- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Сөж (студенттің өзіндік жұмысын) орындау және тапсыру кестесі:
- •Соөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Пәнді игеру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттердің тізімі:
- •Глоссарий
- •Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Астана 2012
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Сөж (студенттің өзіндік жұмысын) орындау және тапсыру кестесі:
- •Соөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Пәнді игеру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттердің тізімі:
- •Глоссарий
- •Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Азаматтық құқық (жалпы бөлімі) пәнінен қысқаша дәрістер
- •1 Тақырып. Азаматтық құқықтың ұғымы, пәні және реттеу тәсілдері
- •2. Азаматтық құқықтың жүйесі.
- •3. Азаматтық құқық оқу пәні, ғылым ретінде.
- •2 Тақырып. Азаматтық құқықтың қағидалары және қайнар көздері
- •3 Тақырып. Қазіргі замандағы дүниежүзілік азаматтық-құқықтық жүйелері
- •1. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының дүниежүзілік құқықтық жүйелеріндегі орны.
- •2. Роман-германдық құқықтық жүйесінің ерекшелігі
- •2. Роман-германдық құқықтық жүйесінің ерекшелігі.
- •3. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері деп танылатын заңдылық фактілер.
- •Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру. Міндеттерді орындау.
- •Азаматтық құқықтарды қорғау әдістері және нысандары
- •2. Мүліктік игіліктердің негізгі түрлері. Мүліктің жіктелуі
- •7 Тақырып. Жеке тұлғалар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде.
- •2. Ахаж органдарының азаматтық жағдайларды реттеудегі маңызы.
- •8 Тақырып. Жеке тұлғаның есімі, тұрғылықты жері. Жеке кәсіпкер.
- •3. Азаматтың қәсіпкерлікпен шұғылдану жолдары. Жеке кәсіпкер.
- •9 Тақырып. Заңды тұлғалар: ұғымы, белгілері, құқыққабілеттілігі.
- •2. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі және оны жүзеге асыру
- •3. Заңды тұлғалардың жіктелуі. Еншілес және тәуелді заңды тұлғалар. Филиалдар мен өкілдіктер
- •2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу ерекшелігі
- •Мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар
- •Өндірістік кооперативтер мен шаруашылық серіктестіктер
- •1. Мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар
- •2. Өндірістік кооперативтер мен шаруашылық серіктестіктер
- •12 Тақырып. Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлері. Мемлекеттің азаматтық құқықтың субъектісі ретінде ерекшелігі
- •13 Тақырып. Мәмілелердің түсінігі, нысандары және түрлері
- •Мәміленің түсінігі және нысандары
- •Мәмілелердің түрлері
- •2. Сенімхат және оның түрлері.
- •2. Мерзімдерді есептеу.
- •3. Талап қою мерзімі.
- •17 Тақырып. Заттық құқықтар тұралы жалпы ұғымдар, олардың белгілері
- •Заттық құқықтың түсінігі және белгілері
- •Заттық құқықтардың негізгі топтары.
- •2 Сұрақ. Заттық құқықтардың негізгі топтары.
- •18 Тақырып. Меншік құқығының түсінігі, мазмұны, нысандары және түрлері
- •1Меншік құқығының ұғымы және мазмұны.
- •2 Меншік құқығының нысандары және түрлері. Ортақ меншік
- •2 Сұрақ. Меншік құқығының нысандары және түрлері. Ортақ меншік
- •19 Тақырып. Шектелген заттық құқықтар
- •1 Сұрақ. Шаруашылық жүргізү құқығы
- •2 Сұрақ. Оралымды басқару (жедел басқару) құқығы
- •3 Сұрақ. Өзге де шектелген заттық құқықтар.
- •2О тақырып. Меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болу және оларды тоқтату.
- •2 Сұрақ. Меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды тоқтату
- •2.Меншiк құқығын қорғаудың заттық–құқықтық тәсiлдерi
- •3.Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік-құқықтық тәсілдері
- •Міндеттемелік құқық Міндеттемелік құқық тұралы жалпы ережелер.
- •22 Тақырып. МіндеттемеНің түсінігі және пайда болу негіздері
- •1 Сұрақ. Міндеттемелік құқықтың ұғымы, жүйесі
- •2. Міндеттеменің пайда болу негіздері.
- •23 Тақырып. Міндеттеменің қатысушылары
- •Міндеттеменің түсінігі, субъектілері. Міндеттемедегі тараптардың ауысуы.
- •24 Тақырып. Міндеттемелерді орындау
- •Міндеттемені орындаудың түсінігі және орындау қағидалары.
- •Міндеттемені орындаудың пәні және тәсілі.
- •25 Такырып. Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету
- •1. Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі және жүйесі.
