Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Кульбаевой doc.doc
Скачиваний:
206
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Сенімхат

Сенімхат – сенімді тұлғаға сеніп тапсырушының (кәсіпорынның немесе азаматтың) атынан қандай да бір іс-әрекеттерді жасауға құқық беруі туралы құжат.

Сенімхат үшінші тұлға алдында сеніп тапсырушының атынан сенімді тұлғаға берілген құжат болып табылады.

Сенімхаттың екі түрі бар: кәсіпорындар беретін ресми сенімхат және азаматтар (жеке тұлғалар) беретін жеке сенімхат.

Ресми сенімхат мәмілелер жасауға, ақша, материалдық-тауар құндылықтарын алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүргізуге кәсіпорын атынан сол кәсіпорынның өкіліне беріледі. Оның мынадай деректемелері болады:

  • ұйымның атауы;

  • ұйым туралы анықтамалық деректер;

  • құжат түрінің атауы;

  • құжаттың күні;

  • құжаттың тіркеу нөмірі;

  • құжаттың мәтіні;

  • лауазымды тұлғалардың қолы;

  • кәсіпорынның мөрі.

Сенімхаттың мәтінінде:

  • сенімді тұлғаның лауазымы және төлқұжат деректері;

  • сенімхат бойынша іс-әрекет жүргізілетін ұйымның атауы;

  • іс-әрекет түрі;

  • сенімхаттың қолдану мерзімі көрсетіледі.

Сенімхатты кәсіпорынның бланкісінде ресімдеуге болады. Сенімхатта көрсетілген іс-әрекет ақшаға немесе материалдық құндылықтарға қатысты болса, оған кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері қол қояды. Көбінесе, сенімхаттардың үлгі бланкілері пайдаланылады.

Жеке сенімхаттар сеніп тапсырушының (азаматтың) атынан жалақы алуға немесе еңбек қатынастарына қатысты басқа да төлемдерді, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, стипендияларды, банктегі салымдарды, хат-хабарларды, оның ішінде ақша аударымдары мен заттай сәлемдемелерді алуға беріледі. Аталған сенімхаттар нотариаттың куәландыруын қажет етпейді.

Мәтінге арналған сөздік

сенімхат – доверенность

сенімді тұлға – доверенное лицо

сеніп тапсырушы – доверитель

азамат – гражданин

құқық беруі туралы – о предоставлении права

үшінші тұлға – третьее лицо

алдында – перед

атынан – от имени

ресми сенімхат – официальная доверенность

жеке тұлға – физическое лицо

жеке сенімхат – личная доверенность

мәмілелер жасауға – на совершение сделок

материалдық-тауар құндылықтары – товарно-материальные ценности

кәсіпорынның өкілі – представитель предприятия

деректемелер – реквизиты

ұйымның атауы – наименование организации

анықтамалық деректер – справочные даные

құжат түрі – вид документа

құжаттың күні – дата документа

тіркеу нөмірі – регистрационный номер

лауазымды тұлға – должностное лицо

іс-әрекет түрі – вид действий

қолдану мерзімі – срок действия

жалақы алуға – на получение зарплаты

еңбек қатынастары – трудовые отнашения

Сенімхат үлг

СЕНІМХАТ

00.00.00

Мен, Лазарева Марина Васильевна, 2007 жылдың тамыз айындағы маған тиісті елу мың теңге мөлшеріндегі жалақыны алуды бухгалтер Ковалева Оксана Юрьевнаға сеніп тапсырамын.

Хатшы қолы А.Н. Макарова

М.В. Лазареваның қолын куәландырамын

КБ-нің инспекторы қолы К.Н. Кузнецов

М.О.

ДОВЕРЕННОСТЬ

00.00.00

Я, Лазарева Марина Васильевна, доверяю получить причитающуюся мне заработную плату за август 2007 года в сумме пятьдесят тысяч тенге бухгалтеру Ковалевой Оксане Юрьевне.

Секретарь подпись А.Н. Макаров

Подпись Лазаревой М.В. удостоверяю

Инспектор ОК подпись К.Н. Кузнецов

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз .

  1. Қандай құжат сенімхат деп аталады?

  2. Сенімхат кімнен кімге беріледі?

  3. Сенімхаттың қандай түрлері бар?

  4. Ресми сенімхат кімнің атынан кімге беріледі?

  5. Ресми сенімхаттың қандай деректемелері болады?

  6. Сенімхаттың мәтінінде нелер көрсетіледі?

  7. Сенімхатқа кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері қандай жағдайда қол қояды?

  8. Көбіне сенімхаттардың қандай бланкілері пайдаланылады?

  9. Жеке сенімхаттар қандай мақсаттарда беріледі?

  10. Жеке сенімхаттар нотариаттың куәландыруын қажет ете ме?

2-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

Личная доверенность должна иметь следющие реквизиты:

  • дату документа;

  • текст (с указанием доверителя, доверенного лица и вида действий по доверенности);

  • подпись и расшифровку подписи доверителя;

  • подпись должностного лица, заверившего доверенность;

  • печать организации, в которой доверитель работает, учится, или жилищно-эксплутационной организации по месту жительства.

