына парик киіп жүруді шығарды. Ал бүгінде еврей әйелдері синагогада ғана орамал тағады. Еврей дінінің «Hassidism» мәзһабын ұстанушылар орамалға балама ретінде әлі күнге дейін парик тағуда.

Ал христиан дінінде орамал тағу мәселесі қалай? Католик шіркеуіндегі монах әйелдердің 1000 жылданберіорамалтағатындығыбелгілі.Тертуллиянаттыхристианғалымыбойжеткендердіңшашын бүркемелеуге, жабуға байланысты баяндамасында былай дейді: «Бойжеткендер, көшеде жүргенде бастарыңа орамал тағыңдар, шіркеуде, бөгде адамдардың жанында және өз ер бауырларыңыздың жанында бастарыңды ашық ұстамаңдар....».

Бүгінгі Католик шіркеуінің ата заңдарында шіркеуде әйелдерді бастарына орамал тағуға міндеттейтін арнайы бабтар бар. Амиш және Меннонилер сияқты кейбір христан ағымдары әлі күнге дейін әйелдердің орамал тағуын талап етуде.

Алысқа бармай-ақ орыс халқының ұлттық киіміне, назар аударсақ, олар да орамал тағып, ұзын киім киген. Демек, орамал тағу ислам діні әкелген жаңалық емес.

Жаһанданудың арқасында біз бүгінгі таңда батыс мәдениетінен барынша әсерлендік. Әсерленгеніміз соншалық, оған ес-түссіз беріліп, жақсы-жаманын танымай, залалы мен пайдасын сараламастан қатты еліктедік. Сондықтан, біздің қоғамда әйел адамның етек-жеңін қымтап жүруі, жартылай жалаңаштанудан да тұрпайы көрінуде. Қоғамда заман талабына ілесудің өлшемі «жалаңаштану» сияқты көзқарас қалыптасты. Ал орамал тағып, ұзын киім киіп жүрген жандар замана көшіне ілесе алмай қатардан қалып кеткен ескішіл адамдардай бағалануда.[2]

Аллаһ Тағала әрбір жаратылысқа өзіндік ерекшеліктер тарту еткен. Әйел адамның қоғамдағы, жанұядағы орны, жалпы болмысы, тәні ер адамдарға қарағанда мүлдем ерекше. Әйел адам осы ерекшеліктерін қорғай білген кезде ғана, қоғамдағы биік мәртебесін сақтай алады. Әйел адам өзінің аналық мейірімімен, күйеуіне деген ізеттілігімен қымбат. Ол осы қасиеттерімен әрдайым жоғары тұрады. Осы тұрғыдан алғанда орамал тағу, ұзын киім кию – әйел адамның нәзік болмысы мен әдемілігінбөтенадамдардыңарампиғылынан,сұқ көзіненсақтайтынбірденбірқорған.Әріәйелзатын мейірімділік, нәзіктік, ар-ұяттылық сияқты тағы басқа әйелге тән асыл қасиеттерімен танытар нышан. Әйелдердің басын жауып, ұзын киім киюі – Құранның тікелей бұйрығы.

 

«Нұр» сүресінде:

 

 

ْ

ْ َ

ﱠﱠ

 

 

 

 

َْ

 

 

َْ

 

ُّْ

 

 

َﱠ

 

َ

ُ

 

 

َﱠ

ُ

 

ْ

 

ﻦﯾَﺪِﺒُْﯾﻻو ﻦﮭﺑﻮُﯿﺟُﻰﻠﻋ ﻦھِﺮﻤﺨﺑ ﻦَﺑْﺮﻀْﯿﻟو ﺎﮭﻨﻣِﺮﮭظ ﺎﻣ ﻻإ ﻦﮭﺘَﻨﯾز ﻦﯾَﺪِﺒُْﯾﻻو ﻦﮭﺟوﺮﻓ ﻦَﻈﻔﺤْﯾو

ﻦھِرﺎﺼﺑْأ ﻦﻣِﻦَﻀْﻀُﻐﯾ تﺎَﻨِﻣْﺆِﻤﻠﻟِﻞﻗو

 

 

َِ

َ

ُِِ َََِ ََ

َُِ ِ

 

ََُُ

ََ

َِ

 

 

َ ُ

َ

 

َ َﱠ

َﱠ

 

 

َﱠ

ْ

َﱠ

ْ َﱠَ

ََﱠ

ََﱠَ

 

َﱠ

َﱠَ

ﱠﱠ

ِ

 

ََْ

َِ

ْ ِﻮَﺧ

َْ َِِ

َْ َِِْ ُِ

 

ْ ِ

ْ ُِ َْ

َِْ ِ ُ

ُِ

ﺖْﻜَﻠﻣ ﺎﻣ وأ ﻦﮭِﺴﻧِﺋﺎ وأ ﻦﮭﺗاِ

أ ﻲﻨِﺑوأ ﻦﮭﻧاِﻮﺧإ ﻲﻨِﺑوأ ﻦﮭﻧاِﻮﺧإ وأ ﻦﮭِﺘﻟﻮﻌُﺑءﺎَﻨﺑْأ وأ ﻦﮭﺋﺎَﻨِﺑْأ وأ ﻦﮭﺘِﻟﻮﻌُﺑءﺎﺑآ وأ ﻦﮭﺋﺎِﺑآ وأ ﻦﮭﺘِﻟﻮﻌُﺒﻟِﻻإ ﻦﮭﺘَﻨﯾز

 

ْ

َ

َ

َ ّ

َ

ْ

َ

ﱠ ّ َ

 

 

ْ

ُ

َ

َ

 

 

 

 

ْ

 

 

 

 

 

 

ﱠُ

 

