Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

81

.pdf
Скачиваний:
8
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
7.09 Mб
Скачать

9)кəсіпкерлiк қызметке араласуға жəне жекелеген шаруашылық субъектiлерiнiң мүдделерiн сүйемелдеуге жолбермеуге;

10)қызметтiкақпараттыпайдакүнемдікжəнеөзгедежекемақсаттарғапайдалануғажолбермеуге;

11)қызметi жоғары немесе төмен тұрған не өзiмен қызмет немесе жұмыс бойынша өзге де тəуелдiлiктегi адамдарменақшалайнемесеөзгедемүлiктiксипаттағықұмаройындарғақатыспауға;

12)мемлекеттiк функцияларды орындаумен байланысты жеке жəне заңды тұлғалардан сыйлықтар қабылдау немесеқызметiнпайдалануфактiлерiнежолбермеуге;

13)заңменбелгіленген жағдайлардан басқа, қазақстандық немесе шетелдiк жеке жəне заңды тұлғалар есебіненмемлекетішілiкжəнешетелдiктуристiк, емдеу-сауықтыружəнеөзгедесапарларғашақырулардан бастартуға;

14)өзініңiскекөзқарасыменжəнежекемiнез-құлқыменұжымдаорнықтыжəнежағымдыморальдық- психологиялықжағдайтуғызуғаықпалетуге;

15)мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс жасауына жəне мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiнтиiсiншеорындауынабөгетболатынiс-əрекеттергеқарсытұруға;

16)кадрларды жерлестiк жəне жеке өзiне берiлгендiк белгiлерi бойынша iрiктеу мен орналастыру жағдайларынажолбермеуге;

17)басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеугежəнежолынкесуi;

18)өзінің қызметтік мiндеттерін атқару кезеңiнде киiм киюдің iскерлiк стилiн ұстануға тиiс.Осы заңдардың толық ескеріліп, барлығы орындалған жағдайда мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджі қалыптаса бастайды. Мемлекеттік қызметтің имиджі мемлекеттік органдармен халыққа көрсетілген қызметтіңсапасынабайланысты. Мемлекеттікқызметтіңоңимиджінқалыптастыру шеңберінде:

‒ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан ары жетілдіру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылықтамемлекеттiкқызметшiлердіңмiнез-құлқыныңэтикалықнормаларыннығайту;

‒халықтыңмемлекеттiкбилiкоргандарынадегенсенiмiнарттыру;

‒ мемлекеттiк қызметшiлердi патриотизмге баулып жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы əрекет жасауға, мемлекеттiкқызметшiлердiңар-намыскодексiнқатаңəрi мүлтiксiзсақтауғатəрбиелеу;

‒ көпшiлiк санасын да кəсiбилiк, адалдық, ашықтық, сыпайылық жəне құзыреттiлiк ұғымдарына негiзделетiнмемлекеттiкқызметтiңоңимиджiнқалыптастыружоспарланған. Мемлекеттiкқызметшiнiңоң имиджiн қалыптастыру бойынша елімізде бұқаралықақпаратқұралдарындабелсендiтүсiндiру-насихаттау жұмысы жүргiзiледі жəне де «Электрондық үкiмет» порталын мемлекеттiк органдардың қызметi жəне үздiк мемлекеттiк қызметшiлер туралы материалдарды жариялау бөлiгiнде жүйелi түрде жаңарту қамтамасызетiлген.

Мемлекттік қызмет сапасын арттыруда үш жылда бір рет өткізіліп аттестациядан өткiзудiң тəртiбiнің маңызы зор.Мемлекеттiк қызметшiлердi аттестациялау олардың атқаратын лауазымына сəйкестiгi мен қызметтегi перспективасын анықтау, олардың кəсiптiк даярлығының, құқықтық мəдениетiнiң деңгейiн, азаматтармен жұмыс iстеу қабiлетiн бағалау мақсатымен жүргiзiледi. Аттестациялаудан өтуге тиiс əрбiр қызметшiге аттестация өткiзiлетiннен кемiнде екi апта бұрын қызметшiнiң тiкелей басшысы ұсыныс əзiрлейдi, онда қызметшiнiң кəсiби даярлығының қызметi бойынша бiлiктiлiк талаптарға сəйкестiгiне, оның кəсiптiк құзыретiне, жұмысқа жəне қызметтiк мiндеттерiн орындауға деген көзқарасына, өткен кезеңдегi еңбек көрсеткiштерiне баға беру қамтылады.Мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау тəртібі негізгі3 кезеңдіқұрайды. Алғашқыкезеңдайындықжұмысыөтеді, бұлкезеңдңқамтылады: -6 айдабіррет аттестациялануға тиіс қызметшілер анықталады;аттестациялану мерзімі бекітіледі; аттестациялық комиссия құрамы бекітіледі. Екінші кезеңінде:аттестация өткізу мерзіміне 1 ай қалғанда аттестацияланушығажазбашахабарламаберіледіжəнеқызметтікмінездемемен3 аптабұрынтаныстырылады. Келесі кезеңде: тест тапсыруға жіберіледі. Төртінші кезеңде əңгімелесу жүргізіліп, комиссия шешімі бекітіліп, аттестациялаупарағытолтырылады. Аттестацияданөткізудіңбастымақсатымемлекеттікқызметкерлердің жұмыстың жоспарлауы,дұрыс шешім қабылдай алуы, халыққа қызмет көрсету қабілеті зерделенеді. Аттестациядан өткен барлық мемлекеттік қызметкерлер өздеріні біліктілік деңгейін тексерте отырып, өз жұмысынжалғастырады.

Пайдаланылғанəдебиеттертізімі:

1.ҚазақстанРеспубликасыныңмемлекеттікқызметітуралыЗаң

2.Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі. (Мемлекеттікқызметшілермінезқұлқыныңжалпықағидалары).

3.http://www.mfa.kz/kz/content-view/memlekettik-yzmetti-imidzhdi

4.Мемлекеттiкқызметшiлердi аттестацияданөткiзудiңтəртiбi меншарттарытуралыереже.

5.ҚРСыртқыістерминистрлігініңресмисайты.

21

ҚАЗАҚСТАНПРЕЗИДЕНТІН.Ə. НАЗАРБАЕВТЫҢЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚИДЕЯСЫ

ГибатовР.А.,

əл-ФарабиатындағыҚазҰУ МұсатаевС.Ш., с.ғ.д., профессор e-mail: mceka mceka@mail.ru

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев евразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестердің бастамашысы болып табылады. Интеграциялық процестер жаһандану заманындағы бірлесіп дамудың басты шарты екенін Елбасымыз көрегендікпен болжады. Ғылыми-зерттеудің мақсаты – Қазақстан Президенті Н.Ə. Назарбаевтың ұсынысыменжүзегеасқанАӨСШК, евразиялықидея, ЕАЭОсияқтыкөптегенинтеграциялықжобалардыңтуындауы мендамуынсаясаттанулықталдау.

Жұмыстың ғылыми жəне тəжірибелік маңыздылығы – бүгінгі таңда аймақтық интеграцияны кеңейту мен тереңдету өзекті саяси мəселелердің қатарына жатады, бұл Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрақтыдамуынаықпалететінфакторлардыңбірі. Өйткені, интеграциялықпроцестержаһанданужағдайындажүруде. Бұлмəселенісаясаттанулықзерттеудіңтеориялықжəнепрактикалықмаңыздылығыкүмəнтудырмайды.

Зерттеудіңəдіснамаларысалыстырмалыжəнежүйелі, контентжəнеивентталдауларғанегізделген.

Зерттеудің нəтижелері мен қорытындылары: Қазақстан Президенті Н.Ə. Назарбаевтың интеграциялық бастамаларын, олардың жүзеге асу ерекшеліктерін танып-білу, ғылыми нəтижелері интеграциялық үдерістерді дамытуғакөмектеседі.

Зерттеу жұмысының маңыздылығы – еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерді дамытуға өзіндік үлес қосады.

