Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Инф_лаб_каз.53-83 .doc
Скачиваний:
60
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.41 Mб
Скачать

Деректерді сұрыптау

Excel программасында деректер қоры ретінде қарастырылатын кестені сұрыптау мүмкіндігі бар. Сұрыптау әрекетін орындау үшін, деректер қорын белгілеп немесе меңзерді сол аймаққа орналастырған соң, Деректер, Сұрыптау командасын орындаймыз. Осы мезетте Сұрыптау ауқымы (Сортировка диапозона) сұхбат терезесі ашылады. Бұл терезеде Жазбаларға (Ауқымның бірінші қатары) (Подписям, первая строка диапозона) ауыстырғышын қосып, сұрыптау жүргізілетін өріс атын таңдаймыз. Сонымен бірге, сұрыптау тәсілінің өсу ретімен немесе кему ретімен екі мүмкіндігінің бірін таңдап алғаннан кейін ОК батырмасын шертеміз.

Деректер қоры осы әрекеттер орындалған соң өзіміз тағайындаған параметрлерге сәйкес реттеледі. Символдық мәтіндерден тұратын өрістер алфавиттік ретпен сұрыпталады.

8-ші тапсырма.

Кестедегі деректер қорын спутник серіктері санының кемуі бойынша реттеңіз.

9-шы тапсырма.

Планеталарды әліппе реті бойына сұрыптаңыз.

10-шы тапсырма.

Деректерді күннен ара қашықтығының өсу ретіне байланысты сұрыптау.

11-ші тапсырма.

Оқытушыға Планета файлдарын және оның баспаға шыққанг түрін көрсетіңіз.

Негізгі әдебиеттер: : [1] – 1-638 б, [2] 1- 432 б.

Қосымша әдебиеттер: [6] .

Бақылау сұрақтары:

  1. Кестенің кез келген аймағын деректер қоры ретінде қарастыруға бола ма?

  2. Деректер қорындағы Өріс және Жазба ұғымдарына түсінік беріңіз.

  3. Автофильтрдің көмегімен деректерді іздеу әрекеті қалай жүзеге асырылады?

  4. Кеңейтілген фильтр мен Автофильтрдің қандай айырмашылықтары бар?

  5. Кеңейтілген фильтрді қолдану үшін анықтауға қажетті аймақтарды атаңыз.

  6. Деректер қорындағы мәліметтерді сұрыптау қалай орындалады?

  7. Деректерді қандай тәсілдермен сұрыптауға болады?

  8. Символдық мәтіндерден тұратын өрісті сұрыптауға бола ма?

4 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: EXCEL–дің жұмыс кітабы. Жұмыс кітабындағы кестелердің өзара байланысы.

(2 сағат).

Жұмыстың мақсаты:

Жұмыс кітабындағы бірнеше парақтарды қолдану.

Бір жұмыс кітабындағы бірнеше парақтар және файлдар арасында байланыс құру әрекеттерін меңгеру.

Жұмыс кітабындағы парақтар

Жұмыс кітабының бір парағымен жұмыс істегеннен гөрі, кейбір жағдайларда бірненше парақтарды қолдана білген ыңғайлы. Электрондық кестенің төменгі жақ бөлігінде парақтардың жарлықшалары көрініп тұрады. Егер қажетті парақтың жарлықшасында тышқанның сол жақ батырмасын шертсек, сол парақтың мазмұны экранға шығады. Ал, жарлықшада тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы, өшіру, атын өзгерту, жылжыту т.с.с. парақпен жұмыс жасау мүмкіндігін беретін контексті жанама меню ашылады.

Жұмыс кітабы терезесінің сол жақ бұрышында бір жұмыс парағынан басқасына ауысу мүмкіндігін беретін жарлықшаларды жылжыту жолағы (кнопкиа прокрутки ярлыков) орналасқан. Осы жолақта тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, қажетті жұмыс парағын таңдау мүмкіндігін беретін жанама менюді ашуға болады.

