Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OSNOVA PRAVA - azamattik.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
71.99 Кб
Скачать

Азаматтардың құқық қабілетгілігі.

Құқық қатынастарына қатысушылардын азаматтық құқықтары мен міндеттері болады, олар құқық қатынастарының субъектілері деп аталады. Азаматтық кодекстік 1-бабын-да азаматтық зандармен реттелетін қатьшастардын қатысушылары азаматтар, занды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік -аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген. Азаматтық құкық қатынастарының субъектідері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі — Қазақстан Республикасының азаматтары. Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қарамастан бірыңғай және тең болып табылатыны атап көрсетілген. Азаматтық құқық шеңберінде кәсіпкерлер үшін ерекше режим жасау Азаматтық кодекстің маңызды жаналығы болып табылады. Көсіпкерлік қызметпен заңды тұлғалар ғана емес, жекелеген азаматтар да айналыса алады. Атап айтқанда, Азаматтық кодекстің кейбір баптарында кәсіпкерлерге арналған арнаулы режим бар нормалар: міндеттемені мерзімінен бұрын орындау (Азаматтық кодекстін 279-бабы), бірлескен міндеттемені орындау (Азаматтық кодекстін 287-бабы), қосылу шарты (Азаматтық кодекстің 389-бабы) және басқалар келтірілген. 2 Азаматтық құқық қатынастарына Қазақстан Республикасының азаматтарымен қоса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қатыба алады. Шетеддіктердің құқықтық мәртебесі Қазақстан Ресрубликасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 18 маусымдағы заң күші бар Жарлығымен белгіленген. Қазақстанда Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің шет мемлекеттің азаматы екеніне айғағы бар адамдар шетелдік азаматтар деп танылады (Жарлықтың 2-бабы). Мәселен, Қазақстанда шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, шетелдік фирмалардың (компаниялардың) мамандары, шетелдік студенттер және т.б. бар. «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына айғағы жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп саналады. (Жарлықтың 2-бабының 2-тармағы). Шетелдіктердің инвестицияларға қатысуының құқықтық жағдайлары екі жақты халықаралық шарттармен және капитал салымдарын өзара көтермелеу мен өзара қорғау туралы келісімдермен де айқындалады. Оларда әдетте ең қолайлы ұлт режимін немесе ұлттың режим беру көзделеді, екі мемлекеттің шетелдік меншікті ұлт иелігіне алмауына және оған сондай шаралар қолданбауға міндеттемелер, еркін айырбасталатын валютамен капитал салымдарын жүзеге асыруға байланысты телемдерді шетелге кедергісіз аудару кепілдігі және басқалар енгізіледі. Заңды тұлғалар туралы Азаматтық кодекстін 33-бабында айтылған занды тұлға анықтамасыңан әрбір ұйымның бәрі бірдей азаматтық құқық субъектісі болмайтыны, демек, әрбір ұйымның азаматтык құқық қатынастарына қатысуының бола алмайтыны көрінеді. Республика аумағында жұмыс істейтін шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі «Шетелдік инвестициялар туралы» 1994 жылғы 27 желтоқсандағы заңмен (кейінгі өзгерістерімен қоса) реттеледі. Алайда Қазақстан Республикасында жекелеген салаларда шетелдік занды тұлғалардың қызметіне шектеулер қойылғанын атап еткен жөн. Атап айтканда, сақтандыру саласында шектеу қойылған. Мәселен, шетелдік сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасы аумағындағы тікелей сақтандырушы ретіндегі қызметіне тыйым салынады. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердің азаматтық құқык қатынастарына қатысуының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының азаматгық заңдармен реттелетін қатынастарда сол қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негіздерде әрекет ететіні болып табылады. Азаматтық кодекстің 112-бабының 1-тармағында әкімшілік-аумақтық бөліністер жөнінде сондай ережелер белгіленген. Азаматтық құқықтың жоғарыда келтірілген субъектілері азаматтың құқық қатынастарына құқықтың осы саласының субъектісі ретінде қатысады. Азаматтық кодексте субъектілердің әрбір түрінің ерекшеліктері ескеріледі. Бұл орайда жалпы (субъектілердің барлық санатгарына қолданылатын) нормалармен қатар, субъектілердің белгілі бір түріне ғана қатысты бірқатар арнаулы нұсқаулар белгіленеді. Мысалы, Азаматтық кодекстің 159-бабының 9-тармағында ауыр жағдайлардың тоғысуы салдарынан жасалған мәміленің (Кіріптарлық мәміле) шын екеніне дау туғызуға азаматтар ғана құқылы болатыны көзделген. Азаматтардың құқық қабілетгілігі. Азаматтық Кодекстің 1-ші бабында көрсетілгеңдей, азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі субъектілерінің бірі — азаматтар. Азаматтардың құқықтық жағдайы олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі арқылы сипатталады. Сондықтан да азаматтық құқық қабілеттілігіне анықтама беруіміз қажет. Азаматтық Кодекстің 13-ші бабына сәйкес, азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз — азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілетін айтамыз. