- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Сөж (студенттің өзіндік жұмысын) орындау және тапсыру кестесі:
- •Соөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Пәнді игеру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттердің тізімі:
- •Глоссарий
- •Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Астана 2012
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Сөж (студенттің өзіндік жұмысын) орындау және тапсыру кестесі:
- •Соөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Пәнді игеру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттердің тізімі:
- •Глоссарий
- •Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Азаматтық құқық (жалпы бөлімі) пәнінен қысқаша дәрістер
- •1 Тақырып. Азаматтық құқықтың ұғымы, пәні және реттеу тәсілдері
- •2. Азаматтық құқықтың жүйесі.
- •3. Азаматтық құқық оқу пәні, ғылым ретінде.
- •2 Тақырып. Азаматтық құқықтың қағидалары және қайнар көздері
- •3 Тақырып. Қазіргі замандағы дүниежүзілік азаматтық-құқықтық жүйелері
- •1. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының дүниежүзілік құқықтық жүйелеріндегі орны.
- •2. Роман-германдық құқықтық жүйесінің ерекшелігі
- •2. Роман-германдық құқықтық жүйесінің ерекшелігі.
- •3. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері деп танылатын заңдылық фактілер.
- •Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру. Міндеттерді орындау.
- •Азаматтық құқықтарды қорғау әдістері және нысандары
- •2. Мүліктік игіліктердің негізгі түрлері. Мүліктің жіктелуі
- •7 Тақырып. Жеке тұлғалар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде.
- •2. Ахаж органдарының азаматтық жағдайларды реттеудегі маңызы.
- •8 Тақырып. Жеке тұлғаның есімі, тұрғылықты жері. Жеке кәсіпкер.
- •3. Азаматтың қәсіпкерлікпен шұғылдану жолдары. Жеке кәсіпкер.
- •9 Тақырып. Заңды тұлғалар: ұғымы, белгілері, құқыққабілеттілігі.
- •2. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі және оны жүзеге асыру
- •3. Заңды тұлғалардың жіктелуі. Еншілес және тәуелді заңды тұлғалар. Филиалдар мен өкілдіктер
- •2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу ерекшелігі
- •Мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар
- •Өндірістік кооперативтер мен шаруашылық серіктестіктер
- •1. Мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар
- •2. Өндірістік кооперативтер мен шаруашылық серіктестіктер
- •12 Тақырып. Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлері. Мемлекеттің азаматтық құқықтың субъектісі ретінде ерекшелігі
- •13 Тақырып. Мәмілелердің түсінігі, нысандары және түрлері
- •Мәміленің түсінігі және нысандары
- •Мәмілелердің түрлері
- •2. Сенімхат және оның түрлері.
- •2. Мерзімдерді есептеу.
- •3. Талап қою мерзімі.
- •17 Тақырып. Заттық құқықтар тұралы жалпы ұғымдар, олардың белгілері
- •Заттық құқықтың түсінігі және белгілері
- •Заттық құқықтардың негізгі топтары.
- •2 Сұрақ. Заттық құқықтардың негізгі топтары.
- •18 Тақырып. Меншік құқығының түсінігі, мазмұны, нысандары және түрлері
- •1Меншік құқығының ұғымы және мазмұны.
- •2 Меншік құқығының нысандары және түрлері. Ортақ меншік
- •2 Сұрақ. Меншік құқығының нысандары және түрлері. Ортақ меншік
- •19 Тақырып. Шектелген заттық құқықтар
- •1 Сұрақ. Шаруашылық жүргізү құқығы
- •2 Сұрақ. Оралымды басқару (жедел басқару) құқығы
- •3 Сұрақ. Өзге де шектелген заттық құқықтар.
- •2О тақырып. Меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу және оларды тоқтату.
