Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

45. Д. А. Қонаевтың кеңестік Қазақстанның дамуына қосқан үлесі.

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993 ) - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Басшылық қызмет атқарып жүрген кезде Дінмұхаммед Ахметұлы өнеркәсіп, құрылыс, сауда және ауыл шаруашылығының дамуына ат салысты. Әлеуметтік және экономикалық салаларымен қатар, ғылым, денсаулық, спорт және мәдениет аяларын назардан тыс қалдырмай, оларды дамыту мақсатында зор еңбек сіңірді.  Дінмұхаммед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.  Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.  Дінмұхаммед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның 70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-цинк және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты.  Кемеңгер тұлға металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Жамбыл мен Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды.  Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді. 

46. Хх ғ. 60-80 жж. Қазақстанның мәдениеті, ғылымы мен білімі: жетістіктері мен қайшылықтары.

Қазақ мектептерінің жағдайы ауыр болып қала берді. 1970 жылдары ірі агрокешендер құрылып, “болашағы жоқ” елді мекендер жойылып, шағын комплектілі қазақ мектептері жабылды. 1950-1970 жылдары орыс тілінде оқытылатын мектептер 1,5 мыңға артқанда, қазақ мектептері 3891-ден 2577- ге азайды. 1980 жылдардың ортасында ЖОО-ның саны 55-ке жетті. Бұл жылдары студенттік құрылыс отрядтары өріс алды. Орта арнаулы оқу орындарының саны 246-ға жетті. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 550 мыңға жуық студенттер мен оқушылар 200 түрлі мамандық алды. 1960-1970 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРО-дағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды. Қазақстандық ғалымдардың еңбектері шет елдерге танымал болды. Д.В.Сокольский катализаторларды электрохимиялық əдістермен зерттеу мәселесін көтерді. Социалистік Еңбек Ері, академик У.М.Ахметсафин гидрогеология жəне гидрофизика ғылымдары саласында нәтижелі еңбек етті. М.А.Айтхожин бастаған ғалымдар тобы генетика мен микробиология саласында табысқа жетіп, өсімдік жасушаларындағы информасомаларды ашты. Академик А.И.Бараев басқарған Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы ғылым академиясының Шығыс бөлімі топырақ қорғаудың жаңа жүйесін жасауда зерттеулер жүргізді. Академиктер Ә.Х.Марғұлан мен Е.А.Букетов есімдері ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында кеңінен танымал болды. Ғалымдар аллергология, онкология, вирусология салаларында табыстарға жетті. Республикада 40.377 ғылыми қызметкер болып, оның 864-і – ғылым докторы, 650-і – Ғылым академиясының академиктері, корреспондент-мүшелері, профессорлар. Қазақтар негізінен, ауыл шаруашылығы, медициналық, гуманитарлық ғылым салаларында жүрді. Жаратылыстану ғылымдары саласында қазақтар үлесі тым аз болды. Ғылыми еңбектердің басым көпшілігі орыс тілінде жазылды. Қазақстан философтарының диалектикалық логика саласындағы еңбектері маңызды болды. 1970 жылдары құқықтық ғылымда жаңа бағыттар пайда болып, заң актілерін белгілеу жұмыстарына қатысты. Отырарда қазба жұмыстарын жүргізген археологтар табыстарға қол жеткізді. 1969 жылы Есік қаласының жанындағы қорғаннан сақ жауынгерінің табылуы дүниежүзі тарихшыларының назарын аударды. Тоқырау жылдарында қатты зардап шеккен ғылым – қоғамдық ғылымдар. Ғалымдар ғылыми еңбектерін əкімшілік сызып берген шеңбер көлемінде ғана жазды. Ғылыми еңбектерді бағалау мен ғылыми дəреже беруді Мəскеу шешті. Жергілікті ұлт өкілдерінен шыққан ғалымдардың сандық мөлшеріне шек қойылды. Қазақ халқының ұлт ретінде ыдырау жолына түсуі сырына үңілу талабы жасалмады. Әсіресе Қазақстан тарихы қатты бұрмаланды. Тарихшылар тек Кеңес заманының жетістіктерін зерттеуге жұмылдырылды. Тəуелсіздік үшін күрескен қайраткерлер буржуазияшыл-ұлтшыл ретінде сипатталды. Кеңес билігі тұсындағы ауыр нəубеттердің сырын ашуға бағытталған зерттеулер жүргізуге тыйым салынды.Қазақстан жерiне өзге ұлт өкілдерін мейлiнше көп әкелуге қарамастан, 1960 жылдары жергiлiктi ұлт өкiлдерi қоныстанған ауылдарда қазақша тiлдiк орта сақталып келген едi. Осы жағдай қазақ әдебиетiне жастардың әлi де болса ынтызарын аударып, әдебиетте серпiн туғызды. Әдебиет көк жиегiнде жыл сайын ондаған тың есiмдер пайда болып, жыл сайын жаңа романдар,повестер, поэмалар жарық көрiп жатты.Республика жазушыларының iшiнен қазақ әдебиетiнiң көрнектi өкiлi, танымал сөз шеберi Ғабит Мүсiрепов сол кездегi ең жоғары Социалистiк Еңбек Ерi атағына ие болды. “Қан мен тер” трилогиясының авторы Ә. Нұрпейiсов, майталман ақын, көптеген эпикалық поэмалардың авторы Жұбан Молдағалиев КСРО Мемле кеттiк сый лығын ал ды.Iлияс Есенберлиннiң романдары бұқара арасында кең танымал болып, қолдан-қолға өтiп жүрдi. Аса ауыр саяси қуғындардан кейiнгi кезеңнiң өзiнде, таптық идеологияның өктемдiгi жағдайында жазушының хан Кенесары Қасым ұлы туралы тарихи шындықты ашып жазуы әдебиет тарихындағы батыл қадам едi. Шығармаларын орыс тiлiнде және екi тiлде бiрдей жазатын қазақ жазушыларының шоғыры дүниеге келдi. Олардың көрнектiлерi Ә.Әлiмжанов, О.Сүлей менов, Б.Мо мыш ұлы болды. Әнуар Әлiмжанов сыршыл повестерiнде қазақ ауылынан шыққан өз замандастарын шынайы бейнелесе, тарихи романдары арқылы бұқараның санасына ас қақ отаншылдық сезiм ұялата бiлдi. Әсiресе оның Әбу Насыр әл-Фараби туралы жазған “Ұстаздың оралуы” романының маңызы зор болды. Бұл шығармасы үшiн автор Дж. Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды. Б.Момышұлының соғыс та қырыбына жазған шығармалары оқырман көңiлiнен шықты. 1961 жылдың сәуiрi ақын Олжас Сүлейменовтiң шын мәнiндегi үлкен шығармашылық жолға бетбұрыс алған күндерi болды. Айналасы бiр аптаның iшiнде тұңғыш ғарышкерге арналған “Адамға табын, Жер, ендi!” поэмасы дүниеге келiп, бiрден Одаққа танымал шығармаға айналды. Бұдан кейiн де ақын шынайы көркем, терең мәндi, сыршыл шығармаларымен әлемге әйгiлi болды. Тiлi орысша болса да, оның шығармаларынан нағыз ұлттық реңк айқын сезiлiп тұратын едi.Ұлттық мәдениеттiң келешегiне қатты алаңдайтын қайраткерлер отаншылдық сезiмдерiн оқырманына жеткiзу үшiн небiр көркемдiк амалдарды қолданып бақты. Олардың кейбiр алдыңғы қатарлы өкiлдерi қазақ ұлтының тарихынан сыр шерту арқылы ұлттық мәдениеттен ауытқып бара жатқан жастарға ой салу әрекеттерiн жасады. Қазақ халқының басынан өткерген ауыр кезеңдердi бейнелеп, бiрегей жекетұлғаларды кейiптеген Т. Ахтанов, Қ. Жұмадiлов, М. Мағауин, Ә. Кекiлбаев,С. Сматаев, т.б. шығармалары қазақ оқырмандарының көңiлiнен шықты. Қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресi көркем әдебиетте елеулi орын алды.1981 жылы “Қазақкiтап” бiрлестiгi бойынша республика баспаларынан қазақ тiлiнде шыққан кiтаптар 6 млн 051 мың сомға сатылса, 1985 жылы сатылған кiтаптар iшiнде қазақ тiлiндегiсi 2 млн 171 мың сомға түсiп, орыс тiлiндегi кiтаптардың сатылу сомасы 3 млн 599 мың сомға жеткен. Сонымен республика баспаларынан шығып жатқан кiтаптар iшiнде қазақ тiлiндегi туындылардың үлесi 1981 жылғы 37,95%-дан 1985 жылы 13,7%-ға дейiн құлдыраған, ал орыс тiлiндегi кiтаптардың үлесi осы мерзiм iшiнде 61,4%-дан 85,4%-ға дейiн артқан. Бұл жылдары Қазақстанда тұратын орыс жазушылары И.Шухов, Д. Снегин, И. Щеголихин, ұйғыр жазушысы З.Самади, немiс жазушысы Г.Бельгержемiстi еңбек еттi. М.Лермонтов атындағы Орыс драма театры, Ұйғыр музыкалық драмалық және Корей драма театрлары мәндi шығармаларымен және актерлiк шеберлiктерiмен көпшiлiк қауымның көңiлiн өздерiне аудара бiлдi.

