Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
b481.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
495.62 Кб
Скачать

8 Сурет – Білікті диірмен

Ұнтақтау ұзақтылығы бірнеше сағаттан бірнеше тәуелділіктерге дейін болады. Барабанның қабырғалары тез тозуын және үгітілетін материал нәтижесінде кірлеуін ескерту үшін диірменнің ішкі беттерін тозуға төзімді материалдармен – марганецті болаттармен, қатты қорытпалармен, балқытып қаптастырылатын материалдарымен қаптайды.

1 – жұмыс камерасы; 2 – пропеллерлер; 3 – бункер; 4 – сорап; 5 – қабылдау камерасы; 6 – тұнбалау камерасы

9 Сурет – Құйынды диірменнің сұлбасы

Ұнтақты металлургияда тәжірибеде көп жағдайларда кезекті тиеу және түсірумен шарлы диірмендер қолданылады. Олардың барабан айналуы тікелей электр қозғалтқыштан немесе оны біліктерге орнату жолымен өткізіледі. Қарастырылған шарлы диірмендер үшін ұсақтату алдында және ұсақтату кейін ұнтақ бөлшектерінің орташа өлшемдерінің қатынасы ұсақтату дәрежесі деп аталатын 50-100 бірлік құрайды. Жұқа ұсақтату шарлы дірілдеу диірмендерінде өткізіледі. Үгіткіш денелер ұсақтатылатын материалдарға импульстік, жоғары жиілікті әсер етеді, оны жие, бірақ әлсіз соққылармен ұсақтатады.

а – жылдам айналып тұратын контейнерден (тигльден) центр тепкіш шашыратумен балқыманы қысып шығару; б – қысылған газбен шашырату; в – сумен шашырату; 1 – металлы бар шөміш; 2 – су берулуін реттейтін құрылғы; 3 – корпус; 4 – айналмалы диск; 5 – беріліс; 6 – су; 7 – ұнтақ жинағыш

10 Сурет – Балқыманы диспергиялаудың кейбір сұлбалары

Дірілдеу диірмендерді шарлы диірмендермен салыстырғанда үгіту тиімділігі жоғары.қиын әлсіз материалдарды сақтату үшін планетарлы центр тепкіш диірмендер кең қолданылады, үгіткіш денелер ретінде шарлар пайданылады. Илемдеу материалды құйынды диірмендерде ұсақтатады, оларда ұсақтатылатын материалдың бөлшектері бір біріне соғылып үгітіледі.ұсақтатылатын материал (сым кесінділері, жоңқа және т.б.) бункерге тиеледі, одан ол жұмыс камерасына түседі де үгітіледі. Жұмыс камерасына насоспен ауа немесе басқа газ жіберіледі, осы газ немесе ауа көмегімен ұсақтатылған бөлшектер. Диірменнің жұмыс кеністігінен алынады және қабылдау камерасына бағытталады.

Ең тиімді және өнімді ағынды диірмендер, оларда материал ұсақтатылуы бөлшектерге қысылған газдың ағыны жіберетін энергиясы арқылы өтеді. Ұсақтатылуы тек қана жұмыс камерасына өтетін құйынды қозғалыс кезіндегі көпретті соққы нәтижесінде өтеді.

Алынатын ұнтақтын бөлшектерінің өлшемдері 1–5 мкм. Ағынды диірмендерде әртүрлі қоспалармен ұнтақтың кірленуі мүмкін емес. Ағынды диірменнің әрекет принципі құйынды диірмен жұмысына сәйкес.

1.3.2 Сұйық металдарды диспергиялау. Балқыманы шашырату – Al, Fe, болаттар, Cu, Zn, Pb, Ni және басқа металдар мен қорытпаларының ұнтақтарын өңдеуі қарапайым және арзан технологиялық үрдісі болып табылады. Балқыған металды немесе қорытпаны ұсақтату мәні қысымы жоғары энергия тасымалдағышпен шашырату немесе механикалық жолымен немесе (түйіршіктеу) – балқыма ағынын сұйық ортаға құюнда турады.

а – балқыма ағынын өсімен бірдей; б – балқыма ағынына өткір бұрыш арқылы беріледі; в – балқыма ағынына тік бұрыш арқылы беріледі; 1 – газ ағыны; 2 – балқыма ағыны; 3 – форсунка; 4 – салқындату үшін арналған жолай ағын; 5 – балқыма ағынының араласу аймағы; 6 – балқыманы шашырату аймағы; 7 – бөлшектерді пішіндеу аймағы; 8 – бөлшектерді суыту және кристалдандыру аймағы

11 Сурет – Газ ағыны көмегімен балқыма ағынын шашырату сұлбасы

Балқыманы газ ағынымен (ауамен, буауалы қоспасымен, азотпен, аргонмен және басқа) шашырату ең кең тараған, осы үшін екі түрлі құрылғылар қолданылады: балқыту пешінің ваннасынан балқыманы тікелей форсункалы құрылғысына әперуімен (металл мен қорытпалардың балқу температурасы 700С дейін) немесе аралық қыздырылатын металлқабылдағыш арқылы (балқу температурасы 1600С дейін). Ең кең тарған екінші схема.

Газ ағындары қиылысу орны шашырату фокусы деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]