Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AZAMAT_1_1.docx
Скачиваний:
198
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
282.69 Кб
Скачать

Көпшілік алдында сөйлеу, өзін-өзі ұстау

Сөйлей білмес жаманның,  Сөзі өтпес бір пышақ.  Сөз білетін адамның,  Әр сөзіне бір тұсақ. 

Халық даналығы

Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Таба алмаған жағдайда, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам өзінің сөйлеу мәдениетін жетілдірмейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жете алмайды. 

Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынадай екі түрі бар:

1. Диалогтық сөйлеу.

2. Монологтық сөйлеу.

Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Монологтық сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция және басқа да түрлері кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы – көп халық. Осылайша, сыртқы сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді.

Адамның айтқан сөзі белгілі бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің, жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Бұдан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің бұл сипаты – оның мәнерлілігі. Өзара тілдескенде, лекция, баяндама жасағанда мәнерсіз сөйлеу – ол қаншама мазмұнды ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңі интонациямен, мимикамен, ишаралармен білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып, ойын мәнерлі түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу – өз ойыңды келістіріп, айтып беру, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай, нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп, тыңдаушының етжүрегін елжірете білу.

Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену, оқу, үйренуді талап етеді. Шешен адамдарда негізінен, сөз көркемдігі ой тасқынынан табиғи түрде туындап жатады. Көркемдік талғам мен шешендік тәсілдерді дұрыс пайдалана білген адам ғана эстетикалық әсер ету күшіне ие бола алады. Сонда шешендік өнерге көп сөйлеп, оны сынатып үйренуге болады ма, әлде оған жазып дайындалған дұрыс па? Бұл орайда әйгілі шешен, данагөй Цицерон былай дейді: «Қалам – көркем сөздің ең жақсы жаттықтырушысы. Басқалардан үйренуде өнеге тұтарлықтай теңесуге ұмтылу керек. Өзің үлгі еткен шешеннің жақсысының бәрін алуға тырыс. Оңайын, көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең маңыздысы – шынайы шеберлігіне жету. Ол еліктеу болып кетпеуі керек. Мықтыға қанша ұқсап тұрсаң да, көшірме түпнұсқадан ылғи да көш төмен болады. Халық алдында сөйлеу үшін сөзіңнің өзіндік «бейнесі», өз мәнері болғаны абзал.

...Егер өнердің басқа саласындағы аты мәлім шебер бір ісін кездейсоқ дағдысынан нашар орындаған болса, оны ол өзі әдейі жасады ма, не денсаулығына байланысты сөйтіп қалды, дей салады... Ал, егер шешеннен сондай бір осалдық тапсыншы, оны тек ақымақтық деп санайды, ал ақымаққа кешірім болмайды. Өйткені, адам көңіл-күйге немесе іші ауырғанға байланысты ақымақ болмайды. Сөзді тыңдай білмеу. Кейбір адамдардың ерсі мінездері бар: басқаның сөзіне құлақ қоймайтын, өзіне айтылған сөзді аяғына дейін тыңдай білмейтін, өзгелердің сөзіне ретсіз араласып, әңгіменің шырқын бұзатын. Содан сөйлеп отырған адам кейде қақалып – шашалып, тұтығып та қалады. Әрбір адам өз басындағы осы кемшіліктермен күресе білсе, біздің сөйлеу мәдениетіміз де одан әрі дами түсер еді.

Және де кейбір адамдар диалогтық сөйлеудің талаптарын орындай бермейді. Содан көп сөйлеп, бір сөзді сан мәрте қайталап, тыңдаушысын жалықтырып та алады. Олардың ішінде өзіне қойылған сұрауларға, қарсы пікірлерге жауап бермей, өз ойын тәптіштеп айта беретіндері де кездеседі. Бұл пікірсайыс мәдениетіндегі, ең бастысы сөйлеу мәдениетіндегі әдепсіздік.

Қаратпа сөз хақында

Ағылшын тілінде қазір «сен» деп сөйлесу іс жүзінде жоқ. Оларда мұндай есімдіктің өзі де ұмытылған. Ол ХҮІ ғасырдың өзінде қолданыстан қала бастап, ХҮІІІ ғасырдың басында оны сыпайы «сіз» деген есімдік алмастырған-ды. Тіл мамандарының түсіндіруінше, көне замандағы «сен» сөзі тек шіркеу тілінде, көтеріңкі, лепті поэзияда ғана сақталған көрінеді. Сол себепті, оны «Уа, сен!» деп аударған дұрыс дейді. Кейінгі кезде орыс тіліндегі «товарищ» деген қаратпа сөз де ерсі естіліп, қоғамдық орындарда «мужчина», «женщина» деген қаратпа сөздер күштеп орныға бастады. Сол секілді қоғамда осындай сыпайылықты орнату үшін пікірсайыстан осы қағиданы, яғни «СІЗ» деп қарым-қатынас жасауды алға қойған дұрыс секілді.

Жас дос, сізге көркем ойыңызды халыққа дұрыс жеткізудің ең басты дүниелерін айттық. Енді пікрісайыс алаңына шыққанда мыналарды есте сақтағаның абзал:

Сөз бастау бір адамға оңай шаруа болса, енді біріне қиынның қиыны болып көрінеді. Көптің алдына шығып сөйлеу үшін үлкен дайындық қажет. Менің айтқым келгені дайындықсыз жасалған дүние ешқашан жемісін бермейді. Егер көпшілікке сөзіңді тыңдатқың келсе және олардың назары саған ауғанын қаласаң онда сенің киген киіміңнен бастап, сөйлеген сөзіңе дейін мінсіз болуы керек. Мынадай жақсы әрі орнымен айтылған сөз бар: «Ақылыңа қарап шығарып салғанымен, киіміңе қарап күтіп алады». Киім жағдайға сәйкес, өзіңе жарасымды әрі ыңғайлы болу керек. Көптің алдына шығып сөйлегенде сенімсіздік, алаңдаушылықты тудыратын себептердің бірі – киім үлгісі. Өйткені, адам өзін басқалармен салыстырады, олардың өзіне деген көзқарастарын байқайды. Соның әсерінен ол ыңғайсыздана бастайды да ойы бөлінеді. Бұл дегенің тыңдаушыларды өзіңнен алыстататын жағдайға алып келуі мүмкін. Киген киімің өзіңе сенімді әрі ыңғайлы болсын. Әрбір істің, таныстықтың басы – сәлемдесуден басталады. Қазақ даналарының айтқан жақсы сөзі бар - «Сәлем – сөздің анасы». Яғни, сөзіңнің сәтті шығуына бір қадам жақындататын – сәлемдесу. Сәлемдесу қысқа да нұсқа, мағыналы болуы тиіс және әдемі күлкі мен жағымды ымды қоса біл!

