Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

56

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.83 Mб
Скачать

Маңғыстаудан толық ығыстырумен, Ресей отарлауымен аяқталды. Маңғыстау – Үстірт аумағын, негізінен, адай мен табын мекендеген. Олардың жаз жайлауы Ембі, Сағыз өзендері бойында, Мұғалжарда болса, ал қыстаулары Сам құмында, Бозащыда, Маңғышлакта, Үстірттің кейбір бөліктерінде орын тепкен. Осы жерлердегі сәулет өнері ескерткіштерінің басым бөлігі осы үлкен руларға тиесілі болды. Арал – Каспийдің оңтүстік көшпенділері түйе өсірумен, қой шаруашылығымен мейлінше жиі айналысқан. Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауындағы адайларға тарихы орта ғасырларға кететін теңіз қарақшылығының да жат болмағаны деректерде, мысалы, Х ғасырдың араб географы әл-Истахри, т.б. еңбектерінде кездеседі. Маңғыстаудың жағалауға жақын орналасқан ескі ғибадатханаларының өзіне тән (мысалы, Саназар әулие, СұлтанЕпе, Сисем-Ата) ерекшелігі – пір тұтар әулиелердің қабірлері ұзын және түзу сырықтармен белгіленген, немесе олар кемелердің желкен кергіштері болуы мүмкін.

Қазақтыңкөршіхалықтар– түрікмендер,қарақалпақтар,башқұрттар,ноғайларменЕділбойы татарлары, орыстармен этномәдени қарым-қатынастары үлкен мәнге ие болды. Осы өңірде бірбірімен ежелден қоныстас келе жатқан қазақ пен түрікменнің шаруашылығы (мысалы, түрікмен қазақ жабысын будандастыру негізінде шыққан адай жылқысы), ру-тайпалық құрылымы, салтдәстүрі, зергерлік бұйымдары т.б. өзара өте ұқсастығымен ерекшеленеді. Бұл ұқсастықтың ең жоғарғы деңгейі сәулет өнерінің жерлеу-ғибадаттық саласынан айрықша байқалады. Шопан-Ата, Шақпақ-Ата, Қараман-Ата, Сұлтан-Епе, Қаңға-Баба, т.б. ғибадатханалардың негізін қалаушылар қазаққа да, түрікменге де ортақ әулиелер. Шығыс Каспий жағалауындағы қазақтар мен түрікмендерде бейіт басына салынатын құрылыстар, мысалы, дулыға тәрізді төбесі бар мавзолейлер, қабіртас түрлері («қойтас», «қошқартас»), т.б. бір-біріне ұқсас дамыған. Көшпелі тұрмыстық, қару-жарақ түрлері, ескерткіштердегі бейнеленген түрлер бір-біріне жақын. Қазақ (адай) және түрікмен (салор) жерлеу-рәсімдік құрылыстардағы бедерленген ру таңбалары ↑ да бір- бірінеұқсас.Бұныңбарлығыкең-байтақАрал– Каспийаймағықазаққа,түрікменге,т.б.түркітілдес халықтарға ортақ отан болғанын әрі солардың этномәдени тамырының терең екендігін дәлелдейді. Сондықтан халық сәулет өнерінің теңдесі жоқ ескерткіштер кешені біз үшін өте маңызды тарихиэтнографиялық түпнұсқа, сирек кездесетін мәдени-тарихи феномен, оның шығу тегі, ең алдымен, Арал – Каспийдің үзілмейтін терең этнотарихи дәстүрлерінде жатыр [4, 61-65-беттер]. Демек, Дала өркениетінің алтын бесігі – Маңғыстау мен Үстірттің мыңжылдық сан қатпарлы тарихының «әр кезеңіндедүрілдептұрғанкөшпеліжұрттарқұмғасіңгенсудайіз-түзсізғайыпболғанымен,олардың азын-аулақ «ізі» Маңғыстау топырағында да қалып қойып жатқан» [9, 10-бет]. Маңғыстаудың географиялық жағынан оқшау тұйықтықта орналасуы әрбір тарихи кезең белгілерінің сол өңірде сақталып қалуына жақсы мүмкіндіктер берген.

Маңғыстау мен Үстірт мәдениеті қазақ халқының қайталанбас мұрасы әрі ұлттық мақтанышы, сонымен қатар Еуразияның көптеген халықтарының әлі жете зерттелмеген маңызды қатпарлары. Шын мәнісінде Арал – Каспий өңірі (орта тұсында Маңғышлак – Үстірт өңірі орналасқан), ежелден Ұлы Тұран кеңістігінің осыбір сұсты да сүрең өлкесі тарих тағдырымен ауа көшкен тұтас бір елдердің этногенездік ошағы болды. Олар, мәселен, бір кездерде отаны болған кең-байтақ Каспий жағалауы мен Арал маңын естерінде сақтап кеткен алан-осетиндер, мадьярвенгрлер, осман түріктердің арғы аталары – оғыз-селжүктер, т.б. Бірақ сол кездерді жадында көптеген ескерткіштері арқылы сақтаған Ұлы Тұран жерінің нақ өзі, ал оның табиғи мұрагері әрі сол мәдени дәстүрді жалғастырушы – ата-бабасы ежелден осы «қазанда» қайнаған немесе 1829 жылы Солтүстік-Каспий жағалауында болған Александр Гумбольдтың «кратер-елінде» өсіп-өнген қазақ халқы [4, 10-бет].

Демек, Арал – Каспий өңірі – Маңғыстау мен Үстірт, Солтүстік Арал маңы және Каспий жағалауындағы жетуі қиын ескерткіштерді тауып, ғылыми жүйеге келтіріп, оның тарихын ескерткіштер арқылы «сөйлетіп», ең маңыздысы, далалық зерттеулер мен Маңғыстау облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау инспекциясының мәліметтері, т.б. дереккөздер арқылы тұңғыш карта құрастыруы автордың қазақ ескерткіштануына қосқан іргелі де сүбелі еңбегін дәлелдейді. Жеті жұртқа мекен болған Маңқыстаудың бай архитектуралық мұрасын халыққа кеңінен насихаттай отырып, оны сақтау әрі ғылыми-танымдық жағынан туризм орталығына айналдыру бүгінгі күн талабы. С.Әжіғалидың осы танымдығы мол зерттеулері Қазақстанның батыс өңірінің тарихи-мұраларын сақтауға негіз болып әрі осы заманға лайық игеріліп, ескерткіштері қайта жаңғыртылып, туризмді дамытуға пайдаланылса, әрине, құба-құп болар еді.

___________________________

211

1 Байпақов К.М., Таймағамбетов Ж.К. Археология Казахстана: Учебное пособие для студентов вузов. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 355 с.

2БартольдВ.В.СведенияобАральскоммореинизовьяхАму-Дарьи с древнейших времен до XVII века // Бартольд В.В. Сочинения. Т. 3. – М.: Наука, 1965. – 713 c.

3Беленицкий А.М., Большаков О.Г. Предисловие к 3-мутому// Бартольд В.В. Сочинения. Т. 3. – М.: Наука, 1965.

713 c.

4 Әжіғали C.Е. Маңғыстау мен Үстірт ескерткіштері (Памятники Манкыстау и Устюрта / Monuments of Mankystau and Ustyurt): кітап-альбом. Серік Әжіғали. – Алматы: «Өнер» баспасы, 2014. – 504 б.

