Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлеуметтік педагогика.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
15.11.2019
Размер:
1.11 Mб
Скачать
    1. Әлеуметтендіру педагогикасының негізгі факторлары.

Адам әлеуметтендірудің негізгі объектісі, қоғамның мүшесі ретінде адамгершілікті, ізгілік нормаларын, құндылықтарды меңгеру өзінің зияткерлік (интеллектуалды) әлеуетін, білімін, мұратын, мүддесін, сұраныс-талаптарын қанағаттандыру арқылы рухани, материалдық азықтанып өмір сүреді.Әлеуметтендіру үрдісі адамдарға әр түрлі жағдайда түрліші әсер етеді. Оларды факторлар деп атайды.

Адамға ықпал ететін факторлардың кейбір белгілі бір дәрежеде толығырақ зерттелсе (мысалы, балабақша, мектеп тәрбиесі, отбасы мәселелері т.б.), ал кейбіреулері енді ғана ғылыми-педагогикалық «психологиялық», әлеуметтану мен әлеуметтік-педагогикалық тұрғыда зерттеле бастады (мысалы, этнос, ірі топтар, ұлт аралық қатынас т.б.), жекелеген мақалалар болмаса, кейбірін әлеуметтік-педагогикалық тұрғыда зерттеу әлі қолға лаынған жоқ (мысалы, космос әлемі, планетала т.б. ықпалымен адамдардың психикасы, болмысының байланысы).

Факторлар өте көп болғандықтан оларды шамамен төмендегідей төрт топқа жинақтауға болады:

Бірінші топқа- мегафакторлар (гректің өте зор, өте кең деген сөзі)-космос, планета, әлем, дүние деген ұғымдар жатады. Олар бүкіл жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтың барлығына басқа факторлармен қатар немесе соолармен астарласа ықпал етері анық.

Әлем немесе космостың және оның жер шарына тигізетін әсері ежелгі дәуір ойшылдарының ойын қозғап, пікір айтып кеткендері тарихта белгілі. Өткен XX ғасырдың орта шенінде орыстың психиатр ғылымы В.М. Бехтерев, геофизик П.ПЛазарев, биолог А.Л.Чижевский және оның сол сияқты адамдарыдң әлеуметтік ортадағы қарым-қатынасы күннің әлемге бөліп шығарған белсенділігіне байланысты екенін белгілеген.Айталық П.П. Лазарев геофизикалық және космостық құбылыстардың адам қоғамына тигізген әсерін зерттеуге қажет екендігін дәлелдеуге ұмтылған.Ал, А.Л. Чижевский дүниеде болған және болып жатқан өзгерістерді, мысалы, Америеаның ашылуы, Франциядағы және Ресейдегі төңкеріс, с.с. күн энергиясының белсенділігі артқан мезгілге тұспа тұс келгенін және олардың тығыз байланыста екенін болжаған. Бұл ғана емес, тарихта адамзат қауымына аты кең тараған белгілі тұлғалардың іс-әрекеті де дүниенің белсенділігіне сәйкес келгенін соған байланыстыра дәлелдеуді көздеген.

Мұндай зерттеулерді жалғастыру жер бетіндегі тіршілік үшін, соның ішінде адамзат қауымы үшін аса маңызды болғандықтан болашақта ары қарай жалғасын табатыны анық және ол көптеген мәселелерді шешуге ықпал етерін эксперимент түрде тексеруді қажет етеді.

Планета мен дүние бір-бірімен өзара тығыз байланыстағы мегафакторлар. Планета дегеніміз – астрономиялық түсінік. Ол жарықты және жылуды күннен алады және күн жүйесінің аспандағы бір бөігі болып есептелінеді.

Дүние дегеніміз әлеуметтік-политологиялық ұғым ретінде жер бетінде өмір сүруші адамдар қауымының бірлігі мен тұтастығын көрсетеді.

Табиғи-климаттық жағдайларға қарай Жер шарының көлемді (глобалды) мәселелерді де космос, планета, дүниелік құбылыстарға байланысты; экологиялық қоршаған ортаның ластануы; экономикалық-континенттер мен өткелдердің дамуындағы айырмашылық; Демографиялық-адам санының өте көптігі не болмаса аздығы; саяси-соғыстар, келіспеушіліктер мен қарама-қайшылықтардың күшеюі, соғыс болу қауіпі,ядролық қарулардың таралуы т.б. байланысты болады. Осы және басқа да мәселелердің адамзатқа тікелей не болмаса жанама тигізетін әсері әлеуметтендірудің маңызды құрамды бөлігі болып табылады.

Өткен XX ғасырдың 50- жылдарыф жер шарында пайда болған ең зор атом қаупі әлеуметтенуге тікелей ықпал етіп, жас ұрпақтың болашақты ойламай, тек бір күнмен өмір сүруі,бір күнді ғана ойлауына алып келді. Сонай ақ 80-90 жылдардағы экологиялық мәселелерді де глобалды мәселелер қатарына жатқызуға болады.

Сонымен қатар әлеуметтендіруге жанама ықпал ететін факторлар да баршалық.Олар тұрмыс жағдайларына ықпал етіп, зиян келтіретінкейбір шаруашылық , өндірістік іс әрекеттеродің қоршаған ортаны ластандырып, су ауа құрамының бұзылуына лаып келді.Бұл кейбір жерлерде аз болса, кейбір өңірлерде қатерлі ахуалға айалып отыруының өзі де әлеуметттік іс-шаралар ұйымдастыруға итермелейді.

Экономикалық және саяси үрдістер халықтың өмір сүру жағдайларына әсерін тигізіп, ұлттық қазынаның халыққа емес,соғысқа, ел қорғауға,өндіріске жұмсалып, қару-дарақ шыаруға бөлінсе,ол өз кезегінде халықты кедейшілікке ұшырататыны белгілі.

Міне соы айтылғандарда ескере келіп, әлеуметтік педагог өсіп келе жатқан жас буынды тәрбиелеудің мақсатын, міндетін, және мазмұнын анықтай алуы керек. Әр бір адам өзін қоршаған әлемнің бір бөлігі екенін сезініп, онсыз өмір сүре алмайтынын біліп, табиғатты қорғау, оны пәрменді жүзеге асыруды ойластыруымен қатар, тұрмыстық жағдайларын жақсартуға және одан әрі қарай көтеруге күш салуы керек.

Әлеуметтік үрдістерге ықпал ететін, соның ішінде жеке адамдарға да әсері күшті екінші фактор- макрофактор деп аталады.

(грекше-зор деген сөз). Оған өлке, қоғам,мемлекет кіреді.

Өлке-географиялық ұғым. Ол-табиғи шекарасы белгіленген,

Табиғи жағдайлары адамның өмір сүруіне мүмкіндік беретін, егемендікке (толық не жартылай) ие болған, өзінше жеке не басқалардың колониясы ретіндегі жер ауқымы, мемлекет.Әр өлкенің табиғи-климаттық жағдайы сол өңірде өмір сүрген адамдар қауымы мен жекелеген тұлғаларға әсер етпей қоймайды. Өйткені ол жердің адамдары сол өңірдің табиғи климатына қарай бейімделіп,күнелтеді,еңбектенеді,өмір сүреді.

Белгілі философ Мишель Монтень адамдардың жүріс-тұрысы,

өмір салты,іс-әрекеті,мысалы,соғысқа құмар,салмақтылығы,жайбарақаттығы,еңбекқорлығы,ғылым мен

мәдениетке қабілеттілігі климаттық шарттар мен табиғи жағдайларға да байланысты болатынын айтып кеткен.

Географиялық және климаттық жағдай халықтың санына,өсіп-өнуіне де ықпал етеді,мысалы,Куба мен Исландияның жер көлемі бірдей.Бірақ Кубада жер жағдайы мен климаты шаруашылыққа жайлы,сондықтан халық саны Исландияға қарағанда көп.