Келесі, әрбір сөз бастаушының сөзінің нақты мақсаты болуы тиіс. Яғни, сен өзіңнің кімге және не туралы айтатыныңды жақсы білуің керек. Тыңдаушылар сенің сөзіңнің дұрыстығына сенуі үшін қолыңда сенімді ақпарат болуы қажет. Себебі, дәлелдемесі жоқ сөз, құрғақ сөз.

Өзіңді сенімді сезіну үшін өзіңе ыңғайлы атмосфераны жасап ал. Мысалы, өзіңді оқушыларға сабақ түсіндіріп жатқан мұғаліммін деп елестетіңіз. Немесе, керісінше сабақ айтып тұрмын деп ойлаңыз. Ең бастысы өзіңді қауіпсіз әрі сенімді сезінетін көріністі елестетіңіз.

Көпшіліктің алдында сөйлей алатын мықты оратор болғың келсе, өзіңмен үздіксіз жұмыс жаса! Өзіңді сырттай бақылауға ал! Оны видеокамера, айна сияқты тұрмыстық құралдардың көмегімен жүзеге асыра аласың. Көптің алдына шығып сөйлеген кездеріңді немесе үйде өзіңді бейнежазбаға түсір! Сол арқылы кемшіліктеріңді көріп, онымен жұмыс жаса. Тек қарапайымдылығыңды сақта. Қарапайым бол, шынайы бол! Сөздерді жаңылыстыратын болсаң, жаңылтпаштар көп оқы және айтылуы қиын сөздерді айтып үйрен.

Көпшілік алдында сенімді сөйлеу үшін:

  1. Жарасымды киім үлгісі;

  2. Керемет сәлемдесу;

  3. Мақсаты бар сөз;

  4. Сенімді ақпарат;

  5. Ыңғайлы көріністі елестету;

  6. Өзіңмен жұмыс жаса;

  7. Өзіңді сырттай бақылау;

  8. Қарапайымдылықты сақтау.

Құрметті жас дос! Жоғарыда айтылғандардың барлығы мықты ораторлардың ұсынған техникалары, ораторлық қабілетіңді дамытуға бағыттайтын құралдардың бірі. Бұл кеңестерді жүрегіңмен қалап орындасаң, міндетті түрде жемісін көресің. Сәттілік!

Ым- ишарат қимылдары

Психолог Альберт Мейербани анықтағандай, адамдар ақпарат алмасудың 7% тек сөздер, дыбыстық интонация мен дауыс тембрі құралдары 38% және бейвербалды құралдар 55% тұратынын дәлелдеді. Мейербанидің ойын профессор Бердсвиссл де растап, адамның күніне сөздің өзін 10-11 минут қолданатынын атап өтті. Сәйкесінше, ол адамдардың вербалды құралдарды 35% және бейвербалдыны 65% қолданатынын дәлелдеп өтті.

Бейвербалды коммуникацияның ішінде бірінші кезекте ойымызға ым келеді. Ымдардың маңыздылығы туралы немесе оны қолданылуы туралы адамдар көп ойланбайды. Ымды білу және қолдана білген адамдар тарихта өздерінің іздерін қалдырды. Мысалы, Джон Кеннедидің Ричард Никсонды теледидарлық пікірсайыста жеңуі, Ленин мен Гитлердің қолдарын сілтеуі, Наполеонның қолын күртесінде ұстауы және т.с.с тұлғалардың ымдары тарихта із қалдырды, қалдырады да.

Ымдардың маңыздылығын тікелей адамдармен жұмыс істейтін мамандар жақсы түсінеді. Оған сақтандыру агенті, маркетолог, саясаткер, журналист, психолог және т.б мамандар жатады. Біз бұл жерде әзірше нақты маман иесі болмасақ та ымның маңыздылығы туралы ойланамыз. Қолдарыңызды сенімсіз сілтеу, ұялғаннан кейін қызарып кету, сын сәтте ымдарыңызды бақылай алмау оларды дұрыс пайдалана білуге итермелейді. Дұрыс сөздер, соларға лайықты әдемі ымдар арқылы аудиторияны өзіңізге қаратып аласыз.

Ендігі кезекте ымдардың өздеріне келетін болсақ. Белгілі бір өлшемді, көлемді көрсету ымы. Қолыңызбен қаншалықты мөлшерде екендігін көрсету тыңдаушыларға бейнелі түсінік береді.

Басыңа меңзеу, біреуді немесе бірдеңені пікірсайысшының басына меңзегенде өздеріңіз ойлап қараңыздар, логикалық түрде түсініп көріңіздер деген мағына білдірсе, немесе бірдеңені меңзеуді соған сілтеме ретінде қабылданады.

Қолды жұдырыққа жұму, қолды жүректе ұстау, 5 саусақты біріктіру немесе сұқ саусақты көрсету секілді ымдар тәртіпті орнату менің қолымнан келеді, маған сеніңіздер деген ұғымдарды білдіреді.

Әрине, жоғарыдағы ымдармен қатар басқа да ымдар жетерлік.

