Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бекет ата сулетші.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
54.11 Кб
Скачать

8. Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары

Республикамыздағы экологиялық апатты аймақтарға Семей полигоны, Арал теңізінің жағдайы, Каспий теңізінің суының көтерілуі мен теңіз суының ластануы, Батыр Қ-н облысындағы Азғыр, Капустин Яр ядролық сынақ полигондары, Байқоныр жатады.

Семейдегі полигон 1949 жылы құрылып, 1989 жылға дейін ядролық сынақ әуеде, жер бетінде жүргізіліп келгені ешкімге құпия емес (жер астындағы жарылысты қоса есептегенде 470 сынақ болған). Полигон аймағы Абай, Май, Жаңасемей аудандарының аумағындажатып. Ядролық сынақ, негізінен, полигонның Абай ауданына қарасты бөлігінде жүргізілген. Полигон құрылырда аудан таратылып, оның халқы қауіпсіз аумаққа көшірлген.

Ғалым М.Тәжібаев еңбектерінде ядролық полигонның зардабын төрт радиусқа бөліп қарайды. Бірінші шеңбер радиусы 150 шақырым қамтиды. 2-ші 300, 3-ші 500, 4-ші 775 шақырым. Сонда Ядролық жарылыстан кейін радицияның шаң-тозаңы желмен осы аталған жердің бәрінетаралады деген сөз. Мысалы, үстіңгі қабаты 15 см-ге дейін радиация тозаңы сіңіп кеткен көрінеді.

Ядролық полигон адамға, психологиялық тұрғыдан әсер етеді. Она ғалым тілінде радиофобия деп атайды. Екіншіден, адамдардың денсаулығына әсер етеді. Полигон маңайында тұрған адамдарда қатерлі ісік аурулары, балалардың және малдың кемтар болып туылуы көптеп кездеседі.

Арал теңізінің экологиялық апат аймағында қазір 4 млн-ға жуық халық аса ауыр жағдайда тіршілік етіп жатыр. Арал аймағының дағдарысы, ең алдымен тұрғындардың денсаулығына әсер етті. Соңғы 10 жылдың ішіңде адамдардың, соның ішінде балалардың өлімі 20процент-ға өсті.

Сырдария өзенінің су түрлі тыңайтқыштармен және өндіріс қалдықтарымен ластанғаны соешылықты, оны тіптен болмайды. Жер асты сулары да ластанған. Каспий теңізінің экологиялық жағдайы. Соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуіне байланысты Каспий теңізінің эклогиялық жағдайы нашарлап отыр. 1977 жылдан бастап теңіз деңгейі көтеріліп, 70 км жерді басып қалған. 1995 жылы 35 мың тұрғыны бар 7 кент, 127 мұңай құбыры су астында қалған.

Теңіз суы мұнай өнімдерімен ластанған "Пустынное" кен орнының апаты кезінде теңізге 1,12 т шикі мұнай түскен.

Адамның іс-әрекеті мен табиғи апат салдарынан қоршаған ортаға қаншама зиян келіп жатыр.

9. 27. Құрылыс материалдары өнеркәсібі

Революцияға дейін құрылыс материалдарын шығару Қ-н өнеркәсібінің нашар дамыған салаты еді, тіпті мұндай сала болған жоқ деп айтуға да болады. Қалалар мен ауылдардағы құрылыс ісіне құрылыс материалының шик кірпіш деп аталатын балшық пен топан қоспасы кеңінен пайдаланылды.

Қазан революциясынан кейін, әсіресе соғысқа дейінгі алғашқы бесжылдықтардан бастап, шарушылақты индустрияландыруға байланысты өте бай табиғат байлықтары мен ұлан-байтақ кеңістігі бар Қ-н аса ірі құрылыс алаңана айналды. Мұнда соғысқа дейін.

10. "Қ-н" қонақ үйі

25 қабатты қонақ үй Достық даңғылын кешенді қайта салу жобасы бойынша тұрғызылып, Абай алаңының солтүстік іргесін орын тяпке.

Қонақ үйдін көлемдік-жоспарлық шешімінде ғимараттың қызмет ету мақсатына қарай зәулім тұрғын жай корпусы және әр түрлі қызмет көрсету бөлмелері, кіреберіс алаңқайы, мейрамхана, банкет залы, кафе, бар, пресса орталығы, конференция залына төменгі қабат көлемі алынған. Ең жоғары қабатта "Космос" кафесі орналасқан. Қонақ үй кешенінде жеңіл көлік пен автобустарға жабық көлік тұрағы бар.

Қонақ үйде негізінен 2 орынды бөлмелер орынды басым. Сонымен қатар, орта разрядты люкс және жартылай люкс бөлмелер де қарастырылған.

Ғимараттың көп қабатты бөлігінің залпы жобасы доғалдана жасалған. Оның салмақ түсетін басты керегесі тұтас темір-бетоннан жасалып, оған көлденен диафрагмалар орнатылған. Ғимарат іргетасы тұтас темір-бетоннан қобдиша іспетті жасалған сом тақтайлардан тұрғызылған.

Құрылыс барысында ғимараттың салмақ түсіп түрған бөліктеріне сынақ жұмысы жүргізілді. Сынақ кезінде оның жер сілкісіне төзімділігі тексерілді.

Ғимараттың қасбеті Маңғыстаудың ұлүтасымен қапталған. Оның ішкі әрлеу жұмысына гранит, мәрмәр сияқты татар қолданылған.

Ғимарат авторларына Қазақ Мемлекет сыйлығы берілді.

Құрылыс мерзімі 1975-1977 жылдар. Авторлар ұжымы: сәулетшілер - Ю.Г. Ратушный, Л. Ухоботов, А. Анчугов, Б. Каштанов, коструктор А. Деев, Н. Матвиец, А. Тәттігүлов.