Қазақстан Республикасында 2002жылы ауа атмосферасын қорғау туралы заң қабылданады.Мұнда кейбір ұғымдармен қоса осы мәселенің өзекті тұстарыда қарастырылған.Ауа атмосферасы газдық атмосфераның табиғи қоспасы ретінде қоршаған ортаның құрамдас бөлігі болып саналады.Ластаушы зат-ауа атмосферасындағы адамның денсаулығына зиян және қоршаған ортаны ластайтын химиялық, биологиялық зат не болмаса олардың қоспасы. Олар атмосфераға тұрақты және қозғалушы көздерден шығып, ауаға қосылады. Ауа атмосферасының ластануы дегеніміз-ауа атмосферасына зиянды заттардың түсуі, не болмаса осындай қоспалардың пайда болуы. Ауаға бұлардан басқа физикалық ықпал ететін дыбыстар (мысалы, шу, шиқылдаған, гүрілдеген дыбыстар) иондайтын сәуле, температураның түсуі, не көтерілуіне алып келетін, радиацияны көбейтетін т.б. зиян келтіретін құбылыстар таралады. Таза ауа дегеніміз атмосферадағы физикалық,химиялық биологиялық заттардың сапалық қоспасының гигиеналық, экологиялық нормаларға сәйкес келуі.

Геоклиматтық жағдайлар халықтың денсаулығына да өз ықпалын тигізетіні анықталған. Тарихшы В.О. Ключевский Ресейдегі жоғары Волга бойындағы халықтың тұрмыс ахуалын зерттей келе «геоклиматтық жағдайға байланысты оларда қысқа ғана болғандықтан, жаз мезгілінде күндерді дұрыс пайдаланып, ықшам, шапшаң қимылдауға, күш-жігерін толық және мақсатты пайдалануға бейімдеген.Ал күз бен қыс күндерінде асықпай, баяу, жайбырақат тіршілік етуге үйретіп, халықтың психикасын да оған бейімдеген» -деп ой түйіндеген. Бұндай түйін де ұрымтал анықтамалар мен көптеген зерттеу жұмыстарды жүргізуді талап етеді, дегенмен климаттық ахуал басқа да факторлармен қосыла келе, әлеуметтендіруге белгілі дәрежеде әсерін тигізеді. Оны ұлт, қоғам және мемлекет қалай ескеруі керек екеніне тоқталайық.

Этнос, немесе ұлт-тарихи қалыптасқан, жалпы ұлттық менталитеті, мінезі, мәдениеті мен басқа ұлтардан айырмашлығы көрініп тұратын, белгілі бір жер аумағын мекендеген орнықты адамдар тобы немесе жиынтығы.

Әрбір этносқа тән психиқалық және жүрс-тұрс ерекшеліктернің мынадай екі көрсеткіші бар: биологиялык және әлеуметтік-мәдени көрсеткіштер. Бүкіл халыктың, соның ішінде әр бір адамның психологиясы әр-түрлі жағдайлардын әсерімен қалыптасады.

Олар ғасырлар бойы тұрақтын бір өлкеде, не аймақта, белгілі бір

климаттық шарттарда,табиғат ерекшелігіне байланысты шаруашылық және өндіріспен шұғылданып келген.

Бірақ әлеуметтік-мәдени көрсеткіштің психика мен тұрмыс-тіршілікке тигізетін ықпалы зор.Әсіресе қазіргі өркениет жағдайында ұлттық ең маңызды көрсеткіші-халықтың өмір сүрген жері мен тұрғындар сөйлесетін тілі (ана тілі) және сол тілде пайда болған мәдени байлықтар болып саналады. Бұлардың әлеуметтендіруге тигізетін әсерін екінші түрлі сипатқа қарастыруға болады:біріншісі-тұрмыстық, биологиялық, немесе витальды, екіншісі-менталдық немесе рухани әлемі болып табылады.

Витальды ерекшеліктер-баланың дүниеге келуі, күтімі, дамуы, тамақтануы, киімі, тілі т.б. әр түрлі ұлттың тұрмыс шарттарына байланысты, мысалы, Уганда елінде баланы анасы үнемі көкірегіне, не арқасына байлап көтеріп жүреді, сондықтан ол аяғына жылдам тұрып, тез арада дамиды, бірақ зерттеушілер ол анасынан ажыраған соң көпке дейін өзіне келе алмай, өз алдына жүре алмай көп уақытын қайта қалыптасуына өткізіп алатынын байқаған. Ал, Еуропалық балалардың дамуының біршама артта қалуын оның тамақтануына байланысты екенінде анықтаған.

Ал, Жапонияның мәдениеті мен экономикасы тез дамыған ел болғандықтан, қазіргі кезде балалардың бойы, дене бітімі мен өсуі, ұзақ өмір сүруі теңіз азықтарын пайдалануға байланысты. Баланың дене бітімінің жылдам өсіп жетілуі, спорт ойындарына, азық-түлікке және медициналық қамсыздануына да байланысты екені белгілі.

Осы айтылған ахуалдардың көпшілігі және кейбір кемшіліктер Қазақстанда да көрініс беруде. Әсіресе, 90- жылдардың бас кезіндегі әлеуметтік ахуалдарға байланысты ауылдық жерлерде ауру балалардың саны өскен, азық-түліктің жеткіліксіздігінен не сапасының нашарлығынан әлсіреу, дене құрылысынң дұрыс қалыптаспауы, жастар арасында әр түрлі сырқаттардың көбеюі, балалардың әскери қызмет өтеуге жарамсыздығы т.б. көбейген болатын. Еліміздің экономикалық дамып., әлеуметтік жағдайының түзелуіне байланысты бұл көрсеткіштер біршама азайған. Ұлттық мәдениеттің әлеуметтендіруге тигізетін әсерін « менталдық деп атайды. Бұл ұғым XX ғасырдың бас кезінде әлеуметтану ғылымында француз ғылымы Л. Леви-Брюль енгізген.Менталитет –халықтың терең, іргелі рухани санасы, тарихи-мәдени және климаттық табиғат жағдайларының әсерімен қалыптасқан көпшіліктің ақыл-ойы мен түсініктері.

Әр ұлттың менталитеті тіршілік әдеттерінің ерекшеліктерінен, үй жиһаздары мен жасауларына, декоративті-қолданбалы қол өнерінен көркем өнер киім кешектері, жүріс-тұрысы мен қарым-қатынасындағы сый-құрметінен, көркемдік туралы түсінігі мен еңбекке деген көзқарасынан, отбасы, салт дәстүрінен, мейірім-қайырым сипатынан байқалады. Талай ғасырлардан бері атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан, салт сана, мәдени байлық, халықтық әдет-ғұрып, әйел мен еркек арасындағы қарым-қатынас, т.б. менталитеттің көріністері мен сипаты болып табылады.

Менталитет отбасындағы қарым-қатынасқа, сый құрметке, ересек және қарт адамдарды сыйлауға, кішіге ізет, кемтарлар мен бишараларға қайырым, көмек беру мен ұлттық, этникалық ережелерді сақтауға өз ықпалын тигізеді.

Ұлттық менталитет өсіп келе жатқан жас буынды тәрбиелеуде ұстанатын болжау (имплициттік) теориясында қамтиды.

Белгілі ғалым Н.С. Конның зерттеуі бойынша, ересек адамдар мен балалардың арасындағы өзара қарым-қатынасы, балаларды қалай тәрбиелеу керек, олардың қандай мүмкіндіктері мен қабілеттері бар, қандай мамандық алып, кім болуды армандайды, тәрбиеде қалай құралдар мен әдістерді қолдану керек деген секілді мәселелер менталитеттің тәрбие нәтижелерін болжау (имплициттік) тұжырымы болып саналады.

Этностың имплициттік тәрбиелеу тұжырымы ересек адамдардың бала тәрбиесіне қатысты ой-пікірін әлеуметтендіруге тигізген ықпалын білдіреді.

Қоғам-саяси-әлеуметтік ұғым, бір кеңістікте бірге, қатар өмір сүріп, еңбектеніп, өзара қарым-қатынасқа енген адамдардың әлеуметтік тобы. Оның жыныстық жас ерекшеліктері, экономикалық, идеологиялық, мәдени құрылымдары бар.Енді соларды қысқаша қарастырамыз. Қоғамның жыныстық сипаттамасы санынан емес, олардың қоғамда және отбасында алатын орнынан байқалады:

  • әйел мен еркектің әлеуметтік статусы-матриархат-архаикалық мәдениетте, патриархат-кейбір Азия және Африка өлкелерінде, биархат-тең рөлді –Еуропа, және ТМД құрамындағы Азия мен Орта Азия өлкелерінде орныққан;

  • халықтың білім деңгейінің әр түрлі болуы: жоғары, орта және бастауыш білімі бар адамдар;

  • Үй шаруашылығындағы адамдар;әйелдер, ерлер де кездеседі;

  • Жергілікті әкімшілік органдарында жұмыс істейтіндер (ерлер көбірек, әйелдер азырақ ).