Доверенность выдаются, как правило, на срок проведения действий, указанных в ней.

Если срок действия в доверенности не указан, она сохраняет силу в течение года со дня ее выдачи. Доверенность считается недействительной, если в ней отсутствует дата выдачи.

Доверенности хранятся 3 года.

3-жаттығу. Берілген үлгі бойынша сенімхат жазыңыз .

СЕНІМХАТ

00.00.00.

Мен, Керімбаев Жанат Асқарбекұлы, 2006 жылдың желтоқсан айындағы маған тиісті қырық мың теңге мөлшеріндегі еңбекақыны алуды Езмахунов Марс Юсупұлына сеніп тапсырамын.

Хатшы қолы Б.Ж. Жүнісов

Ж.А. Керімбаевтың қолын

куәландырамын

КБ-нің инспекторы қолы Т.Т. Сейсембай

М.О.

4-жаттығу. Сенімхат үлгісімен танысыңыз.Көп нүктенің орнын толтырыңыз.

Сенімхат

200....жылғы .....шілде, Қостанай қаласы

Мен, азамат ...... ....... . ......., мекен-жайым:....., Қазақстан Республикасының ІІМ 1999 жылғы 10 сәуірде берген жеке куәлігімнің №...................................,

Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 28-үй, 11-пәтерде тұратын азамат :...........,

Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 20 мамырда берген жеке куәлігінің №.............., Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 55 мекен-жайымдағы үйімді сату ісін жүргізуге сенім білдіремін.

Бұл үшін азамат......... ............ ........... менің атымнан мәміле жасауға; анықтамалар мен құжаттар алуға; менің орныма қол қоюға өкілетті етемін.

Сенімхат 20.. жылдың ... тамызына дейін берілген.

20.... жылғы 00 ..... қолы.....................................

Осы сенімхатты 20.. жылғы ..... қаңтарда мен, Абаева Ардақ, ...........қаласындағы лицензия №..... «Әділ» нотариалдық кеңсенің нотариусы, куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат ............. қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, №17 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.

Нотариус қолы .

мөр орны

5- жаттығу. Оқыңыз, жазыңыз

1.Мен, Сұлтанов Тимур, азамат Болатов Мақсатты

  • маған келетін пошта хат-хабарларын алуға,

  • пәтерімді сатуға,

  • пәтерімді жеке адамдарға уақытша жалға беруіне,

  • банкідегі есептерімді пайдалануына,

  • барлық мекемелерде менің істерімді жүргізуге,

  • зейнетақыны алуға,

  • барлық сот мекемелерінде менің өкілім болуға,

  • мен үшін қол қоюға,

  • менің атымнан өтініш жазуға,

  • анықтамалар мен құжаттар алуға,

  • мұрагерлікке құқық туралы куәлікті алуға,

  • менің мұрагерлік құқығымды ресімдеуге,

  • пәтерімді жекешелендіруге,

  • қажетті құжаттарды мемлекеттік органдарға тіркеуге,

  • мүлік иесі ретінде мені салық инспекциясына белгілеуге,

  • менің атымнан мәміле жасауға,

  • мәміле барысында келісімшарт талаптарына қажетті өзгерістер енгізуге,

- өкілетті етемін.

Сенімхаттағы модельді есте сақтаңыз

Мақсат Болатовты менің атымнан өтініш жазуға өкілетті етемін.

Мақсат Болатовқа менің атымнан өтініш жазуға құқық беремін.

6-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз

  • распоряжаться всем моим имуществом;

  • продавать квартиру;

  • дарить квартиру;

  • обменивать квартиру;

  • отдавать квартиру в залог;

  • получать причитающееся мне имущество;

  • распоряжаться банковскими счетами и вкладами;

  • получать почтовую корреспонденцию;

  • вести мои дела во всех учреждениях;

  • быть моим представителем во всех судебных учреждениях;

  • расписываться за меня;

  • удостоверение личности;

  • уполномачиваю;

  • финансовые возможности участников;

  • доверять;

  • предоставить право расписываться;

  • предоставить право совершать все действия;

  • установить личность;

  • государственная пошлина;

  • действительно по ........................

  • от моего имени;

  • правовые действия;

  • дееспособность.

7-жаттығу. Тақырыптық сенімхат үлгілерін құрастырыңыз.

  1. Топ басшыңыз Г.В.Сергееаға шәкіртақыңызды алуға сенім білдіретіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.

  2. Азамат Жомарт Есенгелдин, азаматша Ботагөз Серікбайқызы Қалиеваға еңбекақыңызды алуды сеніп тапсыратындығыңыз туралы сенімхат беріңіз.

  3. Семей қаласындағы «Айналайын» ААҚ- мен мәміле жасауға сенім білдіретіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.

  4. Құралай Досановаға қала әкімшілігіне өз атыңыздан өтініш жазуына сенетіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.

  5. Жандос Аяповқа өзіңіз тұратын үйді сатуға және сіз үшін барлық құжаттарға қол қоюға сенетіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.

  6. Ініңізге өз атыңыздан қол қойып, үйіңіздің техпаспортын істеуге сенім білдіретіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.

