- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
- •Дәріс пен семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Сөж және сөож тапсырмаларын орындау мен тапсырудың тақырыптық жоспары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •Глоссарий
- •Философия. (каз) Книгообеспеченность
- •Философия мәдениет феномені хақысында
- •§2. Мифология (грекше мифос-аңыз, шежіре; логос-сөз, ілім)-алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қияли - ғажайып, танымдық қоғами сана формасы.
- •§3. Дін -жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансценденталдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы.
- •Ежелгі Қытай және Үнді философиялық ойлары.
- •§3.Дүние мен қоршаған ортаны бейнелеудегі қытайлық көзқарасқа тән қасиеттер:
- •§1. Буддизм - Үндістанда (б.З.Д.V ғ. Кейін), Қытайда, Оңтүстік - Шығыс Азияда (ііі ғ. Кейін) және басқа өңірлерде кең тараған діни - философиялық ілім.
- •§2. Будда төрт ізгілікті (арийлік) ақиқатты айқындайды:
- •§3. Будда философиясы адамның өзіндік кемелденуі, Ұлы Азаттану- Нирванаға жетудің жолдарын көрсетеді. Бұл сегіз сатылы, сегіз буынды ұстаным, сегіздік жол:
- •§4. Буддизмнің бес өсиет-бағдары:
- •Көне грек өркениеті және көне философиялық дәстүрдің ерекшелік сипаты.
- •§2. Сократқа дейінгі кезеңге мыналар жатады:
- •§3. Сөйтіп, антикалық (ежелгі грек) философияға мына ерекшеліктер тән:
- •§2. Софистерге тән сипаттар:
- •Ортағасырлық еуропалық мәдениеттегі философияның мәртебесі. Араб шығыстық ортағасырлық философиясы.
- •Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия
- •Философия және ғылым: жаңа еуропалық мәдениетіндегі философияның өз тағдырын өзі шешу мәселесі.
- •Декарттың рационалдық философиясы.
- •Жаңа заман дәуіріндегі нидерландтар (Голландия) философиясы.
- •Еуропалық философиялық дәстүрді дамытуындағы неміс классикалық философиясы және оның рөлі.
- •Қазақ мәдениетіндегі философия феномені.
- •XX ғасыр және xxі ғасыр философиясы. Қазіргі философия идеялар мен тұжырымдамалардың динамикалық жиынтығы ретінде.
- •Болмыс философиясы. Онтология. Дүниені философиялық ұғыну.
- •Сананы философиялық ұғыну.
- •Философиялық білім жүйесіндегі гносеология. Эпистемология.
- •§2. Танымның (ойлаудың) екі формасы:
- •Философиялық антропология.
- •Әлеуметтік философия. Қоғам және табиғат.
- •§5. Демография (грек., демос – халық, графе – жазамын) – Жер шарындағы халықтардың саны, тууы, өлімі, өсімі, дамуы туралы ілім. Бұл терминді 1855 жылы француз а.Гийар енгізді.
- •Кейстің тақырыбы: «Элейлік Зенонның «Ахилес пен тасбақа» апориясының мәні».
- •Студенттердің өзіндік жұмыс орындау үшін таратпа материалдары
- •2..Әйгілі «апорийлердің» авторы, Ежелгі грек ойшылы:
- •Философия пәнінен тест
- •«Философия» пәнінен 1-ші аралық бақылау сұрақтары
- •«Философия» пәнінен II аралық бақылау сұрақтары
§3.Дүние мен қоршаған ортаны бейнелеудегі қытайлық көзқарасқа тән қасиеттер:
өз елі Қытайды-шындықтағы дүниенің орталығы деп қабылдау;
жеке оқиғаларды, тарихты жалпы циклдік процестер ретінде ұғыну;
жердегі ғарыштық циклдердің дұрыс жүруіне, Аспан мен Жер алдында адамның өзіндік жауапкершілігін сезінуі;
адам, табиғат және ғарышты бірыңғай тұтастық деп қабылдау;
сананың консерватизмі, өткенге оралу, өзгерісті қаламау;
жеке адам, тұлғаның ұжымнан бөлінбеуі, дараланбауы;
табиғат апаттарымен күресте жеке адамның дәрменсіздігін сезіну;
еңбектің жаппай (ұжымдық) формаларына басымдылық беру (Ұлы Қытай дуалын салу, каналдар қазу, бөгеттер тұрғызу, су тасқынымен күресу және т.б.);
жеке адам, ұжым, мемлекет пен қоғамды бөлінбес тұтастық деп қабылдау;
қоғамда вертикалдық байланыстарды (билік пен бағыну), субординацияны, бастықты сыйлауды, мемлекет басшысын ( императорды) ең жоғарғы мәртебе, мемлекетті біріктіруші күш ретінде ұғынуды қалыптастыру;
қарым-қатынаста конформизмді, келісімпаздықты, мәмлегерлікті, тыныштық пен жайбарақаттылықты қалау;
өмірді ең алдымен тән қабығындағы рух өмірі деп ұғыну; фәни өмірді бақи дүниеден жоғары қою; ұзақ өмір сүруге әрекет жасау (дене шынықтыру, шөп дәрілерін ішу және т.б.)