Өнер.

Бұл кезеңде классикалық музыка жанрындасазгерлер Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, К.Күмiсбеков, ұйғыр сазгерi Қ.Қожамьяровөнiмдi еңбек еттi. Әншi Ә. Дiнiшевтiңесiмi әлемге әйгiлi болды. Н. Тiлендиев этно графиялық оркестр құрып, ән жазуды ұлттық сарындағы аспапты музыканы уағыздаумен ұштастырды. Музыка мәдениетiнде әлем эстрадасының деңгейiндегі туындылар мен көркемөнер ұжымдары дүниеге келiп жатты. “Дос­Мұқасан” ансамблi, Р.Рымбаева, Н.Есқалиева сынды әншiлер халық аралық сайыстар лауреаты атанып, шетелдерге танылды. Әуел баста эпостық шығармаларды сахналаумен бұқара арасында едәуiр бедел жинаған ұлттық театр өнерi де 1980 жылдары деңгейiн төмендетiп алды. Бұл тұстағы қазақ театрының беткеұстар қойылымдары ендi белгiлi романдар мен повестердiң сахналық үлгiлерi болды. Олардың арасында Ш.Айтматовтың “Құс жолы” повесi мен Ә.Нұрпейiсовтiң “Қан мен тер” романының сахналық үлгi лерiн жасау театрға уақытша бедел сақтау мүмкiн дiгiн әпердi.Ш.Айма новтың “Атаманның ақы ры”, С.Қожықовтың “Қыз Жiбек” фильмдерi халық арасында iлтипатпен қабылданған шын мәнiндегi көркем таспалар болатын. Бұл жылдары қазақша кино драматургияның тапшылығынан, қолда бар репертуардың тақырып ауқымының тарлығынан ортақол қойылымдар шығып жатты. Цензурадан өтпей, көпшiлiкке жолдама ала алмай қалған қойылымдар да болды.