Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OSNOVA PRAVA - azamattik.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
71.99 Кб
Скачать

297-Бап. Арыздың мазмұны

Арызда оны берушiге азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау қандай мақсат үшiн қажет екендiгi көрсетiлуге тиiс, сондай-ақ азаматтың хабар-ошарсыз кетуiн растайтын мән-жайлар не хабар-ошарсыз кеткен адамның қаза табу қаупiн төндiрген немесе оны белгiлi бiр жазатайым жағдайдан қайтыс болды деп жорамалдауға негiз болатын мән-жайлар айтылуға тиiс. Әскери қызметшiлер немесе соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз кеткен азаматтар жөнiнде арызда соғыс қимылдарының аяқталған күнi көрсетiледi.

298-Бап. Судьяның арыз қабылдағаннан кейiнгi iс-әрекеттерi

1. Судья iстi соттың қарауына әзiрлеу кезiнде қандай адамдардың жоқ адам туралы мәлiмет бере алатынын анықтайды, сондай-ақ жоқ адам туралы соңғы мәлiм болған тұрғылықты жерi және жұмыс орны бойынша тиiстi ұйымдардан ол туралы бар мәлiметтердi сұрайды. 2. Судья арыз қабылдағаннан кейiн iс қозғалғаны туралы арыз берушiнiң есебiнен жергiлiктi газетте жарияланым беру туралы ұйғарым шығарады. Жарияланымда мыналар болуға тиiс: 1) азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану немесе қайтыс болған деп жариялау туралы арыз келiп түскен соттың атауы; 2) арыз берушiнiң атауы және оның тұрғылықты жерi (егер арыз заңды тұлғалардан келiп түссе, орналасқан жерi); 3) жоқ адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жерi мен соңғы жұмыс орны; 4) азаматтың жүрген жерiн бiлетiн адамдарға жарияланым берiлген күннен бастап үш ай мерзiмде сотқа ол туралы хабарлауды ұсыну. 3. Арызды қабылдағаннан кейiн судья қамқоршы және қорғаншы органға жоғалып кеткен азаматтың мүлкiн күзету мен басқару үшiн қамқоршы тағайындауды ұсына алады.

299-Бап. Прокурордың қатысуы мiндеттiлiгi

Азаматты хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы немесе азаматты қайтыс болған деп жариялау туралы iстердi сот мiндеттi түрде прокурордың қатысуымен қарайды.

300-бап. Сот шешiмдерiнiң салдары

1. Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп таныған сот шешiмi қамқоршы және қорғаншы органның хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкi орналасқан жерде осы мүлiкке қамқоршы тағайындауға негiз болып табылады. 2. Азаматты қайтыс болды деп жариялаған сот шешiмi азаматтық хал актiлерiн жазу органының азаматтың қайтыс болуы туралы жазуды азаматтық хал актiлерiн жазу кiтабына енгiзуге негiз болып табылады.

301-бап. Хабар-ошарсыз кеттi деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың келу немесе жүрген жерiн анықтау салдары

Хабар-ошарсыз кеттi деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған азамат келген немесе оның жүрген жерi анықталған жағдайда сот жаңа шешiммен өзiнiң бұрын шығарған шешiмiнiң күшiн жояды. Бұл шешiм мүлiкке қамқоршылық жасауды алып тастауға және азаматтық хал актiлерiн жазу кiтабындағы оның қайтыс болуы туралы жазбаны жоюға негiз болып табылады.

Өлген деп жариялау

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Өлген деп жариялау (ағыл.declaration to be deceased; declaration of death; нем.Todeserkliirung f) - Заңменқарастырылған тәртіпте, ол туралы мәлімет болмаған кезде,соттәртібімен азаматты өлді деп тану.

Өлді деп жарияланған азамат келгенде немесе оның жүрген жері анықталғанда, сот тиісті шешімнің күшін жояды.[1]

Азаматтық-құқықтық қатынастар қатысушылар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау,іздеу

Мазмұны

 [жасыр]

  • 1Азаматтың құқықтың субъектілері. Жеке тұлғалар

  • 2Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде

  • 3Тұлғаны хабар-ошарсыз кеттпі деп немесе қайтпыс болған деп тану

    • 3.1Азаматты хабар-ошарсыз кеткен деп

    • 3.2Азаматты қайтыс болды

  • 4Заңды тұлғалар азаматтық құықтпың субъектісі ретінде

    • 4.1Коммерциялық заңды тұлғалар:

    • 4.2Ал коммерциялық емес заңды тұлғалар:

    • 4.3Заңды, тұлғаны қайта құру

    • 4.4Заңды тұлғаны тарату дегеніміз

  • 5Мемлекет азаматтың құқықтың субъектісі ретінде

  • 6Пайдаланған әдебиеттер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]