Түйінсөздер: интеграция, евразиялықидея, СВМДА, ЕАЭО.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə. Назарбаев əлемдік саясатта бейбітшілік пен ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүрген, адамзатты достыққа, мемлекеттерді интеграциялық ынтымақтастыққа шақыратын сарабдал саясаткер ретінде танымал. 1990 жылдардың басында КСРО ыдырап, бұрынғы кеңестік одақтас республикалар бірінен соң бірі тəуелсіздік жариялап жатқан егеменді елдер үшін келешек даму жолын таңдау өзекті мəселе болды. Саяси тұрғыда тəуелсіздікті нығайту, ұлттық мемлекет құру, демократиялық саяси жүйе қалыптастыру, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау сияқты басымдықтар анық болғанымен, экономика саласында жағдай қиын еді. Өйткені, КСРО кезіндегі экономика біртұтас болды, одақтас мемлекеттер бір-бірімен тығыз байланысты еді, тіпті, шаруа-экономикалық байланыстарда өзара тəуелділік орын алғаны белгілі. Қазіргі заманғы əлемдік қаржы-экономикалық жүйе дамуының объективті қисыны дареспубликағаөзінің заңдары мен ойын тəртіптерін көрсетіп бақты: коммунистік жүйе құрамынан шыққан əрбір ел индустриалды дамыған мемлекет қатарына қосылудың ауыр міндетттерін өз бетінше, дербес шеше алмайтыныанықболатын.

КСРО-ны қайта құру арқылы «Кеңестік Егеменді Республикалар Одағын» құруды көздейтін 1991 жылы 17 наурызға белгіленген референдум Латвия, Литва, Эстония, Грузия, Молдовия, Армения сияқты елдердің ұсынысты қолдамауына байланысты іске аспай қалды. 1991 жылғы 18-21 тамыздағы М.Горбачевты КСРО президенті лауазымынан тайдыру мен мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатында Төтеншежағдайжөніндегімемлекеттіккомитетұйымдастырғанбүліктенкейін, КСРОтас-талқанышығып ыдырап, тəуелсіздікшеруібасталыпкетті.

КСРО-ның ыдырауы онжылдықтар бойына қалыптасқан одақтық ортақ экономиканың күйреп, шаруашылық байланыстар мен сауда қатынастарының үзілу қаупін туындатты. Мұның ақыры терең экономикалық дағдарыстарға ұрындырары анық сезілді. Сондықтан 1991 жылы 8 желтоқсанда Белорусияның Беловежье орманындағы Вискули үкіметтік саяжайында РСФСР, Белорусия мен Украина басшылары «Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге» қол қойды. Бұл тарихи құжатқа РСФСР-дан – мемлекет басшысы ретінде Борис Ельцин, үкімет басшысының бірінші орынбасары Геннадий Бурбулис, Беларусь Республикасынан ‒ Жоғарғы кеңес төрағасы Станислав Шушкевич, Министрлер кеңесінің төрағасы Вячеслав Кебич, Украинадан – президент ретінде Леонид Кравчук, премьер министр Витольд Фокин қол қойды. Бұл келісімді 1991 жылы 10 желтоқсанда Украина мен БелорусияЖоғарғыкеңестері, ал12 желтоқсандаРесейЖоғарғыкеңесіратификациялады[1].

1991 жылы 13 желтоқсанда Ашхабад қаласында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстан жəне Түркіменстан президенттері кездесіп, ТМД-ға мүше болып кіру туралы келісті. Басты шарт – мүшелердің тең құқықты болуы мен тəуелсіздіктің сақталуы болды. Осы кездесуде Қазақстан Президенті Н.Ə. Назарбаев ТМД-ға мүше мемлекет басшыларын Алматы қаласына жиналып, бірігіп ақылдасып, ортақ шешімқабылдаудыұсынды[2]. Соныңнəтижесінде, 1991 жылы21 желтоқсандаАлматықаласындабұрын КСРО құрамында одақтас болған, жаңадан тəуелсіздігін алған Ресей, Белорусия, Украина, Молдавия, Армения, Əзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстан, Түрменстан сияқты 11 мемлекет

22

басшылары Алматы қаласында кездесіп, ТМД-ның мақсаты мен ұстанымдары тұжырымдалған Алматы декларациясын қабылдады. Яғни, Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың ұсынысымен өткен Алматы кездесуі ТМД-ныңтолыққандысаясибірлестіккеайналуынатікелейықпалетті.

Тəуелсіздік алған алғашқы кезден бастап, елде болып жатқан өзгерістерді талдау арқылы Қазақстан басшысы өзінің назарын болашақтың бағытын айқындауға аударды. Атап айтқанда, Елбасы Н.Ə. Назарбаев1992 жылыжарықкөрген“Қазақстанныңегемендімемлекетретіндеқалыптасуымендамуының стратегиясы” деген еңбегінде жаңа тарихи жағдайға байланысты республиканың егеменді мемлекет болуының стратегиялық міндеттерін көрсетіп берді [3]. Қазақстан тəуелсіздігін алған сəттен бастап тек өз күші мен мүмкіндігіне сай əрекет жасауына тура келді. Қазақстан бұл мəселені ескере отырып, жаңаша жағдайға сай өз өміршеңдігін сақтап қалу мен экономикалық модернизацияны жүзеге асыруға кірісті. Сондықтан Елбасымыз «алдымен экономика, сосын саясат» деген ұстанымды таңдап, тəуелсіз ел ретінде даму үшін мемлекеттіліктің берік негізін қалау, ұлттық экономиканы жандандыру бірінші кезектегі мəселелердіңқатарынақойды.

ҚазақстанПрезидентіН.Ə. Назарбаев1992 жылы5 қазандаБҰҰБасассамблеясының47-сессиясында баяндамажасап, əлемдікауқымдағыөткірмəселелердікөтерді. Мысалы, батыспенсолтүстіктегіелдердегі халықтың20 % байбөлігіЖербетіндегіжиынтықтабыспенбайлықтың83 % тұтынатынын, шығыселдері мен Азияның ең кедей деген 20 % халқына əлемдік табыстың 1,4 % ғана тиетінін, қайшылықтың 60/1 арақатынасынатеңекенінкөрсетті. Елбасы60:1 əлемдіктеңсіздіктіңформуласыдепатады. Соныменқатар, əлемдікауқымдағыəскерибюджеттіңжылдықкөлемі1 триллионАҚШдолларынанасыпкеткенін, алБҰҰ əлемдегібейбітшіліктісақтауғабөліпотырғанқаржысы8,3 миллиардАҚШдолларыекенінкөрсетті. Яғни, бүкіладамзаттыңбейбітшілікүшінжұмсайтынқаржысысоғысүшінжұмсалатынəскерибюджеттің1 % да жетпейтінін батыл айтты. Бұдан былай əр мемлекет 1+1 формуласына сəйкес, əскери мақсатқа бөлінген қаржыға тең келетін қаржыны бейбітшілікті сақтауға бөлуі тиіс деген ұсынысын білдірді. Сонымен қатар, Елбасымыз Европадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы сияқты құрылымды Азия аймағында да құру керек екеніне назар аударды [4]. Сөйтіп, Азия аймағындағы мемлекеттердің ынтымақтастығы мен достық қарым-қатынастарын дамыту мақсатында Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы бастама жасады. Қазақстан басшысының бұл бастамасы əлемдік қауымдастықтың қызу қолдауына ие болды. Əсіресе, Азия елдері Елбасының ұсынысына қызығушылық танытып, жасампаз идеяны жүзеге асыруға бірден кірісіп кетті. 1993-2002 жылдар аралығында АӨСШК сарапшылары, сыртқы істер министрлері Алматы қаласында бірнеше рет кездесіп, арнайы жұмыс топтары құрылып, сенім шараларын жүзеге асыру жолдары талқыланып, тиісті құжаттар əзірленді.

