Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
статистика.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
08.05.2017
Размер:
260.1 Кб
Скачать

Тақырып № 6. Құбылыстардың арасындағы өзара байланысты статистикалық өлшеу

6.1 Байланысты статистикалық өлшеудің мәні құбылыстардың арасындағы объективті бар байланысты зерттеуде және байланыс моделін құруда

Тақырып № 12. Өндіріс тиімділі статистикасы.

12.1 Қоғамдық өндіріс тиімділігі мәні.

12.2 Пайда- кәсіпорын шаруашылығы нәтижесінің негізгі көрсеткіші.

12.3 Пайдалылық -өткен кезеңдегі еңбекті пайдалану тиімділігінің көрсеткіші ретінде.

12.4 Негізі ұғымдар.

    1. Қоғамдық өндіріс тиімділігін статистикалық зерттеу мәні қоғамдық өндіріс тиімділігінің жалпы және жеке көрсеткіштерін зерттеу, тиімділіктің экономикалық талдауын жүргізу және жеке факторлардың оның деңгейіне, динамикасына әсерін айқындау.

Экономикалық тиімділік - бұл экономикалық эффект көрсеткішінің жетістік немесе ресурс шығындарына бөлінгенде анықталатын қатысты шама.

Тиімділікті жоғарылатудың негізгі мақсаты – қосымша шығынсыз қосымша тиімділікті алу. Бұған ресурстар мен ағымдық шығындарды үнемдеу есебінен жетеді.

Өндірістік және шаруашылық іс-әрекет нәтижесі көрсеткіштеріне:

  1. жалпы шығарылым (валовый выпуск);

  2. жалпы ішкі өнім;

  3. жалпы қосымша құн;

  4. жалпы ұлттық табыс;

  5. пайда.

Өндіріс ресурстары көрсеткіштеріне жатады:

  1. тірі еңбек;

  2. еңбек құралдары;

  3. еңбек заттары;

Ағымдық шығындарға жатады:

  1. Негізгі өндірістік табыстардың ауыстырылған құны (амортизацияның жылдық сомасы);

  2. Материалдық айналым қорының өндірісте пайдаланылған құны (амортизацияны есептемегенде шикізат, материалдар, отын және т.б. материалдық шығындар)

  3. Материалдық өндірістің жұмысшыларының жалақы қоры.

Қоғамдық өндіріс тиімділігінің қорытындылаушы көрсеткішін құру әдістемесі екі подходқа негізделеді:

  1. ресурстық подход – өндіріс нәтижесінің ресурстар сомасына қатынасы:

ЖІӨ

Ғ рес = –––––––––––––;

ОФ+ОбФ+Т

Мұнда: ЖІӨ-жалпы ішкі өнім;

ОФ- еңбек құралдары;

ОбФ- еңбек заттары;

Т- өндіріске қатысу адамдар саны;

  1. шығындық подход – ағымдық шығындардың тиімділігі өндіріс нәтижесінің ағымдық шығындар сомасына қатынасымен анықталады:

ЖІӨ

Ғ рес=–––––––––––––;

А+АТ+ЖҚ

Мұнда: А - амортизация;

АТ- аралық тұтыну;

ЕАҚ- еңбек ақы қоры.

1.2 Өндірістің экономикалық тиімділігі екі түрлі болады:

  1. өндірістік – жалпы шығарылым, жалпы қосымша құн – бұл шама абсолюттік, тиімді;

  2. шаруашылық – пайда, шығын - шама абсолюттік, тиімді, тиімсіз.

Өнімді сатудан түсетін пайда мынаған тең: өнімді сатудан түсетін ақша минус өнімнің толық өзіндік құны. Пайданың шамасына әсер ететін факторлар келесі факторларға тәуелді:

q – өнімнің физикалық көлемі;

асс- өнім ассортименті;

р – бағасы;

z – оның өзіндік құны;

Пайданың динамикасы индекстер жүйесі көмегімен зерттеледі:

  1. Тұрақсыз құрам индексі, ол 4 факторладың әсерінен пайданың өзгеру шамасын көрсетеді.

  2. Факторлық индекстер тобы, олардың барлығы тұрақты құрам және мына сұрақтарға жауап береді:

А) өнімнің физикалық көлемі (q)

Б) өнім ассортименті (асс)

В) өнімнің өзіндік құны (z)

Г) өнім бағасы (р)

    1. Рентабельділік өндірістің тиімділігі көрсеткіші ретінде кәсіпорынның пайдалылығын сипаттайды. Рентабельділік деңгейі – өткен уақыттағы еңбек нәтижелігін сипаттайтын қатысты шама. Рентабельділік деңгейі қойылған мақсатқа қарай көптеген әдістермен есептеледі және әр жағдайда белгілі бір экономикалық сипаттаманы алады.

  • Өнімнің рентабельділігі – сатылған өнімнің әр ақша бірлігінен алынатын пайданың көлемін сипаттайды.

  • Қорлар рентабельділігі – өндірістік қорлардың 1 ақша бірлігінен алынатын пайданың көлемін сипаттайды.

  • Сатылу рентабельділігі – сатылған өнімнің 1 ақша бірлігінен алынатын пайданың көлемін сипаттайды.

  • Кәсіпорынның рентабельділігі – кәсіпорынның барлық активтерінің 1 ақша бірлігінен алынатын пайданың көлемін сипаттайды.