5 Махмұт Қашқари. Түрік сөздігі (Диуани луғат-ит-түрк). Үш томдық. 3-том. – Алматы: Хант, 1998. – 600 б.

6АманжоловК.Р.Түркіхалықтарыныңтарихы.1-кітап(Көнедәуірденб.з.ХІVғасырынадейінгікезең). – Алматы:

Білім, 2005. – 304 б.

7 Ажигали С.Е. Очерк этнической истории аридной зоны Арало-Каспия (В свете проблем этногенеза) // История и культура Арало-Каспия. Сборник статей. Вып. 1 / Под общ. Ред. С.Ажигали. – Алматы: Құс жолы, 2001. – 228 б.

8 Агаджанов С.Г. Очерки истории огузов и туркмен Средней Азии 1Х-ХШ вв. – Ашхабад, 1969. – 297 с. 9 Қондыбай С. Маңғыстау-нама. – Толық шығармалар жинағы. 7-том. – Алматы: Арыс, 2008. – 448 б.

Арынов Ж.М., Рахимжанова М.Д.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН КЕЗЕҢДЕУДІҢ МЕТОДОЛГИЯЛЫҚ-ТЕОРИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ

Жалпы алғанда ел болып қалыптасуымыз, ұлт болып тұтасуымыз, ұлттық сана сезіміміздің нығая түсуі үшін, ұлттық туған тарихқа құштарлық процесін жағымды, тіптен бізге аса қажет құрылыс ретінде бағалауымыз қажет.

Өздерінің тарихын хронологиялық жүйеге түсіріп үлгерген өркениетті елдерде тарихи өркендету сатылары алғаш эраларға, одан соң дәуірлерге (эпоха), одан кейін кезеңдерге (период) және ең соңында сатыларға (топтарға) бөлінеді.

Мұны, әрине біздің де мойындап өз тарихымызды жазуда осындай жүйені басшылыққа алғанымыз жөн. Кейінгі толқын жас тарихшылар арасында осы мәселеге байланысты кандидаттық диссертациясын табысты қорғаған Кентбеков Салауат бұл тарихи хронологиялық жүйе түрлеріне мынадай талдау жасайды:

“Эра - өзініңішкі қоғамдық мазмұныныңжәне тарихи оқиғалардыңөздерінен бұрынғы уақыт кесіндісінен өзгешелігін байқайтын уақыт кесіндісі түсінігі”;

Эпоха– уақыткесіндісінетарихипроцесс,тарихипроцесс,тарихижүйелердіңауысуыретінде көрінетін ұғым;

Кезең - белгілі бір тарихи жүйе ішіндегі жағдайдың ауысуын көрсететін тарихи процестегі уақыткесіндісі;

Этап – осы тарихи жағдай ішіндегі әр түрлі оқиғалардың тиянақтылығын бейнелейтін тарихи процестегі уақыт кесіндісі [1]. Біздің ойымызша, тарихи процестің түрлеріне мұндай түсініктеме беру, жалпы алғанда қолдауға тұрады.

Алайда біз қазір тарихымызды жазуда дәл осы мәселеге жете мән бермей отырған тәріздіміз. Профессор Т. Омарбеков бұл туралы едәуір нақтырақ айтқан еді. Дәлел ретінде ол кісі соңғы жылдардағы ең беделді академиялық басылымымыз бес томдық Қазақстан тарихының алғашқы томына жүгінелік деген еді. Түпнұсқаны орыс тілінде жазылғандықтан, шатаспау үшін осы тілдегісін талдадық.

Мұнда “Древнейшей Казахстан”, “Казахстан в сакско-сарматского эпоху ”,“Государство раннегьо и позднего средневековья” деп аталатын үш үлкен бөлімі бар. Бұл жерде эраға бөлу аңғарына қоймайды.

Ал енді дәуірлерге немесе эпохаға бөлуге келер болсақ “Древнейший Казахстан” деп аталатынбөлімосыларғабөлінген.Бірақосыбөлімніңүшіншітарауы“Казахстанвдревнююэпоху” деп аталса. Ал оның ішіндегі алғашқы параграф “Племена Казахстан в эпоху бронзы” деп, ал 7-ші параграф “Антропологическая характеристика населения бронзового века” деп аталады.

Мұнда байқайтынымыз - “Древня эпоханың” өзінің тағы да “бронзовая эпохаға” бөлінетін:, дәуірді дәуірге бөлуді көрсетіп отырмыз.

Оның үстіне бір түсінік берсе “бронзовая эпоха” біресе “бронзовая век” деп берілген.

Ал кітаптағы “Казахстан в Сако-Сарматскую эпоху” деп аталатын бөлімде өз ішінде осылайша “эпоха раннего железа” деп аталатын тарауға бөлінген [2].

212

Жалпы “Қазақстан тарихының 1-томының атында да осындай методологиялық шатасу орын алған. Оның аты “Казахстан от эпохи палеолита до позднего средневековья” деп қойылған. Осындағы палеолитті “эпоха” деп мойындасақ, ал “позднее средневековья” ұғымы “эпохаға” жата қояма?

Кітаптағы үшінші тараудың алтыншы параграфы “Антропология средневекового периода” деп аталады, яғни кезең ұғымында берілген. Олай болса біз әңгімелеп отырған бірінші том “эпохадан” басталып “периодпен” аяқталатын болып шығады. Оның үстіне аталмыш кітапта әрбір “эпохаға”, “периодқа” ғылыми тұғыдан кең мазмұнды теориялық және методологиялық түсініктемелер берілмеген. Бөлімнің немесе тараудың аты неліктен осылай аталды? – деген сауалға ғылыми жауап жоқ.

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының өзін кезеңдерге бөлу принцип очеркте мүлдем басқаша, мұнда уақыт аралықтары жалпы тарихи және саяси-құқыққа негізделген, және де төрт кезең бөлініп көрсетіледі;

1.кезең Ертедегі дамыған ортағасырлардағы мемлекет (ҮІ ғ. басы – ХІІ ғ.).

2.кезең Монғол дәуіріндегі Қазақстан (ХІІІ – ХІҮ ғғ.) [3]

3.кезең Монғол дәуірінен кейінгі кезең (ХІҮ – ХҮ ғғ) [4]

4.кезең Қазақ хандығы (ХҮ – ХҮІІІ ғғ.) [241]

Бірінші кезең 3-кезеңге бөлінген; Түрік және Түргеш қағанаттары (552-756 жж.); Қарлұқ, Оғыз және Қимақ мемлекеттері (ҮІІІ – ХІ ғғ.); Қарахан мемлекеті, Қарақытай және Қыпшақ мемлекеттері (ХІ – ХІІІ ғғ.) [5].

Кітапта екінші, үшінші және төртінші кезеңдер этаптарға бөлінбеген.

Қазақстан тарихының келесі бір кезеңі, ол – Ресей империясының құрамында болуы. Автор оны үш кезеңге бөлген:

1.кезең Қазақстанның Ресейге қосылуы (ХҮІІІ ғ. І жартысы – ХІХ ғ.);

2.кезең ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық

қатынастары; 3. кезең ХХ ғасыр басындағы Қазақстан [6].