Қорытындылай келе, ымдарыңызды жаттықтыратын болсаңыз, сіздің сөздеріңізбен бірге табиғи үйлесімділік табылады. Аудиторияңыз сізді бірден түсінеді.

Өзін-өзі ұстау (эмоция, тәртіп)

Спикерлік қасиеттер:

  • Сабырлық, яғни, сөзбұйдаға салыну, сөз таласуда тыныштық сақтай алмаудан аулақ болу;

  • Білім, әрине, білімсіз дебатқа қатысудың мәні жоқ;

  • Жан-жақтылық, бір сұрақтың көлемінде емес, барлық салада аз да болса түсінігің болу;

  • Сыртқы келбет.. Үй шаруасындағы киіммен пікірсайысқа түсіп

көр, не болар...

  • Лексикондық сөздік қордың байлығы. Алуан терминдерді білу, қолдану. Жаргон, ауызекі сөйлеу стиліндегі сөздерді дебатта қолданыстан алу;

  • Әлемдегі соңғы жаңалықтардан естігенің болса, жеңіс;

  • Сыйластық. Аяқ астынан шу шығарып, атыс - жұлысқа салынып жеңіп шығу ойға сыймайтын нәрсе;

  • Қулық пен пысықтықты ұштастыра білу; Жалпы дебаттағы Спикер - Оратор. Айтылғандарды бұлжытпай орындай білсе, нақты қалыптасқан біржақты пікірі-ойы болса, топтық рухтың мүшесі бола білсе - жеңіс .

Уақыт тиімділігі және Кілттік сөз

«У Гершеля Бамгергера было необычное

хобби – он экономил время.»

Х.Теллер «О том, что на душе»

«Үлкен адам болу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға» - дейді Мұхтар Шаханов ағамыз. Тарихта Наполеон 4 сағат қана ұйықтап-ақ есімі әйгілі болған болса, Эйнштейн қызметшісіне жарты сағаттан соң оятуын өтінеді, демалсын деп 1 сағаттан кейін келген қызметшісіне Эйнштейн налып: «30 минутымды қайтарыңыз» - деп сұраған екен. Осы мысалдардан арманға жету үшін уақытты тиімді пайдаланудың мәнін аңғарамыз.

Бұхари риуаят еткен хадисте «Адамдардың көбісі бағаламайтын екі нығмет бар. Ол – денсаулық пен бос уақыт» делінген және бұл қай ғасырға да сай.

Ал бүгінгі қоғамда уақыттың қадірін бағалауға пайдасын тигізер істің бірі – пікірсайыс. Ережеге сай, әр спикер өзіне берілген уақыт лимитін сақтап, идеясын нақты жеткізуге міндетті. Уақытты шектеу - ойындағы әділеттілік пен тәртіптің кепілі.

Ендігі кезекте уақыт тиімділігінің қағидаларын ұсынамыз:

  1. Таймкипердің ескерту белгілерін назардан тыс қалдырмаңыз, ол ойыңызды тиянақтауға әсер етеді.

  2. Тарих та, ғылым да мойындаған әдіс – жазу. Өз ойыңызды, яки қарсылықтарыңызды қағаз бетіне қысқаша түртіп отырыңыз. Ой жүйелілігі уақытты үнемдейді.

  3. Уақыт лимиті - сіз үшін сүзгі. Идеяларыңыздың ең маңыздысын таңдап алып қана ұсыныңыз. Ойыншыға сапа, уақытқа пайда.

  4. Тіл тазалығы, яғни бейсауыт сөздерді (жаргон, диалект) қысқартыңыз. Бір сөзді үнемі қайталайтын (яғни, және, тағы) әдеттен арылыңыз. Идеяны нақты, түсінікті сөйлеммен беріңіз.

  5. Мүмкіндікті толық пайдаланыңыз. «Ырыс астың қалғанында болуы мүмкін». Жеңіске жеткізер сөз соңғы минуттарда айтылуы да ғажап емес. Дегенмен, уақыт толтыру үшін құрғақ қасықпен ауыз жыртудың қажеті шамалы.

Өзгенің де, өзіңіздің де уақытыңызды бағалаңыз. Уақыт бізге емес, біз оған тәуелді екенімізді ұмытпайық, достар!

Кілттік сөз (дефиниция).

Қоғамда болып жатқан құбылыстарды әр тұлға өзінше ой елегінен өткізетіні белгілі. Ал пікірсайыс осы көзқарастарды зерттеп, ақ-қарасын айыруға көмектеседі. Тақырыпты өзекті етіп, ашу үшін кілттік сөздің орны айтарлықтай. Мәселен, резолюция "БП Гитлердің саясатын ақтайды" болса, Гитлерді және саясатты позициясына орай таныстырып, дефинициясын ұсынады. Ойын алаңы соған қарай құрылады. Енді кілттік сөздердің қыр-сырын қағидалармен жүйелейік:

1-қағида: дефиниция неғұрлым қысқа, жинақы болса, тез жатталады.

2-қағида: өз позициясын, кейсін толық ашуы, қуаттауы тиіс.

3-қағида: жан-жақты қарастырылса, дефиниция сапалы болмақ.

Кілттік сөздерге қатысты көптеген қайшылықтар туындайтыны баршамызға анық.

Бірауыздан бекітілген шешім мынадай:

1. Өзіне бұрмаланған дефиницияға міндетті түрде қарсылық келтіру керек. Бірақ, ортақ кілттік сөз ұсынылатын тақырыптарда ұсақталмай, мәдениетті түрде толықтырып өтуге болады.

2. Атамаса да айдан анық сөзді түсіндіру дұрыс емес деп шағымдану бар. Дегенмен, керек тастың ауырлығы жоқ тақырыптар да бар. Тағы бір жағы пікірсайысшы болғандықтан сараптауға білім жетер. Ақылды шешімді ситуацияға қарап қабылдарсыз.