- •2 Сұрақ. Меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды тоқтату
- •2.Меншiк құқығын қорғаудың заттық–құқықтық тәсiлдерi
- •3.Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік-құқықтық тәсілдері
- •Міндеттемелік құқық Міндеттемелік құқық тұралы жалпы ережелер.
- •22 Тақырып. МіндеттемеНің түсінігі және пайда болу негіздері
- •1 Сұрақ. Міндеттемелік құқықтың ұғымы, жүйесі
- •2. Міндеттеменің пайда болу негіздері.
- •23 Тақырып. Міндеттеменің қатысушылары
- •Міндеттеменің түсінігі, субъектілері. Міндеттемедегі тараптардың ауысуы.
- •24 Тақырып. Міндеттемелерді орындау
- •Міндеттемені орындаудың түсінігі және орындау қағидалары.
- •Міндеттемені орындаудың пәні және тәсілі.
- •25 Такырып. Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету
- •1. Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі және жүйесі.
- •2. Айыппұл
- •3. Кепіл. Кепілдің пайда болу негіздері және түрлері.
- •26 Тақырып. Кепілдік, кепіл болушылық, кепілпұл және мүлікті ұстап қалу
- •Ұстап қалу міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің тәсілі ретінде.
- •Кепілдік және кепіл болушылық..
- •Кепiлпұл
- •2 Сұрақ. Кепілдік және кепіл болушылық.
- •27 Тақырып. Міндеттеме бұзылғандығы үшін жауаптылық
- •2. Міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылықтың шарттары және жауапкершіліктен босату негіздері.
- •2. Міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылықтың шарттары және жауапкершіліктен босату негіздері.
- •28 Тақырып. Міндеттемелерді тоқтату
- •Міндеттемені тоқтату негіздері.
- •Міндеттемелерді тоқтатудың жекелеген түрлерінің сипаттамасы
- •2 Сұрақ. Міндеттемелерді тоқтатудың жекелеген түрлерінің сипаттамасы
- •2. Шарттың түрлері.
- •Шарт жасасу. Оферта және акцепт
- •1 Сұрақ. Шарт жасасу. Оферта және акцепт
Шарт жасасу. Оферта және акцепт
Шартты өзгерту және бұзу. Пролонгация
1 Сұрақ. Шарт жасасу. Оферта және акцепт
Шарт жасау келесі тәртіпке бағынады: мүдделі жақ бірнеше нақты жақтарға шартты жасау жөнінде жеткілікті дәрежеде айқын ұсыныс жасайды, ол ұсыныс оферта деп аталады (АК 395 б.). Болашақ шарттың нысанына қарай, оферта ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін. Офертаны алған жақ оны қарастырып келесі әрекеттердің бірін жасауы қажет: оферта шарттарын толық әрі бұлтарыссыз қабылдау; өз өзгерістері мен қосымшаларын еңгізе отырып ұсынылған шартты жартылай қабылдау; офертаны қабылдаудан бас тарту. Офертаны толық және бұлтарыссыз қабылдау азаматтық құқықта акцепт деп аталады. Офертаны өзгерістер мен қосымшалар еңгізү арқылы қабылдау акцепт болмайды, ол жаңа оферта болып табылады. Офертаға өзгерістер мен қосымшалар еңгізү ұсыныстары жөнінде келіспеүшіліктер хаттамасы толтырылады. Келісімге келмеген жағдайлар келіссөз жүргізү арқылы шешіледі. Ал елеулі ережелер бойынша келісімге келмеген жағдайда еркін түрде жасалатын шарттар жасалмаған деп саналады.
Міндетті шарттар жасау тәртібі ҚР АК–ның 399 бабында бекітіледі.
