- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Қазақ гуманитарлық заң университеті
- •Ұлттық және халықаралық құқық факультеті
- •Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы
- •Студенттерге арналған жұмыс оқу бағдарламасы
- •Астана – 2010
- •Мазмұны
- •I. Түсіндірме беретін жазба
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •Курстың пререквизиттері:
- •3. Курстың постреквизиттері:
- •4. Пәннің жалпы сипаттамасы:
- •III. Дәрістің тақырыптық жоспары
- •IV. Семинардың тақырыптық жоспары
- •V. Пәннің мазмұны
- •VI. Глоссарий:
- •VII. Пәннің мақсаты мен мiндеттерi
- •Оқу процесінің кестесі «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәні бойынша
- •«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәні бойынша тақырыптық жоспары
- •VIII. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының» пәні бойынша семинар сабақтарының жоспары мен әдістемелік нұсқаулар
- •Тақырып 5. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
- •Тақырып 6. Қазақстан Республикасының судьялардың құқықтық мәртебесi. Сот пен судьялардың қызметтерін қамтамасыз ету
- •Тақырып 8. Қылмысты ашу, жолын кесу мен тергеудi ұйымдастыру
- •IX. “Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” пәні бойынша лекциялардың тезистері
- •1 Тақырып. “Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” оқу пәнінің түсінігі, пәні мен маңызы
- •4. “Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” оқу пәнінің мәні мен жүйесі.
- •2 Тақырып. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары туралы заңнамалар мен басқада нормативтік-құқықтық актілер
- •Б) Сот билігі, сот төрелігі және соттар туралы құқықтық актілер
- •Ғ) Қылмыстарды анықтау мен тергеуді ұйымдастыру туралы актілер:
- •3. Құқық қорғау органдары туралы құқықтық актілерді заңдық маңызы бойынша жіктеу.
- •3 Тақырып. Сот төрелігінің түсінігі, міндеттері және сот төрелігінің принциптері
- •2. Аудандық соттың құрамы екі түрге бөлінеді:
- •5 Тақырып. Облыстық және оған теңестірілген соттар
- •Судьялар қоғамдастығы органдары
- •1. Прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесін:
- •2. Адвокатураның түсінігі мен міндеттері.
- •X. Студенттердің оқытушылармен бірге өзіндік жұмыс жасауы соөжс бойынша тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •Тапсырма 3
- •Тапсырма 7. Қр-ндағы сот билігінің ұғымы мен маңызы
- •Тапсырма 10. Қр-ндағы алдын ала тергеу мен анықтау органдары
- •Тақырып 11. Қр-ның Әділет органдары
- •Тақырып 12. Құқықтық көмектер көрсету
- •XI. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар Тапсырма 1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметтерінің түсінігі, мәні, маңызы мен міндеттері
- •Тапсырма 3. Сот төрелігі және оның принциптері
- •Тапсырма 5. Шетел мемлекеттеріндегі сот билігі және ќазіргі кездегі негізгі ќұќыќтыќ жүйелер
- •Тапсырма 6. Прокуратура органдарының ќұрылымы және жүйесі
- •Тапсырма 7. Қр-ндағы алдын ала және анықтау органдары
- •Тапсырма 8. Қр-ның Адвокатурасы
- •Тапсырма 9. Заңдылыќ, ќұќыќтыќ тәртіпті сақтауға бағытталған құқық қорғау органдарының қызметтері
- •XII. Бақылау-бағалау құралдары
- •Қылмыстық қудалау
- •І Аралық бақылау түрлері
- •XIII. Бағалау туралы мәліметтер
- •1. Білім бағалаудың жалпы шкаласы
- •Тестілеу нәтижелерін бағалау жүйесі
- •XIV. “Қазақстан Республиккасының құқық қорғау органдары” пәні бойынша оқулықтармен қамтамасыз етілуі
- •XV. Әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер: Басты әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер:
- •Қосымша әдебиеттер
I. Түсіндірме беретін жазба
«Юриспруденция» мамандығы бойынша оқитын студенттер басты пәндердің бірі ретінде, осы мамандық үшін қажетті пәндердің бірі болып табылатын, негізгі ұғымдар мен түсініктерді қамтитын “Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары” курсын оқуы керек. Оларды білмейінше оқу бағдарламаның басқа тақырыптарын менгеруде қиындық туындайды. “Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары” курсы мемлекеттің маңызды деген құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыратын органдар мен ұйымдардың қызметтері, олардың заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі рөлін және аталған құқық қорғау органдарының бір бірімен қатынас жасау ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
Оқытудың кредиттік технологияға өту жағдайларында оқу-педагогикалық процесінің алдында келесі мәселелер тұр, оқу пәні ретінде “Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары” ерекшеліктерін нақты айқындау қажеттілігімен байланысты, кез келген студентке оның артықшылығы мен маңыздылығын жеткізу, оларға аталмыш ғылымның заңдық пәндер мен гуманитарлық білім жүйесіндегі оның алатын орнын көрсету.