Ақпарат жинау, статистикалық мәлімет

Бүгінде пікірсайысшылардың арасындағы ойын барысында көптеп еститін қарсылықтардың бірі «дезинформация» (жалған ақпарат). Бұл сөзге дефиниция бермесек те барлығымыздың құлағымыз естіген, себебі әрбір турнирлерде жиі айтылатын сөздердің бірі десек келісерсіз. Біреулер мұндай жалған ақпараттарды ойларынан құрастырып жатса, ал енді бірі бұқаралық ақпарат беттерінен оқып білгендерін айтып ақталып жатады. Ия, бүгінде біз пікірсайыс турниріне дайындалғанда газет, кітаптарға көп жүгінбей көмекті интернет беттерінен іздейтіндігіміз мәлім. Бірақ, осы интернет беттеріндегі ақпараттардың қаншалықты шындық, не өтірік екендігіне аса мән беріп қарап жатпайтындығымыз тағы бар. Мысалы, «Карл Поппер» форматында ойыншы қандайда бір маңызды ақпарат айтқан болса, ол ақпаратты қайдан алғандығы жөнінде сілтеме жасап өтуі тиіс. Қазірде біз ойнап жүрген АПФ, БПФ форматтарында мұндай талаптар жоқ, сол себепті жалған ақпараттарды жиі естіп жатамыз. Ғаламтордан мәліметтер іздеп қарасақ, сан түрлі сайт беттерінен ақпараттар легі лық етіп шыға келеді. Сонымен қоса, әр пікірсайысшы тек керекті, маңызды ақпараттарды көрсете алуы да ойынның мәйегі болып табылады. Қазір қандай да бір тақырыпқа байланысты ақпараттар іздесең өте көп, солардың ішінен тек қажеттісін, пайдаға асатынын сүзіп алып, оны дұрыс жеткізе білу керек. Енді осы ойындарға дайындалу барысында қандай сайт беттерінен шынайы, нақты, әрі соңғы мәліметтерді алуымызға болады? – деген сұрақ туындайды. Көбіне интернет беттерінен мәлімет алған кезде әр мақаласы мен берілетін мағлұматтары сүзгіден өтетін ресми сайттардан қараған дұрыс.

Кей ойындарда біз жаңа бір қабылданып жатқан заңдарға, не болмаса жаңа бағдарламаларға байланысты пікір алмасамыз. Сондай ойын кездерінде біз заң баптарын, бағдарламаларды қарастырамыз. Осындай тақырыптарға қатысты ойынға дайындалу кезінде соңғы мәліметтер шығып отыратын сайттар:

http://www.adilet.gov.kz/ru,

http://www.zanmedia.kz/,

http://adilet.zan.kz/.

Ендігі кезекте «status quo» (қалыптасқан жағдай) келтіретін статистикалық ақпараттар легі, қазіргі жағдай барысында статистикалық мәліметтердің ескі болып шығып жатулары не болмаса, екі тараптың мәліметтері екі түрлі келтіріліп жатады. Бұл да ғаламтор беттеріндегі өзімізге қажетті ақпараттарды дұрыс көздерден алмауымыз. Егер де ойын масштабы Қазақстан бойынша ойналып жатқан болса, онда елімізге байланысты статистикалық мәліметтерді http://www.stat.gov.kz/сайтынан қарасаңыздар болады және осы сайтта әр облысқа да тиесілі статистикалық ақпараттарды қарай аласыздар.

Ойынға дайындалу процесінде ойынның тақырыбына қатысты түсінбеушіліктер, қиындықтар туып жатса, онда университет оқытушылары және ойын тақырыбымен байланысты салада қызмет атқаратын мамандардың көмегіне жүгіну тақырыпты тереңірек әрі нақты түсінуге мүмкіндік береді.

Дәйектеме ұсыну

Дәйектеме сөзі латынның «argumentum» «нәрсе, пән, белгі» деген сөзінен шыққан. Философияда пікір мен ойдың немесе теорияның ақиқаттығына келтірілетін дәлел деген мазмұнды білдірсе, логикада дәлелдеудің негізгі алғышарты ғана емес, пікір мен идеяның толық негізі ретінде де қаралады. Ал пікірсайыста философия мен логиканың екеуіне де қарасты мәселелерді қамтиды.

Дәйектеме құру барысында төмендегі сұрақтарға жауап ізделіну керек:

  1. Бүгін маған далаға шығуға болады ма? Не үшін шығуым керек?

  1. Өйткені, мен бүгін кітапханаға баруым керек.

  1. Себебі, біз қазір квантовый физиканың негізін өтіп жатырмыз. Мен оны өзім меңгеріп алғым келеді.

  1. Сонымен қатар, бұл тарау мен үшін өте маңызды, өйткені біз аралық бакылауды осы тарау бойынша тапсырамыз.

Дәйектеме жоғарыдағы құрылым бойынша құрып алғаннан кейін

дәйектемені көпшілікке жеткізудің жолдары:

  1. Дәйектеме ұсыну, яғни ұсынылған ойды жеткізе білу керек;

  1. Дәйектемені ашып көрсеткен соң, қарсы топ пен төрешіге жеткілікті түрде түсіндіріп беру керек;

  1. Дәйектеме белгілі бір ойды жеткізетіндіктен, ойды дәлелдеу керек;

  1. Дәлелденген Дәйектемені қорыту керек.

Дәл осы айтылған ретпен дәйектеме ұсынсаңыз, дәйектемеңіз құламайтын және мықты болады!!!

Американдық Парламенттік Формат

(АПФ) бұл қиял парламентіндегі дәйектердің, тапқырлықтың және риторикалық қасиеттердің сайысы. Әрқайсысы екі ойыншыдан тұратын екі команда – Үкімет пен Оппозиция талқылауға, пікір таластыруға ұсынылған қарарды талқылайды. Пікірсайыстың бұл түрі ЖОО студенттері арасында кең таралған.