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқталады. Азаматтық құқықтың алдына қойған мақсаты сол — азаматтық құқық қабілеттілігін тек аталған саланың шеңберінде ғана көрсетпеу, себебі құқық қабілеттілігі басқа да құқық салаларының көкейкесті мәселелерінің бірі. Азаматтың құқық қабілеттілігі шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге катысына, кәсібінің тегі мен сипатына, тұратын жеріне және т. б. жағдайларға қарамастан Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына тендей мойындалады. Азаматтық кұқық қабілеттілігін азаматтан айырып қарауға болмайды. Азрматтық зандарда көрсетілгендей, ол адамның ақыл-есіне, жасына, денсаулығына байланысты емес. Азамат-тық құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болғаннан кеңш тоқтатылады. Сонымен бірге занда әлі дүниеге келмеген нәрестенің, болашақ азаматтың құқығын қорғау мүмкіншілігі де көрсетілген. Азаматтық Кодекстің (негізгі белім) 525-ші бабына сәйкес мұра қалдырушының тірі кезінде іште қальш, ол өлгеннен кейін туылған азаматтар да басқа мұрагермен бірдей! тең үлеске тиесілі. Азаматтардың құқық қабілеттілігінің мазмұнына тоқталатын болсақ, ол жайында Азаматтық Кодекстің 14-ші бабында айқын көрсетілген. Азамат меңшік құқығы деңгейінде мүлікті алуға, мұраға салдыруға, республика аумағында" еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйымсалынбаған кез келген мәміле жасасып міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға,.— ғылым, әдебибт және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі. Азаматтардың әрекет қабітеттілігі құқық субъектілігінің екінші элемеітті болып табылғаңдықтан оған төмеңдегідей шықтама беруге болады. Азаматтың өз әрекеттерімең азаматтық құқықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру, өзі үшін міндеттерді туғызу және оларды орындау қабілеттілігі (Азаматтық Кодекстің 17-ші бабы). Азаматтық әрекет қабілеттілігінін маңыздылығы сонда, ол өз әрекеттерінің нәтижесіңде белгілі заңды салдардың пайда болатынын түсіну. Сонымен қатар, өз әрекеттерінің нәтижесіңде келтірілген зиянның орнын да өзі толтыру мүмкіншілігі, яғни айтқанда, әрекет қабілеттілігін тек келісімдзр жасау және-олар үшін жауап беру ғана түсінгеніміз жөн, өйткені азаматта әрекет қабілеттілігімен бірге өзі келтірген зияңды өтеу қажеттілігі де бір мезгілде пайда болады. Азаматтың толық әрекет қабілеттілігі кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, яғни 18 жасқа келген кезден бастап пайда болады. Заң құжаттарында 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап, толық көлеміңде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Он сегіз жасқа толғаңнан соң азамат азаматтық айналымның толық қатысушысы болып саналады. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады. Әрекет қабілеттілігің шектеудің екі түрі бар: 1. Әрекет кабілеттілігін табиғи түрде шектеу; 2. Әрекет қабілеттілігін сот орыңдарының шешімі негізінде шектеу. Әрекет қабілеттілігін табиғи түрде шектеу азаматтың жасына байланысты. Сөйтіп, азаматтық құқық теориясыңда қалыптасқан ережелерге байланысты әрекет қабілеттілігін үш түрге белуге болады. Толық жартылай (ішінара) және шектеулі әрекет қабілеттілігі. Азаматтардың толық әрекет қабілеттілігі туралы жоғарыда айтылып кеткендіктен, оған тағы қайтып оралудың қажеті жоқ. Азаматтық кодекстің 23-ші бабы атап көрсеткендей. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, бір заң құжаттары өзгеше көзделмесе, олардың ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаштылары жасайды. Сондық-тан да, бірдей ойымызда, 14 жасқа толмаған жас өспірімдердің әрекет қабілеттілігі жоқ, бірақ аталған жасөспірімдер өздерінің жасына лайықты, жаса

Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама

20.02.2012 Oppa4ki

Құқық теориясы курсынан белгілі болғандай, құқық нақты жүйе құрады, оның ең үлкен буындары құқықтың салалары деп аталады. Құқық салаларын шектеу белгілері ретінде әдетте құқықтық реттеу пәні мен әдісін қолданады. Пән мен әдіс көмегімен азаматтық құқықты қазақстандық құқықтың жүйесінен бөліп алып оқырмандардың азаматтық құқық туралы көзқарасының қалыптасуына әкелетін ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.

Кез келген сала сияқты азаматтық құқықта қоғамдық қатынастарды реттейтін және қалыптастын құқықтық нормалардан тұрады.

Бірақ та азаматтар қатысатын қатынастардың барлығы да азаматтық құқықпен реттелмейді, сонымен қатар азаматтық құқық, азаматтар мүлде қатыспайтын қоғамдық қатынастарға да әсер ете алады.

Азаматтық құқық нормалары өндірілген өнімді сатып алу, оны теміржол, теңіз, өзен немесе әуе жолдары арқылы тасымалдау, осы жүкті сақтандыру, тасымалданған жүк үшін төлемдер алу және т.б. қоғамда кездесетін тараптар арасындағы қатынастарды реттейді.

Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастар шеңбері өте кең және әртүрлі, сондықтан оларды толықтай атап өту мүмкін емес. Бұны істеудің қажетіде жоқ, өйткені азаматтық-құқықтық ғылымының пәніне азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың барлығын нақтылықпен атап өту кірмейді, оған азаматтық құқық деп аталатын саланың бір пәнінде олардың барлығын біріктіруге мүмкіндік беретін жалпы қасиеттерін анықтау жатады.

Азаматтық құқықтың пәні болып мүліктік және мүліктік емес қатынастар табылады.

Азаматтық құқықтың мүліктік қатынастармен айналысатыны бірден көзге түседі. Мүліктік қатынастар деп әдетте түрлі материалдық қажеттіліктер, яғни заттар, жұмыстар, қызметтер және басқа мүліктер жайында туындаған қоғамдық қатынастарды айтады.

Бірақ азаматтық құқық біздің қоғамда пайда болатын барлық мүліктік қатынастарды реттемейді, ол тек қана мүліктік-бағалы қатынастар деп аталатын нақты бөлігін ғана реттейді.

Дамыған ақша жүйесі шарттарында мүліктік-құнды қатынастардың негізгі көлемін тоуарлық-ақшалы қатынастары құрады. Біздің қоғамда бар товарлық-ақшалы қатынастардың өте тез дамуы оларға адекватты құқықтық нысан қолданған кезде ғана мүмкін бола алады.

Азаматтық заңдылыққа сәйкес азаматтық құқық пәнінің екінші бір құрамдас бөлігі жеке мүліктік емес қатынастар қарастырады. Өзіне тән белгілеріне сәйкес жеке мүліктік емес қатынастар ең аз дегенде екі қасиетке сүйене отырып келесі түрлерде сипатталады [3].

Біріншісі, көрсетілген қатынастар мүліктік емес қажеттіліктер негізінде көрініс табады, мысалы ар, намыс, іскерлік бедел, азамат аты, авторлық шығарма, өндірістік үлгі, т.б. жайында туындайды.

Екіншіден, жеке мүліктік емес мүлікпен байланысты қатынастар (мәселен бұған белгілі бір құқықтар жатқызылады). Бұл қатынастарда азаматтардың немесе ұйымдардың даралығы көрініп, олардың әлеуметтік қасиеттерін бағалау жүргізіледі.

Пәннің осы екі құрамдас бөліктерінің сыртқы қарама-қайшылығына қарамастан, мүліктік-құнды және жеке мүліктік емес қатынастарды азаматтық құқық деп аталатын салада біріктіретін жалпы қасиеттін анықтау керек.

Мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы қатынастарды құрған материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке  мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалай алады деп есептейді.

Азаматтық құқық пәнінің түсінігі азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар туралы мәселелермен байланысты болса, әдіс түсінігі осы қоғамдық қатынастардың азаматтық құқық нормаларымен қалай реттелетіні туралы мәселелермен байланысты. Сондықтан құқықтық реттеу пәні мен әдісі арасында қатты байланыс бар. Әдіс құқықтық реттеу пәнінің ерекшеліктерімен қайта анықталады.

Азаматтық құқық пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзара бағалау сипатына ие. Қоғамдық қатынастарға қатысушылардың өзара бағалауы тек қана бағалаушы тараптар тең болғанда ғана қалыптаса алады. Сондықтан мүліктік-құнды және жеке мүліктік емес қатынастар тараптардың теңдік негізінде реттелсе ғана толық дами алады. Қорытындылай келсек, азаматтық құқықтарда тараптардың заңдық теңдігі әдісі қолданылады. Азаматтық құқықта бұны диспозитивтік қағида деп қарастырады.

