Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AZAMAT_1_1.docx
Скачиваний:
198
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
282.69 Кб
Скачать

Линкольн-Дуглас форматы

Линкольн-Дуглас форматы пікірсайыс форматтары арасындағы философиялық ойлауға, логикаға негізделген еркін формат. Негізгі ойын формат бойынша

  • Кіріспе

  • Құндылық

  • Критерийлер

  • Дәйектемелер

  • Философиялық түйін

пункттерімен бөліп көрсетуге болады. Жеке-жеке әр пунктке тоқталсақ. Кіріспе бөлімінде ойындағы негізгі түсініктерді айқындап алу, ойын өрбитін шекараны нақтылау және аудиторияға тақырыпты түсіндіру үшін берілген. Құндылық бөлімі өзініңіз ұстанған позицияны негіздейтін қоғамдық нормаларға қайшы келмейтін философиялық түсінік. Критерийлер құндылыққа жету жолдарын нақты логикалық түрде көрсетуге арналған бөлім. Философиялық түйін өзіңіз құрған кейсті түйіндеуші, философиялық ойды аяқтаушы бөлім. Форматтың еркін екенін ескере отырып ойыншының тек осы бағытта ғана емес, сонымен қатар, логикалық аяқталған кейс те құруына болады.

Конструктивті бөлім (Линкольн)

6 мин

Сұрақ-жауап бөлімі (Дуглас Линкольнға)

3 мин

Конструктивті бөлім (Дуглас)

7 мин

Сұрақ-жауап бөлімі (Линкольн Дугласқа)

3 мин

Конструктивті бөлім соңы (Линкольн)

4 мин

Конструктивті бөлім соңы (Дуглас), Қорытынды бөлім (Дуглас)

6 мин

Қорытынды бөлім (Линкольн)

3 мин

ЛД форматы бойынша ойын барысындағы қарсылықтар

  • уақыт лимиті

  • жеке басқа қол сұғу.

ЛД форматындағы ойынды қызықты әрі жемісті болуына көмектесетін бірнеше құралдар бар:

  • ой жүйелілігі

  • құндылықтар иерархиясы

  • логикалық тізбектер және бақылау

  • теориялар.

Ой жүйелілігі сіз айтқалы отырған ойдың жеңіл қабылдануын қамтамасыз ете отырып, қарсыласыңыздың сізді шатастыруынан сақтайды. Сонымен қатар, тек өзіңіздің емес, қарсыласыңыздың ой жүйелілігін бақылай отырып ойынды өз бағытыңызға бұруға мүмкіндігіңіз бар. Ойы жүйелі келтірілген пікірсайысшы - жеңіске бір табан жақын пікірсайысшы.

Адамдардың барлығының құндылығы бірдей емес және бұл адамдар арасындағы көптеген даудың басты себебі болып табылады. Бірақ ортақ мақсат туындағанда бір құндылықты таңдап, сол құндылық аясында әрекет ету керек болады. Осы тұста құндылықтар иерархиясын тұрғызып, қай құндылық негізгі, қайсысы қосымша немесе төменгі рангті құндылық болатынын анықтап, ойындағы сіз алған тараптың құндылығы негізгі екендігін көрсету арқылы жеңіс туына жақындауыңызға болады.

Логика - Линкольн-Дуглас форматы бойынша салған үйіңіздегі әрбір кірпіштің арасын байланстырушы негізгі құрал болып табылады. Логикалық тізбектер құрастыру арқылы қарсыласыңыздың қателіктерін көрсетуге немесе өз аргументтеріңізді негіздеуге болады. Жекеден жалпыға (индукция) және жалпыдан жекеге (дедукция) өту арқылы сіз жеткізгіңіз келген ойды анық әрі нақты жеткізе аласыз.

Теория - белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым. Ғылымдағы теорияларды өзіңіз құрған кейсте кеңінен қолдансаңыз сөзіңіздің салмағын еселей түседі.

Төрешілерге нұсқаулық

Құрметті төреші, сіз пікірсайыстың ең қорытынды кезеңін шешетін адам болғандықтан берілген нұсқаулықты толық оқып шығып, сіз төрешілікке қаншалықты дайынсыз? Өз-өзіңізге баға беріңіз.

Төреші ойынға қалай дайындалу керек?

