Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кокшетау васильковка.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
388.1 Кб
Скачать

4.10. Карьердегі тахеометриялық және ординаталық түсірістер.

Пайдалы қазындылар кендерін ашық әдіспен қазғандағы маркшейдерлік түсірістердің негізгі мақсаты жер бетін, геологиялық барлау, тау-кен жұмыстары қазбаларын, құрылыстарды және тағы басқа барынша толық графикалық кескіндеу мен дәл есепке алу және көлемдерін анықтау болып табылады. Түсіру негіздемелері пункттерімен салыстырғанда нүктелердің пландық орындарын анықтаудың орташа қателігі план масштабында ±0,5 мм, биіктігі ±0,2 мм дәлдікті қамтамасыз ететін өлшеулер жүргізіледі. Жердегі түсірістер әістерінде пикеттердің биіктік белгілерінің айырмашылығы 0,4 метрден аспауы керек.

Тахеометриялық түсіріс әдісі кіші карьерлерде оның жекелеген учаскелерін, аршылған тау жыныстарының көлемін және тағы басқа объектілерді тез және қысқа мерзім ішінде түсіру мүмкіндігі жағынан ең көп таралған түсіріс болып табылады. Даладағы жұмыстар тез арада орындалғанымен, ғылыми өңдеу жұмыстары көп уақыт алады және карьердің қауіпті жерлерінде жұмысшыны рейкамен жүргізіп пайдалану түсірістердің қауіпсіздеу ұтымдылау әдістерін іздестіруді мәжбүр етеді.

Тахеометриялық түсірістерді әдеттегі теодалит – тахеометрлерді немесе тахеометриялық түсірісті жеңілдететін және тездететін тахеометр – автоматтарды Дальта – 020 (Алматы) және ТА-Д1 (Хунгария) қолданып жүргізеді.

Осы аспаптардың дүрбілерінің көз жетер жеріне томографиялық қисық сызықтар кескінделген, олар арқылы вертикаль рейканы пайдаланып горизонталь арақашықтық пен салыстырмалы биіктікті тікелей есептеп алуға болады. Тахеометриялық түсіріс түсіру негіздемелері пункттерінен, кей уақытта тірек жүйелері пункттерінен жүргізіледі. Ал рейка болса түсірілетін жердің ерекше нүктелеріне қойылады. Түсірілетін нүкте мен аспаптың арақашықтығы 1:1000, 1:2000 және 1:5000 масштабтардағы түсірістерге сәйкес 100, 200, 300 метрден аспауы қажет. Тахеометриялық түсірісте қолданылатын теодалит – тахеометрлер ТЗО теодалиттің дәлдігіне сәйкес келеді: вертикаль дөңгелектен есептеу 1; ал горизонталь дөңгелектен –10 дәлдікпен алынады. Рейка бірінің арақашықтықтары 30 метрден аспайтын барлық ерекше нүктелерге қойылады. Түсіріс нәтижелері планға транспортирдің және масштабты сызғыштың көмегімен ±0,5 мм. Дәлдікпен салынады, ал биіктік белгілері 0,1 м-ге дейін дөңгелектеніп жарылады.

Түсірілетін нүктелердің пландық орны сол нүктелерден түсіріліп перпендикуляр, ординаторлар ұзындығымен және сол перпендикулярдян тордың жақын төбесіне дейінгі арақашықтық арқылы анықталады. 15 – метрге дейінгі перпендикуляр көз мөлшерімен, ал 15 – 35 м- лік перпендикуляр эккердің көмегімен тұрғызылады. Түсіру торлары қабырғаларының бойымен өлшелінетін кескінділер ұзындығы 0,1 м дәлдігінен рулетканың көмегімен өлшеніледі. Өлшеу нәтижелері түсірістің даладағы сұлбасына жазылады. Түсірілетін нүктелердің биіктіктері геометриялық нивелирлеумен анықталады.

Түсірісіті ғылыми өңдеу түсірілген пункттердің планға 0,5 мм дәлдікпен сызғыш көмегімен салудан, контурларды салып және олардың ерекше нүктелерінің биіктіктерін 0,1 м – ге дейін дөңгелектеп жазудан тұрады.

4.12. Тау-кен жыныстары қоспаларын экскавациялау кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар

Ашық кендегі қазу - тиеу жұмыстары маркшейдерлік қызмет мынадай түсірістер мен өлшеулерді жүргізеді:

  • аршыма жұмыстары және пайдалы қазынды өндіріліп жатқан жерлері дер кезінде түсіріп, пландар мен қималарды толықтырып отырады;

  • қазу жүйесі элементтері параметрлерінің жобаға сәйкес сақталып отырылуын уақтылы бақылайды;

  • қазу – тиеу және тасымалдауға арналған тау-кен құрал жабдықтарының дұрыс құрастырылуын және тұрақты орнатылуын маркшейдерлік қамтамасы етеді;

  • карьердегі қазу – тиеу жұмыстарының айлық, тоқсандық және жылдық даму жоспарын жасауға қатысады;

  • есеп беру кезінде өндірілген пайдалы қазынды мен аршылған тау жыныстары көлемін анықтайды;

  • аршыма жұмыстары мен пайдалы қазындыны өндіру бағыттарының карьердегі тау-кен жұмыстарының жоспардағы даму бағытына сәйкестігін қадағалап отырады;

  • кемердегі пайдалы қазындының толық қазылып алынуын бақылайды.

Карьердегі қазу жүйесінің элементтеріне кемерлер және кемердің жұмыс жасау ұзындығы, карьердің жұмыс аймағы, жұмыс алаңдары, көлік және қауіпсіздік бермалары жатады. Кемердің негізгі параметірі болып оның биіктігі сапалады. Қазу тиеу жұмыстары кезенде маркшейдерлік қызмет кемерлердің жобадағы биіктік мөлшерінің сақталып отырылуын қадағалау қажет. Өйткені әрбір тау-кен жабдықтарының түріне байланысты кемердің тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу биіктігі анықталады. Жұмыс алаңының ең аз ені қазу- тиеу машиналарының, көлік құралының параметріне, көлік құралдарының жүру схемасына және тау жыныстарының бекемдігіне байланысты болады.

Қазу жүйесі элементтері параметрлерінің сақталуын қадағалап отыру карьердің тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады.

4.13. Тау-кен жыныстары қоспаларын тасымалдау кезіндегімаркшейдерлік жұмыстар.

Кенді ашық әдіспен игеру барысында әр түрлі көлік жолдарын бөліп, оларды пайдалану кезінде жағдайын тексеріп отырады: темір жолды, автомобиль жолдарын, конвейер және болат арқанды желілерді. Маркшейдерлік қызмет көлік жолдарының карьер ернеу мен кемерлерінің горизонталь және вертикаль жарықтықтарда жылжуына байланысты болатын жылжуын уақтылы тексеріп отырады.

Ашық кендегі тау-кен жұмыстарының даму бағытына байланысты көлік жолдарын жылжыту керек болғанда, маркшейдер жобаға сәйкес жолдардың пландағы осьтерін кемердің жұмыс алаңында дер кезінде бөліп, салынуын қадағалап оырады.