ﻦﮭﺘَﻨﯾِزِ ِﻦﻣِﻦﯿَﻔِﺨُﯾﺎﻣَﻢَﻠﻌُﯿﻟِْﻦﮭﻠِﺟُِرْﺄﺑِﻦَﺑْﺮﻀْﯾَِﻻوَءﺎﺴَِﻨﻟا تاِرﻮﻋََْﻰﻠﻋَاوﺮﮭﻈََُْﯾ ﻢﻟ ﻦﯾَﺬِﻟا ﻞﻔِﻄﻟاِوِأ لﺎﺟﺮﻟاَِِّﻦَﻣِﺔِﺑرﻹاَِْﻲﻟِوِْأ ﺮﯿَﻏْﻦﯿَﻌِﺑﺎِﺘﻟا وِأ ﻦﮭُﻧﺎﻤﯾَْأ

 

 

ْ َ

 

َ

ُ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

َُُْ ُ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

نﻮَﺤُﻠِﻔﺗ ﻢﻜﻠﻌﻟ

نﻮَﻨﻣْﺆِﻤﻟاﺎﮭﯾﱡأ ﺎﻌﯿﻤِﺟ ﱠاﻰﻟإ اﻮُﺑﻮﺗو

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

َْ

ُ َ ًَِ ِ

َ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мүмін әйелдерге айт, өздеріне харам етілген нәрселерге қарамасын, ұятты жерлерін зинадан,

күнә атаулыдан қорғасын, мәжбүр көрінген жерлерінен (бет, екі қол, тобықтан төмен екі аяқ) тыс әдеміліктерін көрсетпесін. Орамалдарын жағаларын да жабатындай етіп тақсын...» (24:31) [1].

Құранда қыз-келіншектердің киетін киімінің

нақты пішіні айтылмаған. Тек әйел баласы

өзінің

дене бітімін

ерекше айқындамайтын кеңдікте, жүзі,

екі қолы, тобықтың төменгі жағынан тыс басқа

барлық жерлерін жабатындай кез келген

киім

үлгісін таңдап

кисе

болады.

Бұл шарттар

орындалғаннан кейін, сәнді, әрі өзіне жарасымды жалпы эстетикаға

сай

киім киюге ислам дінінде

қарсылық

жоқ. Сауд Арабиясы мен Ирандағы

әйелдер сияқты

қара киіп жүру

үрдісі барша

мұсылмандарға парыз емес. Ондай киім үлгісі олардың өз әдет ғұрыптары мен қоғамына

қарай

таңдалған. Сондықтан, Құран өлшемдерінен

шықпау шартымен әр мұсылман киім үлгісін

өзінің

менталитеті мен әдет-ғұрыптарына, заманына қарай,

әрі өздері өмір сүріп отырған

жерлердегі ауа

райыерекшеліктерінеыңғайлыетіптаңдайалады. Мысалы,қазақжерініңәржерінетән әйелкимешегі болған. Тіпті, әйелдердің жас ерекшеліктеріне де байланысты кимешек үлгілері болған. Ата - бабаларымыз «ғұрпымызда орамал тағу жоқ» деп, Құран қағидасына қарсы шықпаған. Керісінше, оны ғұрпымен сабақтастырып, ою-өрнегімен көркемдеп, өзінің киім үлгісіне айналдыра білген. БүгінгітаңдадаҚұранөлшемдерін ескереотырып, заманталабынасайәртүрлі ұлттық киімүлгілерін тігуге неге болмасқа?! Осылай істесек, бәлкім, ормал тағы,ұзын киім кию –ананың-мынаның ұлттық киімі дегендей таяз түсініктерден аулақ болар едік [2].

Бүгiнде елiмiзде хиджаб киген қыз-келiншектер көбейе түсуде. Хиджаб мәселесiнде министрлерденбастап,мектептерде,ата-аналарарасында,керекдесеңiз,балабақшаларғадейiнәртүрлi

116

пiкiрлер айтылуда. Хиджаб оны жақтаушылар айтып жүргендей, күнделiктi тұрмыста кеңiнен пайдаланып келе жатқан киiм болса, онда кiмнiң шаруасы бар едi. Мәселе хиджабтың күнделiктi, дәстүрлi киiм еместiгiнде болып тұр. Сондықтан да хиджаб кию дiни ғана емес, саяси-әлеуметтiк мәселеге де айналып барады. Облыстың аудандарында, облыс орталығында «қызым хиджаб кимесе, мектепке жiбермеймiн» деген ата-аналар баршылық. Астанада екi жiгiт, бiреуi қазақ емес, қазақ студент қыздарын хиджабпен ЖОО-ға кiргiзбеуге қарсы аштық та жариялады. Хиджаб киген қыздар да өз құқықтары үшiн күресуге даяр екенiн байқатты. Осының бәрi де қоғамды жiкке бөлуде. Ендi хиджабпенмемлекеттiк оқуорындарындаеркiнжүрудiңқұқықтықжәнетарихижағдайларына тоқтала кетейiк. Заңдарымызда не айтылған? ҚР Конституциясының 1-бабының 1-тармағында мемлекеттiң “зайырлы” сипаты, 2-тармағында “қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық” түбегейлi принципi бекiтiлген. 5-баптың 3-тармағы “дiни” араздықты қоздыратын қоғамдық бiрлестiк құруға тыйым салған, 5-тармағы “шетелдiк дiни бiрлестiктерге” арналған. 14-баптың 2-тармағында “дiнге көзқарасына, нанымына” қарай кемсiтуге болмайды деп көрсетiлген. 19-бап бойынша әркiм “қай дiнге жататынынөзiанықтайды”.22-баптолығымендiнгеарналған.Мұнда “Ар-ожданбостандығықұқығы” және “Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекеталдындағы мiндеттергебайланыстыболмауға немесе олардышектемеуге тиiс”.34-баптың1- тармағында әркiм “ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi” екенi жазылған. Ар-ождан бостандығы 39-баптың 3-тармағына сәйкес “ешбiр жағдайда шектелмеуге тиiс” [3].