Американдық Парламенттік Формат 2 бөлінеді

  1. САЯСИ

  1. ҚҰНДЫЛЫҚТЫ

Қарар (резолюция (RS))

Қарар (резолюция (RS))

Қарардың өзектілігі

Қарардың өзектілігі

Кілттік сөз (дефиниция (Df))

Кілттік сөз (дефиниция (Df))

Қалыптасқан жағдай (Status quo)

Қалыптасқан жағдай (Status quo)

Мәселе (проблема)

Философия

Мәселенің өзектілігі

Аргументтер (бірнеше болуы мүмкін және фактімен негізделу керек)

Мәселенің себептері

Қорытынды

Шешу жолдары:

Кім?

Қалай?

Қашан?

(қарарда механизмін, концепциясын ұсынады деген жағдайда міндетті болып табылады)

Нәтиже

АПФ форматы 2-ге бөлінеді: саяси және құндылықты. Саяси форматта нақты проблема бар және оны шешу жолдары қарастырылған. Мысалы, ҚР-ның ДСҰ-ға кіруі қарсаңында бизнес қауымдастықты дайындаудың тиімді жолдарын ұсынады. Құндылық форматында құндылықтар сайысқа түседі, мұнда проблема жоқ және палаталар иә/жоқ, келісемін/келіспеймін деген позицияларды жақтайды. Мысалы, Түркі мемлекеттерін біріктіретін ортақ идеология қажет д.е.

Премьер-Министрдің конструктивті сөзі (ПМК)

7 минут

Қарармен таныстырады.

Өз кейсі туралы нақты және дәл түсінік береді.

Кейсті бірнеше тәуелсіз дәйектер арқылы қуаттайды.

Оппозиция лидерінің конструктивті сөзі (ОЛК)

8 минут

Оппозиция философиясын көрсетеді.

Оппозицияның стратегиясын/контркейсін ұсынады.

Тәуелсіз сараптама жасайды.

Үкімет дәйектерін терістейді.

Үкімет мүшесінің констркутивті сөзі (ҮМК)

8 минут

Қысқаша шолу жасайды.

Оппозицияның тәуелсіз сараптамасына шабуыл жасайды.

Үкімет кейсін қайта құрады/бекітеді.

Жаңа дәйектер енгізеді

Оппозиция мүшесінің конструктивті сөзі (ОМК)

8 минут

Оппозиция философиясын қайта қарастырады.

Жаңа дәйектер мен сараптама келтіреді.

Екі топтың негізгі дәйектерін басып түседі.

Парламенттен шығып сөйлеу (1 минут)

Оппозиция лидерінің сараптамасы (ОЛС)

4 минут

Пікірсайыстың негізгі тақырыбын еске салады.

Жаңа мысалдар арқылы өз позициясын анықтайды.

Үкімет пен Оппозиция позициялары арасындағы

нақты айырмашылықты көрсетеді.

Көзқарастар қақтығысын (дихотомия) нақтылап көрсетеді.

Қорытынды жасайды.

ЖАҢА ДӘЙЕКТЕРГЕ ТИЫМ САЛЫНАДЫ

Премьер-министр сараптамасы (ПМС)

5 минут

Раунд қорытындысын жасайды.

Раундтың негізгі және қиын кезеңдерін анықтайды.

Оппозиция мен Үкімет позициялары арасындағы нақты айырмашылықты көрсетеді.

Көзқарастар қақтығысын (дихотомия) нақтылап көрсетеді.

Қорытынды жасайды.

ЖАҢА ДӘЙЕКТЕРГЕ ТИЫМ САЛЫНАДЫ (OM) ДӘЙЕКТЕРІНЕ ЖАУАПТЫ ҚОСПАҒАНДА

САЯСИ ФОРМАТ

  1. Үкімет тобы Премьер-Министрінің басты міндеті талқыланып отырған қарар аясында өзінің презентациясын жасау. Ол келесідей негізгі құрылымнан тұруы тиіс.

Сәлемдесу, қарарды (тақырып) айту. Талқыланғалы отырған қарар бүгінгі таңда несімен маңызды, өзектілігі қандай? Алдымен осыған тоқталып, ойға, ойынға кіріспе жасайсыз. Мұнда сіздің айтып отырған сөздеріңіз парламентарияға түсінікті болуы үшін қолданатын терминдік сөздерге анықтама енгізіп кетесіз, бұл дефиниция немесе кілттік сөз деп аталады. Мысалы: экономика – үй шаруашылығын жүргізу өнері немесе материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар, т.б. Әдетте кілттік сөздерге көп уақыт жіберіп қажет емес, сондай-ақ қарапайым ұғынықты сөздерге анықтама берудің де қажеті шамалы.

Келесі маңызды нәрсе, бұл - Status Quo немесе қалыптасқан жағдай деп аталады. Бұл жерде көбіне статистикалық мәлімет енгізіледі. Ескеретін жағдай ақпарат нақтылыққа негізделуі тиіс. Мәселен, қарар неке туралы болса, онда: ҚР 2013 жылдың қаңтар-қараша айларында АХАТ органдарында 155,3 мың неке тiркелген. Бұл 2012 жылдың сәйкес кезеңiндегi көрсеткiштен 1,5%-ға артық. Сонымен қатар, ажырасулар саны 47,3 мыңға жетiп, 4,9%-ға өскен. Осы қалыптасқан жағдайдан мәселе (проблема) туындауы керек. Мысалы: ҚР ажырасулар санының өсуі. Мәселе анықталып көрсетілгеннен кейін, оның өзектілігін ашып кетуді ұмытпаған абзал.

Содан кейін осы мәселенің шығу себептері туындайды және оларды атап өту, оларға негіздеме беру керек, олар бірнеше болуы мүмкін. Себептерін айтып болғаннан кейін, үкіметтің басты жұмысы шешу жолдары басталады. Кейсте проблемаға қатысты қанша себеп көрсетілсе, шешу жолдары да сонша болуы керек. Қарарда «механизмін ұсынады», «концепциясын ұсынады» делінген жағдайда, шешу жоллдарында басты 3 сұраққа жауап беру керек: Кім? Қалай? Қашан?

