Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
b481.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
495.62 Кб
Скачать

4 Қосымша технологиялық операциялар

Күйежентектеу пішінді немесе ұнтақты бұйымға айналдыру кезінде ақырғы операция ретінде болмайды, өйткені ұнтақты бөлшектерге қойылатын көптеген талаптар тек қана оларды қосымша өңдеуден кейін ғана орындалады.

4.1 Бұйымдардың физикалық және механикалық қасиеттерін жақсарту

4.1.1 Құрылымын реттеу. Ұнтақты бұйымның құрылымы оның химиялық құрамымен және алдынала технологиялық операцияларды өткізу шарттарымен, ең алдымен күйежентектеумен анықталады. Одан бұйымның көптеген физика механикалық қасиеттер тәуелді. Осыған байланысты ұнтақты металлургияның әртүрлі өнімдері үшін техникалық шарттарда немесе МЕСТ-де ұнтақты бөлшектердің немесе материалдардың міндетті құрылым түрі көрсетіледі.

Сыртқы беттердің тозуға төзімділігін арттыру үшін оларды карбюризатормен немесе газды көміртектелген атмосферасында көміртектіндіруді, сонымен қатар азоттандыруды, цианландыруды және нитроцементацияландыруды қолданылады.

Ұнтақты материалдар мен бұйымдар үшін, олардың құрылымын өзгертетін, термиялық өңдеудің барлық түрлері қолдану мүмкін.

4.1.2 Коррозиядан қорғау. Агрессивті орта әсер ету кезінде ұнтақты бұйымдардың коррозиясы қарқынды дамады, әсіресе ашық кеуектер бар болу жағдайларында. Кеуектер коррозияның көлемді жайылуына келтіреді, сол жағдайларда жинақылық материалдар тек қана сыртқы бетінде бұзылады.

Кеуектілігі аз бөлшектер үшін қорғау ретінде беттерді электр химиялық жабу (хромдау, никельдеу, кадмийлау) қолданылады. Жие тығыздаушы жанжуды қолданылады. Материалдың коррозиясынан сақтайтын затпен алдынала кеуекті толтыру тиімді деп саналады.

Бұйм бетін тотықтыру және фосфаттау кең пайданылады.

4.2 Бұйымдарды механикалық өңдеу

Ұнтақты металлургияда өнделетін бөлшектер минималды қосымша механикалық өңдеуді талап етеді. Кеуектер болуы өңдеу үрдісін қиындатады.

Кесуді қатты қорытпалармен немесе алмазды аспаппен өткізу керек, бұл жоғары таза бетті алуды қамтамасыз етеді.

Өнімділігі жоғары центрсіз тегістейтін орнактарда ұнтақты бұйымдарды тегістеу тиімді. Анодты механикалық, электр эрозиялық және өңдеудің басқа түрлерін қолданылады.

Шалыстық дегеніміз күйежентектелген бұйымды анықты өлшемдерге және бетінің сапасына дейін қысу. Осыдан басқа калибрлеу бұйымның физика химикалық қасиеттерін және сыртқы қабаттарын жақсартады. Оны биіктігі, сыртқы және ішкі беттері бойынша немесе екі жақтан бір уақытта өткізеді.

Жие бөлшектерді пішіндеу күшінен 10–30% құрайтын күш кезінде механикалық баспақтарда калибрлейді.

Әдебиет

1 Гегузин Я.Е. Очерки одиффузии в кристаллах. 2-е изд. – М. : Наука, 1974. – 254 с.

2 Кипарисов С.С. Порошковая металлургия / С.С. Кипарисов, Г.А. Либенсон. – М. : Металлургия, 1980. – 496 с.

3 Клячко Л.И. Левтонов И.П., Уманский А.М. Новое в технологии вольфрама и молибдена. / Л.И. Клячко, И.П. Левтонов, А.М. Уманский. – М. : Металлургия, 1979. – 184 с.

4 Крушинский А.Н. Спекание изделий из металлических порошков. – М. : Металлургия, 1979. – 68 с.

5 Либенсон Г.А. Производство спеченных изделий. – М. : Металлургия, 1982. – 256 с.

6 Либенсон Г.А. Оборудование цехов порошковой металлургии. / Г.А. Либенсон, В.С. Панов. – М. : Металлургия, 1983. –264 с.

7 Либенсон Г.А. Основы порошковой металлургии. – М. : Металлургия. 1987. – 208 с.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]