Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗЕРТХАНАЛЫ ЖМЫС ДПТЕРІ. АУ.docx
Скачиваний:
54
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
1.98 Mб
Скачать

2. Қысымды өлшеу.

2.1. MPXV7002PV қысым датчигінің құрылысын оқып үйреніңдер.

Жұмысты орындау кезінде -2…2 кПа қыысым айырымын номиналды өлшеу диапазоны бар MPXV7002PV аналогты дифференциалды датчик сынақталады. Датчик жартылай өткізгіш тензорезисторлармен орындалған. Датчиктің номиналды сезгіштігі 1В/кПа тең. Қорек кернеуі 5 В болғанда, шығыстық сигнал ±2+2,5 В тең.

Жұмысты орындау кезінде қысым датчигінің А16 (397) блогы пайдаланылады (14.2-сурет). А16 блогында MPXV7002PV қысым датчигі мен қысымның айырымын алу үшін және өлшеу үшін сулы манометр орналастырылған.

Қысқыштарды жылжыту арқылы манометр түтігінде сұйық деңгейлік биіктігінің айырымы ∆һ белгіленеді (14.2-сурет, 7 және 8). 1мм біиктік айырымы (су бағанының 1 мм) 9,8 Па қысымға сәйкес келеді. 1 кПа қысымда айырым алу үшін судың деңгейінің 1000/9,8=102 мм айырмасы қажет. Датчиктің номиналды сезгіштігі 1В/кПа тең болғанда 102 мм деңгейлерінің айырымы кернеудің орта мәнінен (2,5 В) шығыстық кернеудің ±1,02 В ауытқуына сәйкес келеді (қорек көзінің кернеуі 5 В болғанда).

2.2. Аналогты дифференциалды датчиктің сипаттамасын, яғни шығыстық кернеудің датчиктің кірісіндегі қысымның айырымынан тәуелділігін анықтау.

2.2.1. Қысым датчигінін ұяшықтарына (14.2-сурет, 2, 3) электр қыздырғыштың А15 (394.2) блогындағы қорек көзінен +5±0,1 В тұрақты кернеу беріледі. Қоректі қосу кезінде 2мм штыры бар сымдарды пайдалану керек. Датчиктің шығысындағы кернеу (14.2-сурет, 4) А2 (534) блогының мультиметрімен өлшенеді. Мультиметрді қосу үшін мультиметр комплектісінен қысқыштарды пайдалану керек.

- А2 (534) мультиметрінде тұрақты токтың өлшеу шектігін қойыңдар.

- Мультиметрдің «V» және «COM» ұяшықтарын электр қыздырғыштың А15 блогының «+5 В» реттелетін тұрақты кернеу қорегінің шығысына қосыңдар.

- «+5 В» кернеу көзінің дәл (нақты) мәнін өлшеңдер - .

1 – қысым датчигі; 2, 3 – датчиктің «+5 В», «0 В» қорек ұяшықтары; 4 – датчиктің шығыстық кернеуінің ұяшығы (0 В қатысты); 5 – сулы манометрдің түтікшесі;

6 – манометр түтігінде су деңгейлерінің айырымын өлшеуге арналған сызғыш; 7, 8 – манометрдің түтікшелерінің қысқыштары.

14.2-сурет. Қысым датчигін сынау блогы

2.2.2. Қысым датчигін сынау.

- А15 және А2 блоктарының «СЕТЬ» ажыратып қосқышы сөндірулі екеніне көз жеткізіңдер.

- Зертханалық стендтың блоктарын 14.3-суретте келтірілген электрлік қосылу сұлбасына сәйкес жалғаңдар.

14.3-сурет. Қысым датчигін сынау кезіндегі электрлік қосылыс сұлбасы

- А15 (394.2) және А2 (534) блоктарының «СЕТЬ» ажыратып қосқышын қосыңдар.

- Манометрдің түтікшелерінің қысқыштарын сызғыш бойымен жылжыта отырып, 0…110 мм шектікте су деңгейінің айырымының бірнеше мәнін қойыңлар және қысым датчигінің шығытық кернеуін өлшеп алыңдар.

- Сол жақтағы түтікте су деңгейі оң жақтағы түтіктегі су деңгейнен жоғары болғанда шығыстағы кернеу 2,5 В асып түседі (дәлірек айтқанда Uпит/2) (қысымның айырымы оң болады).

Егер сол жақтағы түтікте су деңгейі оң жақтағы түтіктегі су деңгейнен төмен болса, онда қысымның айырымы теріс болады және датчиктің шығысындағы кернеу 2,5 В төмен болады (дәлірек айтқанда Uпит/2).

- Өлшеу нәтижелерін 14.3-кестеге енгізіңдер.

14.3-кесте.

, мм

U, В

- Датчиктің шығысындағы кернеудің қысымның айырымынан тәуелділік графигін тұрғызыңдар.

3. Жұмыс бойынша қорытынды жасаңдар.____________________________________

____________________________________________________

____________________________________________________

______________________________________________________