Бұлардан басқа әйелдер мен ер адамдардың «үлкен», «кіші», «бала», «бозбала», «бойжеткен», «қарт» секілді жас ерекшеліктеріне қатысты ұғымдар олардың қоғамдағы орнын және атқаратын міндеттін айқындайды.

Адамдардың жас ерекшеліктерініңғ әлеуметтендіруге тигізетін әсерін ғалым Маргарет Мид зерттеген. Қоғамның өзгеруіне қарай және жас ұрпақ пен ересек буындардың бір-біріне тигізетін ықпалына байланысты. М. Мид оның үш түрлі типте болатынын анықтаған: біріншіден, ересек және жасы ұлғайған адамдар жастар үшін үлгі өнеге болумен бірге ұрпақтан ұрпаққа өтіп отыратын әдет ғұрып, салт-сананың сақталып әлеуметтену үрдісіне айналуына өз ықпалын тигізеді;екіншіден, құрбылары мен жолдастары, сыныптастары мен ауылдағы достары,т.б. араласқан ортаның ықпалы күшті; үшіншіден, балалар мен жастардың әлеуметтену үрдісіне ықпалы, өйткені олар қоғамда болып жатқан өзгерістерді жылдам қабылдап, жаңа жағдайларға тез көніп, жаңалықты, шұғыл бағалай алады. Бұл қазіргі өтпелі кезеңде анық байқалады. Мұндай жағдайларға қарттардың, бейімделуі күрделі. өйткені олар өткен дәуір құндылықтарын ұмыта ламай, жаңаны қабылдай алмай қиналса, жастар оларға тез көніп, жаңа жағдайларға шұғыл бейімделе алады.

Жас ерекшеліктер мен басқа әлеуметтену үрдісіне қоғамдық құрылымның да ықпалы пәрменді болатынын атап өтуге болады.

Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеген Т. И. Заславскаяның пікірі бойынша ол былайша сипатталады:

  • Жоғары қатпардағылар немесе саяси және экономикалық элита, қолында байлық та, билік те бар адамдар тобы;

  • Одан гөрі төмен қатпарда ірі өнер кәсіп иелері мен осындай ірі кәсіпорындарының менеджерлері;

  • Ортанғы қатпар –шағын меншік иелері, әлеуметтік қызметкерлер, басқару орындарының және тәртіп сақтау органдарының қызметкерлері, зиялылар тобы, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлер т.б.;

  • Төменгі қатпар-арнайы кәсіптік білімі, мамандығы жоқ қара жұмысшылар. Ардагерлер тобы, әлеуметтік күйзеліске ұшырағандар т.б.;

Мемлекеттегі өзгерістер мен жаңғыруларға байланысты Қазақстанда көптеген мамандардың кедейленуі, жұмыссыздар мен қылмыстық істерге барғандар, оқи алмай қалғандар саны көбейеді. Жұмыссыз қалғандардың ішінде саяси және әскери қызметкерлер бұрынғы колхозшылар, кейбір маңда шенеуніктер бар.Мұндай көріністер әрине халықьың тұрмысына және өсіп келе жатқан буындарға өз ықпалын тигізетіні белгілі.

Қоғамның экономикасының өсу деңгейі ондағы адамдардың тұрмыстық ахуалы мен өмір сүру шарттарын белгілейді. Олардың материалдық және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру (киім-кешек, баспана, азық-түлік т.б.), эстетикалық тәрбие және рухани байлығын дамыту т.б. Жүріс-тұрыс және психи калық үрдістерге де ықпалын тигізуде.Кедейлік пен жоқшылықтан адамдар әр түрлі қылмыстық істерге баруда, мысалы, зорлық-зомбылық, қорқыту, бұзып-шағып, бүлдіру (вандализм), масайту ішімдіктерін ішу, нашақорлық, ұрлық секілді келеңсіздіктер белен алуда.

Қоғам экономикалық жағынан қаншалықты жоғары дәрежеде көрсетілген сайын адамдардың білім алып, тәрбиеленіп, қалыптасуына да соншалықты жоғары дәрежеде фықпал етеді. Азаматтардың өмір сүру шарттарының жақсаруына экономиканың дамуына сенімі болса, онда бұл оларды мазысдандырып, көңіл-күйінің түсуіне, қайғыға батуына, қорқып, қауіптенуіне алып келді, халық арасында ертеңгі күнге сенімсіздік күшейеді. Қоғамдағы мұндай көріністер жастар мен балаларға да теріс әсерін итгізеді. Сондықтан, бұндай жағдайларда тәрбиелеу мен әлеуметтендіру жұмыстарына ерекше мән беру қажет.

Тәрбиелеу-әлеуметтік институт ретінде жастарды теріс әрекеттерден, жаман ойлар менқылықтардан сақтау немесе солардың алдын-алу тура жолға бастау, қоғамдық жүріс-т ұрыс нормаларын іздестіру, қоғамдық ресурстарды дұрыс пайдаланып адамдардың дамуын қамсыздандыру мақсатын көздейді.

Тәрбие отбасылық, діни, әлеуметтік және түзету педагогикасы болып бөлінеді. Олардың мақсаты, міндетітері,мазмұны және құралдарына қарай өзіндік ерешеліктері бар.

Отбасы тәрбиесі әкесі мен шешесі, атасы мен әжесі, бауырлары тарапынан жүргізіліп, туысқандық сипаттаболады.Ал дін тәрбиесі көбінесе ,арнайы діни мекемелер аркылы жүргізіледі десек те,кейбір отбасыларында оған мән берілмейтіні байқалады.Әлеуметтік тәрбие кайта тәрбиелеуге мұқтаж ересектер мен балаларды түзету мақсатында арнайы ұйымдастырылған мекемелерде жүзеге асады.

Мемлекет-заңнмалык саяси ұғым.Ол саяси жүйенің тізбегі ретінде билік жүргізу қызметін атқарады.Бұл жүйеде басқару аппараты, әкімшілік және қаржы органы, сот органы бір-бірімен тығыз байланыста қызмет етеді.

Мемлекет өз халқының, азаматтарының құқығын және бостандығын қамтамасыз етеді, міндетті білім беру, еңбектену, кемелдену, отбасын құру, әскери қызметін өтеу, зейнетке шығу уақытын белгілейді және қаржымен қамтамасыз етеді. Демек, адамды әлеуметтендіру мемлекет тарапснан қуатталады және басқарылады.

Азаматтарды тәрбиелеу жұмыстары да мемлекет тарапынан іске асырылады, өйткені мемлекет өзіне қажетті әлеуметтік тапсырыс бойынша адамдардың дамуына, қалыптасуына жағдай жасап, мүмкіндік туғызады. Мемлекет тарапынан белгілі себептермен көмекке мұқтаж адамдарға арналған мекемелер құрылып, олармен жұмыс бақылауға алынады.

Мемлекеттік тәрбие беру жүйесіне мыналар жатады:

  • әр түрлі типтегі оқу-тәрбие мекемелері, балабақша, арнайы орта және кәсіптік мектеп, жоғары білім беретін оқу орындары, лицей, гимназия, колледж, техникум, т.б.;

  • денсаулығы нашар балалар үшін құрылған арнайы емдеу, тәрбиелеу мекемелері;

  • дарынды және қабілетті балаларға арналған оқу-тәрбие мекемелері;

  • әлеуметтік күйзеліске ұшыраған балаларға арналған мекемелер;

  • психикасына зақым келген балаларға арналған емдеу-тәрбиелеу мекемесі;

  • жетім және мүгедек балаларға арналған оқу-тәрбие мекемелері;

  • қайта тәрбиелеу және түзету мекемелері;

Бұлардың бұларды материалдық жақтан қамсыздандыру мемлекет тарапынан жүзеге асырылады.Мұндай мекемелерде жұмыс істейтін мұғалімдер мен тәрбиешілер, волонтерлар (өз еркімен тегін істейтіндер) да мемлекет тарапынан даярлықтан өтеді, бақылауға алынып, қолдау көрсетіледі.

Мезафакторлар және олардың адамға ықпалы.Меза –факторға (ортаңғы) халық өмір сүретін аймақ, ауыл, қала, шағын қала, аудан және бұқаралық ақпарат құралдары –радио, теледидар т.б. және соған байланысты субмәдениет немесе мәдениетке жақын жерде орналасқан даму тенденциялары бар елді мекен кіреді.