- •2. Айыппұл
- •3. Кепіл. Кепілдің пайда болу негіздері және түрлері.
- •26 Тақырып. Кепілдік, кепіл болушылық, кепілпұл және мүлікті ұстап қалу
- •Ұстап қалу міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің тәсілі ретінде.
- •Кепілдік және кепіл болушылық..
- •Кепiлпұл
- •2 Сұрақ. Кепілдік және кепіл болушылық.
- •27 Тақырып. Міндеттеме бұзылғандығы үшін жауаптылық
- •2. Міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылықтың шарттары және жауапкершіліктен босату негіздері.
- •2. Міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылықтың шарттары және жауапкершіліктен босату негіздері.
- •28 Тақырып. Міндеттемелерді тоқтату
- •Міндеттемені тоқтату негіздері.
- •Міндеттемелерді тоқтатудың жекелеген түрлерінің сипаттамасы
- •2 Сұрақ. Міндеттемелерді тоқтатудың жекелеген түрлерінің сипаттамасы
- •2. Шарттың түрлері.
- •Шарт жасасу. Оферта және акцепт
- •1 Сұрақ. Шарт жасасу. Оферта және акцепт
2 Сұрақ. Меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды тоқтату
Меншік құқығының тоқтатылу негiздерi ҚР АК-ң 249 бабында аталған, мысалы: меншік құқығынан бас тарту, борышкердің мүлкінен ақы өндіріп алу, реквизициялау, тәркілеу, сату, рентаға беру, сыйға тарту, заттың жойылуы, оны тұтыну және т.б. (ҚР АК 249 б.). Меншік құқығын иеленудің туынды тәсілдерінде біреуде бұл құқықтың пайда болуы екінші тұлғада меншік құқығының тоқтауын білдіреді. Яғни, сату шарты бойынша сатушының меншік құқығы жойылып, сатып алушыда меншік құқығы пайда болады.
Меншік құқығы тек кең көлемді ғана емес, сонымен бірге тұрақты заттық құқық болып табылады және мүліктік айналымның негізгі заңдық алғышарты мен нәтижесі болып табылады. Сондықтан заң арнайы оны тоқтатудың негіздерін реттейді.
Ерікті факт негізінде жеке меншік құқығын тоқтату өз ықтиярымен және ықтиярсыз болуы мүмкін. Өз ықтиярымен жеке меншік құқығын тоқтату тек меншік иесінің еркімен жүргізіледі: 1) басқа тұлғаларға мүлікті беру; 2) меншік иесінің өз меншігінен бас тартуы (дериликция); 3) жекешеленіру; 4) меншік иесінің өз мүлкін жоюы.
Меншiк құқығы меншiк иесi өз мүлкiн басқа тұлғаларға берген, меншiк иесi меншiк құқығынан бас тартқан, мүлік қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлікке меншiк құқығынан айрыл¬ан жа¬дайда тоқтатылады.
Мүліктi меншiк иесiнен ықтиярсыз алып қою¬а жол берiлмейдi, бұ¬ан мына реттер:
1) меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша мүлікке өндiрiлiп алын¬ан ақы айналым¬а түскен;
2) заң құжаттарына сәйкес белгiлi бiр адам¬а тиесiлi бола алмайтын мүліктi ықтиярсыз иелiктен айыр¬ан;
3) реквизициялан¬ан;
4) тәркiлеген;
5) жер учаскесiн алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүліктi иелiктен айырған;
6) күтiмсiз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған реттер;
7) Кодексте көзделген өзге де реттер кiрмейдi.
Жекешелендiру туралы заң құжаттарында көзделген реттер, жа¬дайлар мен тәртіп бойынша мемлекеттiк меншiктегi мүлік азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншiгiне берiледi.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншiгiндегi мүліктi мемлекеттiк меншiкке айналдыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған ретте (ұлт меншiгiне алу) осы Кодекстiң 266-бабында белгiленген тәртіп бойынша оларға шығындары өтеледi.
Жоғарыдағы негіздерді ерікті, еріксіз және ерікке мүлдем байланыссыз жағдайларға топтастыруға болады.
21 тақырып. Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау (АК –ң 15-тарауы)
Меншiк құқығын және шектелген заттық құқықтарды қорғау ұғымы.
Заттық құқықтарды қорғаудың заттық құқықтық тәсілдері.
Заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік құқықтық тәсілдері.
1. Меншiк құқығын және шектелген заттық құқықтарды қорғау ұғымы.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк құқығы, оның iшiнде меншiк құқығымен өзгедей заттық құқықтарды әртүрлi құқықтық салалармен: қылмыстық, әкiмшiлiк, қаржы және басқа салалармен қорғалады. Мүлiктiк құқықтарды қорғау жүйесiнде азаматтық құқық маңызды рөл атқарады, себебi мүлiктiк құқық құқықтың бұл саласының тiкелей объектiсi болып табылады. Сонымен қатар азаматтық құқық өзi меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды әртүрлi тәсiлдермен қорғайды.
