Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по каз.яз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
04.11.2018
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Кәсіпкерлік капиталдың қалыптасу көздері

Іс-әрекеттердің қандай мерзімінде болмасын, кәсіпкер инвестициялар жасап отырады, олардың сипаты мен көздері іс-әрекеттің кезеңіне тәуелді болады.

Кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде капиталдың алғашқы салымын жасау керек. Старттық капитал деп өндірістің бастапқы кезеңінде жасалатын капиталдың алғашқы сомасы мен ағымдағы шығындар сомасының жиынтығы аталады. Старттық алғашқы капитал кәсіпорнын тіркеуге, банкте есеп-шот ашуға, ғимарат сатып алуға, немесе оны жалға алуға, ғимаратты жөндеуге, немесе, оны қайта құруға, машиналар, жабдықтар, приборлар, патенттер, лицензиялар сатып алуға жұмсалады.

Ағымдық шығындарға шикізат пен материалдар, жалдау төлемі, жалақы, әлеуметтік қорларға аудармалар және т.б. жатады.

Сөйтіп старттық капитал кәсіпкердің өндірістік қорлар (негізгі және айналыс) сатып алуға жұмсалатын негізгі және айналмалы капиталға қажеттігін, жалақыға, басқаруға жұмсайтын басқа өндірістік және өндірістік емес шығындарға қажеттігін көрсетеді.

Меншікті қаражаттардың қайнар көздеріне мыналар жатады: негізгі қызметтерден түсетін пайда, қаржылық операциялардан түсетін пайда, жарғылық қор, амортизация қоры жоне т.б.

Несиелердің қайнар көздері: несие мен қарыздар, тұрақты пассивтер және несиелік қарыздар.

Қаржы ресурстарының алғашқы қалыптасуы жарғы капиталы жасалып кәсіпорын құрылғанда басталады.

Жарғы капиталы — бүл фирманың негізгі және айналмалы қаражаттарының қайнар көзі. Ал жарғы капиталының қайнар көзі мыналар: акционерлік капитал, құрылтайшылардың жарналары, салалық қаржы ресурстары, ұзақ мерзімді несие, бюджет қаражаттары. Жарғы капиталының көлемі өндіріс процесіне инвестицияланған ақша қаражаттарының негізгі және айналмалы көлемін бейнелейді.

Сырттан қаржыландыру қарыз алу немесе акция шығару арқылы жүреді.

Несие — бұл қарыз капиталының қозғалу нысаны, ол қайтарылып беріледі және иесіне пайда әкеледі. Несиенің болуы өндіріс процесінің үзілмей жүруіне көмектеседі. Кәсіпкерлер көбінесе коммерциялық және банк несиесін қолданады. Сонымен қатар, несиелер қысқа мерзімді (бір жыл ішінде қайтарылады) және ұзақ мерзімді болады.

Қысқа мерзімді қарыздар жалақы төлеуге, шикізат алуға немесе дайын тауарларды сату үшін, күнделікті шығындарды өтеуге қолданылады. Қысқа мерзімдік несиелердің жиі қолданылатындары:

  • коммерциялық несие — бір кәсіпорын екіншіге береді;

  • қаржы институттарынан алынатын несие;

  • инвесторлардан алынатын қарыз.

Ұзақ мерзімді қаржыландырудың көзіне бөлінбеген пайда, акциялар мен облигацияларды сату және ұзақ мерзімді қарыздар жатады.

Ұзақ мерзімді заемдар - бір жылдан артық пайдаланатын қаржылар. Бұлар көбінесе қымбат жабдықтар, ғимараттар сатып алу үшін, зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады.

Ірі корпорациялардың көбі облигация шығарудан қосымша қаражаттар табады. Облигация - бұл құнды қағаз. Ол оның иесінің белгілі көлемде ақша сомасын кәсіпорынға өткізгенін куәландырады. Осы ақша оған белгілі мерзімде қайтарылуы керек және ол оған жылына бір немесе екі рет процент алуына құқық береді.

