- •Мінездеме (характеристика)
- •Үлгімен танысыңыз
- •Сенімхат
- •Үлгілермен танысыңыз Сенімхат
- •Тапсырма:
- •Мұрагерлік істі жүргізу жөніндегі Сенімхат
- •Сабақтың тақырыбы: Хаттама. Сабақтың мақсаты: Хаттама жазуды үйрету.
- •Хаттама
- •Алматы қаласы Көлік және телекоммуникациялар колледжі ұжымы жалпы жиналысының №7 хаттамасы
- •Баяндаухат
- •Баяндаухат
- •Қызметтік хаттар
- •- Құттықтау себебі жазылады
- •Есте сақтаңыз!!! аударыңыз
- •Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Байынқол Қалиұлы Қалиевке
- •Тапсырма:
- •Аббревиатуралардың жазылуы
- •Үлгімен танысыңыз
- •Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1912 жылғы 12 қаңтарда Алматы қаласында туған.
- •Өмірбаян
- •Кепілхат
- •Жеделхат мәтіні
- •Түсініктеме
- •Хабарландыру
- •Телефонхат
- •Телефонограмма
- •Телефонограмма
- •Визит карточкалары
- •Глоссарий
- •Нормативтік-құқықтық актілер мен ресми іс қағаздарының тілінде жиі кездесетін терминдер мен тұрақты қолданыстар
- •Заң тілінде жиі кездесетін тұрақты орамдар
- •Бұйрық тілінде жиі кездесетін етістіктер
- •Примерный перечень управленческих документов и термины Басқару құжаттарының үлгілік тізбесі және терминдер
Аббревиатуралардың жазылуы
Әріптердің аталуы бойынша оқылатын аббревиатуралар септелмейді және бас әріптермен жазылады.Мысалы: ХШЖК, БҰҰ, ЖМУ.
Буын бойынша оқылатын аббревиатуралар септеледі және былай жазылады:
а) егер жалқы есімдерден түзілсе, бас әріптермен:
ҚазМҰУ,ЖАК(ҚазМҰУ-ге,ЖАК-тың).
б) егер жалпы есімдерден түзілсе, кіші әріптермен(қазақ тілінде ондай қысқартулар жоқтың қасы)
Мына сөз тіркестері былай жазылады:
Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік пен рухани келісім үшін сыйлығы.
Мемлекеттік жоғары өкімет органдарының атауларындағы барлық сөздер бас әріппен жазылады:
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Президиумы.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Заң актілерінің және тұрақты комитеттері мен комиссияларының атауларындағы бірінші сөздер мен жалқы есімдер бас әріппен жазылады.
Ұлттық саясат, мәдениет пен тілді дамыту жөніндегі комиссия.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Жастар істері жөніндегі комитеті.
Мәслихат сөзі өкімет органы мағынасында жекеше түрде де көпше түрде де барлық жерде бас әріппен жазылады.
Өкілетті органдардың Алматы облыстық Мәслихаты.
Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, басқа да республикалық мекемелердің бірінші сөзі бас әріппен жазылады:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.
Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі мемлекеттік комитеті.
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Мұрағаттар мен құжаттама Бас басқармасы.
Егер де мекеме атаулары көпше түрде берілсе, кіші әріппен жазылады:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитеттері.
Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары, мемлекеттік комитеттері және басқа да мекемелері.
Коллегия, бұйрық сөздері кіші әріппен жазылады:
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің коллегиясы.
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабының бұйрығы.
№4 СОӨЖ.
Сабақтың тақырыбы: Өмірбаян жазу. Терминдік аударма жұмысын орындау.
Сабақтың мақсаты: Өмірбаян жазуды, практикалық жолмен меңгерту; сан есімдерді, жалқы есімдерді, етістіктің өткен шағын қайталау. Жер-су атаулары.
Өмірбаян
Өмірбаян (автобиография) – жеке адамның өмірінен мәлімет беретін іс қағаздарының бір түрі. Өмірбаян әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке тұру кезінде жазылады. Онда әр адам өзінің туған күні, айы мен жылынан бастап, жері, тегі, отбасы, білімі, атқарған қызметі, мамандығы туралы сатылып қысқаша жазып шығады. Өмірбаян қолмен (кейде арнайы бланкте) жазылады.
Міндетті мәліметтер:
Құжаттың аты (өмірбаян)
Аты-жөні, туған жылы, айы, күні, туған жері
Ұлты
Білімі, оқыған оқу орындары
Қоғамдық – саяси қызметі
Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет
Қазіргі жұмысы, мекенжайы
Негізгі сөздік
үйленбегенмін |
- не женат |
үйленгенмін |
- женат |
тұрмысқа шықпағанмын |
- не замужем |
тұрмысқа шыққанмын |
- замужем |
әскери қызметке міндеттімін |
- обязан к воинской службе |
қосымша мәліметтер |
- дополнительные сведения |
түсу |
- поступить |
бітіру |
- окончить |
әскери қызметті өтеу |
- выполнять воинскую службу |
жұмыс істеу |
- работать |