Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Автокад ргр.docx
Скачиваний:
69
Добавлен:
16.02.2017
Размер:
154.08 Кб
Скачать

2.1 Дайындық әрекеттері

Жұмысты орындау алдында «Бұрандалы біріктірулер» және «Құрастыру бұйымдарының сызбалары» тақырыптары бойынша материалды қайталау, және де төменде келтірілген мәліметтермен танысу қажет.

Бұрандамамен біріктірулердің қарапайымдандырылған сызбасы келесі ережелер бойынша орындалады:

а) бұранда болттың бүкіл ұзындығы бойынша кескінделеді;

б) бұрандама стержені өсіне перпендикуляр көріністе бұранда кескінделмейді;

в) біріктірілетін бөлшектер мен бұрандама арасындағы, және де тығырық пен бұрандама арасындағы саңлаулар кескінделмейді;

г) бұранда бөлігіндегі, бұрандама басындағы және сомындағы қиықжиектер (фаски)  кескінделмейді;

д) басты көріністе бұрандама басы мен сомынды үш қырларымен кескіндейді;

е) бұрандамаға арналған стандарттан бұранда диаметрі d ғана қабылданады, ал бұрандама, сомын және тығырықтың қалған өлшемдері бұранда диаметріне қатысты жуықталған (2.1) формулалары бойынша есептелінеді. Есептеп анықталған өлшемдер бүтін сандарға дейін дөңгелектендіріледі.

Бұранданың ішкі диаметрі    d' = 22,95

Бұрандама басы мен сомын диаметрлері  D' =54    

Тығырық диаметрі D'ш = 59,4      

Бұрандама басының биіктігі h' = 17

Сомын биіктігі H' = 22

Тығырық қалыңдығы Sш = 5

ж)  бұрандама ұзындығы мына  формула бойынша есептелінеді

l= t1 + t2 + Sш +H' + k,                                     (2.2)

l=95.1

мұндағы  t1 и  t2 –біріктірілетін бөлшектердің берілген қалыңдығы,

k 0,3d – бұрандаманың шығыңқы бөлігі.

Бұрандаманың ұзындығы түпкілікті стандарт етіп қабылданады,ол үшін есептелінген мәні бұрандамалар ұзындықтарының стандарт қатарындағы ең жақын мәніне дейін дөңгелектендіріледі.

Бұрандамалар ұзындығының қатары: 15, 20, 25, 30, 35,

40, 45, 50, 55, 60, 65, 70, 75, 80, 90, 100, 110, 120, 130,               (2.3)

140, 150, 160, 180, 200, 220, 240, 260, 280, 300; 

з) сызбада келесі өлшемдер қойылады: бұранда диаметрі d (мысалы, M20 номинал диаметрі 20 мм метрикалық бұранда үшін) сомынның кілт өлшемі S (бұранда диаметріне сәйкес 1-кестеден алынған стандарт мәні),  бұрандама ұзындығы l, біріктірілетін бөлшектер ені b.

Қадамдар бойынша келесі әрекеттерді орындайық.

1 қадам. AutoCAD 2004 бағдарламасын жұмыс столындағы шертпенің көмегімен   немесе      Пуск/Программы/Autodesk/Mechanical Desktop 2004/

AutoCAD 2004 командасының көмегімен қосамыз. Бағдарлама терезесінде алдын ала дайындалған А4 пішімі бар файлды ашамыз.

2 қадам. Қабаттар жасаймыз:

Основной (Негізгі) – сызбаның негізгі тұрғызуларынан тұратын қабат, оны біз қалыңдығы 0,5 мм тұтас сызықтармен орындайтын боламыз;

Вспомогательный (Көмекші) – көмекші тұрғызулардан тұратын қабат, оларды жасыл түсті тұтас жіңішке сызықтармен орындайтын боламыз; бұл қабат кейін сөндірілетін болады;

Осевые_линии (Өстік_сызықтар) – сызбаның өстік сызықтарынан тұратын қабат, оларды біз қою көк (фиолетовый) түсті үзілме нүктелі жіңішке сызықтармен орындайтын боламыз;

Тонкие_линии (Жіңішке_сызықтар) – сызбаның жіңішке сызықтарынан тұратын қабат (бұранданы белгілеуге арналған сызықтар,  сызықтау

(штриховка) сызықтары, біріктірілетін бөлшектердің үзу сызықтары); оларды көк түсті тұтас жіңішке сызықтармен орындайтын боламыз;

Размеры (Өлшемдер) – өлшемдерді қоюға арналған қабат; бұл өлшем және шығару сызықтарын қоңыр түсті тұтас жіңішке сызықтармен орындаймыз;

 

2 к е с т е - Варианттар бойынша сызбаны орындауға арналған өлшемдер

 

Нақты өлшем, мм

Масштабты ескеріп алынған өлшем, мм

 

 

 

Бұранда диаметрі d

27

54

Бірінші бөлшектің қалыңдығы t1

24

48

Екінші бөлшектің қалыңдығы  t2

36

72

Біріктірілетін бөлшектер ені b

70

140

Бұранданың ішкі диаметрі  d' = 0,85∙d

23

46

Бұрандама басы мен сомын диаметрі

 D' = 2∙d

54

108

Тығырық диаметрі D'ш = 2,2∙d

59

118

Бұрандама басының диаметрі h' = 0,7∙d

19

38

Сомын қалыңдығы H' = 0,8∙d

22

44

Сызбада сызықтардың тағайындалған қалыңдығын бейнелеу үшін LWT (Сызықтың салмағы) шертпесінің көмегімен қалып жолында Show Lineweight (Сызықтау қанықтылығын көрсету) режимін тағайындау қажет. Бұл режимді бірден немесе сызбаны орындаған соң қосуға болады.

3 қадам. 1 кестеден вариантқа сәйкес келесі берілгендерді аламыз: бұранда диаметрі d, біріктірілетін бөлшектер қалыңдығы t1, t2,біріктірілетін бөлшектер ені b, кескін масштабы. 

4 қадам. (2.1) формулалары бойынша бұрандамалы біріктірудің өлшемдерін d', D', D'ш, h', H', Sш есептейміз. (2.2) формуласы бойынша бұрандама ұзындығын есептеп, сонан соң (2.3) бұрандамалар ұзындығы қатарынан есептелінген мәнге жуығын қабылдаймыз.

Мысал. Бастапқы берілгендері: бұранда диаметрі d=20 мм, біріктірілетін бөлшектер қалыңдығы t1 =27мм және  t2 =30 мм, біріктірілетін бөлшектер ені b=60 мм. Бұрандамалы біріктірудің есептелінген өлшемдері келесідей: бұранданың ішкі диаметрі d'= 0,85∙d =17 мм; бұрандама басы мен сомын диаметрлері D' = 2d=40 мм, тығырық диаметрі D'ш=2,2d=44мм, бұрандама басының биіктігі h'=0,7d=14 мм, сомын биіктігіH'=0,8 =16 мм, тығырық қалыңдығы Sш = 0,15d=3 мм. Бұдан көрініп тұрғандай, алынған мәндер стандарттарда келтірілген (1кестені қараңыз) мәндерге дәл келмейді.Бұрандама ұзындығын есептейміз: l= t1 + t2 + +Sш +H'+k=81 мм. (2.3) ұзындықтар қатарынан бұрандама ұзындығының мәнін  l=80 мм деп түпкілікті қабылдаймыз.

5 қадам. Анықталған мәндерді, кескіннің вариант бойынша берілген масштабын пайдаланып 2-кестеге енгіземіз.

Соседние файлы в предмете Инженерная и компьютерная графика