Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗЕРТХАНАЛЫ ЖМЫС ДПТЕРІ. АУ.docx
Скачиваний:
54
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
1.98 Mб
Скачать

Сандық өлшеуіш аспаптар

Жұмыстың мақсаты: сандық өлшеуіш аспаптар әсер ету принципін оқып үйрену.

Жұмысқа дайындық

1. Сандық өлшеуіш аспаптарының тораптарының (триггерлердің, қайтасанақ құрылғыларының, таңбалық индикаторлардың, электронды кілттердің, логикалық элементтердің, дешифраторлардың, салыстырушы құрылғылардың, сандық-аналогты түрлендіргіштердің) тағайындалуларын оқып үйрену.

2. Уақыт-импульстік вольтметрдің блок-сұлбасы бойынша жұмыс принципімен танысу.

3. Интегралдаушы вольтметрдің блок-сұлбасы бойынша жұмыс принципімен танысу.

Жұмыстың орындалу тәртібі

1. Үздіксіз функцияның уақыт бойынша дискреттелуін және деңгейі бойынша квантталуын жүргізіңдер. (график оқытушымен беріледі).

2. Уақыт-импульстік вольтметрдің блок-сұлбасын салыңдар және сұлбадағы элементтердің тағайындалуын жазыңдар.

3. Интегралдаушы вольтметрдің блок-сұлбасын салыңдар және сұлбадағы элементтердің тағайындалуын жазыңдар.

4. MY60 сандық аспабының алдыңғы панелін техниклық құжаты бойынш оқыңдар және осы панельдегі элементтердің тағайындалуын жазыңдар.

5. Кернеуді, токты және кедергіні өлшеу үшін MY60 сандық аспабын қосыңдар (өлшеу үшін сұлбаны студенттің өзі құрастырады). Өлшеу нәтижелерін 7.1 кестеге енгізіңдер.

7.1-кесте.

I

U

R

A

В

Ом

7. Жұмыс бойынша қорытынды жасаңдар.______________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

8-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

ЭлектронДы осциллограф

Жұмыстың мақсаты: электронды осциллографтың құрылысын оқып үйрену және электр тізбегінде айнымалы кернеудің параметрлерін электронды осциллографпен өлшеу кезінде тәжірибелік шеберлікті жинақтау.

Жұмыстың орындалу тәртібі

1. Техникалық сипаттау жазбасы бойынша осциллографтың алдыңғы панелінде орналасқан басқару органдарының тағайындалуымен, қосылуымен және бақылауымен танысу.

2. Осциллографты қосыңдар және осциллографтың алдыңғы панелінде орналасқан басқару органдарының тағайындалуын, қосылуын және бақылауын анықтаңдар.

3. Айнымалы кернеудің параметрлерін электронды осциллографты пайдалана отырып өлшеу. Айнымалы кернеудің параметрлерін өлшеу бойынша эксперименттің электрлік қосылу сұлбасы 8.1-суретте келтірілген.

3.1. Тізбекті жинаңдар (8.1-сурет)

3.2. Экспериментте пайдаланылатын «Сеть» блоктарының ауыстырып қосқыштары қосылып тұрғанына көз жеткізіңдер.

8.1-сурет.

3.3. А1 кернеу генераторының арнайы формалы блогында «АМПЛИТУДА» тұтқасын мүмкіндігінше (тірелгенге дейін) сағат тілінің бағытына қарсы бұраңдар (минималды шығыстық кернеу). А2 мультиметрінің ауыстырып қосқышын айнымалы кернеуді өлшеу диапазонына қойыңдар.

3.4. Арнайы формалы кернеу генераторының (блок А1) «ФОРМА» ауыстырып қосқышын синусоидалы кернеудің сәйкесті қалпына қойыңдар. «АМПЛИТУДА» және «ЧАСТОТА» реттеу тұтқаларымен қандай да бір туынды шаманы және генератордың шығысында синусоидалы сигналдың жиілігін анықтаңдар.

3.5. Осциллографтың «ВОЛЬТ/ДЕЛ.», «ВРЕМЯ/ДЕЛ» және «УРОВЕНЬ» қалыптастыру тұтқаларымен осциллографтың экранында синусоидалы сигналдың 1…2 периодтарының қозғалыссыз кескінін алыңдар.

Вертикал бойынша сигналдың максималды сермелуін сигнал экраннан шығып кетпейтіндей етіп қойыңдар.

«ПЛАВНО» тұтқаларының (X және Y аймақтарында) екеуі де мүмкіндігінше (тірелгенге дейін) сағат тілінің бағытына бағыттас етіп («КАЛ.»қалпына) бұрылуы керек.

3.6. Осциллографтың экранындағы торды пайдалана отырып, миллиметрмен сигналдың минимумнан максимумға дейін толық сермелуін (сигналдың екіеселік амплитудасын) және сигналдың периодының ұзақтылығын өлшеңдер.

3.7. «ВОЛЬТ/ДЕЛ.» ауыстырып қосқышының қалпы бойынша сигналдың екіеселік амплитудасын , сигналдың амплитудасынжәне оның әсерлік (әрекеттік) мәнінесептеңдер.

«ВОЛЬТ/ДЕЛ.» ауыстырып қосқышы бойынша анықталған сезгіштік осциллограф экранындағы шкаланың ең үлкен бөлігіне сәйкес, яғни 5 мм тең.

Есептеу формулалары:

, .

3.8. Сигналдың периоды Т мен жиілігін есептеңдер. Х () осі бойынша кескіннің масштабын«ВРЕМЯ/ДЕЛ» ауыстырып қосқышының қалпы бойынша анықтаңдар. Ауыстырып қосқышының қалпы бойынша анықталған масштаб шкаланың 1 үлкен бөлігіне сәйкес, яғни 5 мм.

Есептеу формулалары:

,

.

3.9. Сигнал жиілігінің анықталған шамасы мен А2 мультиметрінің көрсетуінен алынған сигналдың кернеуінің әсерлік мәнін слыстырыңдар. Мультиметрде айнымалы кернеудің өлшеу шектігі мен сигнал жиілігінің өлшеу шектігін (ауыстырып қосқыштың қалпы - «Hz» шектіктерін) біртіндеп қою керек.

Өлшеу және есептеу нәтижелерін 8.1-кестеге енгізіңдер. Сигналдардың кернеуі мен жиілігін анықтау кезіндегі салыстырмалы қателікті келесі формулалар бойынша анықтаңдар:

,

.

8.1-кесте.

Осциллографпен өлшенген

Мультиметрмен өлшенген

мм

B/бөл

мм

мс/бөл

В

В

мс

кГц

В

кГц

%

%

4. Жұмыс бойынша қорытынды жасаңдар. ______________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

9-ЗЕРТХАНЛЫҚ ЖҰМЫС