Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
19-050703_kz (1).doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
196.1 Кб
Скачать

5. Студенттердің өзіндік жұмысы

Студенттің өзіндік жұмысының құрамы келесі:

  • дәрістік материалдарды талдап оқу;

  • зертханалық жұмыстарға дайындплу мен олар бойынша есепті қорғау;

  • тест тапсыруға дайындық;

  • үш есептеу графикалық жұмысты орындау;

  • қосымша материалдарды оқу (өз бетімен оқуға арналған жұмыстың тақырыптары төменде келтірілген).

6. Өзіндік жұмыс тақырыптарының тізімі

6.1 Жүйелер теориясының негізгі мәселелері. Жүйелік талдау (анализ). Жүйелерді зерттеудің нәтижелерін фомальді түрге келтіру. Ақпараттық жүйелерді құрастыру құралдары. CASE-құралдары.

6.2 Ақпараттық жүйелердің әр түрлерінің сипаттамалары. Жеке, топтық және корпоративтік ақпараттық жүйелер. Ақпараттық жүйелерді ұйымдастыруы бойынша және пайдалану саласы бойынша классификациялау. Файл-сервер архитектурасы. Клиент-сервер архитектурасы. Көп деңгейлі архитектура.

6.3 Ақпараттық жүйелерді пайдалану облыстары: бухгалтерлік есеп, қаржы ағымдарын басқару, қоймаларды, ассортименттерді, сатып алуды өндірістік процесті, маркетингті басқару, құжат айналымы, кәсіпорынды жедел (оперативті) басқару және т.б.

6.4 Деректер базасы туралы жалпы түсінік. Реляциялық деректер базасы. Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) және оның негізгі функциялары. Сыртқы жадтағы деректерді басқару. Транзакция және хаттамалау. Реляциялық және объектіге бағдарланған ДББЖ. Реляциялық деректер моделі және оның негізгі түсінікері: деректер типтері, домен, кортеж, қатынастар кілттері. Байланысты қатынастар. Деректердің бүтіндік шарттары. Деректерді қалыптау. Деректердің молдығы. Қалыпты формалар.

6.5 Реляциялық деректер базасын басқару. SQL тілі. SQL тілінің командалары мен деректерінің типтері. .Жолдыө және сандық типтер. Дата мен уақытты бейнелейтін типтер. Деректер базасының объектілерін басқару. Кестелерді құрастыру, модификациялау (жаңарту) және жою. Кестелермен жұмыс істеуге арналған операторлар. Шектемелер қою. Индекстер.

6.6 Деректер базасының көрсетулері мен сақталынатын процедуралары. Көрсету деректер базасының объектісі ретінде. Көрсетулерді пайдалану облыстары. Көрсетулерді құрастыру және жою. Сақталынатын процедуралар. Сақталынатын процедураларды құрастыру, орындау және жою. Тригерлер. Тригерлерді құрастыру және жою. Деректер базасында сақталынатын деректермен жұмыс жүргізу. Деректер базасының қауіпсіздігі

7. Дәрістерді оқудың күнтізбелік жоспары

Дәріс номері

Дәріс тақырыбы мен мазмұны

Сағат көлемі

1

Кіріспе. «Ақпараттық жүйелерінің негіздері» пәнінің мақсаттары мен мәселелері. Пәннің мазмұны. Басқару және басқару әсерлері.Ақпараттық жүйелердің ұйымдарды, кәсіпорындарды және басқа объектілерді басқарудағы ролі мен орны. Жүйелер теориясының негізгі мәселелері. Қысқаша тарихи анықтама. Негізгі түсініктер. Ақпараттық жүйелердің классификациясы. Ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар. Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің ерекшеліктері.

2

2

Ақпараттық жүйелердің өмірлік циклы. Жоба туралы түсінік және жобаларды басқару туралы мәліметтер. Жобалардың классификациясы. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі кезеңдері. Ақпараттық жүйенің өмірлік циклы мен оның құрылымының негізгі процестері. Ақпараттық жүйенің өмірлік циклының моделі. Каскад (сарқырама) және спираль (орама) модельдері.

2

3

Ақпараттық жүйелерді құрастырудың әдістемелері мен технологиясы. Ақпараттық жүйелерді сипаттау әдістері. Сапалық және сандық әдістер. Кибернетикалық тәсіл. Ақпараттық жүйелерді динамикалық сипаттау. RAD әдістемесі. Объектіге бағдарланған тәсіл. Визуальді программалау. Ақпараттық жүйелердің профильдері (пішіндері). Ақпараттық жүйелердің пішіндерінің құрылымы және құрастыру принциптері. Стандарт және әдістемелер.

2

4

Модельдеудің әмбебап тілі. Модель туралы түсінік. Ақпараттық жүйелерді жобалаудағы модельдеудің ролі. Жобаланатын ақпараттық жүйелерді сипаттауға қолданылатын графикалық және мәтіндік құралдар. Аббот әдісі. CRC-карточкалар. Буч әдісі. UML тілі және оның құрылымы. Прецеденттер диаграммалары. Диаграммалар құрастыру. Дестелер (пакеттер).

2

5

Модельдеудің UML әмбебап тілі. Класс диаграммалары. Класс туралы түсінік және оның қасиеттері. Класс әдістері. Класс диаграммаларының арасындағы қатынастар. Тәуелділік, ассоциациялық және қорытындылау қатынастары. Қатынастарды графикалық бейнелеу. Жағдайлар диаграммалары. Құрама жағдай. Тарихи жағдай.