Аймақ-өлкенің құрамдас бөлігі. Онда жергілікті халық өмір сүріп, еңбектенеді, өсіп-өнеді. Әр бір аймақтың өзіне ғана тән, сонда өмір сүрген адамдарға ықпал ететін ерекшеліктері бар: табиғи-географиялық шарттары, мысалы, климаты, жер жағдайы, көгал жазирасы, жер асты байлықтары, жер, су және басқа да ерекшеліктері; әлеуметтік географиялық өзгешіліктеріне байланысты халықтың тығыз не сирек орналасуы, басқа аймақтарға алыс-жақындағы, бұқаралық ақпарат құралдармен қамсыздандыру т.б.; әлеуметтік-экономикалық ерекшелігі -өнеркәсіп орталығы, халықтың тұрмыс деңгейі, мәдениеті, экономикалық байланыстар т.б.; әлеуметтік-демографиялық ерекшелігі –халықтың ұлттық құрамы, отбасы ерекшеліктері, өсіп-өну сипаты болып табылады.

Бұл келтірілген ерекшеліктер халықтың тұрмыс тіршілігіне, денсаулығына, өмір сүру жағдайларына, өмірінің ұзақтығына, әдет-ғұрып, салт-санасына ықпал етеді. Сонымен қатар адамдардың психикалық қалыптасуына да ықпалы мол. Ірі қалалар мен лблыс орталығына жақын орналасқан жерлер жылдам дамып, алыс аудандар көп нәрседен кешеуілдеп, артта қалатын жағдайлар да бар. Мысалы, ақпаратты дер кезінде алмайды, радио, теледидар жұмыс істемейді, газет-журналдар ол жақтарға жетпейді, кинотеатр жоқ, мәдениет үйлері жоқ не жабылған, кітапхана жұмыс істемейді. Сондықтан алыс жердерді мекендеген ауылдар , таулы ауданда орналасқан шағын елді мекендер, күре жолдан алыс орналасқан өндіріс, кен орындарындағы халықтың әлеуметтік мәселелері баршылық.

Алыс аудандарда және шағын қалаларда өмір сүрген жергілікті халықм, басқа ұлт өкілдері, жыныстық құрамы , отбасылардың айырмашылығы , «көп балалы, толық не болмаса толық емес отбасылар,) бағушысынан айырылған, жетім-жесір мен қарт адамдар, баласы жоқ адамдар, балалардың әлеуметтенуіне зор ықпалы бар факторларға жатады.Кейбір ауылдар сол жердегі ұлттан тұрса,кейбіреулерінде әр түрлі ұлттан тұрады.Кейбір елді мекендерден адамдар басқа жаққа қоныс аударады,кейбіреулері отырыктанып қалады.Мұндай жағдайлар да әлеуметтік ахуалға өз әсерін тигізбей қоймайды.Халық Сөйлейтін тілі, жергілікті диалект, сөйлеу стилі, бір тілден екінші бір тілге өткен сөздер мен мақал –мәтелдер, ана тілінің ахуалы да әлеуметтік-психологиялық жағдайдан, халықаралық қарым-қатынастан байқалады.

Бұл айтылған ерекшеліктер жастар мен балалар арасында кездесетін келіспеушілікке, қылмысты істерге баруына, ересектермен тіл табыса алмауы секілді қарама-қайшылықтарға алып келетіні де белгілі. Әр түрлі әлеуметтік,идеологиялық, мәдени артта қалушылық секілді кемшіліктерді бақылауға алу, әлеуметтік тәрбиелеу жұмыстарды да жергілікті басқару жүйесінің негізгі міндеттерінің қатарына кіреді. Ол жалпы мемлекеттік саясатпен байланыс та іске асады.

Қазіргі кезде «тастанды бала» деген ұғым пайда болды.Оның көптеген себептерінің бірі психологиялық, әлеуметтік, экономикалық көмекке зәру жас аналар –жас қыздар екені белгілі. Мысалы, №5 Алматы қалалық перзентханада дүниеге келген 4300 бөбектің 472-сін анасы тастап кеткен, бұл балалардың 10% туа біткен кемтар. ҚР білім министрлігінің мәліметіне сүйенсек,өткен жылдан мемлекет 834748 жетім бала өткізілген. Алматы қаласы бойынша солардың 1015 бағуға берілген, олардың ішінде шетелдерге берілгендер де (сатылғандар да) баршылық. Бұл мәселенің шешімі жастар саясаты аясында, ауылдық жерлердегі жастарға арналғанарнайы бағдарлама болуы керек екенін көрсетеді. Жастар арасындағы жұмыс «Жас Отан» ұйымы, «Отан» партиясының жастар қанаты, онда 18-30 жасқа дейінгі аралықта мүшелері бар. Оның өз парламенті құрылған, мүшелік мерзімі 2 жыл. Олар қоғамдық ұйым ретінде тегін жұмыс істейді, «Болашақ саясаткерлер даярлайтын мектеп» деген бағытты ұстанады. Алайда қазіргі 25-30 жастағы жұмыссыз жастар қартайғанда қайтпек ? Мектеп тәмамдаған соң екі қолын алдына сиғыза алмай жүрген жастардың мәселесін кім, қалай шешеді деген сауал бар.

Қазақстан Республикасының негізгі идеологиясы халықтың экономикалық ахуалын көтеру. Осыған орай 2001 жылы Қазақстан Республикасының «Халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы» қабылданды. Онда халықты әлеуметтік қорғаудың жүйесін дамытудың негізгі бағыттары көрсетіліп, мынадай әлеуметтік қорғау түрлері қарастырылды:

  • еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайдағы әлеуметтік қорғау.

  • Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік қорғау;

  • Қартайған кездегі әлеуметтік қорғау;

  • Аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау;

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), техникалық құралдар, компьютер тораптары арқылы халық арасына әр түрлі мәліметтерді кең таратуды көздейді. Бұдан мыңдаған жыл ілгері адамзат қауымы БАҚ –тың төрт түрін қолдаған; ауызекі сөз, музыка, сурет және жазу. Шығыс елдерінде мысалы Қытайда, Мысырда (Египет), Тибетте жазу біздің заманымызға дейін, Еуропада XV ғасрда кітап, XVII ғасырда газет және журналдар пайда болған. Ал XIX ғасырда радио, телефон, грамзапись және кино пайда болды. XX ғасырда телекөрсету, компьютерлік, ксерокс , космос арқылы байланысу жүйелері қарқынды дамып, қазіргі кезде интерактивті телекөрсету, интернет байланысы даму үстінде мысалы, АҚШ-та 500-ден артық канал бойынша осындай жұмыстар ұйымдастырылған.

2002 жылда 15 наурызында Қазақстан Республикасының «Бұқаралық Ақпарат құралдары туралы» Заңы қабылданды. Онда эротикалық материалдарды сатуға рұқсат берілгенмен, заңның 3 тарауында «парнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы радио, теледидар бағдарламаларының эфирген шығарылуына, сондай ақ кино және бейне өнімнің көрсетілуіне, қатігездік пен зорлықты насихаттауға тыйым салынады» делінген. Мұнда сондай ақ темекі және алкоголь бұйымдарын насихаттайтын теле, радио бағдарламалары мен жарнамалық роликтердің эфирге шығарылуына жергілікті уақыт бойынша 23-тен таңғы 06-ға дейін рұқсат етіледі.