Азаматтық құқықта тараптардың теңдігі дегеніміз – екі қатынасқа түсуші тараптың ешқайсы да азаматтық құқықтық қатынастарда өзінің осы құқықтық қатынастарда алатын орнын жоғары қоя алмаушылығымен айрықшаланады. Тараптардың заңдық теңдік әдісін қолдану азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушыларға тәуелсіздік қамтамасыз етеді, заңмен рұқсат етілген кез келген әрекеттер орындауға мүмкіндік береді. Бұл нарықтық экономика шарттарында азаматтық айналымның дамуы үшін өте маңызды.

Сондықтан азаматтық заңдылықтардың нормаларын түсіну және қолдану азаматтық құқықтың жалпы қағидалары ескергенде ғана жүзеге асырылуы мүмкін

Осылайша, азаматтық құқық деп тараптардың заңдық теңдігі бастауларында мүліктік-құнды және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын қарастырамыз.

Азаматтық құқық қатынас объектісі түрінде оның субъектілерінің материалдық және жеке материалдық емес игіліктерге  бағытталған  әрекеттері мен нақты азаматтық құқықты қалыптастырушы жағдайларды жатқызамыз. Азаматтық мүліктік құқықтық қатынастың  спецификасы оның мүшелері өз әрекеттері мен тек бір-біріне ғана емес, белгілі бір материалдық игіліктерге әсер ете алатындығында. Жалпы азаматтық құқықтың объектілерін мынандай түрлерге жіктеу арқылы зерттеуге болады: мүлік – зат сипатындағы, мүліктік емес қатынастар, жұмыс және қызымет, ақпатар, интелектуалдық меншік нәтижелері. Мүліктік қатынас деп мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы қатынастарды құрған материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке  мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалау жағдайларын қарастырған [4].

Қазақстан Республикасында азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгерту, қалпына келтiру және жою туралы Ереже

« Пред. 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 След. »

      223. Қайтадан куәлiктер беру туралы арыздарды тексеру арызда көрсетiлген жылдағы акт (тууы туралы) кiтаптары бойынша, сондай-ақ арызда көрсетiлген азаматтық хал актiлерi тiркелген жылдан бұрынғы екi және кейiнгi екi жыл аралығында жүргiзiледi.   

224. Егер АХАЖ органында акт жазуы болмаса, жеке арыз берушiге арызды аумақтық әдiлет органының АХАЖ бөлiмiнiң мұрағатына акт жазуының екiншi даналары бойынша тексеру үшiн жолдау ұсынылады. Қаладан тыс жерлерден келген арыздарды аумақтық әдiлет органының АХАЖ бөлiмiнiң мұрағатына АХАЖ органы өзi жiбередi. Екi жағдайда да қайтадан куәлiк беру туралы арыздың арғы бетiнде "... АХАЖ органында акт жазуы жоқ деген белгi түсiрiледi, оны АХАЖ органының қызметкерi растайды.  Егер акт жазуы аумақтық әдiлет органының АХАЖ бөлiмi мұрағатында да болмаса, арызданушыға акт жазуының болмағандығы туралы  анықтама  берiледi (салып жiберiледi).   

225. Азаматтық хал актiлерi жазуларының көшiрмелерi тек басқа да мемлекеттердi қоса отырып, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, прокуратураның, соттың, нотариат және адвокатура органдарының сұрау салулары бойынша, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң АХАЖ органдарының сұрау салулары бойынша берiледi.  Акт жазбасының көшiрмелерi азаматтарға берiлмейдi.   

226. Кенттiк, ауылдық (селолық) округтердiң лауазымды адамдары тууы туралы, әке болуды анықтау, неке қию және қайтыс болу (қайтыс болу туралы дәрiгерлiк куәлiктердi анықтамалармен қоса) туралы акт жазуының екiншi даналарын жолдама тiзiмдемемен АХАЖ органдарына тапсырады. Қайтыс болу туралы дәрiгерлiк куәлiктер мен анықтамаларды акт жазбасына желiмдеуге жол берiлмейдi.  Толық ресiмделмеген азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы (қолдардың, мөр немесе мөртаңба бедерлемелерiнiң қойылмауы, жекелеген бағаналардың толтырылмауы және тағы басқалар) толық ресiмдеу үшiн кейiн қайтарылады. Тиiсiнше ресiмделген акт жазбалары АХАЖ органдарына жiберiлуге жатады.   

227. Салтанатты тiркеу сарайлары мен үйлерi, АХАЖ органдары ай сайын тұтастай алғанда аудан бойынша және әрбiр қалалық (аудандық бағыныстағы қала), кенттiк, ауылдық (селолық) округ бойынша N 97 нысанда азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы есептiк тiзiмдi үш данада жасайды және туу, неке қию неке бұзу және қайтыс болу туралы дәрiгерлiк куәлiктермен (бiр жылдан астам уақыт бұрын қайтыс болды деп танылған адамдардан басқа) бiрге АХАЖ органдарына жолдайды.  Есеп беру ведомосының екiншi данасы мемлекеттiк статистика органына жолданады, үшiншi данасы АХАЖ органында қалады.  Сонымен бiрге бала (қыз) асырап алу, әке болуды анықтау, атын, әкесiнiң аты мен тегiн, қайтыс болды деп танылған және бiр жылдан астам уақыт бұрын қайтыс болды деп танылған адамдардың қайтыс болуы туралы акт жазуының және азаматтық хал актiлерiн қалпына келтiрiлген жазбаның екiншi даналары АХАЖ органдарына жiберiледi.   