2002 жылы 4 маусымда Алматыда АӨСШК Бірінші саммиті өтті. Саммитке Қазақстан, Ресей, Қытай, Пəкістан, Түркия, Моңғолия, Қырғызстан, Тəжікстан жəне Ауғанстан президенттері, Əзірбайжан жəне Үндістан премьер-Министрлері, Иран, Египет, Палестина жəне Израильдің өкілетті ресми тұлғалары, бақылаушымемлекеттер: АҚШ, Индонезия, Малайзия, Жапония, Таиланд, Вьетнам, Украина жəне Корей Республикасының өкілдері, бақылаушы ұйымдар: БҰҰ, ЕҚЫҰ жəне Араб мемлекеттерінің басшылары қатысты. Басқосу барысында Алматы Актісіне, Лаңкестікті жою жəне өркениеттер арасындағы сұхбатқа қолдау көрсету туралы декларацияғақолқойылды[5].

АӨСШК екінші саммиті 2006 жылы 17 маусымда Алматыда өтіп, оған 18-мүше ретінде Оңтүстік Корея қатысты. Үшінші саммит 2010 жылы 8 маусымда Түркияның Стамбул қаласында өтті. Бұл жолы саммитке 21 мүше-мемлекет, 11 бақылаушы мемлекеттер мен ұйымдар, 20 қонақ мемлекет қатысты. Осыған дейін АӨСШК төрағалық етіп келген Қазақстан төрағалықты Түркияға тапсырды. АӨСШК төртінші саммиті 2014 жылы 21 мамырда Қытайдың Шанхай қаласында өтті. Осы саммитте Түркия төрағалықты Қытайға табыстады. АӨСШК қызметі барысында Азия құрлығындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған көптеген саяси құжаттар қабылдап, іс-шаралар өткізді [6]. Алматы актісінен бастап, сенім шараларының каталогы, терроризммен күресу, өзара ынтымақтастық туралыкөптегенмаңыздықұжаттарқабылданды. Осылайша, ЕлбасымызАзияаймағындағыинтеграцияға дабастамашыболды.

Қазақстан Президенті Н.Ə. Назарбаев евразияшылдық идеясын жаңғыртушы, Евразиялық экономикалық одақты құруға ұсыныс жасаған саясаткер ретінде де есімі тарихта қалды. Посткеңестік кеңістікте Еуразиялық одақ құру туралы алғаш бастама жасаған ‒ Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев. Оның ұсынғанеуразиялықодаққұру туралыидеясындағыекіерекшелікбар:

біріншісі – еуразиялық идея Еуразиялық одақ құруға қарай ойысып, саяси шынайылыққа айнала бастауы;

екіншісі – дəстүрлі еуразиялық идеяда негізгі орында болған Ресейдің басым рөлі туралы қағидаға өзгерісжасалып, ЕуразиятөсіндеРесейменқатароғанмүше-мемлекеттердіңдегеосаясирөлдерізорекенін мойындау, сөйтіпқазіргіЕуразиялықэкономикалықодаққакөпбағыттылықтəнболуы.

23

ҚазақстанРеспубликасыныңтұңғышПрезиденті-ҰлткөшбасшысыН.Ə. Назарбаевкөрегенсаясаткер ретінде өз идеясын əлемдік қауымдастық талқысына байыппен ұсынды. Алдымен Лондондағы «Чатем Хауста» ол ТМД-ның «жаһандық ықпалдастық» бағытында даму перспективасы туралы сөз қозғады. Ал, 1994 жылғы 28 наурызда Ресей Федерациясына ресми сапары барысында Кремльдің Георгиев залында, 1994 жылы 29 наурызда Мəскеу Мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері алдында баяндама жасап, Қазақстан мен Ресейдің еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастық процестеріндегі рөлі туралы өз ойларын жəне ТМД жаңғырту туралы айтқан болатын [7]. Шешуші қадам солжылы3 маусымдаТМДелдерініңбүкілкөшбасшыларына«МемлекеттердіңЕуразиялықОдағынқұру туралы» жобаны жіберу арқылы жасалды. Сонымен бір мезгілде жобаның мəтіні ашық баспасөзде жарияланды.

Сөйтіп, ТМД мүше мемлекеттерінің жаңа бірлестігі ‒ Еуразиялық Одақ құру туралы бастама көтерді. «Евразиялық одақ құру ‒ қажеттілік, ‒ дей келіп, Қазақстан Президенті: «...Мəселе мынада болып тұр: кейбір саяси көшбасшылардың ойында, тек олар ғана емес көптеген адамдардың басында империя қайта пайда болып кетпей ме деген саяси қорқыныш бар. Бірақ бұған енді ешкім де бармайды. Біз «одақ» деген сөзден қорықпауымыз керек. Мысалы, Европалық одақ бар ғой. Біз бəріміз теңбіз, жəне менің осы жолға Ресейге келуім осы теңдіктің мойындалуы» ‒ деді [8]. Елбасымыз, тығыз экономикалық ықпалдасудың ұтымдытұстарынжан-жақтыбаяндады.

Қазақстанның Мемлекет басшысы біріншіден, мəдени жəне өркениеттік факторлардың маңызын ешбір төмендетпестен, интеграцияны экономикалық прагматизм негізінде құруды ұсынды. Абстрактылы геосаяси идеялар мен ұрандар емес, шынайы экономикалық мүдделер интеграциялық процестердің қозғаушы күші болып табылады. Сондықтан да, болашақ Еуразиялық одақтың алғышарты – Біртұтас экономикалық кеңістік құру. Екіншіден, интеграция ерікті негізде жүзеге асуы. Жаһандану жайлаған бүгінгіəлемде оқшауланудыңтиімсізекенінəрбір мемлекет сезінуітиіс. Өркениеттідамудыңтөтежолы– ел мен халықтың мүддесіне сəйкес келетін ерікті интеграция. Үшіншіден, Елбасымыз мақсат тұтқан Еуразиялық одақ – теңдік, ішкі істерге қол сұқпау, егемендікті құрметтеу, шекаралардың тұтастығы принциптеріненегізделетінмемлекеттердіңбірлестігі. Төртіншіден, Н. НазарбаевЕуразиялықодақтыңұлт үстілік органдарын құруды ұсынды. Ол органдардың нақты өкілеттіктері болады, барлық мүше-елдердің мүдделерін консенсус негізінде есепке алып жұмыс істейді. ЕО тəжірибесі сияқты, интеграциялық серіктестердіңтеңдігіменегемендігі əрдайымсақталады[9].

1994-2000 жылдар аралығында еуразияшылдық идеяны жүзеге асырудың ұтымды жолдары қарастырылып, түрлі іс-шаралар, мемлекетаралық кездесулер, ғылыми конференциялар өткізілді, ғылыми еңбектержарыққашықты. 2000 жылы10 қазандаҚазақстанПрезидентіН.НазарбаевАстанақаласындабес мемлекеттіңбасшыларыныңбасынқосып, кездесуөткізді. Іс-шаранəтижесіндеҚазақстан, Ресей, Беларусь, Тəжікстан, Қырғызстан басшылары «Евразиялық экономикалық қауымдастық құру туралы» келісімге қол қойып, ол2001 жылы30 мамырдакүшінеенді[10]. Аталғанкелісімдеқолқоюшымемлекеттерарасындағы тиімді өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыта отырып, келешекте Кедендік одақ құру жəне Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру мақсатын жүзеге асыру жолдары тұжырымдалды. Келісім күшіне енген соң Евразиялық экономикалық қауымдастықтың Мемлекетаралық кеңесі, Интеграциялық комитетіқұрылды, 2003 жылыЕврАзЭҚСотыныңмəртебесібекітілді.

