Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
enbek.doc
Скачиваний:
503
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.32 Mб
Скачать

4 Пәннің мазмұны

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары

4.1.1 Оқу нысаны - күндізгі ЖОБ (КЮ-201), ОКБ (КЮСП-201) негізінде, түскен жылы -2010

п/п

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттары

лекц

практ (сем)

СОӨЖ

СӨЖ

Еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі.

2

1

1

4

Қазақстан Республикасы еңбек құқығының қағидалары.

2

1

1

4

Еңбек құқығының субъектілері.

2

1

2

4

Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт.

2

1

2

5

Жеке еңбек шарты.

2

1

2

5

Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.

2

1

2

5

Жалақы. Қызметкерлерге кепілді және өтемақылық төлемдер.

2

1

2

5

Еңбекті қорғау.

2

1

2

5

Еңбек даулары.

2

1

2

5

Халықаралық еңбек құқығы. Алыс және жақын шетелдерде еңбекті құқықтық реттеу.

2

1

2

5

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы құқық саласы ретінде, оның басқа құқық салаларынан айырмашылығы.

2

1

1

4

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі шараларды қаржыландыру.

2

1

1

4

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының еңбек өтілі, оның түрлері, есептеу, растау тәртібі.

2

1

1

4

Орталықтан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыздандыру.

2

1

1

4

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыздандыру.

2

1

1

4

Қорытынды:

30

15

23

67

4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны

Тақырыптар, олардың сағаттардағы көлемі, бақылау сұрақтары

Еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі.

(2 сағ.)

Еңбектік қызмет және еңбектік қатынастар. Еңбектік және өндірістік қатынастар. әлеуметтік – еңбектік қатынастар. ҚР Конституциясындағы еңбек мәселелері.

ҚР еңбек құқығының түсінігі және ұлттық құқық жалпы жүйесіндегі алатын орны. Еңбек құқығының пәні: еңбек заңдылығымен, әлеуметтік әріптестік туралы келісімдер, жеке және ұжымдық шарттармен бекітілген қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісімдер негізінде туындайтын құқықтық қатынастар; еңбектік қатынастармен тығыз байланысты қатаныстар.

Еңбекті құқықтық реттеу механизімінің түсінігі мен құрылымы. Еңбек құқығы әдісінің және еңбек құқығы пәнінің арақатынасы, еңбек құқығы пәнінің арақатынасы, еңбек құқығын құқық саласы ретінде анықтауда олардың мәні.

Еңбек қатынастарын мемлекеттік – құқықтық, ұжымдық – шарттық, жеке – шарттық реттеу. Еңбек құқығының функциялары.

Қазақстан Республикасы еңбек құқығының қағидалары.

(2 сағ.)

Еңбек құқығының қағидаларының түсінігі, олардың мәні. Еңбектік қатынастарды құқықтық реттеу аясында жіктелуі, мазмұны. Еңбек құқығының қағидалары және нормалары, олардың ара қатынасы.

Еңбек құқығының конституциялық қағидалары. Еңбек ққығының салааралық, салалық қағидалары. Еңбек құқығы субхектілерінің субъективтік құқықтары мен міндеттерінің еңбектік қатынастарын ретттеудің құқықтық қағидаларының арақатынасы. Азаматтардың еңбек құқықтарының және міндеттерінің орындалуының шынайы кепілдіктері.

Еңбек құқығының субъектілері.

(2 сағ.)

Еңбек құқығының субъектілерінің түсінігі және түрлері. Еңбек құқығы субъектілерінің еңбектік еңбектік құқыққабілеттілігі, әрекетқабілеттілігі. Еңбек құқығындағы арнайы құқықсубъектілік.

Жеке тұлға еңбек құқығының субъектісі ретінде, оның еңбектік құқықсубъектілігі. Шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесі. Еңбектік қатынастары еңбек туралы заң актілерімен реттелетін қызметкерлердің басқа да санаттары.

Жұмыс беруші еңбек құқығының субъектісі ретінде. Жұмысберушінің құқықсубъектілігі. Еңбектік құқықтық қатынастарға қатысатын заңды тұлғалардың түрлері. Қызметкерлердің еңбегін қолдану саласында заңды тұлғалардың филиалдарының, өкілдіктерінің құқықтық мәртебесі. Жеке тұлғалар жұмыс беруші ретінде, олардың құқықсубъектілігі.