Әлеуметтендіруге БАҚ-тың тигізетін әсерін бірнеше мағыналы қырынан көруге болады. Біріншіден, рекреативті жағы- халықтың бос уақытын өткізу құралы ретінде, кино көріп, газет оқып, театрға барып күнделікті тұрмыс түйткілдерінен ауыр шаршаудан, қайғы-қасіретінен арылып, адамның нерв жүйесінің демалуына ықпал жасайды. Екіншіден, релаксациялық қызметі –жастар мен жеткіншектер жолдастарымен жолығуға да зауқы соқпаса, үйде жалғыз қалса, ата-анасымен сөйлескісі келмесе, магнитафон қосып, музыка тыңдап, компьютермен жұмыс істеп, уақытын өткізеді. Кейде үйде болатын тынышсыздық пен мазасыздық , ұрыс-керісті көргісі, не істегісі келмесе, өз алдынша есігін жауып алып БАҚ-ты пайдаланады. Үшіншіден, БАҚ-тың баланың өзіне қажетті мәліметтер алуына, ересек адамдардың дамуына тигізетін әсері мол. Осы құралдар арқылы көптеген мәліметтерді естіп, көріп, түсініп, білімі тереңдеп, ауқымы кеңейіп әр түрлі мәліметтер жинауға үйренеді. Бірақ, электрондық құралдардың кең таралуына балалар мен студенттер кітап оқу арқылы білім жинақтаудан тысқары қалуда, сөйтіп, олар өздігімен білім жинақтау жолын меңгере алмауда. Бұның салдары олардың кәсібін меңгеруіне теріс әсерін тигізуде. Алайда, көпшілік қауымға арналған мәліметтерді естіп, төркүл дүниенің әр тарабынан мәлімен алып отырады. Сондықтан, БАҚ қызметкерлері танымдық сипаттағы мәлімет беретін, білім жинауға, тәрбиелік ықпал ететін бағдарламалар жасап, талқылап теледидардан беріп отыру керек. Әдетте адам өзіне керекті, пайдалы не болмаса көңіл көтеретін арналарды көреді. Сондықтан адамдардың сұранысына, талабына сай хабарлардың әлеуметтік маңызы зор.

Ақпараттық құралдарын дұрыс пайдалану мақсатында кейінгі кезде медиа білім беру (латын сөзі «құрал» деген мағына береді) деген ұғым пайда болды. Оны сипаттай келе зерттеуші, ғалым А.В. Шариков «медиа білім беру» мағлумат құралдарының заңдылық өлшемдерін зерттеуде көп деп есептеген. Оның негізгі мақсаты- қазіргі кездегі шарттарға бейімделуге жастарды даярлау, қажетті білім алу бағдарламаларын таңдай білу, техника құралдарын дұрыс пайдалану, ауызекі сөз арқылы жеткізу мүмкіндігі болмаған мәліметтерді түсіндіруге, қимылдамай өте көп отырудың денсаулыққа зиян екендігін ұғындыру болып табылады.

Медиа білім алу мектепте, орта және жоғары оқу орындары мен тағы басқа да білім ордаларында жүзеге асырылады. Ол барлық пәндерді оқыту не болмаса арнайы сабақтарды түсіндіру арқылы іске асадыи, мысалы Франциядағы «Медиа-форум» және Ресейдегі «Белсенді жас телекөрушілер» деген орталықтар осындай жұмытармен шұғылданады.

Субмәдениет-(латын сөзі,-мәдениеттің ерекше құрамды бөлігі) арнайы әлеуметтік-психологиялық белгілерді қамтитын ерекшелік.Ол автономды болып, белгілі бір территорияны мекендеген халықтың өмір салтын, жүріс-тұрыс нормаларын, ақыл-ой ерекшеліктерін, көркем табиғатын, бос уақыт өткізу тәсілдерін, сөйлеу мәнерін, тіл ерекшелігіни , диалект, жаргон т.б. қамтиды.

Субмәдениет иесі ең ірі топтардан, мысалы, жастар тобы, діни секталар, әйелдер, қарттар, кәсібіне қарай ұйымдасып, топтасқан-мұғалімдер, мергендер,балықшы, құмар ойнаушылар, марка және басқа да заттар жинайтындар, компьютермен шұғылданатындар т.б. болып табылады. Сонымен қатар, қылмыты ұйымдар мен топтар, әлеуметтік кедейшілікке ұшырағандар, мысалы баспанасы жоқ, әр түрлі сипаттағы қашқындар, қуылғандар, белгілі бір себептермен бір бірінен айырылып қалғандар немесе бір-бірінен күштеп айырғандар т.б. жатады. Субмәдениетке сонымен қатар әлеуметтік хал-жағдайы, экономикалық қамсыздануы, көзқарастары мен ой-пікірлері жақын не ұқсас адамдар бірігіп, топтасады. Кейбір ұйымдардың, не топтардың субмәдениетті жалпы қоғамдағы мәдениеттен алс емес, айырмашылығы болса да олар бірін-бірі толықтырып, қоғамдық ой сананы, түсініктерді байытып, турат шешімдер қабылдауғам,өмірде тура жол табуға көмектеседі. Кейбір топтардың әлеуметтік талаптары, ойлары мен көзқарастары, пікірлері қоғам пікіріне қайшы,теріс сипатта болады. Бұған әсіресе бейресми (арнайы ұйымдастырылмаған, өздері топтасқандар) топтрады жатқызуға болады.Бейресми топтардың басты белгісі-көсемге (лидерге) қызмет ету, соған бағыну, соның айтқандарын екі етпей орындау.

Әлеуметке қайшы оқшауланған , әрі жасырын топтардағы орнатылған тәртіп бойынша оның мүшелеріне , соның ішінде балаларға да ойланбастан, толық, өз тұрғысынан пікір айтпастан бағыну талабы қойылады және ол топтан өз еркімен шығып кете алмайды. Мұндай субмәдениеттердің болуы және сақталуы топтың құрылымының тұрақтылығына, көсемнің мәртебесіне байлнысты болады. Атап айтсақ, топ мүшелерінің бір-бірімен болған қарым-қатынасы , «біз» және «басқалар» деген ұғымның ортақтығы мен орнықтылығы тәртіпті бұзғандардың қатаң жазалануы секілді тағы басқаларымен ерекшеленеді.

Жастар арасындағы субмәдениет көбінесе модаға еліктеуден, мысалы, киім-кешек, сыртқы сипаты мен мен көрінісі, тыңдайтын музыкасы, пәрдез (бетін бояу), билеу мәнері мен сөйлеу мәнері тағы басқа көркемдік талғамынан эстетикалық қызығушылығынан басталады. Балалардың субмәдениеті ылғи да көзге тез шалынып, көрініп тұрады. Ал ересек адамдардың мұндай жаңа модаға көшуі көпке дейін байқалмай, тек көпшілік сипат алғанда , не болмаса істеген іс-әрекеті қоғамға белгілі бір зиян келтіре бастағанда ғана көріне бастайды.Мысалы, киім бояну, жасанудан бастап қылмысты топтар мен ұйымдар, ұйымдасқан қылмыс (мафия), ұлтшыл-шовенистік көзқарастан туындаған істер, дін секталары мен коррупция сияқты іс-әрекеттерді айтуға болады.

Жастардың қызығуы, қажеттіліктері, ұмтылысы, мұраты сан түрлі.Оларды қанағаттандыру үшін субмәдениеттің жақсы және жаман жақтарын зерттеп, біліп, түсініп, көмектесу үшін әлеуметтік педагогтар мен қызметкерлер, педагогтар, тәлімгерлер және тәрбиешілер, әлеуметтік психолгтармен бірлесе отырып, жан-жақты, ұтымды жолдарын қарастыруы тиіс. Бұндай жағдайда олар жеке немесе топтасып жоспарлы түрде жұмыс істеуі керек. Осындай топтар мен ұйымдардың мүшелерімен не ұжымымен сөйлесу , әңгімелесу, оң жолға салу, тіл табысып жұмыс жүргізу аса маңызды.

Ауылдық жердің, алыс аудандарда орналасқан елді мекндердің әлеуметтік маңызы оның ерекшеліктерімен сипатталады. Жастардың, басқа ұлт өкілдерінің қалаға не болмаса басқа жерлерге көшіп кеткеніне қарамастан, алыстағы аудандарда осы уақытқа дейін жергілікті халық өмір сүріп келеді. Ауыл шаруашылығы, оның ішінде малшылар мен егіншілердің отбасына қажетті жағдайлармен , азық-түлік, үй тірішілігінің керек-жарағымен қамтамасыз ету көп уақыт алады және тынбай еңбектену керек етеді. Үлкен жол бойындағы не болмаса қалаға жақын ауылдар, алыс орналасқандарға қарағанда жылдам әлеуметтенеді. Өйткені, олар басқа талаптармен қарым-қатынас, байланыс орнату мүмкіндігіне ие. Ал тау арасында, алыс аудандарда орналасқан, байланыс орнатуға мүмкіндігі жоқ, не жеткіліксіз , клуб және кітапханалар жоқ мекендердегі адамдардың әлеуметтенуінің кешеуілдеп қалатыны белгілі. Ондай жерлерді әлеуметтік педагогтар қаперінде ұстауы тиіс.

