Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
19-050703_kz (1).doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
196.1 Кб
Скачать

2. Пәннің мазмұны

Кіріспе. «Ақпараттық жүйелердің негіздері» пәнінің мақсаты мен мәселелері. Пәннің мазмұны. Басқару және басқару әсерлері.Ақпараттық жүйелердің ұйымдарды, кәсіпорындарды және басқа объектілерді басқарудағы ролі мен орны.

1 Ақпараттық жүйе басқару жүйесінің негізгі бөлігі ретінде.

1.1 Негізгі анықтамалар. Жүйелер туралы теорияның мәселелері. Қысқаша тарихи анықтама. Жүйелер теориясының терминологиясы. Жүйелік талдау (анализ). Ақпараттық жүйелердің классификациясы. Ақпараттық жүйелерді пайдалану облыстары. Ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар. Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің сипаттамалық ерекшеліктері.

1.2 Ақпараттық жүйелердің өмірлік циклы. Жоба туралы түсінік және жобаларды басқару туралы мәліметтер. Жобалардың классификациясы. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі кезеңдері. Ақпараттық жүйенің өмірлік циклы мен оның құрылымының негізгі процестері. Ақпараттық жүйенің өмірлік циклының моделі. Каскад (сарқырама) және спираль (орама) модельдері.

1.3 Ақпараттық жүйелерді құрастырудың әдістемелері мен технологиясы. Ақпараттық жүйелерді сипаттау әдістері. Сапалық және сандық әдістер. Кибернетикалық тәсіл. Ақпараттық жүйелерді динамикалық сипаттау. RAD әдістемесі. Объектіге бағдарланған тәсіл. Визуальді программалау. Ақпараттық жүйелердің профильдері (пішіндері). Ақпараттық жүйелердің пішіндерінің құрылымы және құрастыру принциптері. Стандарт және әдістемелер.

1.4 Ақпараттық жүйелерді талдау және синтездеу. Жүйелерді зерттеудің нәтижелерін формальді түрге келтіру. Жүйенің функцияларын анықтау. Есептерді макро-және микро-деңгейлерде қою мен алгоритмдеудің әдістемесі. Ақпараттық жүйелердің құрылымдарын синтездеу әдістері. Құрылымды оңтайландыру мәселесі. Ақпараттық жүйелерді интеллектуалдау.

1.5 Модельдеудің әмбебап тілі. Модель туралы түсінік. Ақпараттық жүйелерді жобалаудағы модельдеудің ролі. Жобаланатын ақпараттық жүйелерді сипаттауға қолданылатын графикалық және мәтіндік құралдар. Аббот әдісі. CRC-карточкалар. Буч әдісі. UML тілі және оның құрылымы. Прецеденттер диаграммалары. Диаграммалар құрастыру. Дестелер (пакеттер). Класс диаграммалары. Класс туралы түсінік және оның қасиеттері. Класс әдістері. Класс диаграммаларының арасындағы қатынастар. Тәуелділік, ассоциациялық және қорытындылау қатынастары. Қатынастарды графикалық бейнелеу. Жағдайлар диаграммалары. Құрама жағдай. Тарихи жағдай. Белсенділік, бірізділік, ынтымақтастық және компоненттер диаграммалары. Ақпараттық жүйенің динамикасын модельдеу. Бпсөпру фокусы. Рекурсия. Ынтымақтастық диграммасының объектілері арасындағы байланыс. Өрістету диаграммасы.

2 Деректер базасы – ақпараттық жүйенің информация қоймасы.

2.1 Деректер базасы туралы жалпы түсінік. Реляциялық деректер базасы. Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) және оның негізгі функциялары. Сыртқы жадтағы деректерді басқару. Транзакция және хаттамалау. Реляциялық және объектіге бағдарланған ДББЖ. Реляциялық деректер моделі және оның негізгі түсінікері: деректер типтері, домен, кортеж, қатынастар кілттері. Байланысты қатынастар. Деректердің бүтіндік шарттары. Деректерді қалыптау. Деректердің молдығы. Қалыпты формалар.

2.2 Реляциялық деректер базасын басқару. SQL тілі. SQL тілінің командалары мен деректерінің типтері. .Жолдыө және сандық типтер. Дата мен уақытты бейнелейтін типтер. Деректер базасының объектілерін басқару. Кестелерді құрастыру, модификациялау (жаңарту) және жою. Кестелермен жұмыс істеуге арналған операторлар. Шектемелер қою. Индекстер.

2.3 Деректер базасының көрсетулері мен сақталынатын процедуралары. Көрсету деректер базасының объектісі ретінде. Көрсетулерді пайдалану облыстары. Көрсетулерді құрастыру және жою. Сақталынатын процедуралар. Сақталынатын процедураларды құрастыру, орындау және жою. Тригерлер. Тригерлерді құрастыру және жою. Деректер базасында сақталынатын деректермен жұмыс жүргізу. Деректер базасының қауіпсіздігі.