Жұмыс берушінің өкілдері. Еңбек бойынша өкілетті мемлекеттік орган. Қызметкерлердің өкілдері, олардың жалпы сипаттамасы.

Кәсіподақтар еңбек құқығының субъектісі ретінде, олардың құқықтық мәртебесі. Мемлекет еңбек құқығының субъектісі. Оның әлеуметтік – еңбектік қатынастарға қатысудың нысандары.

Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт.

(2 сағ.)

Әлеуметтік әріптестіктің түсінігі. әлеуметтік әріптестік мақсаттары, қағидалары, жүйесі, нысандары. әлеуметтік әріптестік тараптары. әлеуметтік әріптестіктің мазмұны.

Үш жақты деңгейде (трипартизм) әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру. әлеуметтік әріптестік органдары, қағидалары, олардың қалыптасу тәртібі. әлеуметтік әріптестік органдарының негізгі мақсаттары, міндеттері, олардың өкілдері. Әлеуметтік әріптестік органдарының координаторлары. әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында келісімдерді бекіту тәртібі. Келеісімдерді орындауды бақылау.

Ұжымдық шарттың түсінігі. Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесінде ұжымдық шарттың мәні және алатын орны. Ұжымдық шарт тараптары, мазмұны және құрылымы. Ұжымдық шарттың нормативтік және міндеттемелік тараптары, олардың мазмұны. Ұжымдық шартты бекіту тәртібі.

Ұжымдық шартың мерзімі және әрекет ету аясы. Ұжымдық және жеке еңбек шарттарының, ұжымдық шарт пен (Бас), салалық (тарифтік), аумақтық келісімдердің арақатынасы.

Жеке еңбек шарты.

(2 сағ.)

Шарт туралы білімнің жалпы мазмұны. Жеке еңбек шартының түсінігі, олардың түрлері. Жеке еңбек шартының тараптары. Жеке еңбек шарты бойынша еңбек функциясы мен жұмыс орнының түсінігі. Жеке еңбек шартын бекіту тәртібі. Жеке еңбек шартының мазмұны және мерзімі. Жеке еңбек шартының нысандары.

Жеке еңбек шартының талаптарының өзгеруінің шарттық әдісі. Жұмыс берушінің бастамасымен қызметкердің еңбек талаптарын өзгерту негіздері.

Басқа жұмысқа ауыстырудың түсінігі және түрлері. Басқа жұмысқа ауыстырудың жағдайлары және тәртібі. Басқа аймаққа ауыстырудың қызметтік іс сапарлардан айырмашылығы. Басқа жұмыс орнына жылжыту.

Жеке еңбек шартын тоқтату және бұзу түрлері. Жеке еңбек шартын тараптардың келісімімен бұзу. Жеке еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасымен бұзк негіздері. Жеке еңбек шартын тараптардың еркінен тыс мән – жайлар бойынша тоқтату. Жеке еңбек шартын бұзу тәртібі.

Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.

(2 сағ.)

Жұмыс уақытының түсінігі және белгілері. Жұмыс уақытының түрлері. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы. Толық емес жұмыс уақыты. Қысқартылған жұмыс уақытының режимін белгілеудің талаптары және тәртібі. өндірістің объектілерін аттеатациялау қысқартылған жұмыс уақытының режимін белгілеудің талабы ретінде.

Жұмыс уақытының режимі. Жұмыс аптасының, жұмыс ауысымының, жұмыс күнінің түсінігі және түрлері. Ауысым кестесі. Жұмыс уақыты режимін белгілеу тәртібі. Жұмыс уақытын есептеудің түрлері. Жұмыс уақытының жинақталған есебі. Вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде жұмыс уақытын есептеу.

Мерзімнен тыс жұмыс. Қызметкерді мерзімнен тыс жұмыстарға тарту. Қызметкерді түнгі жұмыстарға тарту. Жұмысты вахталық әдіспен ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Демалыс уақытынң түсінігі және түрлері. Тынығу және тамақтану үшін берілетін үзіліс. Арнайы демалыстар. Демалыс және мейрам күндері. Жылдық ақы төленетін демалысқа құқық. Қосымша еңбек демалысы және оны беру тәртібі. Жылдық еңбек демалысын алуға құқық беретін еңбек өтілін есептеу және жылдық еңбек демалысын беру тәртібі. Қызметкерлерге жылдық еңбек демалысын беру кезектілігі. Еңбек демалысынан шақыртып алу. Жеке еңбек шартын бұзу кезінде жылдық демалысты пайдаланбағаны үшін өтемақы төлеу.

