Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

44. Қазақстан экономикасында шикізаттық бағыттың тереңдетілуі. (хх ғ. 60-80 жж.)

1960 жылдардың ортасында жүргiзiлмек болған шаруашылық реформасы аясында жасалған өндiрiстi техникалық жарақтандыру шаралары еңбек процесiн ұйымдастыруға дұрыс жол ашқандай болды. Кәсiпорындардың шаруа шылық дербестiгi ұлғайып, жұмысты жоспарлаудың жаңа пiшiндерi қалыпқа ене бастады.1967 жылдың соңына таман республиканың барлық өнеркәсiп орындарының 10%-ын құрайтын 193 кәсiпорын жаңаша жұмыс iстей бастады. Оларда барлық жұмысшылардың 1/4-i еңбек етiп, өнiмнiң жалпы көлемiнiң 1/3-iне жуығын өндiрдi. 1970 жылға қараған мерзiмде республика кәсiпорындарының 80%-ы жоспарлаудың жаңажүйесiбойынша жұмыс iстеуге көштi.Алайда экономикадағы ахуалды iлгерiлетуге септiгiн тигiзетiн осындай игi бастамалардың бәрi бiрдей iс жүзiнде нәтижелi болмады. Партиялық және мемлекеттiк құрылыстың басындағылар, жергiлiктi билiк органдары өмiрлiк маңызы бар мәселелердi шешуде елеулi қателiктерге жол бердi. Адамдардың нақты iсi еленбей, “кеңес халқының коммунизм құруға бiрiншi болып кiрiсiп жатқаны” туралы даурықпа сөз белең алды. Экономиканы дамытуды көздеген шаралар соғыс ракеталарын көбейту мен екi жүзге тарта ұлтты орыстандыру саясатының көлеңкесiнде қалып қойды.

Ауыр өнеркәсiптiң даму барысы.

1960—1980 жыл дары республиканың отын-энергетика кешенi бiрсыдырғы жоғары қарқынмен дамыды. Табиғи ресурстардың молдығы электр қуатын өндiру көлемiн арттыруға мүмкiндiк бердi. 1960 жылдардың екiншi жартысында Жамбыл, 1972 жылы Қапшағай электрстансылары салынды. Республикада 1970 жылы 34,7 млрд кВт/сағ электр қуаты өндiрiлген едi, ал қайта құру басталар алдындағы 1984 жылы оның көлемi екi еседен астам артып, 74,6 млрд кВт/сағ-қа жеттi. 1970 жылдар iшiнде Қазақстанда көмiр өндiру айтарлықтай өркендедi. Саланы техникалық жарақтандыру iсi жүргiзiлдi. Екiбастұздың ашық әдiспен өндiрiлетiн, өзiндiк құны арзан көмiрiн өндiру қарқыны жоғары болды. 1984 жылы Қазақстанда шығарылатын көмiрдiң көлемi 1970 жылмен салыстырғанда екi еседен астам артты, жылдық өнiмi 125,5 млн т-ға жетiп, Одақ бойынша өндiрiлетiн көлемнiң 17,6%-ын құрады.1960 жылдардың екiншi жартысында Маңғыстау түбегiнде мұнай өндiру мен өңдеу жұмыстарының көлемi арта бастады. 1965 жылы Жаңаөзеннен алғашқы мұнай алынды. Бұл кезеңде Жетiбай арқылы Ақтауға мұнай және газ құбырлары, ал Атырау арқылы Самараға мұнай құбырлары тартылды. Ембiде мұнай өндiру iсi жаңа қарқын алды. Маңғыстауда газ өңдейтiн зауыт салына бастады. 1970 жылдардың алғашқы жартысында Қазақстанда мұнай өнеркәсiбiн дамытуға бөлiнген қаржы бұдан бұрынғы бесжылдықтағыдан екi есе артты. Бұл аталған мерзiм iшiнде республикада мұнай өндiрудi 1,8 есе, газ өндiрудi 2,5 есе арттыруға мүмкiндiк бердi.Қазақстан өнеркәсiбiнiң дәстүрлi салалары — қара және түстi металлургия қалыпты дамыды. Шығыс Қазақстан республикадағы түстi металлургияның аса iрi орталығына айналды. 1960 жылдар iшiнде Лениногор мырыш зауыты, Өскеменде титан-магний комбинаты, 1970—1980 жылдары Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты салынды. Жез қазғанда (No2), Жезкентте, Қашарда, Қарағандыда жаңа кен байыту комбинаттары, Павлодарда алюминий зауыты iске қосылды. Қорғасын, мыс, марганец, шойын, болат, қара металдар прокатын өндiру республика металлур- гиясының маңызды салаларына айналды. Темiр кенiн өндiрудiң жылдық өнiмi 1984 жылы 24млн т-ға жеттi. Бұл онжылдықтарда көмiр, темiр кенiн өндiруде, болат пен қара металдар прокатын қорытуда Қазақстанның Одақтағы үлесi артты. Қазақстан қорғасынның, мыс пен титанның жалпыодақтық өндiрiсiнiң елеулi бөлiгiн беретiн болды. Химия өнеркәсiбi де жедел қарқынмен дамыды. 1960 жылдардың екiншi жартысында Ертiс химия-металлургия, Атырау мұнай-химия зауыттары салынды. 1970 жылдарда республика сары фосфор өндiруден Одақта жетекшi орынға шықты, минералды тыңайтқыштар шығару ұлғайды. Ақтөбе мен Жамбылда суперфосфат зауыттарының қуаттылығы ұлғайтылды. Резеңке, резеңке-асбест, фосфор, пласт масса шығаратын, мұнай айыратын кәсiпорындар салу қолға алынды. Соғыстан кейiнгi онжылдықтарда Қазақстан экономикасының дамуындағы басты бағыт қандай болып едi?