Қазақстан Президенті Евразиялық одақ құрумен қатар, Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығын дамытуды да қатар алып жүрді. 2002 жылы 28 ақпанда Алматы қаласында Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымын (ОАЫҰ) құру туралы келісімге қол қойылды. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Өзбекстан мүше болды. Бұл ұйым 1994 жылы құрылған Орталық Азиялық экономикалық қауымдастық ұйымын қайта құру арқылы пайда болды. ОАЫҰ кең ауқымды мақсат-мүдделерді көздеді: саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, мəдени-гуманитарлық т.б. 2004 жылы 18 қазанда Душанбе қаласында бұл ұйымның саммиті өтіп, оның ауқымында Ресей Президенті В.Путин ОАЫҰ-на Ресейдің қосылатыны туралы арнайы хаттамаға қол қойды. Бірақ көп ұзамай, 2005 жылы 6 қазанда Санкт- ПетербургтеөткенОАЫҰсаммитіндебұлұйымдыЕврАзЭҚ-пенбіріктіру туралышешімқабылданды.

2006 жылы тамызда ЕврАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінде Кедендік одақты бұл қадамға дайын үш мемлекет ‒ Қазақстан, Ресей, Беларусь ауқымында ғана құру туралы шешім қабылданды. 2007 жылы 6 қазанда Душанбе қаласында ЕврАзЭҚ саммиті өтіп, оның ауқымында Ресей, Қазақстан, Белоруссияның құратын Кедендік одағының тұжырымдамасы қабылданды. Кедендік одақ құрудың іс-əрекет жоспары үш жылға есептеліп жасалды. Мемлекеттерден жоғары тұратын Кедендік одақ комиссиясы құрылып, онда Ресей 57 % дауысқа, ал Қазақстан мен Белоруссия 21,5 % дауыстан иеленді. Дегенмен, əттеген-ай дейтін жағдайлар да орын алды: 2008 жылы Өзбекстан ЕврАзЭҚ құрамынан шығатынын мəлімдеп, сол жылы 12 қарашадаМосквадаөткенЕврАзЭҚМемлекетаралық кеңесіндеӨзбекстанныңмүшелігі тоқтатылды.

2009 жылы 28 қарашада Минск қаласында сол кездегі Ресей Президенті Д.Медведев, Белорусия Президенті А.Лукашенко, Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Н.Назарбаев кездесіп, 2010 жылдың 1

24

қаңтарынан бастап біртұтас кедендік кеңістік құру туралы келіссөз жүргізді. Сөйтіп, 2010 жылдың қаңтарынанбастапүшеларасындаБірегейкедендіктарифкүшінеенді.

2010 жылғы 25 маусымда Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт Қазақстан Республикасының №293-ІV Заңыменратификацияланды. Осылайша, 8 бөлім, 50 тарау, 372 баптантұратынКедендікодақтың жаңа Кедендік кодексі қабылданып, ол өз кезегінде, одаққа мүше елдердің дербес кедендік кодексін алмасырды[11].

Бұған дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сəуірде қабылданған Кеден кодексі осы саланың құқықтық, экономикалық жəне ұйымдық негіздерін белгілеп, еліміздің егемендігі мен экономикалыққауіпсіздігінқорғауға, Қазақстанэкономикасыныңдүниежүзілікэкономикалыққатынастар жүйесіндегі байланыстарын жандандыруға жəне сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға ықпал етіп келген болатын. Осы кодекс арқылы экономикамыз айтарлықтай жанданып дамыды. Ал, Қазақстан 2009 жылы Кедендік рəсімдерді жеңілдету мен үйлесімді ету жөніндегі Киото конвенциясын ратификациялап, халықаралық сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуда əп-əжептеуір жетістіктерге қол жеткізген болатын. Бірақ, экономист мамандардың жалпытанылған пікіріне сүйенсек, Кедендік одақтың бірегей Кеден кодексі əзірленгенде Ресейдің мысы басып, ресейлік Кедендік кодекстің қағидаларыменталаптары негізгеалыныпкеткен. Осыданкеліп, Кедендік одақтаРесейдің мүддесібасым тұратынсыңаржақжағдайқалыптасты. БұрынғыфритрейдерлікбағыттағыҚазақстанныңдербесКедендік кодексі аясында кедендікалым-салықайтарлықтайтөменболса, Кедендікодақтыңбіртұтас кодексі алымсалықтардың деңгейін айтарлықтай көтеріп жіберді. Өйткені, оның негізінде Ресейдің протекционистік сипаттағыбұрынғыКедендіккодексітұр.

Ал2011 жылдыңқазанындаТМДауқымындаеркінсаудааймағынқұрутуралыкелісімгеқолқойылды

[12].

2012 жылғы 1-ші қаңтардан бастап үш елдің арасында Біртұтас экономикалық кеңістік ашылды. Осы маңыздыіс-шараныңқарсаңында«Известия» газетінің2011 жылғы3 қазандағысанындасолкездегіРесей Федерациясының Үкімет басшысы В. Путин «Новый интеграционный проект для Евразии ‒ будущее, котороерождаетсясегодня» аттыарнайымақаласынжариялады[13].

МақаладаВ. ПутинКедендікодақпенБіртұтасэкономикалықкеңістіктікелешектегіЕАЭОнегізідеп көрсетті. Бұл ұйым уақыт өте келе қанатын кеңге жаятынын да болжайды: қазірдің өзіне бұл одаққа Қырғызстан мен Тəжікстан кіруге мүдделі болып отыр. В.В. Путин болашақта интеграцияның келесі жоғарыдеңгейі– ЕуразиялықодақауқымындаықпалдасуымызқажетдегенН.Ə. Назарбаевтыңұсынысын қолдайтынын білдіреді. Елбасымыздың еуразиялық ұсыныстары саяси шынайылыққа айналып, бүгінгі таңдаЕуразиялықэкономикалықодағықұрылып, нақтықызмететуде.

2013 жылы 24 қазанда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Жоғарғы Евразиялық экономикалық кеңес мəжілісінде ЕврАзЭҚ-ты таратуды ұсынды. Өйткені, Ресей, Қазақстан, Белоруссия бірлесіп Евразиялық экономикалық одағын (ЕАЭО) құратын болса, ЕврАзЭҚ оның қызметін қайталайтын болғандықтан керек емесболыпқалады. АлегерҚырғызстан, Тəжікстан, Армениямүшеболыпкіреміздесе, жаңаодақтыңесігі ашықдепмəлімдеді.

ЕАЭО ‒ мемлекет-мүшелері Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасы болып табылатын халықаралық аймақтық экономикалық интеграциялық ұйым. 2014 жылғы 29 мамырда Астана қаласында қол қойылған «Евразиялық экономикалық одақ туралы келісімнің» 1 бабына сəйкес, ЕАЭО «халықаралық құқық субъектілігіне ие, ауқымында тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы қамтамасыз етілетін, осы Келісвім-шартта анықталған жəне одақ ауқымында жасалған халықаралық шарттарға сəйкес экономика саласында үйлестірілген, келісілген немесе бірегей саясат жүргізетін аймақтықэкономикалықинтеграцияныңхалықаралықұйымы» болыптабылады[14].

2014 жылы 10 қазанда Минск қаласында Ресей, Қазақстан, Белоруссия, Қырғызстан, Тəжікстан, Армения 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО қызмет ететін болғандықтан, ЕврАзЭҚ-ты тарату туралы құжатқа қол қойды. Ал 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО нақты қызмет ете бастады. Осылайша, Елбасымыздың жиырмажылбұрынұсынғанинтеграциялықидеясыісжүзінеасты.