  7. Досыңыз А.Е.Болатовқа «Волга-3110» маркалы машинаңызды бір жылға жүргізуіне сенімхат беріңіз.

ҚОЛХАТ

Қолхат – белгілі бір құңдылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын ресми құжаттың бір түрі.

Мазмұны мен құрылымы жағынан қолхат және кепілхат бір-біріне ұқсас.

Негізгі сөздік

кепілхат – гарантийное письмо

азамат – гражданин

берілген – выданный

куәландыру – удостоверяю

Тараптардың қолы – подписи Сторон

міндеттенемін - обязуюсь

процент төлеу – уплатить процент

3 дана етіп жасалған – составлено в 3 экземплярах

келісімшартқа сәйкес – в соответствии с договором

басқа талабым жоқ – других претензий не имею

несие – ссуда

қарыз – долг

жекеменшік – собственность

жеке басының куәлігі – удостоверение личности

қолхат беруші – подписывающий

1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Қолхат қандай құжат?

2. Қолхатта қолхат беруші мен қолхат алушы туралы қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс?

3. Қолхат кімде сақталады?

2-жаттығу.Үлгілерімен танысыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

  1. Мен, Болатова Айдана, Л.Толстой атындағы облыстық кітапхананың сирек кітаптар қорынан Абай шығармаларының алғашқы басылы-мын алдым. Келісілген мерзімде қайтаруға міндеттенемін.

  2. Мен, Сұлтанғазина Амина, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, университет кітапханасынан сабақ үстінде пайдалануға 20 (жиырма) дана «Қазақ тілі» оқулығын алдым. Оқулықтарды 2006-2007 оқу жылының соңында қайтаруға міндеттенемін.

Қазақстан Республикасының ІІМ 1999 жылғы 10 қазанда берген жеке куәлігімнің № 11526478

  1. Мен, азамат, Мақсат Болатұлы, мекен – жайым Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 15 – үй , 5 – пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 2000 жылғы 10 наурызда берген жеке куәлігімнің №13456781, Қостанай қаласы Таран көшесі, 14 – үй, 10- пәтерде тұратын азамат Абай Амановтан, Қазақстан Республикасының ІІМ 2001 жылғы 5 қазанда берген жеке куәлігімнің № 1789456, жетпіс мың (70 000) теңге алдым.

Мен алынған ақшаны 2007 жылғы 20 тамызда қайтаруға, қайтармағанжағдайда 20 % көлемінде айып төлеуге;

  • мекен-жайым өзгерген жағдайда бұл туралы 3 күн мерзім ішінде хабарлауға міндеттенемін.

  • Осы қолхат 3 дана етіп жасалған, бір данасы №1 нотариалдық кеңседе тіркел-ген, екінші данасы азамат Мақсат Болатұлында, үшінші данасы Абай Амановта сақталады.

3-жаттығу. Жағдаяттар бойынша қолхат жазыңыз.

  • Қарызға ақша алу

  • Мекемеден уақытша пайдалануға компьютер алу

Мекеме бухгалтериясынан несие алу Сенімхат-сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқық беретін құжат.

4- жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз

  • гарантийное письмо;

  • гражданин;

  • выданный;

  • удостоверяю;

  • подписи Сторон;

  • обязуюсь;

  • уплатить процент;

  • составлено в 3 экземплярах;

  • в соответствии с договором;

  • других претензий не имею;

  • ссуда;

  • долг;

  • собственность;

  • подписывающий;

  • обязуюсь вернуть указанную сумму в срок;

  • при изменении места жительства обязуюсь сообщить новый адрес;

  • требования договора;

  • размер процента указан в договоре;

  • выдан МВД РК;

  • гражданин проживающий по адресу ул.М.Хакимжановой д. 55

  • собщить в течении 3 суток

5-жаттығу.Оқыңыз, жазыңыз.

Мен, азамат .............................

  • қолхат беруге;

  • міндеттемелерді орындауға;

  • алынған ақшаны (қарызды) дер кезінде (келісілген мерзімде) қайтаруға

  • пайыз төлеп тұруға

  • келісімшарттағы міндеттемелер орындалмаған жағдайда айып төлеуге

  • келісімшартқа сәйкес пайыз төлеп тұруға

  • мекен-жайым өзгерген жағдайда бұл туралы 3 күн мерзім ішінде хабарлауға

- міндеттенемін (кепілдік беремін).

6-жаттығу.Тақырыптық қолхат үлгілерін құрастырыңыз.

  1. Өзіңіз жұмыс істейтін мекемеден белгілі бір құнды зат алғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.

  2. Кеден бөлімінен құнды заттар алғандығыңыз алғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.

  3. Өзіңіздің досыңыз А.А.Асқардан бір айға 30000 (отыз мың) теңгені 10 пайыз өсіммен беруге алғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.

  4. «Арман» техника үйінен 40000 (қырық мың) теңге тұратын теледидарды жалға алғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.

  5. Өзіңіз жұмыс істейтін мекемеден 3 күнге «Пентиум-4» компьютерін алғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.