Ата заңымыздың тек дiнге қатысты нормаларын түгелдей бекерге келтiрiп отырған жоқпын. Конституцияныңбұлнормаларының“еңжоғарызаңкүшiбаржәнеоларбүкiлРеспубликағааумағында тiкелей қолданылады”.

Ендi Конституцияның осы баптарына тереңiрек тоқталайық. Мемлекеттiң зайырлығы ұғымы ненi бiлдiредi?

Зайырлы мемлекет ар-ождан бостандығын бiлдiредi. Бұл дегенiмiз әркiмнiң дiндi өзi таңдайтынын, дiни рәмiздердi ұстау немесе ұстамауды өзi таңдайтынын бiлдiредi.

Мемлекеттiк бiлiм беру мен тәрбиелеудiң дiни бiрлестiктерден бөлiнуi ҚР-ның “Бiлiм туралы” заңында да бекiтiлген [3].

Ендi осы нормалардың хиджаб киюге қатысы қандай деген сұраққа келелiк. Хиджаб кию – дiни сенiмнен туындайтын киiм үлгiсi. Оны әрбiр хиджаб киюшi қыз-келiншек айтады. Хиджабтың дiни киiм болғандықтан зайырлы сипаты жоқ. Оның үстiне, хиджаб –дiни өзгешелiгiмен көзге түсетiн киiм. Хиджабтың дiни киiм екенiн кез келген адам, тiптен балалар да бiрден айырады.

Хиджабтың әйелдердiң ұятты жерлерiн жабатыны рас. Бiрақ тарихи, дәстүрлi-ұлттық тұрғыдан қазақ әйелдерi ұятты жерлерiнжабатынкиiмдеркиген. Қазақтыңқыздары,келiншектерi,ортажастағы әйелдерi, апа-әжелерi эстетикалық тұрғыдан өте жарасымды ұлттық киiмдер киген. Қазақ қыздары да, әйелдерi де бетiн ешқашан тұмшаламаған. Әрине, қазiргi интеграция мен урбанизация заманында әйелдердiң киiмдерi өзгердi. Дiни киiмдер де, ұлттық киiмдер де екiншi қатарға кеттi. Еуразия, Америка, Африка құрлықтары тұрғындары бүкiл әлем халықтары ұқсас киiмдер киюге көшiп кеттi. Әйелдердiң дiни дәстүрлi киiм киюi тек таза Исламдық мемлекеттерде сақталды.

Әлем әйелдерi мен қыздарының, соның iшiнде қазақ қыздарының бiр бөлiгi мода қуып жартылай жалаңаш киiм киюге көштi. Қазақ жастарының тағы бiр тобы ашық түрде шоқынып, өзге дiндерге өтуде. Оларға қарсы екiншi бөлiгi дiни хиджаб, никаб киюге бет бұрды. Осы тұрғыдан хиджаб кию жартылай жалаңаш киiм киюшiлерге, шоқынушы қазақтарға табиғи қарсылық ретiнде пайда болып отыр. Оның үстiне, хиджаб кию дiни сипатқа көштi. Шынында, хиджаб кию араб-парсы әлемiнiң тарихи, ұлттық және мәдени үлгiсi емес пе?

Хиджаб,никаб,паранжакиюәлемдiксипаталуда.Франциядапаранжа,никабкиюгетолықтыйым салынып, ол заңмен жазаланады. Түркия, Әзiрбайжан, Тәжiкстан, тағы басқа елдерде хиджабпен мемлекеттiк оқу орындарына кiргiзбейдi. Кейбiр елдерде әйелдер хиджаб киюдi талап етiп, митингтер мен шерулерге шығуда. Мұндай жағдай Қазақстанда да қылаң берiп қалды. Астанада хиджаб киген қыздарды шеруге шақырушы ұйымдар пайда болды. Мұндай әрекеттер қоғамдық келiсiм мен саяси тұрақтылықты бұзуға, дiнаралық және дiнiшiлiк бiрлiктi ыдыратуға бағытталғаны айдан анық. Бірдебір заңда «қоғамдық орындарда орамалмен жүруге болмайды» деген тыйым жоқ [4].

Қазiргi таңда өте күрделi, мұсылман әйел затына қиын мәселелердiң бiрi – орамал болып отыр. Өйткенi, орамал әйелдiң ұятты жерлерiн жауып тұратын киiм. Ал қазiргi кез, өздерiңiзге мәлiм, әйелдердiң шешiнгенін қалайтын, барлық ұятты жерiн ашуды жөн дейтiн заман. «Мен мұсылманмын» деген әйелдер ұятты жерлерiн жауып, орамал киюдi ауыр көретiн заман. Араларында бiреу жамылғы кие қалса, айналасының зәре құты қашатын заман [5].

117

Негiзiнде, ұят адамзатқа тән игi қасиет болғандықтан, еркектердiң де, әйелдердiң де ұятты жерлерін көрсетiп жүрулерi адамгершiлiк сипатқа қайшы қылық. Алла тағала Құран Кәрiмде былай деп бұйырған:

«Әй, адам баласы! Ұятты жерлерiңдi жабу үшiн киiм және сәндiк бұйым түсiр-дiк. Негiзiнде тақуалық киiмi жақсы» («Ағраф» сүресi, 26-аят) [1]. Ал пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисiнде: «Әрбiр дiннiң мiнезi бар. Исламның мiнезi, ол – ұят», – десе, келесі хадисінде: «Ұят пен иман бiр-бiрiмен өте тығыз байланыста. Егер бiреуiн алып тастаса, екiншiсi өзi кетiп қалады», – дейді. Өкiнiшке орай, бұл әдет қазiр кеңiнен етек жайып отыр.