Премьер-Министрдің (ПМ) соңғы сөздерінде нәтижеге тоқталып кетуі маңызды, айтылмаған жағдайда топтың жеңілі мүмкін. Ескертетін дүние, нәтиже қалыптасқан жағдайды өзгертуі керек.

Міне, жоғарыда айтылғандардың барлығын Премьер-Министр 7 минутта айтып үлгеруі керек. Уақыттың қалып қоюы үлкен кемшілікті білдіреді. Әрбір спикер өзіне сөзін аяқтау үшін, 30 секунд уақыт ала алады. Бұл негізгі уақыттан бөлек берілетін қосымша уақыт.

  1. Оппозиция Лидері (ОЛ) үкімет ұсынған кейсті қарастырып, оның кемшіліктерін айтуы керек. Осыған негізделе отырып оппозиция ұстанымын дамыта түсуі тиіс. Оппозиция Лидері Премьер-министр сөзін аяқтаған соң, бірден шақырылады және 8 минут сөйлейді. Парламенттік пікірсайыста сөз арасында дайындалуға қосымша уақыт берілмейді.

Оппозиция Лидерінің міндеті – қақтығысты келтіру, яғни Үкімет ұсынған ұстанымға қарама-қарсы көзқарастың бар екендігін және оның да қарастырылуын қамтамасыз ету. Оппозиция Лидері Үкіметтің барлық айтқандарын Премьер-министр берген ұғым мен анықтамалар негізінде қарастыруы міндетті емес. Оппозиция балама көзқарасты ұстанғанымен, ол Үкімет күткендей терістеуі де міндетті емес.

Ол өз сөзінде (әрине, амандасу және өзін таныстыру) қарарды айтып кету керек. Оппозиция Лидерінің кейсті енгізуі міндетті емес. Ол тек үкіметтің кейсін құлатумен болады. Ал кейбір жағдайларда Үкімет тіптен кейс енгізбесе немесе өте әлсіз кейс ұсынса, оппозицияның қарсылық келтірер сөзі болмаған жағдайда өз кейсін ұсынуға болады.

Әдетте үкіметпен келісе салудың арты нашар. Төреші жеңіліс беруі мүмкін немесе ол жақсы ойын көруге келді, ал сіз барлығымен келіссеңіз – бұл дұрыс емес және жеңілгеннің белгісі.

Сонымен оппозиция неден бастайды? Ең алдымен Үкімет кейсінің базисінен, яғни негізінен бастаңыздар. Үкімет кейсінің (ұстанымының) қандай болжамдарға сүйеніп отырғандығын анықтау керек. Бұл болжамдардың қателігі мен сенімсіздік тудыратын жақтары қандай? Аталған мәселелердің және болжамдардың көзқарасыңызға сәйкес болуы үшін не өзгертуге болар еді? Қарарды айтқаннан кейін кілттік сөзден, яғни дефинциядан бастау тәуір болады. Дефиницияға мұқият болу керек, А4 форматты қағазға жазып, қасына өз дефиницияңызды бірден жазып үлгеру керек, шыққаннан кейін оған қарау оңай болады және төрешінің алдында қағазға үңіліп тұрмайсыз. Ескеріңіз: бұл жайт төрешілерге және отырған парламентарияға ұнамайды. Алайда, кейбір келтірілген кілттік сөздер дауласуға жатпайды, яғни олар дұрыс келтірілген және “Біз келісеміз” деп айту керек. Мысалы: неке жасы – еркектер мен әйелдер үшiн он сегiз жас (бұл заңда осылай жазылған, сондықтан қарсы шығып керек жоқ). Ары қарай барлық кейстің жақтары бойынша тоқталып, қарсылық келтіріп кету керек, бірақ барлығына бірдей қарсылық келтіре беру керек емес, нақты түсініп алу қажет.

Есіңізде сақтаңыздар: Сіздің басты міндетіңіз Үкіметтің әрбір дәйегіне қарсылық жасап терістеу емес. Сіздің мақсатыңыз олардың кейс құрылымын әлсірету, яғни ортақ идеясының байланысын ыдырату. Терістеу жасау барысында бірінен соң бірін терістеуден гөрі жалпы кейстің осал тұстарын іздеп зерттеген әлдеқайда тиімді болмақ.

Саяси форматта басты орында шешу жолдары орын алады. Сондықтан ең басты қақтығыс нүктелері шешу жолдарында болу керек. Бұнда барлық Кім? Қашан? Қалай? деген сұрақтарға қарсы шығу міндетті емес, алайда пікірсайысшылар әдетте барлығына тиісе береді. Және маңыздысы – ол нәтиже! Нәтижеге міндетті түрде қарсылық келтіру керек, оны жасамасаңыз, төреші сізге жеңіліс қоюға құқылы. Осының барлығы 8 минутта жасалатын жұмыс, сондықтан қағазға не айдалаға қарай бермей, арасында тайм киперге қараған абзал.

  1. Премьер-министрдің сөзі қаншалықты конструктивті болса, Үкімет Мүшесінің сөзі соншалықты сыни болады. Үкімет Мүшесі конструктивті сөзі жеңіс пен жеңілістің арасын ажыратушы белес болмақ. Үкімет Мүшесі 8 минут ауқымында екі мақсатты орындауы тиіс: Үкімет кейсінің артықшылығын қамтамасыз ету және Оппозиция тобының тарапынан мүмкін болатын терістеудің алдын алу. Ол жаңа ғана қарсылық келтіріп кеткен оппозиция көшбасшының сөздеріне қарсылық келтіріп, өз кейсін қалпына келітіріп, ары қарай жалғастыра, дамыта алады.

