Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оу-дістемелік кешен, макро, 2013-2014.doc
Скачиваний:
268
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.49 Mб
Скачать

3. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар.

Инвестицияға әсер ететін негізгі фактор – пайыздық қойылым. Пайыздық қойылым мен инвестицияның көлемі арасында кері байланыс бар (сурет 4.3). Инвестицияға сұраныс қисығы – пайыздық қойылымның кез-келген шамасында салуға мүмкін болатын инвестицияның көлемін сипаттайтын графикалық көрініс.

r

пайыздық қойылым

ID

I инвестициялық шығындар

Сурет 4.3 Инвестицияға сұраныс қисығы

Сонымен қатар, инвестицияның қарқынына әсер етуі мүмкін ішкі саяси жағдайлар, демографиялық мәселелер, халықаралық қатынастар, табиғи климат жағдайлары, қор биржаларындағы өзгерістер сияқты сыртқы факторларды да міндетті түрде есепке алған жөн.

Экономикада инвестициялар мен ЖІӨ көлемі үнемі бірін-бірі қолдап отырады. Инвестициялар экономикалық өсуге, экономиканың циклдік дамуына әсер етеді және, керісінше, ЖІӨ (немесе, ұлттық табыс) көлемінің артуы инвестициялардың өсуіне ықпал жасайды. Соған байланысты, таза инвестициялардың мынадай түрлері ажыратылады:

1. Автономды (тәуелсіз) инвестициялар – ұлттық табыстың өсіміне байланысты емес тұрақты инвестициялар. Автономды инвестициялар техникалық прогрестің құбылмалы болуы, халық санының өсуі, сыртқы нарықтардың кеңеюі, адамдар талғамының өзгеруі сияқты себептерге байланысты пайда болады. Мұндай инвестициялардың көзі болып әдетте, мемлекет бюджет табылады. Осы жерде автономды инвестицияның қарапайым функциясын да келтіріп кеткен жөн:

I = e – dR,

мұнда, I – ұлттық табыстан тыс жүзеге асырылатын автономды инвестициялардың шығындары;

е – сыртқы экономикалық факторлармен (мысалы, пайдалы қазбалардың қорлары, т.б.) анықталатын автономды инвестициялар;

R – нақты пайыздық қойылым;

d – инвестицияның пайыздық қойылымның қарқынына сезімталдылығын анықтайтын эмпирикалық коэффициент.

2. Туынды (индуцирлі) инвестициялар – ұлттық табыстың өзгеруіне байланысты жүзеге асырылатын тәуелді және ынталандырушы инвестициялар. Автономды инвестициялар жиынтық табысты арттырып, соның өсуімен байланысты тәуелді инвестицияларды ынталандырады. Мұндай инвестициялардың көзі болып әдетте, кәсіпкерлік пайда табылады, ал соңғысы Y ұлттық табыстың өсуімен қатар ұлғаяды. Олай болса, туынды инвестициялар да артады. Бұл жерде жиынтық табыстың өсуіне орай, өндірістік инвестициялармен бірге, тауарлы-материалдық қорларға және тұрғын үй құрылысына да инвестициялар артады. Демек, экономиканың жандануы жағдайында ескі капиталдардың қоры жаңартылады және тұрғын үйге сұраныс ұлғаяды.

Инвестициялардың табысқа оң тәуелділігі мынадай функция бойынша өрнектеледі:

I = e – dR + γY,

мұнда, γ – инвестициялауға деген шекті бейімділік;

Y – жиынтық табыс.

Инвестициялауға деген шекті бейімділік (MPI – marginal propensity to investment) – жиынтық табыстың кез-келген өзгерісіндегі инвестициялауға кететін шығындар өсімінің пайыздық үлесі:

МРІ = ΔI / ΔY,

мұнда, ΔI – инвестициялар шамасының өзгеруі; ΔY – табыстың өзгеруі.