Жүктілігі және босануына байланысты демалыс. Бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берілетін демалыс. Бала асырап алған әйелдерге (еркектерге), үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беру.оқу демалысы.

Жалақы. Қызметкерлерге кепілді және өтемақылық төлемдер.

(2 сағ.)

Жалақының түсінігі және еңбегі үшін көтермелеудің басқа да түрлерінен айырмашылығы. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты жалақының функциялары. Жалақыны минималды шегі. Ең төменгі жалақы, өмір сүру деңгейі, айлық есептік көрсеткіштің арақатынасы.

Еңбекке ақы төлеу нормаларының жергілікті және жеке ролі. Еңбек нормалары және нормалау түсінігі. Норма өнімі, норма уақыты, норма саны, норма қызметі. Еңбек нормаларын енгізу, тексерту, өзгерту және қайта қарау.

Еңбек ақының нысаны және жүйесі. Премия жүйесі қызметкерлерді материалдық көтермелеудің нысаны ретінде. Қосымша және үстеме ақы көлемін белгілеудің түсінігі және талаптары.

Жұмыстың қалыпты жағдайынан ауытқыған ретте еңбекке ақы төлеу (мерзімнен тыс жұмыстар, демалыс және мейрам күндері, түнгі жұмыстар).

Орташа айлық жалақы. Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы.

Кепілдік және өтемақылық төлемдердің түсінігі және түрлері. Кепілдік төлемдер және түрлері.

Еңбекті қорғау.

(2 сағ.)

Еңбекті қорғау түсінігі және қағидалары. Қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай азаматтардың конституциялық құқығы. Еңбекті қорғау бойынша заңдылық. Еңбекті қорғаудың және өндірістік санитарияның жалпы және арнайы нормалары. Қызметкердің еңбекті қорғау құқығының кепілдігі.

Еңбекті қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық - өндірістік нысандары: еңбекті қорғау және өндірістік санитария шараларын жоспарлау және қаржыландыру, дәрігерлік қайта куәландыру, қызметкерлерді үнемі тексеруден өткізу, еңбекті қорғау және өндірістік санитария ережелері бойынша қызметкерлерді оқыту, жеке қорғану үшін қажетті заттармен қамтамасыз ету.

Еңбекті қорғауды қадағалау және қорғау органдары. Еңбекті қорғау және өндірістік санитария заңдылығының нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік.

Еңбек даулары.

(2 сағ.)

Қақтығыс туралы ілім. Қақтығыс түсінігі, мәні. Еңбек іс жүргізушілік қатынастарының қағидалары. Еңбек дауларының пайда болу себептері.

Еңбек дауларының ұғымы және жіктелуі: жеке және ұжымдық. Жеке және ұжымдық еңбек дауларының пайда болу негіздері. Азаматтардың жеке және ұжымдық еңбек дауларына конституциялық құқығы, ереуілге құқықты қосқанда. Еңбек дауларын қарайтын органдар.

Жұмысқа қабылдау кезіндегі, еңбек шартын тоқтату кезіндегі еңбек даулары. Жеке еңбек дауларын келісім комиссиясында қарау. Келісім комиссиясының құқықтық мәртебесі. Жеке еңбек дауларын сотта қарау еңбек даулары бойынша шешімдерді орындау.

Ұжымдық еңбек дауларын қараудың негізгі қағидалары. Ұжымдық еңбек дауларын қарайтын органдар (келісім комиссиясы, еңбек төрелігі). Ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі. Ұжымдық еңбек дауларын қарау жөнінде келісім комиссиясы және еңбек төрелігінің өкілеттілігі. Ұжымдық еңбек дауларын қарауда делдалдың құқықтық мәртебесі. Ереуілдің түсінігі. Ұжымдық еңбек дауларын шешу кезінде ереуілді өткізу процедуралары. Ұжымдық еңбек даулары және ереуілдер туралы заңдылықты бұзғаны үшін жауапкершілік.

Халықаралық еңбек құқығы. Алыс және жақын шетелдерде еңбекті құқықтық реттеу.

(2 сағ.)

Еңбекті халықаралық – құқықтық реттеу пәні, әдісі және қағидалары.

Еңбекті халықаралық – құқықтық реттеудің суъектілері. Еңбекті халықаралық – құқықтық реттеудің қайнар көздері және олардың сипаттамасы (БҰҰ, ХЕҰ, Еуропа Кеңесң, Еуропалық одақ, ТМД актілері). ҚР еңбек заңдылығын жетілдіру үшін халықаралық актілердің мәні. Халықаралық және ұлттық еңбек құқығы нормаларының коллизиясы.