Орамал – ар тазалығының белгiсi. Бұл туралы Жаратушы Иеміз Құранда былай дейдi: «Әй, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмiн әйел-дерге айт: Үстерiне бүркеншіктерiн орансын. Бұл олардың танылуларына, сондай-ақ, кемсiтiлмеулерiне жақынырақ» («Аһзаб» сүресi, 59-аят) [1]. Осы аяттағы «танылуларына» деген сөздi Ислам ғалымдары былайша түсiндiредi: бұл жерде әйелдердiң игi әрi таза күйiнде танылуы айтылып тұр. Яғни, ерлердiң көз тастауы мен тиiсулерiн әдепсiздепсанайтынжәнеөздерiжайлы«оңайқолғатүсетiнжеңiлтекәйелдер»дегенойтуғызбасүшiн осындай таза жолды таңдайтын нәзікжандылар жайлы сөз қозғалуда. Орамал – тақуалықтың белгiсi. Тақуалық дегенiмiз – Алладан шынайы қорқу. Орамал – иманның белгiсi. Алла Құранда жамылғы жайында тек иманкелтiрген әйелдерге ғана сөйлейдi: «Иман келтiрген әйелдерге айт...»(«Нұр»сүресi, 31-аят). «...және иман келтiргендердiң әйелдерiне...» («Аһзаб» сүресi. 59-аят).

Жалпы тақуалық киімі: зинаға тосқауыл болу, ұрпақты және шаңырақты шайқалтпай сақтау, әйелдердiң қадiрiн арттырып, тұлғалық қасиетiн қалыптастыру үшін киіледі. Ислам діні әйел киімінің шеңберін сызып берген. Бұл туралы Алла тағала Құранда: «Мүмін әйелдерге айт! Ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Көріктерін (сырға, алқа, т.с.с тағылатын жерлерін) көрсетпесін. Бірақ өздігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Сондай-ақ, (шаштары мен мойындары және омырауларын жабатындай етіп) бүркеншіктерін (яғни орамалдарын) омырауларына түсірсін! Көріктерін (шаштары мен мойнын) көрсетпесін! Тәндерінің сұлулықтарын білсін деп, аяқтарын жерге ұрып жүрмесін!» («Нұр» сүресі, 31-аят) [1].

Әйел киімінің Исламға сай болуы үшін мына қағидалар (критерийлер) сақталуы қажет:

1.Киім әйелдің беті мен саусақтарынан басқа жерін жауып тұруы керек.

2.Киім адам денесін көрсетпейтіндей тығыз матадан тігілген болукерек,денені көрсетіп тұратын үлбіреген жұқа маталар болмайды.

3.Киiм әйелдiң дене бiтiмiн байқатпайтындай кең болу қажет: тырысып, жабысып, әр мүшесін көрсететiн киiм киюге рұқсат етiлмейдi.

4.Әйелдердiң киiмi еркектердiң киiм үлгiсiнен бөлек болу керек. Яғни, әйел киiмi еркектердiкіне ұқсамауы тиіс.

5.Мұсылман әйелдерiнiң киiмi Исламға иланбаған әйелдердiң киiмiмен ұқсас болмауы керек.

Өзге дiндердiң жасанды дiни киiмдерiн киюге мүлде болмайды.

Жаратушы Алла тағала Құран Кәрімде: «Некеленуден күдер үзіп, үйде отырған кемпірлердің зейнеттерін ашпай сырт киімдерін шешулері айып емес. Егер бұдан да сақтанса, олар үшін тағы да жақсы. Алла толық естуші, әр нәрсені білуші» («Нұр» сүресі, 60-аят), – деген. Демек, Қиямет күнінің Иесі «Егер бұдан да сақтанса, олар үшін тағы да жақсы» деген сөзімен, кемпірлер де жамылғыларын үстеріне жамылып жүрсе, олар үшін қайырлы болатындығын ескертті. Жасы келгендерге Жаратушы солай ескертіп жатса, қыз-келіншектер мен бойжеткендерге не дейміз?..

Қорытындылайкеле,жалпы«Хижаб»бұлараб сөзі.Оныңнегізгітүбірі«хажәбә»яғниқазақшасы жасыру, жабу, жамылғыш деген мағыналарды білдіреді. Хижабты қазақша орамал деп те атайды. Хижаб пен орамалдың негізгі ұғымы бір. Әйелдердің басын орамалмен жауып, әурет жерлерін бөгде адамдардан жасырып ұзын киім киюі Алла Тағаланың бұйрығы. Дінімізде әйелдердің беті, екі қолы (білезігіне дейін) мен екі аяғынан (тобығына дейін) басқа жерлері ұятты болып есептеледі. Сондықтан да, барлық әйел баласы ұятты саналған әуретті жерлерін киімімен жауып, бөгде ер кісілерге көрсетпей жүрудің шариғаттағы үкімі – парыз.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Құран Кәрім. Х. Алтайдың қазақ тіліне аудармасы

2.«Имани гүл», Қ. Жолдыбайұлы, Алматы 2011ж.-338-343 бет

3.«Ислам және өркениет», №20, 11-20 шілде, 2011 ж.

4.http://www.azattyq.org/content/Kazakhstan_muslim_hedjab/1886989.html

5.Абай Мауқараұлы SalNur журналы.-2010.-№1.-20-21бет

118

РАШИД МУХИТДИНОВ БЕЙБУТ УЙСЕМБАЕВ

ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЖӘНЕ ОНЫҢ ПӘТУА ШЫҒАРУДАҒЫ ОРНЫ

Ислам шариғаты кез келген қоғам мен заманға сай келетін кемел әрі кешенді дін. Ислам дінінің басты қағидаттары мен ұстанымдары Алла тағаланың кітабы Құран мен Мұхаммед пайғамбардың ( )

хадистерінде көрініс тапқан. Ғалымдар осы екі басты дереккөзден болашаққа бағдар болатын, ғылыми талаптарға сай, логикалық сұрақтарға тұщымды жауап бере алатын көптеген ережелер шығарған. Бұл қағидаттар мен ережелердің басты мақсаты – қоғамда әділдік орнатуға, ақиқатты үстем етуге іргетас болу.