Мүмкіндігінше, кредиттік жүйенің құрамдас бөліктерін толық көлемде жұмылдыру: қарастыратын тақырып бойынша дәріс алдында студенттерге «дайындық материалдар» ұсыну, СОӨЖ, СӨЖ мен семинар сабақтарына дайындалу мақсатында баяндамаларды бөліп беру, оқытушы студенттерге жеке кеңес беру, аралық бақылау өткізу, студенттердің білімін тексеруде тестілеуді және т.б. қолдану.
“Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары” оқу пәнін оқытудың мақсаты студенттерді қазіргі кездегі мемлекетте жүзеге асырылатын құқық қорғау қызметтері, олардың ерекшеліктері жайлы білімдерге жетелеу, оның түрлері, нысандары, және функциялары туралы, сот билігінің түсінігі, сот төрелігінің маңызы, прокурорлық қадағалау мазмұнын, құқық қорғау қызметтерін жүргізу кезінде адамның құқықтары мен бостандықтары және оны қамтамасыз ету мен қорғаудағы заңның орны жайлы үйрету болып табылады.
Пәнді оқып үйренудегі міндеттер:
-
Студенттердің заңи ойлауын, кәсіби құқықтық санасын және жоғарғы құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
-
Қазақстанның қоғамдық өмірінде болып жатқан оқиғаларды дұрыс бағдар жасау қабілетін жетілдіру.
-
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметтері туралы толық мағлұматтарды меңгеруіне әсер ету.
-
Сот билігі мен сот төрелігінің маңызы мен белгілерін дұрыс түсіну және олардың ерекшеліктері туралы білімдерді қалыптастыру.
-
Еліміздегі прокурорлық қадағалаудың мазмұны мен маңызын нақты түсінуіне жетелеу.
-
Қазақстан Республикасындағы алдын ала тергеу органдарының қызметтерінің ерекшеліктерін ажырата алуына септігін тигізу.
ІI. Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (Силлабус)
1. Оқытушы туралы мәліметтер:
Тұрашев Ержан Нұрғалиұлы - заң ғылымдарының кандидаты, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті міндетін атқарушы.
1996 жылы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің заң факультетін үздік дипломмен тәмәмдаған. 1996-2002 жылдары Қазақ Мемлекеттік Заң Университетінде оқытушы, аға оқытушы болып жұмыс атқарған. 2003 жылы кандидаттық диссертацияны қорғаған. Ғылыми зерттеу жұмыс тақырыбы “Қылмыстық іс жүргізудегі кепілдіктер жүйесі». Ғылыми қызығушылығы - қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіруге бағытталған мәселелер.
Қазақ, орыс тілдерін еркін меңгерген және ағылшын тілін сөздік арқылы түсінеді.
Қазақ Гуманитарлы-Заң университеті, халықаралық және ұлттық құқық факультеті, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы, каб. 60.
Жұмыс телефоны - 32-72-45