Нарықтық экономикасы бар елдерде еңбек саласында адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау.

Шетелдердің еңбек құқығының түсінігі және пәні. Шетелдердің еңбек қатынастарын құқықтық реттеу әдістерінің ерекшеліктері. Алыс және жақын шетелдердің еңбек дауларын шешу тәртібі.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы құқық саласы ретінде, оның басқа құқық салаларынан айырмашылығы.

(2 сағ.)

әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі. әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні. әлеуметтік қамсыздандыру құқығының әдісі. әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары және олардың жіктелуі. әлеуметтік қамсыздандыру құқығының сала жүйесі және ғылым жүйесі. әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру.

әлеуметтік қамсыздандыру құқығы субъектілерінің құқықтық мәртебесі және олардың жіктелуі. әлеуметтік – қамсыздандырушылық құқықтық қатынастар: түсінігі, түрлері, пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері, оның құрылымы және жіктелуі.

әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері: заң актілері, заңға тәуелді актілер сипатында нормативтік – құқықтық актілер және т.б.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі шараларды қаржыландыру.

(2 сағ.)

ҚР бюджет жүйесінің жалпы сипаттамасы. Республикалық бюджетті қалыптастыру тәртібі және еңбекке қабілетсіз азаматтарды қаржыландыру. Жергілікті бюджет әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі шараларды қаржыландырудың қайнар көздері.

Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталық – қаржыландыру жүйесіндегі орны мен ролі.

Жеке зейнетақы жинаулары - әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі шараларды қаржыландырудың қайнар көзі ретінде. Жеке зейнетақы жинауларын қалыптастыру: міндетті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіби зейнетақы жарналары, оларды төлеу тәртібі.

Жұмыс берушінің қаражаты есебінен әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі қаржыландыру шаралары.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының еңбек өтілі, оның түрлері, есептеу, растау тәртібі.

(2 сағ.)

Еңбек өтілінің құқықтық мәні және оның түрлері. Жалпы еңбек өтілі. Жалпы еңбек өтіліне кіретін уақыт кезеңі. Жалпы еңбек өтілін есептеу тәртібі. Жалпы еңбек өтілін офицерлерге, прапорщик, ішкі істер органдары құрамының қызметкерлерінің, ҚР әділет Министрлігі жүйесіндегі қылмыстық – атқарушы жүйесінің Комитеті және оларға теңестірілгендердің еңбек өтілін есептеу.

Арнайы еңбек өтілі. Азаматтардың кейбір санаттарын зейнетақылық қамсыздандыру және әлеуметтік жеңілдіктің беру кезіндегі еңбек өтілінің түрлерін аралас қолдану.

Орталықтан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыздандыру.

(2 сағ.)

Еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыздандыру түсінігі. Зейнетаақылық төлемдердің басқа ақшалай төлемдерден айырмашылығы (жәрдемақы, жалақы, алимент, өтемақы және т.б.) ҚР зейнетақы реформасы: негізгі бағыттары, жүзеге асыру талаптары және даму үрдісі.

Мемлекеттік зейнетақылық қамсыздандыру ынтымақтастық зейнетақы жүйесінің негізі. Зейнетақы қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік кепілдіктер. Орталықтан зейнетақы төлемдерді тағайындау талаптары. Зейнетақылық қамсыздандырудың жеңілдік талаптары. Зейнетақы төлеу тәртібі. Зейнетақылық төлемдерден ұстап қалу. Еңбек өткерген жылдары үшін зейнетақы: түсінігі, зейнетақылық қамсыздандырудың басқа түрлерінен айырмашылығы.

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыздандыру.

(2 сағ.)

Жинақтаушы зейнетақылық жүйенің ерекшеліктері. Зейнетақылық жинаулардың сақталуының кепілдіктері. Жинақтаушы зейнетақы қорлары, олардың құқықтық мәртебесі және түрлері. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін құқықтық реттеу. Зейнетақылық қамсыздандыру туралы шарт, оның орны және зейнетақылық қамсыздандыру жүйесіндегі ролі.

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақылық төлемдерді есептеу және төлеу, қадағалау тәртібі және шарттары.

Қорытынды:

30 сағат

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]