Яғни, бұдан біз жалпы кезеңдердегі тарихи дәуірлер мен жайттарды анығырақ бір кезеңдерге бөлгенге қарамастан, кітапта біртұтас өлшемге негізделген ішкі логикалық байланыс жоқ екендігін көреміз. «Қазақстан тарихының» авторы «дәуір, кезең, этап» деген терминдерге жете мән бермей, олардыбелгілібірретпенқолданаалмаған.Дегенмен,бұлзерттеукеңестікдәуіргедейінгіҚазақстан тарихынкезеңдерге бөлуде,әсіресе жекелеген тарихи дәуірлер мен процестерді зерттеуде үлкенбір

орын аларлық мәселе болып табылады.

 

Очерктегі көрсетілген кезеңдерге ұқсамайтын пікірлер 1994 жылы

Г.А Капекова мен

Б.Т Ташеновтың Жетісутарихының очеріктері атты шағын еңбегінен көрініс тапқан. Авторлардың кезеңдеуі көкейге қонымсыз. Жетісу тарихына байланысты ежелгі дәуірді сақ және ғұндар кезеңі деп екіге бөлулері де қисынсыз. Өйткені академиялық сипатта жазылып, жарйяланған 5-томдық Қазақстан тарихының бірінші томында сақ, ғұн, тайпалық одақтарының өмір сүрген уақыттары шамалас болғандықтан олар бір кезеңге жатқызылған. Сақтар өмір сүрген уақытты үш кезеңге бөлудің де ғылым үшін маңызы мардымсыз. Онда ғылымның методологиясы жетілмейді. Сондықтанда сақ, ғұн, үйсін қаңлы тарихын Қазақстан аумағында алғашқы мемлекеттік құрылымдар ретінде өз алдына дербес кезең түрінде дараландырғанымыз жөн. Онда ерте кезеңнен ХІҮ ғ. Дейінгі Шығыс Қазақстанның саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық процестері жайында айтылады [7].

Бұл еңбектегі тарихи процесс төрт кезеңге бөлінген:

1.кезең Сақ кезеңі

2.кезең Ғұндар кезеңі

3.кезең Ортағасырлар

4.кезең Монғолдардың қол астындағы Жетісу.

Бірінші және екінші кезеңдер – этно-мәдени белгілері бойынша, үшінші кезең – жалпы тарихи, төртінші кезең саяси-құқықтық белгілері бойынша бөлінгін. Ауақыт аралықтарын белгілеуде терминдер белгілі бір ретпен қолданылмаған.

Бірінші кезеңді автор үш кезеңге бөлген:

1.кезең Ерте сақ дәуірі – б.з.д. ҮІІ – ҮІ ғғ.

2.кезең Орта сақ дәуірі – б.з.д. Ү – ІҮ ғғ.

213

3. кезең Кейінгі сақ дәуірі – б.з.д. ІІІ – І ғғ. [8]. Жоғарыда айтқан бес томдық Қазақстан тарихыныңалғашқы үш томында көрсетілгенкезеңдерді мынадайғылымда орныққанпікірретінде, барлық тарихшылардың басшылыққа алғаны дұрыс болар еді деп санаймыз.

Еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейін бұл мәселені алғаш рет әрі кешенді түрде көтерген тарихшы академик М.Қ. Қозыбаев болды. Ол өзінінің “Ата тарихы туралы сыр” атты дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайында оқыған баяндамасында [9].

Қазақстан тарихын тоғыз “асқарлы белестерге” бөлген еді. Олар:

1.Адам баласы қазақ сахарасында пайда болып, өмір сүрген белес;

2.Сақ, үйсін, қаңлы, алшын, ғұндар заманасы;

3.Түркі тектес тайпалар дәуірінен;

4.Қыпшақ белесі;

5.Мұңғыл үстемдігі;

6.Қазақ хандықтары: халық, ұлттық қалыптасуы;

7.Отаршылдық бұғауында;

8.Қазақ халқы кеңес империясының уысында;

9.Қазақ халқы егеменді ел болған шағында [10].

Академик М. Қозыбаев нұсқасы бүгінгі таңда жарық көрген Қазақстан тарихының алғашқы үш томы мен көптеген оқулықтарға, оқу құралдарына негіз болғаны анық байқалады. Мұны тарих ғылымының докторы Х. Әбжанов өз еңбектерінде дұрыс атап көрсетеді [11].

Автор З. Қинаятұлы дерек көздеріне сүиене отырып, негізгі топтары казіргі қазақ жерінде салтанат құрған сақ конфедерациясы, үйсін, қаңлыдан қарахан мемлекетіне дейінгі дәуірді Қазақ даласында құрылған ежелгі түркі мемлекеттері кезеңі деп тануды жөн көреді. Бұл қазақ даласындағы мемлекеттіліктің алғашқы кезеңі болып табылады дей отырып мынадай кезеңдерді ұсынады;

1.кезең Қазақ даласында құрылған ежелгі түркі мемлекеттері кезеңі: сақ конфедерациясы, үйсін, қаңлыдан оғыз мемлекеттеріне дейін;

2.кезең Протоқазақтық қимақ, қыпшақ мемлекеті кезеңі. Олай дейтініміз қазақ мемлекетінің басты сипаттары (жер аумағы, халықтың этно бірлігі, қазаққа тән тіл, мәдениет) осы кезеңде жинақталып толысқан еді;

3.кезең Монғол ұлыстары билігі дәуіріндегі Қазақ мемлекеті: Жошы-Қыпшақ ұлысы, Ақ Орда мемлекеті;

4.кезең Қазақ хандығы кезеңі;

5.кезең Ресей патшалығыжәне Кеңес одағыкезеңіндегі Қазақ мемлекеті;

6.кезең Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің жаңа кезеңідеп белгілейді [12]. Бұл жерде автор

жалпы қазақ даласында болған тарихи оқйғаларды негіздей отырып кезеңдеуінде дәуірлерге белгілуді ұмыт қалдырып кеткен сйяқты.

Қазақстан тарихын дәуірлеуге байланысты өз ойын білдірген ғалымның бірі – тарих ғылымдарының доккторы Вил Ғалиев болды. Ол өз еңбегінде ХҮІІ-ХІХ ғасырлар аралығын кезеңдерге жіктеуге байланысты жаңаша көзқарас айтуға тырысады. Бірақ кез-келген халықтың тарихын кезеңдерге бөліп қарастыруда оның негізі ретінде өндіргіш күштердің даму барысы алынуға тиіс екенінде дау жоқ дей отырып, кеңестік кезеңнің консерваторы екенін байқатады. Осы ғасырлар өркендеу тарихын негізге ала отырып В. Ғалиев бұл ғасырларды төмендегідей төрт кезеңге бөледі:

1.кезеңҚазақхалқыныңжоңғаршапқыншылығынақарсыкүресдәуірі(ХҮІІғасырдыңекінші ширегі – ХҮІІІ ғасырдың ортасы).

2.кезең ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысы –ХІХ ғасырдың басы (1822ж).

3.кезең ХІХ ғасырдың 20-60 жылдары.

4.кезең 1867-1868 жылдардан бастап 1917 жылға дейін [13].

