Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Кульбаевой doc.doc
Скачиваний:
206
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Сұраныс хат

Сұраныс хат – белгілі бір мекемеден керекті ақпаратты немесе құжатты жіберуді сұрау мақсатында жазылатын хат.

Сұраныс хаттың құрылымы:

  • бланктің штамп реквизиттері;

  • мекеменің толық аты;

  • мекеме басшысының қызметі, аты-жөні, тегі

  • мәтін

  • ұсыныс хат иесінің қызметі, қолы, аты-жөні тегі.

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сұраныс хат қандай құжат?

2. Ол қандай жағдайда жасалады?

3. Оның құрылымы қандай?

Сұраныс хат

Көкшетау қаласы Л. Н. Гумилев атындағы

21,04.2007 ж. №11 Евразия университетінің

-------------------------------

473021, Астана қаласы,

Циолковский көшесі, 6-үй

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау универсиетінің ректораты Сізден «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығының 3-курс А.С. Шәріпованың Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіне ауысуы бойынша қабылдау үшін жеке бас іс-қағазын жіберуіңізді сұрайды.

Оқу бөлімінің басшысы: қолы С. Б. Смирнова

2-жаттығу. Төмендегі тапсырмалар бойынша ұсыныс хат үлгілерін құрастырыңыз.

1. Қалалық қазақ тіл кітапханасының директоры А. С. Илюбаеваға М. Ғабдуллин атындағы № мектеп-кешенінің кітапханасы 2005 жылы келіп түскен журналдар тізімін сұрайтындығы туралы сұраныс хат жазыңыз.

2. А. Мырзахметов атындағы университет ректоы С. Елубаевқа Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректораты 1 курс студенті А. Уәйіисованың Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне ауысу бойынша қабылдау үшін жеке іс қағазы жіберуін сұрайтындығы туралы сұраныс хат жазыңыз.

3. Ақмола облыстық Денсаулық сақтау департаментінің бастығы Б. Ұү Төкеновке ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігі мектепке дейінгі жастағы балалар арасында денсаулық сақтау мақсатында облыс әкімшілігімен 2004 жылы жүргізілген шаралар тізімін сұрайтындығы туралы сұраныс хат жазыңыз.

4.Қалалық мұрағат мегерушісінің атына 1975-1990 жылдарыТұрмыстық химия зауытында технолог ретінде жұмыс істеген анаңыздың еңбек өтілі туралы анықтама беруін сұрап, сұраныс хат үлгісін жазыңыз.

5.Облыстық кітапхана меңгерушісінің атына 2006 жылы өткізілетін оқырмандар конференциясының тақырыптарын, сұрап, мектеп директорының атынан сұраныс хат үлгісін, жазыңыз.

6.Қалалық оқу бөлімінің бастығына қажетті маман мұғалімдерді жіберуін сұрап, мектеп директоры атына сұраныс хат үлгісін жазыңыз.

7.«Келешек» жеке меншік баспаның бас редакторының атына автордың атынан кітапты 500 данамен қайта бастыруын сұрап, сұраныс хат үлгісін жазыңыз.

8.«Жердегі жұмақ» құрылыс АҚ-ның президентінің атына үйіңізді өзіңіздің жобаңыз бойынша салуын сұрап, жеке тұлғаның атынан сұраныс хат үлгісін жазыңыз.

9.Халық банкінің жергілікті филиалы директорының атынана «Мерей» жиһаз жасау АҚ президентінің атына осы мекеменің қызметкері, банк кредиторының еңбекақысы туралы ақпарат сұрап, сұраныс хат үлгісін жазыңыз.

10.Университет кітапханасы меңгерушісінің атына кітапхана қорына келіп түскен «Филология» сериясының оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімін сұрап, филология факультеті деканы орынбасарының атынан сұраныс хат үлгісін жазыңыз.

11.Университет ректорының атына облыстық кітапхана меңгерушісіне сирек кездесетін оқулықтарды электронды кітапханаға енгізуді сұрап, сұраныс хат үлгісін жазыңыз.

12.Облыстық оқу бөлімі бастығының атынан ауысу бойынша қызметке келген маманның құжаттарын сұрап, қалалық оқу бөлімі бастығының атына сұраныс хат үлгісін жазыңыз.

13.Әскери міндетті адамның қоныс аударуына байлансты қалалық әскери комиссариатының бастығы бұрынғы тұрған жерінің әскери комиссариаты атына азаматтың құжаттарын жіберуін сұрап, сұраныс хат үлгісін жазыңыз.

3- жаттығу. Берілген құжат үлгісінің құрылымын түсіндіріңіз.

«Аңсар» АҚ директоры

И. С. Кабуловаға

Сұраныс хат

«Камея» азық-түлік дүкенінің директоры Сізден түрік кондитерлік тауарының тізімін жіберуіңізді сұрайды.

«Камея» дүкенінің директоры: қолы Б. К. Омаров