Сонымен, автономды және туынды инвестициялардың қисығын төмендегі суреттен көруге болады.

I Іа+т

Іт

Іа

Y

Сурет 4.4 Автономды, туынды және таза инвестициялар

Кейнстік экономикалық бағыт әрқашанда жиынтық сұраныс тарапынан дағдарыстық экономиканы зерттеуге бағытталған. Экономикалық белсенділіктің төмен болуы жағдайында жиынтық сұранысты үнемі ынталандырып отыру қажет. Сол себепті өндірістің терең құлдырауын болдырмау үшін жиынтық сұранысты реттеу бойынша мемлекеттің белсенді экономикалық саясаты қажет. Сондықтанда, Кейнстің теориясын көп жағдайларда жиынтық сұраныс теориясы деп атайды.

Кейнстің пікірінше, дағдарыстық экономика жағдайында тұтынуға деген шекті бейімділіктің деңгейі өте төмен болады, сұраныс өзінің тиімді сұраныс шамасына жетпейді. Тиімді сұраныс – бұл өзінің жиынтық ұсынысын тапқан және соған сәйкес келетін жиынтық сұраныстың көлемі. Бірақ бұл жерде Кейнс толық жұмысбастылыққа сәйкес келетін тиімді сұранысты кездейсоқ жағдай деп есептейді.

Экономикалық белсенділікті көтеру мақсатында жиынтық сұранысты ынталандыру үшін жүзеге асырылатын нақты (іс жүзіндегі) инвестициялар жоспарланған және жоспарланбаған инвестициялар болып бөлінеді. Жоспарланбаған инвестициялар тауарлы-материалдық қорларға (ТМҚ) салынатын инвестициялардың алдын-ала қарастырылмаған өзгерістерін әрдайым туындатып отырады. Мұндай инвестициялар экономикаға жинақтар мен инвестициялардың нақты шамаларын тепе-теңдік қалпына келтіріп отыру үшін және макроэкономикалық тепе-теңдікті қалыптастыру үшін қажет.

Жиынтық жоспарланған шығындар (АЕ) – бұл ашық экономикада үй шаруашылықтарының, фирмалардың, үкіметтің және сыртқы әлем субъектілерінің тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жоспарлаған жалпы шығындары. Жоспарланған шығындар функциясы:

E = C + I + G + Xn

Нақты шығындар – бұл фирмаларға сату деңгейінде тосыннан болған өзгерістер бола қалған жағдайында ТМҚ-ға жоспарланбаған инвестициялар салуға мәжбүрлейтін қосымша шығындар.

Жоспарланған шығындар функциясын I + G + Xn шамасына жоғары жылжыған C = a + b (Y-T) түріндегі тұтыну функциясы ретінде график арқылы сипаттауға болады. Бұл жерде талдауды жеңілдету үшін таза экспорттың көлемі Y жиынтық табыстан автономды деп алынады. Соған байланысты таза экспорт толығымен автономды шығындардың құрамына қосылады: а + I + G + Xn.

Таза экспорт функциясы:

Xn = g – m׳ Y,

мұнда, Xn – таза экспорт; g – автономды таза экспорт; m׳ – импорттауға деген шекті бейімділік; Y – табыс.

Импорттауға деген шекті бейімділік – табыстың кез-келген өзгерісінде импорттық тауарларға жұмсалатын шығындар өсімінің пайыздық үлесі:

m׳ = ΔM / ΔY,

мұнда, ΔM – импорт шығындарының өзгеруі; ΔY – табыстың өзгеруі.

Жоспарланған шығындар қисығын табу үшін оның құрамындағы барлық компоненттерді қосамыз (сурет 4.5).

Y = E

AD, E жоспарланған шығындар

Y1

E = C + I + G + Xn

Е1

A ТМҚ-ң артуы

Е0

Е2

ТМҚ-ң кемуі

45°

Y2 Y0 Y1 Y*табыс, нақты шығындарY