Дегенмен, ЕАЭО құрылып, іске кіріскенімен, одақтық сана-сезім қалыптаса қоймағаны байқалады. Одақтасмемлекеттердіңəрқайсыөздерініңұлттықмүдделерінқорғауғатырысып, өзпайдасынжібермеуге тырысып бағуда. Яғни, ұлттық мүдде басым, одақтастық бірегейлену толыққанды емес. «Ортақ өгізден оңаша бұзау жақсы» демекші, тоталитарлық жүйеден зəрезап болған посткеңестік елдерде «одақтасуға» сақтықпен қарау басым. Оған ТМД, ЕурАзЭҚ, Кедендік одақ, ЕАЭО сияқты бірлестіктердің тəжірибесі дəлел.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, посткеңестік мемлекеттердің көпшілігі «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға» қарағанда, тиіп-қашып, бұра тартып, пайда ойлайтын саяси ойыншыларға ұқсайды. Қазақстан ғана ықпалдасу мен серіктестікті дамытуға қатысты ұстанымын өзгерткен емес. Ал Елбасымыз ғаламдық ауқымдағы бейбітшілік пен ынтымақтың, əріптестік пен ықпалдасудың тұрақты

25

идеялық генераторы іспетті. Қазақстан Президенті Н.Ə. Назарбаев ұсынып, бүгінде іске асып жатқан интеграциялық идеяларының бірі Еуразиялық экономикалық одақ екенідаусыз. Бұл бірлестіктің құрылуы мен қызмет етуі жолында қыруар жұмыс атқарылды. Оның жемісіне бүгін бүкіл əлем куə болып отыр. Ендігі мəселе жаңадан құрылып, жұмысын енді бастаған бірлестікті одан əрі нығайту. Шынайы экономикалық одақты дамытып, оның толыққанды жұмыс істеуі үшін одақтық бірегейлік қажет екені даусыз.

«Көш жүре түзеледі» демекші, уақыт өте келе, өзара тиімді ынтымақтастық тереңдеген сайын, ЕАЭО мүшелеріарасындағыбарлыққайшылықтарұлттықмүдделердіңескерілеотырыпшешілетінінесенімдіміз. БұлүшінЕАЭОүлкенмүмкіндіктер бар жəнеəлеуетідезор.

Əдебиеттер

1.Айбазова Ф.У. Cодружество Независимых Государств ‒ новая форма межнациональной интеграции // Вестник РУДН, серияИсторияРоссии. -2008. -№2. –С. 126.

2.ГребениченкоС.Ф., СагиндиковР.Е. ЕвразийскаяидеяН.А. НазарбаевавусловияхСодружестваНезависимыхГосударств

//ВестникРУДН, серияВсеобщаяистория, 2015, №1. –С. 69.

3.НазарбаевН.Ə. Қазақстанныңегемендімемлекетретіндеқалыптасуымендамуыныңстратегиясы// Тəуелсіздігіміздіңбес жылы. -Алматы, 1996. -110 б.

4.Выступление Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева на 47-й сессии Генеральной Ассамблеи Организации Объединенных Наций (Нью-Йорк, 5 октября 1992 г) // http://www.s-cica.kz/page.php? page_id=364&lang=2&parent_id=835

5.ТокаевК.Ж. ЦентральнаяАзия: кновоймоделисотрудничества// Казахстанскаяправда. 23 февраля2005 года. –С. 2.

6.Идрисов Е. СВМДА ‒ яркий пример внешнеполитического успеха руководства РК // Казахстанская правда. ‒ 2014. ‒ 4 октября. –С. 1.

7.МансуровТ. Нурсултан Назарбаев– главныйархитекторевразийской интеграции // Казахстанскаяправда. 12 марта 2014 года. –С. 2.

8.Выступление Президента РК Н.А. Назарбаева в Московском государственном университете им. М. В. Ломоносова // ПрезидентН.А. НазарбаевисовременныйКазахстан. ‒ТомIII. Н.А. НазарбаевивнешняяполитикаКазахстана: сборникдокументов иматериаловвтрехтомах/ отв. ред. Б.К. Султанов. ‒Алматы: КИСИприПрезидентеРК, 2010. ‒С. 214-215.

9.МұсатаевС. Ұлттықмүдденіңақиқатыменаманаты. –Алматы, 2016. –Б. 65.

10.ДоговоробучрежденииЕвразийскогоэкономическогосообщества// http://www.evrazes.com/docs/view/3

11.«ОратификацииДоговораоТаможенномкодексетаможенногосоюза» ЗаконРеспубликиКазахстанот25 июня2010 года №293-IV // http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z100000293_

12.НазарбаевН.А. ЕвразийскийСоюз: отидеикисториибудущего// Известия. ‒2011. ‒25 октября. –С. 1.

13. Новый интеграционный проект для Евразии ‒ будущее, которое рождается сегодня: [электрон. ресурс]. –URL:

//http://izvestia.ru/news/502761#ixzz3ovWy7Juc

14.«Договор о Евразиялық экономикалық одақе» от 29 мая 2014 года: [электрон. ресурс]. –URL: https://docs.eaeunion.org/sites/storage0/Lists/Documents/a089f4c6-02da-4461-b033-3f5d122e0020/e57db9f2-9589-4b26-be1e- b1a43862c6ed_635375701449140007.pdf

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫКӨШІ-ҚОН ҮДЕРІСТЕРІНІҢДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕЫҚПАЛЫ

Мейранов С.А.,

əл-ФарабиатындағыҚазҰУ МұсатаевС.Ш., с.ғ.д., профессор e-mail: mceka mceka@mail.ru

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың бастамасымен еліміз қоғамдық сананы рухани жаңғыртуды жүзеге асыруда. Рухани жаңғыру көп салалы құбылыс, қоғам өмірінің түрлі бағыттарын, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ұлттық мүддені қорғау сияқты маңызды мəселелермен тығыз байланысты. Ғылымизерттеудің мақсаты ‒ Қазақстанның демографиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді рухани жаңғыру мен адами капиталдыдамытудыңнегізіретіндеталдау.

Жұмыстың ғылыми жəне тəжірибелікмаңыздылығы– қазіргіөзектісаясимəселелердіңқатарынаҚазақстанның демографиялыққауіпсіздігінқамтамасызетеотырып, руханижаңғыруғаықпалетужатады. Өйткені, руханижаңғыру ішкі-сыртқы көші-қонның қызу үдерісі жағдайында жүруде. Бұл мəселені саясаттанулық зерттеудің теориялық жəне практикалықмаңыздылығыкүмəнтудырмайды.

Зерттеудіңəдіснамаларысалыстырмалыжəнежүйелі, контентжəнеивентталдауларғанегізделген.

Зерттеудің нəтижелері мен қорытындылары: Қазақстанның демографиялық қауіпсіздігі мен рухани жаңғыруының өзара байланысын, мəселелері мен ерекшеліктерін танып-білу, ғылыми нəтижелері рухани жаңғыру аясындағыадамикапиталдыдамытуғакөмектеседі.

Зерттеу жұмысының маңыздылығы – Қазақстанның демографиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өзіндік үлес қосады.

Түйінсөздер: руханижаңғыру, демографиялыққауіпсіздік, көші-қон, адамикапитал.

26

Қалыптасқан саяси дəстүр бойынша, Қазақстан Президенті Н.Ə. Назарбаев «Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты ел халқына арнаған жаңа Жолдауында еліміздіңдамубасымдықтарынанықтапберді. БиылғыЖолдаудың«Адамикапитал– жаңғырунегізі» деп аталатын жетінші басымдығы білім беру, денсаулық сақтау, əлеуметтік даму сияқты халықтың тұрмыстіршілігімен тікелей байланысты стратегиялық маңызды мəселелермен тығыз байланысты [1]. Адами капиталды дамыту мен демографиялық хал-ахуал бір-бірімен тығыз байланысты əрі өзара тəуелді. Егер елдің демографиялық хал-ахуалына төнетін қауіп-қатерлер артса, ол елдегі адамдардың өмір сүру деңгейі мен сапасы нашарлайды, мұндай жағдайда адами капиталдың қандай нашар күйге түсетіні айпаса да түсінікті.