Мұсылмандық сенімде,исламдіні – Жаратушы Құдайдыңадамзаттыңбарлығынажіберген соңғы діні.Сондықтанбұлдін,кезкелгенқоғамменуақытталабынажауапбереалатындінболуы тиіс.Оның ішінде барша халықтардың дүниетанымы, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрілері де бар. Адамның ұлттық, тілдік ерекшеліктерін ескертусіз қалдырмаған ислам шариғаты әдет-ғұрыпты ислам дінінің дереккөздерінің бірі санаған. Бұл тақырыпта талай зерттеулер жүргізіліп, ғылыми еңбектер жазылған.

Өкінішке орай, кейбір адамдар ислам дінінің көп тармақты ғылымдары мен кең ауқымды тақырыптарымен танысудың, үйренудің алдын асығыстық танытып, әдет-ғұрып мәселесінде не асыра сілтеп шектен шығып, не мүлдем мойындамай теріске шығарып жатады. Оның салдарынан көптеген діни мәселелерде ақиқаттан қырын кеткен көзқарастар пайда болады, қарапайым халық дүдәмал жағдайға түседі. Осындай қазіргі қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселе бүгінгі мақаланың тақырыбы ретінде таңдалды.

Бұл мақалада әдет-ғұрыптың тілдік және терминдік мағыналары, шариғаттағы орны мен шариғат көзқарасындағы әдет-ғұрыптың түрлері және оның пәтуа шығарудағы орны сөз болады.

«Әдет» сөзі араб тілінде «таным» деген мағынаны береді [1, 281 б.]. Кейін бұл сөздің қолданыс аясы кеңейіп, адамдар дағдыға айналдырған, жақсы, ыңғайлы деп санаған әрі үнемі жасалынатын іске қолданатын болған. Шариғатта көңіл қош көріп, танып, ақыл жылы қабылдап, күнделікті өмірде дағдыға айналдырылған амал «әдет» деп аталады [2, 281 б.].

Ал «ғұрып» сөзіне келер болсақ тілдік мағынасы «жан дүниенің жақсы деп танығаны» делінсе, шариғаттағы терминдік мағынасы «адам жаны бекітіп, сау ақылы қабыл еткен» нәрсені атайды.

Сонымен қатар ғұламалардың ішінде әдет пен ғұрыпты ажырамас бір түсінік деп танығандар да бар. Мәселен, Ибн Әбидин «Әдет пен ғұрып бір мағынада қолданылады», – деген. Содан да болар, қазақ халқының әдет пен ғұрыпты бөлмей «әдет-ғұрып» деп қосарлама мағынасында қолданғаны.

Әдет пен ғұрып арасындағы айырмашық Жоғарыда атап өткеніміздей әдет пен ғұрыптың бір мағынада қолданылатынын айтқан ғалымдар

бар. Десек, те әдет пен ғұрып арасында өзіндік айырмашылық та жоқ емес. Ғұрып сөзінің мағынасы әдетсөзінеқарағандаауқымдырақ.Солсебепті,адамдарарасындаәдеткеайналғаннәрсеніңбәріғұрып деп аталса, дағдыға айналған әрбір әдет ғұрыпқа жата бермейді. Демек, ғұрып ұғымы, бір немесе екі адамның дағдысына айналған қандай да бір әдет үшін қолданылмайды. Ал, әдет ұғымы болса, жекелеген адам мен қоғам ішінде қалыптасқан дағды үшін қолданыла береді.

Шариғатта әдет-ғұрыптарды бірнеше түрлерге бөледі. Мысалы, әдеттің іс немесе сөз екендігіне қарай «сөз түріндегі әдет» және «іс түріндегі әдет» деп екіге бөледі. Сөз түріндегі әдетке белгілі бір аймақтарда немесе жалпы мағынада келген сөзді жалқы мағынасына қолдану жатады. Оған мысал ретіндеұлғадақызғадақолданылуытиіс«бала»сөзініңкөпшіліктіңарасындатекербалағақолданылу әдетін келтіруге болады. Балықтың етін жалпы еттің қатарына қоспау сияқты әдетті де жатқызуға болады. Ал іс жүзіндегі әдетке Қазақстандағы некені мешітте қидыру амалын, дүкендердегі тауарларды «саттым», «сатып алдым» деген сияқты сөздерді айтпастан, ақшасын төлеп алу әдетін жатқызуға болады.

Шариғатта әдет-ғұрыпты орындушысына қарай жалқы адамның әдет-ғұрпы және көпшіліктің әдет-ғұрпы деп екіге бөледі. Жеке тұлғалардың әдеттеріне нақты бір адамның немесе бірнеше адамдардың ортақ әдеттерін жатқызуға болады. Мысалы, араб елдерінің арасында «ﺔﺑاد» сөзі Иракта ғана тек жылқы деген мағынада қолданылады. Қазақстанның кейбір аймақтарында «балдыз» сөзі әйелінің інісі мен сіңілісіне қатар қолданылады. Шығыс Қазақстанның кейбір аудандарында «көке» сөзі әйел адамына қолданылады. Батыс және Орталық аймақтарында «апа» сөзі әпке мағынасында қолданылады.

119

Сонымен қатар, шариғатта әдет ғұрыпты шарғи дәлел ретінде қолданылуына қарай үшке бөледі

[2, 282 б.]. Олар:

1)Шарғиәдет-ғұрып.Әдет-ғұрыптыңбұлтүрінешариғаттанадамдардыңкүнделіктіөмірінесіңіп, мұсылмадар арасында әдетке айналған амалдар жатады. Бұл істердің асылы, негізі шариғатта болғандықтан ол әдеттер заман мен уақыттың, мекен мен жағдайдың өзгеруіне тәуелді болмайды. Өйткені ол өз бастауын Құран мен сүннеттен алады. Оған мысал ретінде тауафты (қажылық кезіндегі қасиетті Қағбаны айналу) жалаңаш жасамау, әурет жерді жауып жүру, әйел адамның ер кісімен қол беріп амандаспауы сияқты әдеттерді жатқызуға болады. Осы аталған әдеттердің барлығының шариғаттан дәлелі бар. Мұсылмандар бұл амалдарды өздерінің күнделікті әдеттеріне айналдырғанымен олардың асылы шариғаттың үкімі болғандықтан олар заманына қарай не өзгеріп не ұмыт болғанына қарамастан әрбір мұсылманнан талап етілетін амал болып қала береді.