Төреші болатын адам өз-өзіне сенімді, ешкімнің күштеуінсіз, шешімін әр уақытта толық негіздей алатын, төрешілік еткеніне кем дегенде 2 жыл болған, сараптаманы толық жасай алатын, т.б. қасиеттері бар адам болуы керек. Қарарларға ойыншылардан бөлек өзіңіз де дайындалып келгеніңіз дұрыс. Себебі, екі жақты толық қанды түсіну үшін, қай тараптың жалған ақпарат енгізіп жатқанын білу үшін жан-жақты мәліметтер болғаны өзіңізге жақсы. Ойынға келерде, барынша психикалық және моральдық тұрғыдан дайын болыңыз. Мысалы: ойынның үстінде жеке бас проблемаларын ойламаңыз, ойынға ашуланып кірмеңіз т.б. Бұл сіздің дұрыс шешім шығаруыңызға әсер етуі мүмкін.

  1. Төрешінің этикасы.

Сіз ең бірінші төрешісіз, ойыншылардан бір саты жоғары тұрсыз. Егер бір төрешіден қателік кетсе, бүкіл төрешілердің абыройы кетеді. Қазіргі таңда бұндай жағадайлар жиі кездесуде. Ойыншылар мен аудитория төрешіге бағынудан кетіп бара жатыр. Былайша айтқанда, төрешінің қадірі мен абыройы түсіп кетті. Сол себепті, аудиторияға кіргеннен бастап өзіңізді барынша қатал ұстаңыз. Ойыншылармен амандасқан соң, өз орыныңызға жайғасып алдымен өзіңізді таныстырып, кейін жеребе таңдатыңыз. Сіз төреші болғандықтан ойыншылардың сізге қойған сұрақтарына нақты әрі қысқа жауап беріңіз. Өзіңіздің жеке басыңызға қатысты сұрақтар болса, бірден бас тартып жауап бермейтініңізді ескертіп, ойыншының пікірсайыста екенін есіне салып, сабасына түсіріңіз. Ол тек сізді өзіне қарату мақсатында жасалған ойыншылардың қулығы (фишка). Бүкіл аудитория тек сізге ғана бағынатындай іс-әрекетте болыңыз. Ойыншылар мен көрермендерге шамадан тыс ерік бермеңіз. Себебі, аудиторияда төрешінің отырғаны білініп тұру керек. Шамаңыз жеткенше өз-өзіңізді мықты ұстап, аудиторияны бағындыра білсеңіз ойын мәденитетті және сәтті өтеді.

  1. Төрешінің тыңдау қабілеті мен шешім шығару мақсаты.

Ойын барысында екі тараптың әр мүшесін толық тындап керекті мағлұматтарын жазып отырыңыз. Ойыншының тек қана білімі мен идеясына назар аударып қана қоймай, пікірсайысшы ретіндегі актерлік қабілеті, сөйлеу мәнері, аудиториямен жұмыс жасауын, ең бастысы төрешімен қалай байланысатынын қадағалаңыз. Егер пікірсайысшы «төреші ханым» немесе «төреші мырза» - деп қасыңызға отырып, бетіңізге тесіле, үңілсе оның өзіне тән фишкасы сол, ол үшін оған жоғары балл қоюдың қажеті шамалы. Ол сізбен байланысты бос сөз арқылы да орнатуы мүмкін. Төрешімен байланыс неғұрлым сыпайы түрде болғаны дұрыс. Төреші парағын сапалы толтырыңыз. Бұл сіздің сауатты төреші екеніңіздің тағы бір дәлелі. Балл қою мәселесінде асыра сілтемеңіз. Мысалы, бір адам пікірсайысты ұзақ жылдар ойнауы мүмкін, алайда ол дәл сол күні дайындығы сәл аздау болып, өзін ораторлық қабілеті арқылы алып шығуы мүмкін. Міне, сол кезде мына адам тәжірибиелі деп жоғары қойып жібермеңіз. Себебі, ағаш өскен сайын қартая түседі. Ол қатты болғанымен бұтақтарын қозғасаң морт сыңғыш келеді. Пікірсайыста да солай, тәжербиелі болған сайын, өз тәжербиесіне сеніп дайындалмай келетін аға буын өкілдері де болады. Осы орайда баллды асыра сілтемеу керек. Немесе жаңа буын, жас пікірсайысшы өзі ойнаған уақытта қобалжып, идеясы бар бірақ жеткізуде әлсіз болса оған 18-20 баллды қоймаңыз. Керісінше, әрекетіне сай 21-23 баллдың көлеміне ынталандырыңыз. Ойыншылардың тақырыпты жеткізуімен қоса, кейстің де толық рет-ретімен сақталғанына көз жеткізіңіз. Сараптамада ойыңызды күрт өзгертсеңіз, аздап тоқтап параққа қарап, өз ойыңызды негіздеңіз.

ЕСКЕРТУ: сіздің шешіміңізден бүкіл турнирдің жолы салына бастайды. Сол себепті, өте жауапты болыңыз. Әр уақытта өз шешіміңізді негіздей біліңіз.

«Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты Республикалық І жиыны жайлы

қысқаша мәлімет.