Мəселенің осындай өзектілігіне байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясықалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында еліміз бен өңіріміз үшін аса маңызды оннегізгі сын-қатерді бөліп көрсетті. Солардың ішінде екінші сын-қатер ‒ жаһандық демографиялық теңгерімсіздік деп көрсетілген [2]. Оның мəні былайша тұжырымдалған: жаһандық демографиялық теңгерімсіздіктің əлемдік тренді ‒ адамзаттың қартаюы. Енді 40 жылдан кейін алпыс жастан асқан адамдардың саны 15-ке толмағандардан асып түседі. Туудың азаюы жəне адамзаттың қартаюы көптеген елдерде еңбек нарығындағы проблемаларға, атап айтқанда, еңбек ресурстарының жетіспеушілігіне сөзсіз əкеледі. Шиеленіскен демографиялық теңгерімсіздік жаңа көші-қон толқындарын туғызып, күллі əлемде əлеуметтік шиеленісті күшейте түседі. Мұндай көші-қон қысымын Қазақстан қазірдіңөзіндесезінуде. Дегенмен, Қазақстанхалқыныңорташажасы– 35 жас. Бұлбіздіңадамикапиталды сақтауға, əлемде өзіміздің дұрыс орнығуымызға зор мүмкіндік береді. Бүгінгі күні алға жылжуға бізде жақсы негіз бар. Қазақстан жастары оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияныкүнделіктіөмірдешебердетиімдіпайдалануғатиіс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (ҚР ҰЭМ) Статистика комитеті мəлім еткендей, Қазақстанныңхалық саны 2017 жылғы1 қыркүйектегікөрсеткіш бойынша 18 074,1 мың адамға жеткен. Соның ішінде қалалықтар – 10 367,4 мың (57,4%), ауылдықтар – 7 706,7 мың адамды (42,6%) құрады[3].

ҚРҰЭМСтатистикакомитетініңтөрағасыНұрболатАйдапкеловжаңаданқосылғанонлайнесептеуіш 2021 жылы елімізде тұрғындар саны 19 миллионға жететінін көрсетіп тұрғанын айтты: «Шамамен 2021 жылдың бірінші жартысында Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетеді», ‒ деді төраға xалық саныныңесептеуіштітаныстыру сəтінде[4].

Алайда, Қазақстандахалықсаныкөбейгенімен, демографиялықахуалнашарлапотыр. Демографиялық жағдайға жағымсыз əсер етіп отырған факторлар көп: көші-қонның кері сальдосы, техногендік апаттар жəнеантропогендіфакторлар, табиғитөтеншежағдайларнəтижесіндеболатынөлім-жітімніңкөптігі, түрлі аурулардың таралуы, девиантты мінез-құлықтың теріс əсері т.б. Басқаша айтсақ, демографиялық қауіпсіздіккетөнетінқауіп-қатерлер жетерлік.

Демографиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің аса маңызды салаларының бірі. Бүгінгі таңда ұлттық қауіпсіздіктің тиімділігі тек қана əскери күш-қуаттың шеңберінде ғана емес, əлеуметтікэкономикалық, экологиялық, демографиялық, ақпараттық, саяси құқықтық жəне адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүддесі мен талап-тілегіне қатысты өзге де қарама-қайшылықтар дер кезіндеқалайшешімінтауыпотыратындығынатікелейбайланыстыболыпотыр. Осығанорай, 1998 жылы 26 маусымдағы “Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы” Заңы қабылданып, онда ол төмендегідейжіктелген: а) сыртқықауіпсіздік; ə) əскериқауіпсіздік; б) ақпараттыққауіпсіздік; в) қоғамдық қауіпсіздік; г) экологиялыққауіпсіздік; д) экономикалыққауіпсіздік[5].

Ал 2012 жылғы 6 қаңтарда № 527-IV «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» ҚазақстанРеспубликасыныңжаңаЗаңықабылданды[6].

Аталған екі заңды өзара салыстыратын болсақ, 1998 жылы 26 маусымда қабылданған «Қазақстан РеспубликасыныңҰлттыққауіпсіздіктуралы» Заңындаұлттыққауіпсіздік«ҚазақстанРеспубликасының ұлттыққауіпсіздігі– елдіңұлттықмүдделерініңнақтыжəнеықтималқауіп-қатерлерденқорғалуыныңжай- күйі» делінсе, 2012 жылы6 қаңтардағы«ҚазақстанРеспубликасыныңҰлттыққауіпсіздіктуралы» Заңында былай анықтама беріледі: «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi – адамның жəне азаматтың, қоғам мен мемлекеттің серпінді дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінiң нақты жəне ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйi» [7]. Бұл жердегі ерекшелік қауіпсіздікті қамтамасызетудіңсубъектілерінақтыланған.

Жалпы, қауіпсіздік ұғымы алғаш рет 1940 жылдардың соңы мен 1950 жылдардың басында АҚШ-та кеңқолданысқаиеболабастады. 1947 жылыАҚШ-та«Ұлттыққауіпсіздіктуралызаң» қабылданып, соның негізіндеқауіпсіздікмəселелеріменайналысатынҚорғанысминистрлігі, ОрталықБарлауБасқармасыжəне басты əскери – саяси орган – Ұлттық қауіпсіздік кеңесі құрылды. Кейін «қауіпсіздік» ұғымы НАТО құрылымдарықызметіндедеқолданылабастады. ОсыкезеңненбастапхалықаралыққауіпсіздікпəніАҚШтың жоғарғы оқу орындарындағы университеттік бағдарламаның міндетті түрде оқытылатын арнайы

27

курсына айналып, мемлекет қаржысының есебінен аталмыш тақырыппен айналысатын ғылыми–зерттеу орталықтары ашыла бастады. Ұлттық қауіпсіздік мəселесіне арналған белгілі саясаттанушы ғалымдар Г. Моргентаудың, К. Уолцтың, Р. Нибурдың, К. Томпсонның, Р. Аронныңтырнақ алдыеңбектері жариялана бастады. Осысебептіқауіпсіздікмəселесінтұңғышреттеориялықтұрғыданегіздеп, методологиясынжасау толығыменбатыстықғалымдардыңүлесінетиесіліекендігінмойындау қажет[8].

Енді, демографиялық қауіпсіздікке ықпал ететін факторларға қысқаша тоқтала кетсек, ең алдымен, əрине, елімізде көші-қонның кері сальдосы орын алып отыр. 1990-2000 жылдар аралығында төрт миллионғажуықадамшетеласты. Нақтыайтсақ, 1990 жылыҚазақстанхалқы16 690 000 болса, 2001 жылы 14 800 000 адамға азайғаны белгілі [9]. 2000 жылдардың ортасына таман баяулаған эмиграциялық ағын соңғы кездері қайта жандана бастады. Мысалы, соңғы жылдардағы Қазақстаннан шетелдерге кеткен эмигранттардыңсанының өсуқарқыныбайқалуда.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мəліметіне сүйенсек, 2017 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында Қазақстанға 14 528 адам келген, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 21,2% артық. Ал Қазақстаннаншетелдергекеткенадамдарсаны35 158 жеткен, бұлкөрсеткіш2016 жылменсалыстырғанда 8% өскен. Миграцияның теріс сальдосы ‒ 20 630 адам. Қазақстанның негізгі көші-қон қатынастары ТМД елдері болып отыр. ТМД-ға кеткен қазақстандық эмигранттардың үлесі 89,5%, ал ТМД-дан Қазақстанға келгениммигранттарүлесі71,4% [10].

2017 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан халқының саны 18,1 млн адамға жетті. Оның 10,4 млн қала тұрғындары, ал 7,7 млн ауыл тұрғындары. Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырсақ, халық санының өсімі 1,3% болған, яғни, қазақстандықтар 231,3 мың адамға көбейген. Отандық азаматтық хал актілері органдарының мəліметі бойынша, 2017 жылы қаңтар-қараша айларында 359,6 сəби дүниеге келген, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,9% аз. Бала туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 21,78 сəби болған. Есептік кезеңде Қазақстан халқының табиғи өсуі 16,9 мың адамға немесе 6,6 % төмендеп, 239,8 мыңадамғатүскен. 1000 адамғашаққандағытабиғиөсім14,52 адамғатеңболған.