Ғалымның ХҮІІ-ХІХ ғасырларды осылайша жіктеуі негізді екенін атап көрсетеміз. Дегенмен ХVIII ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі аралықта Ресей бодандығындағыҚазақстандегенүлкенкезеңретіндекөрсетіпөзінбірнешеэтаптарғабөлгендұрыс болған болар еді. Этаптарға сол империя құрамындағы қазақ елінің тұрмыс-тіршілігін толық айқындап бере алуы тиіс.

Белгілі тарихшы Т. Омарбеков “Тарихымызды қалай жазамыз?” атты мақаласында ел тарихының өзекті мәселелерін көтере отырып, Отан тарихын дәуірлеу қажеттігін алға тартты [14]. Автор осы мәселе бойынша кандидаттық диссертация қорғаған Кентбеков Салауаттың еңбегіне ,

214

талдау жасай отырып, С. Кентбеков зерттеуінің нәтижелеріне қолдау білдіреді. Тарихымызды – дейді Т. Омарбеков дұрыстап эраға, дәуірге, кезеңге және этапқа бөліп алмай, олардың әрқайсысының берік теориялық және методологиялық негіздерін жасамай тарихты жазу бізді ақиқаттан аластата түсетінін ұмытпайық. Ал мұның өзі тарихнама деген ғылымды өркендете түсуді қажет етеді. Онсыз біз тарихымызды жүйелеп жазуға қол жеткізе алмаймыз.

Осы бағытта еліміз өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін төл тарихымызды қайта қарап, кемкетігін анықтау барысында оның кезеңдемесінің де олқылықтарының бар екендігін байқадық. Оларды саралап, бір жүиеге келтіруді де қолға ала бастадық. Тарихты терең зерттеуде осы кезеңдерге бөлмейұтымды нәтижелерге қолжеткізе алмайтындығымызды түсіндік.Осы бағыттағы алғашқы еңбектер де жазылды. Солардың бірі С. Кентбековтың кандидаттық диссертатциясы.

Автор С. Кентбеков өз зерттеуінде тарихты дәуірлерге бөлудің әлемдік дәстүрлі негіздеріне арқа сүйейді. Дәуірлеудің негізгі төрт белгілерін (эра, эпоха, период, (кезең) және этап (саты) көрсетіп, олардың әрбіріне анықтама береді;

Эра - өзінің ішкі қоғамдық мазмұнының және тарихи оқиғалардың өздерінен бұрынғы уақыт кесіндісінен өзгешелігін байқататын уақыт кесіндісі түсінігі;

Эпоха – уақыт кесіндісіндегі тарихи процесс, тарихи жүйелердің ауысуы ретінде көрінетін

ұғым;

Период – белгілі бір тарихи жүйе ішіндегі жағдайдың ауысуын көрсететін тарихи процестегі уақыт кесіндісі;

Этап – осы тарихи жағдай ішіндегі әртүрлі оқиғалардың тиянақтылығын бейнелейтін тарихи процестегі уақыт кесіндісі [15].

Т.Омарбеков,С.Кентбековбергеносытүсініктемелердіңқолдауға тұратынынатапкөрсетіп, өкінішке орай, Отан тарихын жазуда осы мәселеге мән берілмей отыр деп қынжылыс білдіреді. С. Кентбеков кеңестік кезеңге дейінгі Қазақстан тарихын төрт дәуірге (эпохаға) бөлгенін:

1.1,6 млн – 5 мың жылдыққа дейін;

2.Ежелгі өндіруші шаруашылық дәуірі біздің эрамызға дейінгі 5 мыңыншы жылдан - ҮІІІ ғасырға дейін;

3.Көшпелі мал шаруашылығы немесе индустрияландырудан бұрынғы дәуір біздің эраға дейінгі ҮІІІ ғасырдан біздің эраның ХҮІІІ ғасырына дейін;

4.Көшпелі мал шаруашылығының дағдарысы немесе индустрияландыруқарсаңындағы дәуір

ХҮІІІ ғасыр басынан 1917 жылға дейін; осы дәуірлерді кезеңдерге, ал кезеңдерді этаптарға бөліп олардың хронологиялық межелерін көрсеткеніне талдау жасайды.

Кезеңдеудің С. Кентбеков ұстанған әдісін қоғамның экономикалық қатынастарына негізделген тәсіл деп санауға болады. Онда әрбір дәуірдің атауы да дәлелдейді. Алайда мұндай хронологиялық кезеңдеудің өзін Отандық тарих ғылымында жасалған алғашқы қадамдардың бірі деп түсінген жөн. Өйткені кезеңдеудің тек экономикаға негіздеп жасау қоғамның өндіргіш күштерімен өндірістік қатынастарын ғана ескерту екендігін аңғару қиын емес. Мұның өзі бұрынғы Маркстік-Лениндік методологияға саяды. Сондықтан өткенімізді кезеңдеу қоғамның шаруашылық құрылысына байланысты болса керек. Ғылыми көзқарастарда біржақты пікір таныту тарихшы – зерттеушілер үшін қауіпті. Өйткені ол үлкен пікір – таластарға әкеліп, ғылымда ортақ тұжырым қалыптастыруғакедергікелтіруде.Әрине– дейдіТ.Омарбеков– мұндадаутудыратынтарихшылар келіспейтін жерлері де баршылық. Біздің бір ғана тарихшы пікіріне тәптіштеп талдау жасауымыздың өзі де осындай санқилы көзқарастарға қозғау салу.

Ол осылайдейотырып,кеңестік уақыттағы Қазақстан тарихын төмендегідейүш дәуірге және дәуірді кезеңдерге бөледі:

Қазақстан: жол таңдау (1917 жылғы ақпан – 1920 жылғы тамыз).

1.1.Қазақстан ұлттық-демократиялық мемлекет құру үшін күрес кезеңінде (1917жыл ақпан – 1918 жылдың басы).

1.2.Қазақстан азаматтық қарсы тұру жағдайында (1918ж. көктемі-1920ж. тамыз).

Қазақстан кеңестік әкімшіл-әміршіл империя құрамында (1920ж. тамыз – 1991ж. желтоқсан).

2.1.Қазақста алғашқы кеңестік реформалар кезеңінде (1920ж.-1925ж. соңына дейін).

2.2.Қазақстандағы “Кіші қазан” (1926-1928ж.ж.).

2.3.Қазақстан сталиндік реформалар және тоталитарлық жүйенің орныға бастау дәуірінде

(1929-1941ж.ж.)

2.4.Қазақстандықтар фашистік Германияға қасы күресте (1941-1945ж.ж.)

2.5.Қазақстандағы сталинизм салтанаты (1945-1953 ж.ж.)

2.6.Хрущев реформаларынан туындаған Қазақстандағы өзгерістер (1953-1964 ж.ж.)

215

2.7. Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің “кемелденуі” және “тоқырауы” және Қазақстан

(1985-1991ж.ж.)

Қазақстан тәуелсіз мемлекет (1991 ж. желтоқсаннан бүгінгі күнге дейін).

3.1.ТМД және Қазақстан (1991-1993ж.ж.)

3.2.Тәуелсіздікті орнықтыру қадамдары (1993-1995ж.ж.)

