Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Боранколь 2240.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.29 Mб
Скачать

2.4.4 Ұңғыма жуудың гидравликалық есебі

Ұңғыманы дұрыс жуу үшін тиімді гидравликалық бағдарлама таңдау қажет.

Гидравликалық есептеулер үшін келесі мәліметтер керек:

Бұрғылау тәсілі - роторлі;

Ұңғыма тереңдігі - 2250 м.;

АБҚ сыртқы диаметрі- dу =0,146 м.;

АБҚ ішкі диаметрі - dву =0,075 м.;

АБҚ ұзындығы - lУБТ =200 м.;

Бұрғылау құбырлар диаметрі - Dбт =0,127 м.;

Бұрғылау құбырларының ішкі диаметрі - dвт =0,096 м.;

Құлып диаметрі - Dз = 0,155 м.;

Бұрғылау құбырлар ұзындығы - lбт = 2250 м.;

Бұрғылау ерітіндісінің тығыздығы - pбр =1120 кг/м3.;

Пластикалық тұтқырлық - =0,027 Па·с

Динамикалық ығысу кернеуі - =3,75 Па

Шламды шығару үшін керекті жуу сұйығының мөлшерін анықтаймыз:

(2.42)

мұнда - ұңғыма тереңдігі, м;

- бұрғылау құбырларының сыртқы диаметрі, м;

- сұйықтың сақиналы кеңістіктегі орташа жылдамдығы, м/с

м/с.

м3/с.

Ұңғыма түбін тазарту жағдайынан бұрғылау ерітіндісінің шығынын анықтаймыз:

м3/с.

0,018>0,014 болғандықтан Q=0,018 м3/с тең деп қабылдаймыз.

Ұңғыма оқпанының каверналық болуына байланысты сорап өнімін 0,018 м3/сек деп қабылдаймыз, бұл өнімді У8-6МА2 сорабы береді, төлке диаметрлері Dвт=140 мм. Сорап шығуындағы қысым Рн=22,5 МПа.

Бұрғылау құбырларында сұйықтың ағу тәртібін салыстыру жолымен анықтаймыз VкрменVф.

; (2.43)

мұнда dв – бұрғылау құбырларының ішкі диаметрі;

м/с

; (2.44)

м/с.

Vф > Vкр болғандықтан, сұйықтың ағу тәртібі турбулентті.

Турбулентті ағу тәртібінде кеңістік бойынша қысым кедергісі Дарси-Вейсбаха формуласы бойынша анықталады:

(2.45)

МПа

АБҚ-да сұйықтың ағу тәртібін салыстыру жолымен анықтаймыз Vкр мен Vф.

; (2.46)

мұнда dву — АБҚ ішкі диаметрі, м.

м/с.

; (2.47)

м/с.

Vфу > Vкру болғандықтан, сұйықтың ағу тәртібі турбулентті.

АБҚ-да қысым кедергісін келесі формуладан табамыз:

(2.48)

МПа.

Сақиналы кеңістіктегі сұйықтың ағу тәртібін салыстыру жолымен анықтаймыз VТкр.кп мен VТф.кп

; (2.49)

мұнда dн – бұрғылау құбырларының сыртқы диаметрі, м.

м/с.

; (2.50)

м/с.

VТкр.кп > VТф.кп болғандықтан, сұйықтың ағу тәртібі ламинарды. Сондықтан есептеуді Сен-Венан формуласы бойынша жүргіземіз:

; (2.51)

Құбыр сыртындағы сақиналы кеңістіктегі қысым кедергісін анықтаймыз:

; (2.52)

мұнда =0,65 –график бойынша анықталған коэффициент 3.1 - сурет

АБҚ сыртындағы сақиналы кеңістіктегі сұйықтың ағу тәртібін салыстыру жолы бойынша келесі формуладан анықтаймыз:

;

м/с.

; (2.53)

м/с.

VТкр.кп > VТф.кп болғандықтан, сұйықтың ағу тәртібі ламинарды.

; (2.54)

    1. Бұрғылау қондырғысын таңдау

Бұрғы қондырғысын таңдап алуда, нақтылы геологиялық, климаттық, энергетикалық, жол-қатынас және басқада бұрғылау жағдайлары ескерілуі қажет.