Саясаттанушы ғалым Болат Сұлтанов статистикалық деректерге сүйене отырып, 2016 жылы республикамыздан 34965 адам кеткен, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 16,4 % көп екенін айтады. Оның ішінде Ресейге кеткендер саны 28 677 адам, Германияға – 2 637 адам, Белорусияға – 393 адам, АҚШ-қа – 228 адам, в Польшаға – 173 адам, Канадаға ‒ 168 адам. Көріп отырғанымыздай, олардың көпшілігі көрші Ресейге кеткен, ал Ресейге сырттан келетін барлық иммигранттардың 11% Қазақстанға тиесілі. Сонымен қатар, Ресей азаматтығын алатын қазақстандықтардың да саны артқан. Егер 2015 жылы 32 мың қазақстандық Ресей азаматтығын алса, 2016 жылы – мұндай адамдардың саны 38 мыңға жеткен. Осының нəтижесіндезиялы қауымныңшетелдергежылыстап кетуі(«утечка мозгов») тоқтаусызжүруде. Елімізден білімді де білікті мамандар шетелдерге кетуде, ал шетелдерден келіп жатқан оралмандардың қатарында біліміменбіліктілігіжоғарымамандарболғанымен, оларжоғалтқанинтеллектуалдықəлеуетіміздіңорнын толтыраалмайды[11].

Finprom талдамалық агенттігінің мамандары жүргізген зерттеу бойынша, 2017 жылдың 9 айы ішінде Қазақстаннан 5 мың инженер, 2700 экономист жəне 1700 мұғалім шетелдерге көшіп кеткен. Осы уақыт ішінде Қазақстанға сыртан 990 техникалық қызметкер, 627 экономист жəне 537 педагог мамандар келген

[12].

Қазақстандық сарапшылардың (Айдос Сарым, Замир Қаражанов, Гүлмира Илеуова т.б.) 365info.kz интернет порталында жарияланған пікірлеріне сүйенсек, Қазақстан халқының құрамындағы орысша сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің 60% жуығы потенциалды мигранттар екен. Орыс тілділердің жарымына жуығы «чемоданды көңіл-күйде» жүргендер, ерте ме, кеш пе Қазақстаннан шетелдерге кетуді көксеп жүргендер. Ал қалған бөлігі болса, басқа күн туса, қажеттілік пен мүмкіндік сəйкес болса қандай елге бас сауғалап кетуді ойластырып жүр. Орыс тілді қазақстандықтардың қалған 40% ғана өздерінің тағдырын Қазақстанмен байланыстырып, өз отаным деп санайды екен. А.Сарымның көрсетуінше, Қазақстаннан сыртқа кетушілердің саны артуы демографиялық қауіпсіздікке мынадай қауіп-қатерлер төндіреді: біріншіден, көптеген кəсіби мамандардан айырыламыз, яғни, халықтың сапалық құрамы нашарлайды. Екіншіден, əрбір миграция өз кезегінде миграцияның жаңа толқынын туындатады (құрбы-құрдастарының шетелге кетіп жатқанын көрген жастар да соларға қарай тартыла байтайды). «Стратегия» əлеуметтанулық жəне саяси зерттеулер орталығының президенті Гулмира Илеуованың жүргізген зерттеулері бойынша, 2016 жылыРесейгекеткенқазақстандықтардыңішіндезейнеткерліккежақынқалғанегдежастағыадамдар көп екен. Өйткені, Ресейде зейнеткерлікке шығу жасы Қазақстанға қарағанда ертерек, зейнетақы жоғары, əлеуметтік қамсыздандыру жақсы. Г. Илеуова Қазақстандағы сыртқы миграцияның артуына қатты алаңдаудыңқажетіжоқ, оныңоңнемесетерісəсерібайқалақоймайдыдепесептейді. Бұлқалыптымəселе, əлем бойынша миграция үдерісі тоқтаусыз жүруде, ең бастысы қазақстандықтар шетелдерге саяси немесе идеологиялықсебептерменқонысаударыпжатқанжоқ. Оларнегізіненөздерінежайлымекен, құттықоныс іздеп, арманқуып, өзмақсат-мүдделерінжүзегеасыруүшінкөшіпжатырдепойтүйеді[13].

28

«Евразия» гуманитарлықзерттеулердіңғылыми-зерттеуорталығыныңдиректорыЗиябекКабулдинов Қазақстандағы миграциялық процестерді талдай келе, ішкі жəне сыртқы миграциямен байланысты өзара тəуелді екі процеске назар аударады. Біріншіден, солтүсік облыстардағы «орыс тілді» азаматтар көршілес Ресейге қоныс аударуда, екіншіден, халық тығыз қоныстанған Қазақстанның оңтүстігіндегі қазақтар жəне шетелдерден келген оралман этникалық қазақтар солтүстік аймақтарға көшіп барып қоныстануда. Соның нəтижесіндесолтүстікоблыстардағыдемографиялықдағдарысқаұрынбаймыз. Ресейдебұғанқосааналық капитал (бала туған анаға ашылатын банктегі есеп-шот) мектеп бітірушілердің перспективалары, еңбек нарығы да қазақстандықтарды қызықтырады. Тіптен, Ресейдің жоғары оқу орындарында оқып жүрген қазақстандықжастардыңсаны70 мыңғатақау. Үштұғырлытілсаясаты, Ұлттықбіріңғайтестілеудіңəлегі, ақылы білім алудың қымбат болуы сияқты факторлар қазақстандық жастардың Ресейге қоныс аударуына, білім алу үшін ағылып баруына қосымша ықпал етуде [14]. Осы жерде туындайтын өткір сұрақ – Ресейде білімалыпжатқанжастаркейінтолығыменелімізгеоралама? ОлардыңбасымбөлігіРесейдеқалыпқалса, енді бір бөлігі шетелге кетіп, аз ғана бөлігі атамекенге оралмай ма деген қауіп басым. Тағы да отандық адамикапиталымызжасəрібілімдіжастарданайырылайындептұр.

Екінші, үшінші, немесеодандакөпбалатуған, немесебалаасырапалғананаларғамемлекеттікқолдау көрсетуді Ресей 2007 жылдан бастап қолға алған. 2007 жылы мұндай көмектің көлемі бір балаға 250 мың рубль болса, инфляцияны есепке ала отырып, 2017 жылы 453 мың рубльге жеткен. Қазіргі валюталық курспен санап көрсек, бұл қомақты қаражат. Бұл қаражат баланың 1,5 жасқа толғанша 10 мың рубль жəрдемақыалуына, балабақшашығыныныөтеуге, тұрғынүйге, білімалуғажұмсалады[15]. Балатуу мен аналарға қолдау жасайтын мұндай əлеуметтік саясаттың деңгейіне Қазақстан əлі жете қойған жоқ. Біздегі жөргекпұлдың, біржасқадейінтөленетінжəрдемақыныңдеңгейіРесейдегіденəлдеқайдатөмен.

Соныменқатар, көршіРесейгеқонысаударушықазақстандықтардыңартуынаолардыңұтымдыкөшіқонсаясаты, көшіпкелушілердіəлеуметтікқолдау бағдарламаларыықпалетуде.

Нақты айтар болса, Ресейде Федерациясының Президенті В. Путиннің бастамасымен жəне РФ Президентінің2006 жылғы22 маусымдағы№637 Жарлығымен«ШетелдердетұратынотандастардыРесей Федерациясына ерікті түрде қоныс аударуына қолдау көрсету жөніндегі мемекеттік бағдарлама қабылданған[16].