3.3.Қазақстан – дүниежүзілік қауымдастықты мойындаған егеменді ел (1995-1998ж.ж.) [16]. Алайда Т. Омарбеков өзіміз көріп отырғанымыздай кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихын кезеңдерге бөледі. Автордың көрсетілген дәуірлері мен кезеңдері құптауға тұрарлық. Деген мен бір

ғасырға толмайтын, яғни 1917 жылдан басталып 1998 жыл мен аяқталатын уақытты дәуірге бөлу қисынсыз тәрізді. Себебі біз жоғарыда айтқанымыздай бірнеше мыңжылдықтарға созылған тас, қола замандарын дәір деп атадық ендеше бұл мәселе әлі де болса өзін нақтыландыруды талап етеді. Автордыңайтқанындайоғанкеңестікдәуіремескезеңдепайдартағып,оныңөзінбірнешеэтаптарға бөлу ұтымды болар еді.

Ал тарих ғылымдарының докторы, профессор З. Алдамжар өз мақаласында тарихи методологиялық жүйенің өзекті қағидаларының бірі тарихты дәуірлеу әдісі және оны жүргізу принциптері мен шартты өлшемдері (критерий) туралы өз ойын ортаға салады. Автор дәуірлеудің ұғымдық анықтамасын тұжырымдау үшін бұрынғы таптық методология шырмауынан арылу қажеттігін, арыла алмасқа, өндірістік күш пен өндірістік қатынастық ара байланысын ғана негізге алып, сол ескі сарындағы экономикалық болмыс шеңберінде шектеліп қалатындығымызды ескертеді.

Дәуірлеу мәселесін зерттегенде – дейді З. Алдамжар – Оның ішкі құрылымы мен хронологиялық шектерін анықтағанда;

1.Қоғамдық өмірдің бар құбылыстары мен қасиеттерін анықтау;

2.Оған әсер етер оқиғалардың сонымен бірге жалпы адамзат болмысының арқауы тарихи процесс жалғастығын бейнелейтін көріністерді барынша түгел қамтуға ұмтылған орынды дейді

[17].

Шын мәнінде кезеңдеу мәселесінде тарихшы – зерттеуші қоғамдағы барлық өзгерістерді, оның дамуындағы ерекшеліктерді, оның мазмұнын өзгертетін факторларды түгел ескеріп, оларды үнемі назарда ұстауға тиіс. Адамзаттың өткенін дәуірлеуде кезеңдер дәуірлердің сатылар кезеңдердің мәнін ашпайтындай өзара сабақтастықта бірін-бірі толықтырып тарихи процестердің сабақтастығын үзбей көрсету бағытында жасалу тиіс. Осы тұрғыдан келгенде З. Алдамжардың пікірі қолдауға тұрарлық. Тарихшы-ғалым көрсеткендей дәуірлеудің барлық өлшемдері түгел қамтылғанда ғана тарихты кезеңдеуге дұрыс әрі ғылыми негізде қол жеткізетін боламыз. Сонымен қатар методологиялық тұғыры берік ғылыми ұстанымдар бағытында шынайы зерттеулердің дүниеге келулеріне жол ашамыз.

Отан тарихын дәуірлеу мәселесіндегі ең кешенді де көлемді еңбектерді профессор Х. Әбжанов жариялады. Ол өз мақаласында дәуірлеудің анықтамасы мен даму тарихын таразылап, Отан тарихын дәуірлеудің негізгі ұстанымдары мен өлшемдерін ортаға салады және Қазақстан тарихын мынадай белестерге бөледі; Отан тарихын дәуірлеу дегеніміз – дейді автор:

1.Тарих ғылымының теориясы мен методологиялық өресін көрсететін, таным биігіне көтерілу жолындағы атқарылған істер мен алдағы міндеттерді айқындайтын жауапты сәт;

2.Ол күрмеуі күрделі тарихи - өркениеттік үрдістердің бастысы мен екінші кезектегісін,

негізгісі мен қосалқысын айырып тануға мүмкіндік береді.

3. Ғылыми-обьективті негізделген дәуірлеу ғана тарихи танымның көкжиегін кеңейтіп, оқиғалардың ішкі қисынын табуға, өткен күннің қорытындысы мен сабағынан оң тағылым алуға жол ашады.

Ең бастысы – Отан тарихының кезеңдерін дұрыс анықтау арқылы тарих ғылымының бұған дейін ашылмай келген бұл әулетіне серпін беріліп, қалың бұқараның ұзақ жылдан беріі төлемей келген ғылыми ақиқатқа деген қарызын қайтару сөзден іске айналады дейді. Автордың пікірі З. Алдамжардың көзқарастарына жақын. Дегенмен Қ. Әбжанов дәуірлеудің ғылыми маңызына үлкен мәнбереді.З.Алдамжарболсакезеңдеумәселесікритериибелгілерінбасакөрсетугеұмтылған.Осы тұрғыдан келгенде екі зерттеушінің тұжырымдары бірін-бірі толықтырады.

Одан ары қарай тарихшы - ғалым, Отан тарихын дәуірлегенде төмендегідей төрт өлшем мен ұстанымдарға табан тірейді:

Біріншіден “біз және олар” дегеннен бастау керек, Абай тілімен айиқанда алдымен мен және менікінің ара жігін ажыратып алуымыз қажет дейді.

216

Екінші өлшемі әрі - ұстанымы – адам, адамдардан құрылатын халықтың рухани, мәдени, кәсіптік, саяси, имандық, тағы басқа өсуі, кемелденуі, дағдарысқа ұшырауы, басқа сапалы күйге көшуі деп ұғамын дейді автор;

Үшінші ұстаным мен өлшемді этностың мүддесін және ой-арманын, дінін және тілін бейнелейтін, қорғайтын білдіретін зиялы қауымға, бірінші кезекте саяси элитаға әкеліп тірейді.

Төртінші ұстаным мен өлшем жұмыр жер бетіндегі халықтардың даму деңгейі ешқашан біркелкі болмақ еместігінен туындайды. Этностың алщаң басып жүруі, бір күн аш, бір күн тоқтың күнін көруі немесе әлемдік салқар көштің соңында салпаңдап шаңға көмілуі – бәрі дүниенің бірде ана өңірінен, бірде мына өңірінен жанартаудың жалынындай көрініс беретін өркениеттік өрлеуге алыс-жақын орналасуға да көп байланысты екен дейді [18]. Қорыта келгенде тарихшының мұндай ұстанымдары мен негізімен келісуге болады. Авторлардың пікірі халықтың мүддесі тұрғысында маңызды болып саналады. Дегенмен Отан тарихын бастан аяқ дәуірлегенде этностық бағыт ұстанудан өзге өлшемдерге қажет болары анық. Сондықтан да мұндай өлшемдер мен ұстанымдар әлі де болса өздерін толықтыруды талап етеді.

___________________________

1.Қараңыз:Кентбеков С.К. Проблемы историографии иосновные принципы периодизации истории до советского Казахстана. Автореф. Дисс. Канд. Ист. Наук. Алматы, 1997. -С. 8.

2.История Казахстана с древнейших времен до наших дней). В четырех томах. Т.І. –Алматы: Атамура. 1996. -С.

67, 157-296.

3.История Казахстана с древнейших времен.-С. 97

4.Сонда.-105.б.

5.Сонда.-144.б.

6.Сонда.-56-72.б.

7.Сонда.-175,224,260.б.

8.Капекова.Г.А. Ташенова.Б.Т. Очерки по истори Семиречья.-Алматы 1994

9.Сонда.-9-10.б.

10.Қараңыз: “Егемен Қазақстан”, 1992.-3 қазан.-25. б.