Практикада қалыптасқан дәстүр бойынша шарттың жазбаша жобасын дайындау және оны ұсыну шартты орындаудың негізгі міндеті жүктелетін жақпен жасалады. Тәжірибеде шарт жобасын жасау көптеген тұлғалар үшін қиын болып келеді. Сондықтан шарт жасасуды жеңілдетіп, шарт ережелерін толықтыра енгізуге мүмкіншілік беретін шарт реквизиттарының тізімін ұсынған жөн. Олар: шарт атауы; жасалған жері мен орны; жақтардың, олардың өкілдерінің атаулары және өкілеттілігінің негіздері; жақтардың құқықтары мен міндеттері; тауар (заттар, жұмыстар, қызметтер) бағасы және шарттың тұтас бағасы; есеп айрысу тәртібі мен тәсілі, төлем валютасы; міндеттерді орындау мерзімі (оны шарттың әрекет етү мерзімімен шатастыруға болмайды). Қазіргі кезде шартта жақтардың мүліктік жауаптылығы туралы ережелер енгізу міндетті болып танылады. Сонымен бірге шартқа қолданылатын құқық жөнінде, арбитраж жөнінде (әсіресе жақтардың бірі ТМД мемлекеттерінен немесе шетелдік болса) ережелерді еңгізү қажет болады. Жақтардың адресы, банк реквизиттары және тасымалдау (тиеу) реквизиттары да міндетті ережелерге жатады. Шарт жасасу жақтардың немесе олардың өкілдерінің қолын қоюмен, егер олар кәсіпкерлер болса мөрін басумен, шарт данасының санын көрсетүмен аяқталады.
Бір шарттың көлемі өте қысқаша құрастырылған жағдайда шығындарға мәжбүр болған тарапқа қиын болып келеді. Сондықтан әсіресе кәсіпкерлік саласындағы шарттар мазмұны өте ұқыпты, мұқият құрастырылуы қажет. Ол заң техникасына, шарт жобасын жасаған авторлардың сөз байлығына және басқа жағдайларға байланысты болады. Шарт мәтіні бөлімдерге, тарауларға, баптарға, тармақтарға, және т.б. бөлінүі мүмкін. Мәтінін жазудың нақтылы тәсілін таңдау көптеген мән–жайларға байланысты болады. Шарттық құқық нормаларын толық зерттеудің практикалық маңызы өте зор болады, өйткені заңгер қызметінің елеүлі бір бағыты – шарттарды күнделікті қолдану, шарттардың негізінде жұмыс істеу, қызмет жасау.
Еуропалық мемлекеттерде шарттың ұғымы заңнамаларда бекітіледі, ал ағылшын-саксон мемлекеттерінде мұндай ұғым заңдарда бекітілмеген. Сот прецеденттерін қолдану барысында келісім шарт деп келісімді емес, үәде беруді атап кеткен. Алайда ХХ ғасырдың ортасынан бастап АҚШ өз заңнамаларына шарттың ресми түсінігін енгізіп, оны еуропалық ұғымға теңестірген. Шарттарды жіктеу роман-германдық құқықты қолдайтын мемлекеттерде біздің азаматтық құқық ғылым саласындағы жіктеумен бірдей боылп келеді. Ағылшын-саксон құқық жүйесінде жіктеу негіздері мүлдем басқа: формальдық (мөр басылған), кәдімгі; сот шешімімен жасалатын шарт; орындалған шарт, орындауға жататын шарт.
Шарттың мазмұны тараптардың еркімен құрылғанымен, мемлекеттегі жария тәртіпке қайшы болмау қажет, яғни, шарт еркіндігі қағидасы шет елдерде де абсолюттік бола алмайды.
2 сұрақ. Шартты өзгерту және бұзу. Пролонгация
Жасалған шартты оның орындалуының кез келген кезеңінде жақтардың келісімі бойынша өзгертүге және тоқтатуға болады (ҚР АК 24 Тарауы). ¤зге негіздер бойынша шартты АК-пен, өзге заңдармен немесе шартпен көзделген жағдайларда ғана өзгерту немесе бұзуға болады. Шартты өзгертү және бұзу салдары ҚР АК 403 бабында көзделген. Шартты өзгерту және бұзу негiздерi 401-бапта көзделген: Егер Кодексте, басқа да заң құжаттары мен шартта өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келiсуiмен өзгертiлуi және бұзылуы мүмкiн. Тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша шарт: 1) екiншi тарап шартты едәуiр бұзған кезде; 2) Кодексте, басқа да заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге реттерде тек сот шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.
