Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДС_ЭЧЭС_каз_1.doc
Скачиваний:
121
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.14 Mб
Скачать

16 Сурет. 10 кВ, 250-630 а-ны ішке орнатуға арналған өтпелі айырғыш

ИО сериялы айырғыштарды 3,75-тен 30 кН-ға дейінгі ең төменгі қиратушы әлеуетпен жасап дайындайды.

ИОС сериясын (13 сурет) сыртқа орнатуға арналған тіреуіш өзекті айырғыштары жоғарыда суреттелген конструкциядағы айырғыштардан жауын астындағы ажырату кернеуін өсіруге мүмкіндік беретін анағұрлым дамыған қабырғаларымен ерекшеленеді. Оларды 10-нан 210 кВ-қа дейінгі нақтылы көрсетілген кернеулер үшін дайындап жасайды. Ең төменгі қиратушы әлеует 3-тен 20 кН-ға дейінгі аралықта болады.

Өтпелі оқшаулағыштар өткізгішті трансформаторлар мен аппараттардың жерге жалғанған қаптамалары, ғимараттардың қабырғалары мен жабындылары арқылы өткізгішті жүргізу үшін арналған.

17 Сурет. Іште орналастыру үшін өтпелі оқшаулағыш 20 кВ,

8000-12500 А

Негізгі әдебиеттер: 1 [29-48]

Қосымша әдибиеттер: 1 [391-435]

Бақылау сұрақтары:

  1. Өткізгіштер, оқшаулағыштар, кабельдер – оқшауланбаған қатаң өткізгіштер.

  2. Өткізгіштер, оқшаулағыштар, кабельдер – оқшауланбаған икемді өткізгіштер.

  3. Оқшаулағыштар – қолданылуы және тағайындалуы.

  4. Кабельдер – түрлері, қолданылуы және тағайындалуы.

  5. Қызу теориясының жалпы мәліметтері.

  6. Күшті магнит өрісінде орналасқан болат конструкциясының қызуы.

  7. Қысқа тұйықталу кезіндегі өткізгіштер мен аппараттардың қызуы.

3 дәріс конспекті.

Дәріс тақырыбы: 1 кВ-тан жоғары айнымалы токтың ажыратқыштары - ажыратқыштарға қойылатын талаптар, өшіргіштердің түрлері.

Ажыратқыштарға қойылатын талаптар

Ажыратқыштарға қойылатын талаптардың мәнісі мынада: 1) жұмыс істеуде сенімділік орнату және айналадағылар үшін қауіпсіздік тудыру; 2) өшірілу уақытының аз болуы мүмкін; 3) мүмкіндігіне қарай кіші көлемдерінің және салмағының болуы; 4) орнатудың қарапайымдылығы; 5) дыбыссыз жұмыс істеу; 6) құнының салыстырмалы түрде төмен болуы. Қазіргі кездегі қолданыстағы өшіргіштер аталған талаптарға көп немесе аз дәрежеде жауап бере алады. Алайда өшіргіштерді құрастырушылар өшіргіштердің сипаттамаларының жоғарыда қойылған талаптарына барынша толық сәйкес келуі үшін барын салады.

Сенімділікке қойылатын талап талаптардың ішіндегі ең маңыздысы болып табылады, өйткені өшіргіштердің сенімді болуы энергожүйенің сенімді жұмыс істеуі үшін, демек, тұтынушыларды электрмен қамтамасыз етудің сенімділігі үшін қажет қажет. Өшіргіштің қызмет ету мерзімі 20 жылдан кем емес.

Тез әрекет ету талабын мүмкін КЗ кезінде тізбектің өшуінің аз мерзімі ретінде түсінген дұрыс болады. Өшірілу уақыты өшіруге бұйрық берілген сәттен бастап барлық плюстердегі доғаның өшкеніне дейін есептелінеді. Мөлшермен 1940 жылға дейін110кВ-тық және одан да жоғары кернеуі бар өшіргіштерді өшіру 8-10 кезеңдерден тұрған. Кейінірек бұл уақыт 6 және 4 кезеңдерге дейін азайтылды. Қазіргі кезде 110 кВ-тық және одан да жоғарғы кернеулі өшіргіштердің басым көпшілігінің 2 кезеңнен тұратын өшіру уақыттары бар. Шет елдерде біркезеңдік өшіргіштер (20 мс) құрастырылған. КЗ-ның өшіру уақытының азайтылуы (мысалы, 4-тен 2 кезеңге дейін) мына түсініктер бойынша айтарлықтай орынды: а) жүйе бекетінің қосымша жұмысының тұрақтылық қоры көбейеді; б) айырғыштар мен желі өткізгіштерінің электр доғасымен зақымдануы азаяды; в) РУ-дың жерге жалғанған бөліктеріне қол тигізіп алу қаупі азаяды; г) құрылғылардың элементтеріндегі электродинамикалық күштер әкелетін механикалық кернеулер азаяды.

Біркезеңдік өшіргіштердің құны екі кезеңдіктеріне қарағанда анағұрлым жоғары, алайда қосымша қаржы салымдарының орны желімен берілетін қуаттылықты өсіру арқылы толтырылады. Біркезеңді өшіргіштер сондай-ақ соңғы кездерде қолданыс тауып отырған токшектегіш құрылғылар үшін қажет