Жиынды «Азамат» интеллектуалды пікірсайыс клубының үйлестірушісі, Сулейман Демирель атындағы университеттің «Заң және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің 3-курс студенті Жалмурзин Мирас жүргізді. Жиынның салтанатты ашылуы кезінде Сулейман Демирель атындағы университеттің ғылыми істері жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының докторы Нұрлыбек Сейітқұлов мырза және Сулейман Демирель атындағы университеттің студенттер лигасының президенті Ерасыл Бахытжанов құттықтау сөз сөйледі. Жиынның ашылу сәтінен соң, жиын қонақтары Талғат Рысқұлбек және «Жас Отан» жастар қанатының хатшысы Асхат Жұмахановқа сөз берілді. Жастарымыз көкейлерінде жүрген сауалдарын қонақтарға қою арқылы жиынның қызығын келтірді. Сыр-сұқбат өз шегіне жеткеннен кейін, жалпы пленарлық отырысқа жалғасты. Бір сағат көлемінде 7 баяндама оқылды. Баяндама оқушылар:

  1. Байтенов Бернар (Астана қаласы);

  2. Әйгерім Қабден (Көкшетау қаласы);

  3. Айгүл Алишер (Шымкент қаласы);

  4. Ұлжан Досжанова (Алматы қаласы);

  5. Ақнұр Абдрахманова (Қарағанды қаласы);

  6. Сабыржан Кеңшілік (Қызылорда қаласы);

  7. Мөлдір Ақжігіт (Ақтөбе қаласы).

Әр баяндамашы өз ұсыныстарын айтып кетеді. Осы ұсыныстар дауысқа салу арқылы жиын соңында қабылданды.

Жиынға қатысқан ЖОО тізімі:

  1. Сулейман Демирель атындағы университет (Алматы облысы)

  2. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (Көкшетау қаласы);

  3. Қаржы полициясы академиясы (Астана қаласы);

  4. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина университеті (Ақтөбе қаласы);

  5. «Ақмешіт» гуманитарлы-технологиялық институты (Қызылорда қаласы);

  6. Аймақтық инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті (Шымкент қаласы);

  7. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті (Шымкент қаласы);

  8. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті (Шымкент қаласы);

  9. ОҚО № 75 мектеп-гимназия (Шымкент қаласы);

  10. Қарағанды қаласы №41 жалпы білім беретін орта мектеп (Қарағанды қаласы);

  11. Халықаралық бизнес университеті (Алматы қаласы);

  12. Абай атындағы Педагогикалық университеті (Алматы қаласы);

  13. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университеті (Алматы қаласы);

  14. Алматы энергетика және байланыс университеті (Алматы қаласы);

  15. Радиоэлектроника және байланыс инженерлі-әскери институты (Алматы қаласы);

  16. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (Алматы қаласы);

  17. Алматы технологиялық университеті (Алматы қаласы);

  18. Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы қаласы);

  19. Қазақ-Британ техникалық университеті (Алматы қаласы);

  20. Оңтүстік Қазақстан фармацевтика академиясы (Шымкент қаласы).

Жиында қабылданған шешімдер:

Ұсыныстар

Дауысқа салғандағы % көрсеткіш

Пікірсайысшылар штабын құру

70 %

Республикалық турнирлерді БПФ өткізу

15%

Қысқа форматтағы ойында төрт аргументтен артық енгізбеу

90%

Ортақ формат енгізу

30-35%

Турнир басталар алдында ойын барысына байланысты дөңгелек үстел өткізу

80%

Пікірсайысшылардың иммиджін қалыптастыру, фракция атауларына байланысты талаптар қою

45-50%

Әр айтылған орыс тілді сөздер үшін айыппұл төлеу (5 тг)

20-25 %

Төрешілер тек ұйымдастырушылар тарапынан болу

15%

Тәуелсіз төреші (бақылаушы адам)

15%

Қарар тек аудиторияда ғана жариялануы

100%

Клубтарды дамыту

50-55%

Жақсы, ұтымды идеяларды үкіметке жіберіп отыру

30-35%

Жеке басқа үш реттен артық қол сұғушылық үшін 1-4 спикерлік баллды азайту

15%

Республикалық турнирлерге тек қалалық турнир чемпиондарын жіберу

10%

Пікірсайысшыларға арнайы ранг тағайындап, белгілі бір дәрежелерге бөлу

25%

Жиынды дәстүрге айналдыру

95%

Оқушыларға арналған жаңа формат енгізу

10%

Жастар ұйымдарымен байланыс орнату

40%

Төрешілер одағын құру

60%

Пікірсайысшылардың жеке сайтын ашу

90%

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]