Есеп

Мысалы, электрондық кестенің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сынып журналын жасау қажет болсын. Бұл жұмысты жылдам орындау үшін журналды сыныптағы үш пәнге, ақпараттану, физика, алгебраға, арнап толтырайық. Әрбір пән үшін жұмыс кітабының жеке парағын толтырайық, онда сынып оқушыларының тізімі, 1 тоқсан бойғы және қорытынды бағалары жазылады. Басқа жеке параққа сәйкес пән бойынша жазылған бағаларға сілтеме қолдана отырып, әрбір пәннің бірінші тоқсандағы қорытынды бағалары ғана жазылған ведомость шығару қажет болсын.

Жұмыс барысы

1-ші тапсырма.

Excel электрондық кестесін іске қосып, жұмыс кітабының бірінші парағын 1-ші суретте көрсетілгендей етіп толтырыңыз.

A

B

C

D

E

F

G

Ақпараттану

Фамилия , аты-жөні

02 қыркүйек

09қазан

15қараша

23желтоқс

..

I- тоқсан

1

Асқар Әди

3

4

4

4

2

Дулат Арнұр

5

5

5

5

3

Мерген Ұлықбек

4

4

4

4

Уаис Айдос

5

3

4

4

5

Имангали Тимур

3

3

3

1-ші сурет. Ақпараттану сабағының журналы.

Ұяшықтарға жазылатын мерзім мәндерін Дата (коды Д.ММ) форматына жазайық. Ол үшін мерзім мәндері жазылатын ұяшықтарды белгілеп, Формат, Ұяшықтар (Формат ячейки) командасын орындаңыз. Осы мезетте ашылған сұхбат терезенің Сан (Число) ішкі бетінің Сандық форматтар (Числовые форматы) өрісінде Барлық форматтар (Все форматы) бөлімін одан кейін, Тип өрісіндегі тізімнен DD. MMM қатарын таңдап, M мен D әріптерінің біреуін өшіріп тастаңыз. 1-ші тоқсанның қорытынды бағасын, тоқсан бойғы бағасының арифметикалық ортасын табу, яғни СРЗНАЧ функциясын қолдана отырып есептеңіз.

2-ші тапсырма.

Осы кестені jurnal.xls. деген атпен сақтаңыз.

3-ші тапсырма.

Дәл осындай кестені басқа сабақтар үшін де толтырыңыз.

Ол үшін:

3.1 Түзету, Жылжыту/Көшіру... (Правка, Переместиь/Копировать...), командасын орындағанда ашылған сұхбат терезесінің көшірмесін құру (создавать копию) ауыстырғышын іске қосып, 2-ші беттің алдында (перед листом <Лист2>) қатарын белгілейміз. Осы командалар орындалған соң, <Лист 1[2]> парағында жоғарыда толтырылған кестенің көшірмесі шығады.

3.2 Дәл осы командаларды пайдаланып, кестені тағы да бір рет көшіріңіз. Команда орындалған соң, <Лист 1[3]> парағы пайда болады.

4-ші тапсырма.

Парақ жарлықшаларының атауларын сәйкес пән аттарына, яғни <1-ші парақты (Лист 1)> <Ақпараттану>, < 1[2] Парақты > <Физика>, < 1[3] Парақты> <Алгебра> деп өзгертіңіз. Ол үшін, терезенің сол жақ төменгі шетінде орналасқан парақтың жарлығында тышқанды екі рет шертіп немесе жарлықтың жанама менюінен Атын өзгерту (Переименовать) командасын орындаған соң жаңа атауды енгізіңіз.

5-ші тапсырма.

Жұмыс кітабының <Физика> және <Алгебра> беттеріндегі пән аттарын, күнделікті бағаларды, қойылған мерзімін өзгертіңіз.

Жұмыс парақтарының өзара байланысы

Excel программасы кестесімен жұмыс істеу кезінде кітаптың басқа парақтарында және басқа кестелерде жазылған мәліметтерді қолдану мүмкіндігін береді. Бір параққа басқа парақтағы ұяшыққа сілтеме жазылған формуланы енгізу арқылы осы екі жұмыс парағының арасында байланыс орнатуға болады.

6-шы тапсырма.

< 2 Параққа > (2Лист2) “1-ші тоқсанның қорытынды ведомосы” кестесін құрамыз.

Ол үшін:

6.1 < 2 Парақ > жарлықшасының атауын <1-ші тоқсан> деп өзгертіңіз.

6.2 Кестені басқа парақтағы сәйкес ұяшықтарға сілтеме жазылған формула арқылы толтырамыз:

А2 ұяшығына:

=Ақпараттану! А2 формуласын жазамыз.

