Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
патфиз есептер отв.docx
Скачиваний:
92
Добавлен:
09.04.2020
Размер:
128.27 Кб
Скачать

Есеп №45.

Миокард инфарктымен ауыратын науқастың дене қызымы көтерілді. Қан сарысуында жедел кезең жауабы нәруыздары анықталды.

  1. Науқаста дене қызымы көтерілуінің этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз.

Этиологиясы эндогендік инфекциялық емес. Некроз ошағында лейкоцит, макрофагтар жиналып, олар гидролазалық ферменттерді, интерлейкин-1 ж/е т.б син-п, катиондық нәруыздар, жедел жауап нәруыздары пайда болу арқылы қызбаны көтерді.

  1. Қан сарысуында жедел кезең жауабы нәруыздары пайда болу патогенезін түсіндіріңіз.

Некроз ошағында қабыну үрдісі басталып, лейкоцит, макрофаг, моноциттер активтеліп , сол жерге жылжиды, олар медаторлар(ИЛ-1, ИЛ-6, ӨНФ, гамма-интерферон) бөліп шығарады. Ал ол медаторлар жүйелі әсер етеді. Гипоталамусқа әсер етіп қызба, гипофизге әсер етіп АКТГ, симп-қ жүйке жүйесін қоздырады, бауырға әсер етіп жедел жауап белоктарының син-н арт-ы, сүйек емігіне әсер етіп, лейкоцитоз, иммунды жүйеге ісер етіп лимфоциттердің активтілігін көтереді.

С-реактивті белок, сарысулық белок А, фибриноген, гаптоглобин лимфоциттерді активтейтін, комплемент жүйесін активтейтін, бактериялардың лизисін тудыратын, қабыну шақыратын ісер етеді.

  1. Қызбаның сатысын атаңыз, әр сатыда жылу реттелу өзгерістерін көрсетіңіз.

  • Көтерілу сатысы – жылу өндіру жылу шығарудан жоғары болады, шеткері қ.т. тарылады, симп-қ жүйке қозады, парасимп-қ – тежеледі, зат алмасу артады, АТФ син-не қарағанда жылу көп өндіріледі.

  • Жоғары деңгейде тұрақтану сатысы – қызу реттелуі жаңа жоғары деңгейде теңеседі. Жылу өндірілу де, шығару да арта түседі: тері қызарады, ысыйды, тыныс алу жиілейді.

  • Қалыпты деңгейге түсу сатысы – жылу шығару жылу өндіруден артады, тері қ.т.-ы кеңейеді, терлейді, жиі тыныс алу арқылы темп-ы қалыпты деңгейге түсіріп алады.

  1. Миокард инфарктында дене қызымы көтерілуінің қорғаныстық маңызы бар ма?

Неуроз ошағындағы уды залалсыздау мақсатында макрофаг, лейкоцит, моноциттер ферменттер бөле бастайды, осы эндогенді пирогендердің арқсында дене қызымы көтеріледі. Бұлар гипофиз қоздыру арқылы симп-қ жүйені қоздырады, АКТГ син-н артырады, ол өз кезегінде бүйрек үсті безінің функциясын жоғарылату арқылы орг-ң төзімділігін көтереді, адаптациялық фунция.

Есеп №46.

Дене қызымын түсіретін дәрілерді қолдануға бола ма, егер:

  1. Науқас 70-жаста аденовирустық жұқпа әсерінен қызымы - 390С, птамыр соғысы әлсіз, 110 рет мин., жүрек шекаралары оңға және солға кеңейген.

  2. науқас 18 жаста, жіті аппендицит белгілерімен, дене қызымы - 380С, тамыр соғысы 82 рет мин.

  1. 1) жағдайда дене қызымын түсіретін дәрілерді қолдануға бола ма?

Болады, себебі жүрегі гипертрофияланған, ауырлық түсіп жатыр, ол дәрілер ОЖЖ-ғы қозуларды азайтады, тыныштандырады, жүрек соғысын бәсеңдетеді, жүректің жіті жетіспеушілігінен алдын алады.

  1. 2) жағдайда дене қызымын түсіретін дәрілерді қолдануға бола ма?

Аппендицит болған жердегі микробтардың улы өнімдерін, токсиндерін залалсыздандыру мақсатында лимфоцит, лейкоцит, макрофагтар жиналып, олар медиаторларын бөлуде, бұл кезде солардың әсерінен дене қызымы көтеріледі, бұл қалыпты құбылыс. Қызымы аз көтерілген, жүрек соғысы қалыпты, дәрі енгізуге болмайды, себебі қабыну ошағындағы удың орг-ге таралуының алдын алу үшін.

  1. Жұқпалы қызбада дене қызымы көтерілу патогенезін көрсетіңіз.

Экзогенді пироген лейкоцит, моноцит, макрофагтармен әрекеттесіп, оларды активтейді, олар эндогенді пирогендерді(интерлейкин-1, катиондық нәруыз, өспені жоятын фактор, простогландин(Е1,2)) синтездеуді арттырады, олар гипоталамутағы «орнықтыру нүктесіне» әсер етеді, ол температураны төмен деп танып, сипатик-қ жүйені қоздырып, парасимп-қ жүйені тежеу арқылы, жылу шығаруды тежеп, жылу шығаруды арттыру арқылы, зат алмасуды арттырып, температураны көтереді.

  1. Қызбаның организм үшін маңызын көрсетіңіз.

Теріс жақтары:

  • Ет ысуы, тырысулар, жүрек жұмысына теріс әсер.

  • Естен тану, 3-сатыда қызда бірден түсуден коллапс дамиды.

  • Жұмысқа қабілеті төмендейді, тәбеті, көңіл-күйі нашарлайды.

Пайдалы жақтары:

  • Микробтардың өсіп-өнуін баялатады.

  • Зат алмасу үрдісі артады, қызметі жақсарады.

  • Фагоцитоздық активтілігі артады.

  • Бауырдың интоксикациялық қызметі артады.

  • Қабыну ошағындағы иммунды жасушалар бактериоцидтік, антитоксиндік, вирусқа қарсы заттарды өндіреді.