Қалада адамдардың көп орналасқанынан және әлеуметтік ахуалы, тұрмыс жағдайы қолайлы болғандықтан, әлеуметтендіруге мүмкіндік мол.Қалалар адам саны, орналасқан жерінің көлемі жағынан шағын қаланың 50 мың тұрғыны болса, орташа көһлемдегі қала -350-400 мың тұрғыны бар, ірі қала-бір миллион, өте үлкен қала немесе гигант –миллионнан артық тұрғыны бар қалалар болып бөлінеді.

Бұл атқаратын міндеті бойынша: өнеркәсіп қалалары (мысалы,Қарағанды, Екібастұз,Атырау, Ақтау секілді басқару-әкімшілік қала –Астана, білім мен мәдениет орталығы –Алматы, индустриалды қалалар,порт қала-Ақтау, курорт қала-Көкшетау, орталық қалалар болып бөлінеді.

Өлкелік-регионалдық жағынан: оңтүстікте – Алматы, Шымкент пен Түркістан;шығыста-Семей мен Өскемен;орталықта –Астана;батыста –Ақтөбе мен Петропавл т.б.

Халық ең тығыз орналасқан қалалар –Алматы, Астана, Шымкент.

Қалалардығы қолайлы ахуал, мәдени орталықтар, оқу орындарының болуы, кітапханалар мен клубтар, театрлар мен концерт залдары, радио және телеорталықтар және т.б. тұрғынадрды, соның ішінде жастар мен балалардың жылдам әлеуметтенуіне ықпал етеді. Осындай жақсы сипаттармен қартар, қала қаншалықты бірі болса, соншалықты қылмысты істерге де қолайлы жағдайлар бар, мысалы, ұрлық, тонаушылықм, қарақшылық, жезөкшелік, нашақорлық, маскүнемдік салдарынан болатын әр түрлі қылмытар осы қалаларда көбірек көрініс береді.

Әлеуметтендіру мәселелеріне байланысты ірі қалалардың мынадай негізгі көрсеткіштерін атауға болады:

  • Адамдар арасындағы байланыстардың әр түрлі болуы, мысалы, жұмыстағы әріптестермен байланыс, таныстар арасындағы қысқа уақыттық қарым-қатынас, терең сезімдерге негізделген қарым-қатынас, анонимді қарым-қатынастар;

  • Күн көріс тәсіліне байланысты-бала бағу, машинамен адам тасу, үй қызметін өтеу т.б.;

  • Отбасындағы субъективті-эмоцианальды сезімдер сипатындағы қарым қатынас;(әке-шеше, ата-әже, апа-сіңілі, аға-іні т.б. арасындағы)

Қала тұрғындарын өмір салтының (стилінің), мәдени стереотипті, құндылық мәселелерінің әр түрлі ретінде мыналарды атауға болады:

  • Қаланың әлеуметтік мәртебесін ( статус) тұрақсыздығы әлеуметтік мотиватциялық мүмкіндігінің кеңдігі;

  • Адамдардың жүріс-тұрысын бақылаудың күрделілігі.

Міне, осы ерекшеліктердің негізінде жастар мен балалардың жаңа жағдайға бейімделуі және таңдау мүмкіндігінің молдығы да олардың әлеуметтенуіне ықпал етеді. Оның жігерлілік, жинақылық, «мобильдік» деп атап оның өзін мынадай екі түрде сипаттауға болады:

Біріншісі,территориялық мобильдік жинақылық. Территория ұлғайған сайын ондағы адамдардың оны танып білу ауқымы кеңейеді, мысалы үйден аулаға, одан көшеге , басқа ауылға, қалаға, т.б. шығып, елмен араласу ауқымен кеңейтеді. Жас кезінде адамдар бір елден екінші бір елге, бір қаладан басқа қалаға т.с.с барып ел көру жер көруге құштар болса, жасы ұлғайған сайын орныға бастайды. Жастардың ірі қалаларға ұмтылу себептері де осы танып білу, көңіл көреру, ойын сауық орталықтарына жақын болуды қалауынан шығады. Жас өткен сайын мұндай нәрселер адамдарды қызықтырмайды. Қалалықтардың өмір сүру мекенін алмастырып тұруға, баспанасын кеңейтуге, басқа жерге көшуге мүмкіндігі мол.

Екіншісі,әлеуметтік жігерлілік-мобитльділік. Оның тік және көлбеу сипаттары болады. Көлбеу сипатындағысы адамдардың бір жұмыстан, екінші бір жұмысқа , кәсіптің бір түрінен екінші бір түріне өтуі; тік сипатына қызмет дәрежесінің көтерілуі, не төмендеуі жатады. Мұндай жағдайларда, мысалы қызметі төмендеген , не басқа кәсіпке ауысқан жағдайда , қарама-қайшылықтар болғанымен , кейбір жастар іштей күйзелгенімен, жаңа шарттарға жылдам бейімделе алады. Мұнжайда жастардың кейбіреулері басылып, намыстанып, не болмаса өзін басқалардан кем сезініп қалатын ахуалдар да болады. Бірақ, көпшілік жағдайдпа, жас болғандықтан оларды ондай жағдайда көтере алады. Ересек адамдарға керісінше, бұл ауыр тиеді.Сондықтан, психологтар жас ұлғайған сайын кәсіптің тұрақты болуы керек екенін ескертеді. Қазіргі кезде осындай жағдайларға ұшыраған жастарға арнайы оқу орталықтары , жаңа кәсіпті меңгеру кешендері , әлеуметтік көмек беру мекемелері мен ұйымдары бар. Олар жастарға өз орнын табу мүмкіндігін дұрыс пайдалануға ақыл-кеңестер беріп, көмектеседі.

Шағын қалаларда адам саны аз болғандықтан бірін-бірі танып, біліп араласып өмір сүруінің өз әлеуметтендіру мәселесіне көп ықпал ету жағынан көп мүмкіндіктерді:

  • Білім орнын және кәсіп таңдау;

  • Бос уақытты өткізу;

  • Ішкңі рухани байлығын көрсету мен қабілеттерін жүзеге асыру;

  • Шығармашылық және ісмерлік, шеберлік т.б. қызығуларын жүзеге асыру, дамыту мүмкіндіктері бар.

Бірақ, ірі және өте үлкен қалаларға қарағанда жастардың бойындағы мүмкіндіктерді дамыту және жүзеге асыру бір шама кешеуілдеп шешіледі. Маңсапқа (карьера) ұмтылу, байлыққа ие болу, айлықты молынан алуға ұмтылу,үй салу, машина алу шағын қалаларда да ірі қалалардағыдай шешіледі. Кейбір жағдайларда бұған мал бағу,ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату, егін егу секілді шағын шағын қала тұрғындарының мүмкіндігі бар нәрселер септігін тигізеді.

Шағын қалада өмір сүретін тұрғында ірі қалалармен қарым қатынас орнатып, балаларын оқытып, оларды жұмысқа орналастырып, кейде тіпті өздері де баспана сатып алу мүмкіндігіне қол жеткізе алады.

Ауыл –халықтың ерекше орналасқан мекені. Олардың түрлері әр алуан,мысалы мыналарды айтуға болады:

  • Жұмысшылар ауылы -өнеркәсіп дамыған, қазба байлықтарын өндіретін жерлерде орналасқан, әр түрлі жұмыс орны бар ауылдар;

  • Курортты жерлерде орналасқан ауылдар;

  • Қалаға жақын, тұрғындары қалада жұмыс істейтін ауылдар;

  • Қала ішіндегі ауылдар, мысалы, зауыт-фабрикада акционерлік ұйымдарда жұмыс істеітіндерге арнап салынған шағын ауылдар.

Елді мекеннің қаладан айырмашылығы , онда ауылға қарағанда тұрғындар орнықпаған, белгілі бір мерзімге жұмыс істеуге келгендер, жалдамалы жұмысшылар , бостандыққа шыққандар, басқа елден келгендер өмір сүріп, жұмыс істейді.

Мұндай жердегі халықтың тұрмысы бір жағынан ауылдағы секілді мал шаруашылығымен айналысу және егін егу мен ұқсаса, екінші жағынан қала тұрғындарына да ұқсайтын тұстары бар. Олардың арасындағы қарым-қатынас көп жағдайда жұмысына, кәсібіне байланысты болса, мәдени, саяси деңгейлері прагматикалық көзқарас негізінде қалыптасып, саяси әлеуметтік жағдайда өтеді. Қазіргі кезде көпшілік елді мекендерде тәртіп, тазалық дұрыс жолға қойылмаған.Ересектер арасында маскүнемдік нашақорлық, шылым шегу кең таралып, жастарға да теріс ықпалын тигізіп отыр, мұндай жағдайда адам объект-субъект қана емес, әлеуметтік құрмандықтар қатарына қосылуыда мүмкін.

