Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДС_ЭЧЭС_каз_1.doc
Скачиваний:
121
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.14 Mб
Скачать

Электр энергиясы сапасына талаптар

Электр энергисяның сапасы ретінде кернеу мен жиіліктің нормаланған мәнге сәйкес келуін айтады. Төменде ГОСТ 13109-67* тағайындалған маңызды талаптар келтірілген:

а) кернеудің номиналды мәннен ауытқуы (кернеу өзгеруінің жылдамдығы секундына 1%-тен аспаған жағдайда), %,

б) кернеу тербелісі (кернеу өзгеруінің жылдамдығы секундына 1%-тен асқан жағдайда ), %,

в) синусоидалықемес немесе кернеу қисығының формасын анықтайтын синусоидалықеместік коэффициенті, %.

Мұндағы - γ-ші гармониканың кернеуі; U1 – негізгі жиіліктің кернеуі. Егер болса, онда кернеудің қисығы тәжиірбе жүзінде синусоидалы болып саналады;

г) жиіліктің ауытқуы (10 мин. ішінде), %, .

Электрқабылдағыштар ұштарында кернеудің мүмкін болатын ауытқуы 1 кестеде келтірілген.

Жарықтандыру шамдар мен радиоқабылдағыштардың ұштарындағы кернеудің тербелісі келесіден артпайды ,

мұндағы n – 1 сағат ішіндегі тербелістер саны; 1 сағат ішіндегі келесі тербелістер арасындағы интервал, мин.

Үлкен жүктемесі бар қабылдағыштар үшін шектелмеген жиілік кезінде кернеу тербелістері 1,5% дейін барады. Электр энергиясының басқа қабылдағыштары үшін кернеудің тербелістері нормаланбайды.

1 кесте

Электрқабылдағыштар ұшындағы кернеудің мүмкін болатын ауытқуы, %

Жұмыс ркежимі

Электр қозғалтқыштары

Ішті жарықтандыру шамдары

Қалған электр қабылдағыштар

Нормадағы

-5 ÷ +10

-2,5 ÷ +5

-5 ÷ +5

Авариядан кейінгі

-10 ÷ +10

- 7,5 ÷ +5

- 10 ÷ +5

2 Сурет. Ұзақтығы бойынша құрылған жүктеменің жылдық графигі Электр мен қамтамасыздандыру сенімділігіне қойылатын талаптар

Электр қондырғыларының құрылысы Ережесіне сәйкес Электр энергиясының қабылдағыштары келесі үш категорияға бөлінеді:

I категориядағы электр қабылдағыштары – бұл категорияға электрмен қамтамасыздандыруды доғарған кезде адам өміріне қауіп төндіретін, шаруашылыққа едәуір зиянын тигізетін қымбат тұратын негізгі жабдықтардың бұзылуына алып келетін, өнімнің жалпы жарамсыздығын тудыратын, күрделі тезхнологиялық процесстің бұзылуына, коммуналдық шаруашылықтың ерекше маңызды элементтерінің жұмысына зиянын тигізетін электр қабылдағыштары жатады.

I категориядағы электр қабылдағыштарының құрамынан электр қабылдағыштарының жеке тобын бөліп алуға болады, оларға – адам өміріне қауіп төнуін адын алу мақсатында, жарылуды, өрттің және қымбат тұратын негізгі жабдықтардың бұзылуын болдырмау мақсатында өндірісі авариясыз, мүлтіксіз жұмыс істеу үшін үздіксіз жұмыс істейтін электр қабылдағыштары жатады;

II категориядағы электр қабылдағыштарға - электрмен қамтамасыздандыруды доғарған кезде өнімнің массалық түрде шықпауына, жұмысшылардың, механизмдердің және өндіріс транспортының босқа тұрып қалуына, қала және ауыл тұрғындарының шаруасының тұрып қалуына алып келетін қабылдағыштар жатады;

III категориядағы электр қабылдағыштарға - I және II категориялы қабылдағыштарға келмейтін, электр қабылдағыштарының барлығы жатады.

I категориядағы электр қабылдағыштары электр энергиясымен екі тәуелсіз бірін бірі өзара резервтейтін энергия көзімен қамтамысздандырылуы қажет, және энергия көзінің біреуімен электрмен қаматасыздандыру бұзылуы кезінде оларды электрмен қамтамсындарудың үзілісі қоректі автоматты түрде қалпына келтіру кезінде ғана мүмкін болады.

I категориядағы электр қабылдағыштарының ерекше тобын электр энергиясымен қамтамсыздандыру үшін үшінші тәуелсіз энергия көзі қарастырылуы қажет. I категориядағы электр қабылдағыштарының ерекше тобы үшін үшінші тәуелсіз энергия көзі ретінде және екінші тәуелсіз энергия көзі ретінде жергілікті электр станциялары, энергия жүйе электр станциялары (в частности, сборные шины генераторного напряжения), үздіксіз қамтамасыздандырудың арнайы агрегаттары, аккумуляторлы батареялары және т.б. қолданылады.