11.Академик М. Қозыбаевтың сөзі.

12.Әбжанов Х. Отан тарихын кезеңдерге бөлу мәселелері. //Отан таихы. 2003№1. 45-51б; Соныкі. Отан тарихы оны қалай дәуірлеуге болады. //“Егемен Қазақстан”,2003.-30 сәуір. -10 б.

13. Қинаят З. Қазақ тарихы. /ғылыми әдістемелік журнал/ Көшпенділер мемлекетінің пайда болу ерекшеліктері мен типі: қазақ мемлекеттігін кезеңдерге бөлу мәселелері. /2. 2006.-21. б.

14.Ғалиев В. Кезеңдерге жіктеуге жаңаша көзқарас. //Қазақ әдебиеті. 1994.-14 қазан. –10 б.

15.Қазақ әдебиеті. 1998. – 24 ақпан. - 2,3,6. б.

16.Кеңірек қараңыз: ККентбеков С.К. Проблемы историографии и основные принципы периодизации истории досоветского Казаъстан. Автореф. Дисс.канд.ист.наук. Алмат. 1997.-С.17.

17.Алдамжар З. Тарихымызды білімдарлық пен қалыптастыру келешек үшін қажет//Егемен Қазақстан. 1998. – 9 шілде. -3 б.

18.“Отан тарихы” 2003. -№1. -45-51 б.19.“Егемен Қазақстан”. 2003.-30 сәуір. -10 б.

Тоқсанбаев А.Қ.

докторант, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК АТРИБУТТАРЫ МӘСЕЛЕСІ

Мәселенің зерттелуінің айта кетерлігі, көшпелілер мемлекетінің билік атрибуттары отандық тарихнамада зерттелмеген тақырыптар қатарына жататындықтан, тарихнамада теориялық негіздерді қамтитынжәне мәселелерді анықтайтынжалпыламажұмыстаржоқ.ХIХ-ХХ ғғ. ресейлік және отандық тарихнаға зер салсақ көшпелі мемлекеттер дәуіріндегі билік атрибуттарына іс жүзінде арнайы назар аударылмағандығын көруге болады.

Зерттеу әдісінде көшпелілер мемлекетінің пайда болуы мен генезисі аясында пайда болған билік атрибуттарын дереккөздерін қамти отырып, салыстырмалы зерттеу, тарих ғылымы мен аралас ғылымдарды салыстыра (атап айтқанда мәдениеттанужәне этнография) талдаужатады. Бұл өз кезегінде көшпелілер мемлекеттілігінің даму процесінде пайда болған билік атрибуттары мен символдардың семантикасы туралы түсінікті толық және қайта құруға мүмкіндік береді.

Орталық Азияның ортағасырлық мемлекеттерінің билік символдары, яғни биліктің атрибуттары тізімі айтарлықтай көп болуы мүмкін. Мысалы, ресейлік зерттеуші А.Г. Юрченко көшпелі империяның билік символдарына: алтын шатыр, «билік жастығы бар» тақ, қолшатыр, тәж,

217

мемлекеттуынемесбайрақ,мемлекеттікмөр,әскеридағыра,геральдикалықтаңбаларыбаршекпен, әскери белбеу, шоқпар, асатаяқ, ерлердің және әйелдердің баскиімдері, алтын жарты ай т.б сияты элементтерді жатқызды.[1, 87 б].

Кез келген күрделі ұйымдастырылған қоғамнан мемлекетке дейін жоғарғы биліктің сыртқы безендіруинституты оның негізгі нышандары,атрибуттары,таңбалары бар. Осы таңбалы жүйелері арқылы билік өзінің бірегейлігін, құндылығын, саяси мақсаттарын айқын көрсетеді. Таңбаларды Орталық Азияның көшпенділер өмір салтының барлық кезеңдерінде пайдаланды. Оларды қолдану аясы өте кең. Көшпенділер мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы Сақ дәуірінен бастағандығын дәлелдейтін археологиялық таңбалар бар. Шіліктідегі археологиялық қазба жұмыстарынан табылған бес бұрышты жұлдыз – ең ежелгі таңба.Ол сақ дәуіріне дейін пайда болған. Бес бұрышты жұлдыздың негізгі және ішкі мағынасы аяғын кең қойған және қолдарын екі жаққа жайған адамнан тарайды. Бұл белгіні ғылымда «құдіретті адам бейнесі» деп аталады. Таңба адамның ерекше қасиеттері мен басым қабілеттерін білдіреді. Бұл біздің мемлекетіміздің рәміздерінің, нысанды киімдердің, ерекшелік белгісінің қалыптасу кезеңі болды. [2, 339б] Сақтардан бастап көшпелілер жеке билеушілерді ғана емес, шын мәнісінде билеуші қауымды (әулет) қасиетті деп таныған. Билеуші билік жүргізу үшін «көктегі мандат» түсінігі қалыптасып, аспан мен жер ең лайықты адамды таңдайды; аспан таңдайды, ал жер таққа үмікерді тудырады, ай және күнмен бірге олар таңдалғанадамғажан-жақтыкөмекбередідегенсенімарқылы,билеушігеерекшеқұрметтуындаған [3, 140 б]. Көшпелілер мемлекеттілігінің басқару формасы хандық негізде (монархия) болғандықтан, хандықтар өзіне тиесілі белгілеріне сай сипатында көрінді. Жоғарғы билеушінің бейнесі оның тұлғасы және биліктің сыртқы таңбалары арқылы кескінделді. Билік таңбаларының қалыптасу үдерісі мен эволюциялық дамуы көшпелілер мемлекетілігінің пайда болу кезеңінде бастау алды [4, 107б]. VIII - XIII ғ. Орталық азиядағы билеушілердің жеке киім үлгісі жайлы Плетнева С.А, Марков Г.Е, Иванов В.В сияқты ғалымдардың еңбектерінен көруге болады. Көшпелілер әлеуметі әскери сипатқа ие болды, ал бұл, өз кезегінде, билік нышандары мен атрибуттарында да таңба қалдырды мұнда әскери демократия қағидаты әрекет етті деп баға берді. Билеушініңкиімерекшелігіерлік пенбатылдықатақ пенбайлықәлеуметтікмәртебеніанықтады[5, 63б]. Қаған мен хандардың билеуші символы бас киім, сауыт, қылыш пен садақ белбеулерден анықталды. Олардың маңыздылығы оны жасаудың күрделілігі мен еңбек сыйымдылғының айтарлықтай елеулі дәрежеде болуымен сипатталды. Атап айтқанда, ауыр, ерекше қаруланған билеушілер көшпенділер әскерінің элиталық түрі және қоғамның ең танымал руларының өкілдерінен құрылды [6,23 б]. Бұл жағдай орта ғасыр дәуіріне ғана емес, одан ерте уақытқа да тән. Мысалы Орталық Азия билеушілерінде белбеудің символы ерекше болды. Гумилевтің айтуынша VI–IXғғжататынАлтайқабірлердегібелбеулерерадамдарғатиесіліболды.СебебіШыңғысханның Ұлы заңы бойынша далада 14 жастан - 70 жасқа дейінгі адам жауынгерлер белбеу таққан [7,157б]. Белбеу әскери даңқ пен атақтың белгісі. Бұл онда қарудың ілініп тұрғанына байланысты болуы мүмкін. Дала иерархиясында жауынгердің дәрежесі белбеудегі айылбастар саны бойынша анықталды, оның саны артқан сайын жауынгердің дәрежесі неғұрлым жоғары бола түсті [8,74б]. Рулық құрылым жүйесінің ыдырауына байланысты арнайы киімдер мен атрибуттар ақсүйектердің белгілерінеайналды.Қимақтарда «тек ақсүйектерғана қызылжәне сарыжібектенкиімкиеді», - деп жазды Әл-Идриси [9,102 б]. Түркілердің билеушілері мен ақсүйектері шаш үлгісімен ерекшеленді. VII ғ.қытайсаяхатшысыСюанЦзянтүркі қағаныменоныңнөкерлерініңсыртқыкелбетінбылайша сипаттап жазды: «...билеуші бас киімсіз, шашын жіңішке таспамен байлаған, ханның қасындағы ақсүйектердің шаштары өрілген» [10,184б] Осылайша, біз билеушінің жеке ерекше атрибуттары қымбат киімдер мен қару-жарақ, кейбір жағдайда ерекше шаш үлгісі, әскери белбеу мен әшекейлер жиынтығы болғандығын көреміз.