2) Дұрыс әдет-ғұрып. Ислам шариғаты адамдардың жеке әдеттері мен бүтін бір халықтың атабабадан дәстүр ретінде орындап келе жатқан әдеттерінің барлығын теріске шығарушы ретінде келген дін емес. Ислам діні кез келген халықтың ислам шариғатына қарсы келмейтін әдеттеріне тыйым

салмаған. Бұған Мұхаммед пайғамбардың ( ) заманындағы пұтқа табынған араб халқының кейбір әдеттерімен үкім шығарғандығы дәлел болады. Мысалы, Алла елшісінің ( ) заманында бір кісінің

түйесі Барра атты сахабаның құрма бағына кіріп, құрмаларды бүлдіріп кетеді. Содан Барра мен әлгі түйенің иесі дауласып, даудың шешімін іздеп, Алла елшісіне ( ) төрелік етуге жүгінеді. Сонда

Мұхаммед пайғамбар ( ) ол даудың шешімі ретінде сол уақытта арабтардың, нақтырақ айтқанда,

Мәдинахалқыныңәдеткеайналдырғанісінқолданады.Оләдетбойынша,егертүйеқұрмабағынатүнде кіретін болса,шығынды түйенің иесі мойнына алады. Ал егер күндіз кіретінболса құрма бағының иесі шығынды өзі көтереді. Себебі сол уақытта арабтар арасында мынандай әдет бар болатын. Адамдар малдарын күндіз еркін қоя беретін де, түнде тұсап яки арқандап қоятын. Ал егін қожайындары күндіз

егістіктерін малдан қоритын, ал түнде қорымайтын. Мұхаммед пайғамбар ( ) осы ғұрыпқа сай үкім

шығарған.

3) Бұрыс әдет-ғұрып. Ислам шариғатының көзқарасы бойынша, мұндай әдет-ғұрып түрін ислам шариғатына қайшы, діни тағылымдармен қабыспайтын, адами түсінік пен ақли санаға томпақ келетін әдет-ғұрыптар жатады. Мұндай әдет-ғұрыптарды шариғат құптамайды және теріске шығарады.

Ислам діні ғылымдарының ең маңыздыларының бірі «Усул әл-фиқһ» ілімінде әдет-ғұрып Құран Кәрім мен Мұхаммед пайғамбардың ( ) көрсетіп кеткен сүннет жолына қайшы келмейтін болса және

ақида мәселелеріне қатысты болмаса, онымен амал жасауға рұқсат етіледі. Шарғи дәлел жоқ кезде, адамдар арасында жалпы таралған әдет-ғұрып та шариғи дәлел болады. Сауда-саттық тәрізді адамдар арасындағы қарым-қатынаста әдет-ғұрып үлкен орынға ие [3, 21 б.].

Әдет-ғұрыпқа қатысты ислам ғалымдарының көзқарасы Адамның іс-қимылына қатысты шариғаттың үкімдерін зерттейтін фиқһ ғылымында қоғамда

қалыптасқан әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге негізделген бірнеше «фиқһ қағидалары» пайда болды. Солардың бірі ретінде «Әдет-ғұрыпқа төрелікке жүгініледі» [4, 219 б.] деген фиқһ қағидасын айта білеміз. Ислам ғұламалары шариғаттың Құран аяты немесе Пайғамбар хадисі секілді нақты мәтіні келмеген мәселелерді, аталмыш қағидаға сала отырып үкімін беретін. Сондай-ақ, имамдар фиқһи мәселелерде әр адамның жағдайы бөлек болғандықтан, оның өзіне жеке пәтуа беріп, оған қатысты шариғаттың үкімін бекітіп отырды. Сондықтан, фиқһ және фиқһ негіздері [4,11 б.] ғылымдарында әдет-ғұрып мәселесі көбірек талқыланудың өзіндік маңызы бар. Фиқһ ғалымдары өздерінің көптеген пәтуаларын адамдардың күнделікті өмір сүруүрдістеріне негіздей отырып айтып кеткен. Әсіресе адам өміріндегі сауда-саттық, егін,шаруашылық отбасылық өмірдің мәселелері және қоғамдық қағидаларға қатысты шариғаттың көптеген үкімдері әрдайым әдет-ғұрыпқа негізделіп отырған.

Ислам ғұламалары қандай да бір мәселеге қатысты дәлел табылмаған жағдайда әдет-ғұрыптың шариғи дәлел орнына жүретініне бір ауыздан келіскен. Мысалы, ислам шариғатында әйелдің нәпақасын табу ер адамның міндеті болып саналады. Бірақ, нәпақаның арнайы мөлшері айтылмаған. Осы тұста нәпақаның мөлшері әдет-ғұрыпта қалыптасқан мөлшермен өлшенеді [5].

Алайда исламғұламалары, әдет-ғұрыптың жеке-дара шариғидәлелретінде саналып-саналмауына қатысты әр түрлі көзқарас білдіреді. Ханафи мен Мәлики және Ханбали мәзһаб ғалымдары әдетғұрыптың өзі шариғи дәлелге жататынын айтақан. Дәлел ретінде ибн Масғұдтан жеткен: «Мұсылмандар жақсы деп тапқан нәрсе, Алланың құзырында да жақсы, ал мұсылмандардың жаман деп қабылдағаны жаман болып есептеледі» – деген хадисті келтіреді [6, 71:241 х.]. Ханафи мәзһабының үлкен имамдарының бірі Әл-Кәмәл ибн Әл-Хумәм өзінің Фатхул-қадир атты кітабында:

120

«Шариғаттың мәтіні (аят, хадис, сахабалар сөзі) келмеген тұста, ғұрыптың үкімі ижмағ үкімімен тең болады», [7, 2:839 б.] – дейді [8].