Корпорация үшін облигацияларды сату инвестициялар тартудың қолайлы формасы болып табылады.

Акционерлік қоғамдар көпшіліктің капиталын акция шығару арқылы өздеріне тартады. Акция — құнды қағаз, ол иесінің ақша сомасын өткізгенін дәлелдейді және иесіне дивиденд алу құқын береді және оның иесі сол компанияның басқару ісіне қатысуға қүқық алады.

Егер облигацияны иеленушілер компанияның тек несие берушісі болса, акционерлер компанияның меншік иелері болады. Бұл жағдай акционерлерге директорлар кеңесін сайлауға және табыстарды бөлуге қатынасуға құқық береді.

Корпорациялардың акция шығару арқылы қаржылануы қаржыланудың ең қымбат түсетін жолы болып табылады. Батыс компаниялары бұл жолды өте сирек, қаржылаудың басқа түрі болмаған жағдайда пайдаланады. Қаражат жетімсіз болғандықтан акциялар шығару бизнесмендердің басқару қызметіндегі тәуелсіздігін төмендетеді.

Қашан болмасын қаржыланудың түрлері көп болған сайын косіпорынның даму мәселелері қиындай береді.

2-тапсырма. Мына сөйлемдердің типтерін өзгертіңіздер.

1.Ұзақ мерзімді қаржыландырудың көзіне бөлінбеген пайда, акциялар мен облигацияларды сату және ұзақ мерзімді қарыздар жатады. 2. Корпорациялардың акция шығаруы қаржыланудың ең қымбат түсетін жолы.

3-тапсырма. Аударыңыздар.

1. Ағымдық шығындарға шикізат пен материалдар, жалдау төлемі, жалақы, әлеуметтік қорларға аудармалар және т.б. жатады. 2. Несиелердің қайнар көздері: несие мен қарыздар, тұрақты пассивтер және несиелік қарыздар. 3. Жарғы капиталы – бұл фирманың негізгі және айналмалы қаражаттарының қайнар көзі. 4. Сырттан қаржыландыру қарыз алу немесе акция шығару арқылы жүреді. 5. Кәсіпкерлер көбінесе коммерциялық және банк несиесін қолданады.6. Несиелер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болады.

4–тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіне сұхбат құрыңыздар.

5-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз және сөз тіркесімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Кәсіпкер, бизнес, капитал, патент, банк, әлеуметтік қор, жарғылық қор, акционерлік қоғам, ұзақ мерзімді несие, бюджет қаражаты, коммерциялық несие, директорлар кеңесі, облигация, заем, құнды қағаз.

6-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді талдаңыздар.

1. Теңге тиыннан өсер,

Жылқы құлыннан өсер.

2. Ақша кетуге тырысады,

Есеп ұстауға тырысады.

3. Ақшаны ашпайтын құлып жоқ.

4. Ақшада көз жоқ.

7-тапсырма. Қор және капитал сөзімен тіркесетін сөздерді есте сақтаңыздар.

қор капитал

банктік қор акционерлік капитал

валюталық қор шетелдік капитал

ақшалай қор жеке капитал

сыйлықтық қор банктік капитал

кредиттік қор өнеркәсіп капиталы

амортизациялық жарғылық қор ақша капиталы

еңбекақы қоры сауда капиталы

жалақы қоры

өндіріс қоры

ынталандыру қоры

сақтандыру қоры

Әдістемелік ұсыныстар: Сөздерді дұрыс айтуға тілді жаттықтырыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[150-152]

Бақылау сұрақтары:

1. Кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде не жасау керек?

2. Ағымдық шығындарға не жатады?

3. Меншікті қаражаттардың қайнар көздеріне нелер жатады?

4. Жарғы капиталын қалай түсінесіз?

5. Несие дегеніміз не?

6. Қысқа мерзімді қарыздар не үшін қолданылады?

13-апта. 39-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.