Көшпелілер мемлекеті кезеңінде билік өкілдері көшпелі дәстүр бойынша мемлекеттік рәміздер ретінде – ту, тақ, тәж мөр қолданғаны белгілі. Бүгінге дейін көшпелілер мемлекетінің бірде-бір атрибуттар артефактісі бізге ұласып жетпеді. Дегенмен, атрибуттар арасынан тек мөрлердің басылым нұсқаларын (факсимилесін) Қазақстан (ҚР Мемлекеттік орталық мұрағаты, Ресей (Мәскеу, Санкт-Петербор, Омбы, Орынбор, Қазан мұрағаттары), Қытай (Пекин тарихи бірінші мұрағаты) мұрағаттарында сақтаулы түркі дәуірі, моңғол империясы, қазақ хандығы дәуірінде билік еткен хан, сұлтандарының ресми хаттарынан көре аламыз. Ортағасырлық далалық мемлекеттерде әрбір билеушінің кеңсесі болды. Ішкі саясат пен сыртқы қарым-қатынастарды жүргізуде хан жарлықтары, дипломатиялық хаттары хандық кеңсе қызметі арқылы жүзеге асты. Далалық дипломатияның көріністерін бүгінгі күнге дейін алыс-жақын шет елдерінің

218

мұрағаттарынан еліміздің тарихына қатысты құжаттардың арасында Алтын Орда кезеңінен бастап қазақ хандығына дейінгі билеушілердің хаттарынан байқаймыз

Оған дәлел Орталық Азиялық мемелкеттерінің дипломатикасы мен қатар мөрлерін зерттеуге зор үлес қосқан зерттеушілер – А.А. Семенов, пен И.В. Ерофеева еңбектерінен дәлел келтіруге болады. Далалық дипломатияда билік тұлғалар мөрлерінің қаншалықты маңызы болғаны жайлы И.В. Ерофеева былай дейді: «Көшпелілер хандары мен сұлтандарының өзіне тән үлгідегі және ерекше көркемделіп безендірілген жеке мөрлері, дала ішінде басқа мемлекеттер мен халық арасындағы халықаралық қатынастарсаласында ерекше символдық мәнге ие болды.Мұндай мөрді иеленудің өзі көшпелі қоғамында оған ие болған адамның жоғары ресми мәртебесін, оның көшпелілердің билеуші тобына тікелей қатыстылығын және аймақтағы барлық көшпелі халықты немесе оның құрамына енген ірі ру-тайпалық көшпелі топтарды саяси басқару саласында осы адамға тән ерекше артықшылықтар мен құқықтарын айғақтайды.»[11,33 б]

Көшпенділер құрған мемлекеттік билік атрибутарын кейбірін бүгінгі таңда мұражайлардан көре алмасақта ежелгі парсы, қытай деректерінен аударып өз еңбектерінде келтіріп дәлелдеген ғалымдардың зерттеулерінен көре аламыз. Өкінішке орай сонау Түрік қағанатынан бастап Қазақ ханы кезеңдері арасында қағандар мен хандар отырған бір де бір тақтың қазіргі заманға жетпегені. Н.И. Заседателевтің еңбегінде: созаққа жасаған жорықтан кейін Кенесары сұлтанды үш жүздің игі жақсылар жиналып ақ қиізге салып хан көтереді. Автордың айтуынша бұл «ханға көтерілді» деген мағынаны білдірген. Бұл дәстүр ақ киізге салып хан көтеріп үш мәрте хан, хан, хан деп жария етіп құрылтайды аралап соңында Хантағына отырғызады [12,10 б]. Көшпелілер құрған мемлекеттің жалғасы Қазақ хандығының соңғы ханы отырған тақ сөзінің мағынасы тәуелсіздіктің нышаны екенінкөрсетіптұр.СоданболарӘзербайжан зерттеушісіАбасовФ.М «түркілердіңаумағында тақ рухтандырушылық және табынушылық сипатқа ие болды» деп сипаттаған [13,76 б].

Жалпы алғанда, жоғарғы биліктің символы ретінде тақ Орталық Азияның көптеген ортағасырлық мемлекеттерінде, соның ішінде Шыңғысханның тағының ерекшелігі туралы, Қытай дипломаты Чжао Хунның (1221 ж.) келтірген дерекке сүйеніп жазылған шығармалар бар. Қытай дипломаты моңғол императоры «солтүстік варварлардың орындығында (кресло) отырады, ол алтынмен қапталған айдаһар басымен безендірілген» [1,90 б]. Н.Атығаевтың Ислам-ара-Йи Шах Исмаил Сефевид тарихнамасының парсы тіліндегі шығармасында XVI ғасырдың бірінші жартысы Шибанидтердің елшісі Жәнібек сұлтанның, Қасым ханға келгендегі сапарын және қалай қарсы алғандығы туралы байяндалады. «Жәнібек султан ұзақ жол жүріп, елге оралады. Ордада отырған Қасым ханға Жәнібек сұлтанның келіп тұрғандығы хабарланады. Қасым хан жауап ретінде оны қарсы алып, қабылдауына алып келуге өзінің билерін жібереді. Оның назары таза алтыннан құйылған Шыңғыс ханның тағында жыртқыш аңдай болып отырған Қасым ханға ауады. Тақтың төрт бұрышы арыстан мен сілеусін, айдахар мен жолбарыс бейнесінде таза алтыннан құйылған. Оның басында Шыңғыс ханнан қалған өте бағалы алтын тәжі бар» деп сипаттаған [14, 80 б]. Көшпелілермемлекеттілігіндесоныменқатартақтыңекіншітүрідеболған.Ортағасырлықкезеңдегі хандардың кейбірі тақ ретінде үстіне алтын жіппен оралған, асыл тастармен көмкерілген ерекше сәнді төсеніш жабылған үлкен жастықты пайдаланған. Тақтың мұндай түрі орданың көтеріңкі жоғарғы жағындаорналасқан.Хантақтанықотыруүшіноныңарты менекіжағынатығызәрі «тоқ» жасалған үш жастық қойылды. Хан тағының осындай түрінің қолданыста болғандығын көшпелі ортада хандық жүргізген әміршілер мен оның қол астындағы ел жүртының көбінесе «аттың жалында, түйенің қомында» тіршілік кешкен күйімен түсіндіруге болады [15, 65-71б].