Бұл бағдарлама қысқаша «Отандастар» деп те аталады. Тіптен «Соотечественники» атты интернетте автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қызмет етеді [17]. «Отандастар» бағдарламасының мақсаты ‒ шетелдердегі отандастардың Ресейге қоныс аударуын ынталандыру мен ұйымдастыру, аймақтарды əлеуметтік-экономикалықдамытумендемографиялықмəселелердішешу, əсіреседамуытұралайбастаған, дамуүшінжұмыскүшіменадамикапиталқажетаймақтарғабасымдықберіледі. МұндайаймақтарРесейде Федерациясыүкіметінің2013 жылғы27 мамырдағы№848-рӨкіміменайқындалған:

1.БурятияРеспубликасы;

2.Забайкальеаймағы;

3.Камчаткааймағы;

4.Приморьеаймағы;

5.Хабароваймағы;

6.Амуроблысы;

7.Иркутскоблысы;

8.Магаданоблысы;

9.Сахалиноблысы;

10.Еврейавтономдыоблысы[18].

Ал енді Ресей билігі тарихи отанына оралған, шеттен көшіп келген отандастарына қандай əлеуметтік кепілдіктерберуде? ҚазақстандықтарнегеРесейгеқонысаударуғақұмарболып отыр? Оның себептері:

орналасуғаарналған жəрдемақыберу(көтермелеушіжəрдемақы);

болашақтұрғылықтыжергекөшіпбаруғакететіншығындыөтепберу;

құжаттардырəсімдеугекететіншығындардыөтеп беру;

Ресей азаматтығын алғанға дейінгі кезеңде еңбек немесе кəсіпкерлік табысы болмаған жағдайда ай сайынжұмыссыздыққажəрдемақытөлеу (алтыайданартықемес).

Көшіп келген отандастарына орналасуға арналған жəрдемақы (көтермелеуші) екі кезеңді төленеді. Біріншісі ‒ Ресейге көшіп келіп, келешекте тұратын жерге тіркелген соң төленеді, 150 мың рубль осы бағдарламаға қатысушының жеке өзіне жəне 70 мың рубль оның əрбір отбасы мүшесіне төленеді. Екінші кезеңі– көшіпкеліп, айқындалғанбасымдыққаиеаймаққатіркеугетұрғаннанкейін18 айөткенсоң90 мың рубль осы бағдарламаға қатысушының өзіне жəне 50 мың рубль оның əрбір отбасы мүшесіне тағы жəрдемақы төленеді. Бұл төлемдер ұзаққа созылмай, тиісті өтініш пен құжаттар мемлекеттік органдарға тапсырылғансоң, 15 күнніңішіндетөленеді. МұндайсаясаттыжүзегеасырыпотырғанРесейстратегиялық маңызды мақсатты көздеп отыр. Шетелдерден отандастарын елге жинау арқылы Ресей біріншіден

29

демографиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, екіншіден, адами капиталдың саны мен сапасын арттыру үстінде.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, мынадай мəселеге назар аударғанымыз жөн. Қазақстан да кезінде «Нұрлы көш» бағдарламасын жүзеге асырып, оралмандарға квота бөліп, жəрдемақы төлеп, көшіқонды жандандырып еді. 2011 жылы Жаңаөзен оқиғасына оралмандар кінəлі деген мəлімдемеден соң, оралмандардықолдаубіразуақыттоқтатылды. Оралмандарғасотталмағанытуралыанықтамаəкелуталабы қойылып, азаматтықалуқиындады. АуытМұқибекбастағанқоғамдықбелсенділердің, Абайкз, Қамшыкз сайттарының қажырлы еңбегі арқасында бұл қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік туды. Дегенмен, оралмандардың Қазақстанға бағытталған көші біраз іркіліп қалғаны рас. Халқының саны көп Қытай, Үндістансияқтыхалқыныңсаныкөпелдердіңтəжірибесіненкөріпотырғанымыздай, саннансапатуындап, қазақтың «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығатынына» куə болып отырмыз. Бұл екі ел де қазір экономкасын да, білім-ғылымын да қарыштатып дамытуда. Сондықтан, Қазақстан да көші-қон саясатына серпін беріп, этникалық қазақ оралмандардың азаматтық алуын жеңілдетіп, əлеуметтік қолдауды жақсартқаныабзал.

Сонымен қатар, Қазақстандағы ана мен балаға төленетін жəрдемақылар, зейнетақы, жалақы, шəкіртақы сияқты көптеген əлеуметтік маңызы бар төлемдердің көлемін арттыру да өте өзекті болып тұр. Қазақстандағы ең төменгі жалақының деңгейі мен ең төменгі күн көріс деңгейі Ресейдегіден екі есе төмен екені де баршамызға мəлім. Мұның барлығы Ресейге қоныс аударушылардың көп болуына ықпал етуде. Демографиялық өсім, адами капиталдың саны мен сапасы əлеуметтік-экономикалық хал-ахуалға тікелей байланысты. Елбасымыз межелеп отырған Қазақстанның рухани жаңғыруы мен төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамуға қол жеткізуіміз үшін біз демографиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету менадамикапиталдыдамытудыңарасындағыөзарабайланыстыүнемі естеншығармауымызкерек.

Əдебиеттер

1.Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НазарбаевтыңҚазақстанхалқынаЖолдауы// ЕгеменҚазақстан. 2018 жылғы10 қаңтар. – Б. 1-2.

2.«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» // Қазақстан Республикасының Президенті

Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан // http://www.akorda.kz/kz/official_documents/strategies_and_programs

3.Қазақстанда халық саны 18 074,1 млн адамға жетті // http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/93697-aza-standa-khaly-sany- 18-074-1-mln-adam-a-zhetti

4.Қазақстан халқының саны қашан 19 миллионға жетеді? // http://alashainasy.kz/alash/kazakstan-halkyinyin-sanyi-kashan-19- millionga-jeted-103964/

5.ҚазақстанРеспубликасыныңҰлттыққауіпсіздігітуралыЗаңы// ЕгеменҚазақстан. -1998 ж. 30 маусым. -2 б.

6.«ҚазақстанРеспубликасыныңұлттыққауіпсіздігітуралы» 2012 жылғы6 қаңтардағыҚазақстанРеспубликасының№527IV Заңы// http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1200000527

7.Дукеев Б. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілу көрінісі // http://www.sarap.kz/index.php/ru/rubikon/114-2013-05-22-05-21-43.html

8.Бердіғалиева А.А. Қауіпсіздік мəселесінің теориялық аспектілері // http://kisi.kz/kk/categories/geosayasat-zhane-halykaralyk- katynastar/posts/kauipsizdik-maselesinin-teoriyalyk-aspektileri

9.Мустафаев Н.И. Миграционные процессы в Казахстане // http://kisi.kz/ru/categories/politicheskaya-modernizaciya/ posts/migracionnye-processy-v-kazahstane

10.Садырова С. 35 тысяч человек уехало из Казахстана в 2017 году // https://bnews.kz/ru/news/s_yanvarya_po_noyabr_2017_goda_v_kazahstan_pribilo_bolee_14_tis_chelovek

11.РусскиемассовопокидаютКазахстанипереезжаютвРоссию// http://новости-казахстана.ru-an.info

12.Апсеитов Б. Из Казахстана уезжают инженеры, экономисты, врачи и учителя // http://www.ktk.kz/ru/news/video/2017/11/16/84663

13.Киселева Т. 60% русскоязычного населения Казахстана ‒ потенциальные мигранты ‒ политолог // https://365info.kz/2017/03/60-russkoyazychnogo-naseleniya-kazahstana-potentsialnye-migranty-politolog/

14.ПочемуэмиграцияизКазахстанарастет‒мненияэкспертов// https://365info.kz/2017/04/pochemu-emigratsiya-iz-kazahstana- rastet-mneniya-ekspertov/

15.Материнский(семейный) капитал// http://www.pfrf.ru/info/order/mother_fam_capital/

16.Государственная программа по оказанию содействия добровольному переселению в Российскую Федерацию соотечественников, проживающихзарубежом// https://xn--b1aew.xn--p1ai/mvd/structure1/Glavnie_upravlenija/guvm/compatriots

17.Автоматизированнаяинформационнаясистема«Соотечественники» // http://aiss.gov.ru

18.Территорииприоритетногозаселения// http://consular.rfembassy.ru/lm/konsulskie_voprosy/sootechestvenniki/%20TPZ

30

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]