о дүниелік күштердің болуын мойындау, өлгендердің жандануы;
ата-аналарды, үлкендерді сыйлау, ата-баба, аруақтарды("шэн") қастерлеу.
БУДДИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫ.
§1. Буддизм - Үндістанда (б.З.Д.V ғ. Кейін), Қытайда, Оңтүстік - Шығыс Азияда (ііі ғ. Кейін) және басқа өңірлерде кең тараған діни - философиялық ілім.
Буддизм негізін Гаутама Будда (Сидхардха Шакьямуни) (б.з.д. 563-483 ж.ж.) салды. Ол қиыншылыққа толы, күрделі өмір соқпақтарынан (ханзада, тақуа-аскет, данышпан, әулие) өтіп б.з.д. 527 ж. "нұрланып", өзінің уағыздарын тарата бастады.
Буддизмнің басты идеясы- "Орта жолды" ұстау, яғни шегіне жеткен екі жол: "ләззат жолы" (құмарлық, шаттану, енжарлық, тән мен жан рахаты) мен "аскетизм жолының" (азаптану,күйіну, өлімді аңсау, тән мен жан қасіреті) ортасын қалау, таңдау.
"Орта жол" - білім, даналық, ақылмен шектеу, зерделеу, нұрлану, өзіндік кемелдену жолы, оның түпкі мақсаты - ең жоғарғы игілік - Нирванаға жету.
§2. Будда төрт ізгілікті (арийлік) ақиқатты айқындайды:
бұл дүние қасіретке толы;
қасіреттің өз себептері бар- байлық, құмарлық, атақ, даңқ, өмір ләззаты, т.б;
қасіреттен арылуға, құтылуға болады;
қасіреттен құтылудың жолы бар- ол пендешіліктен арылу, нұрлану, Нирвана.
§3. Будда философиясы адамның өзіндік кемелденуі, Ұлы Азаттану- Нирванаға жетудің жолдарын көрсетеді. Бұл сегіз сатылы, сегіз буынды ұстаным, сегіздік жол:
дұрыс көзқарас- буддизм негіздерін және өмірдегі өз жолыңды түсіну;
дұрыс ойлау- адам өмірі оның ойлауына тәуелді, ойың өзгерсе өміріңде өзгереді;
дұрыс сөйлеу- айтқан сөзің жаныңа, мінезіңе әсер етеді;
дұрыс іс-әрекет- келісімді өмір сүр, зұлымдық, жамандыққа барма;
дұрыс өмір сүру- буддалық өсиеттерді әрқашан бұлжытпай сақтау;
дұрыс ыждақат- ынталы болу, еңбек етуді сүю;
дұрыс зерделеу- дұрыс ойлаудан туындайтын әдептілік;
дұрыс зейін қою- медитацияға бой ұру, ғарышпен байланысу.
§4. Буддизмнің бес өсиет-бағдары:
өлтірме;
ұрлама;
пәк болу;
өтірік айтпа, жалған сөйлеме;
зиянды заттарды пайдаланба.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:: Доасизм,легизм, конфуцийшілдік, моизм, у-вей, цзин, веда, упанишада, астика, настика, буддизм, жайнизм, веданта т.б.