Осы тұста Кляшторный Г., Султанов Т. Летопись трехтысячалетия еңбегінде келтірілген атрибуттыңтағы біртүрібайрақ немесетутуралымәселенідеқозғайкетсек..Араб тарихшысы Яқут Түргеш қағанына елшілікке келгенінде, Түргеш қағаны он адамға он туды жаздырғанда, әр тудың астына он мың кісіден тұратын әскер жиналғанын сипаттап жазған болатын [16,101-102 б]. Бұл көне түркі дәуірінен бастау алатын тудың ұйымдастырушылық киелі сипаты бар мемлекеттік рәміз болғандығын көрсетеді. Байрақ пен ту хандық биліктің, әскери лауазымының, батырлық дәреженің символдық белгісі. Бұл белгі патшалар, әскербасылар жүрген жерде көтерілген. Қолбасшылар бұл байрақтармен шайқаста түрлі тактикалық белгілер беріп, айқасты басқарып отырған.[17,186 б]. Ту билік атрибуттарының бірі ретінде көшпелілер мемлекетінің маңызды жиындары қаған, хан сайланған құрылтайларда жоғары билік иесінің туы көтерілетін болған. Моңғолдың құпия шежіресіндеде атап өткен мәліметті дәлелдей түсетін дерек келтірілген. Онда: «Киіз туырлықты ұлысты түзулетіп біріктіріп, барыс жылы(1206 жылы ) Онон өзені басында жиналыптоғызтұғырлыақтуынорнатып,Шыңғысханға «хан»атағынсондабереді»депжазылған [18,258 б]. А.И. Левшин қазақтардың қару-жарақтары туралы айтқанда: «Ту қазақтардың қару-

219

жарақтарына жатады. Әрбір рудың өзінің туы мен белгісі болған. Олар бейбіт заманда мұқият сақталып, тек соғыс болған кезде ғана шығарылған» деп жазады[19,312б.]

Қазақхалқыныңтарихыменмәдениетібойыншаақпараттыңсарқылмаскөзі-оныңфольклоры арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауызша берілген. Қазақ хандарының тағаны мен тәжінің бар болуы туралы нұсқаулар дәл осы жерде кездеседі. Мысалы, ұлы қазақ ханы Абылайға арналған "Сабалақ" Тарихи жырында, оның хандыққа көтерілісі сипатталған кезі сипатталған:

«Тәжіні әкеп кигізді өз қолымен, «Тағыңыз мүбәркәлі болсын!» немесе «Тәжі киіп, хан болып, мінді таққа», «Тақ пен тәжің басыңда құтты болсын,

«Пайдаңды Алла тағала берсін көпке» [20, 213-214 бб.] Тағыда бір «Абылайханның әңгімесі»дастанында: «Әй, Абылай, Жиырма беске келгенде, Бақты берді басыңа ,

Тақты берді астыңа» немесе -Алтын тақтың үстінде

Үш жүздің басын құрадың» [21, 94 б.], деген тіркестері бар. Әлемдік мәдениеттегі ұлы ескерткіштердің қатарынан орын алған көне

түркілік, орта ғасырлық, қазақ хандығы дәуіріндегі қазақ халық ауыз әдебиеті мен мәдени жазбаларда саясат, ел билігі, ел ынтымағы, көсемдердің мақсат-мүдделері көркем баяндалады. Халқымыздың бай тарихи мұраларын осы аңыз жырлардан табуға болады. Археологиялық ескерткіштермен жазба деректер қатарын ауыз әдебиетте кездесетін жыр өлеңдерді тең дәрежеде қолдану керек. Ежелгі замандардан бастау алған ел бірлігі мен ертеңінің символына айналған билеушілердің қызметі, орны мен бейнесі, қазақ жырауларының да шығармалырнда жалғасын тапқан. Еуразия даласы көшпенділердің мәдени жетістіктерін толығымен бойына сіңірген қазақ қоғамы өзінің ішкі құрылымы жағынан да, сыртқы құрылымы жағынан да, мән-мағынасы жағынан да ерекше құбылыс болып табылады. Көшпелі қоғамның өмір сүру негізі өзгелермен салыстыруға келмейтін өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда Батыстың да, Шығыстың да мәдени өлшеміне сай келмейтін ерекше мемлекеттік жүйе мен басқару үлгісі қалыптасқан.

Қорытындылай келе билік атрибуттары мәселесін зерттегенде тәуелсіз сана мен еркін ой арқылы тарихидеректержәнетарихнамалықеңбектергеталдаужасауқажет.Көшпелімемлекеттер бірін–бірі алмастырып Еуразия кеңістігінде б.з.д І мың жылдықтың ортасынан ХVІІI ғасырға дейін өмір сүрген. Оларкейде Ұлы дала кеңістігін толық иемденіп, көрші отырықшы мемлекеттерді де өз территориясына қосып алып «әлемдік империяларды» құрған. Сақ, ғұн, түркі-моңғол дәуіріндегі билік атрибуттары Қазақ хандығы дәуіріне дейін жалғасып келген. Осылайша, Орталық Азия көшпелілерінің билік атрибуттарына қатысты материалдарын талдау билеушінің жоғары саяси мәртебесі мен мемлекеттілік ерекшеліктерін анықтау үшін ерекше маңызы бар заттарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Жошы Ұлысы тұсында кең тараған арабграфикалық мөрлердің кейбір атрибуттарының қазақ хандары мөрлерінде орын алуы билеуші мөрлерінің өзіндік дәстүрінің қалыптасқандығының осының дәлелі. Бұл дәстүрдің болуы көшпелі далалық мемлекеттерде дипломатиялық қатынастарда, сонымен қатар мемлекеттің ішкі саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайын реттеуде орасан зор қызмет атқарған хан билігінің рөлі қаншалықты маңызды болғанын айқындайды.

__________________________

1.Юрченко А.Г. Элита монгольской империй: время праздников, время казней.-СПб: Евразия, 2012, 232 б

2.А.Т. Толеубаев Раннесакская Шиликтинская Культура. Алматы, 2018.- 528б

3.Аманжолов А.С. История и теория древнетюркского письма. - Алматы: Мектеп, 2003. – 368 с

4.Н.Ф Ахундова Азербайджанские Государства в XV-XVII века. 1998. -223б

5.Марков Г.Е. Кочевники Азии. Структура хозяйства и общественной организации. М., 1976. -321 с.

6.Г. Король Искусство средневековых кочевников Евразии. Очерки. Кемерово. 2008. -332 б

7.Гумилев Л.Н. Поиски вымышленного царства. М., 2004. 457 б.

8.Степи Евразии в эпоху средневековья. М., 1981. 300 б.

9.Плетнева С.А. Половцы. М., 1990. 210 б.

10.Петрухин В.Я. Начало этнокультурной истории Руси IX–XI вв. Смоленск; М., 1995. 317 б

11.ЕрофееваИ.В..Символыказахскойгосударственности(позднеесредневековьеиновоевремя).– Алматы,2001.

148 б.

12.Н.И. Заседателев. Древнии обрядь коронования у тюркских народаов. Казань 1894 . -19 б

220

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]