Қазіргі кезде мемлекеттік құрылымдағы саяси-әлеуметтік өзгерістер муниципалдық тәрбие мекемелерінің пайда болуына алып келді.

Муниципалды тәрбиелеу жүйесі дегеніміз –жоспарлы түрде Республиканың барлық жерлерінде : қала, ауыл, ауданда халықтың рухани дамуына бағытталған, заман талабына сай құралдарды тиімді пайдалануға жағдай жасау болып саналады.

Ресейлік ғалым А.Ю. Тупицина өз зерттеуі нәтижесінде муниципалдық тәрбиелеу жүйесінің төмендегідей сипаттамасын келтірген:

  • Тәрбиелеу жүйесінің ашықтығы-тәрбиеленушілердің өзін емін-еркін сезінуі;

  • Тәрбиелеу жүйесінің қолайлылығы және барлығы үшін бірдейлігі;

  • Тәрбие жұмыстарының формаларының әр түрлі болуы мен тәрбиеленушілердің өз қалауымен барлық шараларға араласу мүмкіндігінің болуы;

Муниципалды әлеуметтік тәрбиенің негізгі мақсаты:

  • Балалардың денсаулығын сақтау қызметінің сапасын жақсарту ;

  • Балалар психикасы, ақыл-есі, денесі жағынан зардап шегіп мүгедек не кемтарлыққа ұшырап қалмауы үшін қажетті шараларды жүзеге асыру;

  • Балаларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу үшін медициналық педагогикалық түсіндіру ,үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру;

  • оқу-тәрбие мекемелеріндегідей балаларды азық-түлікпен қамтамасыз ету, тамақтың сапасын жақсарту жұмыстарын қадағалау;

  • балабақша, мектеп, спорт кешендерін спорт алаңдарын жасау және жөндеуден өткізу;

  • балалардың оқып, білім алуына кеңінен жағжай жасау;

  • өздігімен білім алу, алған білімін одан әрі толықтыру және қайтадан даярлау шараларын жүзеге асыру;

  • мектептен тыс мекемелердің жұмысын жандандыру, мәдениет үйінде үйірмелер ашу, клубиар мен орталықтар т.б. ұйымдастыру, балалардың бос уақытын мәдениетті өткізуіне ықпал тигізу;

  • Сауатсыз және шала сауатты адамдарға сауатын ашуға жәрдем беру;

  • Көпбалалы отбасыларын әлеуметтік қорғау және көмектесу, балалар арасындағы заң бұзуға, маскүнемдікке , нашақорлыққа қарсы және алдына алу іс-шараларын жүзеге асыру т.б.

Бұл мақсаттарды практикада орындау үшін мемлекеттік басқару мекемелерінің қоғамдық және діни ұйымдардың білім беру , денсаулық сақтау , құқық қорғау органдарының барлық мүмкіндіктерінің муниципалдық-әлеуметтік тәрбиелеу жүйесінің жұмыстарын дамытуға бағыттау және басқа да инфрақұрылымдардың жұмысын ұйымдастыру , кадрлар мәселесін шешу мен әлеуметтік зерттеу,консультациялар беру, ағарту, әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыру керек.

Микрофакторлар және оның әлеуметтендіруге ықпалы.

Микрофакорт, яғни «кішкене» деген сөздің мағынасына үңілсек, ол адамға ең жақын орта дегенді білдіпеді. Бұған адамның отбасы, көрші-қолаң, құрбылары, сыныптастар, курстастар. әріптестер, бірге жұмыс істейтіндер, қоғамдық, мемлекеттік, жеке меншік мекемелер кіреді де, олар микроәлеуметті құрайды.

Адам қандай ортада болсын, ол оның қалыптасуына, өсіп -өнуі мен дамуына, тұлға ретінде өмір сүруіне ықпал етеді.Егерде бала жақсы ұйымдастырылған, бірін –бірі сыйлайтын, тәртіп сақталған, жағымды қарым-қатынас орнаған ортада өсетін болса, лнда оның бойында жақсы қасиеттер қалыптасады.Егер керісінше болса, ондағы жағымсыз қарым-қатынас баланың тәртібіне көзқарасына теріс ықпал етеді.Балаларға бірге жүрген құрбылары мен дос. Жолдастарының ықпалы кейбір кезде ата-анадан да күшті болатыны белгілі. Әрбір қоғам, мемлекет, отбасы мүшелері, не азаматтары үшін өзінің даму тарихында көптеген жүріс-тұрыс ережелерін, ұстанымдары мен қағидаларын, ұсыныстарын, нұсқауларын, оларды жүзеге асыру жолдарын, мысалы, нандыру, сендіру, иландыру, тыйым салу, жазалау,мақтау, мадақтау,сыйлау, марапаттау, тоқтату секілді әдіс-тәсілдерін қолданады. Отбасында сол қоғамның тәртібіне сәйкес жүріс-тұрыс ережелері қалыптасып, әдетке айналады. Ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, өз кезегінде адамдардың бойында қоғамдық нормаларды сақтау секілді жақсы қасиет қалыптасуына да жетекші болады.

Адамның әлеуметтік ортада өмір сүруінің бір қатар тетіктері бар. Олар психологиялық және әлеуметті кпедагогикалық тетіктерден тұрады:

  • Жаттығып, бейімделу-аккомадация. Бұл адамдардың жаңа жағдайларға, қоғамдық отбасылық, діни ахуалдар өзгереген кезде соған сәйкестеніп, лайықты өмір сүруі;

  • Бірігіп, кірігіп кету-идентификация-басқа адамдардың, топтардың, жеке тұлғалардың жүріс-тұрысына, өмір сүруіне, қарым-қатынасына өзін ұқсатып, не дәл осылай өмір сүру ұрдісі;

  • елітеу-адамның белгілі бір мұратты , бейнені үлгі не мысал ретінде қабыл алып, өмір сүруі, әлеуметтік –тұрмыстық тәжірибе іздестірудің ең маңызды түрі;

  • елестету-импритинг, бұл көріп-білінгенін, естігенін, көз алдына келтіріп, елестетіп, соларға ұқсау, не дәл соны қайталау болып саналады. Әеуметтендіру үрдісінде тиімді пайдалан білсе, мұның да маңызы зор;

  • кері байланыс –рефлексия. Бұл -өзін-өзі тәрбиелеу, өздігімен білім алу, өмірде өзімен өзі кеңесіп, сөйлесіп, талап, шешім қабылдау. Басқалардың істегенін істей ме, не біреудің айтқанымен жүре ме, алде өз алдына бір шаруаны бітіре ала ма? Міне осыны өзі іштей талдап, ойлануы,болжауы мен болашаққа көз жіберуі болып табылады. Әлеуметтендіру үрдісінде, мұның да өзіндік мәні бар екені даусыз.

Осы әлеуметтендіру тетіктерінің барлығын қолдану отбасынан басталады.

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 1998 жылы қабылданған Заңы 2001 жылы қайта қаралып, кейбір өзгерістер мен түзетулер енгізілген болатын. Мұнда отбасы, әке, ана және баланың мемлекет қорғауында болатыны, балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп-жетілуі мен әл –аухаты болуына қамқорлық жасау, отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру, отбасының бардық мүшелерін салауатты тұрмыс салтына ынталандыру принциптеріне негізделеді. Біз бұл жерде әлеуметтік тәрбиеге байланысты кейбір үзінділерді ғана келтірдік. Осы заңда отбасы және некеге байланысты бірқатар ұғымдар берілген, мысалы, әлеуметтік мәселелерге қатысты «патронат-уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адамның (патронат тәрбиешісінің) жасасқан шарты бойынша ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың басқа азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін, тәрбие нысанасы» немесе тәрбиеленуге берілетін бала. Алимент-«алуға құқы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты», ал қорғаншы немесе қамқоршы –«қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған адам». Бұл ұғымдардың заң құжаттарында нақтылануы әлеуметтік педагогикалық міндетін атқаруда кәсіби мамандардың өз жұмысын дұрыс ұйымдасуына көмектеседі.