Шафиғи мәзһабы ғалымдарының көзқарасында шариғаттың қуаттауынсыз әдет-ғұрып шариғи дәлел болып саналмайды.

Ислам ғұламалары әдет-ғұрыптың дәлелге жарамды болуы үшін арнайы шарттар қояды:

1.Әдет-ғұрып адамдар арасында кең таралған һәм жалпыға ортақ болуы тиіс.

2.Құран мен сүннет бекіткен шариғи дәлелге қайшы келмеуі қажет [9], [10] Әдет-ғұрыптың пәтуә шығарудағы орны Пәтуа сөзінің ұғымы

Пәтуа сөзі «фақиһтің берген пәтуасы», «берілген сұрақты баяндап пәтуа берді» деген

мағыналарды білдіреді. Терминдік мағынасы: Орындалуын талап етпеу шартымен шариғи үкімді баян ету дегенді білдіреді. «Ән-Науазил, әл-мәса-ил, әл-әжуиба», – деп те аталады.

Пәтуаның жүзеге асуы Пәтуа жалпылай жазбаша және ауызша формада жүзеге асады. Кей жағдайларда ишарат арқылы

да іске асады.

Пәтуа нені қамтиды Пәтуа парыз, сүннет, харам, мәкрүһ және мубах секілді шариғи, тәклифи үкімдерді қамтуымен

қатар, сахих, фасид немесе батыл тәрізді уадғи үкімдерді де қамтиды. Пәтуа ақида үкімдерін де қамтиды. Атап айтсақ «ридда» мәселесін және оған қатысты үкімдерді қамтиды. Мәселен қандай да бірақидағақатыстысауалсұралса,аталмышсауалғамүфтикүпірлікнемесеридданемесехарамбидғат секілді үкімдер бере алады. Негізінде бұл ақидаға араласу дегенді білдірмейді. Керісінше дұрыс ақидаға (сенімге) қайшы келген көзқарастардың теріс тұсын айтып беруден туындайды.

Пәтуа үлгісі Қандай да бір мәселенің үкімі, пәтуасы сұралғанда ол сауал мүфтидің ой шеңберінде төрт

кезеңнен өтеді:

1.Тасауур – мәселені көз алдына келтіру, елестету 2.Тәкииф – мәселені фиқһи бір бөлімнің аясында қарастыру 3.Үкім – мәселеге қатысты фиқһта келген үкімін баян ету 4.Пәтуа – мәселенің пәтуасын беру

Тасауур кезеңінде мустафти (пәтуа сұраушы адам) мәселені толықтай суреттеп береді. Мустафтидің сауалын жіті тыңдай отырып немесе оқи отырып мүфти мәселені нақты көз алдына келтіруге күш салады. Негізінде мәселені баяндап беру тікелей мустафтиға байланысты. Сондай-ақ, мүфти мустафтиге қосымша сұрақ қоя отырып та мәселенің көрінісін елестетуге қол жеткізе алады. Міне, осы кезеңде «хаср» жүзеге асады. «Хаср», – деп, баяндау процесі жүріп жатқанда өзге сауалдардан аулақ бола отырып тек мәселеге қатысты сұрақтармен ғана шектелуді атайды. Мәселен, мустафти сауалынан ауытқып, өзінің жеке проблемаларын айтып кетпеуі немесе бір сауалдың ішінде бірнеше сауал қойып кетпеуі тиіс.

Такииф – мәселені фиқһи бір бөлімнің аясында қарастыру дегенді білдіреді. Яғни, қарастырылып отырған мәселе қай бабқа (ғибадат, муғамалат (қарым-қатынас), жинаят (қылмыстық кодекс) немесе ахуалуш-шахсияға (отбасылық құқықтар) кіретіндігі анықталуы ләзім. Сұралған мәселе фиқһта келсе «ташбих» деп аталып, фиқһта келмесе «тамсил» деп аталады. Тамсилге мәселен салым салуды (депозитті) келтіруге болады.

Шариғи үкім – мукаллафтың ісін сипаттау (уасфул фиғлил мукаллаф) дегенді білдіреді. Егер мәселе фиқһта қарастырылған болса үкімі фиқһтан шығарылады. Ал, егер фиқһта қарастырылмаған болса шариғи-ижмали дәлелдерге сүйене отырып жаңа зерттеу жүргізіледі.

Пәтуа шығару Пәтуа – шариғат үкімдеріне, қатғи (нақты) насқа, келіскен ижмағқа (ғұламалардың бір ауыздан

келісе отырып шығарған үкімі), фиқһи жалпылама қағидаға қайшы келмеуі керек. Ескеретін жайт, пәтуа заман, мекен, тұлғалар және хәлдерге қарай өзгеріп отырады.

Заманның өзгеруіне байланысты пәтуаның өзгеруі )келіптауып ЗәйдибнХалидәл-ЖуһанириуаятеткенхадистебірбәдәуиПайғамбарымызға( –

): «Тауып алған нәрсеңді бір жыл бойы адамдарға алған нәрсе жайында сұрайды. Пайғамбарымыз (

айта жүр. Дорбасының сипатын да айта жүр. Біреу сипаттарын айтып, сұрай келсе бер. Ал, ешкім келмесе садақа етіп беріп жібер», – деп жауап береді. Бәдауи: «Тауып алған нәрсе қой болса қалай

): «Олай болса саған немесе бауырыңа немесе қасқырға болады?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз ( ) бұйырады», – деп жауап қатады. Бәдауи: «Түйе қалай болады?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (

121

реңіөзгеріп:«Оныңжейтіншөбі,ішетінсуыбар.Оныеркінежібересал»,-депжауапқатады.Ал,Осман (Алла ол кісіге разы болсын): «Жоғалған заттың сипаттарын жұртқа айта жүреді. Бір жыл күтеді. Табылмаса сатады. Иесі келсе ақшасын береді», – деп пәтуа берген. Жоғарыда келтірілгендер заманның өзгеруіне байланысты пәтуаның өзгеруіне мысал болады.

