Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
патфиз есептер отв.docx
Скачиваний:
92
Добавлен:
09.04.2020
Размер:
128.27 Кб
Скачать

Есеп №56.

1,5 жыл бұрын АЭС апатын қалпына келтіруге қатысқан 40 жастағы науқас В. дәрігерге айқын әлсіздікке, бас айналу, ұдайы аздаған қақырықпен «құрғақ» жөтелге шағымданып келді. 20 жыл бойы шеккен шылымын соңғы екі жылда тоқтатқан. Соңғы алты ай бойы бірнеше жұқпалы аурулармен, оның ішінде ринит, бронхит және пневмониямен ауырған. Бронхоскопия жасағанда негізгі оң бронхында өспе анықталды. Өспе тінін гистологиялық зерттегенде онда қатерлі өспе жасушалары анықталды.

  1. Қандай жайт бронх өспесі дамуының мүмкіндік себебі болуы мүмкін?

Иондағыш радиацияның әсері болвп табылады, ал ұзақ уақыт темекі шегу оған қолайлы жағдай жасайды.

  1. Науқаста өспе дамуында шылым шегу қандай рөл атқарады? Жауапты негіздеңіз.

Темекі шегуден жоғарғы тыныс жол-ң жергілікті иммунды факторлары әлсірейді – IgA син-ң бұзылуы, ж/е ЖТЖ шырышты қабатының тосқауылдық қасиеті әлсірейді. Ол оның төзімділігін азайтады.

  1. Науқаста қабыну ауруларының даму тетіктерін түсіндіріңіз.

ЖТЖ тосқауылдық қасиеті төмендегеннен соң, оның әртүрлі аурулармен(қоздырғыштарға сезімталдығы көтеріледі) ауыру қаупі жоғарылайды.

  1. Науқаста өспеге қарсы төзімділіктің қандай тетіктері әсерленуі тиіс еді?

Репарациялық ж/е апаптоздық функциялары іске қосылуы керек еді. Бірақ ұзақ уақыт шылым ол функцины да әлсіреткен. Антиоксиданттық жүйесі әлсіз. Мутацияларға алып келген. IS IT RIGHT?

Есеп №57.

46 жастағы науқас жиі макрогематуриямен несеп шығаруына және жалпы қимылсыздыққа шағымданды. Цистоскопия жасалып, өспелік түзінді табылып, ол тіннен және айналасындағы шырышты қабаттан тін алынды. Биоптатты гистологиялық зерттеуде өспелік тіннің дұрыс орналасқан жасушалардан тұратындығы, бірақ арасында атипиялық жасушалардың да кездесетіндігі анықталды. Науқас он жылдан аса тоқыма комбинатында анилиндік бояулар қолданатын бояғыш цехта жұмыс істейді.

  1. Өспе дамуының мүмкіндік себебі қандай?

Анилиндік бояулар.

  1. Анилиндік бояғыштар қандай канцерогендерге жатады? Канцерогендердің осы тобына сипаттама беріңіз.

Химиялық канцерогендерге жатады. Олар ағзаға енгенде белгілі бір ферменттік жүйені тежей отырып, немесе тікелей әсер етіп өспені тудыруы мүмкін. Толық емес!

  1. Морфологиялық атипия деген не, жасушалық және тіндік атипияға сипаттама беріңіз.

Морфологиялық атипия – өспе тінің н/е жас-ң өзіне тән, қалыпты тіннен ерекше морфологиялық атипиялық қасиеттерге ие болуы.

Жасушалық атипия – өспе жас-ң қалыпты жас-дан құрылымы мен пішіні бойынша ерекшеленуін айтады.

Тіндік атипия – өспе жас-ы мен қалыпты жасушалар морфологиясы бойынша ұқсас, бірақ өспе тіні қалыпты тіннен морфологиясы бойынша ерекшеленген, деформацияланған қасиеті.

  1. Науқаста өспе даму тетіктерін түсіндіріңіз (канцерогенез сатыларын көрсетіңіз).

Анилинді бояу, промотордың зақымдалуы, репарацияның тежелуі,антионкогендердің тежелуі, протоонкогеннің онкогенге айналуы, трансформация, промоциясы, өспе өсуінің өршуі, прогрессиясы, қатерлі өспе.

Есеп №58.

Науқас С., 55 жаста, өкпе өспесімен келіп түсті. Кезекті тексеруде диурезге қарсы гормонның (ДҚГ) мөлшері жоғарылағандығы анықталды.

  1. Науқаста диурезге қарсы гормонның мөлшері жоғарылауының мүмкіндік тетіктері қандай?

Өкпе тінінен өсіп шыққан қатерлі ісік АДГ-тәрізді пептидтерді активті синтездеу қабілетіне ие болады.

  1. ДҚГ артықтығымен байланысты қандай клиникалық көрініс болуы мүмкін?

Орг-де су артық жиналып ісіну болады. Альдостеронның син-і азайып, натрий несеппен көптеп шығарыла бастайды да, гипонатриемия болады, қанның осмо-онкотикалық қысымы төмендейді. Бірақ ісік тіні синтезін тоқтатпайды.

  1. Паранеоплазиялық синдром деген не, патогенезі қандай?

Бұл өспенің жергілікті н/е метастаздана өсуіне негізделмеген, ағза мен жүйенің бейспецификалық реакциясы немесе өспе тінімен басқа биологиялық белсенді заттардың синтезделуімен көрінетін қатерлі өспенің көрінісі.

  1. Өспе жасушаларының атипиясы деген не? Атипия түрлерін атаңыз.

Өспе жас-ң өсіп-өнуі, дамып жетілуі, құрылымы мен қасиеттері , функциясы б-ша қалыпты тіннен ерекшеленетін қасиетін атипиясы д.а. Оның түрлері: өсіп-өну атипиясы, морфологиялық атипия, биохимиялық атипия, антигендік атипия, функциялық атипия, физико-химиялық атипия. I’m not sure that this exercise is right!