Меншiк құқығын және өзгедей заттық құқықтарды меншiк иесiнiң, заттық құқық иесiнiң, құқықтары деп қорғауды кең мағынада алсақ, ол азаматтық құқықтардың барлық субъектiлерiн қорғаудағы барлық тәсiлдермен жүзеге асырылады. Меншiк құқығымен өзге заттық құқықтар субъективтiк азаматтық құқықтармен бiрдей қорғалады, азаматтық құқықтарды қорғаудың азаматтық-құқықтық принциптерiне, қорғаудың шегi мен шекарасын анықтайтын, дербес субъективтiк азаматтық құқық ретiнде қорғану құқығын жүзеге асыратын ережелерге бағынады.
Оған қоса заттық құқықтар ҚР АК-нің «Меншiк құқығымен өзге де заттық құқықтарды қорғау» атты 15-тарауда бекітілген арнайы ережелермен де қорғалады. Азаматтық құқықтың тар мағынасында алсақ, меншiк құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғау дегенiмiз – азаматтық заңнамада бекiмiн тапқан меншiк құқықтарымен өзге де заттық құқықтарды қорғаудың нақты ерекше шаралары. Мысалы, АК-ң 259-264 баптары меншiк құқығын қорғаудың мына шараларын: меншiк құқығын тануы, меншiк иесiнiң мүлiктi өзгенiң заңсыз иелiгiнен алуды талап етуi; заттарды заңсыз иеленуден қайтарып алу кезiнде есеп айырысуды, меншiк иесi құқықтарын иелiктен алумен байланысы жоқ бұзудан қорғауды қарастырған және осы шараларды қолданудың тетiктерi нақтыланған. АК-ның 259-264-баптарында аталған меншiк құқығын қорғау жөнiндегi ережелер басқа заттық құқықтарды да қорғауға таралады.
АК-ның 267-бабында меншiк құқығымен өзге де заттық құқықтарды билiк, басқару органдары мен лауазымды адамдардың заңға сәйкес келмейтiн нормативтiк немесе жеке актiлерiнен қорғау шаралары аталған. АК-ң 266-бабында заңда көзделген негiздер бойынша меншiк иесiнiң құқығы тоқтатылған кезде оны қорғау шаралары және тәртiбi көзделген.
Меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау тәсiлдерi, өздерiнiң құқықты қорғау сипатына қарай, заттық-құқықтық және мiндеттемелiк-құқықтық болып топтасады.
Қорғаудың заттық–құқықтық тәсiлдерiнiң ерекшелiгi мынада: бұл тәсiлдер меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды абсолюттiк құқық ретiнде қорғауға бағытталған: 1) заңсыз тартып алған заттарды қайтару; 2) бүлiнген заттарды жөндеу; 3) затты пайдалануға кедергiнi жою. Бұлардың барлығына меншiк иесiнiң немесе өзгеде заттық құқық иесiнiң белгiлi бiр затқа иелену, пайдалану және билiк ету құқығын қалпына келтiргенде, яғни абсолюттiк құқықты қалпына келтiргенде қол жеткiзуге болады.
Меншiк құқығын немесе өзге де заттық құқықтарды қорғаудың мiндеттемелiк әдiстерiнiң ерекшелiгi - мүлкi заңсыз алынған немесе бүлiнген меншiк иесiне немесе өзгеде заттық құқық иесiне мүлiктiң құны төленедi немесе бүлiнгенi өтеледi, яғни шығын төленедi.
Сонымен, қорғаудың заттық құқықтық тәсiлдерiнде мүлiк зат түрiнде қалпына келтiрiледi, ал мiндеттемелiкте – ақшалай өтеледi.
Меншiк құқығын және өзге де заттық құқықтарды қорғаудың заттық-құқықтық тәсiлдерiне мыналар жатады: меншiк құқығын немесе өзгеде заттық құқықты тану; мүлiктi өзгенiң заңсыз иеленуiнен талап ету (виндикациялық талап); бұл бұзушылықтар иелiктен айырумен байланысты болмаса да меншiк құқығын немесе өзгедей заттық құқықтарды бұзуды жою (негаторлық талап).
Заттық құқықтарды қорғау үшін роман-германдық құқық жүйесінде арнайы римдік виндикациялық және негаторлық талаптар қолданады, ал ағылшын-саксон жүйесіне жататын мемлекеттерде заттық құқықтарды бұзу деликттік міндеттемелерге теңестіріледі, сондықтан олар келтірілген зиянды өтеу тұралы ережелер арқылы қорғалады.