) заманында, Әбу Бәкірдің халифалығының тұсында және Омар (Алла ол Пайғамбарымыз ( –

кісілерге разы болсын!) халифалығының алғашқы жылдарында егер күйеуі әйеліне үш талақ десе, бір талақ түсетін еді. Кейін Омар (Алла ол кісіге разы болсын!) сахабаларға былай деді: «Расында кей адамдар талақта асығыстық жасап жатыр, оларға үш талақ сөзімен бірден үш талақ түсуіне қалай қарайсыңдар?», – деп сұрайды. Нәтижесінде сахабалар бір ауыздан үш талақ сөзімен үш талақ түседі деген шешімге келген.

Мекеннің өзгеруіне байланысты пәтуаның өзгеруі Мекеннің өзгеруінен туындайтын пәтуа ауа райының ыстық, суық, жаңбырлы, құрғақ болуына

тікелей қатысты. Мысалы ауа райының ыстық, суық болуына байланысты балиғатқа жету де әр түрлі болады. Аббаси халифаларының бірі имам Мәлікке Ибн Аббастың рұқсаттарын және ибн Омардың табиғаты қаталдау пәтуаларынан аулақ бола отырып бір кітап жазуын сұрайды. Имам Мәлік халифа сөзін жерге тастамай «Муатта» кітабын жазады. Халифа барша мұсылманды сол кітапта келген үкіммен жүргізбекші болады. Ал, аталмыш еңбекті жазған Имам Мәлік болса: «Уа мүміндердің әміршісі! Бұлай жасамаңыз. Себебі әр жердің өзіне тән әдеттері бар», – дейді.

Тұлғалардың өзгеруіне байланысты пәтуаның өзгеруі Амр ибн Ас (Алла оған разы болсын!): «Біз Пайғамбарымыздың ( ) қасында едік. Бір жігіт келіп,

Уа Алланың елшісі! Мен ораза халінде әйелімді сүйе аламын ба?», – деп сұрады. Пайғамбарымыз ( ):

«Жоқ», – деп жауап берді. Артынша бір қария келіп: «Уа Алланың елшісі! Мен ораза бола тұра, әйелімді сүйе аламынба?», – депсұрады.Пайғамбарымыз( ): «Иә», – депжауапберді.Бізбірсауалға

Пайғамбарымыздың ( ) екі түрлі жауап бергеніне таң қалып, бір-бірімізге қарадық. Мұны байқаған Пайғамбарымыз ( ): «Мен сендердің бір-бірлеріңе түсінбей қарағандарыңды көрдім. Қария

өз нәпсісін ұстай алады», – деді. Бұл риуаят пәтуаның адамдарға байланысты өзгеруіне мысал болады. Халдің өзгеруіне байланысты пәтуаның өзгеруі

Сәлама ибн Акуағ Пайғамбырымыздың ( ) былай дегенін риуаят етеді: «Кімде-кім биыл құрбан шалса, үш күннен артық үйде етін сақтамасын». Келесі жылы сахабалар Пайғамбарымызға ( ) келіп:

«Уа Алланың елшісі! (Құрбан етін) биыл да былтырғыдай жасаймыз ба?», – деп сұрайды. Пайғамбарымыз ( ): «Биыл құрбан етін өздерің жеңдер! Өзгелерге де жегізіңдер. Қажет болса, қор

жинап алыңдар. Себебі, былтыр адамдар қиыншылыққа душар болған еді. Сол шақта бір-біріңе қол ұшын берулеріңді қалаған болатынмын», – деп жауап береді. Міне осы риуаят халдің өзгеруіне байланысты пәтуаның да өзгеріске ұшырайтындығына мысал болады.

Ескерту:

Өзгеріске ұшыраған үкім негізінен қатғи настарға қатысы болмайды. Әдет-ғұрыпқа, ижтихади мәселелерге (мәселен, қияс, истихсан, масалихул мурсала тағы да басқа дәлелдерден алынған үкімдерге) тікелей байланысты болады. Пәтуа шығаруда ұстанатын жол шариғи дәлелдерді ретімен пайдалануы керек. Олар: Құран, сүннет, қияс. Бастысы шығарылған үкімдер ижмағқа қайшы келмеуі тиіс.

3. Пәтуа берудің жалпылай ережесі

1.Насты жете түсіну; Бастысы нас шариғат ілімдері шеңберінде ұғынылуы тиіс.

2.Мәселені толық түсіну; Себебі, мәселені дұрыс түсінбеу (тасауур жасай алмау) қате пәтуаның

берілуіне себепші болады.

3.Мустафтидің(пәтуа сұраушы адам)жағдайынескеру; Себебі,шариғи дәлелдернегізіндекейбір үкімдер өзгеріп отырады.

4.Мәселенің шариғи үкімін білу

5.Асықпай шешім қабылдау

6.Пәтуаны бүге-шүгесіне дейін толық баян ету

7.Пәтуаның ықпалын, әсерін пайымдай білу

Себебі мүфти дәрігерге ұқсайды. Мәселен бір тұлғаға берілген дәрінің оған пайдасы тигенімен, келесібіртұлғағадәлсондайәсербермеуімүмкін.Сондықтанмүфтибірсауалдыңөзінеекітүрліжауап беруі әбден мүмкін. Өйткені мүфти қоғамдағы кейбір жайттарды ескере отырып үкімді қатайтып жіберуі ықтимал. Немесе кейбір жағдайларда үкімді жұмсартуы да әбден мүмкін.

122

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]