Бұрғылау қондырғысының әр түйіні, бұрғылау қондырғысының өзі сияқты әр түрлі параметрлерімен сипатталады (қуаттылығы, жүк көтергіштігі, шектік қысымымен, габариттік өлшемдерімен, салмағымен және т.б.)

Бұл параметрлерді негізгі параметрлер деп атайды. Бұрғылау қондырғысының негізгі параметрлерінің ішіндегі ең басты параметр, ол жүк көтергіштігі. Ол ешқандай сыртқы факторлерге тәуелді емес. Ұңғыны тұрғызу кезінде бұрғылау қондырғысының жүк көтергіштігі берілген қондырғының ұңғыны немесе ұңғылар тобын бұрғылау үшін қолдануға мүмкіндігін анықтайды.

Классификациялауда база ретінде қабылдау үшін, бұл көрсеткіш басқаларға қарағанда бұрғылау қондырғысының негізгі параметрі болып табылады.

Сонымен қатар ілмектегі максимальді және номинальді жүк көтергіштігі анықталады. Жабдықтың жүк көтергіштігі анықтаймыз. Жабдықтың ұзақ уақыт жұмыс істеу кезіндегі қабылданатын бұрғылау құбырлары тізбегінің ең ауыр салмағына сәйкес келетін ілмектегі күшті номинальді жүк көтергіштік деп атайды. Сонымен қатар, ол берілген өлшемдегі роторлы бұрғылаудың шектік тереңдігін анықтайды және динамикалық күштерді ескергендегі бұрғылау қондырғысының шыдамдылығын және көтергіш бөліктегі тетіктер мен түйіндерді есептеу үшін қажет.

Бұрғылау қондырғысының көтергіш бөлігінің беріктігіне нұқсан келтірмей қабылдай алатын максимальді жүк көтергіштікті анықтап, регламенттеу қажет. Аз уақыт ішінде және жиі кездеспейтін күштер немесе шегендеуші құбырлар тізбегін түсіру кезінде бұрғылау қондырғысы қабылдайтын салмақты максимальді жүк көтергіштік деп атайды. Максимальді жүк көтергіштік ілмектегі шектік мүмкін күшті анықтайды және бұрғылау қондырғысының көтергіш бөлігінің түйіндері мен тетіктерін статикалық беріктікке есептеу кезінде алғашқы салмақ болып табылады

Бұрғылау аспаптарының салмағынан:

(2.55)

мұнда 1,5 – бұрғылау тізбегі қысылып қалғанда пайда болатын қосымша

жүктемені ескеретін қакоэффициент

Gб.т – бұрғылау құбырлары және АБҚ – ның сомалық салмағы

Ең үлкен шегендеуші тізбек саламағынан:

(2.56)

Бұл жобада Уралмаш – ЗД – 76 бұрғылау қондырғысын таңдаймыз. 2.12– кестеде қондырғының негізгі техникалық көрсеткіштері келтірілген

2.12-кесте–Уралмаш–ЗД–76–қондырғысының негізгі техникалық

көрсеткіштері

Техникалық көрсеткіштері

Мәндері

Қозғалтқыш түрі

Топты

Максималды жүк көтергіштігі, т

200

Жобаланған бұрғылау тереңдігі, м

4000

Тәл жүйесінің жабдықталуы

5х6

Свеча ұзындығы, м

27

Тәл арқаны жүрісінің максималды тартылуы, кН

273

Тәл арқанының диаметрі, мм

32

Қозғалтқыш түрі

Дизельді

Лебедка

У-2-5-5

Лебедка барабанындағы құат, КВт

805

Бұрғылау сорабы

У8-6МН2

Сорап саны

2

Гидравликалық құат, КВт

500

Сораптың ең көп берілісі, л/с

51

Ротор

Р-560

Роторға берілетін құат, КВт

368

Вертлюг

У8-250

Кронблок

УКБ-6-270

Кронблок жүк көтергіштігі, т

270

Тәл блогі

УДБ-5-225

Тәл блогінің жүк көтергіштігі, т

225

Дизель – генератор станциясы:

- шифрі

- саны

- станция құаты, КВт

ТН3-ДЕ-104СЗ

2

100х2

Компрессор станциясының өнімі, м3/мин

10

Ауаның максималды жұмыс қысымы, МПа

0,8

Механизация құралдары:

- пневматикалық клинялар

- свечаларды босату және бекіту

ПКР-560

АКБ-3М2

Монтаждау әдістері

Агрегатты