Отбасы демографиялық құрылымымен ерекшеленеді, шағын отбасы, үлкен отбасы, толық не болмаса толық емемс отбасы болып, баласыз не болмаса көп балалы отбасы, жалғыз балалы отбасы т.б. болып топтастырылады. Отбасының әлеуметтік-мәдени деңгейі де әр түрлі, мысалы, білімді,қоғамдық өмірге араласатын, ересектердің бірі үлкен қызметте, не керісінше жұмысы доқ болып келеді. Отбасы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен де еркшеленеді. (бай, кедей, ауқатты, орташа т.б.). Отбасылардың техникалық-гигеналық салты да әр түрлі. Соған қарамастан қандай отбасы болсада бала тәрбиесіне, оның әлеуметтенуіне тигізетін әсері мол. Олар мыналар:

  • баланың эмоциялық бейімделуі және дене бітімінің дамуына;

  • психикалық және жүйке қызметінің дұрыс қалыптасуы, мысалы, түйсіну, сезіну, қабыл алу, көңіл бөлу, ой-санасы, ақыл-парасатының дамуына;

  • зерделік дамуына, ақыл-ойының қызметінің пайдалануғадағдыландыру;

  • әлеуметтік нориаларды меңгеруіне;

  • құндылық бағдарының қалыптасуына;

демек, отбасының балаға тигізетін ықпалы-отбасы құрамы, білім деңгейі,әлеуметтік мәртебесі (статус), материалдық шарттары, өмір сүру салты, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасымен анықталады.

Қазіргі кезде отбасылық орта әр түрлі. Кейбір отбасыларда балалар қараусыз қалып, өз уақытында оқуға бару мүмкіндігі болмай, қылмысқа араласып кететін жағдайлар да кездеседі. Әр түрлі жағдайларға байланысты балаларды әжесі, апасы, не туғандарына бақтырып, не болмаса балалар үйіне өткізіп, тастап кеткендер де кездесетін болды. Мұндай әлеуметке қарсы көріністерді зерттеп, олардың себептерін біліп, көмек-әлеуметтік педагог жұмысының бір саласы.

Отбасы тәрбиесі баланы әлеуметтендіру үрдісіне ең маңызды орынға ие. Өйткені барлығы отбасынан басталады.Әр отбасының тәрбиелеу мақсаты, мазмұны, түрлері мен әдістері отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасынан, өздері ұйымдастыра білуінен, сый-құрмет, әдет ғұрып, басқару салтынан байқалады.

Отбасы тәрбиесі қарапайым гигиеналық ережелерді сақтау,тұрмыс-тіршілікке араласу, еңбектену, өзіне-өзі қызмет ету секілді әдет дағдылар мен тәртіп нормаларын қалыптастырудан бастап, болашақта мәдениетті, білімді, ақыл-парасатты, кәсіп иесі болуға бағытталады. Баланы тәрбиелеуді ісіне арнайы тәрбиешілер, репиторлар, гувернерлер жалдау арқылы іске асыру да қазіргі күні көптеп кездеседі. Олар баланың мүддесі, талабы, болашақта көздеген бағыты, дарыны мент қабілетіне сай білім беру, оқыту ісінде отбасына тікелей көмектеседі.

Отбасылық тәрбиенің ең негізгі сипаты-ересектер мен балалардың өзара қарым-қатынасында (стилі).олар әр түрлі болуы мүмкін: авторитарлы, демократиялы.

Кейбір ата-аналар баланың өздеріне толық бағынуын,жүрген-тұрғанын, кейде тіпті,оның ішкі жан дүниесі мен ой-санасын да бақылауға алуға тырысады. Ал егер бала қарсы келсе жазалауға дейін барады. Осының салдарынан бала мен әке, қыз бен ана бір бірінен алыстап, өзара сенімсіздік туындайды.

Тәрбиелеудің демократиялық салты (стилі)-бір –бірін түсініп, өзара жәрдемдесу, көмектесу мен әр баланың өздігімен бір істі басқарып, не атқарып кетуіне мүмкіндік беру,белсендікке, өз пікірін тартынбай айтуға, еркін ойлауға, еркін қимылдауға алып келеді. Отбасы тәрбиесіне осы тәрбиелеу салттардың әрқайсысы жеке, не аралас түрде де кездесе береді.

Отбасы тәрбиесінде материалдық жақтан қамсыз болудың зор маңызы бар. Кедейлік -әлеуметтік құрбандықтың ең күрделі де нашар түрі. Сондықтан әр бір отбасының материалдық ахуалының жақсы болуы, керекті қаржысы, баспанасы, мүлкі мен жиһазы, киім-кешегі, азық-түлігінің болуы -әлеуметтендірудің басты шартарының бірі.

әлеуметтендірудің тағы бір маңызды шарты, көрші-қолаң мен араласқан адамдардың бір-біріне ықпал жасауы. Көршілер жақын араласып, өзара байланыс орнатып, бір-бірінен мәлімет алып,т өзара көмектесіп, қатар өмір сүреді. әсіресе балалар үшін көршілердің жақын араласуымен қатар, олардың балаларымен бірге ойнау, бірге оқу, өзара қарым-қатынас орнату да маңызды. Мектепке дейінгі кезде, мектепке барғанда балалар бір ьірімен қоян-қолтық араласып, әлеуметтік тәжірибе жинақтайды, тұтұрмыстық тәртіп, жүріс-тұрыс ережелерін меңгереді. Баланың құрбылары жоқ болса, не болмаса олардың арасындағы қарым қатынаста келісі алмаушылықтар пайда болса,онда бұлар әлеуметтенуге теріс әсерін тигізуі мүмкін.---

балалар арасында жолдастық қарым-қатынас жасы жағынан әр түрлі балалар арасында да бола береді. Осындай құбылыстық қарым-қатынаста 2-ден 5-ке дейін, өзара келісіп араласу 7-10 адамға дейін, әлеуметке қарсы топтар 10-15 адам,ұйымдасқан бейресми топтар 30-40 адаға дейін болады. әр топтың жетекшісі , басшысы қойған мақсатқа байланысты істі жақсы білетін, жақсы оқитын, ұйымдастыруға қабілетті балалардан сайланады, не болмаса өздігінен үздік шығып басшы бола алады. Олардың арасында сайланбаған, беделді балаларға бір не бірқатар істермен ұнайтын көсем де болады. Топ мүшесі өзінің жолдастарының арасында жақсы сезініп, оларға қажетті екенін біліп, өз күшіне сенуі және топта белгілі бір орынға ие болуы да әлеметтік тәрбиеде маңызды. Құрбысы, досы не жолдасы болмаған, басқалардан оқшауланып қалған бала өзін басқаларға «керексіз» деп сезінеді, жалғызсырап, өз қабілеттерін, мүмкіндіктерін іске жарата алмайды. Мұндай ахуал әлеуметтендіруге теріс әсерін тигізеді.

әлеуметік педагог балалар тобының маңызды үш негізгі сипаттамасын білуі керек:

  1. әлеуметтік тәрбие әр түрлі топтардан тұратын ұжымдарда, мектепте, үйірме, мектептен тыс мекемелерде, клубтарда, спорт секцияларында жүзеге асады.тәрбие жұмыстары осы топтардың ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылады.

  2. әрбір ұжымда достық және жолдастық кіші топтар болады. Олардың қандай себептерге байланысты құрылғанын, құрамы қандай, өзара қарым-қатынасы қандай сипатта екенін әлеуметтік педагог өз жұмысында ұтымды пайдалана білуі керек.

  3. әлеуметтік тәрбиенің нәтижелігі-ұжым мүшелерінің өзара қандай қарым-қатынаста, кімдермен араласады, не нәрсені мұрат етіп, қандай ісмтермен шұғылданады, олардың басқа да іс -әрекетін білуге байланысты.

Егер педагогке әлеуметке қайшы топпен жұмыс істеуге тура келіп қалса, олармен жұмысты жоспарлы, мақсатты және әр түрлі тәсілдермен жүргізуді көздегені абзал.

Қысқасы, әлеуметтік педагог отбасмен жұмыс істеуден бұрын оны танып білуі, содан кейін ғана жұмыс мазмұны мен тәсілін жоспарлауы керек. Бұл ретте кейбір отбасылардың әлеуметтік педагог көмегіне қайшы істерге баруы, оны қаламауы секілді жағдайлар да кездеседі. Мұндай күрделі мәселелерді шешу әлеуметтік педагогтың білім-білігіне байланысты.