228. Аумақтық әдiлет органының АХАЖ бөлiмi АХАЖ органдарынан келiп түскен азаматтық хал актiлерiнiң жазуы мен қалпына келтiрiлген актiлерi жазбаларының екiншi даналарының дұрыс толтырылуын тексередi. Толық ресiмделмеген азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларды толық ресiмдеу үшiн АХАЖ органына қайтарылады. Тиiсiнше ресiмделген актiлер жазбалары қайтарып беруге жатады.   

229. Туу, некенi қию, некенi бұзу және қайтыс болу туралы (қайтыс болу туралы дәрiгерлiк куәлiктермен бiрге) азаматтық хал актiлерi жазбаларының екiншi даналарын АХАЖ органдары ай сайын тиiстi статистикалық органдарға жiбередi. Ұл (қыз) асырап алу, әке болуды анықтау, тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту, қайтыс болды деп танылған және бiр жылдан астам уақыт бұрын қайтыс болған адамдардың қайтыс болуы туралы актiлердiң екiншi даналары қалпына келтiрiлген азаматтық хал актiлерiнiң жазбалары аумақтық әдiлет органының АХАЖ бөлiмi мұрағатына сақтауға берiледi.  Статистикалық органдар туу, некенi қию, некенi бұзу және қайтыс болу туралы актiлер жазуының екiншi даналарымен жұмыс iстеп болғаннан кейiн келесi жылдың бiрiншi желтоқсанынан кешiктiрiлмей, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн тiркеу түрлерi мен реттiк нөмiрлерi бойынша оларды тиiстi аумақтық әдiлет органының АХАЖ бөлiмi мұрағатына тапсырады.   

230. Аумақтық әдiлет органының АХАЖ бөлiмi азаматтық хал актiлерiн тiркеудiң жыл сайынғы ведомостарын алғаннан кейiн тұтастай облыс (қала) бойынша статистикалық есеп жасайды, ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне кезектi есептi жылдың бесiншi қаңтарынан кешiктiрiлмей ұсынылады, оған ақпарат қоса берiледi.   

231. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердiң бланкiлерi қатаң есепке алынатын құжаттар болып табылады және күймейтiн шкафтарда және темiр жәшiктерде сақталады.  Жұмыстан тыс уақыттарда куәлiктердiң бланкiлерi бар күймейтiн шкафтар мен темiр жәшiктер сүргiштеледi. Бланкiлердi сақтау үшiн жауапты адамдарға бланкiлермен жұмыс iстеуге рұқсат берiледi.  Куәлiктер бланкiлерi жоғалған немесе ұрланған жағдайда, олардың сақталуы үшiн жауапты адамдар бланкiлердiң жоғалғанын немесе ұрланғанын анықтасымен сол күнi бұл туралы жоғалған немесе ұрланған бланкiлердi iздестiру шараларын қолдану үшiн жоғарғы АХАЖ органына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң органдарына хабарлауға мiндеттi.  АХАЖ органдары азаматтық хал актiлерiн тiркеу бланкiлерiн жоғалтудың немесе ұрлатудың әрбiр жағдайы туралы олардың түрлерiн, сериялары мен нөмiрлерiн көрсете отырып Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне шұғыл хабарлауға мiндеттi.  Куәлiктер бланкiлерiн жоғалтудың немесе ұрлатудың әрбiр жағдайы бойынша жоғары тұрған АХАЖ органы жоғалуға ықпал еткен себептердi жою және бұған кiнәлi адамдарға қатысты тиiстi шаралар қолдану үшiн қызметтiк тексеру жүргiзуге тиiс.   

232. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктер бланкiлерiнiң есебi үшiн мынадай тиiстi кiтаптар жүргiзiледi:   

1) Аумақтық әдiлет органының АХАЖ бөлiмдерiнде - куәлiктер бланкiлерiнiң кiрiс және шығыс есебi жөнiндегi кiтап және сондай-ақ салтанатты тiркеу сарайлары мен үйлерiнiң де куәлiктер бланкiлерiнiң берiлуi мен жұмсалуын есепке алу жөнiндегi жеке шоттар кiтабы;   

2) азаматтық хал актiлерiн тiркеумен айналысатын АХАЖ органдарында - куәлiктер бланкiлерiнiң кiрiс және шығыс есебi жөнiндегi кiтап және куәлiктер бланкiлерiн беру және жұмсау есебi жөнiндегi жеке шоттар кiтабы;   

3) азаматтық хал актiлерiн тiркеумен айналысатын селолық, кенттiк, ауылдық (селолық) әкiмшiлiктерде - куәлiктер - бланкiлерiнiң кiрiс және шығыс есебi жөнiндегi кiтап.   

233. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктер бланкiлерiн аумақтық әдiлет органының АХАЖ бөлiмi оларды дайындаған органының құжаты бойынша қабылдап алады.  Ақаулы бланкiлер (қорғағыш тор сызықтарының, басылған мәтiннiң жоқтығы немесе бүлiнуi, қайталанған нөмiрлердiң болуы және тағы басқа), бумалардағы куәлiктер бланкiлерi жетiспеген немесе сериялары мен нөмiрлерi Мемлекеттiк Белгi жапсырмасымен сәйкес келмеген жағдайларда екi данада акт жасалады.   

234. Кенттiк, ауылдық (селолық) әкiмшiлiктердiң лауазымды адамдары әр тоқсан сайын АХАЖ органдарына, ал АХАЖ органдары әр тоқсан сайын аумақтық әдiлет органының АХАЖ органдарына өткен тоқсанда куәлiктер бланкiлерiнiң жұмсалуы туралы есеп бередi.   

235. Аумақтық әдiлет органының АХАЖ органы жыл сайын есептi жылдан кейiнгi бесiншi қаңтардан кешiктiрмей, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне барлық түрдегi куәлiктер бланкiлерiнiң жұмсалуы туралы N 23 нысанда есеп бередi.   

236. Мыналар жоюға жатады:   

1) азаматтық хал актiлерiне түзетулер мен толықтырулар енгiзуге байланысты, сондай-ақ жазулардың күшi жоюға байланысты тапсырылған куәлiктер;  

2) орнына қайтадан куәлiктер берiлген, жарамсыз болған куәлiктер;  

3) тауып алынған куәлiктер;  

4) басқа АХАЖ органдары жiберген және азаматтар бiр жыл бойы алмаған қайтадан берiлген куәлiктер;  

5) толтыру кезiнде бүлiнген куәлiктердiң бланкiлерi. Аталған куәлiктердi жою АХАЖ органының немесе аумақтық әдiлет органының АХАЖ мұрағаттарының жұмысын тексеру кезiнде акт жасап жағып жiберу жолымен жүргiзiледi. Кенттiк, ауылдық (селолық) округтердiң лауазымды адамдары жоюға жататын куәлiктердi жазбалардың екiншi даналарымен бiрге АХАЖ органдарына жiбередi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 мамырдағы N 620 қаулысына қосымша

Азаматтық құқық қағидалары түсінігі

20.02.2012 Oppa4ki

Азаматтық құқық қағидалары деп қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі бастауларын айтады. Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтиды, оның ең маңызды қасиеттерін сипаттайды.

Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтып қана қоймай, азаматтық заңдылықтардың толық көлемін қамти отырып, АК 2 бабында көрініс тапқан.

Азаматтық құқық қағидалары, азаматтық қатынастарды заңдылық қарастырмаған жағдайларда, құқық аналогияны негізінде қолдануданылады, яғни, азаматтық құқықтың нақты нормасымен реттелмеген қоғамдық қатынастарды реттеу үшін азаматтық заңдылықтардың негізгі бастаулары азаматтық құқық қағидалары қолданылады. Азаматтық құқықтың мынандай қағидалары бар:

  • Азаматтық құқықтар құқық қатынасқа түсуші тараптардың теңдігілігін;

  • Меншікке қол сұқпаушылық;

  • Жеке істерге рұқсатсыз кіріспеушілік;

  • Келісімнің, шарттың  еріктілік қағидасы және т.б.

Тараптардың заңдық теңдігі негізінде мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтық нормалары ретсіз есем, олар нақты жүйеде орналасқан. Азаматтық құқық жүйесі объективті тұрғыда құрылған және азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың өзіндік ерекшелігіне негізделген.

Көптеген азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың жалпы қасиеттері оларды құқықтық реттелуінің бірегейлігін, ал осы қатынастардың нақты түрлерінің кейбір сипаттамалары олардың құқықтық реттелуінің дифференциациясын қайта анықтайды. Азаматтық құқық жүйесі бойынша екі бөлімге бөлінеді, олар жалпы және ерекше бөлім [5].

Азаматтық құқық бөлімінің пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың бір сипаттылығы кез келген мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеу кезінде қолданылатын азаматтық құқық нормаларын бөліп алуға мүмкіндік береді.