=Ақпараттану! А2 – кітаптың басқа парағына сілтеме жазылған формула. Мұнда ! леп белгісі міндетті түрде қойылуы қажет. А2 – Ақпараттану парағындағы салыстырмалы адрестеуде қолданылған ұяшықтар адресі.

А мен B бағаналдарына жазылған формуланы көшіреміз. Нәтижесінде А бағанасында нөмірі, ал B бағанасына оқушылардың аты-жөндері шығуы тиіс.

С3 ұяшығына:

=Ақпараттану! L3 формуласын жазамыз.

Кестедегі С бағанасына осы формуланы көшіреміз. С бағанасына оқушылардың 1-ші тоқсандағы Ақпараттану пәнінен қорытынды бағалары шығады. Бұл <1-ші тоқсан> парағымен <Ақпараттану> парағының арасында байланыс құрылғандығын көрсетеді.

Дәл жоғарыда айтылған тәсілді қолданып, келесі бағаналарға физика мен алгебра пәндерінің қорытынды бағаларын шығарыңыз.

I-ші тоқсандағы қорытынды баға ведомосы

Фамилия , аты-жөні

Ақпараттану

Физика

Алгебра

1

Асқар Әди

4

5

4

2

Дулат Арнұр

5

5

5

3

Мерген Ұлықбек

4

3

3

4

Уаис Айдос

4

5

5

5

Имангали Тимур

3

4

3

7-ші тапсырма.

Жұмыс кітабында қолданылмайтын парақты өшіріңіз.

Парақты жою үшін, парақ жарлықшасының жанама менюінен Өшіру (Удалить) командасын орындаймыз. Кітаптың бірнеше жұмыс парақтарын жою қажет болса, әрбір парақ жарлықшасын Ctrl пернесін басулы күйінде ұстап тұрып, белгілеп алғаннан кейін өшіру командасын береміз.

Бірнеше терезелермен жұмыс істеу

Жұмыс парағынлағы мәлімет экранға сиып тұрған мезгілде бір ғана тереземен жұмыс жасаған ыңғайлы. Ал кестеге жазылған мәліметті экранда толық көре алмайтындай жағдайда, бірнеше терезелер ашып, файлдың қажетті аймақтарын бір мезгілде бақылап отырып, жұмыс жасауға болады. Сондай-ақ. әр жұмыс парағын әр терезеге орналастырып та жұмыс істеу мүмкіндігі бар.

8-ші тапсырма.

Кестенің дұрыс толтырылуын тексеріңіз.

Кестені толық көру үшін, Терезе, Жаңа терезе (Окно, Новое окно) командасын орындау арқылы, жаңа терезе ашыңыз. Осы команда орындалған соң, Журнал:2 деген атпен жаңа терезе ашылады.

Жаңа терезеде <Ақпараттану> жұмыс парағын таңдап алыңыз.

Терезе, Орналастыру (Окно, Расположить) командасын орындаңыз.

Осы мезетте ашылған сұхбат терезеде Терезенің орналасуы (Расположение окна) өрісінде жоғарыдан төмен қарай (сверху вниз ) қатарын таңдаңыз. Жоғарыда айтылған команда орындалған соң, терезенің түрі 3-ші суреттегідей болады. Әр уақытта терезенің біреуі ғана екпінді болып, жұмыс істеп тұрады.

3-ші сурет. Кітап парақтарының жеке терезеде орналасуы.

9-шы тапсырма.

Бір-бірімен байланысқан кестелер арқылы жұмыс қалай орындалатындығын тексеріңіз.

9.1 <Ақпараттану> парағындағы кестеде Дулат Арнұрдың 5-ін 2-ге түзеңіз.

Дулат Арнұрдың <1-ші тоқсандағы > бағасы 4-ке өзгертілді. <Ақпараттану> парағындағы да бағасы автоматты түрде өзгереді.

9.2 Имангали Тимурдың Ақпараттану сабағындағы екі бағасын 5-ке түзетіп, болған өзгерісті байқаңыз.

Бір кітаптың әртүрлі жұмыс парақтары арасында байланыс құру арқылы бір парақтағы өзгерістің әсерін басқа парақтардан байқауға болады.