Пікірсайыстың айырмашылықтарға негізделгендіктен Төрешіге де, Оппозицияға да осы айырмашылықтарды ажыратып көрсету керек. Сөзіңіздің барынша қысқа және мазмұнды болуына назар аударыңыз. Раундқа шолу жасау барысында ұсақ нәрселерге көп тоқталмаған дұрыс. Сіздің мақсатыңыз – сөзіңізден кейін дами түсетін сайыстың бейнесін қалыптастыру.

ПМ пайдаланған құрылымды пайдалана отырып, ол қолданған атауларды қолдануға тырысыңыз. Оппозицияның негізгі тұжырымдарын осы құрылымды пайдалана отырып терістеңіздер.

Алдымен Үкімет ұсынған кейстен бастаңыздар және Оппозиция Лидері жасаған сындарды түзетіңіз. Артынша, Оппозицияның ой-түйіндерін анықтап, терістей бастаңыз.

Оппозиция кейсіндегі сұрақтар мен дәйектерге тоқталып, оларға талдау жасаңыз. Осыдан соң Үкімет кейсінің қаншалықты мықты екендігін көрсетуіңізге болады.

  1. Әрқашан Оппозиция тобы қарастырмай кеткен немесе толыққанды жауап бере алмаған Үкіметтің дәйектеріне сүйену керек.

Ал егер өзіңіз Оппозияның дәйектерін назарыңыздан тыс қалдырып кеткен болсаңыз, онда бұл Оппозицияның негізгі қарастырар тақырыбына айналмақ.

ОЛ ұсынған дәйектерді қайталап, ҮМ-нің оған берген жауаптарының логикалық қателерге негізделетінін көрсету. Жаңа мысалдар өте маңызды, себебі ескі өлеңді ешкім де естігісі келмейді. Жаңашыл да оригиналды мысалдар жақсырақ болар еді. Оппозиция мүшесі 8 минут бойы тек үкімет тобының екінші спикерінің сөзіне қарсылық келтіреді.

  1. Міне, ойынның негізгі бөлімі аяқталды, Төрешінің сараптамасын тыңдап отырасыздар. Келесі келген адамдар, яғни парламентарий сөз сөйлейді, әрбіреуіне 1 минуттан уақыт беріледі. Оған сіз еш қарсылық білдіре алмайсыз, ол өзінің жеке ойын айтады. Кейін сараптама кезінде сіздер “мана парламентарий осылай айтты” деп оның сөздерін қолдана алмайсыз, бұл ережеге қайшы.

Осыдан кейін ойынның сараптама бөлімі басталады, сараптамаға бірінші болып оппозиция көшбасшысы шығады, оның уақыты 4 минут. Ол тек ойынды сараптайды, ешқандай жаңа аргумент енгіуге болмайды.

  1. Содан соң үкімет тобының премьер-министрі сөз сөйлейді, оның уақыты 5 минут. Ол алғашқы уақытын ребатлға алуға құқылы, яғни оппозицияның 2 спикерінің сөзіне ребатл жасайды. Кейін сараптамаға көшеді.

Талаптандыратын кейс – өмірдегі белгілі бір мәселені анықтап, оны шешу үшін жасалған іс-әрекет жоспарын ұсынады.

Философиялық (құндылықты) кейс – Үкімет белгілі бір философиялық (құндылықты) позицияны ұсынып, оны қорғайды. Философиялық кейсте нақты іс-әрекеттен гөрі абстрактілі философиялық принциптерге көп көңіл бөлінеді. Шынайы өмір жағдайы философиялық пайымдау үшін пайдаланылса да, негізгі мақсат – философиялық құндылықтардың қақтығысы.

  • бостандық теңдіктен қымбат;

  • өлім жазасы ақталмайды.

Уақыт пен кеңістікте құрылатын (УК) кейс – спикер шынайы өмірдегі кім екеніне қарамастан өзге бір объект, адамдар тобы, адамның орнына қояды. Үкімет тобы Палата Спикерінің дәл сол уақыттағы емес, басқа уақыттағы кейпін жасауы мүмкін. Палата Спикері Үкімет атаған адам позициясының тарапынан, сол оқиға немесе құбылыс болған уақыт пен кеңістікке сәйкесінше ойлап, талқылауы қажет.

  • Сіз – Құдайсыз. Өмірді әділетті етіңіз.

  • Сіз – Билл Клинтонсыз. 1996 ж. Сайлауға қатыспаңыз.

Қарсылық түрлері

Ребатл техникасы

Ребатл техникасының түрлері сансыз көп, төмендегілері ең кең таралғандары. Олардың бәрін бір сөзіңізге жинақтауға тырыспаңыз. Оларды жеке-жеке пайдаланған жақсы. Есіңізде болса, сізде 4-5 минут қана бар. Өз ойларыңызды қысқа етіп құрастырып, оларды 3-4 «тақырыпша» аясына жинақтап алыңыз. Сіз соққы ұшырататын аймақты айқындап, оларды логикалық жақтан тізбектеп шығыңыз.

Жинақтау

ОЛ мен ОМ сізге “сараптаудың 14 жеке деңгейін” ұсынуы мүмкін, дегенмен өзіңізді қапыда қалдырмаңыз. Көптеген жағдайда аталған пункттер 3-4 жалпы дәйекке топтастырылуы мүмкін. “Сіз ақ өтірікке бой ұрмауыңыз керек” деп, тұжырымдайтын кейсте төрт жеке пункт достықтың маңыздылығы, өтіріктің достыққа әсері, алданған достың ашуы және сіздің дос ретіндегі жауапкершілік туралы олардың барлығы бір базалық дәйектің бөліктері, яғни өтірік достыққа да, өзіңізге де зиянды нәрсе. Мұндай дәйектеме – сіздің досыңыз. Артықшылығыңызды пайдаланыңыз: қарсыластарыңыздың кейсін жинақтап (бұл арқылы олардың жұмысын істеп), олардың дәйектемесі 2-3 негізгі идеяға саятынын көрсетіп, қарсылық білдіре аласыз.