2

6

Модельдеудің UML әмбебап тілі. Белсенділік, бірізділік, ынтымақтастық және компоненттер диаграммалары. Ақпараттық жүйенің динамикасын модельдеу. Бпсөпру фокусы. Рекурсия. Ынтымақтастық диграммасының объектілері арасындағы байланыс. Өрістету диаграммасы.

2

7

Деректер базасы туралы жалпы түсінік. Реляциялық деректер базасы. Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) және оның негізгі функциялары. Сыртқы жадтағы деректерді басқару. Транзакция және хаттамалау. Реляциялық және объектіге бағдарланған ДББЖ. Реляциялық деректер моделі және оның негізгі түсінікері: деректер типтері, домен, кортеж, қатынастар кілттері. Байланысты қатынастар. Деректердің бүтіндік шарттары. Деректерді қалыптау. Деректердің молдығы. Қалыпты формалар.

2

8

Реляциялық деректер базасын басқару. SQL тілі. SQL тілінің командалары мен деректерінің типтері. .Жолдыө және сандық типтер. Дата мен уақытты бейнелейтін типтер. Деректер базасының объектілерін басқару. Кестелерді құрастыру, модификациялау (жаңарту) және жою. Кестелермен жұмыс істеуге арналған операторлар. Шектемелер қою. Индекстер.

2

9

Деректер базасының көрсетулері мен сақталынатын процедуралары. Көрсету деректер базасының объектісі ретінде. Көрсетулерді пайдалану облыстары. Көрсетулерді құрастыру және жою. Сақталынатын процедуралар. Сақталынатын процедураларды құрастыру, орындау және жою. Тригерлер. Тригерлерді құрастыру және жою. Деректер базасында сақталынатын деректермен жұмыс жүргізу. Деректер базасының қауіпсіздігі.

2

10

Ақпараттық процестер – ақпараттық жүйелердің негізі. Ақпараттық процесс туралы түсінік және оның құрылымы. Информация, хабарлама және сигналдар. Информация берілісінің жалпы схемасы мен жүйесі. Информация көзі мен алушы. Жіберуші және қабылдаушы құрылғылары. Байланыс жолдары.

2

11

Сигналдар мен бөгеуілдердің математикалық модельдері. Хабарламалар және сигналдар туралы жалпы мәліметтер. Сигнал түрлері. Модуляция және демодуляция процедураларының қызметі мен мазмұны. Модуляцияның әрбір түрлерінің салыстырмалы сипаттамалары. Модуляцияның цифрлық (дискретті) әдістері. Сигнал мен арнаның ақпараттық сипаттамалары. Хабарлама көзі мен байланыс арнасының статистикалық қасиеттерін келістіру. Хабарлама кездейсоқ оқиға ретінде. Сигнал кездейсоқ процесс ретінде. Котельников базисы – санақ функцияларының базисы. Детерминалдаған сигналдарды жиілік формасында бейнелеу. Дискретизация әдістерінің классификациясы. Уақыт бойынша дискреттеу. Котельников теоремасы бойынша санақ дәлдігін таңдау. Деңгей бойынша кванттау.

2

12

Беріліс процесінің моделі. Информаияны өлшеу. Үзіліссіз және дискретті байланыс арналарының моделі. Байланыс арнасының сиымдылығы. Хартли-Шеннон формуласы. Деректер берілісінің сенімділігі. Кабельдік байланыс жолдары. Байланыс жолдарының аппаратурасы. Дискретті және үзіліссіз байланыс арналарының өткізу мүмкіншілігі. Информацияның жоғалуын бағалау. Информацияның артылғандығы туралы түсінік. Байланыс жолдарының аппаратурасы.

2

13

Ақпараттық желілер. Деректер берілісінің желілері. Байланыс желісінің өткізу мүкіншілігі. Статикалық маршруттау есептерін шешу әдістері. Есептеу желілерінің классификациясы. Байланыс арналары арқылы деректер берілісінің әдістері. Деректерді синхронды және асинхронды берілісі.

2

14

Ашық жүйелердің әрекеттестіктерінің моделі және алмасу хаттамалары. Желінің әртүрлі ресурстарының әрекеттестігін келістіру. Хаттама. Ашық желі мен оның деңгейлерінің информация алмасу моделі. OSI моделі. Стек коммуникациялық хаттамалар стегі (ағыны). Хаттамалардың стектерінің түрлері. Деректер берілісінің ортасына қол жеткізу әдістері

2

15

Информация берілісін бақылау. Информация берілісінің сенімділігін арттыру әдістері. Кодтау туралы жалпы түсініктер. Бөгеуілге тұрақты кодтаудың принциптері. Шеннонның кодтау туралы фундаменталды теоремалары. Аналогты - кодты түрлендірушілер. Циклдық кодтар. Циклдық кодтарды техникалық жүзеге асыру.

2

16

Кодтау және деректерді қысу. Алфавиттік кодтау. Аз ғана артықшылықпен кодтау. Тиімді (оңтайлы) кодтау. Информацияны жоғалтумен қысу, жоғалтусыз қысу әдістері. Шифрлау. Криптографиялық кодтау. Кездейсоқ сандардың көмегімен шифрлау. Сызықтық топтық кодтар. Тривиалды (қарапайым) жүйелік кодтау. Топтық кодтар үшін кодтау мен кодты ашудың (декодирование) техникалық құралдары. Ашық кілтті шифрлар. Цифрлық қол қою

2