Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус по Касиби каз Туризм.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
267.26 Кб
Скачать

Оқу пәнін бақылаудың түрлері

Бақылау түрлері:

Ағымдағы бақылау: библиографиялармен жұмыс істеу, белгілі бір тақырыпқа сәйкес дөңгелек үстелдер өткізу, тренингтер, реферат жаза білу, тақырыпқа сәйкес баяндама жаза білу, СӨЖ тапсырмаларын орындау.

Аралық бақылау (коллоквиумдер, жазбаша бақылау жұмыстары): ауызша әңгімелесу, реферат жазу, лексика-грамматикалық тестер мен тапсырмалар.

Қорытынды бақылау: емтиханкомпьютерлік тестілеу

Студент практикалық сабақтарға толық қатысуы керек, СӨЖ тапсырмаларын өз уақытында тапсыруы керек. Барлық сабаққа дайындалып келуі керек. Ол сабақтар тексеріліп отырады және ол бағалар қорытынды бағаға әсерін тигізеді.

Коллоквиум тапсыруға қойылатын талаптар : қойылған сұрақтарға жауап бере білуі керек.

Жазбаша бақылау жұмыстарына қойылатын талаптар:

Студент өтілген тақырыпты меңгеруі тиіс, берілген тақырыпқа жазбаша баяндама жасай білуі керек.

СӨЖ тапсырмаларын орындауға қойылатын талаптар: әр студент тапсырманы жеке орындауы шарт және тапсырмалар белгіленген кесте бойынша тапсырылады.

Реферат жазуға қойылатын талаптар: реферат жазуда оның жазылу құрылымын, ресімделу тәртібін қатаң сақтай білу керек (жоспар, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиет тізімі) Сыртқы беті стандарт бойынша компьютерде терілуі керек. Әдебиет тізіміне сілтемеде қолданылған дереккөздер кіреді. Орындалған жұмыстың көлемі басылған 15-20 беттен тұрады.

Емтихан тапсыруға қойылатын талаптар:

Емтихан компьютерлік тестілеу түрінде өткізіледі. Қорытынды емтихан барлық өтілген материалды қамтып, студенттің білімін бақылауға арналады.

Қорытынды баға аралық бақылау мен емтихан бағасының қорытындысынан тұрады.

Курс саясаты:

Студент барлық аудиториялық сабақтарға және пікірталастарға, дөңгелек үстелдерге, тренингтерге белсенді түрде қатысуы керек.

Сабаққа 100 пайыз қатысу қорытынды бағаға әсерін тигізеді.

Тапсырманы өз уақытында орындау мен тапсыру міндетті талаптар болып табылады:

1) практикалық, жеке тапсырмалар

2) барлық өздік тапсырмалар (СӨЖ);

3) барлық аралық және қорытынды бақылау (коллоквиум, бақылау жұмысы, емтихан).

Өз уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмен бағаланады. Емтиханда және жазбаша жұмыс орындауда көшіруге қатаң тыйым салынады. Осы талаптарды орындамаған студент емтиханнан шығарылып жіберіледі, жұмысы жоққа шығарылады.

Курсты өту барысында өз бетінше орындау үшін пәннің нақты тақырыбына сәйкес тапсырмалар беріледі. Жазбаша жұмыстың көлемі 2-3 беттен кем болмауы керек. Жұмыс жасау барысында студент қойылған міндетке шығармашылықпен қарап, әдебиетпен жұмыс жасай білуі керек. Дәлелсіз себеппен сабаққа қатыспауға қатаң тыйым салынады. Аудиторияда тәртіп сақтау керек (ұялы телефондарын сөндіріп қоюы, кедергі келтіріп сөйлеспеуі, оқу құралдары мен үстелдерге жазбауы, сабақ уақытында аудиториядан шықпауы керек).

Апелляция өткізу рәсімі

Студент бақылау қорытындысымен келіспеген жағдайда екінші жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға бере алады.

Емтихан сессиясы кезінде (аралық аттестация) апелляция жасалатын пәнге кәсібі бойынша біліктілігі сай келетін оқытушылардан ректор бұйрығымен комиссия құрылады.

Студенттің өтініші берілген күннен бастап екі күн ішінде студент және емтихан қабылдайтын оқытушының қатысуымен апелляция комиссиясында қаралады.

Апелляция нәтижесі оның шешімі негізінде хаттамаға рәсімделеді, студентке негізгі емтихан ведомостына қосымша ретінде жеке емтихан ведомосі жасалады.

Студент (ауызша немесе жазбаша) апелляция нәтижесімен танысуы керек.

Апелляцияға берілмеген пән бағасы өзгертілмейді.