Өндiрушiлiк-шикiзаттық бағыттың жалғасуы. Қазақстан машина жасаудың металды көп қажет ететiн қарапайым түрлерiмен айналысты. Бұл сала, негiзiнде, құрастыру деңгейiнде ғана дамыды. 1960 жылы Павлодардағы машина жасау зауытының негiзiнде құралған трактор зауыты, Ақмоладағы “Қазауылмаш”, Семейде арматура зауыты саланың басты кәсiпорындары болды. Трактор және ауыл шаруашылығы машиналары республиканың машина жасау және металл өңдеу өнеркәсiбiнiң жалпы өнiмiнiң 2/5-сiн бердi. Сонымен қоса, республика металл кесетiн станоктар, ұсталық-жаныштау машиналарын, экскаваторлар мен бульдозерлер, мал азығын өндiретiн машиналар мен жабдықтар шығарды. Аталған мерзiм iшiнде Семейде кабель, Текелiде аккумулятор, Өскеменде конденсатор, Кентауда трансформатор, Алматыда төмен вольтты аппараттар зауыттары салынды. Бiрақ бұлар республикада электротехника өнеркәсiбiнiң дамып кеткендiгiнiң айғағы бола алмайтындай деңгейде едi. Қазақстанда көлiктiк машина жасау, прибор, радио- және телеаппаратуралар, электроника, тұрмыстық техника бұйымдарын шығаруға жеткiлiктi көңiл бөлiнбедi. Республика экономикасы бұрынғыша шикiзаттық-өндiрушiлiк бағытта қала бердi. Өнеркәсiптiң өңдеушi салаларын дамытуға қажеттi жағдай жасалмады, кадрлар дайындалмады. Республика аумағында орналасқан әскери өнеркәсiп кешендерiнiң (ӘӨК) жергiлiктi билiк органдарына бағындырылмауы оларды шамадан тыс еркiнсiтiп жiбердi. ӘӨК өздерi тұрған ортаның тазалығын сақтамады, жергiлiктi ресурстарды үнемдi пайдаланбады.