Бұл құқықтық нормалардың жиынтығы азаматтық құқықтың жалпы бөлігін құрайды. Ол салалық реттеу пәнінің бір түрін көрсетіп, барлық салалық нормалар үшін біріктіруші бастау ретінде қызмет етеді, олардың заңды мазмұнының жалпылығын анықтайды.

Жалпы бөлік табиғаты бірдей қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде қарама-қайшылықтарды болдырмауға және азаматтар мен ұйымдардың әрекеттерінің жеке салаларында пайда болатын қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің қажетті бірегейлігін қамтамасыз етеді.

Жалпы бөлім азаматтық құқықтың жалпы ережелерін, меншік және өзгеде заттық құқытарды, міндеттемелік құқытарды, шарт жөніндегі жалпы ережелерді қарастырса, ерекше бөлім міндеттемелердің жекелеген түрлерін, интелектуалдық меншік құқығын, мұралық құқық және халқаралық жеке құқық қатынастарын зерделейді.

Азаматтық құқықтың қайнар көздері. Азаматтық заңдылық бірегейлігі мен дифференциациясын ескере отырып орналасқан азаматтық құқық нормалары түрлі құқықтық нормативті актілердің баптар түрінде (әрі қарай – нормативті актілер немесе құқықтық актілер) көрініс табады, оларды азаматтық құқықтың қайнар көздері деп аталады. Аталған нормативтік актілердің жиынтығы азаматтық заңдылықты құрайды.

АК 3 бабында «азаматтық заңдылық» түсінігіне тек АК және оған сәйкес қабылданған өзге заңдар кіреді көрсетілген. Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің негізгі үш түрін жіктеуге болады, олар мыналар: нормативтік құқықтық актілер, салт – дәстүрлер, шарт [6].

Азаматтық құқық нормалары заңдарда және нормативті актілерде бекітілуі мүмкін. Барлық осы нормативті актілер заңды күшіне байланысты қатаң иерархиялық жүйеде орналасқан, нормативті актінің мәні оның заңды күшімен анықталады. Нормативті актінің заңды күші неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оның азаматтық заңдылық жүйесіндегі алатын орны басым болады. Азаматтық заңдылықтың нормативті актілерін осылайша құрылуының тек қана теориялық емес, тәжірибелік маңызы да бар.

Азаматтық заңдылық, нормативті актілерінің көптігі және заң шығарушы техниканың әлсіздігінен, түрлі нормативті актілердің бір мәселені әртүрлі шешетін жағдайлары жиі кездесіп отырады. Бұндай жағдайда басым заңды күші бар нормативті акт қолданылады.

Барлық заңдар  заңды күшіне қарай заңдар және заңға бағынышты нормативті актілер болып бөлінеді. Заңдар мемлекеттік өкілетті жоғарғы органдарының шығарған нормативті актілері, олар заңға бағынышты нормативті актілерге қарағанда басым заңды күшке ие.

Конституциялық заңдар ішінен ең үлкен заңды күшке Қазақстан Республикасының Конституциясы ие. Өйткені ол елдің ең  негізгі Заңы болып табылады. ҚР Конституциясында құқықтың түрлі салаларының нормалары бар.

Олардың ішінде азаматтық құқық нормалары да бар.

Азаматтық заңдылықта Азаматтық кодекс түріндегі салалық кодификацияланған нормативті актілер ерекше орын алады. Салалық кодификацияланған нормативті актілер азаматтық құқық пәніне кіретін барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған және Қазақстан Республикасы территориясында азаматтық заңдылықтың дамуына негіз болып табылады.

АК салалық кодифицикацияланған нормативті акті ретінде Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге арналған. Осыған сәйкес АК азаматтық құқық пәніне кіретін барлық дерлік қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған азаматтық заңдылықтың ең маңызды қалыптарын бекітеді.

Кодифицикацияланған нормативті актілермен қатар азаматтық заңдылық жүйесін азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың жеке түрлерін реттейтін арнайы заңдар құрайды [7].

Мысалы, Қазақстан Республикасының «Сақтандыру туралы» Заңы, сақтандыру ұйымдары мен азаматтар, кәсіпорындар, мекемелер арасындағы, сонымен қатар сақтандыру ұйымдарының өз арасындағы сақтандыру саласындағы қатынастарды реттейді; “Қазақстан Республикасының Патенттік Заңы” мүліктік және құрастырмаларды, пайдалы модельдерді және өндірістік үлгілерді құру, құқықтық қорғау және қолдануға байланысты туындаған олармен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді; ҚазССР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау» Заңы тұтынушылар мен кәсіпкерлер арасында туындайтын қатынастарды реттейді

Заңға бағынышты актілер нормативті актілер ішінен азаматтық заңдылық жүйесінде Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметі шығаратын құқықтық актілер түрінде белсенді роль атқарады.