Тараптардың бiреуi шартты бұзып, ол екiншi тарап шарт жасасу кезiнде үмiт артуға құқылы болғанынан едәуiр дәрежеде айрылып қалатындай шығынға әкеп соқса бұл шарттың едәуiр дәрежеде бұзылуы деп танылады. Шартты орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда (шарттан тиiсiнше iшiнара немесе толығымен бас тарту (404-бабы) шарт өзгертiлдi немесе бұзылды деп есептеледi.
Шартты өзгерту және бұзу тәртiбi туралы келiсiм, егер заңдардан, шарттан немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан өзгеше туындамаса, шарт жасалатын сияқты нысанда жасалады. Шартты өзгертуге немесе бұзуға ұсыныстан екiншi тараптың бас тартуы алынғаннан кейiн, не ұсыныста көрсетiлген немесе заңдарда не шартта белгiленген мерзiмде, ал ондай мерзiм болмаған кезде отыз күн мерзiмде жауап алынбағаннан кейiн ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мәлiмдей алады.
Шартты бұзу кезiнде тараптардың мiндеттемелерi тоқтатылады (403-бап). Шарт өзгертiлген кезде тараптардың мiндеттемелерi өзгертiлген түрiнде қолданыла бередi. Шарт бұзылған немесе өзгертiлген ретте, егер тараптардың келiсуiмен немесе шарттың өзгеру сипатынан өзгеше туындамайтын болса, мiндеттемелер шартты өзгерту немесе бұзу туралы тараптар келiсiмге келген кезден бастап, ал шарт сот тәртiбiмен бұзылған немесе өзгертiлген жағдайда - шартты бұзу немесе өзгерту туралы сот шешiмi заңды күшiне енген кезден бастап тоқтатылған немесе өзгертiлген болып есептеледi. Егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, тараптардың шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейiн мiндеттеме бойынша өздерi атқарған жұмысты қайтарып берудi талап етуге құқығы жоқ. Егер шартты бұзуға немесе өзгертуге бiр тараптың шартты едәуiр бұзғаны негiз болса, екiншi тарап шарттың бұзылуынан немесе өзгертiлуiнен келтiрiлген залалдың орнын толтырылуын талап етуге құқылы.
Шартты орындаудан бiржақты бас тартуға (шарттан бас тартуға) осы Кодексте, өзге де заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген жағдайларда жол берiледi.
Тараптардың бiрi шартты орындаудан келесі жағдайларда бас тартуға құқылы:
1) шартқа негiзделген мiндеттеменi орындау мүмкiн болмаған (374-бабы);
2) белгiленген тәртiппен екiншi тарапты банкрот деп таныған;
3) шарт жасалғанда негiзге алынған мемлекеттiк органның актiсi өзгертiлген немесе күшi жойылған жағдайларда шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
Егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, шарт мерзiмi көрсетiлмей жасалған жағдайда шартты орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiледi.
Егер осы Кодексте, басқа да заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, шартты орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда бiр тарап бұл туралы екiншi тарапқа бiр айдан кешiктiрмей ескертуге тиiс.
405-бап: Тараптар шарттың қолданылуын жаңа мерзiмге ұзартуға құқылы. Шарттың қолданылу мерзiмi Кодекстiң 397-бабының ережелерi бойынша ұзартылады. Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту заң тәжірибесінде пролонгация деп аталады (ҚР АК 404 б.).
1 ЌР Азаматтыќ кодексі. (Жалпы бґлімі) 27 желтоќсан 1994 ж.