Таңдама (выборка)

Бұл техника – «жаппай соғысқа» шақыруға ұтымды жауап. Шайқастарыңызды нақтылап таңдаңыз: шекті дәйектерге қысқаша жауап қайтарыңыз не назар аудармаңыз да пікірсайыстың мәніне қарай жылжыңыз. Егер раундта дефициттан құтылу үшін бензиннің 1 галлонына 50 цент салық енгізу жөнінде сөз болса, онда Америкадағы жеке меншік машиналар туралы пікірталас жүргізу орынсыз болар еді. Негізгі мәні – мұның экономикаға зиянынан пайдасы көп бола ма? Не себепті салық басқаға емес бензинге салыну тиіс. Дефицит көрсетілгендей соншалықты үлкен жауапкершілік болып табылады ма? Бензинге салынатын салық регрессивті ме? Яғни – ребатлдағы 3-4 проблемалы пункттен аспау керек.

Көптік жауаптар

Бұл әсіресе ПМ-де тиімді техника. Оппозиция кейсіне күмән тудыру үшін бірнеше дәйектерді “атқылауға” мүмкіндік береді. Оппозицияға жауап қайтару қалмағандықтан, бұл мәселелер төрешінің ойында раундтың аяғына дейін қалады.

Жоғарыдағы мысалды жалғастырайық. Оппозицияның негізгі дәйегі – бензинге 50 цент салық экономикаға кері әсер етеді. ПМ былай деп айтуы мүмкін: “Бұған менің 3 жауабым бар. Біріншіден, бұл дәйек өтірік, себебі ЖҰӨ-ді қысқартуды тоқтату Федералды Резервпен монетарлы саясатты өзгерту арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл дәйек тағы да өтірік, себебі тұтынушылар мен өндіріс автоиеленушілердің бірлесуі және жанармайдың тиімділігіне үлкен талпыныс арқылы бағалардың өсуіне дағдылана алады, аталған екі өзгеріс өте маңызды. Қорыта келгенде, оппозиция дәйегі қысқа мерзім үшін дұрыс болса да, өсетін ұлттық қарыз жүктейтін мемлекетке деген салмақ, бұл - салыққа қарағанда өте қауіпті. Оппозиция шындықты қабылдамайды, ал біз болсақ ұзақ мерзімдегі АҚШ экономикасының мықты болуы үшін әрекет етеміз”.

Шолу

Шолулар – жоғары дәрежедегі тақырыптар мен құндылықтар қақтығысын қамтамасыз ететін тәсіл. Әрбір кілтті мәселелерді, әрбір тараптың оларға қалай жауап бергенін (не жауап бере алмағанын) және де не себепті Сіздің тарапыңыз әрбір жағдайда басым түскендігін көрсетіп беріңіз. Раунд бойынша бекітілген мәнді тұстар мен басты фактілерді қалпына келтіріңіз (яғни ПМК-нен кілтті бөлімдерді). Қақтығыс аймақтарының раунд бойында текетіресті тудырған ерекше тұстарды көрсетіңіз. Екі жақтың көзқарасы тарапынан дәйектің пайда болуы мен дамуын қалпына келтіріп, мұның сіз үшін ұтымды жағын түсіндіріңіз. “Дәлелденген фактілерді” талқылаңыз.

Мысалы: “Құрметті төреші, біз АҚШ экономикасы ұзақ мерзімді болашағы таласқа түспейтін приоритет екенін дәлелдедік. Біздің көрсеткеніміздей, бензинге салынатын салық тұтынушылармен өндірісшілерді жанармай тиімділігін өсіруге итермелейді және федералды бюджетті қысқарту мақсатында Үкіметке қысым көрсетіледі.

Диохотомиялық

Бұл техника ребатл жасайтын адамға әлемнің тағдырын Үкімет жоспары мен оппозиция жоспары бойынша салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл қақтығыстың негізгі аймақтарын қызықты мәнерде көрсетудің ұтымды әрі қарапайым әдісі. Сізге керек пункттерді қамтитын 3-4 контраст пен қарсы тұруларды таңдаңыз. Мысалы: “ Үкімет жоспары бойынша АҚШ Үкіметі орта тап үшін тек тағы бір әділетсіз салықты қосады. Оппозиция жоспары бойынша бюджетті қысқарту арқылы салықтың көбейюінен құтылып қана қоймай, сонымен бірге дефицитті азайтамыз. Егер Үкімет ұсынысымен жүретін болсақ, онда онсыз да төмендеп бара жатқан стагнацияны жалғастырып асқындыра түседі. Оппозиция жоспары бойынша біз экономиканы ынталандырып, фискальды жауапкершілікті енгіземіз”

Диохтомиялар мына формалар (қалыптар) арқасында ребатл тез арада құрылым мен тәртіпке келтіреді: “Олар Х істейді және Х-жаман. Біз У жасаймыз және У-жақсы, себебі Z”. Сонымен қатар, диохтомиялар қарсылас жоспарына іліккендей зұлымдықтар мен сіздің әділдік байрағыңызды әкелетін жердей жұмақтың тірі бейнесін көрсете алады.

Кешірімсіз қателіктер

Жоғарыда көрсетілгендей байқалмай кеткен дәйектер раундтың басты пунктіне айналуға бейім. Егер сіз енгізген дәйекті қарсылас топ жіберіп алса, онда бұл жағдайдың өзі раундты жеңіп алу үшін жеткілікті. Мұны ребатлда “жандандырып жіберіңіз”. Бұған нұсқау жасаңыз, анекдот айтып беріңіз, қарсы топ бұл дәйекке не себепті жауап бере алмағанын түсіндіріңіз, дәйекті тереңдетіңіз. Бірақ, өз кезегіңізде қарсыластың бірде бір дәйегін жіберіп алмағандығыңызға көзіңізді жеткізіңіз. Егер сіз “ОМ-н талқандау” техникасына тап болған ПМ болсаңыз, бұл өте ұтымды болар еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]