Азаматтық құқық және халықаралық құқық нормалары. Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестіктің бөлігі болып табылады, сондықтан Қазақстан Республикасының азаматтық заңдылығы халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған қағидалары мен нормалары, Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық келісімдермен есептесуі керек. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған қағидалары мен нормаларына қосыла отырып Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері негізінде Конституциялық құқықтық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Бұл дегеніміз, азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған принциптері мен нормалары және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері қолданылуына мүмкіндік береді деген мағынаны береді.

Азаматтық заңдылық, іскерлік ғұрыптар, іскер айналым дәстүрлері, мораль және адамгершілік ережелері. Іскер ғұрыптар деп азаматтық айналымда орнатылған тәртіп ережелерін айтады. Өздігінен іскер ғұрыптар азаматтық құқық қайнар көздері болып табылмайды. Бірақ та мемлекет құқықтық акт арқылы іскер ғұрыпты санкцияған кезде ол заңды күшке ие болып азаматтық заңдылық жүйесіне кіреді.

Қазіргі кезде барлық іскер ғұрыптар арасынан тек қана кәсіпкерлік салада қолданылатын іскер айналым дәстүрлерін бөледі. АК күшімен кәсіпкерлік әрекет нәтижесінде туындаған дауды шешу кезінде сот қолдана алатын іскер айналым дәстүрлері деп заңдылықпен немесе келісіммен қарастырылмаған, бірақ өз мазмұнында жетерліктей анықталған, кәсіпкерлік әрекеттің қандай да бір саласында кеңінен қолданылатын тәртіп ережелері, мысалы қандай да бір міндеттемелерді орындау дәстүрі және т.б. Іскер айналым дәстүрі қанай да бір құжатта тіркелгендігіне не тіркелмегендігіне қарамастан қолданыла алады) [8].

Азаматтық заңдылық, сот пленумдарының шешімдері, шешімдер, соттық практика және сот прецеденті. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумы жалпыланған материалдарды қарастырып, заңдылықты қолдану жөнінде бастаушы талқылаулар береді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының талқылаулары Қазақстан Республикасының жалпы юрисдикциясындағы барлық соттар үшін міндетті. Аталған талқылаулар нормативті актілер болып табылмайды, олар құқықты қолдану актілері болып табылады.

Сот пленумдарының қаулылары азаматтық заңдылықтың мәнін талқылап, түсіндіруі ғана тиіс, азаматтық құқықтың жаңа нормаларын құрмайды. Сондықтан сот пленумдарының қаулылары азаматтық құқықтың қайнаркөзі болып табылмайды.

Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне сот практикасы да жатпайды. Сот тәжірибесі деп бір категориялы істерді соттардың бірнеше рет бір түрлі шешімдер шығару жағдайын айтады. Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне сонымен қатар сот прецеденті де жатпайды. Сот прецеденті деп соттың нақты іс бойынша шығарған шешімін келесі бір ұқсас жағдайға қолдауын айтады.

Азаматтық заңдылық әрекеті. Азаматтық заңдылық уақыта, кеңістікте және қатынасқа түсуші тұлғалар арасында әрекет етеді. Азаматтық құқық нормалары азаматтық құқық пәнін құрайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. АК заңдарының құқықтық актілерінің кері күштері болмайды. Азаматтық құқықтың уақыт аралығындағы әрекетін деп заңның әрекет ету мерзімін қарастырамыз. Жалпы заңның әрекет ету мерзімі мынандай түрлерде сипатталады, заңды күшіне ену мерзімі, заңды күшін жою мерзімі және әрекет ету мерзіміне байланысты.

Заңды күшіне енуі бойынша мерзімдер ресми басылымға шыққан кезден бастап 10 күн өтісімен немесе нақты сол басылымда көрсетілген мерзім. Ал заңды күшін жою мерзімдері мынадай жағдайлармен сәйкестенуі мүмкін, тура сондай жаңа заңның қабылдануы немесе заңның әрекет ету мерзімінің аяқталуы. Кеңістіктегі әрекеті деп нормативтік құқық актінің барлық Қазақстан Республикасы аумағына толығыменен даруын айтамыз, сонымен қатар кейбір актілер тек белгілі органдардың немесе ұйымдардың шегінде ғана әрекет ете алады оларды локальді нормалар деп атаймыз. Ал азаматтық заңның тұлғалар арасындағы әрекеті деп азаматтық қатынасқа түсуші кез-келген тараптарға даруын айтамыз, мысалы жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, шетел азаматтары мен заңды тұлғалары.

Азаматтық қатынастарды қарастыру барысында олардың қолданудағы императивтік және диспозетивтік жағдайларға зейін салу керек [9].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]