Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akdana.docx
Скачиваний:
184
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
195.34 Кб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сәрсенбаев Т.С. Ұлтаралық қарым-қатынастар саясаты мен мәдениеті. А.,2000ж.

2. Сәрсенбаев Т.С. Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет. А.,1990ж.

3. Қазақстан-2030. А., 2001ж.

4. Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процестер және ұлт саясаты. Семей, 1995.

5. Сыздықова С.М. Қазақстан: адамның жеке басы мен еркіндігін қорғау саясаты. А., 2010. –211 б.

6. Сыздықова С.М. Қазақстан және адам еркіндігі мен бостандығы туралы халықаралық нормалар. // «Центральная Азия и Казахстан в системе современных международных отношений в условиях глобализации» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (Алматы, КазНУ им. аль- Фараби, 2004, 18 февраля);- С.105-108. – 360 с.

7. Сыздықова С.М. Еркіндік жетістіктері және оны Қазақстан азаматтарының игеру мәселелері. // Адам әлемі. №3 (45), 2010. -Б.88-96. – 129 б.

7- тақырып. Саяси процесс және саяси қызмет.

Дәріс мақсаты:

1. Саяси процестің мәні, құрылымы .

2. Саяси процесті ұйымдастыру және оның түрлері.

3. Модернизация теориясы.

Негізгі ұғымдар:

Процесс, саяси қарым-қатынастар, глобальдылық, модернизация, реформа.

Дәріс мазмұны:

Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір, сайлаудың ӛткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т.с.с. Сондықтан саяси процестің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда. Саяси процесс – күрделі құбылыс. Ол күнделікті ӛзгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі ӛзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды.

Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін тӛрт сатыға, кезеңге бӛлуге болады.

1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау.

2. Саяси жүйенің ӛзін-ӛзі жаңартуы.

3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру.

4. Саяси жүйенің мен іс-әрекетін бақылау.

Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. Бірінішісінде, саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейін ӛкілдік органдар арқылы, екіншісінде, азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді.

Ӛкілдік органдар арқылы қатысқанда ӛз араларынан заң қабылдайтын және күнделәктә мемлекетті басқару қызметін атӛаратын адамдарды сайлайды. Олар белгілі бір мӛлшерде сайлаушылар алдында жауап береді.

Тікелей қатысу ӛз кезегінде екіге бӛлінеді. Біріншісі – институционалданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу арқылы ӛз кӛзқарастарын білдіреді.

Саяси процеске қатысудың екінші түріне – бұқаралық жиналысқа (митингіге), шеруге, ереуілге қатысу арқылы саяси билікке ықпал жасау жатады.

Бұқаралық жиналыс бір мәселені талқылауға арналады. Ол саяси биліктің не саяси серкенің шешімін қолдау не қолдамау болуы мүмкін. Оған кӛп адам қатысып, ӛз кӛзқарастарын білдіреді.Оның теріс жағы да бар.Мысалы,мұндай жиналыста әр түрлі саяси күштердің мақсаттары қайшы келетіндіктен онда арандату әрекетіне итермеушілік, ұстамсыздық, бұзақылық элементтері кездесуі мүмкін. Сондықтан оны ұйымдастырушылар жағынан болсын, оған рұқсат беріп, бақылау жасайтын билік құрылымдары жағынан болсын, асқан ұқыптылықты, сақтықты, тәртіпті сақтай білуді талап етеді.

Шеру (демонстрация) – белгілі бір идеяны, талапты жақтаушы кӛпшіліктің салтанатты жүруі, саяси биліктің әрекетін қолдау не оған қарсылық білдіруге бағытталады. Билікті ұйымдастырылған шерудің саяси қарсыласқа етер әсері үлкен болады.

Ереуіл – саяси қысым жасау мақсатында жұмысты тоқтату, белгілі бір талаптарды қабылдауға тырысушылық. Оның негізгі себебі кӛбіне әлеуметтік- экономикалық жағдайда байланысты келеді.

Сонымен қоғамдағы азаматтардың саяси белсенділігі елдегі ішкі жағдайға, саяси институттардың ықпалы мен әрекеттілігіне, қоғамдық күштердің ара салмағына, демократиялық дәстүрлер мен ережелердің жетілуі деңгейіне және т.б. байланысты. Шын демократиялық қоғамда азаматтардың саяси белсенділігі – оның дамуының, билік құрылымдары мен азаматтық қоғамның арасындағы кері байланысты ұдайы жетілдірудің тетігі болып табылады.

Саяси қатынастарға келетін болсақ, егер экономикалық қатынас негізгі ӛндіріс құрал жабдықтарға таптар мен топтардың қатынас мәселесін білдіретін болса, ал саяси процесс – мемлекеттік билік жӛніндегі қатынас. Күнделікті қоғам ӛмірінде саяси қатынас таптар арасындағы ӛзара қатынасы ретінде билік арқылы кӛрініс тауып отырады. Саяси қатынас ең алдымен үстемдік және тәуелділік арқылы жүргізілетін адамдар арасындағы қатынас белгілі бір тарихи кезенде объективтік қажеттілік. Мұнысыз қоғамдық қызыметтің жүруі мүмкін емес. Әдетте үстемдік жүргізетін тап – ол, қолында иелігі тап. Сондықтан бұл жағдай саяси қатынастың экономикалық неғізі болып есептеледі. Бірақ, саяси мүдде тек қана экономикалық жағдаймен шектелмейді, ол жалпы таптық, ұлттық мүдделерді де қамтияды. Ал саяси мақсатты кӛп жағдайда ӛкімет мақсат деп түсінген дұрыс. Яғни қоғамды дұрыс басқарудың ӛзі саяси мақсатқа жатады. Саяси мақсат жоқ жерде, қоғамды басқару жоқ, демек саясат жоқ деп айтуға болады. Тіпті алғашқы қауымдық құрылыстың ӛзінде саяси мүдделер, саяси мақсаттар пайда болып, саяси жүйенің алғы шарттары қалыптаса бастады десек қателеспейміз. Мәселен, алғашқы қауымдық құрылыста-ақ әлеуметтік ӛмірге, жеке адам мен оның туыстық қарым-қатынасына байланысты басқарудың кейбір мүдделік және мақсаттық түсінік – ұғымдары қалыптасты. Саяси мақсат, мұраттардың ӛзі саяси мүдделерден басталады. Мұнда ӛкімет туралы мәселе жатыр. Саяси мүдденің негізгі мазмұны – ол саяси билікті жеңіп алу қажеттілігі. Әлеуметтік құрылым тіршілігінің сипатын, ерекшелігін анықтайтын басты элемент ең алдымен, үлкен әлеуметтік топтар: таптар, ұлттар, ұлыстар, олардың қауымдастығының формасы мемлекет, саяси партиялар, кәсіптік одақтар болып келеді. Әлеуметтік топтар және олардың ұйымдары белгілі бір идеологиялық құндылыққа негізделеді. Қазіргі жағдайдағы саяси қатынас пен қозғалыстарға негіз болатын үш басты құндылықтың түрлерін айтуға болады: ұлттық теңсіздік, қауіпсіздіқ пен тәуелсіздік; экономикалық молшылық және даму; еркіндік және конституциялық құқықтар.